Халықаралық іс жүргізу құқығындағы медиация мәселелері



Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1. МЕДИАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Медиация түсінігі және оның пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Медиация процедурасының қағидалары мен ерекшеліктері ... ... ... .

2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ МЕДИАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Медиацияның халықаралық құқықтық реттелуі: әмбебап және аймақтық құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Шет мемлекеттердің ұлттық заңнамаларындағы медиация
мәртебесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Қазақстан Республикасындағы азаматтық іс жүргізудегі медиация мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі жаңа, яғни қоғамдық қатынастардың субъектілері жүріп-тұру ережесін бекітіп және оларды қадағалауды дербес жүзеге асыра алатын заманда өзін-өзі реттеу механизмі аса үлкен маңызға ие. Азаматтық айналымның қатысушыларының белсенділігі мен жауапкершілігінің артуы мемлекеттің азаматтарға, азаматтық қоғамның институттарының белгілі бір шеңбері аясында өз құзыреттілігінің белгілі бір сатылары бойынша, пайдалану құқығын беру мүмкіндігін туғызады. Халықаралық тәжірибе құқықтық дауларды реттеу мен шешуді аталған шеңбер аясына жатқызады.
Бүгінгі таңда әлемде сот өндірісі және басқа да азаматтық істерді шешу мен қараудың заңды механизмдері құқықтардың, бостандықтар мен заңды қажеттіліктердің бұзылуынан қорғайтын негізгі тәсілдер болып отыр. Дегенмен, жаңа заман талаптарына сай азаматтық қоғамның дағдылы түрде дамуы мен қалыптасуы сол тәсілдердің тиімділігінің жеткіліксіз болып жатқанын мойындау қажет. Басты назар азаматтық-құқықтық даулардың әр түрлі категорияларын реттеу барысындағы заңды органдар қызметіндегі медиацияны дамытуды бағыттауға аударылған.
Әлем бойынша қолданыста ең жиі кезедесетін, дауларды шешудің ең перспективті және альтернативті тәсілдерінің бірі, – ол медиация.
«Медиация» түсінігінің өзі латынның mediare (делдалдық) деген сөзінен бастау алған және бейтарап үшінші тұлға – медиатордың (делдал) қатысуымен жүргізілетін дауды шешудің альтенативті жолы дегенді түсіндіреді.
Қазіргі таңда аталып отырған институт дауларды шешудің ең тиімді және ең заманауи тәсілі болып отыр. Жаһандану заманында азаматтық қатынастар бойынша даулар тек бір мемлекеттің шегінде ғана емес,сонымен қатар шетел элементі шиеленіскен азаматтық іс жүргізу қатынастары бойынша да жиі кездесіп жатыр. Сол себепті Қазақстандағы медиациялық процедураны қолдануды тәжірибеге енгізуді тездетіп, осындай мәселелерді реттеу және шешу үшін барлық мемлекеттерге үлгі болатын халықаралық құжаттар қабылдануы тиіс. Жоғарыда аталғандардың барлығы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Қарастырылып отырған мәселенің бүгінгі таңдағы жағдайын бағалау. Қазіргі таңда аталып отырған институт дауларды шешудің ең тиімді және ең заманауи тәсілі болып отыр. Бүгіндері медиация процедурасының құқықтық реттелуі тек ұлттық заңнамаларда нақты орын алған, ал халықаралық азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша диспозитивті сипаттағы халықаралық құжаттар қабылданған жоқ. Тек әр сала бойынша халықаралық құжаттардың кейбір бөлімдері және аймақтық халықаралық ұйымдардың сол аймаққа ғана міндетті күші жүретін заңнамалық құжаттары қамтиды.
Демек, 2002 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық сауда бойынша Комиссиясының халықаралық коммерциялық бітімгершілік процедура туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының барлық мемлекеттерімен ұсынылған Типтік заңы қабылданды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 24.01.2003
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Носырева Е.И., Стернин И.А. "Посредничество" или "медиация": к вопросу о терминологии // Третейский суд. - 2007. N 1. - С. 10-16.
2 Boulle L., Nesic M. Mediation: principles, process, practice. - London, Dublin, Edinburgh: Butterworths, 2001. - Р. 445.
3 Троссен А. Магия медиации // Медиация и право. Посредничество и примирение. - 2006. N 2. - С. 30-31..
4. Решетникова И.В. Право встречного движения. Посредничество и российский арбитражный процесс // Медиация и право. Посредничество и примирение. - 2007. N 2(4). - С. 53-64.
5. Давыденко Д.Л. Как избежать судебного разбирательства. Посредничество в бизнес-конфликтах. - М., 2006. - С. 42.
6. Гвоздарева М.В. Посредничество как метод альтернативного разрешения корпоративных конфликтов: Автореф. дис. ... канд. социол. наук.-М.,2006.С.
7. Брыжинский А.А. Альтернативное разрешение правовых споров и конфликтов в России: Дис. ... канд. юрид. наук. Саранск, 2005. – 176 c.
8. Носырева Е.И. Альтернативное разрешение споров в США. - М.: Городец, 2005. - С. 25.
9. Карпенюк О.С. Правовое регулирование посредничества при разрешении внешнеэкономических споров: Автореф. дис. ... канд. юрид. наук. - М., 2008. - С. 6.
10. Загайнова С. Об использовании примирительных процедур при осуществлении правосудия по спорам частноправового характера // Арбитражный и гражданский процесс. - 2006. N 2. - С. 25-28.
11. Лисицын В.В. Полтора века медиации в России // Медиация и право. Посредничество и примирение. - 2008. N 2(8) - С. 28-31.
12. Кадье Л. Примирительные процедуры во Франции: традиции и современность // Российский ежегодник гражданского и арбитражного процесса. - 2007. N 6. - С. 541.
13. ҚР «Медиация туралы» заңы, 2011 жыл, 28 қаңтар.
14. Теория государства и права: Учебник для вузов / Отв. ред. В.Д. Перевалов. - 3-е изд. - М.: Норма, 2005. - С. 120.
15. Арбитражный процесс: учебник / рук. авт. кол. и отв. ред. В.В. Ярков. - 4-е изд., перераб. и доп. - М.: Инфотропик Медиа, 2010. - С. 40.
16. Арбитражный процесс: учебник... С. 41.
17. Плешанов А.Г. К вопросу о принципах современной системы гражданской юрисдикции России // Российский ежегодник гражданского и арбитражного процесса. - 2006. N 5. - С. 131.
18. См.: Аллахвердова О.В., Карпенко А.Д. Указ. соч. - С. 62.; Ракитина Л.Н., Львова О.А. Указ. соч. - С. 51-58. Лисицын В.В. Медиация - универсальный способ урегулирования коммерческих споров в России... С. 57.
19. Давыденко Д.Л. Как избежать судебного разбирательства... С. 42.
20. См.: Решетникова И.В. Перспективы развития посредничества в российском праве // Российский юридический журнал. - 2005. N 1. - С. 99.
21. См.: Севастьянов Г.В. Альтернативное разрешение споров - частное процессуальное право. - С. 394-397.
22. См. например: Авимская О.В. Принципы медиации (посредничества) // Третейский суд. - 2009. N 5. - С. 155.
23. Договорное право... / Под ред. М.А. Рожковой. - С. 372.
24. Курочкин С.А. Третейское разбирательство гражданских дел в Российской Федерации: теория и практика. - М.: Волтерс Клувер, 2007. - С. 134-136.
25. См.: Boulle L., Nesic. M. Указ. соч. Р. 14-16; Menkel - Meadow C., Love L.P., Schneider A.K. Mediation: practice, policy, and ethics. - USA: Aspen Publishers, a Wolters Kluwer business. - P. 286-288.
26. Twisting arms: court referred and court linked mediation under judicial pressure / Ministry of Justice Research Series, N 1/07 // http://www.justice.gov.uk/publications/docs/Twisting-arms-part1.pdf.
27. Концепция проекта и аналитические данные о его реализации доступны на официальном сайте Министерства юстиции Онтарио: http://www.attorneygeneral.jus.gov.on.ca/english/courts/manmed.
28. В своих постановлениях Апелляционный суд Англии возложил все судебные расходы на сторону, немотивированно отказавшуюся от участия в медиации.
29. Webley L., Abrams P., Bacquet S. Evaluation of the Birmingham court - based civil (non - family) mediation scheme. Final report. Report to the Department for Constitutional Affairs, September, 2006 // http://www.wmin.ac.uk/law/pdf/fast-track-mediation-birmingham.pdf; Prince S., Belcher S. An evaluation of the effectiveness of court-based mediation process in non-family civil proceedings at Exeter and Guildford County courts. Final report prepared for the Department for Constitutional Affairs, September, 2006 // http://eric.exeter.ac.uk/exeter/bitstream/10036/22735/1/prince6.pdf).
30. Типовой закон ЮНСИТРАЛ "О международной коммерческой согласительной процедуре" и Руководство по принятию и применению. - Австрия, 2004. Доступно на официальном сайте ЮНСИТРАЛ: http://www.uncitral.org/uncitral/ru/uncitral_texts.html.
31. Скворцов О.Ю. третейское разбирательство предпринимательских споров в России: проблемы, тенденции, перспективы. - М.: Волтерс Клувер, 2005. - С. 198.
32. Носырева Е.И. Альтернативное разрешение споров в США (Приложение 6). - С. 211-217.
33. См.: Гражданское право: Учебник. В 2 т. / О.А. Дюжева, В.С. Ем, И.А. Зенин и др. / Под ред. Е.А. Суханова.-2-е изд.М.:Волтерс Клувер,2004.-Т.1.
34. «Independent Arbitration Centre» мекемесінің ресми сайтында жарияланған мақала //2011.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ МЕДИАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Орындаған
4 курс студенті

Ғылыми жетекші
з.ғ.к., доцент

Норма бақылаушы
аға оқытушы

Алматы, 2014
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1. МЕДИАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Медиация түсінігі және оның пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . .
1.2 Медиация процедурасының қағидалары мен ерекшеліктері ... ... ... .

2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ МЕДИАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Медиацияның халықаралық құқықтық реттелуі: әмбебап және аймақтық құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Шет мемлекеттердің ұлттық заңнамаларындағы медиация
мәртебесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Қазақстан Республикасындағы азаматтық іс жүргізудегі медиация мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі жаңа, яғни қоғамдық қатынастардың субъектілері жүріп-тұру ережесін бекітіп және оларды қадағалауды дербес жүзеге асыра алатын заманда өзін-өзі реттеу механизмі аса үлкен маңызға ие. Азаматтық айналымның қатысушыларының белсенділігі мен жауапкершілігінің артуы мемлекеттің азаматтарға, азаматтық қоғамның институттарының белгілі бір шеңбері аясында өз құзыреттілігінің белгілі бір сатылары бойынша, пайдалану құқығын беру мүмкіндігін туғызады. Халықаралық тәжірибе құқықтық дауларды реттеу мен шешуді аталған шеңбер аясына жатқызады.
Бүгінгі таңда әлемде сот өндірісі және басқа да азаматтық істерді шешу мен қараудың заңды механизмдері құқықтардың, бостандықтар мен заңды қажеттіліктердің бұзылуынан қорғайтын негізгі тәсілдер болып отыр. Дегенмен, жаңа заман талаптарына сай азаматтық қоғамның дағдылы түрде дамуы мен қалыптасуы сол тәсілдердің тиімділігінің жеткіліксіз болып жатқанын мойындау қажет. Басты назар азаматтық-құқықтық даулардың әр түрлі категорияларын реттеу барысындағы заңды органдар қызметіндегі медиацияны дамытуды бағыттауға аударылған.
Әлем бойынша қолданыста ең жиі кезедесетін, дауларды шешудің ең перспективті және альтернативті тәсілдерінің бірі, - ол медиация.
Медиация түсінігінің өзі латынның mediare (делдалдық) деген сөзінен бастау алған және бейтарап үшінші тұлға - медиатордың (делдал) қатысуымен жүргізілетін дауды шешудің альтенативті жолы дегенді түсіндіреді.
Қазіргі таңда аталып отырған институт дауларды шешудің ең тиімді және ең заманауи тәсілі болып отыр. Жаһандану заманында азаматтық қатынастар бойынша даулар тек бір мемлекеттің шегінде ғана емес,сонымен қатар шетел элементі шиеленіскен азаматтық іс жүргізу қатынастары бойынша да жиі кездесіп жатыр. Сол себепті Қазақстандағы медиациялық процедураны қолдануды тәжірибеге енгізуді тездетіп, осындай мәселелерді реттеу және шешу үшін барлық мемлекеттерге үлгі болатын халықаралық құжаттар қабылдануы тиіс. Жоғарыда аталғандардың барлығы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Қарастырылып отырған мәселенің бүгінгі таңдағы жағдайын бағалау. Қазіргі таңда аталып отырған институт дауларды шешудің ең тиімді және ең заманауи тәсілі болып отыр. Бүгіндері медиация процедурасының құқықтық реттелуі тек ұлттық заңнамаларда нақты орын алған, ал халықаралық азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша диспозитивті сипаттағы халықаралық құжаттар қабылданған жоқ. Тек әр сала бойынша халықаралық құжаттардың кейбір бөлімдері және аймақтық халықаралық ұйымдардың сол аймаққа ғана міндетті күші жүретін заңнамалық құжаттары қамтиды.
Демек, 2002 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық сауда бойынша Комиссиясының халықаралық коммерциялық бітімгершілік процедура туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының барлық мемлекеттерімен ұсынылған Типтік заңы қабылданды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 24.01.2003 жылғы № ARES5718 Резолюциясында халықаралық және ішкімемлекеттік тәжірибедегі бітімгершілік процедурасы сот өндірістеріне балама болып табылатыны жайлы көрсетілген. 2012 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы делдалдық қызметтің тиімділігіне қатысты мәселелер бойынша Басшылығы делдалдық шараларға қолдау көрсететін делдалдар, мемлекеттер мен басқа да субъектілер үшін ресурс ретінде өңделді.
Еуропалық Одақтың Медиаторлардың өзін-өзі ұстау туралы Кодексі Еуропа мемлекеттеріне ортақ құжат ретінде қабылданды. Сондай-ақ, ТМД мемлекеттері арасында, азаматтық және қылмыстық іс жүргізу құқықтары бойынша кейбір мәселерде аталып отырған медиация процедурасын қолдану туралы ортақ құжат қабылдау жоспарлануда.
Уақыт өте келе, медиацияның тиімділігі мен өзектілігі Қазақстанды да қызықтыра бастады.
Қазақстандағы медиация институты қызметі келесі заңнамалық актілермен қамтамасыздандырылады:
1. Қазақстан Республикасының медиация қағидалары мен өткізілу тәртібін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындауды ұйымдастыру аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін Медиация туралы 2011 жылдың 28 қаңтарындағы Заңы;
2. Медиация мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Н.Ә.Назарбаевпен қол қойылған 2011 жылдың 28 қаңтарындағы заңы;
3. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Азаматтық іс жүргізу кодексінің кейбір нормалары;
Елімізге жаңадан енуіне орай, отандық ғалымдардың азаматтық қатынастар бойынша қолданылатын медиация институтын зерттеу жұмыстары болмағандықтан, көбінесе шетел ғалымдарының диссертациялық жұмыстарын негізге алдым. С.И. Калашникованың Азаматтық юрисдикция аясындағы медиация тақырыбындағы диссертациялық жұмысында медиацияның теориясы мен тәжірибелеріне арнайы арналған бөлімдер бар. А.Н.Кузбагаров жеке құқықтық даулар бойынша тараптарды достастыру мәселелерін оқытуда медиацияның кейбір аспектілерін қарастырған.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және тәжірибелік маңыздылығы. Алғаш рет азаматтық іс жүргізу құқығында медиацияны құқықтық дауларды дербес түрде реттеудің тәсілі ретінде қолдану мен оны ұйымдастырудың және азаматтық юрисдикция органдарының қызметіне енгізуді дамыту мәселелерін кешенді зерттеу қолға алынып жатыр.
Азаматтық іс жүргізу құқығы мен арбитраждық іс жүргізу құқығы ғылымындағы медиация мәселелері дауларды альтернативті реттеу мен бітімгершілік мәселелеріне арналған жұмыстардың шегінде қарастырылды. Аталып отырған процедура елімізде жаңадан енуіне орай, отандық ғалымдардың азаматтық қатынастар бойынша қолданылатын медиация институтын зерттеу жұмыстары мүлде жоқ және арнайы әдебиеттер де жоқ. Көршілес еліміз Ресей Федерациясында да диссертациялық жұмыстар саны шектеулі ғана. Сондай-ақ, халықаралық іс жүргізудегі медиация мәселелеріне байланысты жаңа институт болғандықтан ғылыми әдебиеттер аз. Әлемдік ынтымақтастықта медиациялық процедура аясында қазіргі нормалардың толық және айқын емес, сондай-ақ, барлық мемлекеттер мен аймақтарда міндетті заңды күші жүретін, нормалары айқын және нақты бірыңғай стандарттар жоқ.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты болып, дауды реттеудің альтернативті жолы ретіндегі медиацияны ұйымдастыру мен қолданудың заңдылығын және халықаралық іс жүргізу құқығындағы медиациялық мәселелерді қарастырып, медиация туралы шет мемлекеттер мен ұлттық заңнамаларды салыстыра отырып талдау.
Аталған мақсаттарға жету үшін зерттеудің келесідей міндеттері болды:
1) медиация түсінігіне анализ жасау;
2) медиация қағидаларының жүйесін зерттеу;
3) медиацияны ұйымдастыру мен процедуралық аспектілеріне анализ жасау;
4) шет мемлекеттердің құқықтық жүйелеріндегі медиация институтына салыстырмалы талдау жасау арқылы зерттеу жүргізу;
5) азаматтық қатынастар аясындағы медиацияны қолдануды ары қарай дамыту үшін жеке ұсыныстар келтіру;
Зерттеудің пәні мен объектісі. Қарастырылып отырған дипломдық жұмыстың объектісі болып халықаралық іс жүргізу құқығында медиация процедурасын қолдану кезінде мемлекет аумағынан тыс орналасқан жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын азаматтық қатынастар.
Зерттеу пәні болып халықаралық іс жүргізу құқығындағы медиация қолданудың мәселелері табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Зерттеу барысында ұлттық және шетелдік юриспруденцияда қабылданған жалпы ғылымдық және арнайы-құқықтық тәсілдер қолданылды. Шет мемлекеттердің құқықтық реттеу моделі мен тәжірибелеріне талдауда салыстырмалы-құқықтық тәсіл қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық негізін Б.Қ.Сыздықов, Б.Ө. Алтынбасов, С.Зиманов, И.Е.Косаев, Т.М. Культелеевтің еңбектері пайдаланылды.
Дипломдық зерттеу жұмысының барысында, шетел авторларының да еңбектері пайдаланылды: Е.И. Калашникова, И.Е.Косаев, А.П. Вершинина, Е.А. Добролубова, В.И. Бенево, Ю.К. Осипова, Л. Кадье, И. Крайнц және т.б.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, бес тараудан тұратын екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі бет.

1. МЕДИАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Медиация түсінігі және оның пайда болу тарихы
Медиацияны зерттеу үшін алдымен оның түсінігіне аса назар аудару қажет. Ол үшін әр мемлекеттердегі ғылыми көзқарастар мен тәжірибелерге сүйене отырып, медиацияның анықтамасы, белгілері мен ерекше қырлары және құқықтық дауларды реттеу мен шешудің басқа да тәсілдерімен арақатынасына мән бере отырып талдау жасау қажет [1, 10 б.].
Шетел әдебиеттерінде медиация түсінігін анықтаудың екі жолын бөліп көрсетеді: концептуалды және сипаттаушы [2].
Концептуалды жол түсінігін оның негізгі қағидаларын, мақсаты мен делдалдың қатысуы арқылы дауды реттеудің мәні арқылы айқындауды ұсынады. Концептуалды сипаттың әдеттегі анықтамасына келесіні жатқызуға болады: медиация - бейтарап үшінші тұлғаның келіссөз жүргізу барысында тараптарға бейбіт өзаратиімді келісім жасауынаа әсер ету мақсатында жүргізілетін дауды реттеудің ерікті құпия процедурасы [3]. Концептуалды анықтама теориялық мінез-құлықты иеленеді және сол процедура кезіндегң нақты әрекеттерді емес, медиацияны үлгілі модел ретінде түсінуге мүмкіндік береді.
Сипаттаушы жол, керісінше, көбінесе тәжірибеге жақындау келеді. Мысалы, Ұлыбританияда отбасы қатынастары бойынша медиация маманы М.Робертс келесі анықтаманы ұсынады: Медиация - дауласушы тараптар медиатормен жолығып, мәселені талқылап, кейін дауды шешуге талпынатын процедура. Сипаттаушы анықтамалар медиацияның нақты түрі мен моделінің мазмұнын анықтауда көмегін тигізеді. Басқа жағдайларда олар абстрактілі сипатта болады және зерттеліп отырған процедураның мәндік белгілерін шығаруға рұқсат бермейді.
Бітімгершілік процедурасының пайда болғанына ұзақ уақыт өткеніне қарамастан, оның осы күнге дейін барлығына бірдей қалыптасқан анықтамасы жоқ.
Орыс ғалымы И.В. Решетников медиацияны тараптармен таңдалған бейтарап тұлғаның келіссөз жүргізуі арқылы тараптарды бітімге келтіру формасы ретінде түсіндіреді [4].
Д.Л.Давыденко: Медиация - тараптарға міндетті күші бар шешім шығаруға құқығы жоқ бейтарап тұлғаның басшылығымен өтетін тараптар арасындағы келіссөз,- деп жазады. Автор кейінірек өз жұмыстарында медиацияның басқа бітімгершілік процедуралардан ерекшеленетін белгілерін толықтырды, нақтылай келетін болсақ: медиатордың кәсібилігі. Нәтижесінде Д.Л. Давыденко делдалдықты кең мағынасында түсіну керектігін ұсынды, яғни келіссөз процесін ұйымдастыруға және оны жүргізуге қатысатын, тараптарға шығарған шешімін міндеттеуге құзыреттілігі жоқ бейтарап тұлғаның қатысуымен туындаған дауды шешу процедурасы деді. Өз кезегінде медиация - дауды реттеуде мүмкін талаптарды ұсынбай, керісінше оларға келіссөз процесін ұйымдастыруға және оны жүргізуге кәсіби әсер тигізетін бейтарап үшінші тұлғаның қатысуымен өтетін бітімгершілік процедурасын білдіретін тар түсінік [5].
М.В. Гвоздарева бітімгершілікті немесе медиацияны даудың туындауының себептері мен салдарларын жоя отырып, бейбіт реттеуге бағытталған, нәтижесінде бейбіт келісім жасаумен аяқталатын процесс деп қарастырады [6].
А.А. Брыжинский медиация түсінігінің астарын делдалдың қатысуымен тараптар арасында өзаратиімді келісім жасау мақсатында тараптар арасындағы дауды реттеу деп түсіндіреді [7].
Медиацияның бірыңғайландырылған түсінігінің күрделілігі оны қолданудың кең спектріне, ұйымдастыру формасының әртүрлілігіне, түрлері мен модельдеріне байланысты. Осы құбылыстың түсінігіне нақты анықтама беру үшін, біріншіден, медиацияның мәні бойынша нақты түсінікті қамтамасыздандыру, ал екіншіден, осы институттың жалпы құқытағы орнын анықтау үшін, өз кезегінде, оның әрі қарай дамуы мен жетіліуіне жағдай жасау қажет.
Бүгінгі таңда құқықтық дауларды реттеудің альтернативті жолы медиация екендігіне еш күмәнданбауға болады. Медиатордың қатысуымен жүргізілетін бітімгершілік процедурасы алғашында жалпы құқықтық мемлекеттерде сот процестеріне альтернатива ретінде пайда болды. Қазірге дейін ғылыми әдебиеттерде медиацияны дауларды реттеудің альтернативті жолына жатқызады және сот және өзге де заң органдарындағы істер өндіруге қарсы қояды. Дауларды альтернативті шешу (alternative dispute resolution ) термині алғаш рет АҚШ-та өткен ғасырдың 60-жылдарында пайда болды. Дауды сотқа дейін реттеу жолдарының пайда болуы америкалық сот жүйесінің реформалау қажеттілігінен туындады, нақтырақ айта кететін болсақ: соттағы істерді қараудың тым ұзақ мерзімі мен әділ сотқа кезекке тұру түсінігі; шағымның құнымен салыстыруға келмейтін сот шығындары; деликт істеріне қатысты пайда болатын соманың шамадан тыс артық болып кету мүмкіндігі;
Осындай мәселелердің жалпы құқықтық мемлекеттерде де орын алатынын ескере кету қажет. Г. Браун мен А. Мариотттың айтулары бойынша, Англиядағы және Уэльстегі тек әлеуметтік жағдайы өте төмен және өте жоғары адамдар ғана өздерінің бұзылған құқықтары үшін сотқа жүгіне алатынын, алғашқылары - оларға заңды көмек беріледі, екіншілері - өздеріне жағдай жасай алады. Мұндай жағдайда медиация тиімсіз сот іс істеріне қарсы қасақана жасалған құқықтық дауларды шешудің альтернативасы сипатында болды. Америкадағы дауларды реттеудің альтернативті тәсілі - медиацияның дамуында маңызды рөл атқарған әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени сипаттағы факторлар қатары болды.
Жекелегенде соттан тыс өтетін процедураның таралуына үлкен әсер еткен әлеуметтік әділ сот концепциясы. Әлеуметтік әділ сот идеясы XX ғасырдың 60-шы жылдарында ауқымды қолдауға ие болды және қоғамның құқықтары үшін болатын саяси қозғалыстардың теориялық негізінің бірі болды. Оның мәні сот жүйесі және басқа да мемлекеттік органдар құқықтық нормаларды енгізу және қолдану арқылы элиталық билікті нығайтудың құралы деп түсінуінде. Концепцияны қолдаушылар дауларды реттеу механизмінің барлығын монополиялап және сол арқылы халықтың біршама қатарын дауды реттеу процесіне әсер ету құқығынан айырып, элита басқа тұлғаларға қоғамды басқару механизмдерін меңгеруге жол бермеді деп тұжырымдады. Туындаған мәселе бойынша сонымен күресу құралы етіп дауды реттеумен айналысатын қоғамдық институттар құру ұсынылды. Нәтижесінде мемлекеттік сот жүйесінің альтернативасы секілді қоғамдық әділ сот орталығы ұйымдастырылды. Аталған орталықтар медиацияны отбасылық және тұрмыстық дауларда, көршілер арасында және басқа да құқықтық, құқықтық емес дауларды реттеуде қолданды.
Демек, бастапқы дауларды альтернативті шешу түсінігі нақты мазмұнға ие болды, ал альтернативаға деген нұсқау өзін-өзі ақтады. Бірақ аталған терминнің нақты ортақ түсінігін табу мүмкін болмай тұр, себебі әр елдің зағнамасында әр түрлі көрсетілген. Дегенмен, қазіргі таңда, медиация өзінің алтьтенатвиті сипатын жоғалтып, көбінесе субъективті құқықбұзушылықты қорғау тәсілдерімен тең дәрежеде және өзара байланыста қолданылуда. Мұндай трансформацияның себебі, бір жағынан алғанда, бүгіндері медиацияны ұйымдастырушылық тұрғысынан алар болсақ азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттік идеясына жақынырақ келеді; басқа қырынан алатын болсақ ол шынында да құқықтық даулардың субъектілерінің қажеттіліктеріне жауап береді, себебі артық шығынсыз, уақытты үнемдей отырып, тараптардың арасында туындаған түсініспеушілікті жоюға мүмкіндік жасайды.
Бүгінгі таңда ғылыми әдебиеттерде делдалдың қатысуымен достастырудың екі тарихи нысанын ажырату көрсетілген: дәстүрлі бітімгершілік және заманауи медиация [8].
Дәстүрлі бітімгершілік мемлекет пайда болғанға дейін дауларды реттеудің алғашқы қалыптасқан түрі. Ол, өз кезегінде, қайнар көзін философия мен діннен алатын, қоғамда заңды түрде әрекет ететін құбылыс болды [10]. Делдалдық қызметті, ережеге сәйкес, қауымның беделді әрі сыйлы мүшелері атқарды. Ал процедураның өзі регламенттелген жоқ болатын. Мемлекеттік қызметтің дамуына байланысты дауларды реттеу жоғарғы билік органдарына ауыса бастады. Осы мағынада, дәстүрлі бітімгершіліктің негізін дауларды шешуде мемлекеттік механиз қалады.
Заманауи медиацияның мәні тараптардың арасындағы дауды реттеу барысында бірлесе отырып, бір жағынан, объективті стандарттарды, ал екінші жағынан, жеке қажеттіліктер мен нақты қажеттіліктерді басшылыққа ала отырып, жалпы мәселені шешеді [10]. Қазіргі таңдары медиация дәл осы бағытты ұстанады.
Аталған терминнің түсінігінің пайда болуы мен оның тарихын зерттеу үшін ежелгі зерттеушілер мен заманауи ғалымдардың көзқарастарына назар аудару қажет. Ал медиация тарихы өте ежелгі уақыттан бастау алған. Нақты тарихи дәуірлерде дауларды реттеудің, жанжалды уақытша немесе түбегейлі жоятын, қоғам үшін тиімді болатын шешімдер мен қолданатын шаралардың толық кешенін қарастыратын, әртүрлі нысандары болған. Медиация өндірісі - алғашқы қоғам қауымдастығынан қолданысқа ие болды. Пайда болған дауды шешуге тәуелсіз үшінші тұлғаны тарту қажеттілігіның себебі - тірі қалуға деген құлшыныс. Ерте заманда бұл өндіріс көбінесе сауда қатынастарымен айналысатын аймақтарда дами бастады. Тарихшылардың қазіргі заманауи медиацияның пайда болу тамырын негізгі кәсптері теңіз саудасы болып табылатын Финикиялық өркениетінен және Ежелгі Вавилоннан тапты. Ал кең таралған аймақтар ретінде Қытай және Жапонияның делдалдық институттары болған. Бұл мемлекеттерде қазіргі таңға дейін пайда болған дауларды мемлекеттік соттар арқылы емес, делдалдар арқылы шешу жоғары сатыда тұр.
Медиация - дауларды шешудің ежелгі түрі. Ол көптеген ғасырлар дипломатиялық, кәсіби топтар арасындағы, саяси партиялар арасындағы және мемлекеттер арасындағы дауларды сәтті шешіп отырған. Медиация жүргізілу барысы бөтен тұлғалардың араласуынсыз және жарияланбайтын сипатта өтетіндіктен әрдайым бейбіт нәтижеге қол жеткізетін. Бұл дауды және теріс эмоцияларды жеңіп, сенімнің арқасында жаңа келісімге жететін процесс [11].
Шамамен 25 жыл бұрын әлемнің әр түпкірінде жаңа кәсіп - медиатор пайда бола бастады. Медиаторлар адамдарға, қауымдастықтарға, корпорацияларғағ әртүрлі топ өкілдеріне пайда болған қиындықтар мен дауларды шешуга шақырды. Медиатордың тапсырмасы даудың пайда болуын толықтай айқындап алу. Медиатор позиция мен оның артында тұрған сезімдердің, мүдделер мен қалауларының толық айтылып, тыңдалып, кейіннен барлық қатысушы тараптарға түсінікті болуын қамтамасыз етеді.
Сол кезде ғана бірлескен шешім, яғни пайда болған даудың нәтижесі қатысушы тараптарды қанағаттандырарлықтай болады.
Бүгінде медиация қолданысқа жиі қажет және өркениетті маман болып келе жатыр. Көптеген еуропалық мемлекеттерде азаматтық, әкімшілік және де қылмыстық құқықтарда медиацияның қолданылуын реттейтін нормативтер мен заңнамалық актілер бар. Көптеген кәсіп түрлері өз мамандарынан, тым болмаса, медиация аясының жалпы түсінігін иеленгенін қалайды, талап етеді. Дәл осы кәсіп түрлеріне заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, соттар және тағы басқа юриспруденцияға қатысы бар кәсіптер жатады.
Жеке дербес құқыққа баса назар аударатын заманауи батыс қоғамында, өзара қолдаудың ежелгі әлеуметтік байланыстары мен бақылауы уақыт өте тығыз байланысты болып келе жатыр. Қатынастардың бұзылуы, тәртіптің сақталмауы, моральдік нормаларға сай емес әрекеттердің жиі орын алуы тек кінә артып және жазалап қана қоймай, одан бөлек басқа шаранығ туындауын талап етті. Дауларды сот тәртібімен шешу тиімсіз бола бастады, әрі бұзылуы жиілей бастады. Медиация - дауларды шешу аясында құқықтық жүйені дамытуға пайдасы тиетін маңызы бар алғашқы қадам.
Негізінде медиация негативті оқиғалар орын алған сәтте көмекті қажет ететін жағдайлар кезінде туындады, себебі медиация жаңа дүние пайда болғанда көмегі қажет болатын. Медиация, ең алдымен, Америка Құрама Штатында кеңінен тарала бастады. Себебі АҚШ сот жүйесі әрекетсіз болды. Медиацияның пайда болу себебі ретінде тағы да кейбір қоғамдық құрылымдардың өз әрекет қабілеттіктерін жоғалтып алуларын да келтіруге болады.
Кейінгі делдалдық институттың дамуы медиаторлар proxenetas ретінде әйгілі болған Грецияда орын алды. Ежелгі Римде Юститиниан Кодификациясынан басталатын медиаторлардың мәртебесін заңдастыру пайда болып, Рим құқығында олар әр түрлі аталды: internuncius, medium, intercessor, interpolator, conciliator, interlocutor, interpres және, соңында, mediator [12].
Орта ғасырда, Русь мемлекетінде, делдалдар көмегін княздік өзара соғыстарды бейбіт жолмен тежеу үшін қолданған. Мұндай жағдайларда делдал ретінде көбінесе діни адамдар қатысқан. Медиация халықаралық дауларда жиі қолданысқа ие болған. Ол да әртүрлі атқа ие болған: делдалдық, залалдың орнын толтыру туралы өтініш немесе ерікті қызмет көрсетуге ұсыныс. XIX ғасырдың басында Ресей империясында коммерциялық соттар жүйесі пайда болып, тиімді әсерін тигізді. Бұл жартысынан көп соттар көпестердің өкілдерінен тағайындалды. Ал коммерциялық соттағы процестің өзі дәстүрлі құқық нормаларын пайдалану арқылы бітімгершілік нысанында өтті.
Қазіргі замандағы медиация институты XX ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды. XX ғасырдың басында америкалық экономикада даудың жаңа нысаны - білімді кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің арасындағы қақтығыстар пайда бола бастады. Сол кезде АҚШ билігі қатысушыларға еңбек министрлігін тәуелсіз тарап ретінде пайдалануды ұсынды. 1947 жылы осы тапсырманы орындауға арнайы федералды орган - қазіргі таңға дейңн әрекет ететін Медиация және бітістіру процедуралары бойынша АҚШ Федералды қызметі (Federal Mediation Conciliation Service, FMCS), құрылды.
Осы кезде ең алғаш медиация термині қолданысқа енді. Дегенмен, бұл өндіріс дербес сипатқа ие болмады, яғни ары қарай дамуды қажет етті.
60 жылдардың соңында қызметі әлеуметтік жағдайы төмен тұлғалардың, отбасылық және көрші тараптар арасында пайда болатын дауларды шешуге бағытталған Neighborhood Justice Centers және Community Mediation секілді аймақтық мемлекеттік емес ұйымдар пайда бола бастады. Мұндай, қоғамға бағытталған медиацияның негізгі мақсаты, қаржылық немесе эмоционалды себептерге байланысты мемлекеттік соттарға жүгінуден бас тартуға мәжбүр болатын нақты тұлғалар тобына пайда болған дауды неғұрлым жеңіл әрі қарапайым жөлмен шешуге арналған басқа аумақ ұсыну.
Медиацияның дамуына 60 жылдардағы америкалық азаматтық процесстің ерекшелігі, нақтыласақ, оның теріс жақтары әсер етті. Америка ережесіне сай, әр тарап қаралатын іс үшін жүргізілетін адвокаттық қызметке төленетін соманы өздері төлейді. Яғни, екі тарап үшін де шығындар міндетті. Кешенді сипатқа ие экономикалық дауларда адвокаттарға төленетін сома өте жоғары. Сонымен қатар, қарастыру уақыты да өте ұзаққа созылады. Ал нәтижесінде уақытты жоғалтып алады, оған қоса әрдайым жетістікке қол жеткізе бермейді. Осындай жағдайларда ADR-дың мәртебесінің жағдайы белгілі.
Медиация дербес сипатқа тек 70 жылдардың ортасында ие бола бастады. 1981 жылы Гарвард құқық мектебінің профессорлары Роджер Фишер және Уильям Юри Getting to Yes тақырыбымен өздерінің зерттеу нәтижелерін жариялады. Гарвардтық концепцияның мәні - біріккен, ұйымдасқан әрекет. Демек, тараптардың өзіндік заңи бір-біріне қарама-қарсы позициялары мен мүдделері болады, соның нәтижесінде дау пайда болады. Дәл сол уақытта қатаң позициялардың артында нақты қажеттіліктер тұрады. Егер келіссөздер барысында тараптардың сол қажеттіліктерін айқындауға мүмкіндік туса, келісімге келуге алғашқы үлкен қадам басылды деген сөз. Яғни медиатор келіссөздің алғашқы қадамын сол тараптар ең алдымен қажеттіліктерін алға қоюын қамтамасыз етуден бастайды. Медиация процесі барысының нәтижесі сонда ғана тиімді әрі нәтижелі болады, демек, жеңілген немес жеңген тарап болмайды, win-win комюинациясымен аяқталады.
1990 жылы АҚШ Конгресі, федералды соттарға дауларды шешу барысында альтернативті тәсілдерді пайдалануға әсер ету міндеті жүктелуге сай, азаматтық сот өндірісін реформалау туралы заң қабылдады. Аталған міндеттерді орындауға көптеген штаттардың процессуалдық кодекстері медиаторға жүгінуіне мәжбүрлеу бойынша соттардың құқықтарын кеңейтуді бекітті. Қазіргі таңда медиация америкалық құқықтық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып саналады.
Қазіргі уақытта медиация - ғаламдық ұлттық әрекет болып отыр. Медиация - этикалық жауапкершілік пен міндеттемелерді қажет ететін мамандық. Медиация, негізінен алғанда, ерікті процесс болып табылады, медиатордың міндеттерін орындау тиімді болуы үшін таңдалынып отырған үміткер міндетті түрде тараптар үшін кәсіби білімді және икемді, объективті, әділ және тәжірибелі болуы шарт. Құқықтық құралдар медиаторлардың мәртебесінің тұтастығының бір бөлігіне ғана кепіл бола алады. Осы орайда, медиация туралы заңнамамен қатар, маңызды реттеуші құрал ретінде кәсіби этика кодексі болады.
Дауларды альтернативті жолмен шешу нысанын дамыту, әр мемлекеттің құқықтық жүйесі әртүрлі болғандығына қарамастан, өзіндік ұқсастықтарды иеленеді. Әр мемлекетте сол бір әмбебаптық тәсілдер және сотқа дейінгі реттеу амалдары қолданылады, дегенмен олардың өту барысы өзгеше.
Бітістіру процедурасын тәуелсіз үшінші тараптың қатысуы арқылы шешу Ұлыбританияда өте кең таралған, ол үшін арнайы анықтамалық желі қызметі де бар, - мемлекеттің кез келген жерінен қоңырау шалып, дауды сипаттап, медиаторға деген өз талаптарын айтып, сәйкесінше қойылған талаптарға сай келетін мамандардың толық тізімі ұсынылады. Ұлыбритания осы медиацияны қолдану міндеттемесін жүктеуде мынадай бітімге келді: егер қандай да бір тарап соттың ұсынған медиация процедурасынан бас тартатын болса, онда жеңген жағдайдың өзінде де барлық сот өндірісіне кеткен шығындарды көтеруі тиіс болады.
Германияда медиация әділдік жүйесіне сай жүргізіледі. Мысалы, соттарға салынатын қиындықтарды төмендету мақсатында делдардар сот жанында жұмыс істейді. Неміс соттары жанында медиация тек отбасы істері бойынша ғана емес, сонымен қатар әкімшілік, жалпы юрисдикция бойынша істерді реттейді. Неміс мектептерінің көбісіне медиация дисциплинасы міндетті пән ретінде енгізілген. Яғни, заң фкультетін аяқтаған кез келген студент міндетті түрде медиация курсын өтеді.
Дегенмен, барлық мемлекеттер медиатор мамандығын дербес деп танымайды. Керісінше оны негізгі кәсіпке қосымша мамандық ретінде қарастырады. Австрия медиатор кәсібін кәсіптер номенклатурасына енгізген мемлекеттер қатарында. Онымен қоса, Австрия 2004 жылы медиаторларды даярлайтын және нақты нормативтері бар медиация туралы заң қабылдаған жалғыз мемлекет.
Австрия заңнамасында сот өндірісімен байланыста болған медиация нәтижесі бойынша келісім сотпен мойындалады, ал сотқа дейінгі медиация сотпен қорғалмайды.
Ал Үндістанда медиация барысында пайда болған келісімнің күші третейлік (арбитраждық) шешімдермен бірдей күшке ие.
Сарапшылардың көрсеткіштері бойынша, Қытайда даулардың 30% соттан тыс шешіледі екен. Осы мемлекетте, сондай-ақ Венгрияда және Кореяда, егер тараптар медиация бойынша келісімге келген болса және третейлік (арбитраждық) соттармен қарауы үшін қолданылатын тәртіппен келісімге жеткен болса, мұндай келісім третейлік келісімнің күшіне ие болады.
Делдалдық процедуралар, әсіресе медиация, ішкі дауларды шешудің дәстүрлі құралы ретінде кең таралған аймақ Жапония. Дәстүрге айналуына себеп болған - келіспеушіліктерді реттеуде мемлекеттік соттарды таңдауға деген теріс көзқарастың болуы.
Көп мемлекеттерде медиаторлар қауымдастығы бар, олардың қызметі - ішкі құқықпен реттеледі. Қазақстандағы медиацияға келетін болсақ, соңғы жылдары кең тарала бастады. Қазақстан территориясында медиациялық орталықтар ашылған. Қазақстандағы үкіметаралық емес ұйымдар Конфедерациясының мәліметтері бойынша республикамызда Дауды шешуде келіссөздер процесін және бейбіт стратегияларды дамыту орталығы қызмет етеді. Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында медиатор квалификациясын иеленгені туралы куәліктерін алған медиаторлар бар. Олардың көбісі Санкт-Петербургтен келген медиаторлардан білім алған. Алматы, Астана, Атырау және Ақтөбе қалаларында медиациялық орталықтар ашылған.
Қазақстанда медиацияға жүгінуге байланысты тарихи сілтеулер бар. Кейде медиация мен билер сотының арасындағы ұқсастықтарды айтады. Билер соты да дау туындаған жағдайда медиаторлар секілді әрекеттер жасаған. Дауласушы тараптар ерікті түрде туындаған мәселені шешу үшін билерге жүгінген. Демек, соттарға түсіп отырған ауыртпашылықтарды азайту мақсатында, өркениетті және бәсекелестікке қабілетті ел атану үшін, Қазақстан медиация қатысушыларының құқықтарын қорғауы керек.
Құқықтық реформалаудағы елеулі жаңалық - жүйеге үш буында құрылымдық өзгерістің енгізілуі. Қазақстан Республикасының іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Осыған байланысты еліміздегі аудандық және оған теңестірілген соттар - апелляциялық және кассациялық тәртіпте қарауға құзырлы, ал Жоғарғы Сот - қадағалау сатысындағы істерді қарайтын болып құрылғанын айтқан ләзім. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша байыпты жұмыс жүргізу қажеттігіне жыл сайынғы халыққа жолдауында арнайы тоқталады. 2010 жылдың 18 тамызында Елбасы Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы Жарлығында Қылмыстық сот ісін жүргізуде бітімгерлік рәсідеуді кеңейтуге, оның ішінде медиация институтын дамытуға, сондай-ақ жеке-жеке және жеке ашық айыптаудың қылмыстық істерінің санатын кеңейтуге тапсырма берген болатын. Бұл бағыттағы жұмыстардың бір бағыты заңдарды ізгілендіріп, жаза қолданудың бас бостандығынан айырудан басқа балама түрлерін кеңінен қолдану болмақ.
05.08.2011 жылдан бастап Медиация туралы Қазақстан Республикасының Заңы заңды күшіне енді, берілген заң Қазақстан Республикасындағы медиацияны ұйымдастыру шеңберіндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Медиацияны қолдану шеңбері болып жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасы және басқа, сонымен қатар онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот іс жүргізуі барысында қаралып жатқан құқыққатынастардан пайда болатын даулар (конфликтілер) табылады. Медиация процедурасы егер ол медиация процесінде қатыспайтын үшінші тұлғалардың мүдделеріне қатысты болса немесе тараптардың бірі жемқорлық қылмыстар туралы, мемлекет мүдделеріне және мемлекеттік басқаруға қарсы басқа да қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша мемлекеттік орган болып табылатын, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасы және басқа құқыққатынастардан пайда болатын даулар (конфликтілер) бойынша сотпен әрекетқабілеттілігі жоқ деп танылған болса, ондай қатынастардан туындайтын дауларға (конфликтілерге) қолданылмайды.
Медиация - бұл тараптардың еркін келісімі бойынша жүргізілетін, өзара тиімді шешім шығару мақсатында медиатор немесе медиаторлардың әрекеті арқылы тараптар арасындағы дауларды (конфликтілерді) реттеу процедурасы болып табылады [14].
Медиатор - заң талаптарына сәйкес кәсіби немесе кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптармен қатыстырылатын тәуелсіз жеке тұлға болып табылады. Медиация тараптары болып жеке және заңды тұлғалар табылады, дауды (конфликтіні) реттеу туралы келісім медиация нәтижесінде жазбаша келісілген болуы тиіс. Медиация қатысушысы болып медиатор және медиация тараптары табылады (жеке және заңды тұлғалар).
Медиация мақсаты болып медиацияның екі тарабымен де келісілетін және конфликтілік деңгейді төмендететін, даудың шешімін табу болып табылады. Медиацияның негізгі қағидалары - тараптардың еріктігі, медиация тараптарының теңдігі, медиаторлардың тәуелсіздігі, медиация процедурасына басқалардың қол сұғылмаушылығы, жасырындығы. Осылайша медиация тараптары медиация барысында хабар болған ақпаратты ұсынған медиация тараптарының жазбаша рұқсатынсыз ақпаратты жариялауға құқығы жоқ және де оған медиация барысында хабар болған медиатор куәгер ретінде сұрала алмайды, тек заңда белгіленген жағдайларды ескермегенде. Медиация барысында хабар болған ақпаратты ұсынған медиация тараптарының жазбаша рұқсатынсыз ақпаратты жариялау Қазақстан Республикасының заңымен белгіленгендей жауаптылыққа әкеп соғады. Медиатор болып тәуелсіз, істің шешілуіне қызығушылығы жоқ, медиация тараптарының ерікті келісімдері арқылы таңдалған, медиаторлар реестріне енгізілген және медиатор функцияларын атқаруға келісім берген жеке тұлға табылады.
Медиация процедурасының Қазақстан Республикасында пайда болу тарихына көз жүгіртетін болсақ, ол 1999 жылдан бастау алады. Қазақстанда ОЮЛА тұтынушылар Лигасы халықты әділдікке шақыру және соған жету жолдарын, тиімділігін зерттеумен айналыса бастады. Кейіннен 2001 жылы Қазақстанның тұтынушылар Лигасы Сорос-Қазақстан қорының қаржылай қолдауымен Тұтынушылар құқығын қорғау шеңберіндегі әлеуметтік серіктестігі тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізеді. Келесі этап болып 2003 жылғы Қазақстанға медиацияны енгізу тақырыбындағы халықаралық конференция саналады. Дәл осы жылы Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен Қазақстанның тұтынушылар Лигасы Алматы қаласында медиация қызметін дамытатын алты айлық эксперименталды жобасын сәтті іске асырды. Аталып отырған аяда келесі бағдарлама өз жалғасын тапты: Медиация орталықтарын дамыту және тұтынушыларға кеңес беру арқылы әділдікке ашықтықты жоғарылатуды Еуропалық Комиссияның TASIC бағдарламасының қаржылай қолдауымен Халықаралық Тұтынушылар Ұйымымен ынтымақтасу арқылы Қазақстанның тұтынушылар Лигасы іске асырылды.
2005 жылдың қараша айының 19-21 күндері аралығында Туындаған дауды медиацияның көмегімен шешу тақырыбында халықаралық семинар өткізу ұйымдастырылды.
2006 жылдың алғашқы жартысында Қазақстанның аймақтарында аталған жоба аясында дауларды альтернативті жолдармен шешу бойынша тренингтер өткізілді. Алматы, Астана, Ақтау және Ақтөбе қалаларында медиация орталықтары ашыла бастады. Бұл жобаның жалғасы ретінде медиацияны оқыту және Қазақстандағы алғашқы Біртұтас медиация және Бітімгершілік Орталығының құрылуы болды. Олардың басты мақсаты - дауларды шешудің жаңа жолдарын құру, яғни дауды шешу нәтижесінде жеңілген және жеңіп шыққан тараптарының болуы арқылы емес, ынтымақтасу негізінде дауды шешу болып табылды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев сот, құқыққорғау органдарының жұмысын жетілдіріп, құқыққорғау саласын реформалаудың байыпты жүргіліуін қатаң қадағалауда. 2010 жылдың 17 тамызындағы ҚР құқыққорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы Жарлығында Қылмыстық сот ісін жүргізуде біьімгерлік рәсімдерді кеңейтуге, оның ішінде медиация институтын дамытуға, сондай-ақ, жеке және жеке-бұқаралық айыптау қылмыстық істерінің санатын кеңейтуге тапсырма берілген болатын.
2011 жылдың 28 қаңтарында Елбасы дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде қазақстан Республикасының Медиация туралы заңына қол қойды.
Медиация mediare, латын тілінен аударғанда, делдалдық ету, яғни тараптарды өзара келістіру тәсілі немесе мәмілегер, бітімгер деп түсіну керек. Медиация институты қазақ қоғамына жат емес. Ұлтымыздың тарихында билер институты болған. Дала билігінің дара тұлғалары - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бастаған дана билердің ел арасындағы кез келген азаматтар арасында туындаған дау-дамайларды бітімгершілік жолымен шешіп, халқымыздың бірлігін, жеріміздің тұтастығын сақтауға баса назар аударған. Билердің негізгі шешетін мәселесі келген шығынды қалпына келтіріп, дауласушы тараптарды бітімге жеткізіп, екі жақты да қанағаттандыру.
Аталып өткен Заң жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларды шешуге қолданылады. Әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың мүдделеріне қатысты, тараптардың бірі мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік орган болып табылатын дауларға, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы істер бойынша қолданылмайды.
Ең бастысы, медиатордың бейтараптығы процедураға араласуға жол бермеушілік принциптерімен ерекшеленеді. Бір-біріне талап қоюшы тараптар сотқа дейін де, сот барысында да медиаторға жүгіну арқылы өзара тиімді мәмілеге келе алады. Қылмыстық істерді қарау аясында тараптар келісімге келгеннен кейін іс сотта бейбіт келісім ретінде мақұлданады. Ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша жәбірленушіге айыпталушы жақ келтірген залалдың орнын толтыру туралы екі жақты келісімге келетін болса, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 67-бабына сәйкес қылмыстық іс қысқартылады.
Қазақ халқы үшін бітімгершілік - билік айтудың ең озық өнегесі. Тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып отырған дана бабаларымыздың бітімгершілік саясаты егеменді елімізде жаңа серпінмен қолға алынуы құптарлық жайт.
Өйткені соттарда істер айлап, кейде жылдап қаралатын болса, медиаторға 30 күн ғана уақыт беріледі. Соттардан ең басты айырмашылығы - медиатор тараптармен болатын келіссөздерге кез - келген уақытта, кез келген жерде қатыса алады. Ал судьяға араласпаушылық принципі бойынша мұндай келіссөздерге қатысуға заң бойынша рұқсат етілмейді.
Медиацияны зерттеу үшін алдымен оның түсінігіне аса назар аудару қажет. Ол үшін әр мемлекеттердегі ғылыми көзқарастар мен тәжірибелерге сүйене отырып, медиацияның анықтамасы, белгілері мен ерекше қырлары және құқықтық дауларды реттеу мен шешудің басқа да тәсілдерімен арақатынасына мән бере отырып талдау жасау қажет.
Шетел әдебиеттерінде медиация түсінігін анықтаудың екі жолын бөліп көрсетеді: концептуалды және сипаттаушы.
Концептуалды жол түсінігін оның негізгі қағидаларын, мақсаты мен делдалдың қатысуы арқылы дауды реттеудің мәні арқылы айқындауды ұсынады. Концептуалды сипаттың әдеттегі анықтамасына келесіні жатқызуға болады: медиация - бейтарап үшінші тұлғаның келіссөз жүргізу барысында тараптарға бейбіт өзаратиімді келісім жасауынаа әсер ету мақсатында жүргізілетін дауды реттеудің ерікті құпия процедурасы. Концептуалды анықтама теориялық мінез-құлықты иеленеді және сол процедура кезіндегң нақты әрекеттерді емес, медиацияны үлгілі модел ретінде түсінуге мүмкіндік береді.
Сипаттаушы жол, керісінше, көбінесе тәжірибеге жақындау келеді. Мысалы, Ұлыбританияда отбасы қатынастары бойынша медиация маманы М.Робертс келесі анықтаманы ұсынады: Медиация - дауласушы тараптар медиатормен жолығып, мәселені талқылап, кейін дауды шешуге талпынатын процедура. Сипаттаушы анықтамалар медиацияның нақты түрі мен моделінің мазмұнын анықтауда көмегін тигізеді. Басқа жағдайларда олар абстрактілі сипатта болады және зерттеліп отырған процедураның мәндік белгілерін шығаруға рұқсат бермейді.
Медиация процедурасының пайда болуы мен оның қалыптасу тарихы заңды түрде жақын арада ғана пайда болғанымен, қоғамда, азаматтар арасында өте ерте заманнан бері қолданылып келе жатқанына куә болдық. Бұл ұғымды кеңінен алып қарайтын болсақ, тек белгілі бір заңды тұлғалардың немесе белгілі жасқа толған азамматтардың арасында туындайтын дауларды шешуге қажетті процедура емес, сондай-ақ кішкентай балалардың арасында, ағайындардың, көрші-қолаңдардың арасында туындаған дауларды шешу кезіндегі достастыру, татуластыру секілді әрекеттерден көруге болады. Қазіргі таңда барлығы заң түрінде іске асып жатқанына қарамастан, қоғам барлығын әділ түрде және ақылға қонымды әрекеттермен туындаған мәселелерді шешуге тырысады. Демек, медиация процесі нәтижесінде адамдардың арасындағы қарым-қатынас сақталып, өздері қалаған жетістікке тараптар келісе отырып жетеді. Бұл процедураның заңдастырылып жатқаны, қоғамның белгілі бір дәрежеде тағы бір қадамға жоғарылағандығын көруге болады

1.2. Медиация қағидалары мен оның ерекшеліктері
Медиация - басқа да барлық қызмет түрі секілді арнайы қағидалар негізінде әрекет етеді. Медиацияға тән жеке қағидалар заң жүзінде бекітілген ҚР Медиация туралы заңы қабылданғаннан кейін, бұл қызмет түрін де дербес құқық саласы ретінде мойындауға мүмкіндік туды. Бұл аталып отырған қағидалардың маңыздылығына еш күмән жоқ. Біріншіден, олар медиацияның ары қарай дамуын алдын ала анықтап, медиациялық қызметтің өзін өзі реттеуіне негіз бола алады және де медиатодың қатысуымен тараптарды достастыру барысында заңи түрде бағыт-бағдар береді. Екіншіден, қағидаларды бөліп қарастыру медиацияны басқа құқық салаларынан жеке сала ретінде қарастыруға болатындығын көрсетіп, оның ұйымдастыру ережелері мен ерекшеліктерін, құқықтық регламенттері мен өткізу процедураларын анықтауға үлесін қосады. Үшіншіден, медиация қағидалары тараптардың қақтығыстарын реттеу барысындағы тәжірибелік қызметтің түбінен бастау алады. Осы аталғандардың барлығы медиацияның қағидаларын зерттеп, талқылап, жүйелендіру үшін себеп болып табылады.
Тағы бір айтып өтетін мәселе, құқық қағидалары жалпы құқық теориясында ғана емес, сонымен бірге салалық ғылым аясында да мұқият зерттеледі.
Орыс ғалымы, Леушин В.И. құқық қағидаларын құқықтың заңдылығын көрсетіп, жалпы құқықты, оның жеке салаларын және ірі құқықтық институттарды реттеп, бірыңғайландыруды қамтамасыз ететін жалпылама сипатты иеленген құқықтың мазмұнын, табиғатын және қоғамдағы орнын сипаттайтын басқарушы идея деп қарастырады [14].
Азаматтық іс жүргізу құқықтарын терең зерттеген ғалымдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдет ғұрып құқығындағы жазаның жалпы ұғымы
Қазақстан Республикасында судьялар сотын құру перспективаларын қарастыру
Әкімшілік айыппұл түсінігі
Азаматтық процестегі татуластыру рәсімдерінің мәселелері
Сот медиациясы Пилоттық жобасы
Тараптардың келісімімен айқындайды медиатор медиацияны жүргізу күні мен уақытын
Еңбек дауларын сотта қараудың заңнамалық дамуы
Қазақстан Республикасының азаматтық іске қатысушылар
Топтар арасындағы қақтығыстың жағы - әлеуметтік топ
Медиация дауларды реттеудің соттан тыс тәсілі ретінде
Пәндер