Трансұлттық корпорация



1 ТҰК: МӘНІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
2 Трансұлттық корпорациялар жайында жалпы түсiнiк
3 ҒАЛАМДАСТЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰК ОРНЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
4 Ғаламдану жағдайындағы Қазақстанның индустриалды.инновациялық стратегиясына сәйкес ТҰК.тің даму бағыттары
5 ТҰК «ТеңізШевройл»

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып әлемдік еңбек бөлісіне қатыса бастады. Бұл кезеңде елімізде бұрын-соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер байқалды. Осы жаңалықтардың негізіне материалдық өндірістің, бұрынғы экономикалық қатынастардың орнына жаңа қатынастардың пайда болуын, сондай-ақ социалистік деп аталған мемлекеттік және кооперативтік меншіктің орнына көп түрлі меншік формаларының келуі, оның ішінде жеке меншік түрлерінің пайда болуын айтуға болады. Меншіктің жекешелендіріліп, мемлекет иелігінен алынуы әкімшілік жүйенің құлауына жол ашты.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 2030 жылға арналған стратегиялық концепцияда және соңғы жылдары қабылданған өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды ілгері дамыту, импорт алмастыру, ұсақ және орта бизнес бойынша құжаттарда кәсіпкерлікті өркендету міндетін алға қойды. Осы ізгі міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруда кәсіпкерліктің түрлі формаларын пайдалану еліміз үшін, оның ішінде қазақ халқына тән кәсіпкерлікті кеңінен ұлғайтуда маңызы арта бермек.
Трансформациялық жағдайда кәсіпкерліктің түрлері туралы мәселе ұдайы өндіріс тұрғысынан маңызды. Себебі, егеменді мемлекет болып даму үшін бизнестік құрылымдар әлемдік деңгейге көтерілуі тиіс. Сонда ғана ҚР-ң болашақта қарқынды дамып, әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылуына мүмкіндік туады.
ТҰК қазіргі экономика дамуының негізі болып табылатын елдер тәжірибесі негізіндегі кәсіпкерлік қызметтің формасы ретінде оны ұлттық экономика дамуының стратегиялық факторы ретінде тануға болады. ҚР экономикасы дамуындағы ТҰК алатын орны мен маңызын айқындадық және оның ел экономикасына сәйкес қолдануда ынталандырушы сипатын белгіледік.
Постиндустриалды кезеңдегі фирманың негізгі түрі ретіндегі корпорацияның артықшылығы осы кезеңнің жандануына алып келді. Кәсіпкерлік қызметтің акционерлік формасы капитал ресурстарын жинақтауды жалдамдатады, басымды дамуын қажет ететін салалардың шоғырландыру мүмкіндігін ұлғайтады. Жалпы, кәсіпкерліктің жаңа формаларының дамуы концерндердің, холдингтердің, қаржы топтарының, траст компанияларының құрылуынан көрінеді.
Кәсіпкерліктің институционалды формаларының ерекешелігін қарастыру корпорация түрлерін талдаудан басталды. Трансұлттық корпорациялар қазіргі әлемдік қаржылық капиталдың бүкіл қуатын қамтиды. Бұл корпорациялардың ерекшелігі корпорациялар арасындағы қатынастарда орталықтандыру тенденцияларын күшейтеді. Трансұлттық корпорациялардың экономикалық формасы ретіндегі франчайзингті елімізде қолдану аясының мүмкіндігі де жоғары. ТҰК-ң институционалды формалары қаржы өнеркәсіптік топтардың ерекшелігі ірі өндірістік корпорациялар, банктік құрылымдар, қаржы-сауда капиталының шоғырлануы арқылы дамыған мемлекетімізде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ете алуы. Қаржы өнеркәсіптік топтардың аграрлық секторда құрылу мүмкіндігі, агробизнестің тиімділігін арттырудағы оның ролі мен осы саладағы ерекшелігін айқындайды.
ТҰК құрылымның тиімділігі – олардың аймақтық және институционалдық негіздерінде ұлғайтылатындығын білдіреді, сондай-ақ оларды пайдаланатын көрсеткіштер тобына тәуелді болады.
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Блауг М. Экономическая теория в Ретроспективе.- М.: Дело ЛТД, 1994.
2. Маркс К. Капитал –М.: Политиздат, 1963
3. Шумпетер Й. Теория экономического развития.-М.; Прогресс-Униврситет, 1982
4. Карлофф Б. Деловая стратегия конкуренции, содержание, символы, М: Наука, 1992.-С.35
5. Друкер П. Рынок: как выити в лидеры. Практика и принципы.- М: СПб.-ГМП "Форматика", 1992.-164 с.
6. Аубакиров Я.А., Тулегенова М.С., Имандосов М. Использование преимуществ венчурного капитала в развитии предпринимательства.-Вестник сельхознауки.-2004.-С.24
7. Уильямсон О. Экономические институты капитализма. Фирмы, рынки, «отношенческаяң контрактация. .М: СПб.-1996,-С.48
8. Винслав Ю., Хуснутдинов М., Пухова Е., Ухин А. К развитию постсоветских ТНК /РЭЖ, 1999.- №11-12.-С.12-21
9. Мовсесян А., Либман А. Современные тенденции и развития и управления ТНК. // Проблемы теории и практики управления.- 2001.- №1-С.55-59
10. К.Е.Кубаев., А.Б. мыржыкбаева. Транснациональные корпорации в Казахстане// Вестник КазНУ, серия экономическая.-2004.-С.13
11. Рамазанов А. Панзабекова А. Парадигма многоукладности постсоциалистической экономики //Саясат, 2001, №3.С.63-68
12. Елемесов Р.Жатканбаев Е.Государство и рынок ,каржы-Каражат, Алматы,1997.
13. Иванченко В. Государство и корпорация.//Экономист, 2000,№1,С68-74.
14. Ыкымжанова А. Потенциал финансового рынка // Финансы- Каржы- Каражат, 1999,№6,С.60-64.
15. Нурланова Р.К. Формирование и использование инвестиций в экономике Казахстана: стратегия и механизм. –Алматы, 1998.
16. Ашимбаева А.Т. Структура экономики: закономерности формирования, тенденции и приоритеты развития. - Алматы.: Дайк-Пресс, 2000. - 239с.
17. Имандосов М.С. Қазіргі кезеңгі бизнес құрылымындағы қаржы-өнеркәсіптік топтар. ҚазЭу хабаршысы.-2003.-19 б.
18. Кенжегузин М. Экономика Казахстана на пути преобразований. –А.,2001,с.252-253.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы:Трансұлттық корпорация

1 ТҰК: МӘНІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
2 Трансұлттық корпорациялар жайында жалпы түсiнiк
3 ҒАЛАМДАСТЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰК ОРНЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
4 Ғаламдану жағдайындағы Қазақстанның индустриалды-инновациялық
стратегиясына сәйкес ТҰК-тің даму бағыттары
5 ТҰК ТеңізШевройл

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді ел
болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып әлемдік еңбек бөлісіне қатыса
бастады. Бұл кезеңде елімізде бұрын-соңды болмаған тарихи маңызды, орасан
зор өзгерістер байқалды. Осы жаңалықтардың негізіне материалдық өндірістің,
бұрынғы экономикалық қатынастардың орнына жаңа қатынастардың пайда болуын,
сондай-ақ социалистік деп аталған мемлекеттік және кооперативтік меншіктің
орнына көп түрлі меншік формаларының келуі, оның ішінде жеке меншік
түрлерінің пайда болуын айтуға болады. Меншіктің жекешелендіріліп, мемлекет
иелігінен алынуы әкімшілік жүйенің құлауына жол ашты.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 2030 жылға арналған стратегиялық
концепцияда және соңғы жылдары қабылданған өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын,
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды ілгері дамыту, импорт
алмастыру, ұсақ және орта бизнес бойынша құжаттарда кәсіпкерлікті өркендету
міндетін алға қойды. Осы ізгі міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруда
кәсіпкерліктің түрлі формаларын пайдалану еліміз үшін, оның ішінде қазақ
халқына тән кәсіпкерлікті кеңінен ұлғайтуда маңызы арта бермек.
Трансформациялық жағдайда кәсіпкерліктің түрлері туралы мәселе ұдайы
өндіріс тұрғысынан маңызды. Себебі, егеменді мемлекет болып даму үшін
бизнестік құрылымдар әлемдік деңгейге көтерілуі тиіс. Сонда ғана ҚР-ң
болашақта қарқынды дамып, әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылуына
мүмкіндік туады.
ТҰК қазіргі экономика дамуының негізі болып табылатын елдер тәжірибесі
негізіндегі кәсіпкерлік қызметтің формасы ретінде оны ұлттық экономика
дамуының стратегиялық факторы ретінде тануға болады. ҚР экономикасы
дамуындағы ТҰК алатын орны мен маңызын айқындадық және оның ел
экономикасына сәйкес қолдануда ынталандырушы сипатын белгіледік.
Постиндустриалды кезеңдегі фирманың негізгі түрі ретіндегі
корпорацияның артықшылығы осы кезеңнің жандануына алып келді. Кәсіпкерлік
қызметтің акционерлік формасы капитал ресурстарын жинақтауды жалдамдатады,
басымды дамуын қажет ететін салалардың шоғырландыру мүмкіндігін ұлғайтады.
Жалпы, кәсіпкерліктің жаңа формаларының дамуы концерндердің, холдингтердің,
қаржы топтарының, траст компанияларының құрылуынан көрінеді.
Кәсіпкерліктің институционалды формаларының ерекешелігін қарастыру
корпорация түрлерін талдаудан басталды. Трансұлттық корпорациялар қазіргі
әлемдік қаржылық капиталдың бүкіл қуатын қамтиды. Бұл корпорациялардың
ерекшелігі корпорациялар арасындағы қатынастарда орталықтандыру
тенденцияларын күшейтеді. Трансұлттық корпорациялардың экономикалық формасы
ретіндегі франчайзингті елімізде қолдану аясының мүмкіндігі де жоғары. ТҰК-
ң институционалды формалары қаржы өнеркәсіптік топтардың ерекшелігі ірі
өндірістік корпорациялар, банктік құрылымдар, қаржы-сауда капиталының
шоғырлануы арқылы дамыған мемлекетімізде тұрақты экономикалық өсуді
қамтамасыз ете алуы. Қаржы өнеркәсіптік топтардың аграрлық секторда құрылу
мүмкіндігі, агробизнестің тиімділігін арттырудағы оның ролі мен осы
саладағы ерекшелігін айқындайды.
ТҰК құрылымның тиімділігі – олардың аймақтық және институционалдық
негіздерінде ұлғайтылатындығын білдіреді, сондай-ақ оларды пайдаланатын
көрсеткіштер тобына тәуелді болады.

1 ТРАНСҰЛТТЫҚ КОРПОРАЦИЯ: МӘНІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ

Корпорация фирманың ерекше түрі ретінде индустриалды дәуір жағдайында
пайда болып, көлемін үлкейту жолымен бәсекелестікке бейімделуді өзіне
мақсат етіп қойды. Корпорацияның бір түрі – акционерлік қоғам және оның
түрлері.
Кәсіпкерлік түрлерінің одан әрі дамуы шаруашылықтық қосу тенденциясын
біріктіру ретімен қатар, бағалы қағаздар түріндегі жалған капиталды
белсенді пайдалануды бірге жүргізетін кәсіпорындардың қызметінен көруге
болады. Басқа фирмалардың бақылаушы акция пакеттеріне немесе пайларындағы
үлеске иелік ету жолымен олардың қызметтерін бақылайтын және басқаратын
және осы қызметтен пайда табатын холдингтік компаниялар немесе холдинг-
фирмалар кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі. Бақыланатын кәсіпорындар
холдингте өз дербестіктерін іс жүзінде сақтайды, алайда экономикалық
жағынан ол тұтас бір кәсіпорын болып табылады.
Холдинг өзіне бағынышты кәсіпорындарды, олардың өндірісін, өнім өткізуін,
қаржыландырылуын қамти отырып, тұтас бір кәсіпорын ретінде басқарады. Бұл
жағдайда толық бақылау жасау үшін тиісті ұйымдық құрылымдардың, соның
ішінде еншілес кәсіпорындардың қаржысы есебінен, сондай-ақ артықшылығы бар
акциялардың есебінен кейде капиталдың бірнеше пайызы жеткілікті болады.
Биржада – қоғам өзінің кез келген кәсіпорнының акцияларын сатуға және
басқаларын сатып алуға мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек, холдинг өзі бақылайтын
кәсіпорындардың табысы мен зиянын қайта бөле отырып, баланстарын басқару
мүмкіндігін береді.
Бизнесті ұйымдастыру жөнінде, экономикалық теорияда – холдингтермен
қатар, траст компанияларын немесе траст-фирмаларды бөліп қарайды. Олар өз
акцияларын беріп, орнына өзгенің меншігін басқаруға маманданған. Бизнестің
бұл түрі трастілік (сенімді) қатынастар деген атауға ие болды. Өз меншігін
трастының басқаруына сеніп берген мүлік иесі, трастқа салынған жалпы
меншіктен түсетін пайданың белгілі бір бөлігін және ол таратылған жағдайда
түсімнен үлес алуға мүмкіндік беретін траст акцияларының тең иесі болып
саналады. Капиталды біріктірудің бұл түрін АҚШ-та синдикат құруға тыйым
салған заң шықаннан кейін 1887 жылы мүнай синдикатының заңгері Дод жасаған.
Бірақ 1890 жылы тиісті заң қабылданғаннан және 1893 жылы холдингтік
компаниялар құруға рұқсат берілгеннен кейін ғана трасттілердің көпшілігі
холдинг түріне көшті
Индустриалдандырудан кейінгі жағдайда корпорация ірі масштабты
өндіріс пен бөлудің әр түрімен көрінді. Технологиялық тұрғыдан қарағанда
корпорацияның даму тенденциясы көлбеу интеграциядан тік интеграцияға өтуде.
Өндірістік түрде қазіргі корпорациялар капиталды біріктірудің кең
спектрімен көрінеді.
Капиталды біріктірудің неғұрлым кең тараған түрі өнеркәсіп, көлік,
сауда, несие және басқа да салалардың жеке кәсіпорындарын заңдылық және
шаруашылық жағынан біріктіретін қаржылық топтар болып табылады. Қаржылық
топтың концерннен айырмашылығы, оның басында топқа кіретін компаниялардың
ақша капиталына билік жүргізетін бір немесе бірнеше банк тұрады, сондай-ақ
олардың қызметтерінің барлық салаларын үйлестіреді. Бірлестіктердің басқа
түрлерімен салыстырғанда қаржылық топ ұйымдық рәсімделудің
қарапайымдылығымен ерекшеленеді.
Қаржылық топқа кіретін әрбір фирма өз бетімен халықаралық сауда
мәмілелерін жасай алады. Алайда, холдингтерде сияқты, қаржылық топтың
ядросы - бас компания, қалғандары шаруашылық дербестігіне қатысты неғұрлым
маңызды шешімдерді қабылдайтын орталыққа айналады.
Қаржылық топқа кіретін өнеркәсіптік кәсіпорындар рынокты өзара
бөліседі, баға туралы келісіп, рыноктарға шығуларды үйлестіреді және
картельдік келісімге ұқсас қызметпен айналысады. Сонымен қатар, мынадай
айырмашылығын атап өту қажет: бұл жұмыс картельде екі немесе бірнеше фирма
арасындағы жалған немесе астыртын келісім негізінде жасалса, қаржылық
топта күнделікті шаруашылық тәжірибе түрінде жүргізіледі.
Корпоротивтік секторлар - рационалды түрде капитал жинақтау,
инновацияларды қабылдау, корпорацияаралық үйлесімді байланыстар мен тікелей
тиімді өндірістік нәтижелер. Қазіргі бизнес дамитын корпорацияның негізгі
түрі, сондықтан да қазіргі кәсіпкерлікті талдау – корпорация түрлерін
талдаудан басталады. Ал, корпорацияның қызметі, ең алдымен, ішкі қызмет
тиімділігін және дамудың сыртқы факторларын анықтаумен байланысты.
Корпоративтік кәсіпорынның құрылымдық элементтерінің параметрлері
ерекше. Сонымен бірге, фирманың қазіргі теориясында корпоративті ұйымның
екі түрін: қалыпты корпорацияны және корпоративтік мәдени кәсіпорнын бөліп
қарауға болады.
Қалыпты корпорация мына сипаттарымен ерекшеленеді:
а) өндірістің тік (вертикалды) интеграциясы арқылы;
б) өзін өзі инвестициялау қабілеттігімен;
в) фирмалардың өндірістік, инновациялық және технологиялық
мүдделерінің бірігуімен сипатталады.
Корпоративті мәдени кәсіпорнында экономикалық параметрмен қатар
экономикадан тыс факторларға (корпоративтік пікірлестік және корпоративтік
жауапкершілік, жеке меншік кәсіпорынға қарағанда оның қоғамдық пайдаға
ұмтылуы) әсеріне көп үлес беріледі.
Корпорация жалпы алғанда, заңды тұлғалар бизнесін ұйымдастырудың
акционерлі негізделген түрі. Оның мақсаты - акция ұстаушылардың ресурстар
сатып алу, активтерге иелік ету, өндіріс факторлары рыногында (әсіресе,
тауар және қаржы рыногында) мәмілелер жүргізу мүмкіндігі болып табылады.
Корпорацияның оң жақтары, оның мына сипаттарынан көрінеді:
- біріншіден, оның жоғары тиімділігі ақша капиталын тарту саласында.
Корпорацияға корпоративтік бағалы қағаздарды сатып алу және сату жолымен
қаржыландыру және қаржы салу (инвестициялау) әдісі тән. Бұл қаржы
ресурстары рыногында екі жақты нәтижеге жеткізеді: бір жағынан, оларды
жинақтауға мүмкіндік береді, екінші жағынан, банк кредитін қиындықсыз
алуға жол ашады;
- екіншіден, жауапкершілігі шектеулі қағидасымен арқылы негіз жасау.
Корпорация иелері-акция ұстаушылары бағалы қағаз үшін төленген ақшаны
ғана тәуекелге тігеді. Дәл осы принцип ақша капиталын қосымша тарту
проблемаларын шешуді жеңілдетеді;
- үшіншіден, корпорация заңды тұлға болғандықтан, оның иелеріне, осыған
байланысты өзінің лауазымдық қызметкерлеріне тәуелді емес. Сонымен,
корпорация, бизнестің басқа түрі жете бермейтін белгілі тұрақтылыққа ие.
Бұл келешекке жоспар құруға және өсім жоспарлауға мүмкіндіктер ашады.

2 Трансұлттық корпорациялар жайында жалпы түсiнiк
Трансұлттық корпорациялар – шет елдерде активтері бар ұлттық
монополиялар. Олардың өндірістік және сауда-өткізу қызметтері бар
мемлекеттің шеңберінен шығады.
АҚШ-та корпорация деп акционерлік қоғамды атайды, ал қазіргі
трансұлттық корпорациялардың көбісі халықаралық американдық компаниялар
экспансиясының нәтижесінде пайда болғандықтан, бұл термин олардың
анықтамасына енгізілді.
Трансұлттық корпорациялардың құқықтық режимі әр түрлі мемлекеттерде
филиалдар мен еншілес компаниялардың құрылуы арқылы іске асырылады. Бұл
компанияларда дербес өндіріс қызметі, дайын өнімді өткізу, ғылыми
зерттеулерді әзірлеу, тұтынушыларға қызмет көрсету және т.б. қызмет түрлері
атқарылады. Филиалдар мен еншілес компаниялар мемлекеттің қатысуының
басымдылығымен аралас компаниялар болып есептеледі.
Көпұлттық корпорациялар – бұл өндірістік және ғылыми-техникалық
негіздегі бірнеше мемлекеттердің ұлттық компанияларын біріктіретін
халықаралық ұжымдар. Мұндай компанияға 1907 жылдан бері жұмыс істеп жатқан
ағылшын-голландиялық “Роял-Датч шелл” концерні мысал ретінде келтіріледі.
Бұл компанияның қазіргі капиталы 60:40 қатынасында бөлінеді.
Көпұлтты корпорациялар машина жасайтын, электронды инженерлік салада
мамандандырылған Еуропадағы әйгілі швейцар-швед АВВ компаниясы. АВВ-ң ТМД
мемлекеттерінде бірнеше бірлескен компаниялары бар. Көпұлтты
корпорациялардың алғы тобына Еуропадағы ағылшын-голландияның химия-
технологиялық “Юнилевер” концерні жатады.
Халықаралық құқықтың тұрғысынан көпұлтты корпорациялардың айырмашылығы:
-көпұлтты акционерлік капиталдың болуы;
-көпұлттық басқару орталығының болуы;
-шетел филиалдарының әкімшіліктеріне жергілікті жағдайды білетін кадрларды
пайдалану.
Трансұлттық корпорациялардың халықаралық рыноктарды жаулап алуының ең жаңа
формаларының бірі - олардың шетелдерде арнайы инвестициялық компанияларды
құруы. Бұл құрылымдардың міндеті - ТҰК-ның еншілес және серіктес
компанияларына инвестициялар құю, олардың аумақтық рыноктарға өнімдерінің
жылжуын ынталандыру болып табылады. Мұндай тәсілді негізінен алкогольсіз
сусындарды сататын Африкадағы “Пепси-Кола” және “Кока-Кола” сияқты ірі
халықаралық компаниялар қолданады.
Алдағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттер үшін дәл осы шетелдік қызмет түрі
олардың ТҰК-ның шетелдік қызметі сыртқы экономикалық байланыстарын
анықтайды.

3 ҒАЛАМДАСТЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰК ОРНЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

Трансұлттық және көпұлттық корпорацияларға халықаралық компаниялардың
ішінен бөлініп шыққан өркениетті корпорацияларды қосуға болады. Олар ХХ
ғасырдың 80-ші жылдары дами бастады. Өркениетті корпорациялар қазіргі
әлемдік қаржылық капиталдың бүкіл қуатын қамтиды. Химиялық, электро-
техникалық, электронды, мұнайлы, көлікті, ақпаратты, банкті және т.б.
кейбір салалар глобализацияның қарқынды дамуын білдіреді.
ТҰК-ның шығуының жалпы себебі өндірістік күштердің дамуының негізінде
ұлттық-мемлекеттік шекараларынан асып, өндіріс пен капиталдың ұлттандыру
процесінің айғағы.
Өндіріс пен капиталды ұлттандыру ірі компаниялардың шетелдерде өзінің
бөлімдерін шаруашылық экспансиясының байланысымен ұлттық корпорацияларды
трансұлттыққа айналдырылады. Капиталдың шығарылуы халықаралық
корпорацияларды қалыптастырудағы маңызды фактор бола бастады.
Трансұлттық корпорациялардың пайда болуының нақты себептерін – үстеме
пайда алуға ұмтылуы. Өз кезегінде қатаң бәсекелестіктің, осы күресте
сақтану қажеттілігі халықаралық масштабта өндіріс пен капиталдың
шоғырландырылуына алып келді. Әлемдік шаруашылық ағымындағы объективті
экономикалық процесстерге сәйкес, трансұлттық корпорациялардың бірнеше
өзіндік ерекшелгі сипатталады:
- ТҰК халықаралық еңбек бөлінісінің белсенді қатысушылары бола отырып,
оның дамуына көмектеседі;
- Трансұлттық корпорациялардың капитал қозғалысы, ереже бойынша,
корпорация орналасқан мемлекеттегі процестерден тәуелсіз болады;
- ТҰК филиалды орналастыру, еншілік компаниялар, бөлімдер негізінде
әлемдегі көп мемлекеттерде халықаралық өндірістің жүйесін орнықтырады.
Трансұлттық корпорациялар өндірістің жоғарғы технологиялық, ғылымды
қажет енетін салаларға енгізіліп, аса беделді қызметкерлер мен көп
инвестицияларды қажет етеді. Осыдан трансұлттық компаниялардың осы
салаларды басып алу немесе басқару тенденциясы байқала бастайды.
ХХ ғ. 80-ші жылдың орта шенінде капиталистік әлемнің өнеркәсіптік
өнімінің төрттен үші 2 мыңдай ірі корпорацияларда өндірілген. Бірнеше
жүздігі 50 ден 80 %-ға дейін аса маңызды өнім түрін шығарған. Бұл
трансұлттық корпорациялар негізгі өндірістік және инновациялық жаңалықтарды
енгізіп келеді.
Трансұлттық корпорация өзінің шетелдегі қызметінде алғашқы компанияның
қолданатын жұмыстылық үлгісін қолданады және де жергілікті жағдайға да
бейімделеді.
1990-шы жылдардың басында БҰҰ бағалауына сәйкес, ТҰК тікелей немесе
жанама 150 млн. адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, соның ішінде тікелей – 73
млн., бұл қазіргі өндірістік емес салалардағы жұмыс санының 10% сәйкес.
Оның ішінде 60%-ы алғашқы компаниялардың қызметкерлері, 40%-ы әр түрлі
шетел құрылымдары. Жартысынан көп шетелде жұмыспен қамтылған ТҰК
жұмыскерлерінің 47%-ы дамушы елдерде жұмыс істеді.
ХХғ. 90-шы жылдардың басында 1 млн.% инвестиция түрінде 30 мың жұмыс
орнын дамушы елдерде, ал он бір мың шамасындағы орнын өнеркәсібі дамыған
елдерде қамтамасыз етті. Трансұлттық корпорацияларда, АҚШ-ты санамағанда,
алғашқы компаниялардың отанына қарағанда шетелде жұмыс істейтіндердің саны
тезірек өскен. Дамушы елдерде ТҰК жұмыстылықтарының 13 экспортты өнім
өндіретін еркін сауда аймақтарында жұмыс істеді. 23-тен аса қосылған
компаниялардың шетел қызметкерлері өнеркәсіптік өндірісте іске қосылған,
30%-ы қызмет саласында, ал қалғаны – кен өндіру салаларында.

Мұнайдың әлемдік бағасының серпіні

(долларбаррель)

Металдар. 2005 жылдың мамырында ағымдағы жылдың сәуірімен
салыстырғанда металдардың әлемдік рыногында бағаның төмендеуі байқалды.
Мәселен, бағаның ең көп төмендеуі алюминий (7,9%), мырыш (4,3%) және мыс
(3,8%) сияқты металдарға, ал ең аз төмендеуі - қорғасынға (0,2%) тіркелді.
Бағаның өсуі тек қана қорғасын (0,2%) мен никельге (4,9%) байқалды. Қымбат
металдар рыногында сондай-ақ алтын (1,7%) мен күмістің (1,4%) бағасы
төмендеді. Болаттың барлық түрлері мен темір кенінің бағасы ағымдағы жылдың
сәуіріндегі деңгейде өзгеріссіз қалды.

Металдардың және болаттың әлемдік бағасы

(доллартонна)

Ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарлары. 2005 жылдың мамырында өткен
аймен салыстырғанда бағаның төмендеуі күріштің барлық түрлеріне байқалды.
Жүгерінің бағасы 1,0% төмендеді. Бидайдың барлық түрлеріне бағаның өсуі
байқалды. Шайдың бағасы (3 аукционның орташа мәні) 6,7% төмендеді.
2005 жылдың мамырында өткен аймен салыстырғанда Еуропаның ішкі
рыногында қант бағасының 2% төмендегені тіркелді, АҚШ-тың ішкі рыногында
қант бағасы 3,2% өсті, әлемдік рынокта – ағымдағы жылдың сәуіріндегі
деңгейде қалды.
Сиыр еті мен балықтың бағасы, тиісінше, 2,7% және 1,2% өсті, ал қой
етінің бағасы 3,9% төмендеді.
Трансұлттық компаниялар өзінің экспансиясын ұлғайта отырып, әлемдік
нарықты игерудің әртүрлі формаларын қолданады. Бұл формалар елеулі
дәрежеде келісім-шарттық қатынастарда болып, акционерлік капиталы басқа
фирмаларға қатыстырмайды. Трансұлттық компаниялардың мұндай экономикалық
формаларына: лицензиялау, франчайзинг, басқару келісім - шарттарын;
техникалық және маркетингтік қызмет көрсету; кәсіпорынды ''сақадай сай''
өткізуді жатқызамыз. Іс жүзінде трансұлттық корпорацияның қызметтері
формалары арасына нақты шекара қою өте қиын. Олар көбінесе шетелден
инвестиция алуды дәстүрлі толықтыра алады.
ТҰК дамуының маңызды ерекшелігі - олардың корпорациялар арасындағы
қатынастарда орталықтандыру тенденцияларын күшейтеді. Лицензиялық келісім
бұл заңды шарт, осы бойынша лицензия белгіленген уақытқа және белгіленген
сыйақыға лицензиатқа белгіленген құқықтар ұсынады. Лицензияны табыстау
трансұлттық корпорацияның фирманың ішкі шартымен де іске асырылады.
Лицензиялық келісімнің ең маңыздысы – франчайзинг. ұзақ уақытқа
есептелінген лицензиялық келісім. Осыдан франчайзез фирма-клиентке
белгіленген құқық ұсынады. Бұл құқықтарға сауда таңбасын немесе фирма атын,
сол сияқты көмек ретінде қызметтер: жұмыс күшінің біліктілігін көтеру,
белгіленген төлемге сауда жасаумен басқаруы.
Франчайзинг үлгісі – бұл ірі фирма (франчайзермен) мен оның кіші
серіктесі (франчайзинг) арасындағы кооперация бойынша өндіріс, тауар мен
қызмет көрсетуді өткізу саласындағы шарттық қатынастар жүйесі.
Франчайзинг артықшылықтары, бұл:
- аз уақыт ішінде істің өріс алу мүмкіндігін беретін рыноктың дайын
түрі;
- Материалдар, шикізат, жабдық, жеткізуші, өткізу жүйесін, тәсілдерін және
жұмысты қабылдау туралы ақпарат ұстайтын нақты ұсынылымдардың толық
пакеті;
- Әйгілі және құрметті сауда таңбасында жұмыс істеу;
- Арзан және сапалы жарнама;
- Бизнестің ең тиімді территориялық орналасуы туралы ақпарат;
- Франчайзерден қажетті жабдықты және материалдарды жеңілдікпен сатып алу
мүмкіндігі.
Франчайзингтің үш негізгі түрі бар:
1. Тауарлы франчайзинг. Бұл ірі өндірушінің франчайзинг диллеріне өткізу
және тауарлардың сервисті қызмет көрсетуіне (сәйкесті маркасымен) құқығын
сатуынан тұжырымдалады (мысалы, автомобиль сатудағы диллерлік арналар);
2. Өндірістік франчайзинг. Ол белгілі бір өнімді дайындауға шикізат пен
технологияның сатылуымен тұжырымдалады (мысалы, “Кока-Кола” өндірісі)
ХХ ғ. 80-ші жылдың соңынан бастап, трансұлттық корпорациялар экспансиясының
(басқарушылық және маркетингтік қызмет көрсету сияқты) формалары әйгілі
бола бастады. Басқарушылық қызмет көрсету шарты өзінше бір келісімді
көрсетеді, бұл бойынша өнеркәсіптің жедел бақылауы немесе оның қызметінің
фазалары сәйкесті сыйақымен басқа кәсіпорынға беріледі. Кәсіпорынның шарты
бойынша орындайтын қызметтері қоса алынады, соларды атап өтсек: өндірісті
басқару, оның ішінде өндірістің техникалық және инженерлік аспектілеріне
жауапкершілік, кадрларды басқару, шетел азаматтарын тағайындау мен босату,
жергілікті жұмыс күші, оқытуды; техника мен шикізатты сатып алуын ;
маркетинг және қаржылық басқару.
Қазақстанға техникалық көмек көрсету келісім-шарт бойынша Жалпы ТҰК-ның
халықаралық экономикалық байланыстарының көп түрлі формаларын пайдалану
тенденциясы өндіріс пен капиталдың ұлттандыру процесі сияқты жаңа формалар
мен тәсілдерін көрсете отырып дамытылып келеді.
Қызмет түрі олардың ТҰК-ның шетелдік қызметі сыртқы экономикалық
байланыстарын анықтайды. Егер трансұлттық корпорациялардың шетелдік өндіріс
көлемін және олардың экспорт көлемін салыстырсақ, фирма ішіндегі сауданы
қоспай, онда 80-ші жылдың соңында бұл ара қатынас АҚШ, Жапония және ГФР
үшін сәйкесінше мынандай болды: 4,1:1; 2,6:1; 1,5:3. Бұл мемлекеттердің
отандық компаниялардан өздерінің шетел филиалдарына экспорт жеткізу мен
қызмет көрсету ролі жоғары. 1980-ші жылдардың екінші жартысында мұндай
фирма ішіндегі саудаға АҚШ-тың 14-20%, Жапонияның 23-29% және ГФР-ның 24-
28% экспорты келген. Барлық трансұлттық корпорациялардың шетел
инвестицияларының жиынтығы, қазіргі кездегі саудаға қарағанда елеулі роль
атқарады. ТҰК бүкіл әлемдегі жеке сектордың өндірістік капиталдарын
бақылайды, бұл шетелде 90%-дан асқандағы тікелей инвестициялар болып
саналады. Трансұлттық корпорациялардың ролін әлемдік экономикада – саяси-
экономикалық, саудалық өндіріс, кәсіпкерлік, жүйелік, макроэкономикалық әр
түрлі жүйелерде талдауға болады.
Адам қабілеттілігінің, ғылыми-техникалық білімнің және тәжірибенің
халықаралық басқару ұйымы мұндай компанияларға өндірісті, өткізуді және
материалды-техникалық қамтамасыз ету көздерін тиімді орналастыруға
мүмкіндік береді. Трансұлттық құрылымының көмегімен олар: іскерлік кезең,
экономикалық саясат, салық және кедендік баждар деңгейі, инфляция қарқыны,
жалақы мөлшері, өнімділігі, техникалық стандарты, сұраныс номенклатурасы
және т.б. сияқты халықаралық айырмашылықтарынан пайда ала алады. Бұдан
басқа олар бұл айырмашылықты белгілі бір деңгейге төмендетіп немесе
күшейтуге қабілетті. Қазіргі жобалау жүйелері мен ақпаратты
коммуникацияларын қолдана отырып, бұлардың көбісі бірнеше мемлекеттерге,
аймақтарға, бүкіл әлемге жеткілікті тиімді бәсекелесті стратегияларын
әзірлеп таратады. Осы аталған және басқа да көп жағдайлардың арқасында
халықаралық компаниялар мемлекетаралық қатынастарға ықпал жасайды.
Компаниялардың кейбіреулерінің шығу тегі өндірістік революция кезінен келе
жатыр, бірақ ХІХ ғасырдың соңы олардың белсенді және кең тарату дәуірі
болды.
Өткен уақыт ішінде халықаралық корпорациялармен іске асырылатын
әсерлер, дамудың бағыттары мен қарқындары, қызметтің мінезі және шаралардың
жалғастырылуы әсіресе ІІ-ші дүние жүзілік соғыстан кейін ұлттандыру мен
глобализация процестері тездетілуіне байланысты. Осыдан олардың өскелең
ролі аталған процестердің нәтижесі де, себебі бірдей болғанын байқауға
болады.
Жалпы ТҰК-ң ІІ-ші дүние жүзілік соғыстан кейінгі дамуының динамикасын
келесідей түрде көрсетуге болады. Олардың кең масштабты пайда болуы 1950—60
ж.ж. американдық құрылымдардан басталды, содан соң жапондық және неміс
құрылымдарды қамтыды. Ағылшын, голланд және француз корпорациялары сол
дәуірде өздерін дәстүрлі халықаралық ойшылдар ретінде көрінді. Кейбір аз
дамыған мемлекеттік өнеркәсіптік-қаржылық құрылым да глобализация процесіне
енгізіліп және өздерінің халықаралық жайғасымдарын нығайтты. 1980-ші
жылдары олардың артынан Оңтүстік Корея мен кейбір дамушы мемлекеттердің
компаниялары із басты.
Корпорация ішілік бәсеке үлгісі макродеңгейдегі принциптерге
негізделуі қажет және өзінің тұлғалық қатынасын координаталар жүйесінде,
яғни, бәсекені белдігіне қарама- қайшылық күресінің орталығына сәйкес
келетіндей қарастырылуы шарт: сатушылар арасында – сатып алушылар ақшасы
үшін; сатып алушылар – сатушы тауарлары үшін; сатушылар мен сатып алушылар
арасында – тауар бағасы үшін күрес.
Корпоративті тұлғаның құрылуының негізгі факторы ретінде бәсеке
кәсіпорындар параметрлері мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне қойылатын
талаптарымен қатар, белгілі бір нақты шарттардың болуын талап етеді. Оларды
атап өтсек:
- құрылымдық бөлімшелер мөлшерінің салыстырмалы симметриялылығы немесе
“олардың күштерінің теңдігі”;
- әррбір бөлімше үлесін бағалау мүмкіндігі;
- жеткілікті ақпаратты болу;
- бөлімшелердің бірінің агрессиялы болуы.
Жоғарыда келтірілген шарттардың нақты талдауы мен олардың әр қайсысының
мәніне тоқталмай-ақ, осы барлық шарттардың шектеулі жиынтығы субъектінің
рыноктық “өмірқабілеттілігін” анықтауды қамтамасыз ететін өте сирек
(бірегей) тарихи құрылуына себеп болатынын атап кетеміз. Сонымен қатар,
бірінші шарттың жүргізілуі, корпорация ішілік бәсекені ұйымдастырудың өте
кең ауқымды түрін қамтамасыз етеді.
Әдетте, коммерция саласында корпорация субъектілерінің құрылымдық
бөлімшелеріне шағын кәсіпорындар, бөлімшелер, секциялар жатады. Ішкі
бәсекені ұйымдастырудың маңызды бағыты “параллелді” (“қайталау”) болуы
мүмкін. Бұл жерде, бірдей параметрлі бөлімшелер, бірдей операцияларды іске
асыра отырып, қаржы нәтижелеріне тікелей әсерін тигізеді. Олардың
атқаратын қызметтерінің салыстырмалы бірегейлігі, негізінен тауарларды сату
– сатып алумен байланысты болатын, және олардың коммерциялық қызметінің
нәтижелерінің сандық бағалау мүмкіндігі кәсіпорынның ортақ нәтижесінде
(табыс) олардың әр қайсысының үлесін анықтауға мүмкіндік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Трансұлттық корпорациялар
Халықаралық маркетинг субьектілері («Проктер энд Гэмбл» трансұлттық корпорация мысалында талдау)
Трансұлттық корпарация
Трансұлттық корпорациялардың Қазақстан экономикасының дамуына әсері
Трансұлттық корпорациялардың халыкаралык
Компанияның атауы және LEGO логотипі
Трансұлттық корпорациялардың халықаралық экономикалық қатынастардағы рөлі
Трансұлттық корпорациялар туралы
Тұк дамушы нарықтарқа кіруінің стратегиялары
Трансұлттық корпорациялар және олардың түрлері
Пәндер