Ағылшын тілінен орыс тіліне мақал-мәтелдерді аударудағы лексикалық мәселелер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І БӨЛІМ. АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ОРЫС ТІЛІНЕ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ АУДАРУДАҒЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР . . . 4

  1. ОРЫС ТІЛІНДЕГІ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ . . . 4
  2. МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ . . . 10
  3. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ АУДАРУДЫҢ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІГІ . . . 16

2 БӨЛІМ. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ОРЫС МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРІНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҰҚСАСТЫҚТАРЫ . . . 25

2. 1 АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ОРЫС МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРІНІҢ ТОПТАСТЫРУ . . . 25

  1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ОРЫС МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРІНІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАРЫ . . . 26

2. 3 ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРДІҢ ҰҚСАСТЫҚТАРЫ . . . 28

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . 32

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Ақпаратты беру кезінде, әдетте, іс-әрекеттің мағынасын, қызметін, немесе процесті. Зерттеу жұмысының объектісі мақал-мәтелдердің ағылшын тілінен орыс тіліне аударылуы. Зерттеу жұмысы аударылу мәселелері болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты - ағылшын мақал-мәтелдерін орыс тіліне аударудағы лексикалық мәселелер.

Курстық жұмыста белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі нұсқаулар:

  1. таңдалған тақырып бойынша әдебиеттерді қарастыру;
  2. мақал-мәтелдерді ағылшын тілінен орыс тіліне аудару жолдарын анықтау;
  3. мақал-мәтелдерді ағылшын тілінен орыс тіліне аудару кезіндегі мәселелерді қарастыру;
  4. таңдалған мысалдардың мағыналарының ерекшеліктерін, ұқсастықтарын талдау.

Берілген мақсаттарды іске асыру мақсатында берілген курстық жұмысты зерттеу. Жұмыстың практикалық маңыздылығы болып курстық жұмыстың зерттеу жұмыстарының нәтижесі табылады.

«Ағылшын тілінен орыс тіліне мақал-мәтелдерді аударудағы лексикалық мәселелер» атты бірінші бөлімде, «Ағылшын және орыс мақал - мәтелдерінің мағыналық ерекшеліктері, ұқсастықтары» атты екінші бөлімде, қорытындыда зерттеу кезіндегі басты нәтижелер тақыланады.

І БӨЛІМ. АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ОРЫС ТІЛІНЕ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ АУДАРУДАҒЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

  1. ОРЫС ТІЛІНДЕГІ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Мақал-мәтелдер - сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Орыс мақал-мәтелдерінің (әрі карай қысқаша- MM түрінде беріледі) зерттелу тарихына шолу жасау барысында оның бес бағытта жүргізіліп келгендігі анықталды:

а) тілішілес, яғни бір тіл аясындағы зерттеулер; ә) туыс тілдерді салыстыра талдауға; б) әртектес тілдер бірліктерін салғастыра қарауға; в) этнолингвистикалық астарын ашуға; г) қолданбалы мақсатқа негізделген зерттеу жұмыстары.

Мақал-мәтелдер - қалай, тура сол ойды әртүрлі сөздермен айтуды үйрену үшін берекелі мәлімет. Монолог және диалог сөйлеуіне үйретуде олар ауыспалы, сондықтан таңдалған тақырып өзекті болып табылады. Мақал-мәтелдер - ауызша халық шығармашылығының кең тараған жанры. Олар адамдарды баяғыдан бері алып жүреді. Тиянақты ұйқас, кәдімгі формасы, қысқалылық сияқты мәнерлі сөздер мақал-мәтелдерді тұрақты, есте сақтаулы, сөйлеуде қажет етеді.

Мақал-мәтелдер - халық шығармашылығының көне жанры. Олар көне заманда пайда болды, және өз пайда болу тарихымен ғасырлар тереңіне кетеді. Олардың көбі жазу шықпай тұрып пайда болды. Сондықтан олардың алғашқы қайнар-көздері туралы мәселе ашық болып саналады. Ағылшын мақал-мәтелдер пайда болуының осындай негізгі қайнар көздері: халықтық, әдебиеттік, библиялы пайда болуы, басқа тілден алынуы және мақал-мәтелдер ретінде Шекспир цитаталарының пайдаланылуы.

Мақалдарды мәтелдерден айыру керек. Мақалдың басты өзгешелігі болып оның бітімі және дидактикалық мазмұны табылады. Мәтел үйрету мінезімен, ақылды қорытындының бітімсіздігімен айырылады.

Мақал-мәтелдер - сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, кеңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Зерттеу барысында, ағылшын тіліндегі ММ-дерді топтастырып, жүйеге келтіріп, баспадан шығару ісіне ғалымдардың баса назар аударғаны және ағылшын мақал-мәтелдерін тек өз аясында зерттеудің, жан-жақты емес, бір қырынан ғана қарастырудың орын алғандығы байқалды. Біздің пайымдауымызша, екі немесе бірнеше тілді салыстыра - салғастыра зерттеу жұмыстарының бірнеше білімін теориялық тұрғыдан толықтыра, жегілдіре түсері даусыз.

Мақал-мәтелдердің шығу төркіні, тілде қалыптасуы деген ережеге келер болсақ, оның күрделілігі де, түпдеректі қалтқысыз жабудың қиындығы да түсінікті.

Қазіргі кезде шетел тілінің қажеттілігі күннен күнге артып келеді. Ол қоғамдық-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы айғақ болып отыр. Бұл айғақ шетел тілдерін оқытудың дәрежесін жоғарлатуда. ЮНЕСКО ХХІ ғасырды полилингвизм ғасыры деп атады. Біздің болашақ ұрпағымыз тек өз ана тілін меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар бірнеше шетел тілін меңгеруі хақ. Ал шетел тілін жан-жақты меңгертуде оқыту-тәрбие процесін қызықты, ыңғайлы және ұтымды қылу үшін, 2 тілдегі (орыс, ағылшын) қолдануды ұсынылады.

Басты мәселелері тоқталатын болсақ: шетел тілді жан-жақты меңгерту, балалардың сөздік қорын байыту және шет тілдегі мақал-мәтелдерді қолдануға дағдыландыру, күнделікті қолданысқа енгізу.

Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзiмен бiрге жасалып, екшелiп, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетiнiң бай саласының бiрi - мақал-мәтелдер.

Мақал-мәтелдер - ұзақ жылдар бойы халықтың іс-тәжірибесінен түйінделген даналық жемісі. Мақал-мәтелдер - әр кезеңде ата-бабадан ұлағатты сөз, парасатты ой ретінде ұрпақтың еншілеген мол қазынасы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінде халықтың өмір сүру барысындағы тәжірибесі, көңілге түйген ақылының кені жатыр.

Тегiнде мақал-мәтелдер қай халықтың да жан-дүниесiнiң, мiнез-бiтiмiнiң, тыныс-тiршiлiгiнiң айнасы; ол сол халықтың сөздiк қорының байлығын танытып қана қоймайды, оның уақыт озған сайын құны артпаса арзымас қазына екенiн де сездiрер белгiсi. Кез-келген халықтың даналығы мен рухы сол халықтың мақал-мәтелдерiнде анық көрiнiс беретiнi ертеден мәлiм. Ал басқа тiлдегi мақал-мәтелдердi бiлiп, түсiну - бұл тiлдi жақсы меңгеруiне көмектесiп қана қоймай, сонымен қатар басқа халықтың ой-бейнесiн және мiнез-құлқын түсiнуiне көп үлес қосады, дәнекер болады. Мақал-мәтел, нақыл сөздер тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры. Оның жұртшылық үшін пайдасы мен рөлі зор. Шетел тiлдi меңгертуде сол тiлдердегi нақыл сөздердi, мақал-мәтелдердi үйретiп, жаттатқызу арқылы оқушының практикалық дағдыларын қалыптастыру әдiсi белгiлi нәтижелердi көрсеттi.

Қай елдiң мақал-мәтелдерiн алмасақ та, барлығының ең басты ерекшелiгi - тәрбиелiк маңыздылығы. Ағылшын және орыс тiлiндегi мақал-мәтелдердi үйрету негiзiнде балаларды тек ағылшын және орыс халқының көп ғасырлық өмiрлiк тәжiрибесiмен, әлеуметтiк, этикалық және эстетикалық көзқарастары мен дүниетанымымен таныстырып қана қоймай, ең бастысы сол нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердiң тәрбиелiк мәнiн түсiндiрiп, сөздiк қорын байытады.

Ағылшын тілінен орыс тiлiне аударуда қиыншылықтар кездесетiнi де сөзсiз. Аударманы жасаған кезде басқа тiлдiң көмегi арқылы белгiлi бiр тiлдегi мазмұнды мүмкiндiгiнше дәл жеткiзу, ағылшын және орыс тiлiндегi мақалды немесе мәтелдi түсiнiп, оны өз туған тiлiнде түсiндiруге және керiсiнше жасау iскерлiгiне ие болу мiндетi қойылады. Екі тiлдегi мақал-мәтелдердегi немесе нақыл сөздердегi мағыналық реңктiң ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ұғыну ағылшын тiлiн үйренуiне елеулi көмек көрсетедi.

Орыс, және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер жан-жақты қарастырылып талданды.

Мәселен:

1. Ағылшын, орыс тілдеріндегі мақал-мәтелдер жеке тақырыптар бойынша сараланады;

а) Адам және оның қасиеті;

ә) Еңбек және кәсіп;

б) Ғылым-білім. т. б.

2. Мақал-мәтелдер мағыналарына қарай сараланады;

а) Мақал-мәтелдердің 2 (орыс, ағылшын) тілде сөздік баламасының әр түрлі мағыналарының бірдей болуы;

ә) Мақал-мәтелдердің 2 (орыс, ағылшын) тілде сөздік баламасының дәл келуі;

Мыcалы:

Знание - сила.

Knowledge is power.

Бұл мәтелде 2 тілдегі сөздік баламасы және де мағынасы дәл келіп тұр. Бұл синонимикалық мәтелдер, яғни аудару барысында тiкелей аудару арқылы аударылған, мағыналары да, сөздерi де бiрдей. Бұндай ұқсас синонимикалық мақал-мәтелдердi шетел тiл меңгеруде қолдану өте қолайлы.

Екінші мысал:

Паршивая овца всё стадо портит.

One drop of poison spoils the whole tun of wine.

Ал бұл мәтелде 2 тілдегі сөздік баламасы әр түрлі, бірақ мағынасы бір.

Сколько стран, столько обычаев.

Every country has its customs.

Наружность обманчива.

Appearences are deceptive - never judge from appearence.

Всяк кулик своё болото хвалит.

Every cook praises his own broth.

Мал золотник, да дорог.

A little body often harbours a great soul.

Делу время, потехе час.

Business before pleasure.

Конец - делу венец.

The end crowns the work.

Любишь кататься, люби и саночки возить.

After dinner comes the reconing.

Капля камень точит.

Little strokes fell great oaks.

Знание - сила.

Knowledge is power.

Век живи - век учись.

Live and learn.

Дурак считает себя умным, а умный признаёт глупцом.

The fool does think he is wise,

but the wise man knows himself to be a fool.

Учись на чужих ошибках.

Learn wisdom by the follies of others.

Здоровье дороже богатства.

Good health is above wealth

Чем ушибся, тем и лечись.

Take a hair of the dog that bit you.

Чистота - залог здоровья.

If each would sweep before his own door,

he should have a clean city.

Здоровье выходит пудами, а входит золотниками.

Agues come on horseback but go away on foot.

Друзья познаются в беде.

A friend in need is friend indeed.

Не имей сто рублей, а имей сто друзей.

A friend in court is better than a penny in purse.

Старый друг лучше новых двух.

Old friends and old wine are best.

Лучше явный враг, чем фальшивый друг.

Better an open enemy than a false friend.

Мақал-мәтелдерге тән көркемдiгi, ырғақты суреттеуi арқылы олар өте тез есте сақталып, ағылшын және неміс тiлiн үйретудiң әр түрлi аспектiлерi мен кез-келген басқа мақсат үшiн иллюстрация ретiнде қолданыла алады.

Бұл бейнелiк нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердi қолдану барысында, оқушылар халық даналығының мағынасына тереңiрек үңiлiп түсiнедi. Мақал-мәтелдердiң мәнерлi формасы оларды тез есте сақтауға мүмкiндiк бередi, бұл ағылшын және орыс тiлiндегi мақал-мәтелдерiнде кездесетiн грамматикалық құрылыстарды өңдеуге көмектеседi.

Мағыналары бiр екі фразаны екі тiлде салыстыру қандай болса да тақырыпта әңгiме жүргiзуге мүмкiндiгiн бередi. Бұл қысқа нақыл сөздердiң терең мағынасы оқушылардың ой өрiсiн кеңейтiп, дамытып қана қоймай, өзiнiң тәрбиелiк маңыздылығымен құнды болып табылады. Мақал мен мәтелдердiң мағыналық кең диапазонына байланысты оларды оқушылар мен студенттермен жұмыс iстеуде ғана емес, сонымен бiрге тiлдi өз бетiмен меңгеруге бел байлаған адамдарға да қолдануға болады.

  1. МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ

Ағылшын тілі мақал-мәтелдерін ғылыми тұрғыдан арнайы, жан-жақты қарастырған зерттеу жұмыстарының бар екендігі мәлім. Мысалы, Л. И. Швыдкояның ғылыми зерттеуінде мақалдар мен афоризмдер "клише" деген атаумен бір топқа біріктіріліп, олардың синонимдік қатары берілген. С. И. Вяльцеваның ағылшын мақал-мәтелдерін стильдік, ал Э. Ахундованың зерттеуі синтаксистік ерекшеліктері тұрғысынан талдауға арналған. Ағылшын тілінің тұрақты тіркестерін зерттеу жұмыстары ғалым А. В. Кунин есімімен тығыз байланысты. Ол өзінің "Курс английского языка", "Курс фразеологии современного английского языка" тәрізді көлемді ғылыми еңбектері мен "Англо-русский фразеологический словарь" сөздігі т. б. арқылы ағылшын тілі табиғатының кейбір өзгеге беймәлім тұстарын айқындап, жалпы тіл ғылымына елеулі үлес қосты және салғастырмалы негіздегі ізденістерге бағыт-бағдар берді. Мақал-мәтелдердің басқа тілдік бірліктермен салыстыра алғанда өзіндік ерекшеліктерін, күрделілігін, мән-мазмұнының терендігін айқын көрсететін тұстардың бірі - аударма жұмысы. Кейбір жалпыхалықтық универсалдық сипатқа ие түрлерін есепке алмағанда, әдетте, мақал-мәтелдер бір тілден екінші тілге тікелей аударылмайды. Бір тілден екінші тілге тәржімелеу барысында мағынасы мен тіркес құрамындағы сыңарлары дәлме-дәл келетін теңбе-тең баламасы (абсолюттік балама) немесе контекстік мағынасы сәйкес эквиваленті қолданылуы мүмкін. Әсіресе, ілеспе аудармада шапшаңдық, жинақылық, нолдік қажет. Осы мақсатка негізделген, практикалық мәні бар жұмыстардың бірі - Т. Баймаханова, Н. Өтешева, Н. Байтөлеевалардың құрастыруымен жарық көрген "Английские пословицы и поговорки и их эквиваленты в русском и казахском языках" атты еңбек. Жұмыста мақал-мәтелдер он мағыналық топқа бөлініп, олардың орыс және казақ тілдеріндегі баламалары берілген. Алайда, ағылшын ММ-дерінің орыс тілінде баламалары бола тұра, тікелей аударылған тұстары да баршылық.

Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, ете көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы "Book of Proverbs in the Old Testament" атты топтама V ғасырда жарық көрген. Кейінгі жинақтар халық игілігіне айналған осы іске етене араласып, зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты. Оның 1500 жылы "Collectanea" (818 MM), 1508 жылы Венецияда "Chiliades" (3260 MM) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары аралығында толықтырылып қайта басылып шықты.

Артына өшпес тарихи із қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд (John Heywood) өзінің алғашқы "A Dialogue Containing the Number in Effect of all the Proverbs in the English Tongue" атты еңбегін 1546 жылы, кейінгілерін 1550, 1555, 1560 жылдары жарыққа шығарды. Сондай-ақ, 1610-1680 жылдар аралығында бірқатар мақал-мәтелдер жинақтары, атап айтқанда, 1612 жылы ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe "Bibliotheca Scholastica Instructissima or, a Treasurie of Ancient Adagies, and Sententious Proverbes", 1639 жылы пастор Дж. Клардың (John Clarke) "Paroemiologia Anglo-Latina", 1640 жылы Дж. Хербергтің "Outlandish Proverbs", 1659 жылы Дж. Хауэльдің "Proverbs", 1670, 1678 жылдары Дж. Рэйдің 'English Proverbs" атты енбектері жарық көрді. Келесі ғасырларда бұрынғы ескі жинақтар толықтырылып, қайта бастырылып отырды. Зерттеу барысында мамандардың көбінесе ағылшын тілі мақал-мәтелдерін жинаққа енгізу үрдісімен шектелгенін көреміз.

Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бір тобы қасиетті кітап інжілге байланысты қалыптасқан. Халық арасына кеңінен таралып, көп оқылғандықтан, інжілдік тізбектердің ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы тәрізді белгілердің негізінде қолдануға даяр тілдік бірлікке айналған. Зерттеу барысында олардың ауқымды бір бөлігінің тұпнұсқадағы қалпын берік сақтағандығы, еш өзгеріссіз қолданылатындығы айқындалды. Мысалы: Үоu саnnоt sегvе Gоt and mаmmоn (сөзбе-сөз аудармасы*: Сен құдай мен мамонаға бірдей қызмет ете алмайсың) ; А soft answer turneth away wrath (с. с. а. : Жұмсақ (жылы) жауап ашуды қайтарады) т. б. Түп-төркіні інжілге барып саятын мақал-мәтелдердің сәл өзгеріске ұшыраған түрлері де кездеседі.

Ақын-жазушы, саясаткерлердің ұғымды, үйлесімді айтылған қысқа, әрі нұсқа, айшықты сөздерінің де ағылшын тілінің сөздік қорын байытуға едәуір үлес қосқаны нақтыланды. Мысалы: Тһе customer is always right і ( (с. с. а. : Әр0ашан тұтынушынікі дұрыс) тіркесінің Еуропадағы ең үлкен сауда орталықтарының бірі "Сэлфриджезді" (Selfridge’s) ашқан Г. Селфриджге тиесілілігі жөнінде деректер бар. Себебі, оның барлық дүкендерінде "Тһе сиstоmег іs аlways гіgһt", яғни "әрқашан тұтынушынікі дұрыс" деген қатаң қағида қалыптасқан. Көпшілік көңілінен шыкқан осы сөз кейіннен халық арасында жиі айтылып, дәстүрлі қолданыска енген. Ағылшын тілінде бұл тәрізді қолдануға даяр, астарлы "авторлы" тіркестердің мол қоры бар.

Сонымен, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бөлігі қасиетті кітап інжілден, ал келесі бір бөлігі дарынды Шекспир сыңды керкемсөз шеберлерінің, халыққа танымал ақын-жазушылардың туындыларынан, сондай-ақ, көрнекті саясаткерлер сөздерінен бастау алғандықтары байқалады.

Ағылшын зерттеушілері аталмыш тіркестің қазіргі заман ағымына сай келіп тұрғанымен, көненің көзі екендігін ескертеді және оның алғашқы қолданысын біздің жыл санауымыз бойынша 320 жылдардағы Теопрастус (Тһеорatrus) жазбаларымен ұштастырады.

Бұл ағылшын мақалы қасиетті кітап Інжілдің " То еvегуthing tһеге іs а sеаsоn, апd а tіmе tо еvегу риrроsе under tһе һеаvеn". (с. с. а. : Аспан астында әр нәрсенің, әр мақсаттың өз мерзімі бар) деген өсиет, өнегелерінен ықтималдық, тұрақты қалыпқа енген.

Зерделей қарасақ, мақал-мәтелдер адам баласының бар өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі салалардың барлығын дерлік қамтиды екен. Солардың қомақты бір бөлігі - еңбек жайлы мақал-мәтелдер. Мұның сыры еңбекгің тіршіліктің негізі, қоғамның, өмірдің қайнар көзі болғандығында болса керек. Көненің көзі іспеттес тұрақты тіркестер тобы келер ұрпаққа еңбек етпегеннің ішіп-жемейтінін түсіндіре келіп, оларды еңбек сүйгіштікке, адал еңбек етуге баулиды, жалқаулық, бойкүйездік, жатып ішер арамтамақтықтан бойды аулақ салуға шақырады,

Ағылшын тілі мақал-мәтелдерінің алтын қорынан ауа-райына, аспан денелеріне, табиғат құбылыстарына қатысты мақал-мәтелдерді жиі кездестіруге болады.

Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А. В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер" деп атап, жеке қарауды ұсынады. Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін мақалдар тобын яғни, "all is well that ends well" (сөзбе-сөз ауд. : сәтті аяқталған істің бәрі жақсы), "Арреаrances аге dесерtіvе" (сөзбе-сөз ауд. : келбет - алдамшы), Better late than nеvег" (сөзбе-сөз ауд. : ештен кеш жақсы) тәрізді, оралымдарды фразеологиядан тыс, "фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар" аясында қарастырды.

Осы жоғарыда аталған тұжырымға қарсы пікірді ұстанушы белгілі ғалымдар - Н. Н. Амосова, А. М. Бабкин, В. П. Жухов, М. Нагиев,

М. А. Филипповская, А. Н. Кожин т. б. Мақал-мәтелдерді фразеология саласынан тыс қарайтын ғалымдардың көпшілігі оларды ауыз әдебиетінің зерттеу нысаны қатарына жатқызады. Ал осы бағыттағы көлемді зерттеулерімен танымал ғалым Н. Н. Амосова "мақал-мәтелдерді фразеология қорына жатқызуға болмайды, олар мазмұны жағынан да, сөйлемде атқаратын қызметі тұрғысынан да фразеологиялық бірліктердің белгілеріне жауап бермейді" деген пікір ұсынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фразеологизмдерді аудару тәсілдері
Тұрақты тіркестерді аударудағы лингвомәдени аспект
Мақал - мәтелдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері
Аударма эквиваленттілігі проблемалары
Фразеологизмдерді аудару мәселелері
Аударма эквиваленттілігінің проблемалары
Метафора түсінігі және ағылшын тіліндегі метафоралар
Ағылшын, орыс, қазақ тілдеріндегі идиомаларды аударудың ерекшеліктері
Көркем әдебиеттердегі фразеологизмдердің ролі және оларды аудару мәселесі
Ғылыми-техникалық мәтінді аудару амалдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz