Бала тәрбиесі - бесіктен


Қарағанды қаласының білім бөлімі
ҚМКҚ №1465 «Балапан» балабақшасы
Құрастырғандар: Сакенова А. Н. Жакулова С. С. Саябаева А. Н.
Акедилова М. К.
Бала тәрбиесі - бесіктен
Әдістемелік құрал
Қарағанды 2012
Алғы сөз
Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағлымдарын оқып үйреніп, өнеге тұтпай тұрып, балаларды ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Қазіргі заман талабына тура келмейтін, мән-мағынасы өзгерген, ескірген салт-дәстүрлердің кейбіреулеріне сын көзімен қарай отырып, тәлімдік мәнін жоймаған әдет-ғұрыптарды бүгінгі пікірі мен талғамы жоғары жастардың кәдесіне жаратуды да ескерген жөн. Сондықтан да жеткіншек ұрпақтың дәстүрге құрметпен, әрі ықтияттылықпен қарауы, яғни оны түсінуі, дәстүрді бұзып алып, адамдардың көңіліне қаяу салудан қатты сақтануы айрықша мәнді қастерлі қасиет саналады. Осы мәселелерді қарастыра отырып, балаларда адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда салт-дәстүрлер үлкен рөл атқарады демекпін.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Ал ұрпақты жан-жақты, қабілетті етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім тәрбиелік, білім танымдылық ролі орасан зор. Өзге халықтар сияқты қазақ елінің ұрпақ тәрбиесі жөнінде атам заманнан бері жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілікті, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді.
Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап оның есейіп, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынас атаулының барлығы салт-дәстүрден өзекті орын алып, баланың дүниеге көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі.
Дәстүрсіз халық жоқ. Ол тарих негізінде қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып жалпыға бірдей әдеп, инабат нормасы болып табылады. Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі - адамдар арасындағы өркендеп және өзгеріп отыратын тұрақтылықты ретке келтіріп отыру.
Тұрақтылық болмаса даму да болмайды. Соның нәтижесінде әрбір жаңа ұрпақ өткен ғасырлар мұрасының әсеріне ұшырап, оған бойсұнуға әзір. Белгілі француз социологі Э. Дюркгейм “Дәстүр - адамдардың қоғамнан дайын күйінде табатын, өздерінің тәртіптерін жөнге түсіріп және әрекетке келтіріп отыратын тетік. Дәстүрді бұзғаны үшін берілген жаза тайпалардың бірлігін сақтауға көмектесетін қорғаушы құрал болып табылады” - дейді. Бұл жерде әңгіме Бірлестіктің берік өмір сүруі үшін, оған кіретін адамдарға дәстүр талаптарын орындаудың міндеттілігі жайында болып отыр.
Сондықтан да жеткіншек ұрпақтың дәстүрге құрметпен, әрі ықтияттылықпен қарауы, яғни оны түсінуі, дәстүрді бұзып алып, адамдардың көңіліне қаяу салудан қатты сақтануы айрықша мәнді қастерлі қасиет болып саналады. Осы мәселелерді екшелей отырып, тұлға тәрбиесінде халықтың салт-дәстүрлері үлкен рөл атқарады демекпіз. Бұл біздің бала тәрбиесіндегі «Ұлттық салт - дәстүрлер арқылы балаларға адамгершілік тәрбиесін беру» деп алуымызға негіз болды. Қазақ халқының салт-дәстүрлері негізінен, ұлттық мәдениетті дамытудың игі құралы болып қалыптасқан.
Зерттеудің мақсаты: Балалардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда қазақ халқының салт-дәстүрлерін қолданған тәрбиелік шаралар жүйесін әзірлеу және пайдалану жөнінде практикалық ұсыныстар қатарын әзірлеу.
Зерттеудің міндеттері:
- Балаларда адамгершілік тәрбиесін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін ашу
- Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің балаларды тәрбиелеу мүмкіндіктерін қарастыру;
- Балалардың адамгершілік асыл қасиеттерін қалыптастыруда қазақ халқының салт-дәстүрлерінің педагогикалық тиімділігін анықтау.
Зерттеудің нысаны: Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу процесі.
Зерттеудің пәні: Балалардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда тәрбиешінің атқаратын жұмысы.
Зерттеудің әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, тарихи-этнографиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; оқу-әдістемелік құжаттарды талдау; балалардың іс-әрекет нәтижелерін зерттеу;
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер балалардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда қазақ халқының салт - дәстүрлерін тиімді қолданса, онда балалардың адамгершілігі мол, қайырымды, еңбекқор сияқты асыл қасиеттері дамып, мол жетістіктерге жетер еді, өйткені қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрлерінің берері өте мол.
Қазақ салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптарының негіздері
Қазақ - дәстүрі бай және оны қатаң сақтайтын халық. Туған халқының мінез-құлқы, наным-сенімін жете зерделеген ғұлама Ахмет Байтұрсынов қазақтың құдайдан кейінгі қорқатыны дәстүр бұзушылық екенін айтады. Қазақ дәстүрді білмегенді, сыйламағанды надан дейді. Бұл - өте ауыр сөз, ауыр кінә, бірақ әбден орынды баға.
Қазақтың туыстық, құда - жекжаттық, той-томалақ өткізу, өлім жөнелту, аруақ сыйлау, үлкенді, ата-ананы құрметтеу, қыз ұзатып, келін түсіру, жүйелі сөзге жығылу, тоқтау, обал-сауап, дастархан, шаңырақ, қонақ сыйлау т. б салт-дәстүрлерінде қаншалық адамгершілік, ізгілік, көргендік жатыр. Осындай дәстүрлерімізді ардақтап, қадір тұтуға ақыл-парасаты, мәдениеті, білім-білігі жетпеген жетесіз надан, көргенсіз болмағанда не болады? Рас, кешегі кеңес заманында халықты ұлттық жадынан, тілінен, төлтума мәдениеті мен діни нанымынан қол үздіруге бағытталған зымиян саясат жүргізілді. Соның салдарынан қазақтың бірнеше ұрпағы, осы күнгі егде, қарт кісілеріміздің көпшілігі әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізден бейхабар болып қалады.
Оқу-тәрбие орындары болмаса, қазіргі отбасы, ата-аналар салт-дәстүр жөнінен ұл-қыздарына толымды тәрбие беруде білімдері, тілі жағынан қиындық көруде. Қазақты қазақ етіп, ұлтымызды ұлт етіп келген және солай болып қалуға тиісті ата салт, асыл дәстүрімізді, шала, шалағай ортада кездесіп жүргендей, қолжаулық етіп, сөз алдарға ғана қолданып, құнсыздандыруға немесе өңін айналдырып, рухына жат “жаңа замандық” жамаулар жамап боямалауға, әрине болмайды.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері негізінен, ұлттық мәдениетті дамытудың игі құралы болып қалыптасқан: Игі әдет-мәдени бастаулық іс-әрекет, ол мәдени дағдыға айналған (мысалы, кісі күту) ; әдет-ғұрып-этностық игі іс-әрекеттің өмір қолданысына айналуы, халықтық мәдени тіршілік; әдеп-ізгілік пен имандылықтың іс-әрекеттегі мәдени көрініс (әдептілік) ; дәстүр-әдепке айналған игі іс-әрекеттің әлеуметтік көрінісі, ұлттың ізгі қасиетін көрсететін мәдени құбылыс; салт (заң) -ұлттық дәстүрдің берік қалыптасып, өмір заңдылығына айналуы, этностық тіршіліктің заңды, мәдени көрінісі. Салт-сана-әдет-ғұрып пен әдеттің, дәстүр мен салттың халық санасына сіңіп, өмірлік заң болып қалыптасуының көрінісі.
Дәстүрлер мен салт-сананың өмірдегі, тұрмыс-тіршіліктегі іс-әрекеттік үрдістері: жөн-жоралғы, рәсім, рәміз, ырым, тыйым, сенім, обал, сауап, ысырап, ар-намыс деп аталады.
Жөн-жоралғы-ұлттық сый-сияпат белгілері.
Рәсім-салт-дәстүрлердің игі іс-әрекеттегі бір көрінісі.
Рәміз-этностық белгілер мен жоралғылар.
Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің ұлттық рәсімдері көп, соның ішінде ырым, тыйым, сенім, обал, сауап, ұлттық намыс рәсімдері-ұлттық ерекшеліктерді білдіретін этнопедагогикалық құбылыстар болып табылады.
Қазақ халқы жас баланы дүниеге келісімен тұзды сумен жуындырып, денесін маймен сылап, қол-аяғын созып «өс-өс»әрекетерін жасайды, сонымен қатар бала ауырса халық медицинасына жүгінген.
Баланың денесін шынықтыру үшін қолданылатын әдістер: иық қағыстыру, маңдай сүзістіру, білек күшін сынау, бел күшін сынау, мықын итерісу, күресу, жаяу жарыс, қоржын байлап жарысу, еңбектетіп жарыстырту, аударыспақ т. б. қолданған.
Әсіресе, балаға дене тәрбиесін беруде ұлттық ойындар теңге ату, соқыр теке т. б. түрлері маңызды рөл атқарады.
Қазақ халқы ақыл-ой тәрбиесін беруде өзіндік дүнитанымға сүйенген. Бұл ұғымдар: Әлем, әлемнің төрт негізі: жер, ана, көк, тәңірі; қазақ халқының астрономиялық білімдері: Күн, Ай, жұлдыздар туралы, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті күн туралы түсініктері; ауа райы туралы білімдері ерекше болған.
Балаға ақыл-ой тәрбиесін берудің басты құралдары қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер, термелердегі ақыл-нақыл өсиеттер, жұмбақтар, жаңылтпаштар үлкен рөл атқарады. Осылар арқылы баланы өнер-білімге, тапқырлыққа, ойлауға тәрбиелеу халықтық дәстүрге айналған. Халық шежіресі-халық тарихы, ол тәрбие мен білім негізі.
Сонымен қатар дәстүрден, ғұрып-салттан адамдар өзінің жеке басын таниды. Мұнда адамдардың айналадағы заттар - нәрселер мен табиғат құбылыстарына қатынасындағы жеке ұлттың және кәсіби өзгешеліктер көрініс табады. Мысалы, Үндістанда сиыр мен маймылды ерекше құрметтеуі, қытайлардың, жапондардың жыланның етін, италяндықтардың есектің етін аса сый тағамға санауы, қазақта қойдың басын сыйлы қонақ ретінде ер адамға, қырғызда әйелге ұсынуы тағы басқа сияқтылар сондай салт-ғұрыптар өзгешеліктеріне жатады да, соларға байланысты әр елдің салт - дәстүрінің әр түрлі екені белгілі болады.
Ел мен ел, ұлыс пен ұлыс шекаралас, аралас-құраласта өмір сүреді. Сондықтан олардың ғұрып- салт ырымдарында ұқсастық та бар. Мысалы Иранда жылдың ақырғы сәрсенбісін киелі күнге балап, ол күнгі барлық тілек қабыл болып, ойлаған ой іске асады деп ырымдайды екен. Ирандықтар бұл сәрсенбіні «қызыл сәрсенбі» деп атайды. Әсіресе ол күнді бойжеткен қыздар асыға күтеді. Олар соңғы сәрсенбіге байланысты шартты орындап, түрлі жоралғы -кәделер жақсы жасалса, тұрмысқа шығуымыздың сәті түседі деп сенеді. Біздің халқымызда бар:
Сәрсенбі сәтті күні той жасапсыз,
Тойыңыз құтты болсын, қыз атасы! - деп «Тойбастар» жырында айтысатын, сол күнгі бастаған ісі сәтті болады деп ұғынылатын «Сәрсенбінің сәттісі» ырымының да иранның «қызыл сәрсенбісімен» бір негізден шығуы да ғажап емес.
Мұның бәрі әр түрлі халықтардың салт-дәстүрлерінде кейде әріден жалғасатын сабақтастық та, діни наным бірлігінен бастау алған ұқсастық та, тарихи аралас құраластық. Ұзақ уақыт іргелес шекаралас өмір кешуден болған ауыс-түйістер де кездесетіні сондай-ақ өздеріне ғана тән, былайғы жұртқа өрескел, ерсі көрінетіндері де болатыны дәлел.
Тарихқа көз жүгіртсек, халқымыз ата-бабаларының жинақтаған өмір тәжірибесін, бай рухани қазынасын жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланған, бала тәрбиесіне ерекше мән бере, үміт арта сергек қараған.
Жас ұрпақтың алдына асқарлы мақсат қойып келелі міндеттер жүктеп, баланы болашақ ел қамқоры, отан қорғаушысы, шаңырақ иесі, өмір гүлі деп бар жақсысын балаған арнаған. Халық дүниеге келген жас нәрестенің болашағын ойлап, бар жақсылықты соған арнап, көркем сөзге, әнге, күйге қосып, түрлі қызықты ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, әңгімелер шығарып оларды ұрпақ тәрбиесіне пайдаланып келген.
Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, педагог, ақын әрі жазушысы Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқан екен “Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламаған бала жолдасын да сыйламайды, қоғамға да пайда келтіре алмайды” - дейді. Сондықтан да қазақ халқы өз ұрпағын бесікте жатқан кезінде ақ тәрбиелей бастаған.
Отбасы - мемлекеттің ірге тасы қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекетте де мықты болуы мүмкін емес. Қазақ халқының ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы жемісін үзбей жалғасып келе жатқан өзіндік салт-дәстүрі де бар. Бұл әдет-ғұрыптар нәсілінің болашағын ескеруден туындаған. Қазіргі заманда ел егемендігін алып, тәуелсіздіктің байрағын көтерген рухани осы мұратымызға бір рет болса да ден қою заңды құбылыс. Ғасырлар бойы қалыптастырған інжу-маржан дәстүріміздің біразын жоғалтып алсақ та, біразын қайтадан көмескілендіріп алдық. Сондықтан да балабақшада балаларға тәрбие беруде ұлттық тәрбие дәстүрлерін басшылыққа алу басты талап.
Салт-дәстүр ұлттық тәрбие. Ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіру үшін баланың жас дара ерекшеліктеріне сай ұғымына байланысты ертегі, мақал-мәтел және алуан түрлі салт-дәстүрлерді педагогикалық тұрғыдан іріктеп алу керек. Балаға ұлттық тәрбиені дер кезінде меңгерту тәрбиешінің басты міндеті. Балабақшадағы балаларға ізеттілікті, кішіпейілділікті, қайырымдылықты үйрету тәрбиелеу. Оның бастамасы қазақ халқына тән үлкен бір ерекшелік “сәлемдесу” дәстүрі. Сондықтанда қазақ халқында “Сәлем - сөздің атасы”- деген мақал бар.
Ендеше баланың үлкендермен қарым-қатынас жасауының басты әліппесі сәлемдесуден басталады.
Бұл дегеніміз - қазақ ауылында кіндігі кесіліп, туған халқының әдет-ғұрпын тасындай қалап, дәстүрін жадына жылудай жинап, асыл тілін аманаттай ардақтап, дінін дініне тұмардай тағып, салтын санасына сыбағадай сақтап және олардың бәрін құрандай қастерлеп өскен ұрпақ екенін білдіру. Оның мақсаты ата салтымыздың асыл мұрасы мен алтын қазынасын көпшілікке, кейінгі жас ұрпаққа ұсынып, оны оқып үйренуді өмірге еңгізуді аманат деп тапсыру.
Бала тәрбиесі бесіктен
«Отан отбасынан басталады» дейді халық. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана. Әке - шеше арқылы өрбіген тұқымның туыстық - адамгершілік қатынастары жүйеленіп, әлеуметтік, қоғамдық құрылысқы байланысты қалыптасқан.
Әрбір отбасында әкеге байланысты: баба, кейуана, ана, әже, әке, аға, іні, қарындас; ал шешеге байланысты: түп нағашы, нағашы ата, нағашы әже, нағашы ағағ нағыш әпке, нағашы іні, нағашы қарындас деген туыстық ұғымдар бар.
Отбасындағы туыстық қатынастар әкенің жақындығына байланысты қалыптасқан. Отбасындағы әрбір адамның туыстық қатынасқа байланысты міндеттері, парыздары, борыштары бар. Міндет - күнделікті іс-әрекет арқылы имандылық пен қайырымдылық рәсімдерін орындау әрекетін іске асыру жолы.
Парыз - міндетті іске асырудың қалыптасқан әрекеттері. Борыш - ата-анаға, үлкен адамдарға қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу үшін жүргізілетін салтқа айналған қайырым іс-әрекеттер және ол «қарыз» деген сөздің де баламасы. Яғни бала өзін әлпештеп өсірген ата-ана алдында олардың жан аямай жасаған еңбектерін өтеуге қарыздар. Егер ол нағыз адам болса, ең әуелі ата-ана алдындағы борышын өтеуді өмір жолына мақсат етіп қойып, сол мақсаттарды орындауға жан-тәнімен әрекет жасап, еңбек етеді.
Отбасының қос шынары - ала таудай атасы және аналардың анасы - әже. Ата - береке, мейірім, өнеге даналықтың қайнар көзі, ата салтын алға апарушыларға үлгі беретін, қсиетті ісімен сый - құрметке бөленген қадірлі қария. Атаны сыйлау - ата-бабаны, елді сыйлау, ал әжені құрметтеу өмірді құрметтеу болып табылады.
Әкенің негізгі мақсат-баланы өмірге баулу, тәлім беріп тәрбиелеу. «Мен балам үшін өмір сүремін» дейді әзіз әке. Әкенің үлгі-өнегесі арқылы, нұсқауы, талап етуі - бала үшін бұлжытпай орындайтын заң іспетті.
Ақ сүт берген ана баласы үшін жанына да аямайды. Қазақта «Әкемді алсаң ал, құдай, шешемді қой, шекпен тоқып берсе де, өлмеймін ғой» деген мақал бар. «Түн ұйқысын төрт бөліп, суық бесік таянған, түнде шошып оянған» ананың ақ мейірімі, оның қызметі, еңбегі бағаланбаса, ол - қорлық. Бірақ ана бәрін де кешіреді, аналық міндеттерін айнытпай орындай береді.
«Әпке» деген сөз «апа » деген түбірге «еке» деген сыйласым қосымшанының жалғануымен қалыптасқан. Әпке - екінші ана. Ол - әрі анаға көмекші, әрі өзінен кіші ұрпақты тәрбиелеуші. «Ағасы бардың жағасы бар» дейді халық. Аға - әкеден кейінгі отбасының иесі. Ол - әрі әкеге көмекші, әрі отбасындағы бар тірліктің басқарушысы, тәрбиеші, тәлімгер. Аға ініге, қарындасқа үлгі - өнеге көрсетіп, оларға қамқоршы болуға міндетті.
«Інісі бардың тынысы бар» деп, халық інінің ағаға көмек көрсетіп, оған сүйеніш болатынын уағыздайды. «Аға - бордан, іні зордан» деген мақал ағаның кешірімділігін іні пайдалана бермей, іні одан да зор болып, яғни асып түсуге тиіс деген ұғымды білдіреді. Іні ағаны ардақтап, ақылына тәнті болуға, кеңесіп отыруға міндетті.
Інісі мен қарындасы ағасын әкесіндей сыйлауы керек.
Қазақта «қарындасын сыйламағанның қары сынсын» деген мақал бар. Ұлттық дәстүр бойынша қыз баланы, әсіресе, ең кіші қызды әлпештеп аялау - әрбір отбасының міндеті. Қыз баланы сыйлай білу, оның көңіліне қаяу салмау, бар жақсылықты әуелі қызға жасау - ұлттық дәстүрдің салтқа айналған үрдісі. Ал қарындас ағасына қызмет етуді, әпкесіне көмек көрсетуді өзінің негізгі міндетім деп, инабаттылық қарым қатынаста болуы керек.
Отбасында ағасының жұбайы - жеңгесі болса, ол да ананың міндетін атқарады. «Жеңге» деген - қастерлі де сыйлы ұғым. «Жеңгесі бардың теңгесі бар», «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» дейді халық. Жеңгені анадай сыйлау қажет.
«Бір үйде қанша болсаң, бір-біріңе меймансың», «Бір-біріңді жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» деп, халық отбасындағы сыйласымды жоғары бағалайды. Әке, жәке, көке, апа, апатайым, ағатайым, айым, күнім, панам, алтыным т. б. ізетті сөздермен сыйласым рәсімдерін іске асырып отыру - отбасындағы әрбір адамның парызы. Отбасындағы сыйласым - қуаныш, бақыт, қызықты өмір!
Қазақта «Жеті атасын білмеген - жетесіз» деген мақал бар. «Жылқы жеті тегіне тартып туады» деп, халық адамның арғы тегіне тартып туатындығын айқындап, «Біреу әкеге тартып туады, біреу әкеден артып туады» дейді де, ұрпағының мейілінше «артып туғанын» тілейді.
Жеті атаға дейін жақсы білудің әдептілікке әсері мол, яғни шөпшек бабасына дейінгі туыстық тегін жақсы біліп, халықтық салт-сана бойынша, туыстық қатынаста қалыптасқан парыздарын орындап, борыштарын өтеуге міндетті.
Ата текті білуге туыстық, жақындыққа байланысты: баба, ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, туажат, жүрекжат деген ұғымдар бар. Атаның баба алдындағы зор міндеттері баланың, немеренің, шөберенің, туажаттың, жүрекжатты алдында жалғасады, ол әдептілік қарым-қатынас ру, ел, ұлт, ұлтаралық, бүкіладамзаттық мәнде дами қалыптасып адамгершілік парызды өтеуге міндеттейді.
Адам баласының адамгершілік қарым-қатынасындағы атаға, руға, ұлтқа бөліп, адамдық асыл сезімдерге жол бермей, күндестік, бақталастық, дүние таластық тудыруға, әдепті бұзып, адамгершілікке қиянат көрсетіп, қылмыс жасау текті сыйламаудан, адамдық қасиеттерді қастерлемеуден туындайды. Тегіміз - адам. Біз адамдық қасиетке иеміз.
«У ішсең руыңмен» дегенде, халық тек руыңды сыйла деп тұрған жоқ, әуелі руыңнан бөлектеніп кетпей, сыйласымды отбасыңнан, жақыныңнан баста деп, отан сүйгіштікке шақырып, отанды сүю отбаснан басталатынын уағыздап тұр. «Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» деп, халық сыйласымның бастауын айқын көрсетеді.
Абай атамыз: «Атаның ғана баласы болма, адамның баласы бол» деп, адамгершілік қарым қатынас руға бөлінуге байланысты болмау керектігін басып айтқан болатын. Әкеңді сыйласаң, атаңды құрметтей білесің, бабаңды қастерлеп, бабаның өнегесін орындайсың да, еліңе елеулі, халқыңа қалаулы, бүкіл адам баласына лайықты әрекеті мен әдептілігі бар жан екендігіңді танытасың.
«Қарындасына бұрмағанның қары сынсын» деп, халық жан бауырына әділетті, адал болып, оған жақындық көрсетпегенді қатаң қарғайды. Өйткені бүкіл адам баласын сыйлау ең әуелі отбасынан, аталасты, руласты, ұлттық сыйлаудан басталады. Руыңды сыйла, бірақ басқа руға қарсы болу - қылмыс, онымен де жақындас, ұлтыңды ардақта, бүкіл адам баласын құрметтей біл. Міне біздің халқымыздың имандылық дәстүрлерінің түпкі мақсаты осындай.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz