Ағылшын тілінің публицистикалық және баспасөз тілі


Мазмұны
Жоспар3
Кіріспе . . . 4
Ауызекі сөйлеу стилінің лингвистикалық белгілері6
Ауызекі сөйлеу стилінің жалпы сипаттамасы6
Ауызекі сөйлеу стилінің лексикасы мен фразеологиясы10
Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері11
Ағылшын тілінің публицистикалық және баспасөз тілі14
Ағылшын тілінің публицистикалық тіл көрінісі . . . 14
Публицистикалық тіл ерекшелігі19
Ағылшын публицистикасының мәнері. . 23
Практикалық бөлім . . . 26
Қорытынды. . 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі30
Кіріспе
Тілдік нормадан тысқары құбылыстар, ауытқулар ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері болып саналады. Сондықтан, «әдеби тіл», «әдеби емес тіл» дегенді халық тілінің нормалану нысаналарына қарап айтамыз. Тіл материалдарын сұрыптап бүкіл халыққа тегіс түсінікті, әрі ұтымды, дәл, анық ету арқылы ғана тілдің икемділігін арттыруға болады. Тілдік норма жазуда ғана емес, сөз қолдануда да, сөздің айтылуынан да, грамматикалық тұлғаларды пайдалануда да, сөйлем құруда да, қысқасы, тілдің өң бойында болуға тиіс. Тілдің нормалануы үздіксіз жүріп отырады. Бірақ ол процесті жеделдететін кез - әдеби тілдің еркін, жан-жақты даму жолына түскен кезі. Әдеби тіл - белгілі жүйеге түскен тіл болып табылады.
Тілдің таңдамалы, қолайлы, ой-пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйелерін әдеби тілдің нормасы дейміз. Сөздің айтылуын, жазылуын, жұмсалуын, тілдің грамматикалық құрылысын мүмкін болғанша бір қалыпқа түсірудің, тұрақты етудің мәні зор. Сонда тілде дәлділік, айқындылық күшті болады, тілдің икемділік қасиеті артады.
Ағылшын тілінің функционалды стильдерінің бір-бірінен өзгешелік белгілері осы уақытқа дейін айтылып келеді. Осы басты белгілер отандық тіл ғылымы мен ағылшын тіл ғылымының ортақ танымдық деңгейінің көрінісінің нәтижесінде қаралып келеді. Ол тек стилистика ғылымына ғана қатысты емес, тіл ғылымының басқа салаларына да қатысты деп айтуға болады. Бұның басты себептері - тілдегі функционалды стильдердің анықтамасы, зерттеу бағыттары, түрлері, стильдердің табиғаты, лингвистикалық тілдік кұрылымның болмысы, ортақ, бірдей немесе ұқсас қызметінің әмбебаптық сипаты, т. б.
Адамзат болмысының қоғамдық өмірде санасы, қабілеті, талғам-өрісі кеңейген кезде, ғылымның ғажайыптары игеріліп, жаңа техника мен компьютерлік жүйенің дұрыс немесе кері ықпалы жетілген тұсында стильдердің әр саласының атқаратын қызметі күннен күнге күрделеніп отыр.
Ағылшын тіл ғылымында функционалды стильдерді былайша топтастырып жүр: 1) ауыз -екі сөйлеу стилі; 2) ғылыми стиль; 3) ресми стиль; 4) публицистикалық стиль; 5) көркем әдебиет стилі.Бүгінгі таңда стилистика ғылымының негізгі теориялық әрі практикалық мәні артып, функционалды стильдерінің қоғамдық қызметі артқаны белгілі, сондықтан тілдің стильдік табиғатты жан-жақты тану, тереңнен зерттеу талабын міндетке алып отыр. Стиль туралы М. Серғалиев 4 түрлі қасиетін былай түйіндейді:
1) Әдеби тілдің бір түрі; демек сол тілде сөйлейтін баршаға түсінікті сөздер мен конструкциялар;
2) Стиль - тарихи категория;
3) Стиль- қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады;
4) Тілдік кұралдардың қалай болса тіркескен тобы емес, шартты тұйықталған тобы.
Бұл тұжырым стиль жөнінде айтылған "белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолдану принциптері" деген анықтамалардың кеңейген, қазіргі стиль мәселесіне терең үңіліп, әртүрлі қасиетін танудан туған деп айтуға болады.
Стилистиканың зерттейтін саласы - стиль. Біріншіден, стиль - тарихи категория. Тарихы көне дәуірден бастау алған, өз қоғамына қызмет етіп отырған мемлекеттік мәртебесін алған тілдің тарихын тану, функционалды стильдердің әр дәуірде біреуінің ерте, біреуінің кеш даму сатысын бастан кешіргенін жүйелеу стильдің тарихи категория екенін толық дәлелдейді. Екіншіден, стиль әдеби тілдің бір түрі болғандықтан, ағылшын әдеби тілінің даму сатысымен қатарласа сөз болып жүр. Әдеби тілдің басты белгісі нормаланған, сұрыпталған тіл болу шартын көрсетсе ол стильдің негізгі ұстанымы болып табылады. Ауызша және жазбаша әдеби тілдің ортақ тілдік белгілерінің нәтижесінен де стильдің салалары бөлініп шықты. Үшіншіден, стиль қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады, стильдерді жіктегенде осы қызметі толық анықталуы қажет. Мысалы: публицистикалық стильдің, ғылыми стильдің де, көркем әдебиет стилінің де қоғамдық қызметі белгілі ортада өз мақсатына жетті. Бұл функционалды стильдің экстралингвистикалық факторларға да байланыстылығына әкеледі. Лингвистикалық стилистика негізінен таза стилистиканың ерекшеліктерді сөз етумен қатар, басқа факторлар да қажетті екендігіне әлеумет назарына ілікті. Ол кез келген стильдің қоғамдық қызметі, қолдану аясы, қоғамға кызмет ету құзіреті, т. б. Екіншіден, ол қолдану ортаға қоғамдық сапасының толық орнығуына әсер етті, адам санасының түрлі информациялық хабарға қанығуына жол ашты, үшіншіден, тілімізге енген көптеген сөздердің пайда болуы, іске асуы әдеби тілдің қатарынан орын алып халықтық қолданысқа жарауға болатын сөздер бұқаралық ақпарат кұралдары арқылы тарайды. Төртіншіден, стиль тілдік кұралдардың қалай болса, солай тіркескен тобы емес, шартты түрде тұйықталған тобы деген анықтамасының бір тармағына басқаша қарауға тура келеді. Белгілі ғалым Р. Сыздықова "Тілдік нормадағы функционалды стильдерге қарай ажыратып тануда олардың бір стиль шеңберінде тұйықталатын сипаты жоғын білу керек. Нормалардың бір функционалды стильдің ішінде ғана емес, азды-көпті стиль аралық "ауыспалы-тіркестер" жүріп жатады" дейді. Мысалы публицистикалық стильде ғылыми стильдің ерекшеліктері, көркем әдебиеттің элементтері кездесіп отыратыны белгілі стильдердің басты қағидаларының бірі екені оның сол стильге тән лингвистикалық белгілерінің толық қамтитын бөлігіне байланысты да тану мүмкіндігін көрсетеді.
І Ауызекі сөйлеу стилінің лингвистикалық белгілері
1. 1 Ауызекі сөйлеу стилінің жалпы сипаттамасы
Функционалдық стильдердің ішінде ерекше тілдік жүйеге құрылған ауызекі сөйлеу стилі ағылшын тілінің жіктелуінде айырықша орын алады.
Тұрмыстық қарым-қатынаста ауызекі сөйлеу тілі қолданылады. Оның өзіне тән фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік еркшеліктері бар. Ол тұрмыстың күнделікті қарым-қатынас тілі болса да, функционалдық стильдердің негізгі жүйесін құрайды. Ауызекі сөйлеу стилінің өзіне тән ерекшелігі алдын ала дайындықты қажет етпейтіндіктен, еркін қолданысқа түседі, сондықтан ауызекі сөйлеу тілімен тығыз байланысты жұмсалады.
Ауызекі сөйлеу стилін Е. А. Заемская және т. б зерттеушілердің бірқатары ауызекі сөйлеу стилі ерекше тіл деп санайды. Ал басқа ғалымдар тобы, мысалы, О. А. Лаптева ауызекі сөйлеу стилінің жалпы ерекшеліктері функционалдық стильдердің ауызша түрінің бәрінде ұшырасатындығын айтады.
Р. Сыздықова ауызекі әдеби тіл, ауызша әдеби тіл деп екіге бөледі. Ауызекі әдеби тілге қазіргі функционалдық стильдердің ресми, ғылыми, публицистикалық стильдердің ауызша формасын жатқызуға болады. Олай болса, әдеби тілдің жазбаша түрі шыққанға дейін дамыған түрі бүгінгі ауызекі сөйлеу стилінің негізі болып табылады.
Ауызекі сөйлеу стилінде сөйлеу объектісі - адресант және қабылдаушы, адресат. Адресат пен адресант прагматикалық факторға жатады, ерекше стиль түзуші тәсіл болғандықтан прагматикалық орталық категориясына кіреді. Ауызекі сөйлеу стилінде адресант стилистикалық мүмкіндіктерді адресатқа ықпал етіп жеткізу үшін жаңа білім қорын игеру қажет, ол стильдік фон деп аталады.
Ауызекі сөйлеу стилінде прагматикалық фактордың қатарына жататын тыңдаушыға айырықша көңіл аударуды қажет етеді. Мысалы, айтушы too hot - ыстық десе, тыңдаушы do you want to drink - шөлдедің бе деп, айтушының айтқысы келген сөзін айтып бере алады. Ауызекі сөйлеу стиліндегі прагматикалық фактор деректі ситуацияны білдірмейді, бірақ комуникативтік актінің маңызды бөлігі болып саналатын тілдік емес ситацияны өзара әрекеттестік үстінде толық есепке алып отырады. Олай болса, ауызекі сөйлеу стилі ерекше стиль түріне жатады.
Ауызекі сөйлеу силінде стилистикалық бейнелі лексика жиі қолданысқа түседі. Бейнелі лексика номинативті мағынасынан коннотативті мағынаға ауысуы тек қана эмоционалды-экспрессивтік тудыру соған қажетті тілдік бірлік ретінде алынбайды, эктролингвистикалық факторлармен қоса стиль жасайтын мәнерлі форма тудыратын қызметіне, тәсіліне де байланысты болып келеді.
Қарым-қатынас ортасы, оның тақырыптық өзегі, жанрлары, сөйлеудің мазмұны мен мақсаты, сөйлеуші мен қабылдаушының өзара қарым-қатынасы, сөйлеушінің құбылыс пен затқа көзқарасы, пікірі т. б. тілдік қатынасына да байланысты.
Ауызекі сөйлеу стилі негізгі тілдің қызметімен қарым-қатынас функциясын атқарады, тікелей хабар берудің айырықша формасын құрайды. Ауызекі сөйлеу тілінің тілдік белгілері оның қызметінің ерекше шартын анықтайды. Олардың бастылары мыналар:
- бейресмилік;
- сөйлеу еркінділігі;
- сөйлеу қарым-қатынасының экспрессивтілігі;
- тілдік тәсілдерді сұрыптаудың қажетсіздігі;
- сөйлеудің автоматтығы;
- сөйлеудің мазмұны: диалогтық форма мен қарапайымдылық.
Ауызекі сөйлеу стиліне ерекше ықпал ететін ралды ситуация, сөйлеудің заттық психологиялық жағдайы. Ситуация сөйлеудің шегін қысқартып отырады. Сөйлемнің кейбір компоненттері қатыса алмайды, бірақ сөйлеушілердің коммуникативтік жағдай ондағы сөйлеу фразасын дұрыс қабылдауға еш кедергі жасамайды. Мысалы, two tickets to Astana - Астанаға екі билет, two places at one - бір адамға екі орын, single - бір кісілік т. б. (ауызекі сөйлеу тілінің материалдарынан) .
Ауызекі сөйлеу стилінің күнделікті қарым-қатынасында сөйлеу сипатының экспрессивтілігі тікелей ассоциативтік деректі ойлау қабілетінен туындайды, сондықтан ауызекі сөйлеу стилі стилистикалық коннотацияның ерекше формасын беріп отырады.
Ауызекі сөйлеу стиліне тән стильдік белгілер оның композициялық жанрының түрлерімен қатар стилистикалық мүмкіндіктері мына мәселелерге тікелей қатысты болып келеді: сөйлеудің еркінділігі, бейресмилік, сенімділік, дауыс тоны оның астарындағы ашық және жасырын прагматикалық бағдар кітаби стильге қарағанда, стилистикалық мүмкіндіктердің ерекше тобын құрайды.
Ауызекі сөйлеу стилінде ерекше реңк атқаратын сөйлеудің дыбыстық жағы. Ауызекі сөйлеу стилінде фониканың рөлі ерекше болады: дағды әрекеті, орфоэпиялық норманы бұзу, керісінше орфоэпиялық норманы сақтау, орфоэпиялық норманы безендіру немесе әсем дыбыстау т. б.
Ауызекі сөйлеу стилінің лексикасы эмоционалды-экспрессивті сөздердің қатарын құрайтындығы М. Серғалиев еңбектерінде қарастырылып жүр. Оккозионал сөздер, фамильярлық еркелету, ирониялық сөздер т. б. жиі ұшырасады. Ауызекі сөйлеу стилінде хабарлаудағы ең маңызды сөз бірінші орынға қойылып айтылады: I bought a computer, need money, money is the worst and the worst keep silent - Компьютер алдым, ақша керек, ақша ең бәлесі ақша болып тұр, ең сұмдығын айтпайын , немесе You are perfectly played on guitar - Сіз гитарамен тамаша ойнадыңыз деген сөйлем ғажап, өте тамаша деген формада беріледі.
Ауызекі сөйлеу стилінде тілдік тәсілдерді үнемдеу заңы үстемдік етеді. Сондықтан сөз-сөйлем ретінде қолданылады: O`kay - жарайды, good - жақсы, of course - әрине, maybe - мүмкін, agree - келіс т. б.
Ауызекі сөйлеу стилі функционалдық стильдердің ішінде өзіне тән фонетика, лексика, грамматикасы бар күрделі әрі әмбебеп стиль түрі болып саналады.
Ауызекі сөйлеу стилі лексикасында сөйлеушілердің ең басты көп қолданатыны - эмоционалды-эксперссивті лексика. Б. Қалиев: “Күнделікті ауызекі тілде, көркем әдебиет тілінде де сөйлеу тіліне тән сөздер мен қарапайым сөздер тобы жиі ұшырасады. Олар тілде экспрессивтік стильдік қызмет атқарады”- дейді.
Ауызекі сөйлеу стилінде сөздік қордың барлық саласы түгел қатысады, фразеологизмдер де, метафора да ұшырасады. Мысалы: I make sense - бұл жақсы идея (ауызекі тілден жиналған материалдардан) .
Р. Сыздық ауызша функционалды стиль деп әдеби тілдің құзырындағы құбылыс, яғни ол әдеби тілдің ауызша жұмсау түрі, айталық, көпшілік алдында ауызша ұсынылатын сөздерді айтады. Осы пікірлерді жинақтай келіп, ауызекі сөйлеу стилі басқа стильдердің ауызша түрінің де стильдік қызметіне ортақ деп тануға болады.
Ауызекі сөйлеу стилінде сөздердің қолдану ерекшелігі жағымды, жағымсыз эмоцияға тікелей қатысты. Сөйлеуші әр уақытта өзі баяндаған құбылыс пен затқа өзінің әр түрлі көзқарасын, ниет-пиғылын, ойын, көңіл-күй сезімдерін айтатындықтан қарама-қарсы көңіл күй сөздері қолданылып, олардың қолдану үлес салмағы молынан ұшырасып отырады.
Ауызекі сөйлеу стилінің әдеби тіл формасына қайшы келетін тұстары жоқ емес. Мысалы, бір ғана well деген сөзді алайық, бұл сөз көп айтылатындықтан жауыр болған әрі көп адамдар өз ойын толық жеткізе алмаған уақытта жиі қолданылатын сөзі.
Ауызекі сөйлеу стилінде қайталаулар да молынан ұшырасады. Қайталаулар - көркем әдебиет стилінде суреткердің стильдік ерекшелігі ретінде танылатын стилистикалық тәсіл, ауызекі сөйлеу стилінде мәнерлілік қасиеті айтылған ойға паралельдік қатар түзу үшін пайдаланылады.
Now everything has changed, life has changed, times have changed, fashion has changed and people changed - Қазір бәрі өзгерді, өмір өзгерді, заман өзгерді, мода өзгерді, адам да өзгерді немесе time has improved, life was adjusted, everything will work out - заман жақсарды, өмір жақсарды, бәрі де жақсарды деген сөйлемдердегі бірінші қайталау has changed - өзгерді сөзін сөйлеуші бірнеше рет қайталап айтады, сол арқылы көлемді құбылыстың сырын баян етеді, ал екінші сөйлемде has improved, was adjusted сөздері жақсарды , ол бар-жоғы екі-ақ рет қайталанып тұрғанмен, заман мен өмірге ортақ зат-құбылыстың жақсарғанын көрсету үшін қолданылып тұр.
Ауызекі сөйлеу стилінің өзіне тән сөйлеу мәдениеті болады. Сөйлеу мәдениеті деп жалпы сөйлеушінің жалпы адами мәдениеттілік және тіл мәдениетін жетік меңгеруде қол жеткен табыстарын айтуға болады.
Адамның жалпы кісілік мәдениеті, ой-өрісі, эрудициясы, ақыл парасаты, киімі, жан-дүниесімен сөзді, сөйлемді мәдениетті түрде яғни мәдениетті тілмен жеткізуі болып табылады.
Тіл мәдениеті сөз дұрыстығы, сөз дәлдігі, сөзді көркем, әсерлі, әсем етіп жеткізу ұстанымдары, яғни коммуникативтілік қажеттілік пен эстетикалық бағдар ауызекі сөйлеу стилінің прагматикасын қамтиды.
Ауызекі сөйлеу тілінің фонетикалық-интонациялық ерекшеліктері адресат пен адресанттың арасында үлкен коммуникативтік-этикалық қызмет атқаратын эмоционалды-экспрессивті тәсіл болып саналады.
Ауызекі сөйлеу стиліндегі сөйлемдерде дауыс тоны, дауыс күші, дауыс жылдамдығының әр түрлі қызметінің арқасында стильдік ерекшелігі айқындалып тұрады.
Ауызекі сөйлеу стилінде эмоционалды-экспрессивті білдірудің ең көркем амалының бірі -интонация. Зерттеушілер эмоционалды сипаттың ең озық үлгілері (тіпті сөзбен айтып білдіре алмайтын түрлері) интонация арқылы жеткізілетінін айтады.
Ауызекі сөйлеу стилінде дауыс ырғағы, дауыс тонының айтылу мәнерінен бір ғана сөздің өзінің астарында алуан түрлі прагматикалық-стилистикалық мағына жатқанын көруге болады. Бұл ерекшелік ауызекі сөйлеу стилінің еншісіне ғана тиетін қасиет болып саналады. Мысалы: what a beauty - әдемісін-ай - сұлулықты паш ету мағынасында; what a shrewd - өткірін-ай - оның мінезіне сүйсіну үшін айтылады; what a pity - әттеген-ай - өкіну мағынасын білдіреді; what a smile - күлкісін-ай - сүйсінуді білдіреді.
Ауызекі сөйлеу тілінде грамматикалық құрылымдардың экспрессивтілік не стилистикалық қызметі жазба стильдермен салыстығанда елеулі өзгерістері мен өзіндік айрмашылықтары бар.
Ауызекі сөйлеу стилистикалық ерекшеліктері жазба әдеби тіл нормасынан өзгеше стильге құрылады. Мысалы жалғаулық шылаулар сирек қолданылады. Оның орнын интонация немесе басқа грамматикалық тұлғалармен қолдану жиі ұшырасады.
Ауызекі сөйлеу стилі синтаксисінің экспрессивтік және стилистикалық ерекшеліктерінің қызметі сан алуан. Синтаксис саласынан бұл ерекшелік айқын байқалады.
Ауызекі сөйлеу стилінде клише сөздер көп қолданылады. Адамдардың көпшілігі дайын формулалардың, клишелердің, сөйлеу стереотипінің көмегімен сөйлейді және жаза алады.
Клише ауызекі сөйлеу тіліне ғана тән емес, сондай-ақ әскери, ғылыми публицистикалық стильдерге де тән.
Ауызекі сөйлеу стилінде белгілі әлеуметтік топтардың арасында қолданылатын жаргон сөздер сөздер көп қолданылады.
Әскерилердің жаргон сөздері (military slang) : a fish - торпеда, an egg - бомба.
Ауызекі сөйлеу стилінде дөрекі сөздер қарапайым, жергілікті сөздер мен диалект сөздер жиі ұшырасады. Мысалы: Уэссекс диалекті: ye->you, I be… London cockny - East End тұрғындарының диалекті. Фонетикалық варианттармен анықталады (мысалы η айтылмайды) .
Ауызекі сөйлеу стилі қоғамдық ортаның барлық саласында қолданылады. Екі адамның қарым-қатынас әңгімесінде, телеэкранда жүргізушінің сөзі, кейіпкер сөзі, радиода кез келген қоғамдық-әлеуметтік топ өкілі, дүкенде сатушы мен сатып алушы, көлікте жолаушы, сотта айыптаушы мен айыпталушы, қорғаушы мен куәгер, ғылыми ортада ғалым мен студент, ауруханада дәрігер мен науқас осының бәрі ауызекі сөйлеу стилі болып табылады.
1. 2 Ауызекі сөйлеу стилінің лексикасы мен фразеологиясы
Адамдардың күнделікті қарым-қатынаста, қызмет бабында (баяндама, лекцияда, неше алуан сұрақ-жауапта, жарыс сөзде, басқа да ретте) стильдік болуы әр түрлі сөздердің қай-қайсысы да жалпы айтылады. Мысалы қай тілде болмасын ғылыми стильде, ресми-кеңсе стилінде негізінен қолданылмайтын, тіпті көркем әдебиет пен публицистикалық стильдердің өздері де онша көп кездеспейтін, қайта бұларға қарағанда сөйлеу стилінде жиірек айтылатын белгілі бір сөздер тобы болады. Сөйлеу тілі лексикасы міне осындай сөздерді қамтиды. Алайда мынадай жағдай есте болғаны жөн. Сөйлеу стиліне тән бұл сөздер басқа стильдерде қолданылмайды деуге болмайды. Бірақ сөйлеу стиліндегідей дәрежеде емес. Олардың өз алдына сөйлеу тілі лексикасы міне осы жағдайға - қолдану аясына байланысты. Сөйлеу лексикасына функционалдық сөйлеу стиліне тән сөздер жатады. Сөйлеу лексикасының өзіндік ерекшелігі бар. Оған қатысты сөздер:
- адамның күнделікті тікелей қарым-қатынасы кезінде, емін-еркін сұхбат әңгіме үстінде қолданылады;
- алдын ала ойланылып сұрыпталмай, сөйлеу үстінде әңгіменің желісіне қарай туып отырады;
- тақырыптық аясы өте кең, яғни тақырып жағынан шек қойылмайды, қоғам, табиғат, адам өмірінің барлық жағын да қамтуы мүмкін.
Сөйлеу стилінің лексикасы лексика-семантикалық, экспрессивті- стилистикалық сипаты жағынан өз ішінде бірыңғай емес. Сондықтан іштей мынадай топтарға бөлінеді:
- Тұрмыстық-қарапайым лексика;
- Варваризмдер;
- Әдеби-сөйлеу лексикасы.
- Тұрмыстық-қарапайым лексика. Бұған күнделікті өмірде, тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпыхалыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады. Тұрмыстық-қарапайым сөздердің ішінде бір нәрсенің бағасын кеміту, құнын төмендету мақсатында қолданылатын, стилистикалық бояуы бар сөздер, дөрекі, тұрпайы сөздер, қарғыс-алғыс мәнді сөздер көп кездеседі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz