Аударма барысындығы сөйлем мүшелерін өзгерту



КІРІСПЕ
ӨЗГЕРТУ
1.1.Аударма процесінің деңгейлері
І БӨЛІМ. АУДАРМА БАРЫСЫНДЫҒЫ СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІН
1.2.Сөз тіркестер мен сөйлемдердің аудармасы
1.3.Аударма кезіндегі эквивалентсіз лексиканың берілуі
ІІ БӨЛІМ. АУДАРМА БАРЫСЫНДАҒЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕРДІ ӨЗГЕРТУ

2.1. Ағылшын тіліндегі бағыныңқы сөйлемдер
2.2. Ағылшын терминологиясы және оның аудармада өзгеруі
ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
КІРІСПЕ

Курстық жұмысымның өзектілігі.Курстық жұмыста ағылшын және қазақ тіл білімдерінің сан-салалы теориялық ұстанымдары бүгінгі күнде аудармаға қатысты зерттеулердің негізгі бағыт-бағдарын анықтауға, маңызды қорытындылар шығаруға мүмкіндік беретіндіктен, бұл тілдердегі материалдарды бір-біріне шебер аударудың жалпы және жеке лингвистика шеңберіндегі өзіндік заңдылықтарын сұрыптау және осы тұрғыдағы жұмыстардың өзге ізденістер қатарында алар орнын нақтылау қажеттігі ғалымдардың алдына тың мәселелер қойып отырғаны даусыз. Осыған орай, ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне берудің түрлі әдіс-тәсілдері де құнды зерттеулердің дүниеге келуін қамтамасыз етер алғышарттар қатарын құрауда.
Ағылшын тіліндегі біріккен сөздер мен олардың қазақ тіліндегі баламаларын тексеру бүгінгі тіл білімінің алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі екендігінде дау жоқ. Себебі еліміз бүгінгі таңда түрлі халықтар арасындағы әдеби-мәдени байланыс пен дамудың дәнекері болып табылатын аудармаға, соның мәселелеріне үлкен мән беруде.
Аударма үдерісін сипаттау барысында ғалымдар аудару «тәсілдері, амалдары, әдістері» деген сияқты әрқайсысы жеке мағынаға ие ұғымдарды қолданады. Бұл ұғымдарды жіктеп, анықтап алған жөн. Алға қойылған мақсатқа жетудің негізгі қағидалары оның тәсілдері болып табылады, олар шындық өмірдің обьективті заңдарына негізделеді. Тәсіл әлі де іс-әрекет емес, іс-әрекет жүйесі де емес, іс-әрекетті жүзеге асыратын психологиялық операция. Айтылған ойды басқа тілде жеткізу үшін, затты қайтадан басқа тілде атау үшін аударманың бұрыннан бар тәсілдерінің тек біреуін ғана қолданады. Аудару тәсілдері қандай?Аударма теориясында бір тілдік бірліктен екінші тілдік бірлікке ауысудың түрлі жолдары, тәсілдері қарастырылады. Көптеген авторлар кез келген аударманы қайта жасау, немесе тіларалық трансформация ретінде қарастырады. Шын мәнінде, кез
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Бархударов Л.С. «Язык и перевод» (Вопросы общей и частной теории перевода) , М.: Международные отношения, 1975, стр 175 стр.
2. Ванников Ю.В. Вопросы теории и техники перевода – М. «Посвещение» , 1970
3. Влахов С. , Флорин С. Не переводимое в переводе, - М.Просвещение, 1970Егемен Қазақстан «Аудармашылар мәртебесі» 28 қараша 2007ж.
4. Коммисаров В.Н. «Слово о переводе», М. Международное отношение, 1973, стр 185
5. Комисаров В.Н. «Лингвистика перевода» - М. , 1980. Комисаров В.Н. «Лингвистически основы научно – технического перевода» - М.Просвещение, 1980.
6. Комисаров «теория перевода» , - М.Высшая школа 1990
7. Komissarov V.N.Koralova A.L, A manual of translation from English into Russian – М. , Высшаяшкола 1990.
8. Латышев. Л.К , «Теория перевода», М. «Просвещение», 1988
9. Латышев.Л.К Курс перевода.(эквивалентность перевода и способы ее достижения) – М. , 1981.
10. Миньяр – Белоручев Р.К. «Общая теория перевода» - М. , Посвещения 1980
11. Ревзин И.И. , Рознецвеиг В.Ю. «Основы общего и машинного перевода » - М. , 1964
12. Рецкер Я.И. «Теория перевода и переводческое практика» - М. , 1974

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
ӨЗГЕРТУ
1.1.Аударма процесінің деңгейлері
І БӨЛІМ. АУДАРМА БАРЫСЫНДЫҒЫ СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІН
1.2.Сөз тіркестер мен сөйлемдердің аудармасы
1.3.Аударма кезіндегі эквивалентсіз лексиканың берілуі
ІІ БӨЛІМ. АУДАРМА БАРЫСЫНДАҒЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕРДІ ӨЗГЕРТУ

2.1. Ағылшын тіліндегі бағыныңқы сөйлемдер
2.2. Ағылшын терминологиясы және оның аудармада өзгеруі
ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

КІРІСПЕ

Курстық жұмысымның өзектілігі.Курстық жұмыста ағылшын және қазақ тіл білімдерінің сан-салалы теориялық ұстанымдары бүгінгі күнде аудармаға қатысты зерттеулердің негізгі бағыт-бағдарын анықтауға, маңызды қорытындылар шығаруға мүмкіндік беретіндіктен, бұл тілдердегі материалдарды бір-біріне шебер аударудың жалпы және жеке лингвистика шеңберіндегі өзіндік заңдылықтарын сұрыптау және осы тұрғыдағы жұмыстардың өзге ізденістер қатарында алар орнын нақтылау қажеттігі ғалымдардың алдына тың мәселелер қойып отырғаны даусыз. Осыған орай, ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне берудің түрлі әдіс-тәсілдері де құнды зерттеулердің дүниеге келуін қамтамасыз етер алғышарттар қатарын құрауда.
Ағылшын тіліндегі біріккен сөздер мен олардың қазақ тіліндегі баламаларын тексеру бүгінгі тіл білімінің алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі екендігінде дау жоқ. Себебі еліміз бүгінгі таңда түрлі халықтар арасындағы әдеби-мәдени байланыс пен дамудың дәнекері болып табылатын аудармаға, соның мәселелеріне үлкен мән беруде.
Аударма үдерісін сипаттау барысында ғалымдар аудару тәсілдері, амалдары, әдістері деген сияқты әрқайсысы жеке мағынаға ие ұғымдарды қолданады. Бұл ұғымдарды жіктеп, анықтап алған жөн. Алға қойылған мақсатқа жетудің негізгі қағидалары оның тәсілдері болып табылады, олар шындық өмірдің обьективті заңдарына негізделеді. Тәсіл әлі де іс-әрекет емес, іс-әрекет жүйесі де емес, іс-әрекетті жүзеге асыратын психологиялық операция. Айтылған ойды басқа тілде жеткізу үшін, затты қайтадан басқа тілде атау үшін аударманың бұрыннан бар тәсілдерінің тек біреуін ғана қолданады. Аудару тәсілдері қандай?Аударма теориясында бір тілдік бірліктен екінші тілдік бірлікке ауысудың түрлі жолдары, тәсілдері қарастырылады. Көптеген авторлар кез келген аударманы қайта жасау, немесе тіларалық трансформация ретінде қарастырады. Шын мәнінде, кез келген аударма нәтижесінде ойды жеткізу жоспары өзгереді. Демек, кез келген аударманы трансформация деп те айтуға болады. Бірақ, бұлай айтар болсақ, трансформация терминінің негізгі мағынасына нұқсан келеді, тым кеңейіп кетеді.
Зерттеу жұмысымның мақсаты мен міндеттері.Аударма теориясында қазіргі уақытта интерлинеарлық деген термин қолданылып жүр, түпнұсқамен формалдық-құрылымдық тұрғыдан сәйкес келетін аударманы осылай аталып жүр. Интерлинеарлық аударма трансформациялық аудармаға қарама қарсы қойылады. Осылайша аударма тәсілдері категориясын интерлинеарлық және трансформациялық аударма құрайды.Мәдениетті өркендетуге арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданып, соның бір саласы бойынша қазақ тіліндегі әдеби шығармаларды, басқа да түрлі саладағы мәтіндерді өзге тілдерге аударып, дүниежүзіне таныстыру және жаһанның озық ойлы әдеби, философиялық, ғылыми еңбектерін қазақ тіліне аудару бағытындағы істер жандана түсуде. Осы орайда аударма саласында қаншама көп жұмыстар атқарылып жатса да, әлі де бұл саладағы еңбектерді молайтудың теориялық және практикалық маңыздылығын жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан аудармадағы сөйлем мүшелерін өзгерту мәселесі толығымен жоймаса да, осы бағыттағы ізденістерге белгілі бір үлес болуға мүмкіндігі бар.
Зерттеуде қолданылатын әдістемелер тізімі. Аударма барысындағы ағылшын және қазақ тілдерінде сөйлем мүшелерінің зерттеуі болып табылады. Жалпы мақсатқа сай еңбекте келесі міндеттер қойылады: біріншіден, ағылшын және қазақ тілдерінде сөйлем бойынша көлемі мен құрамын анықтау; екіншіден, ағылшын және қазақ тілдерінде сөйлемнің; лексикалық-семантикалық ерекшеліктерін және грамматикалық сипаттарын белгілеу.
Жұмыс құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытындыдан, қазақ және ағылшын тілдерінде пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
І БӨЛІМ. АУДАРМА БАРЫСЫНДЫҒЫ СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІН ӨЗГЕРТУ
1.1.Аударма процесінің деңгейлері

Өзінің ерте кездегі дамуынан бастап аударма адамзат үшін ең маңызды әлеуметтік қызмет атқарды, әр түрлі тілдік топтарға жататын адамдардың қарым - қатынасы үшін көмектесті. Жазу пайда болғаннан кейін аударма адамдарға өзге мәдениет жетістіктеріне жол ашты. Әдебиет пен мәдениеттердің қарым-қатынасы тек қана аударманың көмегі арқылы шындыққа айналды. Аударма жан-жақты, көп қырлы құбылыс. Көркем шығармаларды аудару, жарнамаларды аудару, шетел фильмдерін аудару-бұлардың барлығы аудармалардың түрлері. Халықаралық конференцияда синхронистің жұмысы-аударма.
Шетелден келген қонақтарға таможняда немесе базарда көмектесу де аударма. Бір тілден екінші тілге өлеңдер, көркем проза, публицистика, әртүрлі ғылыми-техникалық материалдар, дипломатиялық құжаттар, іскерлік қағаздар, саяси қайраткерлердің сөйлеген сөздері мен мақалалары, шешендердің сөздері, газеттегі мәліметтер, сұхбаттар т.б. аударылады. Аударманы жүзеге асыратын аудармашыға оригиналдың мағынасы мен формасын ең жоғары деңгейде бере алуы үшін екі тілді жетік білу аздық етеді. Жақсы аудармашы болу үшін аударманың тарихын, қыр-сырын, тәсілін, заңдылықтарын игеруі қажет.
Аудармашы мамандығының көп ғасырлық тарихы бар. Аударма мен аудармашы мамандығының шығу тарихы өте ертеден басталады. Аударма ешбір күдіксіз адам іс-әрекетінің ең көне түрі. Қасиетті кітаптардың айтуы бойынша Вавилон башнясы туралы аңызда ең әуелі жер бетінде тек бір ғана тіл болғаны айтылады. Бірақ Алла бірінің тілін бірі ұқпасын деп тілдерді әтүрлі жасаған кезден бастап, яғни адамзат тарихында тілдері бір-бірінен өзгеше топтар пайда болысымен, әртүрлі тілді топтар арасында қарым-қатынас жасауға көмектесетін аудармашылар пайда бола бастаған. Соғыстарда, келіссөзер жүргізгенде аудармашылар болған. Жазудың пайда болуына байланысты мұндай ауызша аудармашыларға-тілмаштарға-жазб аша аудармашылар, яғни ресми, діни және іскерлік тұрғыдағы әртүрлі мәтіндерді аударатын аудармашылар қосылды. Қасиетті кітаптардың өздері әртүрлі тілдік варианттарымен көне ескерткіштердің, яғни аударма өнерінің биік шедеврі болып табылады. Ең басынан бастап аударма адамдардың тіларалық қарым-қатынасын мүмкін қылатын ең маңызды әлеуметтік қызмет атқарады. Жазбаша аудармалардың таралуы адамдарға басқа халықтардың мәдени жетістіктеріне кең жол ашты, әдебиет пен мәдениеттің өзара дамуына, мүмкіндік жасады. Бір тілдің өзін толық білу әркімнің қолынан келе бермейді. Ешбір адам кітаптарды барлық тілде оқи алмайды. Тек қана аудармалар ғана барлық адамзатқа Гомер мен Шекспирдің, Омер Хайямның, Толстой мен Достоевскидің басқа жазушылар, ақындар, философтар мен ғалымдардың ғажап шығармаларын жеткізе алады. Ең алғашқы аударма міндетінің теориялық тұжырымдамасы Цицеронның (б.э.д.т.ғ.) еңбектерінде болған кезігуі деп айтуға болады. Ал, орта ғасырда европада барлық білімді адамдар латын тілін қолданды да аудармашы қажет бола қоймады. Одан кейін көпке дейін европалық дипломатика аудармашыларды қажет етпеді, себебі халықаралық қатынаста француз тілі болды.Сонымен орта ғасырда аудармамен көп айналысқан жоқ. Орта ғасырлық аудармашылардың ішінде 9-шы ғасырдағы дарынды ағылшын жазушысы және аудармашысы Элфрикті атап өтуге болады. Ол аудармаға қойылатын негізгі талап-оның анықтығы,түсінуге жеңілділігі-деп санады.
Аударма ісіне қайта өрлеу дәуірінің қайраткерлері үлкен үлес қосты. Қайта өрлеу дәуірінде аударма мәселесі ерекше маңызды болды. Бұл кезеңде аударманың қиындығы көптеген аударылған аудармалардың толық еместігін нақты түсінсе де, сонымен бірге сөзбе-сөз аударуды жақтаушылардың әдеби ... сақтап аударушылардың арасында күрес болды. Қайта өрлеу дәуірінің аяғында, аударма мүмкіндігіне скептикалық көзқарас пайда болды. 16-шы ғасырда Англияда королева Елизаветаның басқаруы кезеңіндегі әдеби шығармаға қызығушылық арытады. Аудару өнері ерекше мәнге ие болды.
Кейінірек 19-шы ғасырда неміс ғалымы Шлейермахер Аударманың әртүрлі әдістері жайында (1813ж) мақаласында аудармашылық түпнұсқаның мазмұны мен формасының үйлесуін қатаң сақталуын талап етті. Ол өзінің айналасына неміс романтиктері: Новалис, Тихо, Моммзен, Шлегель т.б. болды. Тихо Моммзен өзінің Аударма өнері еңбегінде аударманың 3 түрін анықтайды:
1. Оригинал аудармасының мазмұнын дәлме-дәл беретін бірақ оригинал формасынан алшақтайтын шығарма (Валенштейн, Имадат т.б.)
2. Оригиналдың тек формасын сақтап шығарманы ана тілінде өз бетінше өңдеу.
3.Оригиналдың мазмұнында формасын да сақтап аударған шығар-малар.
Ондай шығармалар деп ал Шлегелдің Шекспирдің аударуын санайды. Россияда аудармашылық іс-әрекет Еиев дәуірінде қанат жайды. Кейінгі зерттеулер Көне орыс аудармашылары көркемдік-тілдік деңгейі жоғары болғанын көрсетеді.Орыс теоретиктері мен практиктерінің көпшілігі кез-келген шығарманы орыс тіліне аударудың толық мүмкін екендігін мойындады.
Бұл көзқарастарын олар басты міндеттері сөзбе-сөз аудару мен күресе отырып аудармаға терең шығармашылықпен қараумен үйлестірді. Аудармашы ретінде ол аудармашылық жұмыстың қиыншылықтарын тамаша меңгере білді.Ленин ағылшын, француз, неміс тілдеріндегі еңбектерді аударды. Белгілі кеңес аударма танушысы А.В.Федоров өзінің аударматуралы кітабында Лениннің аудармаларына тән нәрсе: орыс тілінде берілген ойдың дәлдігі, толыққандығы, табиғилығы, түсініктілігі және аударма вариантын таңдаудағы батылдығын атап көрсетеді. Халықаралық коммуникациялық мәселелері әртүрлі кезеңде әртүрлі шешіліп отырды 20 ғаырда және қазір халықаралық қатынас тілі - ағылшын тілі.
Қазіргі таңдағы аудармашы халықаралық мәдениет қарым-қатынасын жасаушы - делдал. Басқа мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас жасау проблемаларын табысты шешу үшін аудармашыға шет тілін білу аздық етеді. Аудармашы өзі аударма жасайтын елдің реалистік білуі тиіс. Коммунальды шаруашылықтың объетілері деген фразаны ағылшын тіліне аудару үшін, біздің реалистің шет тіліндегі аналогін білу керек.
Сөзбе-сөз аударма мағынасыз, түсініксіз болды. Сондықтан тек қана кәсіптік аудармалық дайындық адекватты эквивалентті табуға көмектеседі. Тікелей аналогі жоқ болса, суреттеу аудармасы көмектеседі.
Аударманың теориясы мен практикасын білу кез-келген ситуацияда көмектеседі.Аударманың қоғамдық мәні, және аудармашылық іс-әрекеттің масштабының кеңюі зерттеушілердің назарынан тыс қалмады.
Аударманың көп ғасырлық тарихында аудармашы әрекетін теориялық жағынан түсіндіруге, аударма сапасын бағалау критерийлерін жасау, аударма процесінің барысына және нәтижесіне әсер ететін факторларды анықтауға бірнеше рет талпыныстар жасалынды. Аудармашы өз жұмысында үнемі әртүрлі аударма варианттарын таңдау қиыншылықтарымен кезігіп отырды. Осындай қиындықтарды жеңу туралы өз ойларын түсіндіруге тырысты. Мұндай тұжырымдама аударма принциптері түрінде қалыптасып отырды. Сөйтіп, аударманың бірінші тетретиктері аудармашылардың өздері болды.
Мәселен, тіпті көне дәуірдің аудармашылары аударманың оригиналға жақындық деңгейі туралы мәселені кеңінен талқылаған. Көне аудармаларда оригиналды сөзбе-сөз көшіріп аудару орын алды. Ол кейде аударманы түсінуге қиындық келтірді. Сондықтан кейінірек кейбір аудармашылар аудармашының еркін аударма жасауға құқығын теориялық жағынан негіздеуге тырысты. Кейінірек кейбір аудармашылар аудармашының нормативті теориясын жасауға тырысты. Онда жақсы аударма дегенге жауап беретін бірнеше талаптар айтылды.
Француз гуманисті, ақын, аудармашы Этьени Доле (1509 - 1546) аудармашы аударманың төмендегі 5 негізгі принциптерін басшылыққа алуы тиіс деп санады. Олар:
1.Аударылатын мәтіннің мазмұнын және автордың айтайын деген ойын толықтай түсіну;
2. Аударылатын екі тілді жетік білу;
3. Сөзбе-сөз аударудан бас тарту;
4. Аударма сөйлеудің жалпы қолданылатын формасын қолдану;
5. Сөздерді дұрыс таңдап, дұрыс орналастыру;
1790 жылы ағылшын аудармашысы А. Тайтлер өзінің Аударма принциптері деген жұмысында аудармаға төмендегідей талаптарды ұсынды:
1)аударма оригиналдың идеясын толық беруі тиіс;
2) аударманы берудің стилі мен манерасы оригиналдағыдай болуы керек;3)аударма оригинал сияқты жеңіл оқылуы тиіс.
Мұндай талаптар қазір де мәнін жоғалтқан жоқ.
Сөзбе-сөз аудару мен еркін аударуды жақтаушылардың арасындағы талқылау Ресейде де болды.
Аударманың осы бір-біріне қарсы екі концепсиясы XX ғ.-да боды. Ол кездегі ұсынылған аударма принциптері негізінен аударма практикасына сүйеніп жасалып отырды. Олар аударма әрекетінің мәнін ашатын қандай да бір ғылыми теориясына сүйенген жоқ. Олар аударманың жеке, немесе жеңіл аспектілерін қозғап отырды.

1.2.Сөз тіркестер мен сөйлемдердің аудармасы

Сөз аудармасы ең алдымен орыс тіліндегі мағынасы бойынша сәйкес келетін сөзді табудан басталады. Аударма теориясында, қандай да бір ағылшын сөзіне орыс сөзінің мағынасы бойынша жақын болуы - лексикалық немесе сөздік ұйқастықдеп аталады. Ағылшын және орыс тілінің сөздік құрылымдары бірліктерін салыстыру кезінде, осы тілдердің сөздері арасындағы мағыналық қатынастардың екі негізгі түрлері анықталады. Ағылшын сөзінің мәні, толық орыс сөзінің мәніне сәйкес. Мұндай мәндердің ұйғаруы, барлығында дерлік жағдайларда, мәтінде ағылшын сөзінің қолданылуы аудармада осы орыс сөзі болып беріледі. Мұндай тұрақты тең бағалы сәйкестіктерді біз эквиваленттер деп атаймыз. Мысалға: London, Cypress, twenty, Monday, March - деген ағылшын сөздері орыс тілі эквивалентті сәйкестігінде: Лондон, Кипарис, понедельник, Март болады. Басқа тілдер эквивалентінде ұсынылған терминдер, жалқы есімдер, географиялық атаулар, сан есімдер, апта күндері атаулары мен ай атаулары т. с. с. Эквиваленттік сәйкестіктер тіл-тілде көп емес, себебі бірқатар сөздер - көп мағыналы. Жалпы, көп мағыналы сөздерді жеке мағынасынан ғана қарастырады. Бір ағылшын сөзінің мағынасына, бірнеше орыс сөздерінің ұқсас болуы мүмкін, яғни берілген сөздің орыс тілінде бірнеше аналогтың сәйкестігі болады. Бұл ұқсастықтың түрі - варианттықнемесенұсқалық ұқсастықдеп аталады. Аударма жасағанда, аудармашының ең басты мақсаты - контекстте берілген мәтіндегі сөздерді мағынасына қарай бірнеше лексикалық ұқсастықтардың арасынан бір ғана контекстке сай келетін сөзді тауып аудару. Мысалы: "Anti-war sentiment was high among the delegates". Сөздік бойынша "sentiment" деген сөздің төрт мағынасы берілген: 1) Сана-сезім, қатынас, көңіл-күй, пікір; 2) Сентименттер;3) ой; 4) тост. Берілген төрт нұсқаудың біреуі ғана үйлесімді. Осыған орай, аудармашыға дәл ұйқасатын нұсқаудың бірін таңдауы қажет. Мүмкін ол не қатынас, не көңіл-күй болуы мүмкін, осыған таянып, аудармашы бұл сөйлемді былай аударуы мүмкін: Анти соғыстық көңіл-күй делегаттардың арасында өте жоғары болды. Бірақ, бұл сөйлемнің структурасын өзгертіп, өзгеше де жеткізуге болады: Делегаттар соғысты тұжырымдап, талқылады. Көбіне, сөздікте берілген кейбір лексикалық нұсқаулы ұйқастықтар, аудармашыны қанағаттандырмайды. Яғни, аудармашы олармеен қолдана алмайды, мысалға, стилистикалық себептер үшін. Контекстуалды мағынаны көрсету қиын, өйткені сөздік - тек бағытын ғана айтып береді, ал аудармашы өзі керекті сөзді табуы тиіс.
Сөз тіркесінің аудармасы. Еркін сөз тіркесі аудармасында оның компоненттерінің аудармасы маңызды роль атқарады. Біртұтастық элементтердің аудармасынан құралады, бірақ элементтердің бір-біріне қатынасы ескеріледі. Еркін сөз тіркесінде сөздер маңызды сатыда өздерінің өз мағыналарын сақтап қалады. сондықтан аудармашыға жеке сөз аудармасымен байланысты сұрақтар қатарын шешуіне тура келеді. Атрибутивті сөз тіркестері еркін сөз тіркестерінің көп таралған түрлерінің бірі болып есептеледі. Мысалы: supersonic spending - жоғары дыбысты ракеталар мен ұшақтардың құрастырылуына арналған шығындар. Arab anger - арабтардың (гнев арабов, а не арабский гнев), European peace -- Европадағы өмір (бірақ Европаның өмірі емес) (мир в Европе, а не Европейский мир), anti war Gis - соғысқа қарсы шығатын солдаттар, пацифист-солдаттар (солдаты, выступающие против войны, солдаты-пацифисты (а не антивоенные солдаты).Көп мүшелі атрибутивті топтар. Ағылшын тілінде көп мүшелі атрибутивті топтар өте көп таралған. Бұл - бір ғана анықтауыш сөзі бар бірнеше анықтауыштың параллель байланысу жағдайы емес (мысалы, әдемі шуақты қыстық ауа райы), жеке анықтауыштардың арасында анықталатын зат есіммен байланыстан басқа өзара мағыналық байланыстары болатын көп мүшелі атрибутивті топтар. Мысалы: Douglas Plane Plant Strike Talks Continue.
Көп мүшелі атрибутивті топтың аудармадағы мағынасын түсіну үшін келесі ретті ұстану қажет: Топтың тірек сөзін, яғни анықталатын зат есімді аудару (мұнда: Talks - келіссөздер).Сөз тіркесі мүшелерінің арасындағы мағыналық қатынастарды талдай отырып, оның ішінде қандай мағыналық топтар бар екендігін анықтау. Осындай талдауды сол жақтан оң жаққа қарай, яғни сөз тіркесінің бірінші мүшесінен жүргізген жөн (мұндағы мағыналық топтар: Douglas Plant, Plane Plant, Plant Strike, Strike Talks). Жеке мағыналық топтар арасындағы байланысты анықтап алып, барлық сөз тіркестерін тірек сөз - зат есімнен бастап, ары қарай әр мағыналық топты оң жағынан солға қарай аударамыз. Douglas Plant - Дуглас компаниясының заводы, Plane Plant - авиазавод, Plant Strike - заводтағы көтеріліс, Strike Talks - көтеріліске қатысушылармен келіссөз.
Енді көп мүшелі атрибутивті топты тақырыпшаны аударамыз: Дуглас компаниясының авиазаводы администрациясының көтеріліске қатысушылармен келіссөздері жалғасуда. Әрине, осындай ұзын тақырыпшаны былай қысқартуға болады: Дуглас авиазаводындағы көтеріліс жайындағы келіссөз жалғасуда.Фразеологиялық бірліктер. Бүтіннің мағынасының бөлшектерінің мағынасынан басым болуы фразеологиялық бірліктерге, яғни байланысқан сөз тіркестеріне тән қасиет болып табылады. Сондықтан, аудармашыға фразеологизмді оның бөлшектерінің мағынасына емес, бүтіннің жалпы мағынасына сүйене отырып аударуына тура келеді. Фразеологиялық бірліктер образды және образды емес болып бөлінеді. Образды фразеологиялық бірліктерге мысал ретінде келесі фразеологизмдер бола алады: to make a sacrifice - құрбандық шалу, to have a good sleep - жақсы ұйықтап тұру, to pay attention - назар аудару. Мұндағы аудармашының басты міндеті - аудармада сөздердің орыс тілінде үйлесу нормасын қатал сақтау, себебі ағылшын үйлесімінің әсер етуі жиі буквализмге әкеліп соғады. Образды емес фразеологиялық бірліктердің аудармасы аудармашының жұмысына аса қиындық келтірмейді.
Тұрақты сөз тіркестерін аударған кезде негізгі қиындықтар образды фразеологияны аударғанда туындайды, өйткені олар тілге әсерлілік пен әдемілік енгізеді. Аудармашының міндеті орыс тілінде фразеологизмнің мағынасын ғана беру емес, сонымен қатар оның образдылығы мен экспрессивтілігін де жеткізу. Ағылшын фразеологиясы аудармада кезінде сәйкестіктер табуды қиындататын мағыналық және стилистикалық дифференциялданбағандығымен ерекшеленеді. Фразеологиялық эквивалент дегеніміз фразеология. Эквиваленттер көмегімен аударылатын фразеологиялық бірліктер тобына интернационалды сөздер, яғни көптеген европалық тілдерде болатын және бір бастаудан шығуымен байланысқан фразеологиялық бірліктер.Негізінде бұл сөздер библиялық-мифологиялық немесе әдебиетке бейім қасиетке ие. Мысалы: sword of Damocles - Дамокл қылышы, to cross the Rubicon - Рубиконнан өту, to shed crocodile tears - қолтырауын көз жасын төгу. Осыған ұқсас бірліктердің аудармасы аса қиындық келтірмейді.
Эквиваленттер абсолюттік және қатыстық болып бөлінеді. Тұрақты сөз тіркестерінің абсолюттік эквиваленттері түпнұсқамен барлық жағынан: граматикалық та, лексикалық та, стилистикалық та жағынан сәйкес келеді. Мысалы: to cast a glance - көзқырынсалу, the bitter truth - ащышындық, to play with fire - отпен ойнау.
Тұрақты сөз тіркестерінің қатыстық эквиваленттері түпнұсқамен мағынасы мен стилистикалық жағынан сәйкес келгенімен, оның тұпнұсқадан айырмашылықтары да болады. Бұл айырмашылықтар граматикалық (айырмашылығы жақта, сөз тәртібінде) немесе лексикалық болуы мүмкін. Мысалы: gross widow - қамыс жесір, to kill the goose, that lays the golden eggs - алтын жұмыртқа табатын тауықты өлтіру, a bird may be known by its soar - құсты ұшуына қарап біледі, to play info smb's hands - біреудің қолында ойнау, to fish in troubled wafers - лай суда балық аулау. Ағылшын және орыс тілдеріндегі мағынасы мен образдылық жағынан сәйкес келетін образды фразеологиялық бірліктердің саны анағұрлым аз. Оған қарағанда аудармашыға мағынасы ағылшын фразеологизміне аналогиялы болып келетін, бірақ басқаша негізделген орыс фразеологизмдерін жиі қолдануға тура кеелді. Мысалы: to work one's fingers to the bone - демалмайжұмысістеу, to hit the bird in the eye - дөп (тап) басу, on foot's horse, to catch somebody red-handed - біреудіәшкерелеу. Осындайорысфразеологизмдеріағылшынф разеологизмдерініңаналогтарыболыпта былады. Мысалы, to go to a better world ағылшынфразеологизмінеорыстілінде: одүниегекету, бұлдүниеменқоштасу, одүниегеаттану, ата-бабасынааттанусияқтысинонимдерс әйкескеледі. Аудармашыконтекстіңерекшеліктерінес кереотырып, аналогтардыңбіреуінтаңдайды. Спецификалықұлттықфразеологизмдерді ңаудармасыжөніндегісұраққажекетоқта луқажет. Мұндайобраздыбірліктердіаударғанкез деаудармашынегізгіүшереженіқолдануы қажет:
1. Дәлме-дәл аударманы егер де оқырманға фразеологизмнің құрамындағы ағылшын жағдайы жақсы таныс болса ғана қолдану. Мысалы: to carry coals to Newcastle ағылшын фразеологизмін: Ньюкаслге көмір тасу деп аударуымызға болады. Себебі, Ньюкасл - Англиядағы көмір өнеркәсібінің орталығы екендігін барлығы біледі. Ал егер екінші жағынан алып қарасақ, to grin like a Cheshire фразеологизмін дәлме-дәл Чеширлік мысық секілді жымию деп аударуға болмайды, себебі бұл орыс оқырманына түсініксіз болады. Дұрыс аудармасы: зуі құлағына жеткенше жымию болады. Тo dine with Duke Humphrey фразеологизмін дәлме-дәл: герцог Хэмфримен түстену деп аудару да дұрыс емес, дұрысы: түскі ассыз қалу болады.
2. Ұлттық бояуы жоқ ағылшын фразеологизмдерін орыс тілінде ұлттық бояулы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма кезіндегі сөйлем құрылымын түгелдей өзгерту
Аудармадағы грамматикалық сәйкестік
Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғанда лексикалық және грамматикалық трансформацияның түрлерін талдау
Мектепте шет тілін грамматикалық-аудармалық әдіс бойынша оқыту
Ағылшын тілінен қазақ тіліне эпитеттерді аудару ерекшеліктері
Аударманың конвенциалды нормалары
АУДАРМА ІСІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚИЫНШЫЛЫҒЫ
Аударманың грамматикалық ерекшеліктері
Аударма түрлері және лексикалық аударма ерекшеліктері
Лексикалық трансформацияларды аударудың ерекшеліктері
Пәндер