Қонақ үй кәсіпорындарда жарнама қызметінің жетілдіру жолдары



Кіріспе
І БӨЛІМ. ҚОНАҚ ҮЙ ЖАРНАМА ҚЫЗМЕТIНIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТIЛЕРІ
1.1. ҚОНАҚ ҮЙ ЖАРНАМАНЫН МӘНI МЕН ТҮРЛЕРI
1.2. ҚОНАҚ ҮЙЛІК ЖАРНАМАНЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУIНIҢ НЕГIЗГI ҚАҒИДАЛАРЫ.
1.3. ҚОНАҚ ҮЙ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАРНАМАНЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI.
ІІ БӨЛІМ. ҚОНАҚ ҮЙ КӘСІПОРЫНДАРДА ЖАРНАМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1. ҚОНАҚ ҮЙ КӘСІПОРЫННЫҢ ДАМУЫНА ЖАРНАМАНЫҢ ӘСЕРІ
2.2. ҚОНАҚ ҮЙ КӘСІПОРЫНДАРДА ЖАРНАМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
2.3. ҚАЗАҚСТАН ҚОНАҚ ҮЙ ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ЖАРНАМАНЫҢ МАҢЫЗЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жарнама дегенiмiз белгiлi тапсырыс берген демеушiнiң атынан тауарды тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған ақылы әрекет. Жарнама ерекшелiктерi: қоғамдық сипатта болады, үгiттеуге қаражат қаблеттiлiгi бар сатушы жарнама арқылы өзiнiң хабарландыруын бiрнеше рет қайталай алады, мәнерлiк – түс, дыбыс, шрифт арқылы тауарды тартымды көрсетуге болады, иесiз жарнама монолог ретiнде ғана жасалады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: жарнамасыз тауардың кен нарықта қалыптастыруға, ықтимал қажетiлiктердi сұранымға айналдыруға болмайды. Коммерциялық жарнаманың алып машинасы тұтынушыны қалыптастыруға, оған қысым жасап, керектi сенiм тәрбиелеуге арналған. Жарнаманың мақсаты сатып алуға деген құмарлықты қыздырып, ықтимал тұтынушыны несиенi пайдалануға, қосымша шығындарға итермелейдi.
Курстық жұмыстың мақсаты: қонақ үйлік жарнаманы анықтау мен оны дамытудағы кемшіліктерді, және сонымен қатар ұлттық өнімдерді жарнамалауда кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдары.
Жарнама кәсіпорындағы маркетингте ерекше орын алады, оны сондықтан жиі өзара тәуелсіз бағытта қарастырады. әлемдік нарықта жарнама кешенді толық пайдаланғанда ғана жоғарғы тиімділікке ие болады, Осы мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды орындау қажет:
1. Қонақ үйлік жарнаманың түрлері мен жарнамалық қызметтер;
2. Қазақстан Республикасындағы жарнаманың даму темпі
3. Жарнаманы дамытуда туындайтын мәселелер мен оны шешу жолдары.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Жарнама туралы түсінік, оның түрлері.
2. Қазақстанда қонақ үй даму деңгейін қарастыру.
3. Қонақ үйді ұсынуға болатын жарнама түрлерін қарастыру
1. Закон Республики Казахстан от 13 июня 2001 г.№ 211-2 «О туристской деятельноти в Республике Казахстан» (с изменениями, внесенными Законом Рк от 22.02.02 г№ 296-2). –Алматы: Юрист,2002.
2. Указ Президента Республики Казахстан от 17 февраля 2000 года №344 О дальнейших мерах по реализации Стратегии Развития Казахстана до 2030 года, сб. Норм-прав.док.-Алматы:Юрист 2001
3. Башта А. Казахстанский туризм: новый поворот //Деловой мир Казахстана. -2002. -№11
4. Маркетинг и менеджмент в формирующейся индустрии туризма Казахстана / Проблемы и перспективы устойчивого развития.
5. Калдыбаев О. Ж., Темирбаев А.С. Экономика предприятия. –Алматы:2001.
6. Менеджмент туризма. Туризм как вид деятельности: Учебное пособие под ред. Зорина И.В. и др. –М.:Финансы и статистика, 2002.
7. Басовский Л.Е. Прогнозирование и планирвание в условиях рынка. –М.: ГАО Москва,2000.
8. Котлер Ф. И др. Маркетинг. Гостеримство и туризм. Учебник для ВУЗов. Пер с англ. Под ред Ноздревой Р.Б-М.: ЮНИТИ, 19988
9. Маркова В.Д. Маркетинг услуг. –М.,1996.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
І БӨЛІМ. ҚОНАҚ ҮЙ ЖАРНАМА ҚЫЗМЕТIНIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТIЛЕРІ
1.1. ҚОНАҚ ҮЙ ЖАРНАМАНЫН МӘНI МЕН ТҮРЛЕРI
1.2. ҚОНАҚ ҮЙЛІК ЖАРНАМАНЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУIНIҢ НЕГIЗГI ҚАҒИДАЛАРЫ.
1.3. ҚОНАҚ ҮЙ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАРНАМАНЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI.
ІІ БӨЛІМ. ҚОНАҚ ҮЙ КӘСІПОРЫНДАРДА ЖАРНАМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1. ҚОНАҚ ҮЙ КӘСІПОРЫННЫҢ ДАМУЫНА ЖАРНАМАНЫҢ ӘСЕРІ
2.2. ҚОНАҚ ҮЙ КӘСІПОРЫНДАРДА ЖАРНАМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
2.3. ҚАЗАҚСТАН ҚОНАҚ ҮЙ ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ЖАРНАМАНЫҢ МАҢЫЗЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе
Жарнама дегенiмiз белгiлi тапсырыс берген демеушiнiң атынан тауарды тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған ақылы әрекет. Жарнама ерекшелiктерi: қоғамдық сипатта болады, үгiттеуге қаражат қаблеттiлiгi бар сатушы жарнама арқылы өзiнiң хабарландыруын бiрнеше рет қайталай алады, мәнерлiк - түс, дыбыс, шрифт арқылы тауарды тартымды көрсетуге болады, иесiз жарнама монолог ретiнде ғана жасалады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: жарнамасыз тауардың кен нарықта қалыптастыруға, ықтимал қажетiлiктердi сұранымға айналдыруға болмайды. Коммерциялық жарнаманың алып машинасы тұтынушыны қалыптастыруға, оған қысым жасап, керектi сенiм тәрбиелеуге арналған. Жарнаманың мақсаты сатып алуға деген құмарлықты қыздырып, ықтимал тұтынушыны несиенi пайдалануға, қосымша шығындарға итермелейдi.
Курстық жұмыстың мақсаты: қонақ үйлік жарнаманы анықтау мен оны дамытудағы кемшіліктерді, және сонымен қатар ұлттық өнімдерді жарнамалауда кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдары.
Жарнама кәсіпорындағы маркетингте ерекше орын алады, оны сондықтан жиі өзара тәуелсіз бағытта қарастырады. әлемдік нарықта жарнама кешенді толық пайдаланғанда ғана жоғарғы тиімділікке ие болады, Осы мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды орындау қажет:
Қонақ үйлік жарнаманың түрлері мен жарнамалық қызметтер;
Қазақстан Республикасындағы жарнаманың даму темпі
Жарнаманы дамытуда туындайтын мәселелер мен оны шешу жолдары.
Курстық жұмыстың міндеті:
Жарнама туралы түсінік, оның түрлері.
Қазақстанда қонақ үй даму деңгейін қарастыру.
Қонақ үйді ұсынуға болатын жарнама түрлерін қарастыру

І БӨЛІМ. ҚОНАҚ ҮЙ ЖАРНАМА ҚЫЗМЕТIНIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТIЛЕРІ
1.1. ҚОНАҚ ҮЙ ЖАРНАМАНЫН МӘНI МЕН ТҮРЛЕРI

Қонақ үй жарнаманың түрлерін тоқталмас бұрын біз маркетинг ұғымына тоқталып өткеніміз дұрыс. Өйткені жарнама маркетингтің негізгі құраушысы.
Маркетинг термині компаниялар мен фирмаларда өндіруші, өткізуші әрекетін басқару құралы ретінде өткен ғасырда пайда болды. Маркетинг термині ағылшын тілінен аударғанда market+ ing=нарық - осы аралықта жұмыс істеу .
Маркетинг түсінігін көбінесе жарнама мен өткізумен шатастырады. Бірақ маркетингтің негізгі элементі өткізу емес екендігін білген жөн. Ф.Котлердің айтуынша, өткізу маркетинг Айсбергтің тек ұшы, яғни маркетингтің негізгі мақсаты тұтынушы мен өндірушіге бірін-бірі табуға көмектесіп, оларды байланыстыру. Маркетинг негізі: тауар өндіру бағдарламасын өңдеу, нарықты зерттеу, жеткізуді ұйымдастыру және т.б. Сонымен, маркетинг нарықпен тікелей байланысты ғылым.
Маркетингтің даму кезеңдері (эволюциясы) :
Бірінші кезең XX ғасырдың басынан 40 жылдарға дейін маркетинг өткізу сипаты ретінде қолданылды. Маркетинг пән ретінде алғаш рет АҚШ-та Колифорниялық және Мичеган университетінде оқыла бастады. Соғыстан кейіңгі жылдары маркетинг өткізу қасиетін жоғалтып, тауарды өндірумен тұтынушыға жеткізу әрекетінің бір элементі болып саналды.
Екінші кезең 1960-70 жылдарды қамтиды. Осы жылдарда ғылыми техникалық прогресс (ҒТП) жоғарғы темпте дамып, жаңа өндірістің және халықаралық еңбек бөлінісінің пайда болуы байқалды. Ірі компаниялар арасында бәсекелестік өте жоғары дамыды.
1970 жылдың екінші жартысында эволюцияның үшінші кезенінің дамуы байқалды. Осы фазада маркетинг қазіргі заманғы бизнестің жаңа философиясы ретінде қарастырылды.
Маркетингті басқару эволюциясында келесі факторлардан тұрады:
1.ҒТП-ң дамуын жылдамдату.
2.Бәсекелестік күрестің түрлерін құру.
3.Тауар ассортиментін жиі жаңалатып отыру мүмкіндігі.
4.Фирма әрекетіне сыртқы орта факторлардың әсер етуі.
Маркетингтің қағидалары:
өнімді тұтынушыларды нақты анықтап, соған сай тауар өндіру.
өндірілген өнімді сату емес, сатылатын өнімді шығару.
Тауарларды өндіре отырып, қажеттілікті құру мен ынталандыру.
Пайда табу арқылы соңғы мақсатқа жетуді көздеу.
Егер де ірі компаниялар тауарларды нарыққа, яғни барлық ұлттық нарығына немесе халықаралық нарығына шығаратын болса, онда маркетинг географиялық принцип бойынша ұйымдастырылады.
Коммуникация дегенiмiз тараулар, қызметтер туралы хабарландыру, оларға деген тұтынушының сенiмiн күшейту, олар туралы ескерту үшiн фирма қолданатын әдiс - амалдары.
Кәсiпорын тұтынушыларға тиiмді әсер ету үшiн коммунмкацияның келесi әдiс - амалдарын пайдалануы мүмкiн: жарнаманы, арнайы сатуды, өтiмдi ынталандыруды, қоғаммен байланысты.
Коммуникацияның әр элементiне сәйкес ерекше тәсiлдер мен әдiстер қолданылады.
Жарнаманы жеткiзу әдiстерiне қарай:
- қатаң жарнама- қысқа мерзiмде, агресияшыл жарнама.
- Жайлы жарнама - тауар айналысында қолайлы жағдай құратын жарнама.
Мияткер түрiне қарай:
- өндiрушiнiң атынан жүргiзiлген жарнама көбiнесе коммерциялық әрекетке байланысты.
- жеке адамдар атынан жүргiзiлген жарнама көбiнесе хабарландыру сипатын алады.
Тұтынушыға әсер ету әдiсiне қарай:
- оңтайлы жарнама - әлуеттi тұтынушының ақыл - ойына әсер ететiн жарнама.
- Эмоционалды жарнама - тұтынушылардың сезiмiне, эмоциясына ассоциация арқылы әсер ететiн жарнама.
Мақсатты аудиторияның түрiне қарай:
- Бизнес саласына арналған жарнама - тауарды өндiрiс үдерiсiңде қолдану үшiн сатып алатын тұтынушыларға және делдалдарға арналған жарнама. Жеке тұтынушыға арналған жарнама.
Коммуникация стратегиясына қарай:
- Таңдамалы жарнама - нақты нарық сегментiне арналған жарнама.
- Жалпылама жарнама - жалпы нарыққа арналған жарнама.
Компания мақсатына қарай:
- Ақпаратты жарнама - тұтынушыларды жаңа тауар мен жаңа фирмамен таныстыратын жарнама.
- Ескерту жарнама - тұтынушылар есiне тауар туралы ақпаратты сақтауға арналған және тауарды қай жерде сатып алуын еске тұсiретiн жарнама.
- Кеңесшi жарнама - таңдамалы сұранысты қалыптастыруға арналған жарнама.
Жарнама затына қарай:
- Тауар жарнамасы - тауарға сұранысты қалыптастыратын және оған ынталандыратын жарнама.
- Фирма беделiң жоғарлатуға арналған жарнама - кәсiпорынның жұмысын жағымды көрсетуге арналған жарнама болып бөлінеді.
1.2. ҚОНАҚ ҮЙЛІК ЖАРНАМАНЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУIНIҢ НЕГIЗГI ҚАҒИДАЛАРЫ.
Қонақ үй қазіргі уақытта сыртқы экономикалық қызметтің жақсы серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады . Қонақ үй қызметінің ұдайы өсуі біртұтас әлемдік экономикаға әсер етуі сияқты бөлек елдер мен аймақтар экономикасына әсер етуі дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы мен құрылымына жалғасатын күрделі, тұрақты ұзақ мерзімді беталыстардың бірі болып табылады.Осы қажеттіліктердің алуан түрлілігі туристік кәсіпорындармен ғана қанғаттандырылып қоймайды, сонымен қатар экономика дамуына мултипликаттық әсері факторларының бірі ретінде туризм мәнісін себепші ететін басқа салалардағы кәсіпорындармен қанағаттандырады.
Өте сирек табиғи ресурстармен көшпелі халықтың ерекше мәдениетіне ие болып отырған Қазақстан халықаралық және аймақтық нарықтарда қонақ үй кәсібі дамуы үшін үлкен іске асырылмайтын әлуетке ие болуда.
Қазақстанда қонақ үй индустриясы мемлекеттік деңгейде экономиканың басымды салаларының бірі болып танылды.
Статистикалық және империкалық көрсеткіштер анализі қазақстандық туристік өнімге деген қызығушылықтың өсуін және туристер көлемінің өсуінің қолайлы беталысы және өткізу нарығының ұлғайғандығын куәландырады.
Қазақстан территориясының көп бөлігін таулар алып жатқандықтан, дәл солай алыс шетелдік туристер үшін аса тартымды ресурс болып табылады.
Нарықтық экономикада жарнама әр түрлi қызметтi атқарады. Жарнаманың әрекетiнен барлық кәсiпорыннын болашағы тәуелдi. Нарықтық экономикада жарнаманың атқаратын қызметтi төмендегiдей:
- Экономикалық бернесi - сұранысты қалыптастыру, өтiмдi ынталандыру, тұтынушыларға тауарды алғызуды тездету арқылы сату мен алу үдерiсiн тездетедi.
- Ақпараттық бернесi - тұтынушыларды өндiрушiлер туралы және олардың тауарлары туралы ақпарат ағымдарымен қамтамасыз етедi.
- Коммуникациялық бернесi - маркетингтiк зерттеулерi кезiнде қолданатын сауалдама, тұтынушылар пiкiрлерiн жинау.
- Бақылау бернесi - нарықтағы өнiмдердiң жылжыун бақылауға мүмкiндiк бередi.
- Түзетiм бернесi - өткiзу саясатын және жарнама қызметiң ұтымды жағынан өзгертуге мүмкiндiк жасайды
- Сұранысты басқару бернесi - нақты тұтынушылар топтарына көзделген әсерiн тигiзу жолдарын табуға мүмкiндiк ашады.
- Жарнама мақсатты кәсiпорын қабылдаған жалпы маркетингтiк және коммуникациялық стратегияларына сәйкес анықталады. Ол мақсаттарды екi үлкен топқа бөлуге болады:
- Тауарды өткiзу саласына байланысты мақсаттар - сату көлемiн ұлғайту және тұтынушылардың тауарды сатып алуын ынталандыруға арналады:
- Коммуникация саласына байланысты мақсаттар - нақты идеяларды хабарлауға, кәсiпорынның бейнесiн қалыптастыруға, тұтыну әдетiне ыңғайлы өзгертуге бағытталды.
Жарнама мақсаты негiзiнде жарнамалық жариялық шешiмдерiн қабылдау тәсiлдерi анықталады. Алдымен ұсынатын тауардың ерекше қасиеттерi талданып, соның iшiндегi тұтынушыларға аса маңыздыларының тiзiмi жасалады. Одан кейiн жарнамалық жариялаудың қандай мақсатты аудиторияға арналуын нақты анықтау керек .
Жарнамалық жариялауды дайындаған кезде мына мәселелердi шешу қажет:
- Жарнамалық жариялаудың құрылымын
- Жарнамалық жариялаудың түрiн
- Жарнамалық жариялаудың бет - бейнесiн.
Жарнамалық жариялаудың құрлымы AIDA (Attention - назар, interect - қызығушылық, desire - ықылас, action - әрекет), талаптарына сәйкес болуы қажет. Дұрыс қарастырылған хабарландыру тартымды да қызықты болады. Ол хабарландыруды адам қайтара оқуы немесе көруi мүмкiн. Хабарландырумен түгел танысып, жарнама объектiнiң дәлелдiгiне толық сенсе, тұтынушы тауарды сатып алуы мүмкiн.
Жарнамалық жариялаудың түрi тауарды тұтынушыға көрсету әдiсiне байланысты. Көрсету әдiстерiнiң бiрнешесi болады. Олар: тауардың ұнатымды жақтарымен клиенттердiң пiкiрлерiн игеру мен қажеттiлiктердi қанағаттандыратын тауардың жағымды қасиеттерiн анық және дәлелдi көрсету, нақты жағдайда тауарды қолдану тәсiлдерiн көрсету, тұтынушының көңiлiң көтеру үшiн әзiл - ысқақ тағы басқа жағдай жасау.
Жарнамалық жариялаудың бет - бейнесi көзделген ойды тұтынушыға ауызша не жазбаша түрде жеткiзу керек. Жарнамада бес түрлi атқарымдық бет - бейнесiн айыруға болады:
- Ресми iскерлiк:
- Ғылыми түрде кәсiбилiк:
- Жариялымдық:
- Әдеби тiлмен сөйлесу:
- Дөрекi тiлмен сөйлесу.
Жарнамалық жариялауды дайындаумен бiрге жарнама тарату құралдарын таңдау кезiнде мына сұрақтарға жауап табуы керек:
- Кiмнiң қажетiң қамту? Бұл сұраққа жауап беру үшiн мақсатты және әлуеттi, тұтынушыларды нақты табу керек. Ол үшiн нарықты сегменттеу жүргiзiледi.
- Әлуеттi тұтынушылар қай жерде орналасқан? Тұтынушылардың көбi орналасқан жерде жарнама берiлуi тиiс.
- Қашан және қайсы кезде жарнама берiлуi керек.Демек жарнама жүргiзiлетiн уақыты берiлуi керек.
Жарнаманы тарату құралдары таңдауына мынандай факторлар әсер етедi:
- жарнаманың мақсаты:
- жарнамалайтын тауардың ерекшелiктерi:
- нарықты қамту көлемi:
- жарнама тарату арнасының мақсатты аудиториясының сипатына сәйкестiгi
- бәсекелестердiң жарнамалық әрекетi
- керектi құралдардың қолда болуы
- жарнаманың әрекет ету нарқы.
Жарнама тарату құралдары анықталғаннан кейiн жарнамаға қажет қаржы көлемi есептеледi.
Жарнама қаржы көлемi анықталғанда келесi факторлар есепке алынады:
- болжаған өткiзу нарығының көлемi мен мөлшерi.
- кәсiпорынның маркетингтiк кешенiңдегi жарнаманың ролi.
-тауардың өмiрлiк циклы
- бәсекелестердiң жарнама шығындары
- кәсiпорынның қаржы мүмкiндiгi.
Жарнама қаржысы коммуникация кешенiнiң жалпы шығындар сиетасына еңгiзiлуi тиiс.
Дәрежелi жарнама көптеген шығындарды талап етедi. Сондықтан жарнама қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау жұмысы өте маңызды орын алады. Оның өзi мынадай мүмкiндiктердi бередi:
- жарнаманың пайдалылығы туралы ақпарат бередi.
- әрбiр жарнама тарату құралдарының нәтижелiгiн көрсетедi.
- әлуеттi тұтынушыларға жарнаманың оңтайлы әсер ету шарттарын анықтайды.
Жарнама науқаны мен құралдарының тиiмдiлiгiн нақты абсолюттi санмен анықтау мүмкiн емес.
Қазiргi кезде жарнама тарату құралдарының көптеген түрлерi қалыптасқан.
Жарнама түрлерi және оны тарату құралдары:
Тiкелей жарнама:
а) Пошта хаттары, баспа материалдары
б) Пошта арқылы видеокассеталар, видеодисктер
Баспа жарнамасы:
Анықтамалар, каталогтар
Пресс - релиз, баспасөз хабарламасы
Буклет
Анықтама
Баспасөз жарнамасы: Газеталар мен журналдар
Хабар жарнамасы: Радиожарнама мен тележарнама
Сыртқы жарнама:
үлкен габариттiк плакат
Газжарығы құрылымдар
Роллер
Мультивизио плакаты
Электронды панносы
Экран жарнамасы: Кино және видеофильмдер мен слайд -
фильмдер
Транспорт жарнамасы: Транспорт сыртындағы жарнама және
транспорт салонындағы плакаттар және хабарландырулар
Сату орынындағы жарнама: Витрина, тауар қорабы , зат таңбасы, назар аударуға арналған жазулар, таңбалар ("ай -стоппер")
Жарнаманың басқа түрлерi: Көрме және жәрмеңке және компьютер жарнамасы, кәдесый және купон, лотерея.
Жарнаманың психологиялық әсер ету тиiмдiлiгi әлуеттi тұтынушылардың назарын тарту деңгейiмен және жарнамалық жариялауды тындаушылар қаншалықты еске сақтау деңгейiмен анықталады.
1.3. ҚОНАҚ ҮЙ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАРНАМАНЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI.
Демалу мақсатындағы қонақ үй. Берілген түр ағзаның физикалық пен психикалық демалуына негізделген. Сонымен қатар бұл топқа емделу және күш жинау үшін қолданылатын теңіз суы мен жағымды климаты бар курортты жерлер жатады.
Елдегі қиын экономикалық пен қаржылық жағдай, әлеуметтік аспектік туризм және қонақ үй мәселелерін ушықтырып, мынадай болады;
- өмірлік деңгейдің төмендеуі ;
- кірістердің қысқаруы;
- қазақстандағы тұрғындардың табыс көлемнің азаюы;
- тұрғындардың төлемақы мүлікіндігінің құлдырауы;
Елдегі трансформацияның қазіргі кездегі жағдайында байлықты жүргізу поляризациясы біршама дамыған. Егер заңды тіркелген статистикалық тұжырымдаларына сүйенсек, тұрғындардың өмір сүру деңгейінің арсындағы 11 есе айырмашылық бар. Кірістің дифиренциясының негізін жолақы расындағы айырмашылықтар құрайды, бұл айырмашылықты тұрғындардың жұмысқа бейімділігі күшті болса да, жақсы жұмыс күшімен қамтамасыз ете алмайды. Қазақстан Республикасының институттарының айтуынша бір жұмысшының жұмыс істеу қабілеті әлеуметтік минимумда орташа жалақысы 2000 жылы 80,7 % болды.Алайда экономикалық салалардағы берілген индикатордың анализі тек өндірісте ғана жүрген; құрылыс; көлік; байланыс; қаржылық іс әрекеттер;
Туризмнің және қонақ үй шаруашылығының дамуы тұрғындардың ақшалық кірістері қандай деңгейде өсу немесе төмендеуіне өте тәуелді. Мәдениет туризмге материалдық жағынан белгілі територияларда материалды инфроқұрылымынның дамығаны көрінеді(инженерлік, агротехникалық) Берілген обьектілерде мәдени әрекеттік негізі салынған.
Әлеуметтік инфроқұрылымының әлеуметтік сферада әсіресе өте маңызды. Оған мәдени тұрмыстық бағыттағы денсаулық сақтау, білім, демалыс т.б. обьектілері жатады.айтылған обьектілердің ішінен демалу зерттеуге алынған сала ретінде әлеуметтік инфроқұрылымның маңызды бөлігі болып табылады. Демалыста әр адам күнделікті жұмыстан күнделікті серпілу деп санайды. Демалу бұл тұжырымға сай. Сондықтан демалыс әлеуметтік инфроқұрылымның маңызды функциясы ретінде өзіне көптеген мәдени аспетілерді қосады.
Тарихи - мәдениеттік, архитектура этнологиялық археологиялық , археологиялық және басқа ескерткіштердің позициясы өзінің бар әртүрлігін көрсете алады.
Тұрғындардың білімі потенциалы тек кәсіби категорияларында емес, сонымен қатар өз ұлтының тарихы мен салтын, медениетті саласының дағдыларын, бірнеше шет тілін білу керек. Бұл резиденттер мен резидент еместердің арасындағы тығыз қарым қатынасты тудырады.
Келесі жерде туризм және қонақ үй шаруашалығының экономикаға тиімді бірнеше ықпалын көрсете кетсек:
Туризм және қонақ үй кәсібі экономиканы тоқыраудан сақтайтын, оны эффектілі индустриалды комплекстердің санына жатқызамыз.
туризм мен қоршаған орта өзара байланысты және мағыналары ұқсас түсініктер. Олар табиғи ресурстарды рационалды қолдануды ұсынады. Туризм интенсивті дамыған сайын қоршаған ортаға түсетінсалмақ та өседі.
Бұл бағдарламаның негізгі бағытын келесідей көрсетуге болады:
Табиғатты рекреационды қолдануды экономикалық негіздеу;
Қонақ үйді нарықтық жағдайда реттеу;
Туризм инфрақұрылымы мен рекреационды аймақтарды құру;
Қонақ үй шаруашылығымен мен туризмнің заңды орындарын құру;
Қәзiргi заманда рекламаның актуалдi қажеттiлiгiнiң жоғарлылығы белгiгi, ерекше рекламасыз туризмдi қарастыру мүмкiн емес екенiң айтып кеткен жөн.
Жарнама кәсiпорын тауары мен қызметтiң сату көлемiң арттыруға көмектеседi. Жарнама адамға жаңа тауар туралы, оның артықшылығы мен ерекшелiгi, қайдан сатып алуға болатыны туралы ақпарат бередi. Туристiк кәсiпорындар жарнама арқылы жаңа өткiзу нарықтарын ашады. Жарнама бәсекелестiкмен күресудiң негiзгi құралы болып табылады, сондықтан ол осы күрестiң алдын алып туристiк қызмет көрсетудiң сапасые жоғарлатуға ат салысады.
Жарнама сату көлемiң жоғарлатудың негiзгi құралы.
Жарнама арқылы нарықпен керi қарым - қатынас орнатуға болады. Бұл мүмкiндiк тұтынушылар арасында туристiк қызметтерге деген сенiмдiлiктi туғызады және сол сезiмдi орнықтырады. Жарнаманың тұтынушыға бағытталған мақсаттың ескере отырып оны тек тұтынушыға әсер етушi құрал ретiнде емес, сұранысты реттейтiн құрал ретiнде қарастыруға болады.
Қазақстан Республикасындағы туристiк саладағы жарнаманың сферасы қәзiргi таңда өте актуальдi және даму стадиясында орналасқан.
Сондықтан бұл курстық жұмыстың негiзi мақсатты қонақ үйлік жарнамаларды анықтау мен оны дамытудағы кемшiлiктер, сонымен қатар ұлттық туристiк өнiмдердi жарнамалауда кездесетiн мәселелер мен оларды шешу жолдары.
Жарнама қонақ ү йкәсіпорындағы маркетингте ерекше орын алады, оны сондықтан жиі өзара тәуелсіз бағытта қарастырады.әлемдік нарықта жарнама маркетингтік кешенді толық пайдаланғанда ғана жоғарғы тиімділікке ие болады.
Жарнамалық коммуникацияны кодтау дегеніміз ойды белгілі кодтар арқылы ақпаратты алушыға жеткізуболып табылад. Код ретінде төмендегілер қолданылады:
Ауызша және жазбаша ойлар және олардың темпі мен стильі
Визуальды заттар
Дыбыстар
Түстер мен оларды құраушылар
Ымдау.
Кодтау кезінде семантиканы дұрыс қолдану қажет. Олар әр түрлі әлеуметтік топтарға әртүрлі ой беруі мүмкін.
Әлемдік тәжирбеде көрсетілгендей туризм және қонақ үй сферасы өте ірі жарнама беріушілірдің бірі болып табылады. Шетелдік фирмалар өзінің кірісінің 5 - 6 пайызын жарнама жасауға шығындайды.
Қонақ үй сферасында жарнаманың маркетингтік коммуникациядан ерекшелену негізгі қонақ үй кәсіпорыны мен қонақ үй қызметтерінің ерекшелігіне байлынысты, атап айтқанда:
Жеке сипатта болмауы. Коммуникациялық сигнал потенциалдық клиентке фирма жұмысшылары арқылы емес , делдалдар арқылы жетеді.
Біржақты бағытталуы. Жарнама тек жіберушіден ақпаратты
алушыға бағытталған. қайта байланыс тек тұтынушының сатып алуға
шешім қабылдауымен байланысты.
Тиімділік жағынан анықсыздығы.
Қоғамдық сипатта.Жарнама нақтылығы, шындығы,
дұрыстығы жөнінде жауапкершілікті өзіне алады.
Ақпараттың толықтығы
Сенімділігі.
Нарықтық ақпараттың кең көлемің таңдауда атақты американдық маман
А. Политц жарнаманың негізгі заңдылықтарың ойлап тапты:
Жарнама жақсы тауардың сату көлемін жоғарлатады, нашар тауардың құлдырауын тездетеді. Ол өнімнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарнамалық жариялаудың түр
Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы туралы
Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы
Туристік кәсіпорынның дамуына жарнаманың әсері
Туристік кәсіпорындарда жарнама қызметінің жетілдіру жолдары
Туризм мамандығы жайлы
Туризм индустрия құрылымы
Туристік салада маркетингтік және жарнама қызметін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасындағы туристік рыноктағы маркетингтің даму деңгейі мен оның болашағы
Туризмдегі жарнаманың ролі
Пәндер