Блокты автоматтандырылған демульсаторлар



1 Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
1Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.1 Блокты автоматтандырылған қыздырғыштар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Қыздырылған мұнайды сусыздандыруға арналған тұндырғыштар ... ... ...
1.3 Блокты автоматтандырылған демульсаторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4 Ұңғы өнімдерін жинау, дайындау және тасымалдау кезінде
қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Экономикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Мұнайгаз өндірістік басқармасының ұйымдастырушылық құрылымы ... .
2.2 Негізгі және қосалқы өндірісті ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Өндірістік техникалық жабдықталуы, автоматтандырылуы
мен телемеханикалық дәрежесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Материалдық . техникалық жабдықтауды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ..
2.5 Кәсіпорынның көлік құралдарын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.6 Скважиналарды жөндеуді ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.7 Жаңа техника мен технологияны енгізудегі жылдық
экономикалық тиімділікті анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.8 Іс.шараны енгізгеннен кейінгі мұнай өндіру көлемін есептеу ... ... ... ...
3 Еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі ... ... ... ... .
3.1 Еңбекті қорғауға жауапкершілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Электр қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 Электр қондырғылары мен электр берілістерін жөндеген кездегі
қауіпсіздік шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.4 Өндіріс орындарында өрт қауіпсіздігін қамтасыздандыру ... ... ... ...
4 Қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4.1 Қоршаған ортаға зиянды заттардың әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.2 Атмосфераны қорғау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.3 Қабаттық және жер үсті суларын қорғау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.4 Жер бетін (топырақты) және жер қойнауын қорғау шаралары ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Мұнай өнеркәсібінің қарқынды дамуына байланысты ұңғы өнімін кәсіпшілікте жинау, тасымалдау және дайындау жүйесін жетілдіру мәселесіне көп көңіл аударылады. Мұнайгаз өндіру кәсіпорындары мұнай өндіруді, мұнайды жинау, дайындау және тасымалдауды, мұнай газын жинау және дайындауды, қабат қысымын ұстап тұру жүйесінде пайдаланылатын тұщы және қабат суларын қабатқа айдау үшін дайындауды қамтамасыз ететін негізгі және қосалқы міндеттерді атқаратын құрылымдардың күрделі кешені болып табылады. Тұтқырлығы жоғары шайырлы және парафинді мұнайларды өндіруде, ұңғы өнімінің құрамында күкіртсутегі және көмірқышқыл газы болғанда арнайы мәселелер туындайды. Мұнай кен орындарының тұрғызу жобасын жасауда және мұнай мен газ кен орындарын игеру кезінде жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауға, топырақтың, судың және атмосфералық ауаның ластануынан сақтауға үлкен көңіл бөлінеді. Мұнай кен орындарын игерудің қазіргі таңдағы дүниежүзілік тәжірибесі әртүрлі жағдайларда мұнайды, ілеспе газды және суды тиімді жинау және сапалы дайындауды қамтамасыз ететін әртүрлі техникалық және технологиялық шешімдерді, тәсілдер мен жабдықтарды қолданумен сипатталады. Технологиялық үрдістерде өнімділігі жоғары, толығымен немесе бір бөлігі ғана автоматтандырылған, саңылаусызданған блокты аппараттар мен жабдықтар қолданылады. Мұнай өнімін жинау және дайындау жүйесіне келесі талаптар қойылады:
- өндіру ұңғыларының өнімін саңылаусыз жинау және тасымалдау;
- әр ұңғы бойынша мұнай, газ және суды автоматты өлшеу;
- ұңғы өнімдерін тауарлы өнім нормасына дейін дайындау, оны автоматты бақылау және есептеу;
- өнімді тасымалдау үшін қабат энергиясын тиімді пайдалану;
- технологиялдық қондырғылардың беріктігі және толық автоматтандырылуы;
- жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Афанасьев, JI. J1. Конструктивная безопасность автомобиля . JI. Афанасьев, А.Б. Дьяков, В.А. Илларионов. - М.: Машиностроение, 1983. - 212 с.
2. Теория и конструкция автомобиля. / В.А. Илларионов [и др.]; по ред. В.А. Илларионова. - М.: Машиностроение, 1985. - 368 с.
3. Гомицкий, И. И. Безопасность движения на автомобильном транспорте: справочник / И. И. Томицкий, В. JI. Чаруев, Ю. Ф. Щербинин. - М. Транспорт, 1988,- 158 с.
4. Бочаров, Е. В. Безопасность дорожного движения: справочник / Е. В. Бочаров. - М.: Росагропромйздат. 1986.-284 с.
5. Илларионов, В. В. Экспертиза дорожно-транспортных проишествий: учебник для вузов / В. В. Илларионов. - М.: Транспорт, 1989. - 255 с.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

1 Кіріспе 7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1Технологиялық бөлім 8
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
Блокты автоматтандырылған 8
қыздырғыштар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 13
1.2 Қыздырылған мұнайды сусыздандыруға арналған тұндырғыштар ... ... ... 15
1.3 Блокты автоматтандырылған демульсаторлар
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 18
1.4 Ұңғы өнімдерін жинау, дайындау және тасымалдау кезінде 21
қойылатын талаптар 21
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
... ... ... ...
2 Экономикалық бөлім 23
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.1 Мұнайгаз өндірістік басқармасының ұйымдастырушылық құрылымы ... . 23
2.2 Негізгі және қосалқы өндірісті ұйымдастыру 24
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
2.3 Өндірістік техникалық жабдықталуы, автоматтандырылуы 26
мен телемеханикалық дәрежесі 27
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
... ... ... ... 28
2.4 Материалдық – техникалық жабдықтауды ұйымдастыру 31
... ... ... ... ... ..
2.5 Кәсіпорынның көлік құралдарын ұйымдастыру 33
... ... ... ... ... ... ... ... .. .. 34
2.6 Скважиналарды жөндеуді 37
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 37
2.7 Жаңа техника мен технологияны енгізудегі жылдық 39
экономикалық тиімділікті анықтау 41
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 42
2.8 Іс-шараны енгізгеннен кейінгі мұнай өндіру көлемін есептеу 45
... ... ... ... 46
3 Еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі және өрт
қауіпсіздігі ... ... ... ... .
3.1 Еңбекті қорғауға
жауапкершілік ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .
3.2 Электр
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
3.3 Электр қондырғылары мен электр берілістерін жөндеген кездегі
қауіпсіздік шаралары
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
3.4 Өндіріс орындарында өрт қауіпсіздігін
қамтасыздандыру ... ... ... ...
4 Қоршаған ортаны
қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4.1 Қоршаған ортаға зиянды заттардың әсері
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
4.2 Атмосфераны қорғау шаралары
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.3 Қабаттық және жер үсті суларын қорғау
шаралары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
4.4 Жер бетін (топырақты) және жер қойнауын қорғау
шаралары ... ... ... ... ...
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..

КІРІСПЕ

Мұнай өнеркәсібінің қарқынды дамуына байланысты ұңғы өнімін
кәсіпшілікте жинау, тасымалдау және дайындау жүйесін жетілдіру мәселесіне
көп көңіл аударылады. Мұнайгаз өндіру кәсіпорындары мұнай өндіруді, мұнайды
жинау, дайындау және тасымалдауды, мұнай газын жинау және дайындауды, қабат
қысымын ұстап тұру жүйесінде пайдаланылатын тұщы және қабат суларын қабатқа
айдау үшін дайындауды қамтамасыз ететін негізгі және қосалқы міндеттерді
атқаратын құрылымдардың күрделі кешені болып табылады. Тұтқырлығы жоғары
шайырлы және парафинді мұнайларды өндіруде, ұңғы өнімінің құрамында
күкіртсутегі және көмірқышқыл газы болғанда арнайы мәселелер туындайды.
Мұнай кен орындарының тұрғызу жобасын жасауда және мұнай мен газ кен
орындарын игеру кезінде жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауға,
топырақтың, судың және атмосфералық ауаның ластануынан сақтауға үлкен көңіл
бөлінеді. Мұнай кен орындарын игерудің қазіргі таңдағы дүниежүзілік
тәжірибесі әртүрлі жағдайларда мұнайды, ілеспе газды және суды тиімді жинау
және сапалы дайындауды қамтамасыз ететін әртүрлі техникалық және
технологиялық шешімдерді, тәсілдер мен жабдықтарды қолданумен сипатталады.
Технологиялық үрдістерде өнімділігі жоғары, толығымен немесе бір бөлігі
ғана автоматтандырылған, саңылаусызданған блокты аппараттар мен жабдықтар
қолданылады. Мұнай өнімін жинау және дайындау жүйесіне келесі талаптар
қойылады:
- өндіру ұңғыларының өнімін саңылаусыз жинау және тасымалдау;
- әр ұңғы бойынша мұнай, газ және суды автоматты өлшеу;
- ұңғы өнімдерін тауарлы өнім нормасына дейін дайындау, оны автоматты
бақылау және есептеу;
- өнімді тасымалдау үшін қабат энергиясын тиімді пайдалану;
- технологиялдық қондырғылардың беріктігі және толық автоматтандырылуы;
- жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау.
1 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Блокты автоматтандырылған қыздырғыштар
Қыздыру блоктары мұнайды дайындау қондырғысының тереңірек сусыздандыру
және тұзсыздандыру аппараттарының алдында мұнай эмульсияларын қыздыруға
арналған. Қыздыру блоктарының келесідей модификациялары шығарылады: НН
түріндегі көлемдік қыздырғыштар, БН түріндегі құбыр ішіндегі құбыр
қыздыру блоктары, ПТБ түріндегі блокты тұрбалы пештер. НН түріндегі
қыздырғыштар – көлденең сыйымдылықтар негізінде жасалған мұнай
қыздырғыштары (НН-1,6; НН-2,5; НН-4,0; НН-6,3), олардың ішкі қуысы екі
бөлікке бөлінген, онда газдық инжекторлы оттықпен және түтіндік мұржалармен
жабдықталған екі-екіден қыздырғыш құбырлары бекітілген. Бұл қыздырғыштарға
эмульсияны аппараттың төменгі бөлігінен жібереді, ол қыздыру құбырларын
жанап өтіп, дренажды су қабатынан қалқып шығады. Мұнай, бөлінген су және
газ аппараттың жоғарғы жағындағы жалпы коллектор арқылы шығарылады.
Аппараттың шығуындағы ең жоғарғы температура 90º С жетеді. Сулылығы 25%
және қыздыру температурасы 40º С болған кезде аппараттың өнімділігі 2000-
8000ттәул. жетеді.
Қыздыру құбырлары үнемі бөлінген қабат суында тұратындықтан, қабат
сулары қыздыру құбырларының қабырғыларында тұз шөгінділерін түзбеу үшін
сәйкес талаптар қойылған. НН түріндегі блокты қыздырғыштарды тұз
шөгінділерін түзуге қабылеті аз, жеңіл, орташа және ауыр мұнайларды өңдеу
үшін қуаты жылына 0,5-6 млн. тоннадай болатын мұнай дайындау кешендерінде
қолдану ұсынылған. БН түріндегі құбыршалы блокты қыздырғыштар (БН-5,4; БН-
М) мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандыру процесі кезінде эмульсияны жедел
түрде қыздыруға арналған. Сонымен қатар, оларды тұтқырлығы жоғары парафинді
мұнайларды құбырлар желісі бойынша бірқалыпты тасымалдау барысында қыздыру
үшін қолданады. 1.1 суретте мұнай дайындау қондырғыларында қолданылатын БН-
5,4 блокты қыздырғышы көрсетілген.

Сурет 1.1. БН-5,4 блокты қыздырғышы

1-қыздырғыш құбыры; 2-қабырғалы қыздырғыш құбыры; 3-тұлғасы; 4-линзалы
компенсатор; 5 - оттық; 6 - түтін шығатын мұржа; I - мұнай эмульсиясы; II-
отындық газ.

БН-5,4 қыздыру блогы өзара таратушы коллектор көмегімен тізбектей
жалғанған төрт көлденең орналасқан құбыр ішіндегі құбыр қыздыру
элементтерінің жиынтығы болып табылады. Қыздырғыштар көлденең балкаларға
бекітілген. Мұнай-су эмульсиясы қыздыру құбырының бетімен жанасқан кезде
қызады. Қыздыру құбыры газдың турбина түріндегі газ оттықтарында 5 (жану
камерасында) жануы әсерінен қызады. Мұнай эмульсиясының қозғалыс жолын
ұзарту және оның жанып тұрған газбен қабырға арқылы жанасу уақытын көбейту
үшін құбыраралық кеңістіктегі мұнай эмульсиясыеың қозғалысы үлкен
жылдамдықпен винттік сызық бойынша бағытталған. Барлық төрт қыздыру
элементтерінің мұржалары биіктігі 20 метрлік жалпы түтін шығару мұржасына
жалғанған. Қыздыру элементтері өзара былай байланысқан, яғни олардың
әрқайсысын блоктың жұмысын тоқтатпай-ақ өшіруге болады, яғни мұнай
эмульсиясын қыздырғыш элементтердің кез келгенінің маңынан өткізуге болады.
Қыздыру блогының жұмысы кезінде автоматты түрде шығар басындағы мұнай
эмульсиясының температурасы, оттыққа берілер алдындағы газдың қысымы, жану
камерасында жалынның болуы реттеліп тұрады. Қауіпсіздік автоматикасымен
эмульсия циркуляциясының тоқтауы, қыздыру температурасының көтерілуі, жану
камерасындағы жалынның сөнуі кезінде жанғыш газдың берілуін тоқтату
қарастырылған. Қыздыру блогынан кейін мұнай эмульсиясы таратқыш коллектор
бойымен саңылаусызданған тұндырғыштарға келіп түседі, бұл жерде ағын баяу
жылдамдықпен қозғалған кезде эмульсия мұнай мен суға бөлінеді.

БН-5,4 түріндегі қыздыру блогының техникалық сипаттамасы

Сулану 30% болған кезде сұйықтық
3000
бойынша өнімділігі, ттәул
Эмульсияны қыздыру температурасы, ºС
80
Жүйедегі қысым, МПа
0,6
Отындық газдың шығыны, м3сағ
800
Массасы, т
8,8

Сипатталған қыздыру блоктарының УДО қондырғыларынан мынадай
артықшылықтары бар:
- отындық газды пайдалану коэффициенті 20%-ға жоғары;
- ақаулар немесе қыздыру құбырларының бұзылуы кезінде жөндеу немесе блокты
ауыстыру уақыты азаяды;
- қыздыру блогының өнімділігі 2 – 3 есе жоғары, ал металл сыйымдылығы 1,5
есе төмен.
ПТБ түріндегі блокты құбыршалы пештер (ПТБ-6,3; ПТБ-10) суланған
мұнайды терең сусыздандыру және тұзсыздандыру аппараттарының алдында
қыздыруға арналған. Өткізгіштік қабілеті жылына 3,6 және 9 млн.тонна
болатын қондырғыларда тоттану әрекеттілігі жоғары, тұздарды жинауға бейім
және механикалық қоспалары көп мұнай эмульсияларын қыздыруға арналған
қондырғыларда пайдалануға болады. ПТБ-10 пеші (1.2 және 1.3 суреттер) жылу
алмастырғыш камерадан, тірек блогынан, басқару және сигнал беру блогынан
тұрады (БСБ). Жылу алмастырғыш камера-1 ішінде диаметрі 150 мм қабырғалы
құбырлардан жасалған төрт бірдей иір құбыры бар ұзынша жылу жібермейтін
тұрықтан тұрады. Бүйір қабырғасының төменгі жағында екі-екіден түтін
шығаратын құрылғы орнатылған, олардың фланецтеріне сыртқы жағынан түтін
шығатын мұржалар бекітеді. Тұрықтың төменгі жағына төрт циклонды оттықпен
бекітіледі. Вентилятормен айдалатын ауаның жылдам айналуы оның отын газымен
жақсы араласуына әсер етеді. Оттық пен камераның конструкциялық
ерекшеліктері отынның толық жануын қамтамасыз етеді. Ауаны жеткізу жүйесіне
жалынның өтуі мүмкін емес, жылу алмастырғыш камера жарылыс клапандарымен
және бақылау құрылғыларымен жабдықталған. Мұнай-су эмульсиясы төменгі
енгізу коллекторына кіреді, оның көмегімен ол төрт бірдей ағынға бөлінеді
және сәйкесті иір құбырлары арқылы өткен кезде қажетті температураға дейін
қызады. Пештен шығар кезде ағындар бір ағынға бірігеді. Мұнай-су эмульсиясы
қабырғалы құбырлардың қабырғасы арқылы отынның жануының ыстық өнімімен
қыздырылады. Технологиялық процесті бақылаушы және реттеуші аспаптар тірек
блогында орналасқан.

ПТБ-10-64 құбыршалы қыздырғыштардың техникалық сипаттамасы

Жылу өнімділігі, МВт
11,6
Сулану 50% болған кезде сұйықтық
бойынша өнімділігі, ттәул
10 000
Эмульсияны қыздыру температурасы, ºС
50
Жүйедегі қысым, МПа
6,4
Отын газының шығыны, м3сағ
1600
Масса, т
57,1

ПТБ түріндегі құбырлы пештер тұтқырлығы жоғары мұнайды және мұнай
эмульсияларын кәсіпшілік ішінде жинай және тасымалдау жүйесінде
қыздырғыштар ретінде қолданылуы мүмкін ПТБ-10 түріндегі пештерді Өзен кен
орнында теңіз суын жылытуға (қабат қысымын ұстап тұру үшін және өнімді
горизонттардың мұнай бергіштігін ұлғайту мақсатында) қолданады. ПТБ-10
түріндегі пештің негізінде су жылытуға арналған және жұмыстық қысымы 13 МПа
болатын ПТБ-10-160 пеші жасалған.

Сурет 1.2. ПТБ-10 блокты құбыршалы пеші

1- жылу алмастырғыш камера; 2 - пештің тірек блогы; 3 -
жылы орама;
4 - салқын эмульсияны енгізетін аузы; 5 - ыстық эмульсияны
шығаратын аузы;
6 - түтін шығатын мұржа.

Сурет 1.3. ПТБ-10 блокты құбыршалы пешінің жылуалмастырғыш камерасының
көлденең қимасы

1- тұтандырғыш; 2 - отындық газды беретін жер; 3 - ауаны беретін жер; 4
- циклонды оттықтың тұрқы (корпусы); 5 - сопло-сұғындырма; 6 - жылу-
алмастырғыш құбырлар; 7- жылу сақтағыш (ұстағыш),
1.2 Қыздырылған мұнайды сусыздандыруға арналған тұндырғыштар
Мұнайды өндіру кезінде оның құрамынан суды алдын-ала бөліп алу үшін
немесе мұнай эмульсияларын пештерде қыздырғаннан соң мұнайды толық
сусыздандыру үшін тұндырғыштар қолданылады. Тұндырғыштар - оларға толықтай
немесе бір бөлігі ғана бұзылған эмульсиялар түскен кезде мұнайдан суды
бөлуге арналған. Олар аппараттан шығар кездегі өнім құрамындағы су мен
тұздың мөлшері тауарлық мұнайдың сапасына қойылатын стандарттарға сәйкес
болуын қамтамасыз етуі керек.
Қазіргі кезде үздіксіз және жартылай үздіксіз жұмыс істейтін цилиндр
пішінді саңылаусыз тұндырғыштар көп қолданылады. Тұндырғыштарда
эмульсиялардың бөліну процесі статикалық немесе ламинарлық режим жағдайында
жүреді. Эмульсияларды тұндырғыштарға енгізу тәсілі бойынша, бұл
апппараттарда ағыс қозғалысының бағыты тігінен немесе көлденеңінен жүретін
тұндырғыштар деп бөлуге болады. Тұндырғыштарда эмульсиялар үш түрлі
тәсілмен енгізіледі (1.4 сурет): тарату коллекторлары 2 арқылы үстінен – а
немесе астынан - б немесе эллипс тәрізді жасалған түбі жағынан – в.

Сурет 1.4. Тұндырғышқа эмульсияны беру

1- ағын жылдамдығын теңестіруге арналған решетка; 2 –
тарату коллекторы;
3 – кедергі; 4 – қалтқыма
Эмульсияларды енгізу тәсілі эмульсияның бұзылу дәрежесіне, тұндырғышқа
келіп түсетін мұнай мен судың тұтқырлығы мен тығыздығына және мұнайдың
сулану дәрежесіне байланысты:
- салыстырмалы түрде тұтқырлық жоғары болса (10 мПа·с), онда төменгі тарату
коллекторы арқылы немесе эллипстік түбі арқылы енгізіледі;
- мұнайдың тұтқырлығы төмен болса (1-2 мПа·с) және сулану дәрежесі жоғары
болса, жоғары тарату коллекторы арқылы енгізіледі.
Эмульсияны аппаратқа жоғарыдан енгізгенде су тамшылары мұнайдың астына
шөгеді, ал төменнен енгізгенде мұнай тамшылары су қабатынан көтеріледі.
Мұнай дайындау қондырғыларында (МДҚ) тұндырғыштарды параллель жалғау
олардың мұнаймен және сумен ретсіз жүктелуіне әкеліп соғады, нәтижесінде
МДҚ-ның технологиялық жұмыс режимі бұзылып, олардың жұмысының тиімділігі
азаяды. Практикада шикізатты төменнен енгізуді және оның тұндырғышта тік
бағытта қозғалуын қамтамасыз ететін тұндырғыштар кең тараған (ОГ-200, ОГ-
200С, ОВД-200).
Төменде 1.5 суретте ОГ-200С тұндырғышы көрсетілген, ол құрамындағы
күкіртсутек және басқа да агрессивті компоненттерінің мөлшері аз, жеңіл
және орташа мұнайларды дайындауға арналған. Бұл тұндырғышта мұнай
эмульсиясын қыздыру кезінде және жүйедегі жалпы қысымның төмендеуі
барысында бөлінген еркін газды аппараттан шығару қарастырылған. ОГ-200С
тұндырғышы екі бөлікке (айыру және тұндыру) бөлінген цилиндрлі сыйымдылық
болып табылады, бұл екі бөлік тұндырғыштың төменгі жағында орналасқан
коллектор-таратқышы арқылы байланысқан. Айырғыш бөліктің жоғарғы жағында
ағызу сөрелері бар эмульсияны таратқыш және газ айырғышы орналасқан.
Тұндыру бөлігінің төменгі жағында екі құбыршалы тесілген коллектор
бекітілген, олардың үстінде бүйір қабырғаларында тесіктері бар қорап
пішінді эмульсияны таратқыш орналасқан. Бөліктің жоғарғы жағында таза
мұнайды аппараттан шығаруға арналған штуцермен өзара байланысқан төрт мұнай
жинағыш орналасқан. Бөліктің алдыңғы (топсалы) жағында фаза аралық деңгейді
реттейтін құрылғысы бар су жинау камерасы орналасқан. Реагент-демульгатор
қосылған қыздырылған мұнай эмульсиясы айыру бөлігіндегі 1 эмульсияларды
таратқышқа келеді де ағызу сөрелері және корпустың қабырғалары бойымен
бөліктің төменгі бөлігіне ағып түседі.

Сурет 1.5. ОГ-200С көлденең орналасқан тұндырғышы

1 – айыру бөлігі; 2 – тұндыру бөлігі; 3 – тесігі бар коллектор; 4 –
эмульсияны таратқыш; 5 – мұнайды жинағыш; 6 – мұнай-су деңгей реттегіші;
I – эмульсияны енгізу; II – газды алу; III – таза мұнай; IV – суды
шығару.

Мұнайды қыздырудың және қысымның төмендеуі әсерінен бөлінген газ
айырғыш арқылы өтіп, газ жинау торабына жеткізіледі. Мұнай эмульсиясы
тесігі бар коллектор-3 арқылы тұндыру бөлігіне -2 келіп түседі, одан әрі
қорап тәріздес таратқыштардың тесіктері арқылы өтіп бөліктің жоғарғы жағына
көтеріледі. Бұл кезде мұнайдың қабат суымен шайылуы және сусыздануы жүреді.
Таза мұнай жинағыш коллекторға - 5 түсіп, аппараттан шығарылады. Мұнайдан
бөлінген су құйылу құрылғысы арқылы су жинау камерасына түседі және мұнай-
су деңгей реттегішінің - 6 көмегімен ағын суларды дайындау жүйесіне ағып
түседі.

1.3 Блокты автоматтандырылған демульсаторлар
Кәсіпшілікте мұнайды дайындау қондырғыларында тік демульсаторлар және
көлденеңді демульсаторлар кеңінен қолданылады. Тік жасалған мұнайды
дайындау аппараттары мұнай жинау пунктерінің ауданын қысқартуға қатаң
талаптар қойылған кезде, мұнайды дайындау және жинауда артықшылықтары бар.
Көптеген шетел, соның ішінде АҚШ фирмалары қазіргі кезде құрылысымен,
өлшемдерімен, қыздырғыштардың санымен және түрімен, жеделдету тәсілдерімен
ерекшеленетін тік демульсаторлардың мол түрлерін шығарады. Тік
демульсаторлардың көлемі 5-80м3 аралығында өзгереді. Бұл аппараттың
айыру, қыздыру және сусыздандыру бөліктері болады және тұндыру бөлігінде
эмульсия ағынының қажетті таралуын қамтамасыз ететін қыздыру құбырының
астындағы эмульсияларды таратқыштар, тесігі бар бөгеттер, сөрелер және т.б.
құрылғылармен жабдықталады. Тік демульсаторлардың кейбір кемшіліктері бар:
өнімділіктері төмен, қыздырылған мұнайдың қатты ағыны әсерінен тұндыру
бөлігіндегі эмульсияның нашар таралуы.
Көлденеңді демульсаторлар. Келесі түрдегі блокты қондырғылар
шығарылады: УДО-2М, УДО-3,УДО-15006, СП-2000ДГ-2500, ДГ-6300, БН-М және
т.б. Осы аппараттардың ішіндегі ішінде ең көп таралғаны – УДО-3 түріндегі
демульсаторлар.
УДО-3 демульсаторы (1.6 сурет) қыздыру блогы -1, Тұндыру блогы (II)
және бақылау - өлшеу блогынан тұрады. Қыздыру және тұндыру блоктары тік
бөгеттермен бөлінген, диаметрі 3,4м көлденең цилиндрлі тұрықта орналасқан.
Құрамында демульгаторы бар мұнай эмульсиясы жылу алмастырғыштарда алдын-ала
қыздырылған соң жоғарыдан құбырша-2 арқылы қыздыру бөлігіне келіп түседі,
қыздыру бөлігі цилиндрлі бөгетпен-3 екі қуысқа – ішкі және сыртқы бөлінген.
Ішкі қуыс бөлігінде U түріндегі қыздыру құбырлары-4 орналасқан. Мұнай
эмульсиясы бөгеттің төменгі тесіктері арқылы I бөлікке келіп түседі, мұнда
ол қыздыру құбырларында газдың әсерінен 60º С-дейін қыздырылады.
Қыздырылған эмульсия бөгеттен асып төгіліп, тарату коллекторы-11 арқылы
тұндыру бөлігіне II келіп түседі, одан ол аппараттың барлық қимасы бойынша
желобтар көмегімен су қабатынан өтіп, таза мұнай жинағышқа-10 келіп түседі,
одан әрі арнайы тік орналасқан құбыршалар -10а және таза мұнай коллекторы-
12 бойымен клапан-13 арқылы аппараттан шығарылады.

Сурет 1.6. УДО-3 көлденең айырғыш - демульсаторы

1- аппараттың корпусы; 2 – қыздырылған эмульсияны енгізу құбыршасы; 3-
төменгі жағы тесілген цилиндрлі бөгет; 4-U түріндегі қыздыру құбырлары; 5,
5а – айырғыштар; 6 - тік бөгет; 7 - сұйық ұстағыш: 8 - қысымды реттегіш; 9
- деңгей теңестіргіш жүйесі; 10 - таза мұнайды жинағыш; 10а – таза мұнайды
шығаратын тік орналасқан құбырша; 11- тарату коллекторы; 12 - таза мұнай
коллекторы; 13 - таза мұнайды шығаратын клапан.

Мұнай эмульсиясы бөгеттің төменгі тесіктері арқылы I бөлікке келіп
түседі, мұнда ол қыздыру құбырларында газдың әсерінен 60º С-дейін
қыздырылады. Қыздырылған эмульсия бөгеттен асып төгіліп, тарату коллекторы-
11 арқылы тұндыру бөлігіне II келіп түседі, одан ол аппараттың барлық
қимасы бойынша желобтар көмегімен су қабатынан өтіп, таза мұнай жинағышқа-
10 келіп түседі, одан әрі арнайы тік орналасқан құбыршалар-10а және таза
мұнай коллекторы-12 бойымен клапан-13 арқылы аппараттан шығарылады.
Аппараттың қыздыру бөлігінде мұнайдан бөлінген газ алдымен айырғышқа 5,
одан кейін сұйық ұстағыш 7 арқылы II бөлікке келіп түседі. Екінші бөліктен
газ 5а айырғышқа жиналады, одан қысымды реттегіш 8 арқылы газ желісіне
бағытталады. Су аппараттан демульсатордың төменгі жағында орналасқан
құбырша арқылы шығарылады. Мұнай эмульсиясы тұндырғышқа таратқыш коллектор
арқылы енгізіледі.

Кесте - 1.1
Демульсациялық қондырғылардың техникалық сипаттамасы
Көрсеткіштер Демульсатор
УДО-2М УДО-3
УД-15006
Сұйықтық бойынша 1600 3000 1500
өнімділігі, м3тәул
Эмульсиялардың сулылығы, % 30-ға дейін 30-ға дейін 30-ға дейін
Мұнайдағы суды қалдық мөлшері, 1 1 1
% 0,6 0,6 0,6
Жұмыстық қысым, МПа 60-қа дейін 60-қа дейін 60-қа дейін
Эмульсияларды 100 200 160
қыздыру температурасы, º С 42,5 56,5 50,6
Сыйымдылықтың көлемі, м3

Суланған мұнайды қыздыру және сусыздандырудың (немесе тұзсыздандырудың)
технологиялық процесін бір аппаратта үйлестірудің артықшылықтары мен қатар
бірқатар кемшіліктері бар:
- жылулық қуаты және өнімділігі салыстырмалы түрде төмен;
- қыздыру және тұндыру блоктарын бір аппаратта орналастыру, осы блоктардың
бірінде технологиялық қиындықтар немесе техникалық ақаулар болған кезде
қондырғыны жөндеу үшін оны толық тоқтатып сөндіру керек.
Сондықтан, мұнай дайындау және айыру жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін
мұнай қондырғылардың резервін қарастыру керек, бірақ бұл кезде әрбір
аппараттан соң кондициялық мұнайды алу үшін ағынды аппараттарға бөлу
проблемасы туады. Осыған байланысты қыздыру мен тұндырудың бөлек-бөлек
блоктары шығарылады.

1.4 Ұңғы өнімдерін жинау, дайындау және тасымалдау кезінде қойылатын
талаптар
Ұңғы өнімдерін жинау, дайындау және тасымалдау кезінде қолданылатын
жабдықтар мен құбырлар бақылау аспаптарымен, қолмен және автоматты түрде
басқарылатын реттеуші және сақтандырушы құрылғылармен қамтамасыз етілуі
керек. Аппараттарда және құбырларда орнатылған сақтандырушы, реттеуші және
тығындаушы (ысырмалар, крандар) арматуралар нормаға сәйкесті, техникалық
сипаттамалар мен бекітілген график бойынша жүйелі түрде өтеді. Тексеру
нәтижесін вахталық журналға түсіріп отырады. Жинау және дайындау
қондырғыларында қысымы 0,7атм. болатын және одан да жоғары артық қысымда
жұмыс жасайтын айырғыштар мен басқа да аппараттар (қондырғылар) пайдалануға
енгізіліп және оларды қысымда жұмыс жасайтын құрылғылар мен ыдыстарды
қауіпсіз пайдалану ережелеріне сәйкес пайдалану керек. Қысымда жұмыс
істейтін аппараттар манометрлермен, деңгей көрсеткіштермен және сұйықты
жабық сыйымдылыққа ағызуға арналған құрылғылармен қамтамасыз етіледі.
Технологиялық процестерді бақылау және басқару жүйесінің датчиктері арнайы
материалдардан жасалып және дірілдеу жағдайына, сондай-ақ газ гидраттарының
түзілуіне, парафиннің, тұз шөгінділерінің және басқа да заттардың жиналу
жағдайында қолдануға есептеледі. Технологиялық құбырлар мен арматуралар
танымды (белгілі) бояулармен боялады және арнайы ескерту белгілері мен
жазулары жазылады. Құбырларға тасымалданатын ортаның қозғалыс бағытын
көрсететін бағыттық көрсеткіштер (стрелкалар) қойылады. Мұнай және құм
ұстағыштары арнайы жанбайтын материалдардан жасалады. Ашық мұнай
ұстағыштардың айналасында биіктігі 1м болатын металдық қоршаулар
тұрғызылады. Құм ұстағыштардың конструкциясында, онда жиналған шөгінділерді
тазалау үшін гидроэлеваторды қолдану мүмкіндігі қарастырылуы керек.
Тұндырғыштар мен резервуарлардың айналасында адамдар қатынайтын темірден
жасалған арнайы көпір қойылады. Аппараттардың, сыйымдылықтардың ішінде
жұмыс жүргізу уақыты кезінде бақылаушылар осы аппараттардың қасында болып,
жұмыскерлердің жұмысын үнемі бақылап отырады және ауа үрленетін шлангінің
жағдайын, дұрыстығын тексеріп, шлангілердің иілмеуін қадағалайды.
Аппараттардың, сыйымдылықтардың ішінде газдан қорғану шлемінсіз
(противогазсыз) жұмыс істеу тек қана егер жұмыс жүргізілетін сыйымдылықтың
ішіндегі оттегінің көлемдік үлесі 16%-дан асса және зиянды газдардың шамасы
санитарлық нормада қарастырылған шекті мүмкін концентрациядан төмен
болғанда ғана рұқсат етіледі. Аппараттың, сыйымдылықтың ішінде жұмыс істеп
жатқан жұмыскерде шлангілі противогаз болуы керек.
Противогаз шлангісінің бір жағы таза ауа аймағына шығарылып,
бекітіледі. Жұмыс істеу барысында шлангінің иілуі, бұралуы және қысылып
қалуы салдарынан ауаның келмей қалу қаупін болдырмау үшін оны дұрыс
орналастыру қажет. Сыйымдылықта жұмыс жасау барысында жұмысшы сақтандыру
белдігін тағып алуы керек, ал белдіктің бір бос жағы бақылаушының қолында
болады. Сыйымдылықтың ішіндегі жұмыстарды үш адамнан тұратын бригада
атқарады – оның біреуі жұмысты жүргізуші, ал екеуі бақылаушы болып
табылады. Жұмыстарды бақылаушыларсыз жеке дара жүргізуге тыйым салынады.
Бақылаушылар сыйымдылықтың ішінде жұмыс істеп жатқан жұмыскердей қажетті
заттармен жарақтанып және оған жедел көмек көрсетуге дайын болулары керек.
Қандай да болмасын ақаулар болған кезде (шлангі тесілсе, ауа үрлегіш істен
шықса, құтқару белдігі үзілсе), сондай-ақ егер жұмысшы шлем-маскасын
(противогазын) шешкен болса, онда сыйымдылық ішіндегі жұмыс дереу
тоқтатылып, жұмысшы сыйымдылықтан шығарылады. Сорапты станцияның ғимараты
электрхимиялық қорғау шараларын және өрт қауіпсіздігін ескере отырып
құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкес тұрғызылады. Сорапты станцияның
ғимаратында кем дегенде екі есік болады. Есіктер мен терезелер сыртқа қарай
ашылуы керек. Сорапты станция жарылыстан қорғалатын арнайы жүккөтергіштік
механизмдермен жабдықталады. Поршенді сораптың айдау желісіне – манометр
мен сақтандырушы клапан, ал ортадан тепкіш сораптың айдау желісіне –
манометр мен кері клапан орнатылады. Сораптан орналасқан ғимараттан
тысқары жерде сору және айдау құбырларында тығынды құрылғылар (ысырмалар,
крандар) орнатылады. Мұнай, газ және су тасымалдаушы құбырлар жүйесінде
қолмен және дистанционды (қашықтан) басқарылатын, диаметрлері әртүрлі болат
және шойын ысырмалар қолданылады, сонымен қатар қозғалмалы және
қозғалмайтын шпинделі бар сыналы және параллельді ысырмалар қолданылады.
Ысырмаларды орнату фланецті қосылыстардың көмегімен іске асады.
2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

2.1 Мұнайгаз өндірістік басқармасының ұйымдастырушылық құрылымы
Мұнай кен орындарын игеру кезінде негізгі шаруашылық бірлестік -
мұнайгаз өндіру басқармасы болып табылады, онда мұнай мен ілеспе газды
өндірудің толық өндірістік циклі өтеді, сондай-ақ мұнай мен газды басқа
кәсіпорындарға дайын өнім ретінде өткізу үшін дайындау жұмыстарын
жүргізетін мекеме болып табылады.

2.2 Негізгі және қосалқы өндірісті ұйымдастыру
Мұнайгаз өндірістік басқармасының құрамында мұнай және газ өндіру,
жер асты жөндеу, қабат қысымын көтеру, өндірістік процестерді
химияландыру, өндірісті автоматтандыру цехы және т.б. қызметтер бар.
Өндірістік үрдістің сипаты бойынша цехтар негізгі және қосалқы болып
бөлінеді. Мұнайгаз өндіру басқармасының негізгі өндірісі былайша
топталады: мұнай кәсіпшіліктері - аудандық инженерлік-техникалық қызмет -
мұнай және газ өндіру цехы, қабат қысымын ұстау жүйесі цехы, мұнайды
дайындау және айдау цехы. Қосалқы өндіріс мұнай-газ өнеркәсібінің
кәсіпорындарында негізгі өндірістік үрдістердің қалыпты жүруін
қамтамасыз етеді.
Қосалқы өндірістің ең маңызды міндеттері:
- негізгі өндірістік қорларды күту және қалыпты ұстау, оның ішінде
жабдықтарды жөндеу;
- кәсіпорын мен оның бөліктерін энергиямен, сумен, бумен жабдықтау;
- керекті шикізат, материалдар мен дайын өнімді тасымалдау және сақтау;
- мұнай мен газдың сапасын техникалық тұрғыда қадағалау.
Мұнайгаз өнеркәсібінде, сондай-ақ осы саланың өзіне тән арнайы
міндеттері бар, мысалы: бұрғылауда мұнараны тұрғызу жұмыстарын ұйымдастыру
және жобалау, скважинаны цементтеу жұмыстарын жобалау, ұйымдастыру, жуу
сұйықтарын дайындау және жобалау және т.с.с. Бірлестіктің мүлтіксіз
жұмыс істеуі негізінен жабдықтың дайындау, пайдалану, күту және
жөндеу деңгеймен анықталады. Қазіргі кәсіпорындардың негізгі қорлары
миллиардтаған теңгелермен бағаланатын кезде, оларды қалпына келтіру мен
күтуге кететін шығындардың мұнай және газды өндіру мен тасымалдаудың
өзіндік құнындағы үлес салмағы айтарлықтай жоғары. Жыл бойы
технологиялық қондырғылар мен жабдықтардың 15 % күрделі жөндеуге, 20-
25 % орташа және барлық дерлік күнделікті жөндеуге түседі.
Мұнайгаз өнеркәсібінің өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің тиімділігі
энергиямен, сумен жабдықтау қызметінің ұйымдастырылуына да байланысты.
Өнеркәсіптің бұл саласы электр энергиясының ірі тұтынушылары болып
табылады. Энергиямен, сумен жабдықтау қызметі электрмен, сумен және
жылумен кешенді әрі үзіліссіз қамтамасыз ете алуы керек. Бұл мәселені
шешу үшін электрмен, сумен қамтамасыз ету қызметі сораптық,
қазандық, айдау станцияларын, су қоймаларын, электр желілерін, суды
тазарту қондырғыларын күнделікті жөндеуден өткізіп отырады.
Кәсіпшіліктерде скважиналарды күнделікті және жер асты жөндейді.
Скважиналарды жер асты жөндеу – жер асты пайдалану жабдықтарын мұнай
мен газды өндіру жоспарын қамтамасыз ететіндей қабілетте ұстауға
бағытталған шаралар кешені. Оны скважиналарды жер асты жөндеу цехы
жүргізеді. Күрделі жөндеу – істеп тұрған скважиналардың жұмыс қабілетін
арттыру, сондай-ақ жұмыс істемей тұрған скважиналарды іске қосу.
Барлық блоктары орналасқан қондырғылардың орын ауыстыруын жинақталған
күйінде бағыттаушы балкаларға орнатылған рельс жолдарымен орын ауыстыруын
қамтамасыз етеді. Жұмыс жасамай тұрған скважиналарды іске қосудың маңызы
зор. Әрбір қосылған скважина мұнай-газ өндіру басқармасының экономикалық
көрсеткіштерін жақсартады. Мұнайгаз өндіру кәсіпорындарының ең маңызды
міндеттерінің бірі – қабаттардың мұнай бергіштігін арттыру. Бұл
жұмыстарды мұнай-газ өндіру бірлестігінің құрамына өндірістік бірлік
ретінде кіретін арнайы мамандандырылған басқармалар атқарады.

2.3 Өндірістік техникалық жабдықталуы, автоматтандырылуы мен
телемеханикалық дәрежесі

Ортадан тепкіш сораптарды автоматтандыру үшін БМА-19 жергілікті
автоматика блогы қолданылады, онда мынадай жағдайлар қарастырылған:
- сорап агрегатын орталық бекеттен басқару;
- электрқозғалтқыштың, подшипниктер мен статор орамдарының қызып кетуінен
автоматты қорғау және ажырату;
- апаттық күй туралы орталық бекетке дабыл беру.
Сорап агрегаттарын автоматты бақылау және басқару келесі құралдар
көмегімен іске асырылады: сорап агрегатының подшипниктері мен
қозғалтқышының статоры орамдарының мүмкін шекті температурасы туралы
хабар беретін ДТ-3 және ДТ-9 температура датчиктері орнатылған. ДТ-3 –
шығын азаюын қадағалауға арналған датчик, ДТ-9 – сорапты ажыратуға
арналған. Мәселенің маңыздылығы өндірісті басқарудың, мұнай және газ
өндірудің негізгі технологиялық үрдісімен тығыз байланысты екендігімен
түсіндіріледі.

2.4 Материалдық – техникалық жабдықтауды ұйымдастыру

Мұнайгаз өндірістік басқармасының материалдық-техникалық
жабдықталуы - бұл кәсіпорынның қалыпты өндірістік іс-қимылына қажетті
құрал-жабдықтармен (материалдар, отын, жабдықтар) жоспарлы қамтамасыз ету
процесі. Материалдық-техникалық жабдықтаумен материалдық-техникалық
жабдықтау бөлімі айналысады, ол өндірістік басқарманың материалдық
ресурстарға мұқтаждығын анықтайды, тапсырыстар жасайды, материалдық
қорлардың дұрыс алынуын және сақталуын ұйымдастырады, өндірісті керекті
құралдармен үзіліссіз қамтамасыз етеді.

2.5 Кәсіпорынның көлік құралдарын ұйымдастыру
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жаңа шаруашылық жағдайларға өту
кезеңінде көлік салаларының алдында тұрған жауапкершілік үлкен. Мұнай
өнеркәсібі көлік құралдарының ірі тұтынушысы болып табылады. Көлік
шығындарының өсуінің өзіндік себептері бар, мысалы, пайдаланудағы кен
орындарының өнімділігінің төмендеуі, мұнайдың сулануы мен физика-
химиялық қасиеттері, күрделі көлемдерінің артуы, өндірудің негізгі
көлемдерінің климаттық жағдайы күрделі аудандарға ауысуы және
т.с.с.
Мұнай кәсіпшіліктерінің жолсыз және жан-жаққа таралуы жағдайында
технологиялық көлікке үлкен жүк түседі. Осы және басқа да қиындықтармен
күресу үшін өндірістік бірлестіктердің көлік басқармасы келесі бағыттарда
жұмыс жүргізеді:
- технологиялық көлік және арнайы техника басқармасының ұйымдастыру
құрылымын жетілдіру;
- техникалық жабдықтауды, технологиялық көлік ұйымының сенімді жұмыс
қабілетін индустрияландыру;
- табиғи-климаттық жағдайы күрделі аудандарда пайдаланудың рационалды
қорлары мен автокөліктік құралдардың техника-экономикалық талаптарын
негіздеу.
Көліктік шығындар кәсіпорын есеп қағаздарында жеке бапта
көрсетілмеген, ол басқа да шығындарың қатарына кіреді, бірақ оған
қарамастан транспорттық шығындар мұнай өндірудің өзіндік құнының
бестен бір бөлігін құрайды.

2.6 Скважиналарды жөндеуді ұйымдастыру

Скважинаны жөндеуді орындауды ұйымдастыру – бекітілген және келісілген
жоспарлар, техника-экономикалық көрсеткіштер мен графиктерді іске асырудан
басталып, оның аяғына дейін орындалуын қамтамасыз етеді.
Ағымдағы жөндеу бригадасы келмей тұрып әр 3-5 күнде скважинаны
жөндеудің оперативтік графигі келтіріледі, ал оперативтік графикке нөмірі
енгізілген әр жеке скважина үшін тапсырыс жоспары және бекітілген наряд
құрастырылады. Мұнай және газ өндіру цехын ағымдағы жөндеудің оперативтік
графигі, сонымен қатар мұнай мен газ өндіру шеберлеріне де жетеді. Ағымдағы
жөндеу шеберіне жеткізілетін графикте жөнделетін скважина нөмірінен басқа
жөндеудің мақсаты да көрсетіледі. Бұл шеберге тапсырыс жоспарын алғанға
дейін, нақты скважинаға емес, ал орындалатын жөндеудің түріне қажетті
жөндеуге өтініш жазуға және де жабдықтар, өлшеу құрылғылары, түсіру-көтеру
операцияларына қажетті құрал-саймандар мен материалдарға өтініш жасауға
мүмкіндік береді. Скважинаға бригада келгенге шейін, скважинаны жөндеуге
қабылдау-тапсыру жүргізіледі. Өндірістік басқармасында 349 мұнай
скважиналары, 180 айдау скважиналар қорын жөндеуде жер асты жөндеу
бригадалары жұмыс жасады. Жоспардың орындалуы туралы мәліметтер 2.1
кестеде келтірілген. Бір жөндеудің орташа ұзақтығы – 48 сағат.

Кесте 2.1
Өндірістік басқарма бойынша жер асты жөндеу жұмыстарының орындалуы
Жөндеулер саны
Жөндеу түрі
Жоспар Нақты
Өндіру қоры 8345 9084
Айдау қоры 933 1176
Барлығы 9278 10260

Негізгі жөндеудің орташа ұзақтылығының созылуы өнімсіз уақыттың
көптігімен түсіндіріледі, себебі жер асты жөндеу бригадаларының бос
тұру уақыты 16853 сағат болды.

Кесте 2.2
Жер асты жөндеу бригадаларының бос тұру уақыты
№ Бригаданың бос тұруы Бос тұрудың сағаттық
ұзақтылығы
1 Көтергіштерді жөндеу 3720
2 Техниканы күту 5918
3 Нұсқаулар күту 354
4 Табиғи жағдайлар 1778
байланысты
5 Мұнай-газ атқылауы 1360
6 Құрал-жабдықтарды жөндеу 1532
күту
7 Жұмысқа шықпай қалу 1532

Бір жөндеудің орташа ұзақтылығының созылуына басты себеп – мұнайда
парафиннің көп болуы. Жер асты жабдықтарында парафиннің жиналуы – жөндеу
жүргізгенде кедергі болады да, скважиналарды жөндеуге кететін уақыт
артады

2.7 Жаңа техника мен технологияны енгізудегі жылдық экономикалық
тиімділікті анықтау
Игеріліп жатқан мұнай мен газ кенорнында қабаттың ағымдағы және түпкі
мұнайбергіштігін арттыру мақсатында анағұрлым жетілдірілген механикалық
өндіру әдісі қолданылуда. Блокты автоматтандырылған қыздырғыш қондырғысын
қолдану скважинаның орта тәуліктік шығымын және өнімділік қуатын ұлғайтуға
қол жеткізеді. Мақсаты: мұнай өндірудің жаңа және анағұрлым жетілдірілген
механикалық өндіру әдісін енгізу кезіндегі, барлық шығын түрлері бойынша
калькуляция құрастыру нәтижесіндегі жылдық экономикалық тиімділікті
анықтау. Іс-шараны жүргізгеннен кейін орта тәуліктік шығым 100 %-ға артты.
Скважинаны пайдалану коэффициенті 0,93-тен 0,96-ға дейін өсті. Есептеуге
қажетті алғашқы берілген көрсеткіштер төмендегі 2.3 кестеде көрсетілген.

Кесте 2.3
Техника - экономикалық көрсеткіштер
Скважина қоры, Nұңғ дана. 11
Скважина шығымының өсуі п, % 100
Орта тәуліктік шығым, ттәу. 5
Жөндеу жүргізу уақытының 900
қысқаруы (Тж , сағ.
Айдалатын су көлемі Qсу, т 1200
Блокты автоматтандырылған қыздырғыштарға 2,0
жұмсалатын шығындар


жұмсалатын шығындар Рм , т • МЭ А
Материалдардың құны Цм, тгт 1300000
Мұнайдың меншікті өзіндік құны С1, тгт 13000
Мұнайды дайындауға және тасымалдауға 450
кететін шығындар Цт с, тгт

2.8 Іс-шараны енгізгеннен кейінгі мұнай өндіру көлемін есептеу

Іс-шараны енгізуге дейінгі мұнай өндіру көлемі:

Q1 = q1 · Nұңғ · Тж · Кп
(2.1)

мұндағы q1 – іс-шараны енгізгенге дейінгі скважина шығымы, ттәу;
Nскв – жұмыс істеп тұрған скважиналар саны, дана;
Тж – жұмыс істеп тұрған скважиналардың жұмыс істеу мерзімі, тәу;
Кп – скважинаны пайдалану коэффициенті; Тж =360 тәулік;
Q1 = 5 · 11 · 360 · 0,93 = 18414 тжыл.
Скважина шығымының өзгеруі әсерінен мұнай өндіру көлемінің өзгеруі:

(Qд = Тж · Кп · (q1 –q2);
(2.2)

мұндағы q1, q2 – шараны енгізгенге дейінгі және кейінгі скважина шығымдары:
q2 = 10 тн. (Qд = 360 · 0,93 · (10 – 5) = 1674 тжыл;
Скважиналар қорының жұмыс ұзақтылығының өзгеруі әсерінен кейінгі мұнай
өндіру көлемінің өзгеруі:

(Qв = q2 · (Тж24;
(2.3)

мұндағы q2 – жаңа техниканы енгізгеннен кейінгі бір скважинаның орта
тәуліктік шығымы, ттәу; (Тж – жөндеу жүргізу уақытының қысқаруы, сағат.
(Qв = 10 · 90024 = 375 ттәу;
Пайдалану коэффициентінің өзгеруі салдарынан болатын мұнай көлемінің өсуі:
(Qк = q1 · Тж · (Кп1 – Кп2); (Qк = 5 · 360 · (0,96 – 0,93) = 54 тжыл;
Әртүрлі факторлар әсерінен мұнай өндіру көлемінің жалпы өзгерісі:
(Q = (Qк + (Qв + (Qд ; (Q = 54 + 375 + 1674 = 2103 тжыл;
Жаңа техниканы енгізгеннен кейінгі мұнай өндіру көлемі:
Q2 = (Q + Q1; Q2 = 2103 + 18414 = 20517 тжыл.

3 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ, ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

3.1 Еңбекті қорғауға жауапкершілік
Еңбекті қорғау дегеніміз – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-
техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-
шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің
өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ететін жүйе.
Қазақстан Республикасы Конституциясында әрбір азаматтың қауіпсіздік
пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайында жұмыс істеу
құқығында кепілдік берілген. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің
қабылданған нормалары бойынша еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау
саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары белгіленген.
Кәсіпорындардың 2006 жылдан 2015 жылға дейін өндірістік дамудың
стратегиялық жоспары кәсіпкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға,
өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жетілдіруге бағдар
алады және әрбір азаматтың қауіпсіздік талаптарына жауап беретін еңбек
жағдайларына деген конституциалық құқығын жүзеге асыруға бағытталған. Осыны
ескере отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың бірқатар
негіздері белгіленді:
- өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жағдайларын үнемі жақсарта
беру және бұл міндеттемелердің орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету;
- өндіріске тартылған, сондай-ақ өндіріс аймақтарында орналасқан табиғи
ресурстарды тиімді пайдалану;
- өндірістік объектілердің өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздігін
арттыру, қоршаған ортаға жағымсыз әсерді технологиялық жабдықтардың
сенімділігін арттыру есебінен төмендету, оның қауіпсіз және апатсыз жұмыс
істеуін қамтамасыз ету;
- өндірісте пайда болатын өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздіктің
неғұрлым маңызды міндеттерін үнемі арттыру мен шешуді қамтамасыз ететін
еңбек пен коршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламаларды дайындау мен
жүзеге асырудың тиімді рәсімдерін жасау;
- өндірістің көлемі ұлғаюы кезіндегі шығарылған залалды қалдықтар мен
ластаушы заттардың көлемін жою.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін кәсіпорындарда жыл сайын жарақаттану
мен апаттылықтың, кәсіптік аурулардың алдын алу, еңбек жағдайларын
жақсарту, өндірістік техникалық қауіпсіздігі деңгейін көтеру жөніндегі
ұйымдастыру, техникалық іс-шаралар дайындалып, іске асырылады. Бұл
бағыттардың жүзеге асырылуы жүйелі түрде бақыланып отырады. Кәсіпорындарда
дайындалып, бекітілген Қауіпсіздік декларациясы Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне, облыстық әкімдікке жіберіледі.
Жұмысшылардың өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудағы
жауапкершілігін арттыру жөнінде жұмыс жүргізіледі. Бұл мәселелер Компания
аясында жыл сайын өтетін семинар-кеңестерде талқыланады. Әр өндірістегі
жұмыскерлерді кең көлемде арнаулы киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз ететін,
жеке тұлғаны қорғау, қауіпсіздік техникасының ең сенімді құралдары
енгізілуде, өндірістік жарақат алу мен кәсіби ауруларды болдырмау үшін
кәсіпорындарында санитарлық-гигиеналық жағдайлар жақсартылуда.
Өндірісшілердің қатарына күні кеше қосылған жас мамандардың жұмыстағы
табысы және денсаулығының сақталуы көпшілік жағдайда әркімнің өзіне, оның
мамандығы мен еңбектің қауіпсіз тәсілдерін қалай меңгергендігіне байланысты
болатынын жақсы сақтауы керек. Бұл анықтамалық жұмысшылардың қауіпсіз түрде
жұмыс істеу ережелерін меңгеруіне көмектесуге арналған. Оның беттерінде
еңбек қорғау жөніндегі заңның негізгі актілері, сондай-ақ әр өндірісте
еңбек қорғау қызметін ұйымдастыру тәртібі, кәсіпорындардың жұмысшылар мен
қызметкерлерге жұмыс уақытында залалы үшін жауаркершілігі туралы
мәліметтерді білуі қажет. Еңбек туралы заң негіздеріне сәйкес барлық
кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, оның ішінде ауыл шаруашылығы
кәсіпорындарында да әкімшілік еңбектің қауіпсіздік жағдайлары жасалуы
тиіс. Әкімшілік өндірістік жарақаттанудан сақтандыратын қауіпсіздік
техникасының осы заманғы құралдарын енгізуге және жұмысшылар мен
қызметкерлердің кәсіби ауруларға шалдығуына жол бермейтін санитарлық-
гигиеналық жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті, әкімшілікке барлық жұмыс
орындарын тиісті техникалық жабдықтармен қамтамсыз ету және бұл орындарда
еңбекті қорғау жөніндегі ережелерге сай келетін жұмыс жағдайын жасау
жауапкершілігі жүктеледі. Мұндай ережелерді кәсіподақ келісімі бойынша
бекітеді. Әкімшілік жұмысшылар мен қызметкерлерге қауіпсіздік техникасы,
өндіріс тазалығы, өрттен сақтану және еңбекті қорғаудың басқадай ережелері
бойынша нұсқау беруге жауапты, сонымен қатар еңбек қорғау жөніндегі
нұсқаулардың барлық талаптарын қызметкерлердің орындауын тұрақты түрде
бақылап отырады.
Ережелер бойынша жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс істеу ережесін
белгілейтін еңбек қорғау жөніндегі нұсқауларды, сонымен бірге машиналармен
және механизмдермен жұмыс істеудің белгіленген жеке қорғану құралдарымен
пайдалану талаптарын орындауға міндетті. Еңбек жағдайы зиянды жұмыстарды,
сондай-ақ ерекше температура жағдайында немесе лас жұмыстарда істейтін
жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленген норма бойынша тегін арнайы киім,
арнаулы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдары беріледі. Ластайтын
жұмыстарда сабын, ал зиянды әсер ететін заттардың денеге залал келтіруі
мүмкін жұмыстарда жуғыш және залалсыздандыратын заттар тегін беріледі.
Зиянды жұмыстарда істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге тегін сүт немесе
соған теңестірілген басқа тағам өнімдері, ал еңбек жағдайлары ерекше зиянды
жұмыстарда емдік-сауықтырғыш тағам тегін беріледі. Жұмысшылар мен
қызметкерлер өздерінің еңбек міндетін атқаруына байланысты мертіккенде
немесе денсаулығына басқадай залал келгенде Ережелер бойынша
кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға материалдық жауапкершілік жүктеледі.
Еңбек ететін жұмыскерлерге қартайғанда берілетін зинетақы жеңілдік
шарттармен тағайындалады: өндірістік кәсіпорындарда, су және орман
шаруашылығы кәсіпорындарында, ауылшаруашылық техникасы жөніндегі
мемлекеттік комитетте еңбек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай айдаудың технологиялық схемасы
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖОБАЛАУ МЕН ӨҢДІРІС ЖҮЙЕЛЕРІ
Өнеркәсіптік автоматты регуляторларды тиімді реттеу параметрлерін тандау және есептеуінің инженерлік әдістері
Пештегі мұнай температурасын автоматты түрде басқару
Жылуэнергетикалық қондырғылардың атқарушы механизмдері мен реттеу құралдары жайлы ақпарат
Темір жол көлігі Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесінің қажетті құрамдық бөлігі
Мұнайды жинау кезіндегі қауіпсіздік
Мұнай, газды жинақтау, дайындау, тасымалдау және игеру технологиялары мен принциптері
Жоғары сынып оқушыларға арналған оқулықтарды, жеке шығармаларды және әдебиеттерді шығаратын баспахана жобасының технологиялық бөлімін жасау
Мұнай эмульсияларын қыздыруға арналған қыздыру блоктары
Пәндер