Төменгі курс студенттердің ағылшын тілінде хат жазу іскерліктерін қалыптастыру әдістемесі


Төменгі курс студенттердің ағылшын тілінде хат жазу іскерліктерін қалыптастыру әдістемесі
Кіріспе
I Тарау. Студенттердің ағылшын тілінде жазу іскерлігін қалыптастырудың теориялық негізі6
1. 1. Жазудың лингвистикалық негізі6
1. 2. Жазудың психологиялық негізі12
I Тарау бойынша қорытынды17
II Тарау. Мәдениетаралық қарым-қатынаста хат жазуға үйрету үрдісінің моделі19
2. 1. Хаттың түрлері - олардың теориялық сипаттамасы19
2. 2. Хат түрлері және оларды жазу үлгісі21
2. 3. Хат жазуға үйретуде қолданылатын жаттығулар жүйесі24
II Тарау бойынша қорытынды30
Қорытынды32
Қолданылған әдебиеттер тізімі35
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі
Әлемдік өркениетке қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық - саяси, экономикалық, мәдени дамуындағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіруде тың ізденістер жасауға мүмкіншілік туғызды.
Қазақстан Республикасы Жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында көрсетілгендей: «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаты - мемлекеттің әлеуметтік және кәсіптік проблемаларын өз бетінше тұжырымдай отырып, іс жүзінде шеше алатын, жоғары білімді әрі бәсекеге түсуге қабілетті шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау болып табылады». (1, 5)
Сондай-ақ мемлекетімізде болып жатқан өзгерістер мен саяси - мәдени араласудың көбеюі, біріккен өнеркәсіптердің пайда болуы, экономикалық қайта құрулар ағылшын тілінің мәртебесін көтеріп, тіл үйренуге деген сұраныс тудырып отыр.
Демек, жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге ағылшын тілін оқытудың сапасын арттыру - қазіргі өзекті мәселе.
Тіл үйренуші студенттердің ағылшын тілінде өз ойын түсінікті айтып жеткізумен бірге, сауатты дұрыс жаза білуге ерекше мән бере бастады. Мұның өзі сөз әрекетінің түрі жазуды игеруге қажет әдістемелік жүйені талап етіп отыр. Сондықтан тілдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге ағылшын тілін оқытудың басты мәселесі - жазу іскерлігі арқылы сауаттылықты меңгерту және сол арқылы тілдік қарым-қатынасқа үйрету.
Жазу арқылы адам баласының сонау көне дәуірден бастап біздің заманымызға дейінгі талай ғасырлар бойына ғылым мен техника, өнер саласында жасаған бүкіл мәдени байлығы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілген. Адам баласы білімді жазу арқылы, жазылғанды оқу арқылы алады. Жазу арқылы студенттердің таными ойлауы артады, жазу жеке тұлға қалыптасуына да әсер етеді.
Жазу - таңбалардың белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болуы арқылы адамдардың бір-бірімен жазбаша қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Жазу арқылы тіл үйренуші сөйлемнің мәніне, мағынасына, формасына көңіл аударып, оны ойымен пайымдауы арқылы өз санасынан өткізіп, қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуы нәтижесінде жазбаша тілдік қатынасты жүзеге асырады.
Жазу әрекеті тілдік қарым-қатынастағы сөз әрекеттің, тілдесудің басты элементтерін үйрету үшін бағытталады. Бір қарағанда мұнда қатысымдық байланыс жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін. Өйткені тіл үйренуші азды - көпті білгенін қағазға түсіреді. Бірақ онда екінші адаммен тікелей тілдесу іске аспайды, демек жазудың қиындығы да осында. Жазу үстінде адам өз ойын тиянақты, жүйелі, басқа біреуге ұғынықты болатындай етіп, екінші адамға ыңғайлап жазады, тілдік қарым-қатынастың жазбаша түріне бейімдеп орындайды. Жазу - жазған адамнан гөрі, жазылғанды оқып, оны тыңдап қабылдайтын оқырманға, яғни басқа, екінші бір бөгде адамға ыңғайлап, соның талап тілегін ескеріп, сол үшін жазылады.
Жазу әрекеті біріншіден, әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болады; үшіншіден, жазу құбылысында сөз әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, жазу қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады. (2, 101)
Сонымен, сөз әрекетінің бір түрі ретінде жазу тіл үйренушіден өз ой пікірін екінші адамға жүйелі түрде қағаз бетіне түсіре алуды, кәсіптеріне қатысты түрлі шығармашылық жұмыстарды (реферат, аннотация, мақала, тезис, конспект, келісім шарт, хат, пікір жазу т. б. ) орындауды, ресми іс- қағаздарды сауатты жаза білуді талап етеді.
Көптеген тәжірибелер оқушылардың жазба жұмыстарында өз ойын тиянақты сауатты жеткізе алмау, көбінесе оқулықтағы пайымдауды қайталау, дайын пікірді пайдалану, тіл мәдениеті жұтаң болу тәрізді кемшіліктердің жиі кездесетінін байқатты. Осы кемшіліктерді болдырмаудың алдын алу жолдарын іздей отырып біз төменгі курс студенттеріне ағылшын тілінде сауатты жазуды үйретуді, алдымен, олардың хат жазу іскерліктерін қалыптастыру әдістемесінен бастауды анықтап зерттеуге бел байладық.
Зерттеу нысаны: Жоғары оқу орнында шет тілін оқыту процесі.
Зерттеу пәні: Жоғары оқу орнының студенттерін ағылшын тілінде хат жазуға үйрету.
Зерттеудің мақсаты: Жазудың анықтамасын, ерекшеліктерін, студенттердің ағылшын тілінде жазу іскерлігін қалыптастырудың теориялық негізін, студенттерді мәдениетаралық қарым-қатынаста хат жазуға үйрету үрдісінің моделін ұсыну және хат түрлерін ажырату, оларды мақсатына қарай жаза алудың тиімді жолдарын көрсету, төменгі курс студенттердің ағылшын тілінде хат жазу іскерліктерін қалыптастыру әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
- жазудың психологиялық, лингвистикалық негіздерін анықтау;
- тілдік қарым-қатынасты қалыптастыруда жазудың өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
- студенттердің жазу іскерлігін қалыптастырудың тиімділігін анықтау;
- хат түрлерін ажыратып, мән - мазмұнын ашып көрсету;
- мәдениетаралық қарым-қатынаста хат жазуға үйрету үрдісінің моделін жасау;
- хат жазу іскерлігін дамытудағы жаттығулар жүйесінің маңыздылығын дәлелдеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер төменгі курс студенттерінің жазу іскерлігін қалыптастыруда жазудың психологиялық, лингвистикалық негіздерін анықтап, хат жазуға арналған жаттығулар жүйесін ұтымды қолданса, жазуға үйретудің жоғары деңгейіне қол жеткізуе болады.
Зерттеудің әдістері: Зерттеу жұмысында анализ, синтез әдебиеттерді талдау, тәжірибелік оқыту қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- мәдениетаралық қарым-қатынаста хат жазуға үйрету үрдісінің моделі ұсынылды;
- төменгі курс студентеріне ағылшын тілінде жазуды хат арқылы үйретудің әдістемесі ұсынылды;
- ғылыми еңбекте хаттардың түрлері жіктеліп, оларды жазудың жолдары көрсетілді;
- студенттерді хат жазуға үйретуге байланысты құрылған жаттығулардың топтамасы жасалынды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Төменгі курс студенттерінің ағылшын тілінде хат жазу іскерліктерін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеудің нәтижелері ағылшын тілін оқытудың әдістемесінің ғылыми-теориялық жағынан дамуына өз үлесін қоса алады. Зерттеу жұмысында ұсынылған жаттығулар жұмысының нәтижелері оқулықтар мен әдістемелік құралдарды ғылыми-теориялық жағынан дамыта отырып, студенттердің ағылшын тілінен білімін, сауаттылығын көтеруге мүмкіндік жасайды.
Зерттеудің практикалық құндылығы:
- ағылшын тілінде хат жазудың үлгісін ұсына отырып, хатты сауатты жазудың құралы жасалынды;
- болашақ мұғалімдерге, іс-тәжірибеден өтүші студенттерге хат жазуға үйретуге байланысты жаттығу жұмыстарын жүргізу әдістемесі берілді;
- зерттеу жұмысындағы нәтижелер ағылшын тілін оқытудың сапасын жақсартуға, дамытуға көмегін тигізеді;
- ғылыми зерттеу жұмысы кейінгі студенттерге дипломдық, курстық жұмыстарды жазуға көмегін тигізеді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I Тарау. Студенттердің ағылшын тілінде жазу іскерлігін қалыптастырудың теориялық негізі
1. 1. Жазудың лингвистикалық негізі.
Адам баласы сөйлеу тіліне келгенде ешбір тіл ережесін оқымай-ақ сөздерді дұрыс байланыстырып жаңа сөздер, сөз тіркесін, сөйлемдерді құрастырады. Бірақ мұның барлығы да ауызша сөйлеу шеңберінде болатын іс-әрекет. Ал жазу әрекетінде ауызшаға қарағанда өзгешелік бар. Өйткені жазуда барлық қателер мен кемшіліктер көрініп тұрады. Жазу әрекетінде тілдің жүйесіне қатысты фонетика, грамматика, лексика, графика, орфография ережелерін міндетті түрде меңгеріп үйренуді қажет етеді. Жазу жұмыстарында фразаларды құрастыруда, сөз таңдауда т. б. формаларды пайдалануда ережелерді, заңдылықтарды білуге тура келеді.
Жазудың лингвистикалық ерекшелігі - ол әріптік таңбадан бастап алфавитке дейінгі тілдің дыбыстық жүйесін, олардың жазылу ережесін, жазбаша сөйлеу үлгілерін қамтиды. (2, 9)
Лингвистика тілдің байлығын, мәнерлілігін танытып, тілдік бөлшектердің құрылысын, маңызын анықтайды. Ендеше, лингвистика жазу әрекетін меңгертуде ең қажетті дағдыларды қалыптастырып, жетілдіреді.
Жазу графикалық таңбалардың мағыналық жүйесі мен тізбегі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Жазу арқылы адам айтайын деген ойын қағазға түсіріп, екінші бір адамға, жалпы адамзатқа жеткізуді мақсат тұтады. Яғни адам баласы ойын басқаға жеткізу үшін жазуды үйренеді. Бұл туралы Г. В. Рогова, Ф. М. Рабинович, Т. Е. Сахарова былай дейді: «Жазу күрделі сөйлеу біліктілігі. Ол графикалық белгілердің көмегімен адамдардың қатынасын қамтамасыз етеді. Бұл әрекеттің продуктивті түрі, адам өзінің сөйлеуін басқаларға жеткізу үшін жазады». (3, 162)
Жазу таңбаларын меңгеру үшін тіл үйренушілерді саналы түрде әліпби әріптерін есте сақтауға, оларды танып білуге жаттықтыру қажет. Сондықтан көркем жазуға (каллиграфия) және тілдік тұлғаларды дұрыс жаза білуге (емле ережесіне сай) үйрету де осы мақсатта жүргізіледі. И. А. Грузинскаяның пікірінше, «жаза білу - бұл, біріншіден, алфавиттегі әріптерді дұрыс жаза білу; екіншіден, дұрыс орфографиялық дағдының болуы, яғни сөздің дыбысталуын әріптік бейнеленумен байланыстыру, пунктуацияның негізгі ережелерін білу және тілді графикалық түрде өздігінен жеткізуде осы екі дағдыны дұрыс қолдану; үшіншіден, өзінің тілдік білімдерін жазбаша білдіру және өз ойларын жазбаша мазмұндау». (4, 157)
Демек, жазу әрекетін меңгерту дегеніміз - адам айтар ойын сөзбен, сөйлеммен түсінікті етіп таңбалар жүйесі арқылы жеткізу. Сөйлеу үшін тіл үйренуші тілдік тұлғалардың бір-бірімен тіркесу, қолданылу тәртібін іс-жүзінде түсініп, өз бетімен қажетіне қарай пайдаланып үйренуі керек. Бұл тілдегі сөздік қор мен грамматиканы меңгеріп, ойда пайда болған ұғымды сөйлемге айналдыруды қажет етеді. Жазуды игеруде тіл үйренуші тілдік тұлғаларды дұрыс қолдануға, сауатты жазуға үйренеді.
Жазудың негізінде сөйлеу әрекеті арнаулы код арқылы іске асады. Бұл графикалық кодты екіге бөліп қарастыру шет тілін оқыту әдістемесінде көрсетіледі. Мысалы, А. Д. Климентенко, А. А. Миролюбованың тұжырымында былай делінеді: «Графикалық код екі буыннан тұрады: әріптерден сөздерді және сөздер мен сөз тіркестерінен жазбаша хабарды құрастыру». (5, 317)
Жазбаша сөйлеу графикалық және орфографиялық дағдыларды қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан Н. И. Гез, М. В. Ляховицкий, А. А. Миролюбова, С. К. Фоломкина, С. Ф. Шатилов бірінші кезеңде - графика мен орфографияны меңгеруді дағдыға айналдыру, ал екінші кезеңде - арнаулы графикалық код арқылы өзінің ойын жеткізе білу, яғни сөйлеу біліктілігінің қажеттілігін айтады. (6, 94)
Графика - белгілі бір тілдегі фонемаларды және олардың тіркестерін белгілеу тәсілдерінің жиынтығы. Графика белгілі бір қағидаларға негізделеді. Графиканың ең басты мәселесі - тілдің алфавитіндегі әріптердің құрамы. «Графикалық қағида бойынша әр түрлі фонемалар бір ғана әріппен таңбаланбай, олардың әрқайсысының өзіне телінген таңбасы (әріп) болу керек. Екінші сөзбен айтқанда бір әріп бірнеше фонеманың таңбасы емес, бір фонеманың таңбасы болсын деген қағидаға негізделеді». (7, 252)
Шетел тілін үйрену барысында графикалық таңбаларды білу маңызды егер шет тілінің графикалық жүйесі ана тілінің графикалық жүйесінен айырмашылығы болса. Жазушы графикалық таңбаларды оған қатысты дыбыстармен байланыстыра алу керек. Жазу мен дыбыстау барлық тілде ажыратылады, ал оларды ажырату сатысы әр түрлі.
Ағылшын тілінде тек кейбір жазба таңбалар бір ғана дыбыс береді, мысалы, p, t, k. Көп жағдайда графикалық таңбалар әр түрлі дыбыстық мағыналар беру мүмкін, мысалы:
ағылшын тілінің фонемасы [i:] графема <e> Pete <ei> ceiling
<ee> keep <eo> people
<ea> seat <ie> field
<ey> key <i> police
<ay> quay (8, 278)
Графиканы үйрету екі мәселеге келіп тіреледі: дыбыс - әріп қатынасын меңгеру және әр әріптің түрлі функционалдық варианттары арасындағы байланысты қалыптастыру. Мұның алғашқысы оқуды үйрету мен тығыз бірлікте қарастырылады, өйткені оқудың да, жазудың да негізінде графикалық белгіліерді сөз дыбыстарымен байланыстыру жатыр. Айырмашылық тек іс-әрекеттің әр түрлі бағытында, оқуды меңгергенде іс-әрекет графикалық таңбаларды белгілі дыбыстармен ұштастыруға бағытталса, жазуда, керісінше, дыбыстардан графикалық таңбаларға ауысады. Олай болса, оқу мен жазуды қатар үйрету сөз әрекетінің екі түрінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
Демек, тіл үйренуші бұл таңбаларды, яғни әріптерді тіркестіре отырып сөз, сөз тіркестерін, сөйлем құрайды. Оларды есту арқылы әріппен дыбыстың қатысын ұғады. Жазбаша тіл таңбалана келіп, жазу арқылы жүзеге асады және оқылады. Сондықтан жазбаша қатынаста тілдік тұлғалардың естілу қасиетінен гөрі, көзге көріну ерекшелігі басым болады.
Жазудың лингвистикалық негізін зерттеуге арналған әдебиеттерді қарастыруда көптеген ғалымдар И. Г. Агаркова, М. М. Безруких, С. Редозубов жазудың фонетикалық дағдыларының қалыптасуына ерекше мән береді. Қалай дегенмен де жазу, сөйлеу тілі үшін тілдің дыбысталу ерекшелігін меңгеру аса қажет. Егер студент басқа шетел тілі сөз құрамындағы дыбыстарды өз екпінімен дұрыс айтпай, өз тіліндегі дыбыстарға ұқсас етіп, бұрып айтса, сөздің мағынасы мүлде өзгереді де, жазбақшы болған ойы да ескерусіз қалады. Сонымен бірге сөздердің құрамындағы дыбыстарды танығанымен, фонетикалық дыбыстарды дұрыс жазып, оқып үйренбеген студент белгілі бір жаттығу, тапсырманы орындай алмайды. Демек, тілді, жазуды үйретуде фонетикалық дағдылардың алатын орны ерекше. Фонетикалық дағдыларды дұрыс меңгермей, тілдік қатынас та жүзеге аспайды.
Орфография - дұрыс жазу ережелерін, нормаларын белгілейді. Ал дұрыс жазу нормаларының көздейтін негізгі мақсаты - айтайын деген ойды жазба түрде дәл, айқын, сауатты жеткізіп беру.
Жазуды ойдағыдай меңгеру орфографиялық ережелерді меңгерумен тығыз байланысты. Орфография тілдің түрлі жақтарын және олардың байланысын бірдей ескере отырып, нақтылы қағидаларға сүйенеді. Мысалы, біріншіден, дыбыстардың айтылуындағы еркешелігі бойынша жазу; екіншіден, сөздердің қалпын емес, шығу тегін сақтап жазуға, яғни тілдің ерте кездегі жазу дағдысына негізделеді де, сөздің ертеректегі жазылуын өзгертпей сақтауды көздейді; үшіншіден, сөздердің түбір тұлғасын сақтауға негізделеді.
Г. В. Рогованың еңбегінде орфографиясын меңгеруге қажетті сөздердің бес тобын ажыратады:
I-топқа жазудың фонетикалық принципіне бағынатын сөздерді жатқызады. Мысалы, bed, not, sit. Бұл сөздердің дыбыс саны мен әріп саны сәйкес келеді де, графемо - фонемалық тұрақты сәйкестікті орнатады.
II-топқа кіретін сөздерде әріптер жазылады бірақ олардың дыбысталу баламасы болмайды. Мысалы, ашық және шартты ашық буынды сөздер: nine, lake, rose.
III-топқа жататын сөздерде екі әріп қосылып бір дыбыс береді, ол бірігулер екі түрлі әріптен тұрады. Мысалы, [ә:] созылыңқы дыбыс ir, er, ur, әріптердің бірігуімен беріледі.
IV-топқа дауысты, дауыссыз, дауысты және дауыссыз дыбыстардың бірігуінен құралатын сөздерді жатқызуға болады. Бұл топ сөздерін жазу қиындығы сол, оларда бір мағыналық дыбыс - әріптік байланыс жоқ: ee, ea, oo, ou, ay, oy, ei, oi, ai, wh, wr, aw, ow, ew, al, ild, мысалы, ea әріптерінің бірігуі [i:] - clean, [e] - head, [ei] - break дыбыстарымен оқылады. Сондай - ақ ai, ay, ei, еy әріптерінің бірігуі [ei] деп бірдей оқылса, сонымен бірге олар тәртіпке бағынады: ei, ai сөздің басында және ортасында жазылады: main, eight; ay, ey - сөздің соңында: May, grey. Жазылуында белгілі бір заңдылыққа сүйенетін сөздердің қатарын да келтіруге болады, мысалы: out, house, mouse, blouse, trousers; eat, meat, team; green, three.
Лексикалық минимумға кіретін V-топ сөздеріне орфографиясы жазудың тарихи принципіне бағынатын қиын топ сөздерін жатқызамыз. Мысалы, one, two, daughter, busy. (3, 166)
Міне, мұндай орфографиялық ережелерді меңгертіп алмай тұрып, студенттерге жазуды, тілді меңгерту мүмкін емес.
Адам ойын жазбаша жеткізуде интонация негізгі компонент болып табылады. Интонация сөздерді біріктіре отырып, мағыналық аяқталған сөйлемдерді құрайды, айтылу мақсатына қарай сөйлемдерді бір-бірінен ажырата білу тәсілі ретінде қызмет атқарады, сөйлеуге эмоционалдық мағына береді. Интонация мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастырудың негізі ретінде ауызша сөйлеуге және жазбаша мәтінді тез түсінуге мүмкіндік береді, тіл үйренушінің ойлау белсенділігін арттырады. Интонация түрлері сөйлеудің мазмұнын қабылдауға септігін тигізеді. Жазбаша тілде бұл қызметті тыныс белгілері атқарады. Осыған байланысты студенттер интонация мен пунктуацияның ара қатынасын айқындап алу қажет. Біріншіден, олар тыныс белгілерін сөйлемнің грамматикалық құрылысына және интонацияға сүйене отырып қояды. Тыныс белгілерін орын-орнына дұрыс қою тіл үйренушінің тыңдап түсіну қабілетіне, дауыстың қарқынын тез қабылдауға байланысты. Өйткені жазуда ойдың грамматикалық және логикалық дұрыс берілуі қатты ескеріледі. Екіншіден, пунктуация дұрыс интонациямен оқу керектігін көрсетіп тұрады. Пунктуация ауыз екі тілдегі ритмді, үзілісті, әр түрлі дауыс құбылысын белгілейді. А. И. Власенков тыныс белгілері мен интонацияның және керісінше, интонация мен тыныс белгілерінің ара -қатынасын айқындау оқушылардың интонациямен жұмысының басты бағыты екенін айтады. (9, 197)
Жоғарыда интонациялық норма оқудың негізі екені айтылды. Интонациялық нормаға мәнерлеп оқудың мынадай ерекшеліктері жатады: сөйлеудің мелодиясы, дауыстың қатаюы мен әлсіреуі, дауыстың құбылуы (тембрі) . Мәнерлеп оқуды меңгерген студенттер сөйлем түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдерді) ажырата алады, тыныс белгілерін дұрыс қоюға дағдыланады. Мысалы, белгілі бір хабарлы сөйлемді оқығанда, сөйлем соңында кідірге жасалады. Сұраулы, лепті сөйлемдер көтеріңкі дауыспен, айрықша интонация арқылы оқылады.
Сөйлемнің немесе мәтіннің тыныс белгілерін дұрыс қою сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне, мағынасына, интонациясына негізделеді. Ал тыныс белгілері орнымен қойылған сөйлемді оқу да, ұғыну да жеңіл пунктуацияны керегіне қарай қою арқылы адам өз ойын, пікірін, сезімін екінші біреуге айқын жеткізеді. Олай болса, сөйлемді мәнерлеп оқу, сөйлемдегі сөздерге ой екпінін түсіре білу жазу әрекетінде тыныс белгілерін дұрыс қоюға септігін тигізеді, тіл үйренушінің сөйлеу мәнерін жетілдіреді, тіл үйренуге ынтасын арттырады.
Жазу әрекеті арқылы тіл үйренуші өз ойын түсінікті етіп жеткізуде қатысымдық тұлғалар: сөз, тұрақты сөз тіркестер, сөйлемді дұрыс қолдана білуге үйренеді. Осы аталған қатысымдық тұлғалардың ішінде сөз - негізгі тұлға. Сөйлеу атаулының барлығы да сөзден басталады. Лингвист - ғалымдар сөзді сөйлеу үрдісіне қатысты тілдік, қатысымдық қасиеттеріне тоқтала келіп, оны әр қырынан қарастырады. «Сөз тілдің, оның өзіндік құрамының заттар мен құбылыстарды атап білдіретін негізгі единицасы, дербес бөлшегі болып табылады». (10, 67) Ал, В. В. Виноградовтың анықтамасы бойынша, «сөз іштей байланысқан мағыналардың бірыңғай жүйесін құрайды. Сөздің ішкі бірлігі оның тек фонетикалық және грамматикалық құрамы ғана емес, сонымен бірге оның мағыналық жүйесінің бірлігін қамтамасыз етеді. Ол мағына тілдің семантикалық жүйесінің заңдылықтарымен анықталады». (11, 17)
Сөз - тілдің негізгі бірлігі, ол тілдің дыбыстық, мағыналық, грамматикалық жақтарын көрсетеді. Лингвистикалық әдебиеттерде сөздің екі жағы қарастырылады: ол сөздің қалпы, яғни сыртқы пішіні (дыбыс арқылы айтылуы, әріп арқылы жазылуы) ; сөздің мағынасы, яғни сөздің ішкі мазмұны, мәні.
Жазуды игеру алдымен сөздердің мағынасын түсінуді талап етеді. Сөз белгілі бір ұғымның атауы бола отырып, соған сәйкес лексикалық мағынаны білдіреді. Сөздің осы қасиеті оның санада өмір сүруіне себеп болады. Яғни сөз жеке тұрғанда заттың, сынның, қимылдың атауы болып атауыштық қызмет атқарса, айтылар ойға байланысты белгілі бір мағынада жұмсалып, қарым-қатынастық қызмет атқарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz