Ағылшын тілін оқытуда көрнекілік әдістерін қолдану



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Ағылшын тілін оқытуда көрнекілік әдістерін қолдану ... ... ... ... ... ..5
1.1. Ағылшын тілін оқытуда көрнекі құралдарды пайдаланудың түрлері ... 5
1.2. Ағылшын тілін оқытуда көрнекі құралдарды қолданудың теориялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3. Ағылшын тілін оқыту үдерісінде ақпараттық технологияны пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Негізгі бөлім
2. Ағылшын тілін оқытудағы көрнекі құралдардың рөлі ... ... ... ... ... ..21
2.1. Оқушыға арналған көрнекі құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2. Оқытушыға арналған көрнекі құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.3. Ағылшын тілін игеруде көрнекілік принципін қолданудың маңызы...25
2.4. Оқушылардың таным.белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер негізінде көрнекі құралдардың қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
3. Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
Кіріспе

Көрнекілік әдіс – ағылшын тілін оқытудың мақсаттарын, тәсілдерін түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыруды көздейді. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.
Көрнекілік әдісі ағылшын тілін оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.
Ағылшын тілін оқытуда көрнекілік әдісінің шарттары:
• көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
• көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;
• демонстрацияланғанзаттыбарлықоқушылардыңкөруі;
• иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
• құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Азимов Э.Г.,Щукин А.Н. Словарь методических терминов (теория и практика преподвония языко).-СПБ «Златоуст»,1999.- 472 с.
2. Архангельский С.И. Учебный процесс в высшей школе, его закономерности, основы и методы. –М.: Высшая школа, 1980. -365 с.
3. Давыдов В.В. Виды обобщения в обучении. –М.: Просвещение, 1972. -315с.
4. Зимняя И.А. Лингвопсихолгия реечевой деятельности. –М:Московской психолого-социальной инстутут. Воронеж: НПО «МОДЯК»,2001.-432.
5. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы, 2006ж., наурыз.
6. Львов М.Р. Основы теории речи: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. –М. Издательский центр «Академия»,2002 .-248 с.
7. Машбиц Е.И. Психолого – педагогические проблемы компьютеризации обучения. –М.: Педагогика, 1988. -192 с.
8. Степанова О.С. Научно-педагогические основы применения новых информационных технологии в профессиональной подготовке студентов экономических факультетов. Ставрополь, -2000. -160 с.
9. Таубаева Ш.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп. -1999. - №4. – 5-15 б.
10. Титова С.В. Некоторые теоритические проблемы использования компьютерных технологий в образовании. // Вестник МГУ. Сер. 19. лингвистика и межкультурная коммуникация. -2005. -№4. –с.39-54.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Ағылшын тілін оқытуда көрнекілік әдістерін қолдану ... ... ... ... ... ..5
1.1. Ағылшын тілін оқытуда көрнекі құралдарды пайдаланудың түрлері ... 5
1.2. Ағылшын тілін оқытуда көрнекі құралдарды қолданудың теориялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3. Ағылшын тілін оқыту үдерісінде ақпараттық технологияны пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Негізгі бөлім
2. Ағылшын тілін оқытудағы көрнекі құралдардың рөлі ... ... ... ... ... ..21
2.1. Оқушыға арналған көрнекі құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...21
2.2. Оқытушыға арналған көрнекі құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.3. Ағылшын тілін игеруде көрнекілік принципін қолданудың маңызы...25
2.4. Оқушылардың таным-белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер негізінде көрнекі құралдардың қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 28
3. Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39

Кіріспе

Көрнекілік әдіс - ағылшын тілін оқытудың мақсаттарын, тәсілдерін түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыруды көздейді. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.
Көрнекілік әдісі ағылшын тілін оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар - атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.
Ағылшын тілін оқытуда көрнекілік әдісінің шарттары:
:: көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
:: көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;
:: демонстрацияланғанзаттыбарлықоқушыл ардыңкөруі;
:: иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
:: құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;
:: демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;
:: көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды қатыстыру.
Ағылшын тілін оқыту процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі - жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізу міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.

1.Ағылшын тілін оқытуда көрнекілік әдістерін қолдану
1.1. Ағылшын тілін оқытуда көрнекі құралдарды пайдаланудың түрлері

Бүгінгі күнде де ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік ұстанымы мәселелерімен көптеген ғалымдар шұғылдануда. Соның ішінде Ю.И.Бабанский, А.И.Зильберштейн, Э.К.Мингазов, И.Т.Огородников және т.б.
Л.В.Занков көрнекі құралдардын пайдаланудың төрт түрін көрсетеді:
1. Мұғалім сөздің көмегімен көріп отырған нысанды байқау және талдау ісін басқарады, ал нысанның мазмұны туралы білімді, оған тән қасиеттер мен оның ерекшеліктерін оқушылар көріп отырған нысанның өзінен оның мазмұнын байқау және талдау арқылы білетін болады;
2. Мұғалім сөздің көмегімен көріп отырған нысандарды оқушылардың байқауы негізінде және олардың бұрыннан білетіндеріне сүйеніп, құбылыстардың елеулі байланыстарын айыра білуіне көмектеседі;
3. Көрнекі құралдың мазмұнын оқушылар мұғалімнің ауызша түсіндіру арқылы біледі де, ал көрнекі құрал сол айтқандарын айқындай немесе нақтылай түседі;
4. Мұғалім оқушылардың байқағандары бойынша олардың айтқандарын жинақтап, қорытынды жасайды.
Мектепте көрнекіліктің әр қилы түрлері (және тиісінші әр түрлі көрнекі құралдар) пайдаланылады. Көрнекілік принцип ағылшын тілін оқытудың тілін оқуда мұғалімнің әр түрлі көрнекі оқу құралдары мен оқытудың аудио визуалдық (есту көру) техникалық құралдарын кітаптар, карталар, таблицалар және басқа да грамматикалық көмекші кітапша сөздіктер, аппликация, диафильмдер, диапозивтер, кинофрагменттер, киносақиналар дыбыс таспасы, лингофондық практикум (алғашқы және ортаңғы этап) кинофильмдер, таблицалар және т.б. Енді көмекші құралдарына келетін болсақ мұғалім үшін әдістемелік, дидактикалық, педагогикалық әдебиеттерді, журналдарды қоса алуға болады.
Көріп отырғанымыздай, оқыту құралының іс-қағаздары өте кең және де ол ары қарай кеңейуі мүмкін. Оқыту құралының біразына тоқталып өтсек. Мұғалімге арналған кітапта оқу тәрбие үдерісінде берілген компонентердің нақтылы тапсырмалардың шешімі қолданылады.
Мұғалім өзіне берілген сыныпта толық кітаптың мазмұнын қарап шығады. Мүмкіндегінше игеруі қажет. Оқу үдерісін үйымдастырудың негізгі формасы сабақ болып табылатындықтан, оның тақырыбына, мақсатына сабақ құрылымы сай болуы қажет. Сол сияқты баланы оқытуда көрнекіліктерді қолдана отырып, әр оқулыққа арналған teacher's book-тан көруімізге болады. Мысалы: А.Старков, Доксан, 6-сыныпқа арналған оқулығы оқу әдістемелік комплекстің қандай компонентерінен құралғанын қарастырайық:
1. Мұғалімге арналған кітап (teacher's book)
2. Оқушыларға арналған кітап (оқулық)
3. Оқуға арналған кітап (Rader)
4. Оқулықта оқуға, ауызша сөйлесуге үйрететін кейбір текстер мен жаттығулардың таспадағы жазбалар және тақырыптың аудировонияға арналған текстердің таспадағы жазбасы.
5. Құрамында пәндік және тақырыптық картиналар бар оқу көрнекі құралының жинағы.
6. Аппликациялық материалдар
7. Грамматикалық кесте
8. Кинофильмдер
9. Киноүзінділер
10. Диафилмьдер
11. Лингофондық практикум, құрамында
а) Мұғалімге арналған кітаптар
ә) Оқушыларға арналған иллюстративтік материалдар
б) Паузалық жаттығу дыбыс таспасы.
6- сынып ОӘК - нің компоненттері
5- сынып ОӘК - нің құрылысы ұқсас.
Материалды сабақтарға бөлінуіне келсек, ОӘК-нің авторлары талап тілектерді ұстануы және қатесіз, белгілі бір себепсіз бұзбауға талап тілектерді білдіреді. ОӘК-нің құрылған жүйесін бұзбай қарым қатынастар тәсілдерінің жұмыстары оқушылардың оқу материалдарын қабылдауын, қажет етілген іскерлігі мен дағдыларын мұғалім шығармашылық жолмен келе алады. Шығармашылық жолмен берілген талаптардың дұрыс шешімдерін көрсетеді.
Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Тәжірибелік әдістер: жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар.
Жаттығу көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет меңгеріледі. Ол барлық пәндерді оқуда, оқу процесінің түрлі кезеңдерінде қолданылады. Оның сипатыжәне әдістемесі оқу пәнінің ерекшелігіне, нақты оқу материалына, оқушылардың жасына байланысты. Жаттығу сипатына қарай ауызша, жазбаша, графикалық және оқу-еңбек деп бөлінеді.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білу деңгейіне қарай жаттығулар бірнеше түрге бөлінеді:
:: белгілі білімдерді еске түсіріп, оны бекіту мақсатындағы жаттығулар;
:: білімді жаңа жағдайда қолданып жаттығу.
Егер оқушы іс-қимылдарды ауызша айтса, онда оны түсіндіру арқылы жаттығу деп атайды. Мұғалім оқушы іс-әрекетінен қателіктер тауып, оқушылардың іс-әрекетіне түзетулер енгізеді.
Жаттығулардың ерекшеліктері:
Ауызша жаттығулар логикалық ойды, есті, тілді оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі.
Жазбаша жаттығулар білімді бекіту және оны қолдану іскерлігін жасауда қолданылады. Оларды қолдану логикалық ойды дамытуға, жазбаша тіл мәдениетін, өздікті дамытуға көмектеседі. Әрбір оқу пәнінің міндетті бөлігі - ана тілінен шет тіліне аудару, берілген тақырыпқа шығарма жазу, суретпен жұмыс, өз бетімен мысалдар және есептер, кесте құрастыру, диаграмма, баяндама, көрініс әзірлеу. Жаттығуды орындау алдында оқушыларға теориялық материал түсіндіріліп, нұсқау беріледі.
Жазбаша жаттығулар: ана тілі, шет тілі, математика, т.б. пәндерде орындалады.
Бейне әдіс білімді игертіп қана қоймайды, оны бақылауда, бекітуде, қайталауда, қортындылауда, жүйелеуде және барлық дидактикалық қызметті кеңінен атқарады.
Берілген әдіс ақпаратты көрнекілікте қабылдауға негізделген, индуктивті түрде, жеке дедуктивтік жолдармен білімді игеру, оқушылардың түрлі деңгейдегі танымдылық және өздік жұмыс жүргізу белсенділігі, таным процесін басқарудың түрлі тәсілін қолдануды қарастырады.
Мына әдістен гөрі кешенді дидактикалық технологиясы берілген.
Оқыту процесінде әдісті пайдалану, оқушыларға толық оқытылатын құбылыстардың көрнекілік ролін көрсету, сұраныстарын қанағаттандыру, оқушылардың қызығушылығы мен қажетін, мұғалімдердің еңбегін жеңілдету,босаған уақыт білімді бақылайтын және коррекциялайтын, дәптер тексеруді т.б. қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар кері байланыс жұмысын; толық және жүйелі түрде бақылауды ұйымдастыру, үлгерімді объективті есепке алуды ұйымдастырады.
Бейне әдіс дидактикалық және тәрбие міндеттерін шешеді. Бұл әдіс:
-жаңа білім беруде, күрделі бағытталатын өте баяу процестерді (өсімдікті өсіру, сұйық заттың диффузиясы, заттың кристалдануы, тау жыныстарының қыртысын), яғни құбылыстардың мәліметін ашып көрсете алмаудағы жылдам процестерді бақылау;
-күрделі машина мен механизмдердің ықпалын динамикалық принципте түсіндіру;
-түрлі іс- әрекет түрлерін алгоритимде орындалуын оқыту;
-шет тіл сабақтарында арнайы орта құру;
-тарих, этика, қоғамтану, әдебиет сабақтарында өмір мен білім байланысын бекіту, сабақтарда бейне құжатты қолдану; -тест өткізуді ұйымдастыру;
-алдын - ала жұмыстар, жаттығулар, модельдеу, қажетті өлшемді жасау;
-жаттықтыру және зерттеу жұмыстарын өткізуге жағдай туғызу;
-сыныптағы эр оқушының үлгерімін, білім берудің дифференциялық жағын ұйымдастыруды компютерлік есепке алу;
-оқыту процесін рационализациялау, педагогикалық басқару сапасын көтеру жолдарында ғылыми ақпаратты игеру және оны оптималды жеткізу көлемін қамтамасыз етеді.
Берілген әдістің сапасы видео мен техникалық құралдарды қолданумен тікелей байланысты.
Видео оқыту әдісін ұйымдастыруға қатаң талаптар қояды, олар нақтылығымен, қарастырылып таңдалуымен, мақсаттығымен ерекшеленеді.
Мұғалім оқытылатын мәселе төңірегінде оқушыларды кірістіре алудағы біліктілігін, олардың іс-әрекетін бағыттай отырып, жалпы қорытындылар жасап, өзіндік жұмыс процесінде жеке дара көмек көрсету керек.
1.2. Ағылшын тілін оқытуда көрнекі құралдарды қолданудың теориялық ерекшеліктері

Ағылшын тілін үйретудің маңызды қайнар көздері көрнекі құрал болып табылады. Көрнекілік оқушыларға нақты бейнелі түсінік берудің бірден бір шарты. Қазақ совет энцеклопедиясында Көрнекілік оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр сипатын сезім мүшелері арқылы байқауға, қабылдауға баулитын дидактикалық ұстаным деп қаралған.
Көрнекіліктің нәтежесінде қоршаған орта өмір процесін және заттарды қабылдау арқылы оқушылардың түйсігі қалыптасады. Көрнекілік оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін де қолданылады. Осы оқиғада диалектикалық материализм методологиясына негізделген дидактиканың басты қағидаларының бірі болып табылады. Көрнекілікті прогресшіл педагогиканың тәлім теориясына, баланың ойлау табиғатына сәйкес образдық тәсіл есебінде XVII ғасырда Чехтің ұлы педагогі Я.ККоменский енгізді. Одан кейін атақты ғалымдар И.Т Пестолоций, М.Бистерберг және орыс педагогі К.Д.Ушинский және тағы басқа көрнекілікті қолдану тіл материалын енгізу, бекіту, тіл ұстартуда жақсы нәтеже беретіндігіне баса назар аударған.
Көрнекілік бертін келе оқу пәндерінің мазмұнына бейімделіп дидактика мен методикадағы оқытудың негізгі ұстанымдарының бірі ретінде қалыптасты. Көрнекіліктің үлгілерін пайдалануға қазақтың ұлы ағартушы педагог ғалымы Ыбырай Алтынсарин де зор көңіл бөлді.
Қазіргі оқу жүйесінде заттай жанды жансыз табиғат нысандарын байқаудың, сурет, өрнек, көркем туындыларын, графикалық материалдарды пайдаланудың мәні зор.
Қазіргі заманда ғылым, техника, көркем өнер саласында мол дамыған шынайы деректерді басқа да едәуір күрделі бейнелеу мүмкіндіктерін еркін пайдалану үшін түрлі дәрістемелер, арнайы жұмыс орындары ұйымдастырылуда. Оқу үдерісінде кинофильм, проекторлар, оптикалық аспаптар, түрлі механизмдер басқа да көрнекі құралдар қолданылады.
Мұғалімнің жекелігі (өздігі), жеке қасиеттері стилі қызметі, жұмыс істеу қабілеттілігі мінезі әдістемелік мәдениеті, оқу процесін құраудағы білімі, тәжірибесі, істей алу қабілеті;
oo Топтың құрамы мен ерекшелігі, әркімнің жеке және ұжымның толық инициативасы, озат жақсы оқитын, қанағаттанарлық оқушылардың даярлығы, бұл пәннен білімділігі, біле алу қабілеті және не істей алатыны;
oo Шет тілін оқудағы мотивация: жоғары, орташа, төмен;
oo Топтың барлығы дерлік шет тілде сөйлеу тілін тыңдау;
oo Топтағы оқушылардың жалпы жетілу деңгейі, олардың бір нәрсеге деген қызығушылығы мен үйренуге деген құштарлығы;
oo Мектепте орналасқан матреиалды техникалық базалары және мұғалімнің өз басшылығындағы нәрселер.
Шарттары біраз әр түрлілеу мұғалімге арналған кітапта оқу тәрбие процесін ұйымдастыру мен өткізудегі жалпы жақындау көрсетіледі, егер тура болмаса, оқушыларды ағылшын тілін үйренуге күшті мотивация, педагогикалық сезгіштігі, бөлімі яғни өз пәнін жетік білу, жоғары мамандандырылған, оның әртістігі, балаларды сүюі, өз пәніне деген сүйіспеншілігі, оқушыларды берілген жұмыстарға қызықтыруы, тек бір сандылық қана емес айырықша тәсілдерін қолдануы, сабақтағы ауаға дейін әсер етеді. Оқулық материалын және басқа да көмекші құралдары қолдана отырып, мұндай мұғалім әрбір оқушыға жоғары деңгейде шет тілін меңгеруін қамти алады. Оның сабағында оқушылар қызығушылықпен ағылшын тілін үйреніп, бұл пәнді сүйе отырып барлық қиындықтарды әркім өз мүмкіндіктеріне күш жұмсай алады. Мұғалімге автордың ұсынысы керек емес. Оған жалпы бағдар нұсқауды ұстанса болғаны.
Оқу тәрбие процесін ұйымдастыруды ол өзі ойлап табады. Ондай мұғалімдер кемде кем. Егер мұғалімге жоғары дәрежелі көмекші керек болса, онда кітапты қолданады. Әдетте мұндай мұғалім автордың тұжырымдамаларын қабылдамайды, қабылдағысы келмейді немесе онша түсінбейді және оқушыларды өзін бұғанға дейін оқытқанындай немесе өзінің қалай оқыту әдетімен оқыта алу қабілетімен оқытады.
Сонымен қорыта келгенде айтарымыз, көрнекіліктердің ағылшын тілі оқыту құралы ретінде атқаратын қызметі зор. Олар пәнге деген қызығушылықты, белсенділікті арттырып қана қоймай, психологиялық тұрғыдан алғанда оқушыларды енжарлықтан айықтырып, өз бетімен, білім сапасын арттыруға, білім алуға құлшыныс жігерлендіру сезімдерін оятады.
Көрнекі құралдарды ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге оқытуда міндетті түрде есепке алуға жататын жетекші жалпы дидактикалық және әдістемелік қағида ретінде және психология мен таным теориясында қабылданатын нысандардың психикалық бейнелерінің қасиеті ретінде қарастырылады. Бейнелік көрнекілікті бастауыш мектеп оқушыларын ауызекі сөйлеуге оқыту тиімділігін арттыру құралы ретінде негіздеу беріледі. Көрнекілік оқытудың жетекші дидактикалық қағидаларының бірі болып табылады және оқушыларда білім, дағдылар мен икемділіктер қалыптастыру мақсатында, зерттелінетін нысанның немесе іс-әрекеттің бейнесі түрінде көрнекі ұғымдарды жасауды көздейді.
Көрнекілік қағидасы алғаш рет ұлы дидакт және ойшыл Я.А.Коменскиймен айтылды (1592-1670). Оқытуда көрнекілікті қолданудың негізін салушы Я.А.Коменский, ХVII ғасырдың өзінде айқындаушы дидактикалық қағидалар ретінде ізігілік, табиғатпен тектестік және сенсуализм қағидаларын атады. Балаларды оқытуда ол сезімдік әсерленуді таным көзі деп есептей отырып, ...мүмкін болатындардың барлығын сезімдермен қабылдауға ұсынуға шақырды.
Көрнекілік қағидасы ХVIII ғасырдағы белгілі швейцарлық ғалым, бастауыш оқыту теориясының негізін салушы И.Г.Песталоццидің (1746-1827) еңбектерінде айтарлықтай байытылды. Оқытудағы көрнекліктің қажеттілігін жақтай отырып, И.Т.Песталоцци оқушыларда ұғымдарды қалыптастыру үшін олардың қоршаған дүние туралы сезімдік әсерлерін, соңыра жақын және біртектілерді біріктіру мақсатында, бастапқыда нәрселерді ажырату арқылы реттеу қажеттігін меңзеді. ХIХ ғасырдағы атақты орыс педагогы К.Д.Ушинскийдің (1824-1870) педагогикалық жүйесінде көрнекілікті оқытуда қолдану ана тілін оқытумен органикалық түрде байланысты. Көрнекі оқыту туралы идеяны дамыта отырып, К.Д.Ушинский мұғалімнің жетекшілігімен ... баланың түйсігі ұғымға айналсын, ұғымнан ой құралсын, ал ой сөзге айналатындай пән тікелей қабылдануы тиіс деп санады. Басқаша айтқанда, көрнекіліктің басты мақсаты, Ресейдегі ғылыми педагогиканың негізін салушылардың пікірінше, байқампаздықты, қисындылықты нығайту және өз байқауларын сөздермен дұрыс айта білу және олардан қисында тұжырымдар жасауда тұр. Бұдан басқа, К.А.Ушинский көрнекілікті сөз дарынын дамыту үдерісінде балалардың өз бетіншелігін арттырудың ең жақсы құралы ретінде қарастырды. Осылайша, өткен заманның ұлы оқымыстылары оқушылардың (ең алдымен бастауыш мектеп оқушыларының) көрнекілік-сезімдік оқуы баланың психологиялық-физиологиялық әлеуетін барынша жүзеге асыруды ескере отырып, оны кешенді дамытуға мүмкіндік жасайтын тиімді құрал болып табылады деп меңзеді.
Ағылшын тілінде сөйлеуге оқыту проблемасына арналған психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу көрнекілік-сезімдік оқыту біздің кезімізде де өзінің өзектілігін жоғалтпағандығын дәлелдейді.
Ағылшын тіліне оқытудың жалпы психологиясы мен педагогикасы саласындағы көптеген отандық зерттеушілердің күш салуымен ағылшын тілінде сөйлеуге оқытуда көрнекіліктің маңыздылығы айқындалды; көрнекі-сезімдік бейне құру тетігінің психологиялық табиғаты мен тетігі, осы бейненің ұғыммен байланысы, көрнекілік түрлері, оларды қолдану ерекшеліктері мен оқытудың (ағылшын тіліне) түрлі мақсаттары, сатылары мен тәсілдеріне тәуелділігіне қарай өзара байланыстары анықталды Шет тіліне оқыту әдістемесінде көрнекілік деп тілдік және экстралингвистикалық материалды түсіндіруді жеңілдету, игеру және сөйлеу қызметінде қолдану мақсатында арнайы ұйымдастырылған көрсетілім түсініледі. Ағылшын тіліне оқыту кезінде материалды көрнекілікпен ұсынудың құндылығы мына мүмкіндіктермен тұжырымдалады:
- оқушылардың психикалық белсенділігін жұмылдыру;
- тіл сабақтарына қызығушылықты ояту;
- еркін зейінді еркіндіктен кейінгіге ауыстыру;
- еңсерілетін материалдың көлемін кеңейту;
- шаршауды азайту;
- оқушылардың шығармашылық қиялдарын жаттықтыру [3; 228].
Бұдан шығатыны, ағылшын тілінде сөйлеуге оқытуда түрлі көрнекілік құралдарды қолдануда ағылшын тілінің мұғалімі, ең алдымен, баланың сезімін ойлау қызметіне тартуы және оның сезімдік әсерлері ұғымдарға айналуына ықпал етуі тиіс.
Бастауыш мектеп оқушыларын ауызекі сөйлеуге оқытуда ең тиімді көрнекі құралдарды анықтау мақсатында шет тіліне оқыту дидактикасы мен әдістемесінде қабылданған көрнекі құралдар жіктемесін қарастырамыз, бастауыш мектеп оқушыларын ауызкекі сөйлеуге оқытуда көрнекі құралдарды қолдану мақсатының мұғалімнің алдында тұрған міндеттерге тәуелділігін анықтаймыз.
Дидактикада көрнекілік қағидасы түрлі көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқытуда жүзеге асады, оларды шартты түрде екі топқа бөледі:
1.Табиғилар (нысандар, заттар, құбылыстар, үдерістер), олармен оқушылар олар табиғатта және қоршаған ортада қандай түрде болса сол түрінде танысады.
2.Бейнелеу (өнер және техника құралдарымен бейнелеуші заттар мен құбылыстар).
Бейнелеу көрнекі құралдарын бейнелеу тәсілдері бойынша ажыратады және өз кезегінде оларды да екі топқа бөледі, оларға жататындар:
1) бейнелік көрнекі құралдар, заттар мен құбылыстарды шынайы, бейнелі түрде көрсететіндер (модельдер, макеттер, муляждар, фотосуреттер, картиналар, суреттер, иллюстрацяилық кестелер, магнитофон жазбалары, диапозитивтер, бейнефильмдер т.б.).
2) шартты (схемалық) көрнекі құралдар, шартты графикалық таңбаларды, шартты түстерді және символикаларды (карталар, схемалар, диаграммалар т.б.) пайдалану арқылы нәрседегі немесе құбылыстағы тек ең негізгіні белгілі қисынды өңдеумен беретіндер. Шет тіліне оқытуда әдіскерлер тілдік (сөздік-сөйлеу) және тілдік емес (заттық-бейнелеу) көрнекіліктерді бөліп алады. Тілдік көрнекілік деп тілдің өзінің құбылыстарын көрсетуге қатысты қызметті меңзейді, оны қабылдау мен қайта жаңғырту көрнекі-сезімдік сипатта болады. Тілдік емес көрнекілік түрлі оқу картиналарын, кино-бейнефильмдерді, кестелерді және т.с.с. пайдалануды меңзейді. Ауызекі сөйлеуге оқытуда тілдік көрнекілікке бірінші кезекті роль беріледі. И.А.Зимняя көрнекі құралдарды қолдану мақсаттарының оқушыларға тілдік білімді хабарлауда және оларда түрлі сөйлеу дағдылары мен сөйлеу икемділіктерінің өзін қалыптастыруда шет тілі мұғалімінің алдында тұрған міндеттерге тәуелді екендігін анықтайды. Білімді хабарлауда көрнекіліктің екі түрі де мына мақсаттарда қолданылады:
1) семантизация (тілдік бірліктер мен тілдік ережелердің ұғымдық, семантикалық-мағыналық жақтарын ашу);
2) ақиқаттың вербалды және көрнекі-сезімдік бейнесі арасында берік байланыс орнату арқылы есте сақтауды ұйымдастыру.

1.3. Ағылшын тілін оқыту үдерісінде ақпараттық технологияны пайдалану

Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, ағылшын тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте ағылшын тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде.
Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық - коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.
Ақпараттық технология - ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық - технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек, - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан - жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.
Ағылшын тілін оқыту үдерісініңде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану оқушылардың жаңа тілдік материалды меңгеруі кезіндегі оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технология құралдарын ұсынылып отырған материалға жоғары деңгейдегі көрнекілік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді, оқыту үдерісіне алуан түрлі жаттығуларды енгізу мүмкіндігін кеңейтеді, үздіксіз қарым-қатынас барысында оқу үдерісінің жандануын қамтамасыз ете алады, міне осының барлығы оқушылардың оқытылатын материалға жағымды қарым-қатынасының қалыптасуына мүмкіндік береді.
Қоғам дамуындағы ақпараттар кеңістігінің кеңеюі және ақпараттық технологиялардың орасан зор қарқынмен дамуы жеке тұлғаның ерекше ақпараттық мәдениетінің қалыптасуын қажет етіп отыр. Өмір сүру барысында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану үшін төменгі сынып оқушыларынан бастап қалыптасатын жаңаша ойлауды қамтамасыз ету қажеттілігі де бар. Ақпараттық қоғамда өмір сүріп жатқан қазіргі заман оқушысы үшін компьютер оның өмірінің ажырағысыз бөлігіне айналуға тиісті.
Соңғы жылдары ақпараттық технологиялардың шарықтап дамуы және оның оқу үдерісінде қарқынды пайдаланылуы білім беру жүйесіне де бірқатар өзгерістер алып келді. Білім беру жүйесінің ақпараттану жағдайында оқу үдерісінің тиімділігін едәуір жетілдіруге мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технологияларды ағылшын тілін оқытуда пайдалану белсенді және табысты қолданылып жүр. Әсіресе, ол оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаға бағытталған білім беру жүйесін іске асыру жағдайында, олардың лингвистикалық және коммуникативтік біліктіліктерінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.
Шетел тілін оқытуда мультимедиалық, гипермәтіндік, желілік және коммуникациялық ақпараттық технологиялардың пайда болуы үлкен мүмкіндіктерге жол ашты. Мультимедиалық технологиялар мәтіндік құжаттарға, графикалық суреттер, дыбыс және бейне көріністерін пайдалануға мүмкіндік береді. Мұның барлығы өз кезегінде оқыту уәждемелігінің, тілдік құралдарды меңгеру жылдамдығының жоғарылауына мүмкіндік туғызады. Тәжірибе көрсеткендей, мультимедианың ағылшын тілін үйретуде мүмкіндіктері зор. Педагогикалық зерттеулерге сүйенер болсақ, ағылшын тілін оқытуда мультимедиалық бағдарламаларды және ресурстарды пайдалану арқылы мынадай құндылықтарға қол жеткізуге болады:
оқу ақпаратының көпқырлылығы және бір уақытта көру, тыңдау және сөйлеу
мүмкіндігіне ие болған оқушыларға тілді үйренуде табиғи ортаны құру;
әр түрлі тапсырмалар беру арқылы коммуникативтік шеберліктерін (тыңдау,
сөйлеу, оқу және жазу) қалыптастыру мүмкіндіктері;
ақпараттың қолжетімділігі, яғни аз ғана уақыт ішінде бір оқу ақпаратынан
келесісіне өту мүмкіндігінің болуы, себебі бағдарламамен жұмыс жасау барысында оқушылар өткен материалдар және тапсырмаларды еске түсірмеуі мүмкін емес;
берілген тапсырмаға берілетін уақыт және мазмұн кеңістігінің шексіздігі:
оқушылар тапсырма орындау қарқынын таңдап алады, яғни орындау барысында олар кез-келген анықтамалық ақпаратты пайдалануға мысалы, қажетті лексиканы немесе дыбысталудың бағытын дұрыстау секілді әрекеттерге мүмкіндік алу.
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ағылшын тілін коммуникативті оқытудың негізгі қағидаларына мыналар жатады [7]:
сөйлеу әрекеттерінің барлық түрлеріне баса назар аудару;
грамматиканы оқыту кезінде визуалдық құралдарыда пайдалану;
дайын жобаларды емес, оқушылардың өз шығармашылық жобаларын
немесе мәтіндерін пайдалануға назар қою;
бағалаудың дәстүрлі жүйесін жою (дұрысдұрыс емес), жауаптың бірнеше
нұсқалы болу мүмкіндігі;
оқыту үдерісінде шет тілінің көп мөлшерде қолданылуы;
өзара әрекеттестік: оқушы - компьютер, оқушы - оқушы.
Оқыту үдерісінде оқушылардың ойлау іс-әркеттерінің белсенділігін көтеру,
оқытудың әдіс-тәсілдерінің формаларын жаңарту, дағды мен іскерлікті қалыптастыру ақпараттық технологияны пайдалану барысында ерекше назар аударылатын мәселелер болып табылады.
Ағылшын тілін меңгеруде ақпараттық құралдар пайдалану оқытушы мен оқушылардың ізденушілік және шығармашылық қабілеттерінің дамуына, оқушылардың тілдік біліктілігінің, тыңдау дағдыларының, сөйлеудің қалыптасуы мен дамуына, жазу әрекетін жетілдіруге, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан шыңдалуына зор әсерін тигізеді. Мультимедиадағы бейнелер мен графикада ағылшын тілін сазды кескіндемелік анимациялық иллюстрациялар арқылы бере отырып, ағылшын тілін оқытуда үлкен маңызға ие болатындығын аңғаруға болады. Бұл кездегі ұсынылған формалар, көрсету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыға арналған көрнекі құралдар
Ағылшын тілін оқытуда көрнекілік әдісін пайдалану
Көрнекілік әдістерді ағылшын тілін үиренудегі маңызы
Ағылшын тілін орта мектепте оқытудың әдістері
Жоғары сыныпта ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану
Ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер
Шетел тілдеріне оқыту әдістері
Шет тілін оқытудың принциптері
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы»
Әр сыныптағы шет тілін оқытуда оқуға қойылатын талаптар
Пәндер