Аударма кезіндегі сөйлем құрылымын түгелдей өзгерту



І БӨЛІМ. АУДАРМА КЕЗІНДЕГІ СӨЙЛЕМ ҚҰРЫЛЫМЫН ТҮГЕЛДЕЙ ӨЗГЕРТУ
1.1. АУДАРМАДА СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІН АУЫСТЫРУ
1.2. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ СӨЙЛЕМ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ
ӨЗГЕРУІ
1.3. СӨЙЛЕМДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ТӘСІЛДЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

ІІ БӨЛІМ. АУДАРМА КЕЗІНДЕГІ ЖАЛПЫ МАЗМҰН, ОНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ ЖӘНЕ МАҚСАТТАРЫ
2.1. АУДАРМА БАРЫСЫНДА КҮРДЕЛІ СӨЗДІҢ ӨЗГЕРУІ
КІРІСПЕ

Ақпаратты беру кезінде, әдетте, іс-әрекеттің мағынасын, қызметін, немесе процесті. Зерттеу жұмысының объектісі аударма кезіндегі сөйлем құрылымын түгелдеу өзгерту. Зерттеу жұмысы аударылу мәселелері болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері – аударма кезіндегі сөйлем құрылымын аудару болып табылады.
Курстық жұмыста белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі нұсқаулар:
1) таңдалған тақырып бойынша әдебиеттерді қарастыру;
2) сөйлемді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару тәсілдері;
3) аудармада сөйлем мүшелерін ауыстыруды талдау;
4) таңдалған мысалдардың мағыналарының ерекшеліктерін, ұқсастықтарын талдау.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Берілген мақсаттарды іске асыру мақсатында берілген курстық жұмысты зерттеу. Жұмыстың практикалық маңыздылығы болып курстық жұмыстың зерттеу жұмыстарының нәтижесі табылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. «Аударма кезіндегі сөйлем құрылымын түгелдей өзгерту» атты бірінші бөлімде, «Аударма кезіндегі жалпы мазмұн, оның құрамдас бөліктері және мақсаттары» атты екінші бөлімде, қорытындыда зерттеу кезіндегі басты нәтижелер тақыланады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелері. – Алматы: Арыс, 1999
2. Ахметов Ә. Ғайып болған миллион / Кристи Агата. Әңгімелер. – Алматы: Жалын, 2003
3. Бархударов Л.С. Уровни языковой иерархий и перевод.Тетради переводчика. – М., 1969
4. Бреус Е.В. Основы теорий и практики перевода с русского на английский язык: учеб. пос. – М.: Изд УРАО, 2006
5. Гарбовский И.Н. Теория перевода. – М.: Изд. МУ, 2004
6. Ермагамбетова А.С. Сущность и значения национальных слов-реалий в языке художественного произведения и способы их перевода: дисс. ... канд. фил. наук. – Алматы, 1972
7. Комиссаров В.Н. Слово о переводе: очерки лингвистических учений о переводе. – М.: Международные отношения, 1973
8. Мешков О.Д. Словообразование современного английского языка. – М.: Наука, 1976
9. Миньяр-Белоручев Р.К. Общая теория перевода и устный перевод – М.: Воениздательство, 1980
10. Попович А. Проблемы художественного перевода. – М.: Высшая школа, 1980

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. АУДАРМА КЕЗІНДЕГІ СӨЙЛЕМ ҚҰРЫЛЫМЫН ТҮГЕЛДЕЙ ӨЗГЕРТУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. АУДАРМАДА СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІН АУЫСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ СӨЙЛЕМ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ ... ... ... 6
1.3. СӨЙЛЕМДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ІІ БӨЛІМ. АУДАРМА КЕЗІНДЕГІ ЖАЛПЫ МАЗМҰН, ОНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ ЖӘНЕ МАҚСАТТАРЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .16
2.1. АУДАРМА БАРЫСЫНДА КҮРДЕЛІ СӨЗДІҢ ӨЗГЕРУІ ... ... ... ... ... ... .16
2.2. СӨЗДІК МИНИМУММЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..25
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Ақпаратты беру кезінде, әдетте, іс-әрекеттің мағынасын, қызметін, немесе процесті. Зерттеу жұмысының объектісі аударма кезіндегі сөйлем құрылымын түгелдеу өзгерту. Зерттеу жұмысы аударылу мәселелері болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері - аударма кезіндегі сөйлем құрылымын аудару болып табылады.
Курстық жұмыста белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі нұсқаулар:
1) таңдалған тақырып бойынша әдебиеттерді қарастыру;
2) сөйлемді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару тәсілдері;
3) аудармада сөйлем мүшелерін ауыстыруды талдау;
4) таңдалған мысалдардың мағыналарының ерекшеліктерін, ұқсастықтарын талдау.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Берілген мақсаттарды іске асыру мақсатында берілген курстық жұмысты зерттеу. Жұмыстың практикалық маңыздылығы болып курстық жұмыстың зерттеу жұмыстарының нәтижесі табылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Аударма кезіндегі сөйлем құрылымын түгелдей өзгерту атты бірінші бөлімде, Аударма кезіндегі жалпы мазмұн, оның құрамдас бөліктері және мақсаттары атты екінші бөлімде, қорытындыда зерттеу кезіндегі басты нәтижелер тақыланады.
Зерттеуде қолданылатын әдістемелер негізі. Зерттеуде негізгі тәсіл ретінде аудармалардың мәтінін түпнұсқамен салыстыра талдау тәсілі қолданылған.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, ІІ бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.

І БӨЛІМ. АУДАРМА КЕЗІНДЕГІ СӨЙЛЕМ ҚҰРЫЛЫМЫН ТҮГЕЛДЕЙ ӨЗГЕРТУ
1.1. АУДАРМАДА СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІН АУЫСТЫРУ

Аударма туралы толығырақ және нақты теорияны Комиссаров В.Н. ұсынды. Ғалымның пікірінше, төрт лингвистикалық теория бар, соған сәйкесінше, ол аудармаға төрт анықтама береді: денотативті теория бойынша, "перевод есть процесс описания при помощи языка перевода денотатов, описанных на языке оригинала" деген анықтама берген. Трансформациялық теория бойынша, "перевод есть нечто иное, как преобразование единиц и структур языка оригинала в единицы и структуры языка перевода" деген анықтама берген. Семантикалық теория бойынша, "перевод "заключается в раскрытий сущности эквивалентных отношений между содержанием оригинала и перевода" деген анықтама берген. Баламалық деңгейлері теориясы тұрғысынан: "модель переводческой деятельности, основанную на предположений, что отношения эквивалентности устанавливаются между анологичными уровнями содержания текстов оригинала и перевода" деген анықтама ұсынған болатын.
Былай деп анықтама береді: "Аударма дегеніміз- түпнұсқаның басқа тілде қайта өңдеп жасалуы; тіларалық және мәдениетаралық коммуникация процесі; тіларалық трансформация; сөз жасау өнері".
Аударма барысында мынадай жағдайларға баса көңіл бөлу керек деп есептейді:
- түпнұсқа тілде кездесетін сөздердің барлығы дерлік аударма тілдің сөздік қорында кездесе бермейді;
- түпнұсқа тіл мен аударма тілдегі сөздердің мағынасы тек жартылай ғана сәйкес келуі мүмкін;
- түпнұсқа тілдегі көп мағыналы сөздің берер мағынасы аударма тілде әр түрлі сөздер арқылы берілуі мүмкін.
Қазіргі уақытта аударма теориясында бірнеше үлгі (модель) жасалған. Олардың негізгілеріне денотаттық, семантикалық және трансформациялық үлгілер жатады. Денотаттық үлгіде аударма тіл мен өмір шындығының байланысы басты назарға алынады. Кейде аударманың жағдаяттық үлгісі деп те аталатын бұл модель өмір шындығының әлдеқандай құбылыстарының атаулары аударма тілде жоқ болса да, тілдік заңдылықтардың көмегімен салыстырудың мүмкіндігі әрқашан болады деген заңдылыққа саяды. Семантикалық үлгі аударма үдерісінде сөздің ең кіші мағыналық бөлшегі саналатын семаларға мән берумен байланысып жатады. Ал трансформациялық модельді сөздердің орындарын ауыстыру, сөйлемнің құрылымын өзгерту, сөз таптары мен сөйлем мүшелерін өзгерту, сөз қосу, сөздерді түсіру сынды әдістердің негізіндегі аударма деп түсінуге болады. Аударма теориясының зерттеу нысанының бірі болып табылатын грамматикалық трансформация жан-жақты қарастыруды қажет етеді. Аударма процесі осы трансформация кезіндегі орын алар өзгерістер негізінде қаралады.
Аударманың трансформациялық модельдерін жасауда қолданылатын әдіс-тәсілдердің теориялық және практикалық маңызы қазіргі аударма жұмыстарының мазмұнынан айқын көрінеді.
Ағылшын тіліндегі сөздердің негізгі ұғымдарының бірнеше үлгіде берілуі олардың когнитивтік лингвистика тұрғысынан іштей трансформациялануын көрсететін құнды фактор саналады.
Ағылшын тіліндегі сөздерді қазақ тіліне трансформациялауда орын алмастыру, сөз қосу, ауыстыру, бір компонентін түсіріп тастау және т.б. әдіс-тәсілдері қолданылады.
Ағылшын тіліндегі күрделі сөздерді қазақ тіліне аудару теориясының лингвистикалық және экстралингвистикалық бағыттары аудармаға қосымша теориялық негіз бола алады.
Ағылшын және қазақ тілдерінде күрделі сөздерді зерттеу принциптерінде ұқсастықтармен бірге айырмашылықтар да бар.
Ағылшын тіліндегі зат есім және сын есім негізді сөздерге қазақ тілінен баламалар қарастыруда этнолингвистикалық факторлар және екі халықтың ойлауы, ұлттық құндылықтары, туыс емес екі тілдің ерекшеліктері ескерілуі тиіс.
Ағылшын, қазақ тілдеріндегі сөздердің құрылымдық сипаты мен мағыналық ерекшеліктері аударма модельдерін жасауда маңызды рөл ойнайды.

1.2. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ СӨЙЛЕМ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ
ӨЗГЕРУІ

ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған генеративті лингвистика тіл ғылымы дамуының жаңа дәуірінің бастамасы болғандығы анық. Тіл білімінің формалды бағыттарының бір тармағы болған бұл бастама Н.Хомскийдің Синтаксистік құрылымдар (1957) атты әйгілі еңбегіндегі идеялардың негізінде қалыптасты. Аталған еңбекте трансформациялық грамматикаға елеулі орын берілген. Демек трансформациялық грамматиканың алғашқы бастаулары синтаксиспен байланысты қалыптасқандығы анық. Ал кейін соның негізінде фонологиялық және морфологиялық деңгейлерде де трансформациялық әдістер қалыптасқан. Біз ағылшын және қазақ тілдеріндегі сөздердің трансформациялық модельдерін осы тұрғыдан сөз етеміз. Трансформациялық модель трансформациялық грамматика идеяларының негізінде қалыптасқан. Бұл модельді жасауда аударманы бірінші тілдің мәтінін аударылатын тілдің мәтініне ауыстыру деп түсінеміз. Аудармашы түпнұсқаны қабылдап, санасында бірнеше тіларалық трансформация жасайды да, дайын аударма шығарады. Мұнда ядролық синтаксистік құрылымдарды ауыстырудың ең басты операцияларының қатарына логикалық-синтаксистік байланыстар мен лексикалық құрамның ортақтығы жатады. Басқаша айтқанда, түпнұсқа тілінің мәтіні бастапқы құрылымдардың жиынтығы ретінде түсініледі, әрі оларға аударылатын тілден сәйкестік табылуы немесе бұл сәйкестіктер трансформация ережелеріне сай шығуы тиіс. Осы тұста аудармашы санасында мәтінді трансформациялау процесі жүріп жатқанда, ағылшын тіліндегі сөздердің қазақ тіліндегі баламалары, яғни трансформациялық модельдері қарастырылып жататынын айта кеткен жөн. Оның үстіне екі тілде де сөздер көп қолданылатын тілдік категориялар қатарына жатады. Мысалы, ағылшын тіліндегі "If he gets rid of his sweetheart, he can marry the other girl" деген сөйлемді қазақ тіліне аударғанда, оның құрамындағы sweetheart зат есімін қазақ тіліне қалай аударған дұрыс? Бұл зат есімнің құрамдас компоненттерінің мағыналарымен тікелей байланысы жоқтығы анық. Тек ағылшындардың оны келіншек, нақсүйер, қалыңдық мағыналарында қолданатыны аудармашы санасынан өтеді. Нәтижеде, бұл сөйлем Ә.Ахметовтың аудармасында "Егер қалыңдығынан құтылса, ол ана екінші қызға үйленеді" деп берілген. Бұл сөйлемде sweetheart сөзі қалыңдық болып аударылған. Бұл баламалы аудармаға жатады. Себебі ағылшын тіліндегі бұл сөз, негізінен, sweet және heart сөздерінен құралған. Оны тікелей аударғанда, тәтті жүрек (нақсүйер) болып шығар еді. Ал бұл сөздің орнына аудармашы қалыңдық деген сөзді қолдануды лайық санаған. Сондықтан бұл аударманы баламалы аударма түріне жатқызамыз.
Аудармалық трансформацияны әр қырынан қарастырған анықтамалардың барлығына ортақ пікір бастапқы тілдегі мазмұнды екінші бір аударма тіліне ауыстыру дегенге саяды. Әсіресе, Р.К.Миньяр-Белоручевтің бастапқы ақпарат мазмұнын сақтай отырып, түпнұсқа мәтінінің формалық немесе семантикалық құрамдас бөлшектерін өзгерту деген пікірімен санаспауға болмайды.
Сонымен, аудармалық трансформация - белгілі бір тілдегі сөздік және грамматикалық ережелерге сай жасалған мазмұнды екінші бір тілде сөйлеушілер түсінетіндей етіп ауыстыру.
Осыдан трансформациялық әдістер, трансформациялық модельдер келіп шығады.
Бұлардың тілдік мазмұнды екінші тілге тиімді ауыстыру үшін қолданылатыны белгілі.
Аударма туралы толығырақ және нақты теорияны Швейцер А.Д. ұсынды. Ғалымның пікірінше, төрт лингвистикалық теория бар, соған сәйкесінше, ол аудармаға төрт анықтама берген.
Швейцер А.Д. аударма үлгілеріне мынадай анықтама берген:
- денотативтік немесе ситуативтік үлгі түпнұсқа көріністері мен аударма көріністері арасындағы байланысты көрсетеді;
- семантикалық үлгі түпнұсқа тіліндегі әртүрлі тұлғалардың, мағыналардың түрлі семантикалық үлгілері арқылы берілуі;
- трансформациялық үлгі дегеніміз- тіларалық эквиваленттілік негізі бола алатын құрылымдарды жасау тәсілі.
Аудармашының кейде түпнұсқаның дәстүрлі түсініктерін сақтауға тырысып, аударылатын тілдің ұлттық ерекшеліктеріне мән бермей қоюы, ал кей кездерде аударылатын тілдің ұлттық нақыштарын сақтауға тырысып, бастапқы шығармаға обал жасалатыны кездесіп жатады.
Аудармалық трансформацияларын ғалымдар әр түрлі жіктейді. Алайда аударматанушылар көбінесе, Л.С.Бархударов та аударма трансформацияларын негізгі сипаттары жағынан төрт топқа жіктеген теориясымен санасады:
1. Орын алмастыру;
2. Сөз қосу;
3. Ауыстыру;
4. Түсіріп тастау (опущения).
Орын алмастыру. Бұл - аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма тесксте өзгертіп беру. Алмастырылатын, әдетте, сөздер, сөз тіркестері, құрмалас сөйлемдерді құрастырушы сыңарлардың орын тәртібі, дербес сөйлемдердің тіркестегі орны. Бұл трансформацияны мына мысалдар арқылы талдап көрсетуге болады. "Therefore, mon ami, I fear that you must forswear your beauty sleep tonight, and join me in my all-night vigil in that flat below - armed with that excellent revolver of yours, bien entendu!", "Соған қарағанда, достым, бүгін тәтті ұйқыңды қиып, төменгі пәтерде менімен бірге түні бойы кірпік қақпай отыруға тура келер. Әрине, әлгі тапаншаңды өзіңмен бірге ала жүрсең, абзал болар еді". Бұл сөйлемде all-night үстеуі қазақ тіліне түні бойы болып аударылған. Бұл аударманы сөзбе-сөз аударма әдісіне жатқыза аламыз. Мұндағы all-night сөзі сөздіктерде түні бойы болып берілген. Алайда бастапқы тілде екінші орында тұрған сөз аудармада бірінші орынға шыққанын айта кеткен жөн. Бұл жағынан бұл аударманы орын алмастыру моделіне жатқызуға болады.
Ауыстыру тәсіліне аударма барысында сөз таптарын, сөйлем мүшелерін, синтаксистік байланыс түрлерін, сондай-ақ лексикалық ауыстыруларды (нақтылау, жалпылау, антонимдік аударма, компенсация) жатқызуға болады. Бұл ретте сөздіктегі сәйкестіктер көркем аудармада ұғымдық-мазмұндық, стильдік және экспрессиялық қызметінде елеулі айырмашылықтар жоқ тілдік құралдардың орны ауыстырылатындығын, ал енді кейбір жағдайларда екі мәтіннің коммуникативті-функционалдық теңбе-тендігіне қол жеткізу үшін мәтіндегі сөздің дәлме-дәл баламасы емес, мағынасы жуық, сөздің стильдік қызметін нақтылайтын, экспрессивті бояуын бере алатын басқа сөзбен (тіркеспен, фразамен) ауыстырылатындығын айтады. Кейде түпнұсқа сөйлеміндегі нақты атаулар аудармада есімдік арқылы беріледі, кейде керісінше де болуы мүмкін. Бұл бір сөзді қайталай бермеу мақсатынан туған әрекет болып саналады. Бір сөзбен айтқанда, түпнұсқадағы тілдік бірліктер аударма тіліне сол қалпында берілуі шарт емес. Тек мазмұн кемшіліксіз сақталуы қажет. Мына мысалдарды талдап көрейік: "Now then, school marm, she said", сөйлемін қазақ тіліне "Ал, мұғалім мадам, сіз не дейсіз?-деді ол" деп берген.
Бұл сөйлемде school marm зат есімі мұғалім мадам болып аударылған. Бұл аударманы сөз ауыстыру моделіне жатқызамыз. Өйткені, мұнда school мектеп сөзінің орнына мұғалім сөзі берілген. Яғни, мектеп мадамы дегеннің орнына мұғалім мадам сөзі қолданылған.
"...and raising the revolver he fired point-blank at the woman's retreating figure just as I flung myself upon him" , "...ол қаруын көтере беріп, сытылып бара жатқан әйелді көздеді. Дәл осы кезде мен оны бас салдым". Аталған сөйлемде point-blank сөзі қазақ тіліне көздеді болып аударылған. Негізінде, point-blank сөзі зат есім қызметінде тұр. Ал аудармашы оны fire етістігінің көмегімен етістікке айналдырып аударған. Осы тұрғыдан алып, мұны сөз ауыстыру моделіне жатқызамыз. Ғалымдардың сөз ауыстыру моделі көп жағдайда сөз таптарын ауыстырумен байланысты болады деген пікірін осы мысал қуаттайды.
"A returning wayfarer, slightly drunk, was lurching along the pavement and almost collided with Poirot, who said something sharply to him which I did not catch", "Қарсы жақтан теңселе басып келе жатқан масаңдау біреу Пуароны қағып кете жаздады. Пуаро ашуланып, әлгіге бірдеме деді, бірақ оның не дегенін ұқпай қалдым", сөйлемдегі wayfarer сөзі біреу болып аударылған. Бұл аударма сөз ауыстыру әдісі бойынша жасалған. Негізінде, wayfarer зат есімі жолда жүруші деген мағынаны білдіреді. Ал қолымыздағы аудармада ол біреу деп берілген.
"A horrid thing to do, of course, and I feel quite ashamed of telling you, but you know what flat-hunting is", ""Жиренішті зат қой, әрине тіпті мұны сіздерге айтуға да ұят. Бірақ түсінесіздер ғой, "басқа түссе баспақшыл" дегендей, баспана іздеп қиналғанда адам не істемейді?"-деп бөгеліп қалды". Мұнда flat-hunting сөзі баспана іздеп болып аударылған. Мұнда flat пәтер сөзінің орнына баспана, ал hunting аулау, аңшылық сөздерінің орнына іздеу деген сөз қолданылған. Сондықтан бұл сөйлем сөз ауыстыру әдісі бойынша аударылған.
Кейде түпнұсқа сөйлеміндегі нақты атаулар аудармада әр түрлі сөз таптары арқылы берілсе, енді бірде түпнұсқадағы негізгі етістік аударма тілде бірнеше сөзден тұратын аналитикалық формалар арқылы берілуі де мүмкін. Түпнұсқадағы зат есім аудармада етістік түрінде немесе керісінше де беріле алады.

1.3. СӨЙЛЕМДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ТӘСІЛДЕРІ

Сөз қосу (добавления) дегенді түпнұсқада жоқ, бірақ аударма барысында қажет болған қосымша сөздерді қолдану дегенді білдіреді. Мысалы, ағылшын тіліндегі "Some of them must be perfect palaces; the swimming-baths, the lounges, the restaurants the palm courts- really, it must be hard to believe thаt one is on the sea" сөйлемі қазақ тіліне ""Ия, тамаша болар еді", - деп құптай кеттіп мен оны. "Ол кемелердің кейбіреуін сәулетті сарай десең де артық болмайды, шомылатын бассейндер, демалыс бөлмелері, мейрамханалары, пальма ағашы өсірілген саяжайлары - жан рахатының бәрі бар. Тіпті теңізде келе жатқаның да мүлдем есіңнен шығып кетеді" деп аударылған. Cөйлемдегі the palm courts зат есімі қазақ тіліне пальма ағашы өсірілген саяжайлары еркін тіркесі арқылы берілген. Palm пальма, court аула болып аударылатынын ескерсек, автор аударма мәтініне пальма ауласы деп беруді місе тұтпай, қазақ тілді оқырмандарға the palm courts зат есімін түпнұсқа мәтінінен аударма мәтініне сөз қосу арқылы пальма ағашы өсірілген саяжайлары деп жеткізуді жөн көрген.
Келесі мысалдарды талдап көрелік: "He only actually lived in it a fortnight - then he advertised it to be let furnished", "Ол да екі-ақ апта тұрып, сосын үйді жалға беретіні жөнінде хабарландыру жасайды". Ағылшын тіліндегі a fortnight үстеуі қазақ тілінде екі апта мағынасын береді. Алайда мұнда бұл екі сөздің арасында -ақ демеулігі қолданылған. Сол арқылы сөйлемге шектеу, тежеу мәні қосыла берілген. Демек, бұл аудармада сөз қосу тәсілі қолданылған.
"It represented a tall, fair woman, with something subtly un-English in her face", "Бұл бойшаң, аққұбаша келген әйелдің суреті болатын. Бірақ бет-әлпетінен оның ағылшын әйелі емес екені байқалады". Түпнұсқа мәтініндегі fair woman зат есімі орыс тіліне блондинка, ал қазақ тіліне аққұба болып аударылады. Келтірілген аудармада бұл зат есім аққұбаша келген әйел деп аударылған. Бұл аудармада сөз қосу тәсілі қолданылған. Өйткені мұнда келген сөзі қосылып отыр.
Сөз түсіру (опущения), яғни бір компонентін түсіру деп аударма барысында мазмұнға нұқсан келтірмеу шартымен белігілі бір сөздерді түсіруді айтамыз. Мысалы, "Why did you, a young man of thirty-three, good -looking, fond of sport, popular with your friends, devote so much of your time to an elderly woman with whom you could hardly have anything in common?", "Сіз отыз үш жастағы жас, әдемі, спортпен шұғылданып жүрген, достарыңыздың арасында беделіңіз бар, сегіз қырлы, бір сырлы жігітсіз, ал соншама уақытыңызды жасы жетіп тұрған кәрі кемпірге арнауыңыздың себебі не?". Бұл сөз түсіру моделіне жатады. Мұнда көрінетін мағынасын беретін looking сөзі берілмеген. Аудармашы тек good сөзін аударумен шектелген.
"They say, "I never eat flesh", in a way that puts you right off your nice little beefsteak", "Олар еш уақытта да ет жемейміз дегенді айтқан кезде, жегелі отырған бір үзім етті де тастап кетесің". Бұл аудармада beefsteak зат есімі қазақ тіліне ет болып аударылуына қарағанда, мұнда да сөз түсіру әдісі орын алған. Ағылшын тіліндегі beef қазақ тіліне сиыр, сиыр еті болып аударылады.
Сөз түрлендіру тәсілі де ағылшын тіліндегі сөздерді қазақ тіліне аударғанда ең көп қолданылатын тәсіл. Өйткені, ағылшын тілі мен қазақ тілі сияқты екі түрлі топқа жататын тілдердің материалдарын аудару барысында мәтінге көптеп түрлендіру жасауға тура келеді. Ол түрлендірулер кейде семантикалық деңгейде, кейде морфологиялық, кейде синтаксистік деңгейде болуы мүмкін. Яғни, ағылшын тіліндегі сөздер қазақ тіліне үнемі сөз болып аударылмағанымен, ағылшын тіліндегі сөздердің құрылымы жағынан қазақ тіліндегі сөздермен сәйкестенуі келесі мысалдармен негізделеді. "If Sir Ambrose was intended victim, he might possibly have purloined a rare manuscript or two that no one else would miss" сөйлемі қазақ тіліне "Ал егер оның ойы сэр Эмброузды құрту болса, ол жан адам жоқтай қоймайтын сирек қолжазбаның бір-екеуін қымқырып кетер еді" болып, "Mr.Mayherne was practical, not emotional. He coughed again, took off his pince-nez, polished them carefully, and replaced them on his nose" сөйлемі "Жөтеліп қойып, адвокат көзәйнегін алып асықпай сүртіп, қайта киді" болып аударылса, "I want you to ascertain for me exactly how much is newspaper chatter, and how much may be said to be founded on fact" сөйлемі "Сізден үнқағаздардың шулатып жатқаны мен әлі де алда айтылатын әңгімелердің қаншалықты дәлелді деректерге негізделгенін анық біліп беруіңізді өтінемін" деп беріледі.
Түсіндірме түріндегі аударма да аударма үдерісінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма кезіндегі сөз құрылымын өзгерту
Аударма түрлері. Мәтінді аудару барысында аударма түрлерін
Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғанда лексикалық және грамматикалық трансформацияның түрлерін талдау
Мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері
Ресми іскери құжаттарды ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда кездесетін мәселелер
Аударма – аударматанудың өзегі
АУДАРМА ІСІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚИЫНШЫЛЫҒЫ
Аударма негіздері (әдістемелік көмекші құралы)
Аударманың грамматикалық ерекшеліктері
Ырықсыз етістің топтастырылуы
Пәндер