Автомобильдердің жалпы құрылысы. Автомобиль трансмиссиясы
Кіріспе
І. Негізгі бөлім
1. Двигательдің түрлері
1.1. Іштен жанатын поршеньді двигательдердің жұмыс принциптері
1.2. Двигательдің құрылысы
1.3. Карбюраторлы қоректендіру жүйесі
2. Автомобиль трансмиссиясы
3. Автомобильдің жүріс бөлігі
Қолданылған әдебиеттер

Жалпы автомобиль тарихы ежелден басталады. Адам баласы өз жұмысын жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін көптеген ізденістердің нәтижесінде автомобиль жасалған.Қазіргі таңда автомобиль көлігінсіз бірде – бір тасымалдау жұыстары атқарылмайды немесе тракторсыз бірде – бір ауыр жұмыс істелмейді.Сондықтанда олардың халық шаруашылығында алатын орны ерекше.
Халық шаруашылығында автомобильдерді төрт түрлі жағдайларда пайдаланады.Олар ауыр жүктерді тасымалдау, көптеген жолаушыларды тасымалдау, көлік орнына пайдалану және спорттық мақсаттарда қолдану.

1. П. Жүнісбеков, М. Жетпейісов - Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет. Астана: Фолиант, 2007.
2. Алиев Б – Тракторлар мен автомобильдер құрлысы. Алматы: Наз 2005.
3. Жүнісбеков П. Ж – Автомобильдің құрлысы және пайдалануы – Астана: Фолиант, 2007
4. Родичев В – Тракторлар мен автомобильдер – Алматы: Мектеп - 1986

Мазмұны
Кіріспе
І. Негізгі бөлім
1. Двигательдің түрлері
1.1. Іштен жанатын поршеньді двигательдердің жұмыс принциптері
1.2. Двигательдің құрылысы
1.3. Карбюраторлы қоректендіру жүйесі
2. Автомобиль трансмиссиясы
3. Автомобильдің жүріс бөлігі
Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Жалпы автомобиль тарихы ежелден басталады. Адам баласы өз жұмысын жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін көптеген ізденістердің нәтижесінде автомобиль жасалған.Қазіргі таңда автомобиль көлігінсіз бірде - бір тасымалдау жұыстары атқарылмайды немесе тракторсыз бірде - бір ауыр жұмыс істелмейді.Сондықтанда олардың халық шаруашылығында алатын орны ерекше.
Халық шаруашылығында автомобильдерді төрт түрлі жағдайларда пайдаланады.Олар ауыр жүктерді тасымалдау, көптеген жолаушыларды тасымалдау, көлік орнына пайдалану және спорттық мақсаттарда қолдану.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Автомобильдер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай жүк машинасы, автобустар, жеңіл машиналар және спорттық автомобильдер болып бөлінеді.Осыған байланысты олардың әрқайсысы жеке - жеке түр - түрге бөлінеді. Себебі жүк машинасының бір түрін жеңіл машинаның сондай бір түрімен мүлде болмайды. Олай болса төменде сондай түрлендірудің мағынасы келтірілген.
Жеңіл машиналарды двигателінің жұмыс көлеміне (литражы деп атайды) байланысты бірнеше түрге (класқа) бөлінеді де соған байланысты оның индексін белгілеу маркасына кіргізеді.Ол мына төменгідей:
Түрленуі
Литражы
Индексі
Өте жеңіл класс
1,2 - ге дейін
11
Кіші класс
1,3 - 1,8
21
Орташа класс
1,9 - 3,5
31
Жоғарғы класс
көрсетілмейді
41
Сонымен женіл машиналарды түрлендіріп, олардың маркасын белгілегенде оның индексі көрсетілмейді.Мысалы маркасы ВАЗ - 2106 болса, алдында әріптермен шығаратын заводтың белгісі қойылады, сол белгіден кейін класы индекспен белгіленеді, яғни класы 21 - кіші класс, ал әрі қарай моделінің рет нөмірі келтіріледі (6 - модель). Осылайша жеңіл машиналарының маркалары арқылы біраз мағлұмат алуға болады.
Жүк машиналары толық салмағына қарай ( яғни өзінің бос кезіндегі салмағы мен таситын жүктің салмағын қосып есептегенде) жеті түрлі класқа бөледі және олардың индексін 1 - ден 7 - ге дейін санмен белгілейді.Сондағы жүк машиналардың түрленуі мына төмендегідей болады:
Толық
Салмағы,т.
1,2 - ге
дейін
1,3-2,0
2,1-8,0
9,0-14,0
15,0 - 20,0
21,0 - 40,0
40,0 жоғары
Индексі:
Бортты
Платформа
13
23
33
43
53
63
73
Үстіне
қондыратын
тартқыш
14
24
34
44
54
64
74
Өздігінен
түсіретін
15
25
35
45
55
65
75
Цистерналы
16
26
36
46
56
66
76
Фургон
17
27
37
47
57
67
77
Арнаулы
19
29
39
49
59
69
79
Осылайша, жүк машиналарының да белгілеу маркасынан ол туралы біраз мағлұмат білуге болады.Мұнда да алдыман шығаратын заводтың белгілі әріптермен, ал соңынан индексі қойылады.
Автобустар жалпы ұзындығына қарай бірнеше түрге бөлінеді.Оларға да осыф ұзындығына байланысты индекс тағайындайды. Олар:
Ұзындығы,м
5-ке дейін
6,0 - 7,5
8,0 - 9,5
10,5 - 16,0
6,5-тен жоғары
Индексі
22
32
42
52
62
Осыларға қосымша, автомобильдер басқа да бір ерекше қасиеттеріне қерай түрленуі мүмкін.Бірақ ондай түрлендіру автомобиль көрсеткіштеріне онша әсер ете қоймайды.Ондай автомобильдерді көбінесе жылжымалы арнаулы құрам деп атайды.Мысалы өрт сөндіретін, көше тазалайтын, автокрандар т.с.с, Мұндай арнаулы жылжымалы құрамдар жүк тасымалдау жұмысымен емес, арнаулы жұмыстадың бір түрін ғана атқаруға арналады.
1. ДВИГАТЕЛЬДІҢ ТҮРЛЕРІ
2.
Двигатель деп энергияның кез - келген бір түрін тек механикалық энергияға айналдырып беретін қондырғыны айтады.Олай болса двигательдер қолданылатын энергия түріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.Олардың негізгілері жылу, электр, жел, су және т.с. түрлері.
Автомобильдерде пайдаланылатын двигательдердіңғ негізгісі - ол жылу двигательдері. Олар да өздерінің жұмыс істеу принциптеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.Мұндай жылу двигательдері көбінесе от жағатын бөлігінің орналасуына байланысты екі түрге, яғни сырттан немесе іштен жанатын двигательдер болып бөлінеді.
Автомобильдерде іштен жанатын двигательдер қолданылады.Мұндай двигательдерде отын двигатель ішінде жанып, жанған газдың температура есебінен қысымы көбейеді де двигательдің қозғалатын бөлшегін итеріп жұмыс атқарады.Осындай двигательдер көбінесе поршеньді етіп жасалады.Газ қысымы арқылы қозғалатын поршеньді итеріп, оның қозғалысы басқа механизмдер арқылы сырттағы қажетті жеріне механикалық эергия түрінде беріледі.Осыдан басқа іштей жанатын двигательдердің роторлы түрі де болады. Яғни мұнда газ қысымы арнаулы роторға орналасқан қалақшаға беріледі де, оны айналмалы қозғалысқа келтіреді.Бірақ роторлы дигательдер әлі де жетілдіруді қажет ететіндіктен, қазіргі таңдағы автоморбильдерде онша қолдау таба алған жоқ.
Сонымен, көптеген түрлі двигательдер ішіндегі, автомобильдерде көп қолдау тапқан іштен жанатын поршеньді двигательдер болып табылады.Олай болса осы оқулықта сондай двигательдердің құрылыстарыьмен ждұмыс принциптері келтіріледі.
1.1 Іштен жанатын поршеньді двигательдердің жұмыс принциптері
Іштен жанатын поршеньді двигательдердің жұмыс принциптері мына төмендегідей ретпен жүретін процестерге негізделген (2.1 - сурет).Цилиндр ішінде поршень ілгері - кейінді қозғалып тұрады.Соның қозғалысының салдарынан цилиндр ішінде неше түрлі құбылыс пайда болады.Ал цилиндр үсті цилиндр баласымен бекітілген, ал оның сыртпен қатысуы соратын, шығаратын клапандар арқылы жүргізіледі.Енді осы поршеньнің жүрісін рет - ретімен қарастырылады.
Поршень жоғарыдан төмен қарай жылжиды, яғни поршеньнің үстіндегі кеңістік көбейеді.Олай болса оның ішіндегі газ қысымы азайып, вакуум пайда болады.Сол кезде соратын клапан ашылады да сырттан ауа немесе арнаулы дайындалғанг жану қоспасы кіреді.Бұл процесті сору процесі деп атаймыз
(2.1 а - сурет).Оның ұзақтығы поршень төмен түскенге дейін созылады.
Поршеньнің ендігі жүрісі төменнен жоғары қарай бағытталады (2.1.б - сурет).Сол кезде екі бірдей клапандар жабық болғандықтан, цилиндр ішіндегі газ қысылады, яғни көлемі азаяды. Мұны қысу процесі деп атаймыз.Қысылғанг газдың қасиеті бойынша оның көлемі азайып, температурасы көтеріледі.
2.1.-сурет. Іштен жанатын төрт тактылы двигательдің жұмыс схемасы:
а-сору; б-қысу; в-ұлғаю: г-шығару.
Поршень жоғары жеткен кезде (2.1.в - сурет) қысылыптұрған, қызып тұрған жану қоспасына электр ұшқынын беріп тұтандырады немесе қызып тұрған ауаға жанар май шашылады да ол тұтанып жанады.Сонымен қысу процесінің соңында жану процесі іске асады.
Жанған газ өте үлкен жылу бөліп шығарады да ол газдың температурасы көтеріледі, ал температура көтерілсе, оның қысымы да артады.Енді осы қысым поршеньді төмен қарай итереді.Мұны ұлғаю процесі деп атаймыз. Бұл ұлғаю процесі де поршень төмен келгенше созылады (2.1.г - сурет).
Жанған газ ұлғайып біткеннен кейін поршень төменнен жоғары қарай қозғалады.Осы кезде шығаратын клапан ашылады да жанған газ сыртқа қарай поршеньмен итеріліп шығарылады.Бұл процесті - шығару процесі деп атаймыз.Енді әрі қарай осы процестер қайталана береді.
Сонымен, іштен жанатын поршеньді двигательдердіңғ жұмысы поршеньнің жүрісіне байланысты атқарылатын сору, қысу, ұлғаю және шығару процестеріне байланысты екен.Олай болса поршеньнің бір жүрісін бір такт деп атасақ, мұндай двигательдерді төрт тактылы двигатель деп атауға болады.Себебі барлық жұмыс төрт тактыда атқарылып бітеді.Ал осы жұмыстар поршеньнің екі жүрісіне атқарылатын болса, онда ондай двигательдерді екі тактылы іштей жанатын двигатель деп атайды.
Екі тактылы двигатель іштей жанатын двигателдерде клапандар болмайды
(2.2 - сурет).Олардың орнына цилиндрдің орта шенінен шығаратын және соратын тесіктер жасайды. Сол тесіктерді поршень өзі жауып, ашып тұрады.Сонда поршеньнің жарты жүрісінде бір процесс орындалады.
Екі тактылы двигательдердің жұмысы мына ретпен атқарылады.Поршень төменнен жоғары қарай қозғалғанда соратын тесіктер арқылы ауа немесе жану қоспасы айдап кіргізіледі, яғни сору процесі поршень тесікті жапқанша жүреді.Поршень соратын және шығаратын тесіктерді жапқаннан кейін, қысу процесі басталады.Ал сол процестің соңында, жоғарыда айтылған төрт тактылы двигательдегі сияқты жану мен ұлғаю процесі іске асады.Ал ұлғаю поршеньнің жарты жүрісіне дейін, яғни шығару тесігін поршень ашқанша ғана жүреді. Әрі қарай ашылған тесіктен жанған газ өз қалдық қысымы арқылы сыртқа шығады.Одан әрі жоғарыдағы қимылдар қайталана береді.Яғни, екі тактылы двигательдің төрт тактылы двигательден айырмашылығы, барлық процесс поршеньнің екі жүрісіне аяқталады.
2.2.-сурет. Екі тактылы іштен жанатын дигательдің жұмыс схемасы:
1-блок картері; 3-желдеткіш; 4-кіретін терезе; 5-цилиндр басы; 6-оттық; 7-шығатын терезе; 8-поршень.
Жоғарыда айтылған жұмыс процесінде, цилиндр ішіне сору кезінде ауа немесе жану қоспасы сорылады делінген.Осыған байланысты двигательдер тағы да екі түрге бөлінеді.Егер сору процесі кезінде сырттан тек ауа ғана сорылып кіріп, қысу процесінің соңында оған жанар май шашып араластырып, қызған газдың температурасы арқылы тұтандыратын болсақ, онда ондай двигательдерді дизельді двигательдер деп атайды.Ал егер жану қоспасын цилиндр сыртында орналасқан, арнаулы аспапта дайындап, сору кезінде цилиндр сыртында орналасқан, арнаулы аспапта дайындап, сору кезінде цилиндр ішіне сол дайындалған жану қоспасы толтырылып, оны арнаулы электр ұшқынымен тұтандыратын болсақ, онда оондай двигательдерді карбюраторлы двигательдер деп атайды.Өйткені ауа мен жанар майды осы карбюратордаараластырып, жану қоспасын жасайды.
1.2 Двигательдің құрылысы
Автомобильдерде қолданылатын двигательдер мынандай бөліктер мен жүйелерден құралады:кривошипті - шатунды және газ тарату механизмдері, қоректендіретін, майлайтын, суытатын жүйелер және оталдыратын қондырғы.
Иінді - шатунды механизм.Иінді - шатунды механизмнің бөлшектерін қозғалатын және қозғалмайтын бөлшектер деп екі топқа бөлуге болады.Қозғалмайтын бөлшектерге цилиндрді, ал қозғалатын бөлшектерге поршень, шатун және иінді білік топтарының бөлшектері жатады.Сонымен двигательдердің иінді - шатунды механизм механизмдері мынандай бөлшектер тобынан құралады:цилиндрлер тобы, поршень тобы, шатун тобы және иінді білік тобы.
Осы көрсетілген бөлшектер тобының әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады.Цилиндрлер тобы - поршеньнің әрі - бері қозғалысы кезінде бағыттаушы қызметімен қоса, оның ішінде процестер жүру үшін қажетті көлем жасап тұрады.Поршень тобының бөлшектері цилиндр мен аралықтағы қозғалуға қажетті болатын саңылауды неғұрлым берәк бітеп, цилиндр ішінде жүретін процестерге байланысты газ қысымын қабылдау қызметтерін атқарады. Шатун тобының бөлшектері поршень мен иінді білікті жалғастырып, поршеньде пайда болған газ қысымының күшін иінді білікке жеткізеді, ал керек болғанда иінді біліктегі күшті поршеньге жеткізеді. Сөйтіп, поршеньнің түзу сызықты қозғалысын, иінді біліктің айналмалы қозғалысына ауыстыру қызметін атқарады.Иінді білік тобы шатуннан келген күштің әсерінен өзі айналмалы қозғалысқа келеді де, сырттағы трансмиссия арқылы жүргізетін дөңгелектерді айналдырады.
Цилиндрлер арнаулы құйылып жасаған блоктағы ұяларға бекітіледі.Егер цилиндр "дымқыл" болса, онда оның төменгі және жоғарғы беттері ғана ұяға жанасады. Ол жерді арнаулы аралыфқ төсемдермен, сұйық ақпайтындай етіп бітейді. Ал құрғақ цилиндрлерді өн бойында бітеу жасалған ұяларға престеп орнатады.
Иінді шатунды механизмнің қозғалатын бөлшектер тобы 2.5 - суретте көрсетілген.
2.5. сурет. Иінді шатунды механизмнің қозғалатын бөлшектер тобы.
Оларды мынандай бөлшектер тобына бөлуге болады: поршень, шатун тобы және иінді - білік тобы. Олар бір - бірімен арнаулы бөлшектер арқылы жалғасады.
Поршень тобына поршенннің өзі (15), сақиналары және саусағы (6) жатады. Поршень саусағы (6) (2.5 - сурет) шіші қуыс түтік тәрізді болаттан шыңдап жасалады.Ол екі ұшымен поршеньдегі қалың құйылмаға (3) тығыз кіріп тұрады да, ортасында шатуннның жоғарғы басы (7) (2.5 - сурет) орналасады.Сонда сол саусақ арқылы шатун бұрылып, бұлғақтаған қозғалыс жасай алады.
Шатун тобының бөлшектері негізгі шатуннан, жоғарғы және төменгі басындағы подшибниктерінен (ішпектерінен) құралады.Шатунның өзі ішінде ішпегі бар жоғарғы басынан (7), сол сияқты төменгі басынан (10,11) және өзегінен (8) құралады.Жоғарғы басы, ішіндегі ішпегімен (көбінесе қоладан жасалады) поршень саусағына кіріп тұрады да оны поршеньмен жалғастырады. Ол үнемі өзара қозғалып тұратындықтан, үйкелетін саусақ пен ішпек беттерін майлайтын тесік жасалады. Шатун өзегі екі қырлы етіп жасалады.
Шатунның төменгі басы екіге жарылып (10,11) жасалғандықтан, оны иінді біліктің мойнына кигізуге мүмкіндік туады. Сол сияқты оның ішпегі (4) де екі жартыдан құралады.Шатунның төменгі бөлігін оың қақпағы деп атайды және ол болттар (9) арқылы иінді білік мойнына киілгеннен кейін, шатун басының екінші жартысына бекітіледі.
Қозғалатын бөлшектер тобындағы ең күрделісіне иінді біліктің бөлшектер тобы жатады. Бұлар иінді біліктен, оның ішпектерінен, маховиктен және басқа жүйелердегі механизмдерді іске қосатын шестерня (31) мен шкивтен (33) құралады.
Иінді біліктің негізгі қызметі шатуннан келген күшті иін түрінде жасалған шатун мойны (3, 13) арқылы қабылдап, тірек мойындары (29, 12, 24, 19) арқылы айналмалы қозғалыс жасайды.Тірек мойындары мен шатун мойындарымен жақтау (25) арқылы жалғасып тұрады.Кейбір жақтауларға тірек мойындарын ортадан тебетін күштерден жеңілдету үшін қарсы жүктер (28, 17) бекітіледі.
Иінді біліктің алдыңғы жағынан (32) шестерня (31) бекітіледі.Ол шестерня газ тарату механизмін іске қосады.Онымен қоса белдікті беріліс үшін шкив (33) бекітіледі де онымен суыту жүйесінің, электр генераторларын және тағы басқа осындай қосымша құралдарды қимылға келтіреді. Иінді біліктің артқы жағына (20) арнаулы фланец арқылы маховик (18) бекітіледі.
Иінді біліктің осы көрсетілген бөлшектері біртұтас біріктіріліп болаттан қалыптастыру (штамптау) арқылы жасалынады.Сондықтан олар бөлшектенбейді.Иінді біліктің пішіні двигательдегі цилиндр саны мен жұмыс тәртібіне қарай заводта бір - ақ рет жинақталып құралады.Тірек мойындарындағы ішпектер, жоғарыда айтылған, шатун ішпектері тәрізді жасалады.Олар арнаулы жарты төсемелер (22, 27, 30) арқылы цилиндр блогының картеріне бекітіледі.
Иінді біліктің өн бойында жағар май жүретін қуыстар (23) жасалып, арнаулы бітегіштерімен жабылып қойылған. Сол қуыстар арқылы тірек және шатун мойындары қысыммен келетін маймен майланып тұрады. Әрі сол майлар ортадан тепкіш күштің әсерінен тазаланады, яғни майдың құрамындағы лас заттар сол қуыстардың керегелеріне жабысып қалады. Двигательді капиталдық жөндеу кезінде арнаулы бітегіштерді ашып, сол қуыстарды тазалап отырады.
Газ тарату механизмі. Газ тарату механизмі, иінді шатунды механизмнің жұмысына сәйкес, цилиндр ішінде жүретін процестерді басқарады.Сору процесі кезінде цилиндр ішіне жану қоспасын (карбюраторлы) немесе ауа (дизельді) кіргізеді. Ол үшін сору клапанын ашады. Қысу, жану, ұлғаю процестері кезінде цилиндр ішіне, сырттан қатыстырмай, жауып ұстап тұрады, ал шығару процесі кезінде, шығару клапанын ашып, жанған газды сыртқа шығарып жібереді. Осы аталған қызметтерді атқару үшін газ тарату механизмі негізгі екі топтан тұрады.Олар клапандар тобы мен оларға қозғалыс беретін жетек тобы. Ал осы бөлшектер тобының орналасуына байланысты газ тарату механизмі бірнеше түрге бөлінеді.Олар көбінесе клапандардың орналасуына байланысты, жоғарғы және жандық газ тарату механизмдер болып бөлінеді.Жандық газ таратыу механизмі (2.7.а - сурет) кезінде клапандар (5) цилиндрдің жанына жасалған ұяда (6)тұрады, ал клапандары (5) (2.7.б - сурет) жоғарыда орналсқан газ тарату механизмінде цилиндр басындағы ұяда (6) тұрады. Осындай клапандардың орналасу түріне байланысты, олардың жетегі де әртүрлі болады. Жандық орналасқан газ тарату механизмдерде (2.7.а - сурет) жетек механизмі иінді біліктің шестернясымен (2) үнемі тістесіп тұратын шестернясы (1) бар жұдырықша білікшеден (10), итергіштен (9)және реттегіш болттан (4) құралады. Ал клапандары жоғарыда орналасқан газ тарату механизмінде (2.7.б - сурет) осыларға қосымша штанга (14), куйенте (11) арнаулы оське (12) бекітіледі.
2.7.-сурет. Газ тарату механизмінің схемасы.
1,2-жетек шестернялары; 3-иінді білік; 4-болт; 5-клапан; 6-клапан ұясы; 7-серіппе; 8-тарелка; 9-итергіш; 10-жұдырықша; 11-күйенте; 12-ось; 13-кронштейн; 14-штанга.
Автомобиль двигательдерінде көбінде газ тарату механизмі газ тарату фазасын тұрақты ұстап отырады .
Газ таратудағы фазаның диаграммасы - бұл клапандардың ашылу немесе жабылу моменттерінің (фаза) иінді білік бұрылу бұрышымен сипатталған және дөнгелек диаграмма түрінде берілген.Газ таратудағы диаграммада көрсетілген аралықтарды, двигательдің жылдам жүруін ескере отырып береді. Неғұрлым иінді біліктің айналу жиілігі жоғары болса, соғұрлым ол үлкен. Сору және шығару клапандарының бір мезгілде ашылу уақыты кейбір двигательдерде
16° - тан 60° - қа дейін толқып тұрады.
Ең тиімді газ тарату диаграммасын әрбір двигательге эксперимент түрінде анықтайды.Қабылданған газ тарату диаграммасы ( аз ғана ауытқуы) двигательдің үнемділігін және қуатын азайтады.
Механикалық газ тарату механизмді двигательдерде (ГТМ) газ тарату фазасы басқарылмайды немесе шапшаң реттелмейді.
Кейінгі кездерде газ тарату механизмін (ГТМ) ашу және жабу бұрыштарын электронды жүйемен реттеу қолданып жүр.
Көптеген өндірушілер двигательдерде гидромеханикалық, электромеханикалық немесе басқа жолмен басқарылатын жүйесі бар және оның үстіне олар электрондық хабар бергіш жүйесімен жабдықталған қондырғылардың көмегімен басқарылып жұмыс істейтін газ тарату механизмін орнатқандықтан, газ тарату диаграммасын өзгертуге мүмкіндік туады.
Басқарылмайтын газ тарату фазасы төменгі айналу жиілігінде тиімсіз, өйткені мұндай жағдайда цилиндрге ертерек кірген ауа бөліктерін енгізу клапаны жабылар алдында итеріп шығарады, ал шығару клапаны тым ерте ашылады.Соның салдарынан цилиндрден жоғарғы қысымдағы энергиясы толық қолданылып, жұмысқа айналмаған газдар шығып кетеді.
Қазіргі заманғы кейбір двигательдерде цилиндрлерінің жақсы толуын қамтамасыз ету үшін, иінді біліктің айналу жиілігіне байланысты, газ тарату фазасындағы клапандардың ашылу - жабылу кезеңдерін шапшаң реттеледі.
Иінді біліктің айналу жылдамдығының аздығынан, клапандардың ашылуынан жабылуына дейінгі уақыт созылады және цилиндр ауамен немесе жанатын қоспамен жақсы толады.
Цилиндрдегі ұлғаю процесі кезінде поршеньге ұзағырақ әсер етуі үшін шығару клапаны ТӨН жақынырақ ашылуы және ЖӨН кейін аз кешігіп жабылуы керек.Сондықтан, төменгі айналу жиілігі кезінде шығару тактісі жүргенде, поршеньнің ЖӨН қозғалуына қалдық газдардың қарсы қысымы әсер етпейді.
Мұндай батыл қадамға 1993ж бірінші болып Alfa Romeo компаниясы қадам басты.Ол двигательге электрондық жүйе дабылымен басқарылып жұмыс істейтін, екі жоғарғы тарату бөлігінің бастапқы бұрыштық жағдайын бұрылыспен өзгертетін гидромеханикалық жүйесін орнатты.Кейінірек тура осы принцип Daimeer - Benz және Nissan фирмаларында қолданылады.
Двигательдің төмен айналысында бұраушы момент 25 - 35co, ал номиналды айналыста 5co көбейеді.Клапанды ашып - жабуды реттеуде болашағы үлкен жүйе - электромагниттік реттегіштер. Реттеу дәлдігі 0,005 секунд ішінде жүзеге асады. Осындай газ тарату фазасын басқарушы двигатель клапандарын электро - магнитті басқару жүйесі жасалып және автомобильдерде қолданып жүр.
Майлау жүйесі. Двигательдің жұмыс істеу кезінде оның қозғалатын бөлшектері өте күрделі қозғалыстар жасайды. Сол кезде олар әрі қозғалмайтын бөлшектерге жанасып үйкеліседі.Жоғарыда айтқандай, ондай үйкелетін беттерді қаншалықты мұқият тегіс етіп өңдегенде қарамастан, оларды микробедерлер сақталып қалады. Егер сол беттер өзара үйкелетін болса, сол бедерлер бір - бірімен айқасын, бөлшектердің жылжуына үлкен кедергі келтіреді.Сондықтанда сондай құрғақ үйкелісті, сұйықтық үйкеліске айналдыру қызметін майлау жүйесі іске асырады, яғни бөлшек бедерлерінің ой жерлері сұйық майға толады да екі қырдың бір - біріне айқасу құбылысын болдырмайды. Әрі қарай бөлшектердің жылжуы енді сұйық майдың жылжуына байланысты болғандықтан, үйкеліс мүлде жеңілдейді.
Үйкеліс беттерінемайлайтын сұйықтықты жеткізуге байланысты, майлау жүйесін үш түрге бөлуге болады. Бірінші үйкеліс беттеріне үлкен қысыммен беріледі де үйкелетін екі бөлшек тіпті бір - бірімен тек сұйық қабат арқылы жанасады. Екінші үйкеліс беттеріне майды қысымсыз ағызыпнемесе шашып береді. Бұл кезде үйкелетін екі бөлшек жартылай сұйықпен, жартылай өзара жанасады.Үшінші түрі үйкеліс беттеріне әрі қысыммен, әрі шашып береді. Мұны құрама майлау жүйесі деп атайды.
Двигательдердің бөлшектері құрылысы жөнінен және жұмыс істеу жағдайларына байланысты әртүрлі болатындықтан, оларды майлаудың бір ғана түрін, яғни тек қысыммен немесе тек шашып беретін тәсілін қолдана алмайды.Сондықтанда қазіргі двигательдердің барлығында құрама майлау жүйесі қолданылады, яғни кектер қысыммен, кейбір бөлшектер шашып майланады.
2.10 - суретте осындай құрама майлау жүйесінің принципиалдық схемасы көрсетілген.Оның жалпы құрылысы мен жұмысы мына төмендегіше болады. Майлайтын сұйық (көбінесе двигательдік майлар) картер түбіне құйылып қойылады. Оның деңгейі белгілі бір мөлшерде болуға тиіс және оны арнаулы көрсеткішермен (16) үнемі бақылап отырады. Енді осы картер түбіндегі май арнаулы сүзгімен жабдықталған қабылдағыш (6) арқылы май насосымен (7) солып алынады да қысыммен әрі қарай сүзгілерге (1, 10) жіберіледі.
Сүзгілер екі түрлі болады: біреуі ірі тазартқыш (1).Сондықтанда олардың бүтті жүйеге қосылу тәсіліне қарай толық немесе жартылай ағынды сүзгілер деп түрлендіредлі. Толық ағынды сүзгілер жүйедегі насос ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz