Онақ үй кәсібінің ішкі және сыртқы ортасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І бөлім. Қонақ үй кәсібінің ішкі және сыртқы ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1. Қонақ үй кәсібінің ішкі және сыртқы ортасының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Қонақ үй нарық . кәсіпорынның тіршілік ету ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... .9
ІІ бөлім. Қонақ үй кәсіпорындарының қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.1. Қонақ үй кәсіпорындарының ұйымдастыру құрылымы ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2. Туристік топтарды тіркеуге алудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3. Тұрғындармен есеп айырысу түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қонақ үйдегі кәсіпкерлік орта өндірістік күштерді дамыту, экономикалық қатынастарды жетілдіру, жағымды қоғамдық және мемлекеттік менталитет құру, нарықты кәсіпкерлердің тіршілік ету ортасы ретінде қалыптастыру және басқа да маңызды жағдайлар негізінде қалыптасады. Кәсіпкерлік дамуының жағымды жағдайларын зерттеумен айналысып жүрген белгілі ғалымдар тиімді кәсіпкерлік орта кәсіпкерлерді қажетті экономикалық еркіндікпен қамтамасыз ете білуі қажет деп есептейді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: қонық үй кәсіпорындарының ішкі және сыртқы ортасы жайында толық мәлімдеу, қонақ үйдегі кәсіпорынның тіршілік ету ортасы жайында әңгімелеу.
Кәсіпкерліктегі жетістік көптеген факторлаға байланысты, оның ішінде маңыздысы ішкі кәсіпкерлік орта болып табылады. Ішкі кәсіпкерлік орта субъективті: ол кәсіпкердің тікелей өзіне, ықыласына, күш-жігеріне, қойылған мақсатқа жетуіне, бизнесті ұйымдастыру мен жүргізе алуына байланысты. Сыртқы кәсіпкерлік ортаға мына факторларды жатқызуға болады: капиталдың қажетті көлемінің болуы, фирманың ұйымдық – құқықтық формасын дұрыс таңдау, бір саланы таңдау, әріптестер командасын іріктеу, нарықты білу, кадрларды таңдау және персоналды басқару, кәсіпкерлік құпияны сақтай алу механизмі және т.б.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: қонақ үй
кәсіпорындарының қызметін, ұйымдастыру құрылымдарын, анықтау.
Қонақ үйдегі кәсіпкерлік табыстарға жету үшін нақты бизнес-жоспар құру қажет, қауіптерді болжау және олардың алдын алу, жаңа технологияларды енгізу, фирманың дамуының нақты стратегиясын құру және енгізу.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства / Пер. с англ. — М.: Аспект-Пресс, 1995.
2. Джанджугазова Е.А. Маркетинг в индустрии гостеприимства / М.: Academia, 2003. – 185 б.
3. Исмаев Д.К. Международное гостиничное хозяйство: по материалам зарубежных публикаций.- М.: ВШТГ, 1998. – 86 б.
4. Кәсіби практиканың негізгі құжаттары. Ақпан – наурыз, 2006.
5. Ляпина И.Ю. Организация и технология гостиничного обслуживания. М.: ПрофОбрИздат, 2001. – 187 б.
6. Международный стандарт ИСО 9004-2:1991. Общее руководство качеством и элементы системы качества. Ч. 2: Руководящие указания по услугам /
7. Раева Р.А. Гостиничный бизнес: пути становления и развития. Практическое пособие – Алматы: Университет «Туран».
8. Статистические данные Казахстанской Ассоциации Гостиниц и Ресторанов (КАГиР).
Технологии управления, апрель – 2002г. Стр. 14-18 и 20-23
9. Уокер Дж.Р. Введение в гостеприимство: Учебник/Пер. с англ. –М.: ЮНИТИ, 1999.
10. Филип Котлер, Джон Боуэн, Джеймс Мейкеиз. Маркетинг гостеприимство и туризм: Учебник для вузов/Пер. с англ. – М.: ЮНИТИ, 1998.
11. Чудновский А.Д. - Международное гостиничное хозяйство. Уч.– М.: Ассоциация авторов и издателей «ТАНДЕМ». Изд-во ЭКМОС, 2000.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І бөлім. Қонақ үй кәсібінің ішкі және сыртқы ортасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ..4
1.1. Қонақ үй кәсібінің ішкі және сыртқы ортасының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Қонақ үй нарық - кәсіпорынның тіршілік ету ортасы ... ... ... ... ... ... ... . ... 9
ІІ бөлім. Қонақ үй кәсіпорындарының қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.1. Қонақ үй кәсіпорындарының ұйымдастыру құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2. Туристік топтарды тіркеуге алудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..20
2.3. Тұрғындармен есеп айырысу түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

КІРІСПЕ

Қонақ үйдегі кәсіпкерлік орта өндірістік күштерді дамыту, экономикалық қатынастарды жетілдіру, жағымды қоғамдық және мемлекеттік менталитет құру, нарықты кәсіпкерлердің тіршілік ету ортасы ретінде қалыптастыру және басқа да маңызды жағдайлар негізінде қалыптасады. Кәсіпкерлік дамуының жағымды жағдайларын зерттеумен айналысып жүрген белгілі ғалымдар тиімді кәсіпкерлік орта кәсіпкерлерді қажетті экономикалық еркіндікпен қамтамасыз ете білуі қажет деп есептейді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: қонық үй кәсіпорындарының ішкі және сыртқы ортасы жайында толық мәлімдеу, қонақ үйдегі кәсіпорынның тіршілік ету ортасы жайында әңгімелеу.
Кәсіпкерліктегі жетістік көптеген факторлаға байланысты, оның ішінде маңыздысы ішкі кәсіпкерлік орта болып табылады. Ішкі кәсіпкерлік орта субъективті: ол кәсіпкердің тікелей өзіне, ықыласына, күш-жігеріне, қойылған мақсатқа жетуіне, бизнесті ұйымдастыру мен жүргізе алуына байланысты. Сыртқы кәсіпкерлік ортаға мына факторларды жатқызуға болады: капиталдың қажетті көлемінің болуы, фирманың ұйымдық - құқықтық формасын дұрыс таңдау, бір саланы таңдау, әріптестер командасын іріктеу, нарықты білу, кадрларды таңдау және персоналды басқару, кәсіпкерлік құпияны сақтай алу механизмі және т.б.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: қонақ үй кәсіпорындарының қызметін, ұйымдастыру құрылымдарын, анықтау.
Қонақ үйдегі кәсіпкерлік табыстарға жету үшін нақты бизнес-жоспар құру қажет, қауіптерді болжау және олардың алдын алу, жаңа технологияларды енгізу, фирманың дамуының нақты стратегиясын құру және енгізу.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І БӨЛІМ. ҚОНАҚ ҮЙ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ОРТАСЫ
1.1. ҚОНАҚ ҮЙДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ОРТАСЫНЫҢ МӘНІ

Қонақ үйдегі кәсіпорынның ішкі ортасы - қонақ үйде белгілі бір сыртқы және ішкі факторлардың, өркениетті кәсіпорынның дамуына жақсы мүмкіндіктер туғызып, қамтамасыз ететін жағдайлардың арқасында ғана дами алады, яғни белгілі бір кәсіпкерлік орта қалыптасқан болса.
Қонақ үйдегі кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасының астарынан нарықтық-экономиканың барлық субъектілерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған кәсіпкерлік әрекетпен айналыса алатын еңбекке қабілетті азаматтарды экономикалық бостандықпен қамтамасыз ететін қонақ үйдегі қалыптасқан әлеуметтік - экономикалық, саяси, азаматтық - құқықтық жағдайларды түсінеміз.
Қонақ үйдегі кәсіпкерлер алдарына қойған мақсаттарын жүзеге асыруда табысқа жетуіне, кәсіпкерлік жобалар мен келісім - шарттарда іске асыруға, кіріс алуға мүмкіндік беретін объективті және субъективті факторлардың жиынтығы негізінде және кәсіпкерлік орта құрайтын белгілі бір жағдайлар негізінде қызмет етеді. Күрделі жүйе ретінде кәсіпкерлік орта кәсіпкерлерге тәуелсіз сыртқы және кәсіпкерлер тікелей қалыптастыратын ішкі орта болып бөлінеді.
Қонақ үйдегі кәсіпкерлік орта өндірістік күштерді дамыту, экономикалық қатынастарды жетілдіру, жағымды қоғамдық және мемлекеттік менталитет құру, нарықты кәсіпкерлердің тіршілік ету ортасы ретінде қалыптастыру және басқа да маңызды жағдайлар негізінде қалыптасады. Кәсіпкерлік дамуының жағымды жағдайларын зерттеумен айналысып жүрген белгілі ғалымдар тиімді кәсіпкерлік орта кәсіпкерлерді қажетті экономикалық еркіндікпен қамтамасыз ете білуі қажет деп есептейді. Экономикалық еркіндік біріншіден, кәсіпорынның даму жағдайын анықтап берсе, екіншіден ұйымдастырушылық - шаруашылық жаңашылдықтың дамуы болып табылады. Қонақ үйдегі кәсіпкерлік ортаның маңызды осы екі құрамдық элементтері еліміздің Ата заңында тіркелген. Атап айтқанда, былай деп жазылған: әрбір адам өз қабілеті мен мүлкін кәсіпкерлік әрекет үшін еркін пайдалануға құқығы бар; ешкім өз дүние мүлкінен айырылуға тиісті емес, әйтпесе бәрі сот бойынша қаралады; жерді пайдалану, оғна иелік ету, табиғи ресурстарды игеруге жеке меншік құқы болған жағдайда рұқсат етіледі; Қазақстанда экономикалық кеңістік бірлігіне, тауарлардың, қызмет көрсету үлгілерінің және қаржы құралдарының орнын ауыстыруға, бәсекелестікті қолдауға, экономикалық әрекет кепілдік беріледі; қорыта айтсақ, Қазақстанда меншіктің жеке, мемлекеттік және муниципалды формалары қорғалады және мойындалады. Алайда, осы бір маңызды конституциялық ережелер әлі күнге дейін тәжірибе жүзінде толық күшіне еніп, жұмыс жасамайды әрі басқа факторлармен бірге кәсіпорынның дамуын тежейді. Қазақстанда кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру енді ғана басталуда.
Кәсіпкердің табысқа жетуі оның қызмет ету жағдайларына байланысты.
Осы жағдайлардың бірнешеуін келтірейік;
Қонақ үйдегі кәсіпорынның ортасы - бұл кәсіпорынның нәтижелеріне әсер ететін, оны жүзеге асыратын қоғамдық жағдайлар. Сол қоғамдық жағдайлардың келесідегідей топтарын ажыратады:
Экономикалық жағдайлар - бұл туристік тауарлардың ұсынысы және оларға деген төлемге қабілетті сұраныс; кәсіпкерлікке арналған заемдық қарзы құралдардың мөлшері және қол жетерлілігі; альтернативтік қызметтердің және олардың бағасының болуы; туристік нарықтың инфрақұрылымның дамығыштығы; бәсекелестік жағдайдың болуы.
Әлеуметтік жағдайлар - бұл қоғамның кәсіпкерлікті дамыту жолдары мен оған деген қатынас туралы түсінігі; мемлекеттің (басқару аппаратының) кәсіпкерлікке қатынасы; ұлттық салт пен дәстүрлер; кәсіпкер іскерлікке қарым-қатынасқа түсетін мамандардың білім деңгейі.
Құқықтық жағдайлар - бұл кәсіпкерлік әрекетті реттеп отыратын және кәсіпорынның дамуына жағдай туғызатын заңдық актілер. Ең маңызды заң ол кәсіпкерлік әрекеттің кепілділігі, меншікке құқықтылық және келісім шарт міндеттемелерін сақтау туралы заңдар болып табылады.
Ф. Котлердің айтуынша кәсіпкерлік әрекетті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі келесідегі себептерден туындайды:
- фирмаларды бір-бірінен қорғау қажеттілігі, себебі бәсекелестік кәсіпкерлердің қызығушылығын оятқанда олар оны нейтралдап жіберуге тырысады;
- тұтынушыны алданып қалудан қорғау қажеттілігі (өтірік жарнама т.б.)
- қоғамның биік құндылықтарын кәсіпкерлер тарапынан келетін зияннан қорғау қажеттілігі.
Қазақстанда кәсіпкерлікке арналған заң жүйесі әлемнің алдыңғы қатарлы елдері осы салаға арналған заң шығарғанда ғана қалыптасады.
Қонақ үйдегі кәсіпорынның сыртқы ортасы - сыртқы кәсіпкерлік ортаның жағдайы қонақ үйдегі, жекелеген аймақтардағы кәсіпорынның дамуына едәуір әсер етеді. Сыртқы кәсіпкерлік орта дегенде кәсіпорынның құрылуы, қалыптасуы, дамуына тікелей және жанама әсер ететін жағдайлар мен факторлардың жиынтығын түсінеміз. Сыртқы орта кәсіпкерлер тұрғысынан алғанда объективті орта болып табылады және адамның тілегінен тәуелсіз түрде әрекет етеді. Көздеген табысқа жету үшін кәсіпкерлер барлық сыртқы факторлар мен жағдайларды жақсы білулері тиіс. Осы факторларды білу оларға өз бизнестерінің ақырғы нәтижелерін алдын - ала болжауға көмектеседі. Сыртқы экономикалық орта келесідегідей жүйелерді қамтиды:
- қонақ үйдегі экономикалық жағдай;
- қонақ үйдің қалыптылығын сипаттайтын саяси жағдай;
- кәсіпорынның және нарықтық экономиканың басқа да субъектілерінің жауапкершілігін, міндеттерін, құқықтарын белгілейтін құқытық орта;
- реттеу мен кәсіпкерлікті қолдау;
- жұмыссыздық деңгейімен, тұтынушылардың, халықтың сұранысымен байланысты әлеуметтік-экономикалық жағдай;
- халыққа кәсіпкерлік бизнестің белгілі бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін білім деңгейін айқындатын мәдени орта;
- ғылыми - техникалық, технологиялық орта;
- кәсіпорынның дамуына қажетті табиғи өндірістік факторлардың жеткілікті түрде болуы;
- кәсіпкерлік ұйымдардың қызмет ету проццесіне әсер ететін климаттық жағдайлармен байланысты физикалық орта;
- табиғи катаклизмдердің жоқ болуы;
- іскер байланыстарды, коммерциялық операцияларды жүзеге асыру мүмкіндіктері мен қамтамасыз ететін ұйымдардың жеткілікті болуын куәландыратын институциональды - ұйымдық орта;
Қонақ үйдегі сыртқы кәсіпкерлік ортаны құрайтын бірнеше жекелеген жүйелерге қысқаша мінездеме беріп кетейік. Сонымен, қонақ үйдегікәсіпорынның дамуы үшін бәсекелестік нарықты кәсіпкерлердің тіршілік ету ортасы ретінде дамытуды сипаттайтын позитивті экономикалық жағдайдың мәні өте зор.
Қонақ үйдегі кәсіпорынның дамуына келесідегі экономикалық инструменттер елеулі әсер етеді:
- Қазақстанның Халық банкі орнатқан қаржыландыруға бөлінген ақша деңгейі, инфляция деңгейі,
- салық саны (міндетті төлемдер) және салық салу мөлшері; шаруашылық серіктестіктердің ликвидациялық деңгейі;
- Ресурстардың белгілі бір түрлеріне қойылған тарифтердің, әсіресе табиғи монополия өнімдері бағалараның деңгейі;
- тауар нарығында бәсекелестікті шектейтін шаруашылық субъектілер келісімін, монополиялық жоғары және төмен бағаларды ұстау деңгейі.
Бәрінен де ұлттық ақша бірлігінің тұрақтылығы, оның сатылу қабілетін көтеру мен басқа да экономикалық факторлар үлкен ие бола түсуде.
Қонақ үйдегі кәсіпорынның табысты дамуына кәсіпкерлік жобаларды жеңілдікпен несиелендіру, салықты, міндетті төлемдер қысқарту, салық ақшасын азайту т.б. нәрселер ықпал етеді. Ал кәсіпорынның дамуына экономикалық және қаржылық тоқыраулар тежейді. Қазақстанда кәсіпорынның қалыптасуы үшін отандық тауар өндірушілердің экономикалық қолдауы, экспорттық өнімдерді кедендік жеңілдіктер жолымен жеткізу аса қажет.
Кәсіпорынның дамуына қонақ үйдегі жағдайдың тұрақтылығы, барлық билік басындағылардың өзара келісімі, олардың өркениетті кәсіпорынның дамуынсыз қоғам мен экономиканың тиімді дамуы мүмкін еместігін ескеруі сөзсіз қажет. Қазасқтанда бүкіл қоғамның санасы елде әлеуметтік бағыттағы экономика қалыптаса бастады деген идеяны сіңіргені маңызды. Сондай-ақ кәсіпорынның дамуы қонақ үйдегі еңбекке қабілетті азаматтардың міндеттерін көрсететін, кәсіпкерлерді қылмыстық құрылымдар мен әр түрлі қызмет органдарының заңғы қайшы әрекеттерінен қорғайтын құқықтық орта құрылғанда ғана мүмкін болады.
Кәсіпкерлерді шаруашылық әрекет кезінде заңдық нормативтік актілерді бұзғаны үшін жауапкершілікке тартуды нақты қолға алу қажет.
Жоғарыда баяндалған нәрселерге байланысты экономиканың алдағы даму кезеңінде кәсіпорынның қалыптасуын мемлекеттік реттеу арқылы күшейтудің рөлі зор болмақ. Айтылып өткендей, мемлекет нақты бір кәсіпкерлік әрекетке араласпауы керек, демек кәсіпкерлік - бұл еңбекке қабілетті азаматтардың еркін әрекеті, сонымен қатар мемлекет экономикалық және саяси бостандықты қорғауды қамтамасыз етуі қажет.
Аталып өткіндей кәсіпкерлік әрекетті реттеуде оны жанамалап қана емес тікелей реттейтін заңдардың рөлі айрықша.
1.2. ҚОНАҚ ҮЙДЕГІ НАРЫҚ - КӘСІПОРЫННЫҢ ТІРШІЛІК ЕТУ ОРТАСЫ

Қонақ үйдегі нарық - кәсіпкерлердің тіршілік ету ортасы. Егер елде нарық болмаса, онда кәсіпкерлік те болмайды. Ғылыми әдебиеттерде нарыққа берілген көптеген анықтамаларын сараптай келе келесідей ой тұжырымдалады. Қонақ үйдегі нарық дербес, бөлек шешім қабылдай алатын субъекттер арасындағы қарым-қатынас формасы.
Қонақ үйдегі нарық бұл күрделі және көп құлырымды экономикалық құбылыс, бұл сұраныс пен ұсыныстың қосындысы, бұл кәсіпкерлер мен тұтынушылар арасындағы тауарды сату-сатып алумен байланысты қоғамдық-экономикалық қарым-қатынас формасы. Тек нарықта ғана өндірілген тауардың нақты бағасы анықталады. Осыған байланысты нарық кәсіпкерлердің тірішілік ету ортасы болып қоймай, елде кәсіпорынның дамуының маңызды факторы болып табылады.
Қазіргі қонақ үйдегі нарық кәсіпкерлерге тауардың көлемі мен түрлерін сату және шығарудың әдістеріне еркіндік беретін қалыптасқан, ұйымдасқан жүйе болып табылады. Ол барлық тұтынушыларға сатып алу еркіндігіне кепілдік береді. Ешкім заңды түрде біреуді бір нәрсені өндіруге немесе сатып алуға күштей алмайды.
Ешбір қонақ үйде еркін нарық болмайды, өйткені оған белгілі экономикалық жағдай жоқ. Керісінше жекеменшіктің әртүрлі формалары бар бәсекелестік нарық болады. Мұнда мемлкеттік емес меншіктер басым болады. Дамыған нарықтық инфрақұрылымның негізігі үш элементі бар: тауарлар және қызмет нарығы, өндіріс нарығы және қаржы нарығы.
Дамыған бәсекелестік нарық күрделі құрылымымен және күрделі жүйемен (биржа, коммерциялық банктер, аудиторлық мекемелер, сақтандыру компаниялары, жарнамалық компаниялар, кәсіпкерлер ассоциациясы және т.б.) ерекшеленеді.

Қазіргі нарық әртүрлі категориялар бойынша топтастырылады:
а) нарықтық қарым-қатынастағы экономикалық бағыты бойынша - тұтынушылардың тауар және қызмет нарығы, өндіріс нарығы, тауараралық нарық, ноу-хау нарығы (патенттелмеген техникалық маңызы бар информацилар, формула, документация, рецептур, өндірісті ұйымдастыру схемалары) шикізат нарығы, еңбек нарығы, бағалы қағаздар нарығы және т.б.;
б) географиялық ауқымы бойынша - жергілікті, аймақтық, ұлттық, әлемдік;
в) бәсекені шектеу дәрежесі бойынша - монополистік (нарықты жалғыз қызмет көрсететін заңды тұлға) олигополистік, монопсонистік (жалғыз тұтынушы), еркін, аралас;
г) әрекет етуші заң шеңберінде - заңды және заңсыз (черный рынок);
д) сала бойынша - көліктік, компьютерлік, мұнай, газ және т.б.;
е) нарықтық қатынастарды ұйымдастыру түріне қарай - көтерме және бөлшектік (розничный), экспорттық, импорттық.
Қонақ үйдегі нарықтың басқа экономикалық саламен салыстырғанда басым артықшылықтары бар.
Біріншіден, нарықта барлық ресурстар түрлері тиімді сатылады. Нарық тұтунышыларға қажетті тауар өндірісіне ғана бағыттайды.
Екіншіден, әрбір адамда нарық туралы экономикалық ақпараттар : (бағалар, бәсекелестер, өндіріс көлемі сияқты мәліметтер) болғанда қалыптасады.
Үшіншіден, нарықтың артықшлығы болып өндіріс жағдайларының өзгеруіне бейімділігі табылады.
Төртіншіден, нарыққа қатысушылардың ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелерін оңтайлы қолданылуында.
Бесіншіден, кәсіпкерлер еркін таңдау мен әрекеттерге құқылы. Олар шешім қабылдауға, әртүрлі келісімдер жүргізуге ешкімге тәуелсіз.
Алтыншыдан, нарық тұтынудың әртүрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар нарықтың кемшілік тұстары да бар. Шетелдік тәжірибеге сүйне отырып мынадай кемшіліктерді бөліп алуға болады:
1. Нарық қажетсіз ресурстарды сақтауға кепілдік бермейді
2. Нарық қоршаған ортаны экономикалық тұрғыда қорғай алмайды, тек мемлекет қана кәсіпкерлерді экологиялық таза өнімдерді шығаруға мәжбүрлейді.
3. Нарық мемлекеттік ресурстарды дұрыс оңтайлы қолдануды қадағалай алмайды
4. Нарықта тауарларды өндіруге деген құлшыныстар тудырмайды
5. Нарық барлық азматтардың еңбек пен табыс құқығына кепілдік бермейді
6. Нарық ғылыи зерттеулердің дамуын қамтамасыз етпейді
7. Нарық әлеуметтік қажетті тауарлардың өндірілуіне бағытталмайды, керісінше ақшасы көп азаматтардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған
8. Нарық инфляциялық процесстерге байланысты тұрақты дами алмайды.
Сондықтан нарық істей алмаған кейбір бағыттарды мемлкет өз қолына алады.

ІІ БӨЛІМ. ҚОНАҚ ҮЙ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
2.1. ҚОНАҚ ҮЙ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ

Қонақ үй кәсіпорындарының ұйымдастыру құрылымы қонақ үй белгілеуі, оның орналасуы, қонақтар ерекшелігі мен басқа факторларымен анықталады. Ол әр жұмысшыға қойған міндеті мен өкілділігі.
Идеалды және бірыңғай модельді менеджменті болмайды. Бірақ барлық шешімдер, клиенттің қажеттілігін қанағаттандырумен ерекшелінуі қатаң тіркелген басқару иерархиясына сүйенеді.
Менеджмент әр коммерциялық кәсіпорынға қонақ үй болса да, турфирма, мейрамхана және тағыда басқа бірегей болды.
Қазіргі жағдайда бәсекеге қабілетті болу үшін басқару жүйесі жәй және бейімді болуы тиіс, олай ету бәсекелестік қабілетті болуы үшін жасалады. Бұл жүйе төмендегідей мінездемелерге сай келуі тиіс.
- басқару деңгейінің аз ғана саны;
- жоғары мамандармен жинақталған орта бөлімшелер;
- тұтынушыларға бағдарланған (кәсіпорын қонақтары) қызметті өндіру және жұмысты ұйымдастыру.
Көптеген қонақ-үйлерде менеджменттің нақтылы иерархиясы болуы керек, және мекеме қызметкерлері статусы бойынша нақтылы орынға ие болу керек.
Төменгі бөлім иерархиясында тікелей жұмыспен айналысатын адамдарды айтамыз. Оларға жеке қатысушылардеп аталатын қонақ-үйдің өндірістік персоналдары жатады. Олардың үстінен көп қабатты менеджерлер пирамидасы көтеріледі, олар 3 деңгейге бөлінеді:
- тек бөлек қызметкерлердің іс әрекеттерін басқаратын менеджер, олар
басқа менеджерлердің іс-әрекетін бақыламайды;
- басқа менеджерлердің жұмыстарын басқаратын менеджерлер, қажетті
мәселені шешуге әдіс іздейді, жоспар құрады;
- жоғары звенодағы менеджерлер, олар глобальды мәселелерді дұрысқоюға жауап береді және қонақ үй кәсіпорынның ішкі құндылығы мен даму стратегиясын құрады. Қонақ-үй басқармасының алдында жауапкершілікті атқарады.
Менеджерлер жұмысында бес базалық операция бар.
Біріншіден, менеджер белгілі бір мақсатқа жетуге мақсат қояды, әрбір топтың нақтылы мақсатын анықтайды, кәсіпорынның (қонақ үй, мейрамхана, турфирма) басқа қызметіне хабарламаны эффективті жеткізеді.
Екіншіден, менеджер мақсатқа жету үшін іс-әрекеттерді анализ жасап шешім қабылдайды, ұйымдастыру функциясын орындайды. Ол проблемаларды ұйымдастырылған құрылымға топтап, жұмысты орындауға персонал таңдайды.
Үшіншіден, менеджер ұжымның коммуникациялық қызметін үнемі қолдап отыруы тиіс.
Төртінші функцияда, бұйрықты орындау менеджері, бұл әрбір қызметкердің жұмыс нәтижесін қорытып баға беруі тиіс.
Бесіншіден, ол өзімен бірге адамның өсуіне ықпал жасайды.
Жоғарыда аталған өзара әрекеттестік компоненттердің арқасында менеджер қонақ үй саласындағы кәсіпорындар мен қонақжайлық индустрияларындағы іс-әрекеттерді эффективті басқарып, табыс әкеледі.
Сонымен, басқарудың ортақ жауапкершілік шешімі болып ол жоғары звенодағы басқару болады. Функционалды звенодағы бөлімшелер өздерінің ерекше технологиясын қолданады, бірақ олардың жалпы мақсаты бір - клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыру. Бөлімшелер келесілерге жобаланады:
-тауар өніміне (яғни кір жуу бөлімі немесе асхана);
-қызметті ұсынуға (тазалаушылар және мейрамхана қызметі);
-хабарлама қызметі (яғни брондау қызметі және портье т.б.
Ірі кәсіпорын болған сайын басқару құрылымы тармақталады, себебі ол жерде аралық звенолар бар. Олардың негізгі функциясы - бақылау.
Стратегиялық мәселедегі жалпы шешімді кәсіпорын иесі немесе генеральды директор қабылдайды. Қонақ үй комплексінің стратегиялық мақсаты мыналар болуы мүмкін: мысалы, курорттық қызметке немесе бизнес-туристерді қабылдау және қызмет көрсетуге жобалау.
Бас директор бір жағынан кәсіп орын иесі мен басқару персоналдары арасындағы делдал және екінші жағынан кәсіпорынның қонағы болып табылады. Бұл функция былай мінездемеленеді: жалпы мақсатты нақтылы басқару шешіміне аудару функциясы.
Бұдан басқа, генеральды директор кәсіпорынның жалпы мақсатына байланысты шешім қабылдайды, соның ішінде - персоналға кеткен шығын лимиттерін, әкімшілік және шаруашылық қажеттіліктерінің шектік ассигнацияларын анықтауға қаржы саясатын жүргізеді; сатып алу саясатының мәселелері және т.б.
Сонымен қатар, жоғары звеноның басқармасы кәсіпорында клиенттермен қандай еспетесу жүйесін қоладнуға болатыны туралы мәселерге шешім қабылдайды. Бірақ осы мәселелердің жартысын төмендегі басқару звеносына берілуі де мүмкін, егерде генеральды директорға шектен тыс міндеттер мен өкілділік берілсе.
Қонақ үй тәүлік бойы жұмыс істеуіне байланысты, олардың іс әрекеттеріне әкімшілік жағынан әрдайым бақылау керек. Сол себептен, ірі қонақ үйде атқарушы директор қызметі бар.
Сондай-ақ, ірі қонақ үй кәсіпорындағы жоғарғы звеносындағы жетекшісіне қосымша, атқарушы комитет ретінде ұйымдастыру формасын қолданады. Ол осы формада жұмыс істейтін біріккен қонақ үй комплекстерінің шетел партнерларына ұқсас.
Атқарушы комитет, тәртіп бойынша қонақ үйдің негізгі функционалды бөлімшелерінің (қызмет) жетекшілерінен тұрады. Оған мынандай бағыттағы жетекшілер кіреді: орналастыру, тамақтандыру, маркетинг (коммерциялық қызмет), әкімшілік-шаруашылық жұмыс. Әр жетекші, өз бағытына байланысты алдында тұрған мақсаттарды шешуге жауапты.
Орта звенодағы жетекшілер (құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері) өзінің шеңберіндегі бөлімшелерде оперативті шешім қабылдауға құқығы бар.
Көп қонақ үйде қонақтың келу процессі жәй іс сияқты. Қонақты қарсалып, ол туралы мәліметтер алынып, төлем ақы жүргізіліп, номер таңдалады. Қонақтың көпшілігі орналастыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұрлық мeншiккe қaрсы қылмыстaр жүйeсiндe
Қонақ үй кәсібінің нарықтағы ішкі және сыртқы факторларының дамуы
Сатып алу-сату шарты түсінігі, маңызы
Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары
Ұжымдық орналастыру құралдары
Қаракерей Қабанбай (1691—1769)
Диссертация тақырыбы
Дәстүр тарихы
Қонақ үй қызметінің жетілдірілуі, негізгі бағыттары
Қазақстандағы омыртқасыз жануарлардың түрлері
Пәндер