Төлем карточкалары


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Төлем карточкаларын пайдалану бойынша құқықтар мен міндеттер

2. Төлем карточкаларын төлеу тәртібі мен тарифтері

3. Карточкалық іс-қимылдарды жүргізу тәртібі

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Төлем карточкаларымен есеп айырысулар компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Төлем карточкалары - пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:

Дебеттік карточка - карточкалық шот иесіне банкоматтан қолма-қол ақша алуға және карточкамен қызмет көрсететін сауда үйлерінде, мейрамханаларда және т. б. орындарда сатып алынған тауары мен қызметтері үшін есеп айырысуға мүмкіндік беретін төлем құралы.

Банкомат - банктік карточка көмегімен және ондағы сақталған қаражат көлемінде, оның иесіне қолма-қол ақшаны алуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған құрылым.

Банкоматтан карточка көмегімен ақша алу үшін әрбір карточка иесіне арнайы ПИН-код тағайындалып атаулы карточка беріледі.

ПИН-код - (ағыл. Personal Identification Number - жеке идентификациялық номер) - банктік картаның иесіне банкомат немесе Pos-терминалдар арқылы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін жеке идентификациялық номері.

Банктік карточканың мынадай өзіне тән реквизиттері бар:

  • логотипі, яғни карточканың қай төлем жүйесіне тиіс екндігі, мысалы: «Master Card», «Visa» және т. с. с. ;
  • карточканың номері;
  • карточка иесінің аты-жөні;
  • карточканың эмитентінің атауы;
  • карточканың қызмет ету мерзімі;
  • карточка иесінің қол қою үлгісі.

Карточкаларды шығару. Банк пен Карточка Ұстаушының пайдалану, тәртібі, құқығы мен міндеттері.

Карточкаларды шығару және қызмет көрсету талаптары, оның Қосымшаларымен және Банктің ішкі құжаттарымен реттеледі.

Негізгі Карточканы шығарғанда Банк Карточка Ұстаушыға Карт-шот ашады. Болуы мүмкін Карточка Ұстаушы Банкке Банктің ішкі құжаттарымен және Қазақстан Республикасының заңдары талаптарымен белгіленген құжаттарды ұсынады.

Әрбір жеке Карт-шотты енгізу валютасы болуы мүмкін Карточка Ұстаушы мен Банкпен Карточка Ұстаушының Өтінішінде, осы Шарттың талаптары мен Банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес анықталады.

Карт-шот ашылған Карточка Ұстаушысы Негізгі Карточканы Ұстаушы болып табылады. Карточка Ұстаушының қалауы бойынша оның жазбаша өтініші негізінде Банк, Карточка Ұстаушы көрсеткен Қосымша Карточканың Ұстаушысы болып табылатын тұлғаның (оның ішінде Карточка Ұстаушының өзіне) атындағы Карт-шотқа Қосымша Карточка шығаруы мүмкін. Осы Шарттың талаптары Қосымша Карточкаларды Ұстаушыға таралады. Негізгі Карточканы Ұстаушы Қосымша Карточканы Ұстаушыны осы Шарттың талаптарымен таныстыруға міндетті және осы Шарттың талаптарын Қосымша Карточка Ұстаушының сақтауына толық түрде жауапты. Негізгі Карточканы Ұстаушы жазбаша өтініш негізінде Негізгі және/немесе Қосымша Карточканы жоюға құқылы.

Карточканы пайдалануға қатысты осы Шарттың, Банктің ішкі құжаттарының барлық ережелері және заңның талаптары Карточка Иелеріне де сонымен бірге Негізгі Карточкалардың Иелері болып есептелмейтін Қосымша Карточкалар Иелеріне қатысты болады. Қосымша Карточка Иелерінің осы Шарттың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті толық көлемде Негізгі Карточканың Иесі атқарады.

Банк Карточка шығару туралы шешім қабылдағаннан бастап, 180 (жүз сексен) күнтізбелік күннен аса мерзімде Карточка Ұстаушы Негізгі және/немесе Қосымша Карточканы алу үшін келмеген жағдайда, Банк Карточканы жоюға құқылы. Банк Карточканы жойған жағдайда, Карточканы шығару және қызмет көрсету үшін Банкінің комиссиясы болуы мүмкін Карточка Ұстаушыға қайтарылмайды.

Карточка Банктің меншігі болып табылады және Карточка Ұстаушыға Карт-шоттағы ақшаларын алу құралы ретінде ғана

беріледі.

«Есептесу Датасы / Биллинг Датасы» - Беру туралы шарттың және төлем карточкасын пайдалану талаптарына сәйкес карточка

бойынша сыйақыны есептеу датасы. Биллинг әр Клиент бойынша жеке - әр ай сайын карт-шотты ашу айындағы тиісті күні

жүргізіледі. Есептесу кезеңі / Биллингтік Цикл - бір-біріне жақын есептесу даталары арасындағы кезең.

Төлем карточкаларын пайдалану бойынша құқықтар мен міндеттер

Банктің құқықтары:

Болуы мүмкін Карточка Ұстаушысына, егер ол Банктің ішкі ережелерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Карточка беруден бас тартуға;

Карточка Ұстаушысы осы Шарттың талаптарын бұзған жағдайда, осы Шарттың әрекет етуін тоқтата тұруға және/немесе

тоқтатуға, жабуға және Карточка Ұстаушының Карт-шоты бойынша берілген Карточкаларды Тоқтату-парағына енгізуге;

Карточка Ұстаушыға алдын ала ескертпей-ақ, Карт-шотты дебеттеуге және/немесе Карт-шоттан және/немесе осы Шарттың тармағында көрсетілген банктік шоттардан Карточка Иесінің қосымша жазбаша келісімінсіз акцепсіз тәртіппен ақшаны мынандай сомаға алуға:

  • VISAInternational/MasterCard International халықаралық жүйеден Банктің алатын ескертулері;
  • Банк-Эквайерлер немесе сауда/қызмет көрсету нүктелерінің тауарлар/қызметтеріне төлеген ақыларының түбіршек/слиптерінде ұсынылған;
  • Банк белгілеген Тарифтерге сәйкес Банктің комиссиялық жинағы;
  • Банктің Карточканы/ларды пайдалану нәтижесінде, осы Шарттың талаптарын және оның Карточкаларды пайдалануға белгілеген талаптарын бұзғандағы кез келген шығындары;
  • Қосымша Карточкаға жатқызылған барлық Карточкалық іс-қимылдар;
  • Несиелер бойынша негізгі борыш сомалары, Несиелер бойынша есептелінген сыйақылар, айыппұлдар, өсімдер;
  • Карточка Ұстаушының Карт-шотына оның Ұстаушысына тиесілі емес ақшаларды қателесіп аударып жіберуі;

Карточка Ұстаушы Овердрафтың орнын, оның құрылғанынан бастап 30 күн ішінде өтемеген жағдайда, Банк қарызды өтеу

бойынша Карточка Ұстаушыға қатысты шара жасау үшін, Банктің Қауіпсіздік қызметіне ол туралы хабарлайды.

Егер Карточка Ұстаушысы несие карточкасы бойынша мерзімін кешіктірген жағдайда Банк Карточка Ұстаушының тежелген Карт-шоттарына кез келген ақша түсімдерінен несие бойынша тиесілі берешек сомасын қайтарып алу үшін Карточка Ұстаушының кез келген дебеттік Карт-шотын тежеуге құқылы.

Карточка Ұстаушының қаржылық жағдайы нашар болған жағдайда:

  • жіберілген Овердрафттың және есептелген төлемақы өсімінің сомасын өтеу туралы сотқа талап қоюға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ұсынылған құжаттардың негізінде, Карточка Ұстаушының қаржылық тәртіп бұзушылықтары туралы басқа Банкілерге, Несиелік бюроларға және/немесе уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғаларға ақпарат беруге;

Карточканы пайдалану тәртібін реттемелейтін осы Шартқа, Тарифтерге және Банктің ішкі құжаттарына, осы Шарттың 7. 1. тармағына сәйкес Карточка Ұстаушысына көрсететін қосымша қызметтерді беру шарттарына өзгерістерді өз бетімен енгізуге, сонымен бірге Карточка Ұстаушысын осы Шартта белгіленген тәртіпте енгізілетін өзгерістер туралы кейіннен хабардар ету арқылы техникалық және заңды себептерге байланысты олардың көрсетілуін толығымен тоқтату.

Карточка Ұстаушы мен Қосымша Карточкаларды Ұстаушыларға Карточкаларды пайдалануға қатысты болған барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы Интернет жүйесіндегі Банктік сайтта мына мекенжай бойынша: ақпарат орналастрыу арқылы, сондай-ақ енгізілетін өзгерістер туралы Банк Бөлімшесіндегі Қабырғадағы ілгіштерде ақпарат орналастыру жолымен ақпараттауға; Егер енгізілетін өзгерістер туралы хабарландыру орналастырылған уақыттан бастап, 30 (отыз) күнтізбелік күн өткеннен кейін, Карточка Ұстаушы Банкке өзінің енгізілетін өзгерістерге келіспеушілігі туралы жазбаша хабарламаған жағдайда, онда осындай енгізілетін өзгерістер туралы хабарландыру орналастырылған уақыттан бастап, 30 (отыз) күнтізбелік күн өткеннен кейінгі күннен келесі күннен бастап өзгерістер қабылданған болып есептелінеді;

Егер Карточка Ұстаушысы өзгерістерді енгізу туралы хабарламаны орналастырған датадан бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Банкке осы Шартқа өзгерістерді енгізумен келіспейтіні туралы жазбаша түрде өтінішті берген жағдайда, осы Шарт бұндай жазбаша өтінішті берген датадан бастап 45 (қырық бес) күнтізбелік күн өткеннен кейін бұзылған болып есептеледі.

Осы Шарт бойынша Карточка Ұстаушы өз міндеттемелерін бұзған жағдайда, Осы Шартты бір тараптық тәртіпте бұзуға және Карт-шот бойынша Қарыздың барлық сомасын, Несие сомасын оны пайдаланған уақыттың барлық мерзіміндегі сыйақыларымен (мүддесімен) қоса мерзімінен бұрын өтетуге;

Карточка Ұстаушының Карточкасын ол төлемеген Қарыздар мен Овердрафты толық жапқанша тежеуге.

Қазақстан Республикасының валюталық заңдарымен белгіленген жағдайда, Карточка Ұстаушыдан қажетті құжаттарды ұсынуды талап етуге;

Карточка Ұстаушы осы Шарттың талаптарын бұзған жағдайда, Несиелік Лимиттің сомасын кемітуге.

Карточка Ұстаушы осы Шарттың талаптарын бұзған жағдайда, сондай-ақ Банктің ойынша басқа Карточка Ұстаушылар және/немесе Банк үшін залал әкелетін жағдайлардың бар болуы кезінде, сондай-ақ осы Шартта қарастырылған іс-қимылдарға шектеулер қойылған Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер енгізілген жағдайдағы банктің құқықтары:

  • Карточканы тежеу (оның ішінде Негізгі және/немесе Қосымша Карточканы) және/немесе Карт-шотты тежеу;
  • «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг жүйесінде Карточка Ұстаушының (оның ішінде Қосымша Карточканы) қол жеткізушілігін тежеу;
  • Банк алдындағы Карточка Ұстаушының міндеттемелерін мерзімінен бұрын жабуды талап етуге;
  • Осы Шарттың талаптарына сәйкес Банктің қарауы бойынша барлық қажетті әрекеттерді жасауға;

Карт-шоттарда жатқан ақшаларға тыйым салынған жағдайда, Карточкаларға тежеу қоюға, немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Карт-шот бойынша шығыс іс-қимылдарын тоқтатуға;

Егер Карточка Ұстаушысы карточка бойынша Банктің қызмет көрсеткені үшін төлемді жүргізбесе және Ұстаушының карт-шотындағы ақша бұндай төлемді жасауға жеткіліксіз болған жағдайда, онда Банк карт-шот бойынша пайызсыз Овердрафтты (ақша қалдығының бар болуынан немесе жоқ болуынан қарыз сомасының көп болуы) белгілеуге және Овердрафт белгіленгеннен кейін қарыз сомасы шегінде Карточка Ұстаушының карт-шотына келіп түсетін ақшадан қарыз самасын акцепсіз тәртіппен алуға құқылы.

Карточка Ұстаушының Карт-шотынан Негізгі/Қосымша Карточкаларды Ұстаушылар Карточкалары бойынша жүргізілген авторлық сұранымдар үшін төлемдік сыйақылар жүйесін төлеуге қойылған соманы акцепсіз тәртіппен есептен шығаруға және/немесе тура тәсілмен дебеттеуге; (Төлем жүйелері бойынша ережеге сәйкес, әрбір авторлық сұраныс бойынша, оның ішінде кейінге қалдырылған Карточкалық іс-қимылдар бойынша, Төлемдік жүйелер бойынша сыйақылар ұсталынады) ;

Ойын ұтыстарын, жарнамалық және ақпараттық сипаттағы акцияларды жүргізу үшін Карточка Ұстаушысын және Қосымша Карточкалар Ұстаушыларын тарту. Осы арқылы Карточка Ұстаушысы бұқаралық ақпарат құралдарында, жарнамалық, ақпараттық материалдарында өзінің тегі, аты, әкесінің аты, сыйлық және ұтыс сомасы, мөлшері туралы ақпаратты басып шығаруға, сонымен бірге Банктің жарнамалық және ақпараттық қызметімен тікелей немесе жанама түрде байланысты басқа шараларды өткізуге Банкке келісімін береді.

Карточка Ұстаушысы Банкке бас тарту туралы жазбаша өтінішті алдын-ала беру арқылы, осы көрсетілген мәліметтерді жариялаудан бас тартуға құқылы.

Банк биллингтік цикл соңында Ұстаушының карт-шотына есептелген сыйақының капиталдандыруымен Ұстаушының Карт-шоттары бойынша ақшалай қаражаттың қалдығына сыйақыны күнделікті есептеуді бір жақты тәртіппен жүргізуге құқылы. Сыйақыны есептеу кезінде Банк операциялық күннің соңына Карт-шоттағы ақшалай қаражатының қалдығын есептейді.

Белгіленген Тарифтерге және банктік бағдарламалар шарттарына сәйкес Ұстаушының есептелген сыйақыны капиталдандыруды және сомаларды басқа валюталарға айырбастауды, қолма-қол ақшаны алу бойынша операцияларды, Карт-шотқа толықтыруды жүргізу нәтижесінде Ұстаушының карт-шотындағы қалдық сомасынан байланысты карт-шоттағы бар қалдыққа есептелетін сыйақы мөлшерлемесін осы Шарттың әрекет етуінің бүкіл мерзімі кезінде бір жақты тәртіппен белгілеуге / көбейтуге / төмендетуге құқылы.

Карт-шот бойынша ақшалай қаражаттың қалдығына есептелетін сыйақы бойынша тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемесі, есептелген сыйақының капиталдандыруын есепке ала отырып сыйақы мөлшерлемесін білдіреді. Карт-шотқа қосымша жарналарды енгізген, карт-шоттан ақшаны ішінара алған, ақша қалдығының бір градациядан басқасына өтуі, сыйақы мөлшерлемесінің Банкпен бір жақты тәртіппен өзгеруі жағдайында тиімді сыйақы мөлшерлемесі Карт-шот бойынша операцияларды жүргізуге сәйкес үлкеюі немесе азаюы мүмкін.

Банк жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті түрде жаппай кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінің қатысушысы болып есептеледі және 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 001 Куәлік негізінде әрекет етеді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының талаптарына сәйкес Карт-шоттардағы ақшалай қаражаттарының қалдықтарын кепілдендіру шарттарын бір жақты тәртіппен өзгертуге.

Банктің міндеттері:

Болуы мүмкін Карточка Ұстаушыға Банк қабылдаған болуы мүмкін Карточка Ұстаушысының тиісті түрде толтырған және қолын қойған бірінші (Негізгі) Өтініші негізінде Карточканы дайындауға және беруге .

Негізгі Карточканы Ұстаушының жазбаша Өтініші бойынша оның Карт-шотынан Банк белгілеген талаптар мен Тарифке сәйкес үзінді көшірмелер беруге.

Осы Шартқа өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы Карточка Ұстаушысын сайтта, Интернет жүйесінде, сонымен бірге Банк бөлімшелерінде хабарламаны беру жолы арқылы хабардар етіп тұруға.

Карточка Ұстаушының құқықтары:

Қосымша Карточканы/ларды Ұстаушы/лар үшін белгілі бір мерзімге ақша пайдалану Лимитін белгілеуге. Ақшаны пайдалану Лимитінің көлемін Қосымша Карточка/лар бойынша, алдын ала Қосымша Карточка/лар бойынша ақшаны пайдалану Лимитін өзгерту жоспарланған күнге дейін 14 (он төрт) жұмыс күні бұрын ол туралы Банкке жазбаша ескерту арқылы өзгертуге.

Кез келген уақытта Карточка бойынша Қарызды, Несиені қолданған нақты күндері үшін сыйақылар төлеумен қоса мерзімінен бұрын жабуға.

Несиелеу талаптарын Банк бір жақты өзгерткен жағдайда, Карточка Ұстаушысы енгізілетін өзгерістерді жариялаған уақыттан 30 (отыз) күнтізбелік күнге тең мерзім ішінде жаңа талапты қабылдауына құқылы, не енгізілген өзгерістерге жазбаша нысанда берілген келіспеушілік жағдайында, несиені нақты қолданған уақыты үшін сыйақыны (мүддесін) төлеумен қоса, несиені жабуға;

Карточка Ұстаушы осы Шартты бұзуды жоспарлаған уақытқа дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Банкке ескерткен және Карт-шот бойынша қарызын жапқан жағдайда, осы Шартты кез келген уақытта бұзуға құқылы. Бұл жағдайда Банк Карточкаларды қайта шығаруды жүзеге асырмайды.

Карт-шот бойынша операцияны жасаған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде даулы операцияны (Слип немесе чек бар болса) қарастыру бойынша өтінішпен Банкке жүгінуге. Керісінше болған жағдайда, жүргізілген операция расталған болып есептеледі, және келесі кінарат-талаптарды Банк қабылдамауы мүмкін. Банкке келіп түскен даулы операцияларды реттеуге дейін шот бойынша бұдан бұрын дебеттелген ақшалай қаражаттың орны толықтырылмайды.

Карточка иесі осы Шарттың 7. 1. тармағында қарастырылған кез келген қосымша қызметті пайдаланудан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Қызмет көрсетудің кез келген түрін қолданудан бас тарту үшін Клиент Банк бөлімшесіне Банк тарапынан бекітілген үлгідегі өз қолымен қол қойылған өтінішті ұсыну міндетті.

Карточка Ұстаушының міндеттері:

Өзінің Карт-шотының жағдайын, кемінде айына бір рет үнемі тексеріп отырады;

Егер Карточка Ұстаушының кінәсінен және/немесе бастамасы бойынша Банк Карточкалар бойынша, тартып алу, істен шығару, Тоқтату-парағын енгізумен байланысты әрекеттерді жасаса, онда сөзсіз тәртіпте Банкке оларды өтейді;

Салық, міндетті төлемдер, бюджеттік емес қорлар, сондай-ақ үшінші тұлғалардың алдындағы міндеттер бойынша өз бетінше есеп айырысады;

Карточканы сенімді жерде сақтайды, өзінің PIN-кодын, Кодты сөзін, «Дербес ЕКБ» Интернет-банкинг (Пайдаланушының аты-жөні, Паролі, Есте сақтау сөзі) жүйесіндегі авторлау параметрлерін ешкімге жарияламайды;

Карта Ұстаушының Карт-шотына, Карта Ұстаушыға қатысы жоқ ақша қателесіп аударылып кетсе, соңғысы Карт-шотқа қателесіп аударылып кеткен ақшаларды (оның ішінде Банктің Несие беру жолымен де), не Банкоматты пайдалану арқылы ақша алғанда, Карта ұстаушы сұраған және Банкоматтың түбіршегінде көрсетілген (ақшалардың қателесіп аударылған/алынған себебіне қарамастан) ақша сомасынан қателесіп артық ақша берілгенде, Карточка Ұстаушы Карт-шот бойынша көшірмені алғаннан кейін, не Банк қателесіп аударылған/ алынған ақшаларды Банкке қайтару туралы ескертуді жібергеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде Банкке қайтаруға міндеттенеді.
Банк Карточка Ұстаушыға ескертуді телефон байланысы, электронды байланыс және/немесе жазбаша түрде жіберуі мүмкін.

Карточкалар ұрланғанда, жоғалғанда немесе оны басқа уәкілеттенбеген тұлға пайдаланғанда ол туралы тез арада Банкке тәулік бойы, аптасына 7 күн, жылына 365 күн жұмыс жасайтын Card Service (Банктік Карточкасын Ұстаушыны қолдау қызметі) Қызметі телефоны бойынша хабарлайды.

Карточка Ұстаушы Карточкасын алаяқтық қауіптілігі жоғары Елде пайдаланған жағдайда, Карточканы алаяқтық қауіптілігі жоғары Елде пайдалану тоқтатылған 3 (үш) жұмыс күні ішінде Карточканы қайта шығару үшін Банкке өтініш жасайды. Көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда және осымен байланысты алаяқтық Карточкалық іс-қимылдар пайда болғанда, Банктің барлық шығындарын, сондай-ақ Банкке келген залалдарды Карточка Ұстаушысы сөзсіз тәртіпте, Банктің Карточка Ұстаушыға жіберілген жазбаша талаптарында көрсетілген мерзім ішінде төлейтін болады.

Карточка Ұстаушы осы Шартты бұзу туралы жазбаша ескерту бергенде, Банкке осы Шартқа сәйкес шығарылған барлық Карточкаларды қайтаруға міндеттенеді.

Карточка Ұстаушы Банк алдында оның Карт-шоты бойынша берілген барлық Карточкаларын осы Шарттың талаптарын бұзумен пайдаланғаны үшін материалды түрде толық жауап береді.

Осы Шартта, Өтініштерде белгіленген мерзімде және тәртіпте Несиені, Несиені қолданумен байланысты сыйақылар, комиссиялар, айыппұлдар мен басқа төлемдерді қайтарады.

Карточка Иесі осы шарттың 7. 1. тармағында көрсетілген қосымша қызметтерді ұсыну шартымен немесе Банк бөлімшелеріндегі пайдаланушының нұсқаулықтарымен танысуға міндетті, осы орайда Банк Клиенттің Осы шарт бойынша қызметтерді ұсыну шарттары мен тәртібі туралы хабардар болғаны үшін жауапты болмайды.

Карточкаларды қайта шығару

Карточкалардың әрекет ету мерзімі аяқталғанда оларды қайта шығару мынандай тәртіпте жүзеге асырылады:

Карточкаларды қайта шығару мүмкіндігі/мүмкін еместігі Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, Карточканың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн қалғанда анықталады.

Егер Карточканы қайта шығару мүмкін болса және Карточканы Ұстаушы Карточканы қайта шығарудан бас тартуы туралы Банкке хабарламаса, Банк Карточканы қайта шығарады, Карта Ұстаушының жабылмаған Борышын, несиелік лимитінің мөлшерін және жеке меншік қаражатын сақтай отырып, Карт-шотта сақтайды (Тиісті Карточканың тұрпатына байланысты) . Бұл жағдайда Банк Карточканы қайта шығарғаны үшін Шарттың 4. 5. тармағына сәйкес комиссия ұстайды.

Егер Карточканы қайта шығару мүмкін болмаса, Карточканы қайта шығару жүзеге асырылмайды, Карточка Ұстаушысы өзіне бар Борышты Карточканың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 5 (бес) күнтізбелік күн қалғанға дейін жабуға міндеттенеді. Егер Карточка Ұстаушы Шарттың осы тармағында қарастырылған міндеттерді орындамаса, осы Шарт Карточка Ұстаушының өз міндеттерін Шарттың тиісті бөлігін толық орындағанша әрекет етеді.

Карточка Ұстаушы Карточканы жаңа мерзімге қайта шығарудан осы Шартты бұзбай-ақ бас тартуына болады (егер Шартқа сәйкес, Карточка Ұстаушысына басқа Карточкалыр шығарылған болса) . Карточканы жаңа мерзімге қайта шығарғаннан бас тарқан жағдайда, Карточка Ұстаушы тиісті өтінішпен Банкке келуге және Банкке Карточкасын Карточканың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн қалғанда өткізуге міндетті. Егер Карточка Ұстаушысы Банкке Карточканы қолданудан бас тарту туралы Карточканың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн қалғанға дейін өтініш әкелген жағдайда, ал Банк жаңа мерзімге Карточка шығарып қойған болса, Банк Карточка Ұстаушының Карт-шотынан осындай Карточкаға қызмет еткені үшін сыйақылар құнын ұстап қалуға құқылы.

Карточканы ұрлатқанда/жоғалтқанда, немесе Карточка Ұстаушының қалауы бойынша жоюды жүзеге асыру, Карточка Ұстаушының Өтінішімен Шарттың 4. 5. тармағына сәйкес Тарифке сай Карточканы қайта шығару үшін жұмсалған комиссияны ұстап қалу негізінде іске асырылады.

Банктің Қызметін Карточка Ұстаушының төлеу тәртібі мен тарифтері

Осы Шарт бойынша Банк ұсынатын қызметтер үшін, Карточка Ұстаушы Банктегі әрекет ету күші бар Тарифтерге сәйкес комиссиялық сыйақыларды (комиссияларды) Банкке төлеуге міндеттенеді.

Комиссияны төлеу Карточка Ұстаушының Карт-шотынан тиісті ақшаларды акцепсіз алу жолымен жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату қылмысының криминалисттік сипаттамасы
Пластикалық карточкамен есеп айырысудың жалпы түсінігі
Корпоративтік төлем карточкалары
Қазақстан Халық Банкінің экономикалық сипаттамасы
Ақша қаражаттар қозғалысы мен есебі
Төлем карточкаларының есебі
ҚР-дағы пластикалық төлем карточкаларының одан әрі жетілдіру мәселесі
Қолма қолсыз есеп айырысуда карточкалардың рөлі
Төлем карточкаларының пайда болуы мен нарыққа енуі
Ақша айналысын ұйымдастырудағы төлем карточкаларын қолданудың тиімділігі және оның даму келешегі (ҚР екінші деңгейдегі банктер материалдарында)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz