Аударманың түрлері



Жоспар
Кіріспе
1.бөлім. Жазбаша аударма түрлері.
1) Көркем аударма.
2) Ақпараттық аударма.
3) Ғылыми.техникалық аударма.
4) ресми.іскери аударма.
5) Газеттік.акпараттық аударма
6) Түрмыстық аударма.
Негізгі бөлім.
2.бөлем
1. Аударманың шарттары мен түрлері.
2. Аударма
3. Аударма тілдік өзгешеліктерге байланысты ана тілден басқа тілге аудару.
4. Аударма жұмысы тәсіліне қарай ауызша мен жазбаша.
5. Аударма материалдық қажеттілігіне байланысты аударма.
3.бөлім Ауызша аударма.
1. Ілеспе (синхронды) аударма.
2. Ізбе.із аударма.
Жазбаша аударма.
1. Дәстүрлі (қолжазбалы) аударма
2. Автолық емес, авторлық аударма.
3. Машинамен (автоматты) аударма.
4. Аралас аударма.
3.Қортынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат аударма арқылы араласып-құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-қарекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Адамзат тілдерінің арасында да коммуникацияның өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі – аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.
Аударма ұғымы – кең ұғым. Зерттеуде тек көркем аударма, соның ішінде поэзия аудармасы ғана сөз етілетін болады. Зерттеудің тақырыбындағы "өлең аудармасы” тіркесі нақты өлеңнің ғана аудармасы емес, "стихотворный перевод”, яғни жалпы өлеңмен жазылған көркем шығармалардың аудармасы деген тұрғыда қолданылып тұр.
Жазбаша аударма өз ішінде екі түрге бөлінеді: Жазбаша аударма процесіндегі ең басты құрал – сөздік. Қазіргі «ақпараттар легі» ғасырында аудармашының жұмысын сөздіктерсіз елестету мүмкін емес. Сонымен қатар, аудармашы арнайы терминдерді жылдам табуы үшін, алдымен, ақпараттың қандай дереккөздері бар екенін және оларды қандай ретпен әрі қалай пайдалану керектігін білуі қажет.Зерттеудіңөзектілігі.Қазақпоэзияаудармасыныңарғы-бергідегіжүріпөткенжолын, бел-белестерінбажайлау, ізденістеріменіркілістерінсаралау – ұлттыңкөркемдікойыныңбүгінгібиігінбағамдаудың, алдааларасуларынбелгілеудіңбіржолы.
Аударманыңхалықтардостығыныңдәнекеріретіндегіқызметіалдыңғықатарғашығарылыпқарастырылғандықтан, тәржіметуындыларыбәріненбұрынәдебибайланыстартұрғысынансөзетіліп, аудармакатегориялары, нормалары, типологиясы, эволюциясы, өлеңжүйесіне, өлшемінеәкелетінөзгерістерісияқтыкөптегенмәселелерекіншіқатарғаысырылыпқалаберетін. Аударма – лингвистиказаңдылық¬тарынаарқасүйеуарқылытіларалықкоммуникацияміндеттеріншешетінсөзөнерініңөзгешетүрі. Көркемаударманыңжемісіретіндезерттеуқарастыратынпоэзиялықтәржіме – алдыменәдебиеттанунысаны.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
2. Бархударов Л.С. Язык и перевод (Вопросы общей и частной теории перевода). –М.: Международные отношения, 1975. – 240 с.
3. Тарақ Ә. Аударма процесі жайында // Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші құрал). Құраст.: Құлманов С.– Алматы: «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, 2008. –300 бет.
4. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.: Международные отношения, 1973. –216 с.
5. Көркем аударманың кейбір мәселелері (мақалалар жинағы). –Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1957.
6. Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мәдениеті: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 60 бет.
7. Алдашева А. Аударматану ғылымының басты ұғым-түсініктері туралы // Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші құрал). Құраст.: Құлманов С.–Алматы: «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, 2008. –300 бет.
8. Көркем әдебиет саласындағы аударма мәселесі // ҚАЕУ хабаршысы. Өскемен, 2006. - №2.
9. Сабурова Г. Аударма да рухани байлық // Қазақ тілі мен әдебиеті,2000. №5
10. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. –Алматы: Арыс, 1998. –215 б.
11.Тарақ Ә. Ғылыми-көпшілік және ғылыми техникалық аударма // Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші құрал). Құраст.: Құлманов С.–Алматы: «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, 2008.
12. Жұмабекова А., Жабағиева Г. Жазбаша және ауызша аударманың ерекшеліктері // Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші құрал). Құраст.: Құлманов С.–Алматы: «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, 2008.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1.бөлім. Жазбаша аударма түрлері.
1) Көркем аударма.
2) Ақпараттық аударма.
3) Ғылыми-техникалық аударма.
4) ресми-іскери аударма.
5) Газеттік-акпараттық аударма
6) Түрмыстық аударма.
Негізгі бөлім.
2.бөлем
1. Аударманың шарттары мен түрлері.
2. Аударма
3. Аударма тілдік өзгешеліктерге байланысты ана тілден басқа тілге аудару.
4. Аударма жұмысы тәсіліне қарай ауызша мен жазбаша.
5. Аударма материалдық қажеттілігіне байланысты аударма.
3.бөлім Ауызша аударма.
1. Ілеспе (синхронды) аударма.
2. Ізбе-із аударма.
Жазбаша аударма.
1. Дәстүрлі (қолжазбалы) аударма
2. Автолық емес, авторлық аударма.
3. Машинамен (автоматты) аударма.
4. Аралас аударма.
3.Қортынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат аударма арқылы араласып-құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-қарекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Адамзат тілдерінің арасында да коммуникацияның өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі - аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.
Аударма ұғымы - кең ұғым. Зерттеуде тек көркем аударма, соның ішінде поэзия аудармасы ғана сөз етілетін болады. Зерттеудің тақырыбындағы "өлең аудармасы" тіркесі нақты өлеңнің ғана аудармасы емес, "стихотворный перевод", яғни жалпы өлеңмен жазылған көркем шығармалардың аудармасы деген тұрғыда қолданылып тұр.
Жазбаша аударма өз ішінде екі түрге бөлінеді: Жазбаша аударма процесіндегі ең басты құрал - сөздік. Қазіргі ақпараттар легі ғасырында аудармашының жұмысын сөздіктерсіз елестету мүмкін емес. Сонымен қатар, аудармашы арнайы терминдерді жылдам табуы үшін, алдымен, ақпараттың қандай дереккөздері бар екенін және оларды қандай ретпен әрі қалай пайдалану керектігін білуі қажет.Зерттеудің өзектілігі. Қазақ поэзия аудармасының арғы-бергідегі жүріп өткен жолын, бел-белестерін бажайлау, ізденістері мен іркілістерін саралау - ұлттың көркемдік ойының бүгінгі биігін бағамдаудың, алда алар асуларын белгілеудің бір жолы.
Аударманың халықтар достығының дәнекері ретіндегі қызметі алдыңғы қатарға шығарылып қарастырылғандықтан, тәржіме туындылары бәрінен бұрын әдеби байланыстар тұрғысынан сөз етіліп, аударма категориялары, нормалары, типологиясы, эволюциясы, өлең жүйесіне, өлшеміне әкелетін өзгерістері сияқты көптеген мәселелер екінші қатарға ысырылып қала беретін. Аударма - лингвистика заңдылық-тарына арқа сүйеу арқылы тіларалық коммуникация міндеттерін шешетін сөз өнерінің өзгеше түрі. Көркем аударманың жемісі ретінде зерттеу қарастыратын поэзиялық тәржіме - алдымен әдебиеттану нысаны.
Өлең аудармасына қазақ жырындағы таланттардың бәрі дерлік тартылып, аударма арқылы ұлттық поэзиямыздың көркемдік құралдары анағұрлым молыға түсті.

1) Көркем аударма - көркем әдебиет шығармаларын, яғни негізгі қызметі оқырманға көркемдік-эстетикалық әсер ету болып табылатын мәтіндерді аудару. Бұл процестің өтуі барысында аудармашының мүмкіндігі шексіз; ол екінші тілде жасалған мәтінді өңдеп, реттей алады. Әдеби немесе көркем аударма дегеніміз - бір тілде жазылған әдеби туындыны екінші тілдің құралдары көмегімен оқырмандарға жеткізу және түпнұсқасының стильдік, көркемдік ерекшеліктерін мейлінше нақты сақтап көрсету. Бұл жерде аудармадағы ең қиын нәрсе - лингвистикалық ерекшелігі емес, ол түпнұсқасының көркемдік жағын дұрыс жеткізу, яғни аудармашы туындының образдық әлемін, автордың идеясын, позициясын және стилін нақты, дәл көрсете білуі. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процестегі алатын орны үлкен.
Жақсы аударылған көркем аударма - сол тілдегі төл шығармалармен бірге өсіп, жымы білінбей біте қайнап сабақтасып кетеді. Ел мен елді таныстырады, жақындастырады, ұлттық мәдениетті байытады. Мұнда автор мен аудармашы өнер жарысына түседі, тіл мен тіл жарысқа түседі.

Ғалым А.Алдашева көркем аударманың төмендегідей айырым-белгілерін ұсынады:
а) көркем аударма - ойлаудың образдылық типінің жемісі; демек, мұнда индивидуалдық даралық, шығармашылық ізденіс бар; бірақ
ә) ізденістің шеңберіне шек қойылады, өйткені аудармашының алдында жатқан мазмұны-құрылымы дайын мәтін шығармашылық еркіндікке жібермейді;
б) көркем аударма да төл әдебиет сияқты эстетикалық қызмет атқаруы керек;
в) көркем аударма да төл әдебиет сияқты тұшымды, кедір-бұдырсыз оқылуы қажет;
г) сондықтан аудармада қазақ тілінің табиғи күйі, сөз қолдану, емлелік нормалары сақталуы тиіс. Көркем аударма - аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала. Көптеген зерттеушілердің аударма теориясы тұрғысынан көркем аударманы "Жалпы аударма" курсының дербес пәні ретінде қарастыруды ұсынатыны тегін емес. Олай дейтіні - көркем аудармада шығармашылық белгі-сипаттарының лингвистикалық және мәдениеттанушылық қырлары аударманың өзге түрлеріне қарағанда айрықша бедерленіп көрінеді. Жұмыста қазақ поэзия аудармасының арғы-бергідегі өткен жолы мүмкін болғанынша толық сараланып, теориялық тұрғыдан таразыланды.
2) Ақпараттық аударма - қандай да болмасын ақпаратты, мәліметтерді беру болып табылады. Ақпараттық аударманың өзі өз ішінде мынадай түрлерге жіктеледі:
3) ғылыми-техникалық аудармаға ғылыми мақалалар, монография, техникалық сипаттама жатады. Әр саланың өзіндік қолданылатын қалыпты стилі, термині, мәтіндік құрылымы болады. Бұл саладағы шығармаларды аударуға сөздік те аздық етеді, кәсіби маман біліміне, тәжірибесіне де сүйенген дұрыс. Ғылыми мәтіндер қатаң морфологиялық және синтаксистік құрылымға ие, сөздің бірыңғай орамдары, біркелкі стиль қалыптасқан. Ғылыми-техникалық еңбектерді аудару көп салалы білімді қажет ететіндіктен, бұған білікті кәсіби маман ретінде бейімделген жөн. Ақпараттық аударма - қандай да болмасын ақпаратты, мәліметтерді беру болып табылады. Ақпараттық аударманың өзі өз ішінде мынадай түрлерге жіктеледі: ғылыми-техникалық аудармаға ғылыми мақалалар, монография, техникалық сипаттама жатады. Әр саланың өзіндік қолданылатын қалыпты стилі, термині, мәтіндік құрылымы болады. Ғылыми мәтіндер қатаң морфологиялық және синтаксистік құрылымға ие, сөздің бірыңғай орамдары, біркелкі стиль қалыптасқан. Ғылыми-техникалық еңбектерді аудару көп салалы білімді қажет ететіндіктен, бұған білікті кәсіби маман ретінде бейімделген жөн.
4) ресми-іскери аударма. Ресми-іскери стильдің қарапайым үлгілерінен (өтініш, арыз, мінездеме және т.б.) бастап күрделі түрлеріне (жарғы, жарлық, ереже, келісім және т.б.) дейін қазақ тілінде көрініс тапты және олар түгелдей дерлік аударма процесі арқылы жүзеге асырылады.
- газеттік-ақпараттық аударма - жаңа мәліметтерді, тың деректерді, тосын оқиғаны оқырмандарға жеткізу. Мұндай мәтіндер әр алуан сипатта: қысқаша ақпараттық хабарлар, ресми хабарлар, мақалалар, шағын және кең көлемді сұхбаттар, тақырыптық әрі белгілі бір мәселеге қатысты мақалалар, хабарландыру, репортаж т.б. түрде беріледі. Алайда газет-журналдың қалыптасқан өзіндік бірыңғай, дербес стилі болады. Спорт газеттерінде спорттық стиль қалыптасқан сөз қолдану үлгісі болса, мәдениет баспасөзі эстетикалық, өнер ғылымы мәтіндеріне негізделеді. Газеттік-ақпараттық аударма өз ішінде екіге бөлінеді. Ресми-іскери стильдің қарапайым үлгілерінен дейін қазақ тілінде көрініс тапты және олар түгелдей дерлік аударма процесі арқылы жүзеге асырылады.
5) газеттік-ақпараттық аударма - жаңа мәліметтерді, тың деректерді, тосын оқиғаны оқырмандарға жеткізу. Мұндай мәтіндер әр алуан сипатта: қысқаша ақпараттық хабарлар, ресми хабарлар, мақалалар, шағын және кең көлемді сұхбаттар, тақырыптық әрі белгілі бір мәселеге қатысты мақалалар, хабарландыру, репортаж т.б. түрде беріледі. а) Газет мәтіндерін аудару. Түпнұсқаға деген дәлдік тұжырымын қатаң сабақтастыру негізінде жүргізіледі. Бұл көбінесе ресми ақпараттық хабарлар, саяси келісімдер, қаулы, жарғылар, қысқасы үкіметтік маңызды құжаттарда қатаң сақталынады. Түпнұсқаға деген дәлдік тұжырымын қатаң сабақтастыру негізінде жүргізіледі. Бұл көбінесе ресми ақпараттық хабарлар, саяси келісімдер, қаулы, жарғылар, қысқасы үкіметтік маңызды құжаттарда қатаң сақталынады.
6) тұрмыстық аударма ─ тұрмыстық немесе іскери ауызекі сөйлеу тақырыптарына тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынастың диалогтік формасы жағдайында туындайды. Мұндай жағдайларда негізінен қандай да бір мақсатқа қол жеткізуге арналған өзара қарым-қатынасқа бағыттылған ауызша мәтіндер жасалады.Тұрмыстық аударма ─ тұрмыстық немесе іскери ауызекі сөйлеу тақырыптарына тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынастың диалогтік формасы жағдайында туындайды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Диссертациялық жұмыстың кіріспесінде зерттеу тақырыбының жалпы сипаттамасы, өзектілігі, зерттеудің дереккөздері, мақсаты мен міндеттері, зерттеудің негізгі нысаны, жұмыста қолданылған әдістемелер негізі, зерттеудің ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар, зерттеудің теориялық және практикалық құндылығы, жұмыс нәтижелерінің талқылануы мен жарияланымы туралы мағлұмат беріледі.
"Аударматанудың теориялық проблемалары" деп аталатын бірінші тарау 3 тараушадан тұрады. Оның "Аударманың жалпыадамзаттық сипаты және рухани мәні" деп аталатын бірінші тараушасында аударманың адамзат өміріндегі алар орны сипатталады, тәржімеге берілетін анықтамалар айқындалады.
Өркениет пен өркениеттің, халық пен халықтың танысуы, табысуы адамның адаммен танысуы, табысуы сияқты. Олар бір-бірімен танысуы үшін бір-бірінен ортақ белгілер табуы керек, ал сол таныстық ұзағынан болуы үшін олар бір-бірінен өзінен таппайтын нәрселерді де табуы керек. Көркем аударма - бір тілде жазылған шығарманы басқа тілдің құралдарымен дүниеге қайта әкелу нәтижесі, ал көркем аударма теориясы, іс жүзіндегі жанды тәжірибені зерттей әрі жинақтай келіп, осы үдерістің, яғни шығарманы дүниеге қайта әкелудің сипатын, сондай-ақ аударманың алдына қойылған міндетті орындайтын құралдардың сипатын анықтаумен айналысады. Тарихи тәжірибе көркем аударманың бір-біріне кереғар екі ұстанымның аралығынан табылатынын көрсетеді: аударма сөзбе-сөз дәл шығуы, бірақ көркемдік тұрғыдан толыққанды болмауы да мүмкін, сонымен бірге көркемдік тұрғыдан толыққанды шығуы, алайда, түпнұсқадан қашықтап кеткен еркін баян болуы да мүмкін. Мәтінді аудару барысында сөзбе-сөз дәлдік пен көркемдік кемелдік ұдайы бір-бірімен шарпысып түсіп жатады. Мәселені шешудің диалектикалық жолын іздеуге тура келеді.
Тәржіменің қоғамдық сұранысқа тәуелділігі - басы ашық жай. Басқа жағын былай қойғанда, кез келген аудармашы (бүгінгі заман аудармашыларын айтамыз) өз жұмысының жарияланатындай болуын ойлайды. Бұл мәселенің тағы бір қыры мынада. Аударылатын туынды ұлт әдебиетіне қажет болуға тиіс. Өзіңде бар нәрсені өзгеден іздемейсің. Демек, аудармашы таланты оның қоғамдық сұранысты сергек сезінуінен, оқырманның нені қажет ететінін дәл болжай білуінен де көрінеді.
Бүгінде бүкіләлемдік бәсеке қалыпты жайға айналды. Елдер бәсекесі тілдер бәсекесіне қозғау салмай қоймайды. Қазақ тілінің сол бәсекеде шыдас беруі үшін оның мол мүмкіндігін дәйім дәлелдеп отыру қажет. Мұның бір жолы - көркем аударма. Бүкіл әлем кітаптан бетін әрі бұрып бара жатқан мына заманда бізде бөлекше құбылыс бой көрсете қалады екен деп үміт етудің жөні жоқ. Ендігі жерде Мұхтар Әуезов айтатын әдебиет әдебиет үшін деген талапты да еске алған артық емес. Бұл ең алдымен тіл өнерінің аударма саласында байқалса тіпті жақсы. Қазіргі аудармалар ең алдымен қазақ тілінің қамы, болашағы үшін жасалуы керек. Аударма кітаптар арқылы қазақ оқырманы мемлекеттік тілдің мүмкіндігін нақты көретіндей болуға тиіс.
"Аударма - ғылымның объектісі" атты екінші тараушада диссертант аударманың қай ғылымның қарауына жататындығы жөніндегі белгілі пікірталасқа өз ойын қосады. Көркем аударма - лингвистика заңдылықтарына арқа сүйеу арқылы көркем әдебиеттің міндеттерін шешетін сөз өнерінің өзгеше түрі. "Кез келген аударма бес қаруы бойында лингвистикалық дайындықпен жасалған мәтінге филологиялық талдаудан басталып, әдеби шығармашылықпен бітуге тиіс".
Еңбекте көркем шығарманы аударуға болады немесе болмайды деген ескі дауға байланысты да біршама ойлар ортаға салынған. Ойлау категорияларының әмбебаптығы сол ойды жеткізу тәсілдерінде де ортақтық орнатпай қоймайды. Капитализм әлемімен кез келген мәселеде тіреске түсу, буржуазия өкілдерінің кез келген сөзін қалайда теріске шығару әдеті, кешегі кеңестік кезеңде Батыс елдерінде белең алған "шығарманың бәрі бірдей аударуға көне бермейтіндігі" жөніндегі теорияның "тиянақсыздығын" дәлелдеуге ұмтылыс түптің түбінде аударманың бағын ашуға септігін тигізді. Кеңестік аударма мектебі әлем әдебиетінің ең қиын, ең күрделі туындыларына да қол артты. Аударуға болмайды деген шығармалар мен аударудың қажеті жоқ шығармалар дегеннің ара-жігін де ажырату жөн. Әдебиетте әу бастан тек сөзді ойнатуға немесе сөзбен ойнауға құрылған туындылар да жетіп жатыр. Аударуға болады, аударуға болмайды деген ескі даудың бір дауасы - қаламгердің туған тілдің мүмкіндігіне кәміл сенуі. Н.Любимов аудармашы өзінің ойлағанындай нәтижеге жету үшін барша көркемдік құралдарды жұмылдыруға тиіс дей келіп, бұған не көмектеседі деп өзіне өзі сұрақ қояды да, былай жауап береді: "Бәрінен бұрын - орыс тілі кез келген қиындықты еңсереді, бәрін де бейнелей алады, бәрін де жеткізе алады, бұл тіл үшін алынбайтын қамал жоқ деген айқын сана, қаны мен жанына сіңіп кеткен сенім көмектеседі. Бұл сенім болмайынша, ана тіліне сүйіспеншілік болмайынша аудармашының алдан шығар қиындықтардан қаймығып қалуы да мүмкін. Оны айтасыз, өзге тілдің құрсауында қамалып қалуы да ғажап емес". Бұл сөзді орыс тілінің орнына қазақ тілі деп қойып алып, өзімізге айтудың да әбден реті бар. "Аударма мәдениеті үздіксіз өсіп келеді. Сонымен бірге, қазіргі бар аудармалардың өзінің де маңызын елемей, оны "мәртебелі ғылымның" назар аударуына арзымайтын нәрсе деп кемсітуге болмайды. Ондай пікірден қауіпті қорытынды шығып кетуі мүмкін. Аудару арқылы, тұтас алғанда, түпнұсқаның бар қасиетін беруге болмайды деу, сөйтіп, әдебиет жайындағы ғылым үшін көркем аударманың маңызын жоққа шығару - түпнұсқаның тілін екінші тілде бейнелеуге келмейтін әлдеқандай бір құпия жазу деп бағалағандық болар еді".
Аударма - уақытқа тәуелді өнер. Ешкім де барлық замандарға бірдей жарай беретін аударма жасай алмауы мүмкін. Сондықтан да әр дәуір өз аудармасын талап етеді делінеді. Аудармашы өз тіліндегі оқырман үшін жазады. Ол ұлттық өлең мектебінде тәрбие алған оқырманның түсінік-пайымын, таным деңгейін, талғамын, қалыптасқан дәстүрлерді ескермей отыра алмайды. Аудармашы өз оқырманының талғамын жаңа өрістерге тартып жатса, күнес биіктерге көтеріп жатса ғанибеттің ғанибеті. Өзге тілдегі үздік үлгіні қолға алған ақын өз оқырманының эстетикалық тұрғыдан қабылдампаздығын тәрбиелеуді де дәйім есте ұстағаны, өзге ұлттық мәдениеттердің өлең өнеріндегі құнды қасиеттердің қыр-сырын ашу арқылы сол тілдердегі өлең өрімдерінен өзімізге де өнеге болатындай өрнектер тауып жатқаны абзал. Зерттеудің өн бойында жалпы бір тілден екінші тілге аудару мүмкін бе өзі дегеннен бастап, көркем шығарма аударыла ма, соның ішінде өлеңді аударуға бола ма, аударылса түпнұсқаға теңдес етіп шығаруға бола ма деген тұрғыда нешетүрлі пікірлер келтірілген. Солардың көбі өлең аудармасы әрі кетсе түпнұсқаға жақындай алады, өте-мөте жақындай алады, тіпті деңгейлес шығатындары да болады дегенге саяды. Ал дұрысында өлең аудармасында түпнұсқадан асып түсу кездеседі әрі проза аудармасынан гөрі көбірек кездеседі. Зерттеуші бұған нақты мысалдарды орыс әдебиетінен де, қазақ әдебиетінен де келтірген. Бұл арада негізгі мәселе - тәржімеші тұлғасы.
Тәржіменің ғажап қасиетін мынадан білуге болады. Адам ойы деген атқан оқтай түзу, төселген тақтайдай тегіс нәрсе емес. Бір ойдың өзі бір тілде қағазға түскенде бар қырын бірден аша салмайды, бәлкім, тіпті аша алмайды. Әлем әдебиетінің айналымына түскен туындылар сан түрлі тілдерге аударыла-аударыла жүріп, мәтіннің қатпар-қалтарыстарындағы астар, емеуріндер табыла беруі де мүмкін. Тіпті бір ойдың төл тілдегі көмкерілген түрінен гөрі басқа тілдегі көмкерілген түрі сәттірек болып шығуы да ғажап емес. Олай болмаған күнде де әр аударма сайын қайта бағамдалудың өзі шығарманың бойына жасырылған жұмбақты шешуге, көркемдік кестелерін жаңаша жайып көрсетуге көмектесетіндігі анық. Аудармаларды оқу, салыстыру, зерттеу арқылы біз түпнұсқаның өз бойындағы қасиеттерге ерекше, тың көзбен қараймыз, жаңаша бағалаймыз, оның соны қырларын, бұрын байқамаған бояуларын ашамыз. Мәтінге қайта-қайта үңіле жүріп, түпнұсқаны оқыған тұстағыдан да гөрі зеректік танытамыз. Сол әдебиет нұсқасы жасалған елдердің өкілдері де біздің ақынымыз немесе жазушымыз қалай аударылып жатыр екен өзі, деңгей-дәрежесі төмендемей жеткен бе деп салыстыру арқылы да туған әдебиетінің қазыналарына бұрынғыдан ұсынықтылау қарай бастайды.
Диссертацияда қазақ ақындарының тәржіменің түр-түрін игергені көрсетіледі. Қазақ аудармасын қапы қалдыратын жайдың бірі - сан түрлі себептерге байланысты туыстас тілдерден тәржімені де көп уақыт бойы орысшасы арқылы жасап келгендігіміз. Әрине, негізгі аударма орыс тілінен болғаны түсінікті. Соның ішінде орыс поэзиясынан басқалары - тәржімеден тәржімелеу. Егер біз тәржімеден тәржімелеуден атымен бас тартар болсақ, онда көп қазынадан құр қалар едік. Бұл тәсілден бас тартса орыс поэзиясы да жұтаң тартып тұрар еді. Ол тілдегі ең ғажап аудармалардың көбі классикалық дүниелердің жолма-жол тәржімесі арқылы жасалған. Солайы - солай. Бірақ солай екен деп алдағы кезде де Батыс, Шығыс поэзиясының асыл үлгілерін түпнұсқа тілін білмегенімізге бола орыс тіліндегі нұсқасынан ғана аудара беру де жарамсыз жол, түптің түбінде тұйыққа тірейтін тәсіл. Ол аудармаларды жасау барысында біраз дүние өзгеріске түскені, біраз нәрсенің жоғалғаны сөзсіз, сол орысшадан тағы аудару барысында жоғалту жалғаса беретіні тағы сөзсіз. Бұл - тым көп шығын.
Әдебиетте көп нәрсе шартты. Өлшемдер өзгермелі. Талғам туралы таласпайды. Өнерге нөмір жүрмейді. Әйтсе де, сөз ұстаған ұлылардың қайсысы әлем әдебиетіне көбірек ықпал жасады, оның адамзат өркениетіндегі алар орны қандай дегенде алдымен айтылатын бір өлшем бар: ол - шығармаларының қанша тілге аударылғандығы. Тәржіменің саны талантқа ең әділ таразы бола бермейтіні рас. Әсіресе, қазіргі заманда өз шығармасын аудартуға алдымен пысықайлардың қолы жететіні де рас. Сонда да бұл көрсеткішпен санаспау мүмкін емес.Тәржіме теориясына байланысты өз шешімін күткен мәселелер әлі де баршылық. Бүкіл әлемде осы тақырыпты жан-жағынан қаузаған мыңдаған мақалалар, жүздеген монографиялар жарық көре тұра, әлі күнге ортақ терминологияға тоқтам жасалмай отыр. Ю.Оболенская "аударма" және "аударма үдерісі" секілді түйінді ұғымдардың өзінің басы ашылмағанын жазады.Тәржіме - әдебиет аясынан да, жалпы мәдениет аясынан да шығып кететін күрделі құбылыс. Зерттеуде аударма әр қырынан - лингвистикалық (психолингвистикалық), әдеби-тарихи, мәдениеттанушылық, философиялық-эстетикалық, ақпараттық, текстологиялық немесе семиотикалық тұрғыдан - қарастырылады.
Мәдениеттердің үнқатысуы аудармасыз жүзеге аспайтыны әр аударма түпнұсқаның жаңа байыптамасы болатындықтан ғана емес, мәселе әр аударма түпмәтінге жаңа өлшем алып келетіндігінде. М.Бахтин былай деген: "Өзге мәдениет басқа мәдениеттің көзімен қараған кезде ғана өзін толығырақ, тереңірек таныта алады... Бір мағына екінші, басқа мағынамен бетпе-бет келгенде өзінің терең сырын ашады: олардың арасында сол мәдениеттердің томаға-тұйықтығы мен біржақтылығын еңсеретін үнқатысу басталғандай болады". Толыққанды ұлттық әдебиеттің толыққанды аударма әдебиетінсіз кемеліне келмейтіні сондықтан.
"Көркем аударманың алғашқы үлгілері" атты бірінші тараушада зерттеуші тәржіме тарихын түзетін тұста қазақ аудармасының шежіресіне орай бірқатар тың тұжырымдарды ортаға салған. Аударма қазақ даласында атам заманнан болған. Түркінің "тілмаш" деген сөзінен (тегінде, бұлай деп тілге мәш, яғни сөзге ұста адамдарды айтқан) орыстың "толмачы" шыққан. Ұлы Жібек жолының алтын арқауы - аударма десек те артықтығы жоқ. Ал нақты көркем аудармаға көшкенде түркі халықтарына ортақ Алтын Орда дәуіріндегі аудармалар қатарында Сарай қаласынан шыққан ақын Сейф Сарайдың Сағдидің "Гүлстанын" ХІV ғасырдың аяғында аударғаны айтылады. Тұрсынбек Кәкішевтің: "Алтын Орда дәуіріне біз түгелдей ортақпыз. Ал оның негізгі әдеби тілі - қыпшақ тілі болса, онда қазақ даласы мен тілі жетекшілік сипатқа ие болғанынан қашсақ та құтыла алмаймыз" [8, 31 б.] деген пікірін есте ұстау жөн. Қазақ аудармасының бастапқы кезеңдерінде аударма, нәзира, қайта баяндау, еліктеу бір бірімен араласып, қойындасып жатады. Бұларды аударманың балама түрлері, танымал шығарманы жаңа тілде жеткізудің жолдары ретінде қарастырған орынды.
Қазақ көркем аудармасының тарихын жазу үшін біз міндетті түрде әлемдік аударма тарихындағы үрдістер мен үдерістерді ой елегінен өткізуге тиіспіз. Аударма тарихы, оның бел-белестері, даму эволюциясы жөнінде сөз еткенде біз бұл бағытта терең зерттеулері бар орыс әдебиеттануын айналып өте алмаймыз. Сондықтан да еңбекте жалпы аударма тарихына қатысты мәліметтер көбірек ортаға салынып, орыс тілінде жарияланған тәржіметанушылық зерттеулерге жиі-жиі сілтеме жасалды. Бұлай еткенде оларды қазақ әдебиеттануының ғылыми айналымына түсірудің артықтық етпейтіні де есте ұсталды.
Төл әдебиетіміздің өзіндік ерекшелігін ескере келіп, ауызша тарап жеткен көркем сөз мұраларымызды әдебиетіміздің тарихына жатқызамыз. Сондықтан ауызша жеткен аудармаларды аударма тарихына жатқызудың жайын ойластыру керек болады. "Әртүрлі тілдерде сөйлейтін халықтардың арасындағы алғашқы байланыс ауызша болғанына күмән жоқ. Тегінде, аударма ұзақ уақыт бойы қағазға түспей келсе керек. Бізде ауызша аударма кезеңінен қалған ешқандай белгі жоқ. Алайда, тарихи мәліметтер, сондай-ақ халықтар арасындағы әрқилы байланыстардың есте жоқ ерте замандардан келе жатқанын пайымдау ауызша аударма жазу шыққанға дейін болған деп болжауға мүмкіндік береді". Біздің, ауызша әдебиетпен ауызданып өскен халықтың, бүкіл тарихы ауызша жеткен халықтың күні кешегі ауызша аудармаларын неге назардан шығаруға тиіспіз? Соның бірі - Абайдың ауызша аудармашылығы. Әр халықтың жазба әдебиетінің қалыптасуы оның аударма әдебиетін де қатар қалыптастыра бастайды. Бұл әдебиет әуелде төлтума шығармашылықпен қойындасып, араласып кетеді, жазба мәдениеті бұрынырақ орныққан алыптардың тақырыптық сарындарына, оқиғалық желілеріне арқа сүйеп, дамиды. Әуелгі бетте төлтума мен телтуманың ара-жігі ажыратылмай жүрсе, төл әдебиет кемеліне келген сайын аударылған шығармалар отау үйдей бөліне береді де, енді оның өзінің дәстүрлері қалыптаса бастайды.
"Аударманың шарттары мен түрлері" атты екінші тараушада аударманың бел-белестері, даму эволюциясы сөз етіледі. Қазақ тәржіме өнерінде өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап бой көрсеткен бейімдеп аудару тәсіліне назар аударылады. Еркін аударманың алғашқы ретінде белден басып кете берудің мысалдары бізде де кездескені көрсетіледі. Ұлттық сөз өнеріндегі тырнақалды тәржімелер болғандықтан, оларда түпнұсқаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма түрлерінің қазіргі жіктемесі
Ауызша және жазбазша аударма түрлері
Аудармашы этикасі қолданушының көзқарасына тәуелді
Аударма-түсінігі,түрлері,маңызы
Аударма теориясындағы эквиваленттілік ұғымы
Ауызша аударманың түсінігі
Аударманың түсінігі мен түрлері
Жазбаша аударма
Аударма сапасының бағалау мәселелері
Аударма түрлері
Пәндер