Геноцидтің халықаралық қылмыс ретінде заңды құрамы мәселелері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «ГЕНОЦИДТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫС РЕТІНДЕ ЗАҢДЫ ҚҰРАМЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
«5В030200 -Халықаралық құқық» мамандығы бойынша
Орындаған
4 курс студенті
Ғылыми жетекші
з. ғ. к. доцент
Норма бақылаушы
аға оқытушы
Алматы, 2014
РЕФЕРАТ
Жұмыстың құрылымы . Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, жеті бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер саны - 41
Түйін сөздер: Геноцид, 1948 жылғы 9 желтоқсанда Геноцид қылмысының алдын алу және ол үшін жазалау туралы конвенция, Нюрнберг процесі, геноцидтің объектісі .
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты болып халықаралық қылмыстық құқық бойынша геноцид қылмысының доктриналды түсінігін зерттеу, бұл қылмыс құрамының белгілерін талдау табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мен төмендегідей міндеттерді шешуді белгіледім:
- геноцидтің тарихи және құқықтық сипаттамасын талдау;
- геноцид қылмысының заңдық құрамын талдау;
- геноцидтің объектісі мен объективтік жағын талдау;
- геноцидтің субъектісі мен субъективтік жағын талдау;
- геноцид үшін жауапкершілік мәселелерін қарастыру;
- 1948 жылғы 9 желтоқсанда қабылданған Геноцид қылмысының алдын алу және ол үшiн жазалау туралы конвенция нормаларын жалпы талдау.
Қолданылған әдістер. Дипломдық жұмысты жазуда формальды-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық, құрылымдық, логикалық, талдау, синтез секілді ғылыми әдістер қолданды.
Алынған нәтижелер және оларды тәжірибелік қолданылу. Бұл жұмыста геноцидтің халықаралық қылмыс ретінде заңды құрамы мәселелері көпқырлылық тұрғысынан талданған. Зерттеу жұмысының нәтижелері әдістемелік және оқу құралдарын дайындауға мүмкіндік береді және халықаралық құқық мамандығы бойынша арнайы пәндерден дәріс беру барысында пайдалы болады.
РЕФЕРАТ
Обьем (структура) работы . Работа состоит из введения, двух разделов, семи подразделов, заключения и списка использованных литератур.
Количество использованных источников - 41
Ключевые слова. Геноцид, Конвенция о предупреждении преступления геноцида и наказании за него от 9 декабря 1948 года, Нюрбернгский процесс, объект геноцида .
Цели и задачи исследования . Задачей дипломной работы является иследование доктринального понятия престипления геноцида как по международному уголовному праву, это выявления признаков состава преступления. Что бы достичь этих целей я отметил следующии обязанности:
- расмотрения истории и правовой характеристики геноцида;
- расмотрения юридического состава геноцида;
- расмотрения объективных и объективных сторон геноцида;
- расмотрения субъективных и субъективных сторон геноцида;
- расмотреть вопросы ответсвенности за геноцид;
- расмотреть нормы Крнвенции о предупреждении преступления геноцида и наказании за него от 9 декабря 1948 года .
Использованные методы. При написании дипломной работы использовалис формально-правовые, сравнительно-правовые, структурные, логические методы и метод синтеза.
Полученные результаты и их практическое использование. В данной работе вопросы юридического состава геноцида как международного преступления анализированы с разных сторон. Результатов исследования можно применит при подготовке методических и учебных пособий, при изучения спецкурсов по специальности международное право болады.
ABSTRACT
Volume ( structure) work. The work consists of an introduction, two chapters, seven subsections, conclusion and bibliography.
Number of sources used - 41.
Keywords: Genocide, the Convention on the Prevention and Punishment of the December 9, 1948, process of Nyurberng to genocide.
Goals and objectives of the study. Objective of the thesis is isledovanie doctrinal concepts prestipleniya as genocide in international criminal law, it is revealing evidence of a crime. To achieve these goals, I noted duties include:
- Rasmotreniya history and legal characteristics of genocide;
- Rasmotreniya legal structure of genocide;
- Rasmotreniya objective and objective aspects of the genocide;
- Rasmotreniya subjective and subjective sides of genocide;
- Rasmotret questions Liability for genocide;
- Rasmotret Krnventsii standards on the Prevention and Punishment of the December 9, 1948.
The methods used. When writing a thesis ispolzovalis formal and legal, comparative legal, structural, logical methods and the method of synthesis.
The results obtained and their practical use. In this paper, the legal issues of genocide as an international crime analyzed from different perspectives. Research results can be applied in the preparation of textbooks and manuals, studying at special courses in International Law Bolado.
КІРІСПЕ . . . 3
І ГЕНОЦИДТІҢ ЗАҢДЫҚ ТҮСІНІГІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
- Геноцидтің тарихи және құқықтық сипаттамасы . . . 7
- Геноцид қылмысының заңдық құрамын талдау . . . 16
1. 3 Геноцид қылмысы үшін қылмыстық қудалаудың халықаралық-құқықтық негіздері . . . 26
ІІ ГЕНОЦИДТІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2. 1 Геноцидтің объектісі мен объективтік жағы . . . 33
2. 2 Геноцидтің субъектісі мен субъективтік жағы . . . 37
2. 3 Геноцид үшін жауапкершілік мәселелері . . . 39
2. 4 1948 жылғы 9 желтоқсанда қабылданған Геноцид қылмысының алдын алу және ол үшiн жазалау туралы конвенция нормаларын жалпы талдау . . . 50
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 58
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде алғаш рет қылмыстық заңның міндеті ретінде бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қамтамасыз ету бекітілді. Қолданыстағы Қылмыстық кодексте бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға арналған арнайы тарау да пайда болды. Мұндай нормаларды енгізу, ең алдымен, Қазақстан Республикасының халықаралық қылмыстар жасаған кінәлі тұлғаларды жазалаудың тиімді шараларын көздеуге қатысты міндеттеме алған бірқатар халықаралық құжаттарға қатысуымен байланысты.
Қазіргі заманғы тарих бүкіл әлемдік қауымдастықтың немесе оның жекелеген құрамдас бөліктерінің қауіпсіз өмір сүруіне қол сұғатын қылмыстармен күресу қажеттігін дәлелдеп берді. Ондай қажеттілікті түсіну ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында халықаралық қылмыстар құрамының белгілерін қалыптастыратын бірқатар конвенцияларды қабылдауға алып келді.
Нацистік әскери қылмыскерлер үстінен құрылған Нюрнберг процесі халықаралық заңнамадағы бірқатар олқылықтарды анықтады. Айыптаушылардың сөздері мен айыптау қорытындысында сотталушылармен жасалған әрекеттердің мәнісін анықтау үшін геноцид термині қолданылғанымен, соңғы үкімде ондай түсінік болған жоқ, өйткені бұл қылмыстың құрамы сол уақытта әлі құқықтық тұрғыда бекітілмеген еді.
Нюрнберг процесі аяқталған соң 1948 жылғы 9 желтоқсанда Геноцид қылмысының алдын алу және ол үшін жазалау туралы конвенция қабылданды. Бұл конвенцияда алғаш рет адамзатқа қарсы қылмыстардың ішінде ең қатыгез және жекелеген демографиялық топтардың өмір сүру негізіне қол сұғатын қылмыс - геноцидке анықтама берілді.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында бұрынғы Югославия мен Руанда бойынша ad hoc трибуналдар өз жұмысын бастады. Олардың Жарғыларына сәйкес, трибуналдардың юрисдикциясына, яғни құзырына геноцид қылмысы үшін жауапқа тарту нормалары енгізілді. Аталған трибуналдардың шешімдері геноцид қылмысының құрамының белгілерін түсінуге елеулі септігін тигізді. Осы сияқты, 1998 жылы Халықаралық қылмыстық соттың Рим Статутын қабылдаған соң геноцид оның юрисдикциясына жататын қылмыстық әрекеттер тізіміне енгізілді.
1948 жылғы Конвенцияны қабылдаған соң Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар кодексінің жобасын жасаудың бірнеше талпынысы болған. Кодекстің соңғы жобасы 1996 жылы жасап шығарылған. Оның 17-бабында екі элементтен тұратын (субъективті ниет - mens rea және тыйым салынған әрекет - actus reus) геноцидтің нақты анықтамасы берілген.
Зерттеу тақырыбы мен оның өзектілігін анықтау кезінде қазіргі заманғы отандық әдебиетте геноцид қылмысының құрамын доктриналды түсінуге және бұл қылмыс үшін қылмыстық жауапкершіліктің құқыққолдану мәселелерін шешуге арналған арнайы зерттеу жұмыстары жоқтың қасы екені үлкен маңызға ие болды.
Ғылыми проблемалардың шешілуінің қазіргі жағдайын бағалау . Геноцидтті қылмыстың жеке бір құрамы ретінде зерттеу ХХ ғасырдың басынан бастап жүргізіле бастады. Сол кезде мемлекеттердің жасаған әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілігі туралы идея пайда болған. Сол уақытта әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік туралы ережелерді қамтыған бірқатар халықаралық құқықтық актілер қабылданды.
Ғалымдармен тұрғындардың жекелеген демографиялық топтарының өмір сүру негіздеріне қол сұғатын қылмыстар үшін жауапкершілік көздеу мәселесі көтеріле бастады. Геноцид қылмысы түсінігін және оның құрамын қалыптастыру ұлты бойынша поляк ғалымы, американдық заңгер Р. Лемкемен жүзеге асырылды. Сонымен бірге өз жұмысында алғаш рет геноцид ұғымын қолданған румындық зерттеуші В. Пелла, француз ғалымы Д. де Вабр және т. б. Бұрынғы КСРО уақытында геноцид қылмысының құрамын кешенді зерттеуге М. Н. Андрюхин ат салысқан. 1961 жылы оның «Геноцид - адамзатқа қарсы аса ауыр қылмыс» (Геноцид-тягчайшее преступление против человечества) атты монографиясы жарық көрген. Онда 1948 жылғы Геноцид туралы конвенцияны қабылдаумен байланысты мәселелер қарастырылған, сондай-ақ қарастырылып отырған қылмыс құрамының белгілеріне талдау жасалған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар туралы жеке тараудың пайда болуы геноцидтің отандық авторлар тарапынан зерттеуге стимул берді деуге болады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері . Жұмыстың мақсаты болып халықаралық қылмыстық құқық бойынша геноцид қылмысының доктриналды түсінігін зерттеу, бұл қылмыс құрамының белгілерін талдау табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мен төмендегідей міндеттерді шешуді белгіледім:
- геноцидтің тарихи және құқықтық сипаттамасын талдау;
- геноцид қылмысының заңдық құрамын талдау;
- геноцид қылмысы үшін қылмыстық қудалаудың халықаралық-құқықтық негіздерін саралау;
- геноцидтің объектісі мен объективтік жағын талдау;
- геноцидтің субъектісі мен субъективтік жағын талдау;
- геноцид үшін жауапкершілік мәселелерін қарастыру;
- 1948 жылғы 9 желтоқсанда қабылданған Геноцид қылмысының алдын алу және ол үшiн жазалау туралы конвенция нормаларын жалпы талдау.
Жұмыстың объектісі мен пәні. Жұмыстың объектісі болып геноцид актілерін жүзеге асыру және кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша туындайтын қоғамдық қатынастар табылады.
Пәні болып геноцид үшін жауапкершілікті көздейтін қазақстандық және халықаралық құқық нормалары, халықаралық қылмыстық трибуналдардың тәжірибесі, мамандардың пікірлері, монографиялар, оқу әдебиеті табылады.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі.
Жалпығылымдық және жекеғылымдық зерттеу әдістері: диалектикалық, формальды-логикалық, салыстырмалы-құқықтық, технико-заңдық, құрылымдық-жүйелі және гуманитарлық ғылымда қолданылатын тағы басқа әдістер құрады. Аталған әдістер келесідей тәсілдерді қолдану арқылы қолданылды: теориялық қайнар көздердің, құқықтық нормалардың, сот тәжірибесінің материалдарының мазмұнын зерделеу.
Шетелдік, ресейлік және отандық авторлардың, ғалымдардың, заңгерлерің құқықтың жалпы теориясы мен салалық құқық ғылымдары бойынша, соның ішінде қылмыстық және халықаралық құқық бойынша еңбектері құрады. Осы орайда төмендегідей ғалымдардың еңбектерін ерекше атап өткен жөн: М. Н. Андрюхин, Ю. Г. Барсегов, А. И. Бойко, Л. В. Иногамов-Хегай, А. Г. Кибальник, Н. И. Костенко, С. М. Кочои, В. Н. Кудрявцев, Н. Ф. Кузнецова, И. И. Лукашук, А. В. Наумов, Ю. В. Николаева, А. Я. Островский, В. П. Панов, А. И. Полторак, П. С. Ромашкин, И. Г. Соломоненко, А. Н. Трайнин, Е. Н. Трикоз, Д. де Вабр, Р. Лемке, А. Найер, В. Пелла, И. Тернон және т. б.
Қорғауға шығарылатын негізгі ережелер :
- геноцидтің негізгі тікелей объектісі ретінде ұлттық, этникалық, нәсілдік және діни топтардың өмір сүруінің қауіпсіз жағдайларын реттейтін қоғамдық қатынастарды анықтаған жөн. Геноцидтің қосымша тікелей объектісі ретінде заңнамада көзделген тұрғындар тобының жекелеген өкілдерінің өмірінің қауіпсіздігін реттейтін қоғамдық қатынастарды, аталған тұлғалардың денсаулығының қауіпсіздігін реттейтін, олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін және т. б. маңызды құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді реттейтін қатынастарды тану қажет. Геноцидтен жәбір көргендерге, яғни оның құрбандары ретінде тек ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтарға жататын өкілдерді жатқызу керек.
- геноцид қысқартылған құрамы бар қылмыс болып табылады, онда қылмыстың аяқталу сәті оған дайындалу кезеңіне көшірілген. Бұл түйін қылмысты аяқталған деп тану үшін ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топты іс жүзінде қырып-жою талап етілмейтіндігі туралы ережеден туындайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көзделген алты әрекеттің төртеуі оларды жасау сәтінде және тиісті салдардың туындау-туындамауына қарамастан қылмыстың аяқталған құрамын құрайды. Олар: тұрғындардың аталған топтары арасында бала тууды күштеп болдырмау; балаларды күштеп адамдардың басқа тобына беріп жіберу, аталған адамдар тобын күштеп басқа жерге көшіру; топ мүшелерін физикалық тұрғыда қырып-жоюға бағытталған басқа да өмірлік жағдайларды қалыптастыру.
- жаппай орын алушылық элементі геноцид қылмысының құрамын анықтағанды шешу бола алмайды, өйткені ондай құрам аяқталған деп 1948 жылғы конвенцияда көзделген кез келген әрекеттер жасалған кезде танылады. Бұл орайда кінәлінің ұлттық, этникалық, нәсілдік не діни топты толығымен немесе ішінара жою жөніндегі қасақана ниетінің болуы маңызды.
- геноцидтің, қылмыстың аралас құрамынан ажырататын, негізгі ерекше белгілері болып, біріншіден, ерекше тікелей объект - ұлттық, этникалық, нәсілідк және діни топтардың өмір сүруінің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар; екіншіден, белгілі бір жәбірленуші - халықтың аталған демографиялық топтарының өкілдері; үшіншіден, қылмыстың объективтік жағын құрайтын баламалы көзделген әрекеттер жиынтығы; төртіншіден, қылмыстың міндетті мақсаты - белгілі бір белгілермен біріккен адамдар тобын толығымен немесе ішінара қырып-жою сияқты белгілер табылады.
- геноцид актілерін жүзеге асырған тұлға қылмыстық жауапкершіліктен босатыла алмайды, егер ол біреудің бұйрығын орындау үшін әрекет етсе де жауапты болады, өтйкені ол алдын ала ондай бұйрықтың заңсыз екенін білуге тиіс. Мұндай түйін Халықаралық қылмыстық соттың Рим Статутының ережелерінен туындайды.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы. Осы шағын жұмыстың материалдары халықаралық қылмыстық құқық саласында жаңа зерттеулер жүргізуге арқау бола алады деп ойлаймыз. Зерттеу жұмысының негізгі түйінді ойлары мен ережелері геноцидтің қылмыстық-құқықтық сипаты туралы ғылыми білімдер жүйесіне белгілі бір өзіндік үлес қосады деген ойдамыз. Ал, жұмыстың тәжірибелік маңызы оның ережелері мен ойлары бейбітшілік мен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар туралы жауапкершілікті одан ары жетілдіру мен тиімділігін арттыру үшін пайдаланыла алады. Сонымен қатар, жұмыстың нәтижесі оқу процесінде де, соның ішінде қылмыстық құқық, халықаралық қылмыстық құқық сияқты пәндерді оқыту барысында пайдалы болары анық.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі . Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, жеті бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі 60 бет.
І ГЕНОЦИДТІҢ ЗАҢДЫҚ ТҮСІНІГІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
- Геноцидтің тарихи және құқықтық сипаттамасы.
«Геноцид» - қазіргі заман термині. Бұл термин адамзатқа қарсы аса ауыр халықаралық қылмысты сипаттайды. Бұл конвенциялық тұрғыда бекітілген және тарихта да, құқықта да әлденеше рет көрініс тапқан термин. «Геноцид» терминінің этимологиясы бір мағыналы емес. Бұл - гибридті сөз. Ол екі тілге негізделген: «genos» - грек тілінен аударғанда «ру, тайпа» және латынша «caedere» - өлтіру деген мағынаны білдіреді [1] .
Геноцид терминінің пайда болуының тарихи қырына назар аударатын болсақ, онда ХХ ғасырдың отызыншы жылдарына көз жүгіртеміз. Атап айтқанда, 1933 жылғы қазан айында Халықаралық қылмыстық құқықты унификациялау жөніндегі 5-Конференцияда польшалық заңгер - криминолог, профессор Рафаэль Лемкин (Лемке) нәсілдік, этникалық, діни және әлеуметтік қауымдастықтарды жоюға немесе өқртуға бағытталған іс-әрекеттерді халықаралық құқық бойынша айуандық қылмыстар - «delicitio juris gentium» деп тануды ұсынды [2] . Ол аталған іс-әрекеттерді екі топқа жататын құқықбұзушылықтарға жатқызды:
1) адамдардың өміріне қол сұғу арқылы немесе аталған топқа жататын адамдардың өмір сүруінің экономикалық негізіне нұқсан келтіру арқылы көрініс табатын аюандық актісі;
2) мәдени құндылықтарды жою арқылы көрініс табатын вандализм актісі. Ол бір топтың балаларын екінші бір топқа мәжбүлі түрде беру; тиісті топ адамдары мәдениетіне тән элементтерді мәжбүрлі және жүйелі түрде алып қою; жеке қатынастарда да өз тілін қолдануға тыйым салу; топтың тіліндегі кітаптарды жүйелі түрде жою, музейлерді, мектептерді, тарихи ескерткіштерді, мәдени және басқа да мекемелерді жою немесе оларды пайдалануға тыйым салу сияқты іс-әрекеттерді білдіреді. Лемкин аталған қылмыстар үшін жауапкершілікті көздейтін халықаралық конфенция жобасын ұсынды, бірақ ол сол уақытта жоба ретінде қалып қойды. Екі жыл өткен соң профессор Пелла Лемкиннің идеяларын одан ары дамыта отырып, аталған қылмыстар үшін жауапкершілік туралы кодекстің жобасын ұсынды. Ол, сондай-ақ, ұлттық мемлекеттің патологиялық эксцесстерінен адам мен азаматтың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін халықаралық сот құруды ұсынды [3] . Бірақ, Ұлттар Лигасы 1937 жылы Халықаралық терроризм үшін жауапкершілік туралы конвенция жасап шығарумен ғана шектелді. Осылайша, 1937 жылға қарай «атаусыз қылмыс» заңнамалық тұрғыда ресімделмей қалды. профессор Лемкин 1933 жылы атап өткен ірі масштабты қылмыстың негізі ретінде 1915 жылы Осман империясында армян халқын жоюға бағыттталған іс-әрекеттер табылуы мүмкін. Геноцид терминінің өзін Лемкин 1944 жылы ғана айналымға енгізді. 1944 жылы ол «Axis Rule in Occupied Europe» (Басып алынған Еуропадағы негізгі ереже) атты кітабын жарыққа шығарды. Осы жұмысында ол нацистік Германияның аюандық іс-әрекеттері және басып алынған Еуропа халықтарын жою және олардың аумақтарын немістендіру жоспары туралы жазған. Осы қылмыстарды сипаттай келе, ол геноцид түсінігін төмендегідей ашып көрсеткен: «Геноцид деп біз ұлтты немесе этникалық топты құртуды, жоюды айтамыз». Жалпы алғанда, геноцид ұлтты бір мезетте жойып жіберуді білдірмейді. Ол, сірә, ұлттық топтардың өмір сүру негізін бұзуға бағытталған үйлесімді іс әрекеттерді білдіреді. Ондай жоспарлы іс-әрекеттердің құрамдас бөлігі - саяси және қоғамдық институттарды, мәдениетті, тілді, ұлттық сана-сезімді, дінді, ұлттық топтардың өмір сүруінің экономикалық негізін жою, сондай-ақ жеке қауіпсіздігінен, бостандығынан, денсаулығынан, ар-намысынан айыру және тиісті топтарға жататын адамдардың өмірін қыю. Геноцид біртұтас ретіндегі ұлттық топқа қарсы бағытталады және орын алатын іс әрекеттер нақты бір тұлғаларға қарсы емес, белгілі бір ұлттық топтың мүшесі ретінде адамдарды өлтіруді мақсат тұтады.
Ресми құжатта геноцидтің анықтамасы 1945 жылғы 18 қазанда Нюрнберг сотының айыптау қорытындысында алғаш рет жария етілді. Онда айыптаушылар: «мақсатты және жүйелі геноцид жасады, яғни нәсілдік және ұлттық топтарды жою, белгілі бір халықты немесе тапты жою мақсатында жаулап алынған аумақтардың азаматтық тұрғындарын жою, белгілі бір ұлттық, этникалық және діни топтарды, әсіресе еврейлерді, поляктар мен сыгандарды және т. б. жою» іс әрекеттерін жасады деп айыпталды. Бұл формулировка түпкілікті емес, бірақ онда геноцид қылмысының белгілі болған төрт категориясынан (ұлттық, этникалық, нәсілдік және діни топ) басқа «таптық» түсінігі көрініс тапты. Ол, өз кезегінде, әлеуметтік топты білдіреді [4] .
Шынында да, еуропалық елдер тізбегінің бас әскери қылмыскерлерін соттау мен жазалау үшін құрылған Халықаралық әскери трибуналдың да Жарғысында, оның 1946 жылғы 1 қазандағы үкімінде де «геноцид» термині көрініс таппады. Бірақ, аталған Нюрнберг Жарғысының 6-бабының «с» тармағы - «адамзатқа қарсы қылмыстар» - геноцид сипаттамасына толық ие. Оның мазмұны артынан екі жыл өткен соң, Геноцид қылмысының алдын алу және сол үшін жазалау туралы конвенцияда көрініс тапты. Адамзатқа қарсы қылмыстар, атап айтқанда соғысға дейін немесе соғыс кезінде азаматтық тұрғындарға қатысты жасалған өлтіру, жою, жер аударып жіберу және басқа да қатынездіктер, немесе саяси, нәсілдік немесе діни көзқарастары бойынша қудалау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz