Ағылшын тілін оқытудағы модульдік оқыту әдісі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1. Ағылшын тілін оқытудағы модульдік оқыту әдісі . . . 5

1. 1. Модульдік оқытудың түсінігі, құрылымы, педагогикалық-психологиялық аспектілері . . . 5

1. 2. Ағылшын тілін оқытуда модульдік технология элементтерін қолдану . . . 9

1. 3. Ағылшын тілін оқытуда ойындар мен шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру . . . 14

1. 4. Ағылшын тілін оқытуда интерактивті тәсілді қолдану . . . 16

2. Шет тілін модульдік технология арқылы оқытудың тәжірибелік жолдары . . . 21

2. 1. Модульдік технологияны пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру . . . 21

2. 2. Ағылшын тілін оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі . . . 27

2. 3. Ағылшын тілін оқытудағы компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйрету . . . 31

3. Тәжірибелік кезең . . . 36

Қорытынды . . . 39

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 41

Кіріспе

Оқу модулі оқу циклі ретінде үш құрлымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқу модулінде, сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Оқу модулінің ерекшелігі- жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөліміне беріледі.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде оқушылар білімін бағалаудың дәстүрлі бес балдық жүйесін емес, тоғыз балдық жүйені қолдану, оқушыға бір деңгей тапсырмаларын, екіншісінен жеңіл, көңіліне қаяу түсірмей өтуге мүмкіндік береді, өйткені әр деңгей ауқымында «өте жақсы», жақсы» немесе «қанағаттанарлық» баға алуға болады. Үшінші «жеңілдетілген» деңгей тапсырмаларын орындау білім деңгейі төмен оқушыларға жоғарырақ деңгей тапсырмаларына көшуге мүмкіндік береді. Тапсырмалырын оқу модулінің орта кезеңдерінде орындап болған оқушылар, қалауы бойынша, мұғалімге көмекші бала алады. Олар кеңесшілер, жүргізушілер т. б. рөлдерді атқара алады.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Педагогика ғылымында модуль барлық жүйенің маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. С. И. Ожоговтың пікірінше модуль дегеніміз- қандай да бір жүйенің, ұйымның аяқталатын, біршама дербес бөлігі.

Модульдік оқыту технологиясының элементтері танымдық ойындар мен шығармашылық жұмыстарды ағылшын тілін практикалық тұрғыдан меңгерткенде оқушылардың білім-білік дағдысын ғана дамытып қоймайды, сондай-ақ жан-жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін технологияның бірі. Ойындар мен шығармашылық жұмыстарды оқушылардың жас ерекшелігіне қарай, өтетін тақырыптың мазмұнын есте сақтап, оны өз бетімен қажетті ситуацияларда, өмірде қолдануды ұйымдастырып өткізуде модульдік оқыту технологиясының элементтері ойын мен шығармашылық жұмыстардың маңызы зор.

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технология құралдарын қолданудың басты мақсаты - оқушыларға ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, ІІ бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.

1. Ағылшын тілін оқытудағы модульдік оқыту әдісі

1. 1. Модульдік оқытудың түсінігі, құрылымы, педагогикалық-психологиялық аспектілері

Модуль дегеніміз - қандайда бір жүйенің, ұйымның нықталатын, біршама дербес бөлігі.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.

Кіріспе бөлімінде тәрбиеші балалармен оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы модулінің барлық уақытында есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде), сызба, кесте және т. б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен -қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр балаға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, тілін дамытады. Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену үш негізгі кезеңне тұрады:

· кіріспе -қызықтырушылық

· опериационалдық-танымдық

· рефлексиялық-бағалау

Психологтар дәлелгендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін балалардың мақсаты түсінуі аса маңызды. Ол үшін мақсат оның мағынасы нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек.

Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруға түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекетін бастаған тиімдірік.

Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.

Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін, психолог Л. В. Шешневтің пікірінше, біріншіден, алғашқы түсінбеушілік сезімі жадыда сақталмауы тиіс; екіншіден жады меңгерілген ұғымдар мен түсініктерді қорғау қапшығына, берік жабылған «орамаға» салып сақтауы және ұсынуы тиіс. Мұндай орамы «қызметін» белгі белгілік жүйе атқарады.

Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс балаларды2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен олардың өзара әрекет етуіненқұрылған. Балалардың танымдық қызметі әрбір баланың әр сабақта үш күрделік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.

Оқытудың ойын түрінде ұйыдастыру және әр түрлі белсенді формаларды қолдану - оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында кейінен - алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданады. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші - операциялық- танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.

Бұл бөлімді қарастыру үшін біз Л. Фридманның төмендегідей ережелеріне негізделген тұжырымдамасына сүйенейік:

1. Бала жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызмет жүйесі ретінде қаралады. Олар баланың қисынды ойлауын, қабілеттерін көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашлық және тағы да басқа дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.

2. Оқытуды басқарудың психологиялық сенімді түрі-ең алдымен баланың қажеттіліктерін, қызығушылығын және жағдай жасау.

3. Басқару икемді болуы тиіс. Балалардың іштей өсуі жүргенде ғана білім дәрежесінің артылуына мүмкіндік болады.

4. Балалар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғалыққабағытталған болуы тиіс.

5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.

Оқумодулінің сөйлесу білімін даярлағанда тәрбиешіоқу материалынның негізгі мазмұның бөліп, құрастырады.

Мұнда балалар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетіні есепке алу керек, бұл бөліктерде қызқаша сыйымды түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі.

Пысықтауды қажет ететін материалды тәрбиешіүш күрделілік деңгейінде дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын тандайтынын әр оқушының өзі шешеді. Бұның бір маңызы- күрделі, ізденушілік, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған балаға, яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.

Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда тәрбиеші балалардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл аударады.

Тәрбиешінің сөйлесу бөлімін дайындаудағы бес әрекет-қадамнан тұратын даярлық құрылмы қалыптасады.

1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негзгі мазмұның белгілеу.

2. Оқу материалын біртұтас, жинақы, «өсу» бағытымен беру.

3. Тақырып бойынша жеңілдететін деңгейдегі және білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау.

4. Осы бөліктің сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету.

5. Балалардың пәнге қызығушылығын және креативтігін дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау.

Қорытынды бөлім. Бұл бөлім тарауды немесе тақырыпты оқытудың тұтас циклін анықтайтын, соңғы бөлімі. Ол балалардың сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі барысында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бақылауға, тексеруге және бағалауға арналған. Осы бөлімде балалар өз қызметін талдайды - яғни, баға алады, бұл сонында әрбаланың танымдық қызметінің жалпы оқу нәтижесін анықтайды. Оқу модулінің қорытынды бөлімі-бақылау.

Қорытынды бөлімінде бақылаудың бірнеше түрі бар. Біріншісі, міндетті - диогностика өткізу. Тәрбиешінің өз тандауы бойынша тапсырмалар, бақылау жұмысы, диктант.

Модульдік оқытудың құрылымы. Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған.

Оның мазмұнына:

1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;

2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

3. Балалардың білім деңгейін алдын ала бағалау:

4. Оқу әрекетінің жиынтығы;

5. Нәтижені бағалау:

Осының арқасынды оқу процессі «модульдік» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блокттардан жасалады. Қайта жаңғыртатын оқу циклі ретінде оқумодулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды:

· Кіріспе бөлім(модульге, тақырыпқа енгізу)

· Сөйлесу бөлімі(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)

· Қорытынды бөлім(бақылау)

Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшілігі- тәрбиешінің даярлық жүйесі. Тәрбиеші бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұның және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрайды.

Модульдік оқыту технологиясы:

-баланың тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;

-танымдық поцестерін дамытуға;

- жағымды қызығушылық қалыптастыруға;

-белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға;

-тұлғаны қиындықтарға даяр болу және білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.

Модульдік оқыту технологиясы - баланың белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, бала өз әрекетін жоспарлай, талдай, өз бақылай білуге үйренеді.

1. 2. Ағылшын тілін оқытуда модульдік технология элементтерін қолдану

Қазіргі қоғамдағы өзгерістер, эконмикалық даму, ашық қоғам, жаһандану үрдісі, оның дамуы білім беруге жаңа талаптар қоюда. Соның ішінде ағылшын тілінен сапалы білім алу мәселесінің мәні артуда. Оны жаңа сапаға көтеру-қоғамдық мәселеге айналуда.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі «Білім беруді дамыту бағдарламасында» бүгінгі білім берудегі басты мақсат тек білім, білік, дағдылар жүйесі ғана емес, осы білімді өмірде қолдана алу, өз бетімен білім алу, өзгерістер заманында тиімді өмір сүріп, жұмыс істеу дағдыларын дамыту» делінген, осы мақсат негізінде сапалы білім беру
міндеті айтылады. Осы ретте білім беру мекемелері жаңа білім сапасына сай мемлекеттік сұраныс пен тапсырысты орындауы талапқа сай жүргізуі тиіс. Ағылшын тілін оқытудағы негізгі талап- Қазақстандық әр оқушыға субъект түрінде қарап, білімді қоғамға сай деңгейде меңгеру. Білім беруді ізгілендіру жеке тұлғаның дамуына мүмкіндіктер туғызуға бағытталған. Бұл ұстаным білім берудің мәдениет қалыптастыру қызметінің жандануына мүмкіндік береді. Осындай түрлендіру тұрғысынан алғанда қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді ескере келе, оқушыларды жеке тұлға ретінде дамыту, тәрбиелеу, бағытын анықтау-мұғалімнен үлкен жүректілікті, біліктілік пен шығармашылық белсенділікті талап етеді.
Мақсаты: Оқу үрдісін жаңа талаптарға сай ұйымдастыру, оқытудың тиімді жолы ретінде модульдік оқыту технологиясын оқу үрдісіне енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру, шығармашылық белсенділіктерін арттыру мәселсін қарастыру, жетілдіру жолдарын анықтау.

Мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер:

- Қажетті әдебиеттерді жинақтап, танысу.

- Модульдік оқыту технологиясымен танысу.

- оқу модульдерінің үлгілерін мемлекеттік іс-тәжірибеде қолданып, нәтижелерімен конференцияда ой бөлісу.

- Модульдік технологияның элементтерін атап айтқанда танымдық ойындар мен шығармашылық жұмыстарды оқыту үрдісіне кіргізу.

ХХ ғасырдың 80 жылдардың басында педагогика ғылымына технология ғылымы саласынан жаңа термин «модуль» термині енгізілді. Осыдан бастап оқу жүйесінде модульдік оқыту технологиясы қолданыс тапты. «Модуль» сөзі ( латын modulus -«өлшем» ) үш түрлі мағына береді:

1) Нақты ғылымда маңызды өлшемге немесе коэффицентке берілетін атау.

2) Математикада модуль логарифм жүйесінде қолданылады, яғни бір жүйедегі логарифмдердің тұрақты көбейтіндісі;

3) өлшем бірлік, Мысалы: құрлыстың тұтастай және оның бөліктерінің өлшемін көрсететін архитиктурадағы құрлыс бөлігіне қажетті өлшем бірлік.

Педагогика ғылымында модуль барлық жүйенің маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. С. И. Ожоговтың пікірінше модуль дегеніміз- қандай да бір жүйенің, ұйымның аяқталатын, біршама дербес бөлігі.
Оқу модулі оқу циклі ретінде үш құрлымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.

Әр оқу модулінде, сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Оқу модулінің ерекшелігі- жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөліміне беріледі.

Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушылары оқу модулінің жалпы құрлымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 мин. ішінде) сызба, кесте және т. б. белгі үлгілеріне сүйене отырып түсіндіреді.

Оқушылардың оқу материалдарын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асады.

Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып және тарау бойынша) «өсу» бағытымен қарапайымнан күрделігі, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру, әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпта 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған.
Оқушының танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделілік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, жазу, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.

Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі белсенді формаларды (топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікір таластар) қолдану-оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашқыда оқу материалын қайта жаңғырту және білік пен дағды қалыптастыру мақсатында кейіннен-алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады.
3-4 сабақтан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі. 1-деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне -интеллектуалдық және креативтік дарында балаларға арналған.
Оқушылар қандай да бір деңгейде тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңмен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде оқушылар білімін бағалаудың дәстүрлі бес балдық жүйесін емес, тоғыз балдық жүйені қолдану, оқушыға бір деңгей тапсырмаларын, екіншісінен жеңіл, көңіліне қаяу түсірмей өтуге мүмкіндік береді, өйткені әр деңгей ауқымында «өте жақсы», жақсы» немесе «қанағаттанарлық» баға алуға болады. Үшінші «жеңілдетілген» деңгей тапсырмаларын орындау білім деңгейі төмен оқушыларға жоғарырақ деңгей тапсырмаларына көшуге мүмкіндік береді. Тапсырмалырын оқу модулінің орта кезеңдерінде орындап болған оқушылар, қалауы бойынша, мұғалімге көмекші бала алады. Олар кеңесшілер, жүргізушілер т. б. рөлдерді атқара алады.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде оқушылардың өзін-өзі оқытуына және өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі оқытуына және бірін-бірі бағалауына құрылған. Бұл әрбір оқушы үшін тек үш деңгейлік тапсырмалар ғана емес, олардың үлгі жауаптарын даярлау арқылы іске асырылады
Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастыру формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеу керек екенін біледі. Өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен (егер де ол оқыта үйретіу ойыны болса) немесе оның құрлысымен және жүру барысымен алдын-ала таныстырады.

Оқу модулінің қорытынды бөлімі-бақылау. Оқушы бұл бөлімде өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалыр, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданылып, оқу модулінің осы қорытынды бөлімінде беріледі. Оқушылардың тақырып және тарау бойынша білімін, білігін, дағдысын бағалауда оқу модулінің қорытынды бөлімінде алған бағалары қойылады. Егер сөйлесу бөлімінде оқушыларға үш деңгейдегі («жеңілдетілген» стандарт, «стандартты», «стандарттан жоғары») тапсырмалар ұсынысы қорытынды бөлімінде барлық оқушыларға бірдей мемлекеттік білім стандартына сай тапсырмалар беріледі.

Модульдік оқыту құрылымы. Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған.

Оның мазмұны:

-оқытудың жалпы мақсатын қою;

-жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

-оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау;

-оқу әркетінің жиынтығы (бұл кезеңде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс) - нәтижені бағалау.

Осының арқасында оқу процесі « модульдік » сипат алып, құрлымы ортық, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады.

Модульдік оқыту технологиясы бойынша оқу процесіндегі әрбір оқу біліктері ауқымында мұғалім қызметі төмендегідей құрылады:

1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.

2. Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы немесе тарау бойынша жасалған үлгімен (модульмен) таныстыру.

3. Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндауы (белгілер жүйесі -сызбалар, сұлбалар, кестелер және т. б. ) негізінде.

4. Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушының қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру.

5. Жалпы тақырыпқа, тарауға («өсу» бағытымен) 4-7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып-үйрену.

6. Тұтас тақырып бойынша тестілеу.

7. Тақырып бойынша қалыпты немесе релелік сынақ (сынақтың ерекше түрі, ол әрбір оқушыға үш күрделілік деңгейлік жүйе бойынша тапсырмалары бар карточкаларды таңдау мүмкіндігін береді) немесе диктант, бақылау жұмысы т. с. с. жүргізу.

1. 3. Ағылшын тілін оқытуда ойындар мен шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру

Ағылшын тілін практикалық тұрғыдан оқытуда модульдік технология элементтерін оның ішінде танымдық ойындар мен шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру маңызы зор. Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру дегеніміз- білімдік мақсатқа жетудің көңілді және белсенді формалары болып табылады. Себебі қиын тапсырмаларды немесе жаттығуларды орындағаннан кейін қолданылатын ойындар оқушылардың бойына сергектік пен білімге деген құмарлығын арттырады, әсіресе ойынды жарыс түрінде емес бірлесе шешіп, ақылдасып орындайық немесе сен қалай ойлайсың т. б. бағыттармен толықтырып өткізсек ойын кезінде мұғалім оқушылардың тілдік қателерін байқатпай тез жоюына болады. Сабақтың ортасында немесе аяғында қолданылатын ойындар балалардың назарын аударып, ұғу қабілеттерін арттырады. Оқушылар әдетте өздеріне ұнаған нәрселерді естерінде ұзақ сақтайтындықтан ойын кезінде алған білімдері терең және көпке дейін жадыларында қалады. Ойын оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттырады, кез келген (жұптық, топтық) ойындарда алған өздерінің қанағаттық сезімдерін қиындықты бірге жеңгендерін тез арада тоқтатпай ары қарай дамытуға, сол сезімдерді сақтап қалуға тырысады.
Ағылшын тілін практикалық тұрғыда меңгеруде лексикалық және фонетикалық ойындар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға болатын төмендегі ойындарды қарастырайық:

Лексикалықойындар:

«Memory game

«Mistakes»

«Dictionary»

«Commands»

«The secret word»

1) Фонетикалық ойындар:

«Bubbles»

«It’s fun»

«Five little squirells»

Лексикалық ойындардаң мақсаты:

-оқушыларды жаңа сөздер және сөзтіркестерімен таныстыр;

-лексиканы өмірге қажетті қолданып айтқызуды машықтандыру;

-сөйлеу қабілетін дамыту;

-тілдік реакцияларды дамыту.

Фонетикалық ойындардың мақсаты:

-шетел тіліндегі (ағылшын) дыбыстардың айтылуын машықтандыру;

-тақпақтармен рифмовкаларды оқушыларға қатты және анық дауыстап оқуға үйрету;

-берілген рифмовкаларды рольдерге бөліп жатқа айтуға дағдыландыру.

Грамматикалық ойындардың мақсаты:

-белгілі грамматикалық қиындықтары бар тілдік үлгілерді қолдануды айтқызып үйрету;

-берілген тілдік үлгілерде күнделікті өмірде қолдануға жағдай жасау;

-оқушылардың ағылшын тілін белсенді және өз еріктерімен қолдануын дамыту.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін оқытудың құрылымы
Ағылшын тілі сабағы. Оқыту әдістері
Шетел тілі сабақтарын тиімді өткізу мақсатында коммуникативтік оқыту технологиясын қолдану
Шет тілін оқытуды жетілдірудің негізгі жолдары
Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі
Шетел тілін оқытудағы тәжірибелер
Ағылшын тілін оқытудағы қазіргі заманғы әдістемесі
Инновациялық технологиялардың қолданылумен жасалған сабақтардың сараптамалары
Ағылшын тілі сабағында қазіргі заманғы оқыту технологиясын қолданудың әдістері
Оқыту технологиясы мен әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz