Кәсіпорындағы қаржылық менеджментті жетілдіру жолдары



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Кәсіпорындағы қаржы менеджменті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

2. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
2.1 «Интергаз Орталық Азия» АҚ.ның қаржылық . шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.3 Кәсіпорынның капиталды тиімді пайдалануды факторлық талдау ... ... ... ... 25

3. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
3.1 Тереңдетілген операциялық талдау технологиясын пайдалану ... ... ... ... ... ..27
3.2 Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдіру бойынша нұсқаулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
КІРІСПЕ

Елбасының 2007 жылдың 28 ақпанындағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсеке қабілеттілік ─ Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл ─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту» деген. Осы орайда кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесі олардың қаржысын тиімді қолданудың, басқарудың тиімділігін жоғарылату мәселесімен тығыз байланыстылығына көз жеткізуге болады.
«Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз. Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге, Жаңа экономика жаңа басқару шешімдерін қажетсінеді, ал ондай шешімдерді осы заманға сай ойлай білетін және түпкі нәтижеге бағдарланған мемлекеттік менеджерлер ғана қабылдауға қабілетті.» - деп айтып кеткен еді Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев 2007ж. Қазақстан халқына арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында.
Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.
Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив) жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.
Менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ.
Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвецияның пікірінше, басқару процесі-өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайда қарап ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін) қолдану.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 Стратегиясы
2 Назарбаев Н.Ә. Президентіміздің Қазақстан халықына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», Астана 2007ж. 28 ақпан, Егемен Қазақстан 2007ж. 1 наурыз
3 Ілиясов Қ. Қ, Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. Алматы, 2005 – 551б.
4 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: оқу құралы/Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиев Ж.Г. – Алматы: Экономика, 2001 – 328б./
5 Есенова Г.Ж. Управление финансовыми ресурсами.//Қаржы-қаражат 2007 - №2 – 31-36с.
6 С.В. Большаков. Финансы предприятий. Теория и практика. Учебник: Москва, 2005 – 108-132с.
7 Финансы предприятий: Учебник для вузов/ под ред. Н.В. Колчиной. М: ЮНИТИ-ДАНА, 2001.
8 Кожахметова М. Финансовый контроль как метод управления финансами// Қаржы-Қаражат. – 2006 - №6 – 28-33с.
9 Жұмағазиева А. Кәсіпорындағы экономикалық билік жүйесі және құрылым // Қаржы-Қаражат. – 2005 - №5 – 18-23б.
10 Леонтьев В.Е., Бочаров В. В., Радковская Н. П. Финансовый менеджмент. Учебник- М. «ООО Издательство Элит» - 2005 – 560с.
11 Ковалев В.В. Финансовый анализ. Издание второе. Москва. «Финансы и статистика» 1997г.
12 Финансовый менеджмент. Теория и практика: Учебник/под ред. Е.С. Стояновой. – 5-е изд; перераб и доп. – М: Перспектива, 2005. – 656с.
13 Управление финансами (Финансы предприятий). Учебник/ под ред. Володин А.А. – М: Инфра-М, 2006г.
14 Дранко О. Финансовый менеджмент. Технологии управления финансами предприятия: Учебник – М: Юнити, 2004г.
15 Селезнева Н., Ионова А. Финансовый анализ. Управление финансами: Учебное пособие для вузов. 2-е изд., перераб. и доп – М:Юнити, 2006г.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг
Университеті


Экономика және құқық факультеті
Менеджмент кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Кәсіпорындағы қаржылық менеджментті жетілдіру жолдары

Орындаған: МЕН-13-01 тобының студенті Ақжігіт Б.Е
Тексерген: э.к.ғ. доценті Еркулова Г.С

Ақтау - 2014ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Кәсіпорындағы қаржы менеджменті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2. Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау
2.1 Интергаз Орталық Азия АҚ-ның қаржылық - шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 21
2.3 Кәсіпорынның капиталды тиімді пайдалануды факторлық талдау ... ... ... ... 25

3. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
3.1 Тереңдетілген операциялық талдау технологиясын пайдалану ... ... ... ... ... ..27
3.2 Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдіру бойынша нұсқаулар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .37

КІРІСПЕ

Елбасының 2007 жылдың 28 ақпанындағы "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына Жолдауында: Бәсеке қабілеттілік ─ Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл ─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту деген. Осы орайда кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесі олардың қаржысын тиімді қолданудың, басқарудың тиімділігін жоғарылату мәселесімен тығыз байланыстылығына көз жеткізуге болады.
Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық "орнын" иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз. Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге, Жаңа экономика жаңа басқару шешімдерін қажетсінеді, ал ондай шешімдерді осы заманға сай ойлай білетін және түпкі нәтижеге бағдарланған мемлекеттік менеджерлер ғана қабылдауға қабілетті. - деп айтып кеткен еді Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев 2007ж. Қазақстан халқына арналған Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Жолдауында.
Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.
Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив) жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.
Менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ.
Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвецияның пікірінше, басқару процесі-өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайда қарап ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін) қолдану.
Тіпті маман болмағанның өзінде де, біздің кез келгеніміздің басқару ғылымы мен өнері туралы азын-аулақ хабарымыз болатыны сөзсіз.

Курстық жұмыстың мақсаты: Менеджмент - нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.
Менеджмент - нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.
Менеджмент - бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы.
Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.
Менеджменттің бірнеше ұғымы бар: Менеджмент-бұл жұмыс істеп тұрған коммерсиялық кәсіпорынның арнайы органы. Егер батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек басшылар.
Басқару ұғымының туындауы еңбек бөлінісінің пайда болуымен туындауымен байланысты.
Курстық жұмыстың міндеті: Мұның өзі жалпы процестің қарым - қатынасы басқарушы функциямен қамтамасыз етіледі, сондықтан басқару қоғамдық еңбекке тән. Өндіріс масштабы өскен сайын басқару ролі де атқарады.
Сондықтан, әлеуметтік жүйелердегі басқару кең ұғымда қызмет түрі мен мақсатына тәуелсіз кез-келген ұғымдағы басқару ретінде қарастырылады. Барлық мекемедегі басқару нақты функциядан орындауға мүмкіндік беретін қызмет ретінде түсіндіріледі. Нақты функцияларды пайда алуға бағытталған мекемелердегі басқару менеджмент деп аталады.


1. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын қаржысының экономкалық мәні және ұйымдастыру негіздері

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы − бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қтынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты − халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарын көпшілік бөлігі шоғырладырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігне тікелей әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық − пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, меркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, крнцерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.
Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техникалық-экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің орта қағидаттарына және бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты. Мұның бәрі олардың барлығын қосалқы категорияға − жалпы қаржы категориясы сияқты оның функцияларын орындайтын шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына біріктірудің мүмкіндігі мен қажеттігін алдын ала анықтайды. 3, 137-146 б
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз) негізінде бөлінетігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайыөндірістік тұжырымдамасын да іске асырудың басты шарты блып табылады.
Оның мазмұны жай және ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады. Бұл үшін кәсіпорында өнім өндіру мен оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне кірістер мен шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған меншікті қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айырықша жағдайда бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатынын анықтайды.
Бөлу − өндіру мен тұтыну арасындаңы байланыстырушы буын. Бұл процесс кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты (пайданы) жасауға пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың (пайданың) бір бөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға − мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілермен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарын да жүзеге асырылады. Субъектілер арасындағы өзара қатынастарды бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына саяды:
басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигациялары қаражаттарды инвестициялау, олар бойынша дивиденттер мен пайыздар төлеу және алу процесінде коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады);
өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, силық қорын жасауда, табысты (пайданы) бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды (бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады;
мемлекетпен − бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарын қалыптастырғанды;
банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк несиелерінің алу, оларды қайтару, несиелер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлем мен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады);
сақтық органдармен − мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;
жоғары ұйымдармен − ішкі салалық қайта бөлу шегінде (пайданы, табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік төлемдер бойынша және басқалары);
құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды қалыптастыру үшін қаржы жарналарын (салымдарын) төлеу кезінде, сондай-ақ кәсіпорынның пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады) және т. с. с.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы қаржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмететуіне байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:
1) қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
2) өндірістік құралдың (капиталдардың) міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар − бұл өндірістің серпінді элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен қатар құн нысандарының тұрақты ауысымы болып отырады. Кәсіпорын қызметінің кез келген мезетінде өндірістік құралдар материалдық-заттай және ақша нысанында болуы мүмкін;
3) жоғары белсенділік, шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;
4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің айқындаушы негізі болып табылады.
Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы деп өнім (жұмыс, қызметтер көрсету) өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен, бөлумен және пйдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрамына материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және нарықтық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негіздерінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігі кіреді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер − кәсіпорындар мен ұйымдар (фермалар, компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоциациялар (бірлестіктер), ұлттық компаниялар және басқалары), мекемелер әр түрлі белгілері бойынша сыныпталады және оларды не ол, не бұл түрі бойынша айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі мүмкін. Шаруашылық субъектілердің сыныптамасы 1 суретте бейнеленген.
Межелеудің ең жалпы белгісі кәсіпорындар мен ұйымдарды қызмет сфераларының біріне − материалдық немесе материалдық емес (өндірістік емес) сфераға жатқызу болып табылады. Қызметтің материалдық сферасының кәсіпорындары бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын материалдық өнімдер мен игіліктерді жасайды. Бұл сферада жасалған өнімнің бір бөлігі оның салалары ішінде (өндірістік тұтынудың өнімдері) тұтынылады, басқа бөлігі түпкілікті тұтынуға, соның ішінде өндірістік емес сфераға да бағытталады. Өндірістік емес сфера қызметінің нәтижелері қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді жасаудың процесі әдеттегідей, оларды тұтыну процесімен тоқайласады, яғни олар қордалауға, сақтауға жатпады.
Қоғамдық өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары бұл сфералардың қаржысын ұйымдастыруға − қаржыландыру, өнімдер мен қызметтер құнының жасалу процестеріндегі қаржы қорларының қозғалысы кезінде де, сондай-ақ қызметтің қаржы нәтижелерін қалыптастыру − қорланымдарды, табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді. Мысалы, материалдық сфера қорларының қозғалысында өндірістік босалқы қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өндірістік емес сфераға сипатты емес бірқатар басқа процесстердің қозғалысымен байланыстырылады елеулі орын алады.
Сыныптаманың басқа белгісі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінің сипаты − коммерциялық және коммерциялық емес қызметі болып табылады.
Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет болып межелену Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде бекітіліп берілген, онда заңи тұлға ұғымы анықталады. Заңи тұлға деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін ұйымды айтады. Өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтық міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңи тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңи тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңи тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін және ол кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады.

1.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары.

Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшалықты өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге мақсатты ақша қорлары түріндегі олардың материалдық іске асуын баса көрсетеді. Бұл қорлар қаржы қатынастарының тұрақты иесі болып келеді. Олардың қалыптасу көздері және қорлардың өздері (бұл көздерді біріктіруші) ұлттық шаруашылықтың тиісті буындарының қаржы ресурстары болып табылады. Қаржы ресурстары ұдайы өндірістің және мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Демек қаржы ресурстары - бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен басқа жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге пайдаланылады. Тап қаржы ресурстары қаржы категориясын баға және басқа құндық категориялардан бөліп алуға мүмкіндік жасайды. Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстары өсуінің басты шарты болып табылады.
Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысанындағы) және амортизациялық аударымдар алады.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары (қорланым, босалқы қор) - қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары, ал қаржы ресурстары болса, ол мемлекеттің (оның органдары арқылы) және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстары мен түсімдері. Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржы ресурстары - бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы байланылған қаражаттар, сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттарын. Мысалы, ақша қаражаттарының бір бөлігінің алғашқыда қор сипаты болмайды - бұлар шаруашылық органдарының олардың шаруашылық әріптестері тарапынан келісімшарттарды, өзара шарттарды және шаруашылық жүргізудің басқа шарттарын бұзғаны үшін алатын айыппұлдары, өсімдері, тұрақсыздық төлемдері. Мұндай қаражаттардың түсуін күні бұрын есепке алу мүмкін емес.
Қаржы ресурстары ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн.
1. Шаруашылық жүргізу практикасында қаржы ресурстарының ұғымы деп мемлекеттің, кәсіпорындардың қарамағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақша кірістері мен қорланымдардың жиынтығын, яғни ақша қорларын, кредит ресурстарын, ақша резервтерін айтады. Бұл шаруашылық жүргізудің шаруашылық есеп практикасы тұрғысынан туындаған практикалық тәсілдеме. Расында, кәсіпорынның банктегі оның шотындағы белгілі бір күндегі ақшалары олар кәсіпорынның меншікті немесе қарыз қаражаттары болып келетіндігіне қарамастан оның барлық нақтылы қаржы ресурстарын құрайды. Сол секілді мемлекеттік бюджетте шоғырланған кірістер, қорланымдар олар жасалынған құнды алғашқы немесе кейінгі бөлудің нәтижесі болып табылатындығына қарамастан мемлекеттің әрбір нақты күндегі қаржы ресурстары болып саналады.
2. Егер жиынтық өнімнің (c+v+m) материалдық-заттай және құндық құрылымына, оның бөлінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді. Егер қайталама есептің элементін шығарып тастасақ, онда қаржы ресурсының ұғымы тікелей мемлекет пен кәсіпорындарда оларға жүктелінген функцияларды орындау үшін шоғырланатын құндық (ақша) нысанындағы жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігін білдіреді. 4, 223 б
Қаржы мен қаржы ресурстары - бара-бар ұғымдар емес. Қаржы ресурстары өзінше қаржының мәнін анықтамайды, оның ішкі мазмұны мен қоғамдық арналымын ашпайды. Қаржы ғылымы тап мұндай ресурстарды жасау, бөлу және пайдалану негізінде туындайтын қоғамдық қатынастарды зерделейді; ол қаржы қатынастары дамуының заңдылықтарын зерттейді.
Қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің жартысын құра отырып, мемлекеттің қаржылық қуатының көрсеткіші болып табылады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, олар түпкілікті пайдалануға, яғни негізгі құрал-жабдықтарды толтыруға, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге және жалпы мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардың бір бөлігінің ақша көрінісі болып табылады. Қоғамдық өндіріс процесінде қаржы ресурстары неғұрлым көп жасалса, соғұрлым ол тиімдірек болады. Сонымен бірге бүкіл ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру проблемасын шешу және экономикалық өсудің қарқынын тездету ұлттық шаруашылықта қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты.
Қаржы ресурстарының қозғалысы жиынтық қаржы балансында (қаржы ресурстары мен мемлекеттің шығыстары балансында) қамтып көрсетіледі. Алайда баланста несие ресурстарының бір бөлігі де қамтып көрсетіледі.
Қаржы ресурстарының құрамында олардың аса маңызды екі бөлігін бөліп көрсетуге болады:
1) мемлекеттің кірістері. Олар республикалық және жергілікті бюджеттерде шоғырланады. Мемлекеттің кірістері заңнамалық тәртіппен бекітіледі және мемлекеттің функцияларына сәйкес жұмсалынады. Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар, қарыздар мен лотереялар, сыртқы көздерден түсетін түсімдер;
2) бюджеттен тыс қаражаттар. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында болады. Олардың пайда болуы мемлекеттің мақсатты шығыстарымен байланысты. Бюджеттен тыс ресурстар автономды арнаулы қорлар, арнаулы қаржы сметалары, қазынашылық шоттар түрінде болып келеді. Бұл қорлардың қаражаттары экономиканы мемлекеттік реттеудің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бюджеттен тыс қаражаттардың оғаштығы мемлекетке қаржы ресурстарының жалпы сомасын жасыруға, қаржылық бақылауды әлсіретуге, нағыз қаржылық жағдайды бұрмалауға мүмкіндік жасайды. Бюджеттен тыс қаражаттардың жалпы сомасын анықтау қиын, өйткені ол көптеген қорлар мен сметалар арасында шашырап кеткен.
Қаржы ресурстарының көздері қоғамдық өнім құнының барлық үш элементі: "c", "v", "m", болып табылады ( 2 сурет), бірақ олардың әрқайсысының қатысу дәрежесі әр түрлі. Мысалы, өндірісті кеңейту үшін, "C" элементін көбейту үшін қосымша ресурстар тарту керек. "V" элементі қызметкерлердің жеке (меншікті) табысы, әдеттегідей жалақысы бола отырып, қаржы ресурстарының көзі ретінде үш бағытта көрінеді: салықтар (еңбекақыдан төленетін); сақтық төлемдері (сыйақылар); басқадай төлемдер (ерікті жарналар, арнаулы қорларға аударылатын жарналар және т.б сияқты). "M" элементі табыс (пайда), өнімдер мен қаржы ресурстарының негізгі көзі болып табылады.
Қаржы ресурстарының көздері макродеңгейде (мемлекет деңгейінде) және микродеңгейде (шаруашылық жүргізуші субъект деңгейінде) іс-әрекет ететін көздер болып бөлінеді:
Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері:
жалпы ішкі өнім;
ұлттық байлық;
тартылған (қарыз) ресурстары;
Микродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері:
меншікті қаржы ресурстарының көздері: өнім өткізуден түскен табыс (кәсіпорын ресурстарын қалыптастыруға мүмкіндік береді);
субъектінің сыртқы экономикалық қызметі; мүлік (сатуға болатын ғимараттар, жабдықтар және өзге активтер);

Жалпы қоғамдық өнім
c
V
m
Материалдық шығындар
Қажетті өнім
Қосамша өнім
ӨЗІНДІК ҚҰН (ШЫҒЫНДАР)

Амортизациялық аударымдар
Айналымдағы қаражаттар
Материалдық шығындар құрамындағы төлемдер
Ұлттық табыс

әлеуметтік қорларға аударылатын аударымдар (әлеуметтік салық)
Таза
табыс
(пайда)

Халықтан алыгатын салықтар
Қарыздар мен лотереялар
Ерікті жарналар
Жанама салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, басқалары)
Роялти, бонустар
Табиғи ресурстар үшін төлемдер
Баждар, лицензиялар үшін төлемдер
Тіркеу алымдары
Табиғатты қорғау қорына төленетін төлемдер
Сыртқы
экономикалық қызметтен түсетін түсімдер

Мемлекеттік мүлікті сатудан (жекешелендіруден) түсетін түсімдер

Сыртқы көздерден түсетін түсімдер (қарыздар, трансферттер, гранттар)
Сурет 2. Қаржы ресурстары

шаруашылық жүргізуші субъектісінің меншікті қаражаттарына теңестірілетін қаражаттар (олар субъектінің қарамағында болады): тұрақты пассивтер нысанындағы жалақы; қосымша жалақы - қызметкерлердің демалыстарын төлеуге арналған ақша (есептелінеді, бірақ шаруашылық жүргізуші субъектісінің қарамағында болады);
тартылған қаражаттар (бұл кәсіпорынның қаржы рыногында - бағалы қағаздар, несие капиталдары эәне т.б рыногында қалыптастыратын қаражаттары): акциялар мен облигацияларды сату; қарыз қаражаттары;
қаражаттарды қайта бөлу тәртібімен алынатын көздер: жоғары инстанциялардан (министрліктерден, бюджеттен алынатын) алынатын қаражаттар; сақтық өтеулері (сақтандыру - қаражаттарды қайта бөлу әдісі).
Мыналар макродеңгейдегі қаржы ресурстарының негізгі түрлері болып табылады: Халықаралық валюта қорының және басқа халықаралық ұйымдарының кредиттері, Ұлттық банктің ішкі кредиттері; салықтар; бюджетке төленетін басқадай төлемдер; бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдар және өзгедей түрлері.

1.3 Кәсіпорындағы қаржы менеджменті

Қаржы жүйесінің бастапқы буыны ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы базистік категория, яғни тап осындай нысанада жұмыс істейтін айырықшалықты белгілері мен ерекшеліктері бар объективті экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Бірақ ақша қорлары қозалысының объектісі бар, субъектілердің нақтылы мүдделері жөнінде көрінетін кез келген қатынастар сияқты, олар реттеуді, тиісті қаржы ағынының бағыттарын, олардың қозғалысын ретке келтіруді қажет етеді. Бұл қондырмалықтарға жататын, нақтылы орындаушылардың санасымен, машығымен және іскерлігімен жасалатын субъективті басқарушы іс-ірекеттері ақылы жүзеге асырылады. Экономикалық заңдармен анықталатын базистік аса маңызды құбылыстардың талабына бағдарлануы тиіс, бұл талаптарды үнемі ескеріп отыруы тиіс, яғни базистің шарттарына бағынышты болуы тиіс болғандақтан қондырмалықтарға жатады. Бұл басқарылатын іс-әрекеттерге қаржы менеджменті ұғымы - тиімді пайдалану мақсатымен кәсіпорынның ақша ағынының, кәсіпорынның бүкіл қаражаттарының қозғалысы механизмін басқару жүйесі жатады.
Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайындағы басқару қаржы менеджменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды сатып алуға, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
Кәсіпорындарда қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері, материялдық емес игіліктер.
Қаржы менеджменті уәждемелерге -- адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру процесінде көрінеді.
Жалпы қаржы менеджменті қаржыны басқарудың ілгеріде баяндалған қағидаттарына негізделген. Ол басқарудың тиісті элементтерін -- ақпаратты, жоспарларды (болжауды), ұйымдастыруды, реттеуді бақылауды кіріктіреді. Қаржы менеджментін жүзеге асырудың шарты нарықтық ортаның болуы болып табылады, бұл орта бағалардың еркін жүйесі, тауар мен қызметтердің рыногымен қатар еңбек, капиталдар, өндіріс құрал-жабдықтары рыногының жұмыс істеуі, кәсіпорындардың қызметін мемлекеттік реттеудің заңнамалық реттемелеу кезіндегі кәсіпкерлік қызметті коммерциялық есеп негіздерінде жүргізуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, кәсіпорындардың қаржы менеджментінің шеңбері нарықтық факторлармен анықталады, бұл оны жеке буындарында басқарушы субъектілердің басқарылу объектілеріне ықпал жасауының экономикалық элементтері басым болуы мүмкін қаржыны басқарудың жалпы шарттарынан ажыратады. Кәсіпорындардың қаржы менеджментінің жүйесі аса жылжымалы, өйткені бұл буындағы нысандардың, әдістердің арсеналы жалпымемлекеттік қаржылардағыға қарағанда тым әр түрлі. Мысалы, кәсіпорындардың қаржы менеджменті әр түрлі нысандардағы есеп айырысу (төлем тапсырмасы, төлем талабы (талапшоты), әр түрлі акредитивтер, есеп айырысу чектері және т.б.), барлық нысандардағы несиелендіру, бағалы қағаздармен және валютамен жасалатын операциялар бойынша көп таралған операциялардан басқа хеджирлеу1, кепілдік-ипотекалық және сенімгерлік (трасттық) операциялар, қаржы және операция лизингі, франчайзинг, бағалы қағаздар бойынша трансферттер сияқты нысандар мен әдістерді қамтиды; валютамен, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша, қауіптердің барлық түрлерін сақтандыру бойынша қаржы құралдарының жинақталымы айтарлықтай кеңейеді.
Қаржы менеджментін мына кезеңдердің дәйекті ауысымы ретінде елестетуге болады:
1) ақша қаражаттарын (капиталды) пайдаланудың міндетін қою және мақсатын анықтау;
2) ақша ағындарының қозғалысын басқарудың қаржылық әдістерін, тәсілдерін таңдау;
3) қабылданған шешім бойынша инвестициялау жөніндегі шешімді бизнес-жоспар немесе басқа ресімдеу түріндегі іс-әрекеттердің бағдарламасын жасау;
4) жобаның орындалуын ұйымдастыру;
5) атқарылу барысына бақылау жасау және қажетті түзетулер жасау;
6) қайта инвестициялаудың мақсаттары үшін жоба нәтижелерін талдау және бағалау;
Қаржы менеджментінде шешімдер қабылдау тәуекелдіктерімен, яғни жобаланған нұсқамен салыстырғанда табысты кем алу немесе зиянның пайда болуы ықтималдығымен кездесіп отырады. Тәуекелдікті талдау оның көздері мен себептерін анықтаудан, ысыраптың белгілі бір деңгейінің ықтималдығын өлшеуді, яғни тәуекелдіктің қолайлы дәрежесін белгілеуден басталады. Тәуекелдік статистикалық, сараптық және құрамдастырылған әдістермен анықталады. Қаржы менеджментінде шешімдер қабылдау тәуекелдіктің барлық түрін -- өндірістік, коммерциялық, қаржы тәуекелдіктерінің үйлесуін қажет етеді. 6, 58-70 б
Алайда бизнеске экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік, саяси және табиғи сипаттағы секілді көптеген құбылыстар да әсер етеді: өрлеу мен дағдарыстар, банк пайызының, бағалардың ауытқулары, тұтынушылар ұнатуларының, бәсекелестер іс-қимылының өзгеруі, үкіметтің көлденең (болжанбаған) шешімдер қабылдауы, ереуілдер, табиғи катаклизмдер, апаттар және т.б.
Қолайсыз уақиғалар болған кезде келеңсіз зардаптарды азайтуға ақшаны, өндірістік қуатты, шикізатты, дайын өнімді резервте сақтау есебінен қол жетеді; коммерциялық қызметті қайта бағдарлау жөніндегі алдын ала жасалған шаралар болуы мүмкін. Жиынтық тәуекелді басқару кезіндегі кәсіпорынға төнетін тәуекелдердің түрлі тұрпаттарында бірігетін кәсіпорын қаржының әртараптандырудың ерекше маңызы бар.
2 Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау
2.1 Интергаз Орталық Азия АҚ-ның қаржылық - шаруашылыққызметінің нәтижелерін талдау

Интергаз Орталық Азия АҚ (одан әрі Компания) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құрылды. Компания 1997 жылы 1 шілдеде жабық акционерлік қоғам ретінде тіркелді. Компания 2005 жылдың 28 қаңтарында акционерлік қоғам ретінде қайта тіркелді.
Компанияның 100% акциясы Нидерлланды заңына сәйкес құрылған Интергаз Интернэшнл БВ (Акционер) компаниясының иелігінде, өз кезегінде оның 100% акциясы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құрылған КазТрансГаз АҚ қарауында. КазМұнайГазҰлттық компания АҚ (одан әрі КазМұнайГаз), КазТрансГаз АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады. КазМұнайГаз жалғыз акционері Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті (2006 жылдың маусымынан бастап Мемлекеттік активтерді басқару бойынша Казақстандық холдингі Самрұқ АҚ) түріндегі, Қазақстан Республикасының Үкіметі (Үкімет) болып табылады.
Компанияның қызметінің негізгі бағыты табиғи газды тасымалдау, оны жүзеге асыру және сақтау. Компания мен Үкіметтің арасындағы шартқа сәйкес (Келісім), Компания Қазақстан Республикасындағы магистральді газ жүргізу жүйесін басқарады. 2000 жылдағы предшествующего оператордан Келісімге сәйкес компания магистральді газ жүргізу жүйесіне басқаруды алды. Келісімге сәйкес Компания 2017 жылдың 14 маусымына дейін магистральді газ жүргізу жүйесін басқаруға және оны күтуге міндетті, бұл келісімді 10 жылға ұзартуға болады, содан кейін олар Үкіметке берілуі тиіс.
Компанияның бас офисінің мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Кабанбай Батыр даңғылы 20.
Қаржылық есеп беруідің шығарылуын 2007 жылдың 11 ақпанында экономика және қаржы бойынша бас директордың орынбасарымен және Компанияның бас бухгалтерімен бекітілді.
Экономикалық жағдайды жақсартумен қатар (соның ішінде, жалпы ішкі өнімнің өсуі және инфляция деңгейінің төмендеуі), Қазақстанда нарықтық экономиканың талаптарына жауап беретін экономикалық реформалар және құқықтық, салықтық және әкімшілік жүйенің дамыту жалғасуда. Қазақстанның экономикалық тұрақтылығы белгіленген аудандарда реформалардың жүруінен, сонымен қатар экономика, қаржы және ақша несие саясаты сферасында үкіметпен қолданылатын шаралардың тиімділігіне байланысты.
Байланысты жақтар өздеріне Компанияның шешуші басқарушылық персоналын қосады, ол кампаниялардың басым бөлігі Компанияның шешуші басқарушылық персоналына тікелей немесе жанама жатады, КазМұнайГаз компаниясының тобына және Үкіметпен бақыланатын компаниялар.
Байланысты жақтармен 1 жылда жасалған негізгі келісімдер 1 және 2 кестеде көрсетілген:

Кесте 1.
Табыстар

Мың теңгемен
2006ж.
2005ж.
Газды тасымалдау байынша қызмет көрсету
КазТрансГаз-дың жалпы бақылауындағы компаниялар
КазТрансГаз Дистрибьюшн АҚ
1076902
1095836
КырКазГаз ОсОО
653747
225093
Алматыгаз АҚ
157103
-
Алматы Пауэр Консолидейтед АҚ
121625
45696
КазМұнайГаз -дың жалпы бақылауындағы компаниялар
КазРосГаз АҚ
2692393
1882171
КазТрансОйл АҚ
40687
44990
Тенгизшевройл ЖШС
1038962
683659
Казахтуркмұнай ЖШС
112
147
Үкіметпен бақыланатын компаниялар
МАЭК-Казатомпром ЖШС
372216
307467

6153747
4285059
Газды сату
КазТрансГаз

КазТрансГаз АҚ
1563059
-
КазТрансГаз жалпы бақылауындағы коапаниялар
КазТрансГаз Дистрибьюшн АҚ
259758
244736

1822817
244736
Газды сақтау

КазТрансГаз АҚ
24684
20947
КазТрансГаз жалпы бақылауындағы коапаниялар
КазТрансГаз Дистрибьюшн АҚ
14676
4150
Алматы Пауэр Консолидейтед АҚ
20
-

39380
25097

8015944
4554892

Кесте 2.
Тұтынуға алғандар

Мың теңгемен
2006
2005
1
2
3
Газды алулары
КазТрансГаз АҚ
4232756
2480650
КазТрансГаз жалпы бақылауындағы коапаниялар
КырКазГаз ОсОО
-
113426
КазТрансГаз Дистрибьюшн АҚ
423721
109416
2 кестенің жалғасы
1
2
3

4656477
2703492
Негізгі қаражаттарды алулар

КазТрансГаз АҚ
112192
9210176
КазТрансГаз жалпы бақылауындағы компаниялар
ГазИнСервис ЖШС
15642
10363
КазТрансГаз LNG АҚ
-
1947
ҰК КазМұнайГаз АҚ
101678
-
КазМұнайГаз -дың жалпы бақылауындағы компаниялар
КазТрансОйл АҚ
181301
-
Каспиймұнайгаз НИПА АҚ
8913
-

419726
9222486
Мың теңгемен
2006
2005
Байланысты жақтармен көрсетілген басқада қызметтер
КазТрансГаз АҚ
3348493
2696959
КазТрансГаз жалпы бақылауындағы коапаниялар
Интергаз Файнэнс БВ
2451770
2397758
Газинсервис ЖШС
380808
323493
КырКазГаз ОсОО
280036
111667
КазТрансГаз Дистрибьюшн АҚ
36805
52807
Алматы Пауэр Консолидейтед АҚ
2405
987
Жабылская ГРЭС АҚ
49
123
Актобелік газды шаруашылықты басқару ЖШС
883
-
Алматыэнергосбыт ЖШС
368
-
КазМұнайГаз -дың жалпы бақылауындағы компаниялар
Семсер АҚ
794723
786423
КазТрансОйл АҚ
22299
19703
Евро-Азия-Эйр АҚ
346390
308953
КазМұнайГаз-Сервис ЖШС
127334
156939
КазТрансОйл-Сервис АҚ
62673
-
Казмұнайгаз Консалтинг АҚ
-
5053
Каспиймұнайгаз НИПА АҚ
8957
220
КМГ Жайық ЖШС
4640
-
ММЦ Мейирим ЖШС
15680
-
Казахстанско-Британский университет АҚ
7017
3252
Үкіметпен бақылнатын коапаниялар
МАЭК-Казатомпром ЖШС
60452
60266
Казахтелеком АҚ
24278
23806
ҰК Казахстан Темір Жолы АҚ
3156
3467
Казпочта АҚ
464
-

7979680
6951876
Мың теңгемен
2006
2005
Байланысты жақтармен басқа да табыстар
КазТрансГаз АҚ
3642
101503
КазТрансГаз жалпы бақылауындағы компаниялар
Газинсервис ЖШС
11825
10
КазТрансГаз Дистрибьюшн АҚ
-
1

15467
101522
2 кестенің жалғасы
1
2
3
КазМұнайГаз -дың жалпы бақылауындағы компаниялар
Казмұнайгаз-Консалтинг АҚ
-
5
Семсер АҚ
-
2
Евро-Азия-Эйр АҚ
-
1

Қаржылық көмек 3 кестеде көрсетілген. Байланысты жақтармен берілген қаржылық көмек процентсіз болып табылады.

Кесте 3.
Қаржылық көмек

Мың теңгемен
2006
2005
КазТрансГаз
КазТрансГаз АҚ ұзақ мерзімді қаржылық көмек
5919746
8375768
КазТрансГаз жалпы бақылауындағы компаниялар
Газинсервис ЖШС ұзақ мерзімді қаржылық көмек
1759979
-
Алтын Толкын ЖШС ұзақ мерзімді қаржылық көмек
-
764373
КазМұнайГаз -дың жалпы бақылауындағы компаниялар
Семсер АҚ ұзақ мерзімді қаржылық көмек
35758
64724

7715483
9204865
Мың теңгемен
2006
2005
КазТрансГаз АҚ қысқа мерзімді қаржылық көмек
6540433
-
КазТрансГаз жалпы бақылауындағы компаниялар
Жамбылская ГРЭС АҚ қаржылық көмек
2085826
-
КазТрансГаз Дистрибьюшн АҚ қаржылық көмек
59000
-
Газинсервис ЖШС қаржылық көмек
40100
-
КазМұнайГаз -дың жалпы бақылауындағы компаниялар
КазМұнайГаз-Сервис АҚ қаржылық көмек
2300000
1200000
Семсер АҚ қаржылық көмек
34532
24532

11059891
1224532

2006 жылдың 31 желтоқсан күні жағдайы бойынша байланысты жақтармен жасалған келісімдер бойынша алынатын сомалар 4, 5, 6, 7 кестелерде берілген.

Кесте 4.
Саудалық және басқа да дебиторлық қарыз

Мың теңгемен
2006
2005
1
2
3
Саудалық және басқа да дебиторлық қарыз
КАзТрансГаз АҚ
139656
111270
КазТрансГаз жалпы бақылауындағы компаниялар
КазТрансГаз Дистрибьюшн АҚ
564836
444118
КырКазГаз ОсОО
181910
-
Газинсервис ЖШС
15
-
Алматылық газдық жүйе ЖШС
41139
-
4 кестенің жалғасы
1
2
3
КазТрансГаз LNG АҚ
4787
6824
Алматы Пауэр Консолидейтед АҚ
13855
22324
КазМұнайГаз -дың жалпы бақылауындағы компаниялар
КазРосГаз АҚ
243924
176733
Тенгизшевройл ЖШС
132290
53465
КазТрансОйл АҚ
8771
14363
Казахтүркмұнай ЖШС
10
16
Үкіметпен бақыланатын компаниялар

МАЭК-Казатомпром ЖШС
56312
53293

1387505
882406

Кесте 5.
Берілген аванстар

Мың теңгемен
2006
2005
Берілген аванстар
КазТрансГаз жалпы бақылауындағы компаниялар
Газинсервис ЖШС
-
14556
Алматы Пауэр Консолидейтед АҚ
814
18
КазМұнайГаз -дың жалпы бақылауындағы компаниялар
ҰК КазМұнайГаз АҚ
-
59797
Казахстанско-Британский университет АҚ
6651
4264
Евро-Азия-Эйр АҚ
-
6911
Үкіметпен бақыланатын компаниялар
Казахтелеком АҚ
19
-
ҰК Казахстан Темир Жолы АҚ
1597
1336

9081
86882

Келісімнің шарттарына байланысты Компания жыл сайын 30 миллион АҚШ долларын берілген газтранспортты активтерді жақсартуға және жөндеуге және жаңа газтранспортты активтерге инвестициялауға міндеті бар. Келісімнің шарттарына байланысты жоғарыда көрсетілген инвестициялардың баланстық құны Компанияға Келісімнің мерзімі өткеннен кейін қйтарылады. 2006 жылдың 31 желтоқсан жағдайына дейін Компания осы инвестициялық міндеттемеге қатысты шамамен 3186774 мың теңгег келісім-шарттық міндетті иеленді.
Осы инвестициялық міндет анықталған шарттардың орындалуына байланысты. Оның біреуі, тасымалданған газдың физикалық көлемі тұрақты болып қалады немесе 1996 жылғы деңгеймен салыстырғанда көбееді; келесісі, газды тасымалдау бойынша келісімнің шартары шетел клиенттеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық менеджменттің шетелдік тәжірибесі
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ АҚПАРАТТЫҚ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ
Көкшетау қаласында орналасқан РИСК-Бизнес ЖШС
Салық салуды басқару қаржылық менеджмент бөлігі ретінде
Ұлыбританиядағы шағын бизнес
Кәсіпорынның қызметкерлерін баскару
Сапа менеджментінің принциптері
Кәсіпорынды басқару функциялары
Менеджментті жоспарлаудың стратегиялық жоспары
Кәсіпорынды басқарудың экономикалық мәні
Пәндер