Қазақстанда корпоративтік басқаруды дамыту



Кіріспе 3

1 Корпоративтік басқаруды дамытудың теориялық негіздері 4
1.1 Корпоративтік басқарудың мәні мен мазмұны 4
1.2 ҚР . дағы корпоративтік басқаруды дамыту қағидалары мен тетіктері 6

2 «Қазақстан Темір Жолы»ҰҚ» АҚ.ғы корпоративтік басқару үрдісін талдау 10
2.1 «Ұлттық Компания «Қазақстан Темір Жолы» АҚ.ның жалпы сипаттамасы 12
2.2 «Ұлттық Компания «Қазақстан Темір Жолы» АҚ.ғы корпоративтік басқару үрдісін талдау 19

3 «Қазақстан Темір Жолы»ҰК» АҚ.ғы басқаруды дамыту жолдары 20
3.1 «Қазақстан Темір Жолы»ҰК» АҚ.ғы корпоративтік бақаруды дамыту жолдары 20

Қорытынды 25

Колданылған әдебиеттер тізімі 27
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Корпоративті басқару объективтік, есепберушілік, жауапкершілік жəне жариялылық сияқты демократиялық принциптердің негізі болып табылады. Ол коммерциялық қызметтің қалыптасқан нормаларын ұстануды қамтамасыз етеді, осылайша, демократиялық басшылықтың заңдылығы мен принциптерінің нығаюын қамтамасыз етеді. Ұжымдық басқару сыбайлас жемқорлыққа қарсы күшті құрал болғандықтан, жеке меншіктің құқықтары мен қоғамдық мүдделерді нақты ажыратуға мүмкіндік береді, екі салада асыра пайдаланушылықтың алдын алады.
Oсығaн opaй, тaқыpыптың өзeктiлiгi ұжымдық басқару мемлекеттік басқару институттарын күшейтуге мүмкіндік беретін демократияның маңызды даму құралы ретінде нeгiздeлгeн.
Жұмыстың мaқсaты мeн мiндeттepi. Курстық жұмыстың бaсты мақсаты Қазақстандағы корпоративтік басқарудың нeгiзгi ұғымын aнықтaу жәнe ұжымдық басқаруды apы қapaй шетел тәжірибесін пайдалана отырып кeмeлдeндipу туpaлы ұсыныстap бepу бoлып тaбылaды. Қoйылғaн мaқсaтқa жeту үшiн кeлeсi мiндeттep қaлыптaсты.
Нeгiзгi мiндeттep:
– «Корпоративтік басқару» ұғымынa тeopeтикaлық тұpғыдaн aнықтaмa бepу;
– «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ-ғы корпоративті басқару жүйесін анализдеу;
– Қазіргі Қазақстандағы корпоративті басқаруды дамыту мәселелерін қарастыру;
Жұмыстың зepттeлу пәнi бoлып жалпы корпоративтік басқару жүйесі және оны жүзeгe aсыpудa қoлдaнылaтын амалдар болып тaбылaды.
Жұмыстың зepттeлу oбъeктiсi: Курстық жұмыстың объектісі Қaзaқстaн Peспубликaсындaғы «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ сынды ірі компания болып табылады.
Жұмыстың құpылымы мeн көлeмi: Курстық жұмыс кipiспeдeн, үш бөлiмнeн, қopытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмiнeн құpaлғaн. Кipiспeдe жұмыстың өзeктiлiгi, мaқсaты жәнe мiндeттepi, зepттeлу пәнi мeн oбъeктiсi көpсeтiлгeн. Бipiншi тapaудa корпоративтік басқарудың тeopeтикaлық aнықтaмaсы жәнe ұғымы зepттeлдi. Eкiншi тapaудa Қaзaқстaн Peспубликaсындaғы ірі «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның корпоративтік басқаруының қaлыптaсуы мeн дaмуы баяндалған. Үшiншi тapaудa «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-дағы корпоративтік басқаруды дамыту жолы қapaстыpылды. Aл қopытынды бөлiмдe бapлық жaсaлғaн зepттeулep мeн мaғлұмaттap сapaптaлып, еліміздегі корпоративтік басқару жүйесін apы қapaй кeмeлдeндipу ұсыныстapы бepiлдi.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. «Корпоративті басқару: қазақстандық мазмұн» Оқу құралы. С.А. Филиннің жалпы редакциясымен – Алматы, 2010ж
2. «Корпоративное управление: учебное пособие» Тепман Л.Н. 2012
3. «Менеджмент» Бердалиев К.Б.,Алматы-2010
4. «Менеджмент негіздері» Б.Жакенова, Л.Мақсатова, Қ.Тәмпішева, Астана 2011
5. «Корпоративтік басқару» Оқу құралы. С.Ә.Әбділдин , Алматы – 2008
6. Нарық жағдайындағы кәсіпорындардағы корпоративті басқаруды жетілдіру. // «Экономика» факультетінің 20-жылдығына арналған «Тәуелсіздік туы – экономикалық өрлеу» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы. – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті. – Қызылорда, 25 қаңтар 2012ж. б 62-65

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1 Корпоративтік басқаруды дамытудың теориялық негіздері
4
1.1
Корпоративтік басқарудың мәні мен мазмұны
4
1.2
ҚР - дағы корпоративтік басқаруды дамыту қағидалары мен тетіктері
6
2 Қазақстан Темір ЖолыҰҚ АҚ-ғы корпоративтік басқару үрдісін талдау
10
2.1
Ұлттық Компания Қазақстан Темір Жолы АҚ-ның жалпы сипаттамасы
12
2.2
Ұлттық Компания Қазақстан Темір Жолы АҚ-ғы корпоративтік басқару үрдісін талдау
19
3 Қазақстан Темір ЖолыҰК АҚ-ғы басқаруды дамыту жолдары
20
3.1
Қазақстан Темір ЖолыҰК АҚ-ғы корпоративтік бақаруды дамыту жолдары
20
Қорытынды
25
Колданылған әдебиеттер тізімі
27

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Корпоративті басқару объективтік, есепберушілік, жауапкершілік жəне жариялылық сияқты демократиялық принциптердің негізі болып табылады. Ол коммерциялық қызметтің қалыптасқан нормаларын ұстануды қамтамасыз етеді, осылайша, демократиялық басшылықтың заңдылығы мен принциптерінің нығаюын қамтамасыз етеді. Ұжымдық басқару сыбайлас жемқорлыққа қарсы күшті құрал болғандықтан, жеке меншіктің құқықтары мен қоғамдық мүдделерді нақты ажыратуға мүмкіндік береді, екі салада асыра пайдаланушылықтың алдын алады.
Oсығaн opaй, тaқыpыптың өзeктiлiгi ұжымдық басқару мемлекеттік басқару институттарын күшейтуге мүмкіндік беретін демократияның маңызды даму құралы ретінде нeгiздeлгeн.
Жұмыстың мaқсaты мeн мiндeттepi. Курстық жұмыстың бaсты мақсаты Қазақстандағы корпоративтік басқарудың нeгiзгi ұғымын aнықтaу жәнe ұжымдық басқаруды apы қapaй шетел тәжірибесін пайдалана отырып кeмeлдeндipу туpaлы ұсыныстap бepу бoлып тaбылaды. Қoйылғaн мaқсaтқa жeту үшiн кeлeсi мiндeттep қaлыптaсты.
Нeгiзгi мiндeттep:
Корпоративтік басқару ұғымынa тeopeтикaлық тұpғыдaн aнықтaмa бepу;
Қазақстан Темір жолы ҰК АҚ-ғы корпоративті басқару жүйесін анализдеу;
Қазіргі Қазақстандағы корпоративті басқаруды дамыту мәселелерін қарастыру;
Жұмыстың зepттeлу пәнi бoлып жалпы корпоративтік басқару жүйесі және оны жүзeгe aсыpудa қoлдaнылaтын амалдар болып тaбылaды.
Жұмыстың зepттeлу oбъeктiсi: Курстық жұмыстың объектісі Қaзaқстaн Peспубликaсындaғы Қазақстан Темір Жолы ҰК АҚ сынды ірі компания болып табылады.
Жұмыстың құpылымы мeн көлeмi: Курстық жұмыс кipiспeдeн, үш бөлiмнeн, қopытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмiнeн құpaлғaн. Кipiспeдe жұмыстың өзeктiлiгi, мaқсaты жәнe мiндeттepi, зepттeлу пәнi мeн oбъeктiсi көpсeтiлгeн. Бipiншi тapaудa корпоративтік басқарудың тeopeтикaлық aнықтaмaсы жәнe ұғымы зepттeлдi. Eкiншi тapaудa Қaзaқстaн Peспубликaсындaғы ірі Қазақстан Темір Жолы ҰК АҚ-ның корпоративтік басқаруының қaлыптaсуы мeн дaмуы баяндалған. Үшiншi тapaудa Қазақстан Темір Жолы ҰК АҚ-дағы корпоративтік басқаруды дамыту жолы қapaстыpылды. Aл қopытынды бөлiмдe бapлық жaсaлғaн зepттeулep мeн мaғлұмaттap сapaптaлып, еліміздегі корпоративтік басқару жүйесін apы қapaй кeмeлдeндipу ұсыныстapы бepiлдi.

1 Тарау КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Корпоративтік басқарудың мәні мен мазмұны

Корпоративті басқару кең мағынада шаруашылық жүргізуші субъектілердің билікті жүзеге асыру үдерісі, қалыптасқан өндірістік және әлеуметтік капитал негізінде меншік қатынасы шеңберінде шешім қабылдау дегенді білдіреді. Ол кәсіпорын және оның басшылығы қызметінің мақсатты нұсқама сипатымен, бақылау, мүдде және меншік түрлерімен анықталады.
Ғалымдар мен тәжірибе жасаушылар арасында корпоративті басқарудың анықтамасына бірегей тәсілдеме жоқ екенін атап өту керек. Біреулер оны меншіктенуші мен компания басқару үдерісінде менеджерлер арасындағы өзара іс - қимыл деп түсінеді. Қалыптасқан дәстүр бойынша оларға сеніп тапсырған активтерге қатысты менеджерлердің есеп беруі мен жауапкершілігін жақсы қамтамасыз ететін жүйелер мен рәсімдерді таңдау ретінде түсіндіріледі. Басқалар корпоративті басқару аясындағы тетіктер максаттарының жиынтығы және басқарушы мен қалған жалданған жұмысшылармен уәкілетті өзара әрекетті меншік акционерлерімен рәсімдерді жүзеге асыру.
Корпоративтік басқару - бұл директорлар мен компаниялардың жоғарғы басшыларының компанияны акционерлердің және толығымен алғандағы жалпы қоғамның мүддесіне басқаратындығына және ол үшін өз өкілеттіліктерін пайдаланатындығына сенімділікті қамтамасз ететін арнайы жасалған жағдайлар.
Корпоративтік басқару - өзара шаруашылық кәсіпорындарды құру жіне оның қызметін ұйымдастыру бойынша міндеттемелермен байланысқан жеке және заңды тұлғалардың (корпорациялар, акционерлік қоғамдар) ерікті бірлестіктердің қызметін құқықтық реттеу.
Корпоративтік басқару компанияның стратегиялық мақсаттарын, оларға қол жеткізу құралдарын және оның қызметін бақылау тәсілдерін анықтайды. Корпоративтік басқару компанияның стратегиялық мақсаттарын, оларға қол жеткізу құралдарын және оның әрекетін бақылау тәсілдерін анықтайды.
Корпоратиктік басқарудың негізгі ұстанымдарын келесі үлгіде қалыптастыруға болады:
1. Акционерлердің құқықтарын қорғау.
2. Акциялардың шағын жіне шетелдік иелерін қоса есептегендегі, барлық акционерлерге тең қарау.
3. Мүдделі тұлғалардың құқықтарын қорғау.
4. Қаржылық жағдай, әрекеттердің нәтижелері, меншік иелерінің құрамы жіне басару құрылымы туралы мәліметтерді қоса есептегендегі компания қызметінің барлық аспектілері жөніндегі шынайы ақпараттың қолжетімділігі.
5. Директорлар кеңесінің бизнесті стратегиялық басқару, менеджерлер жұмысын бақылау бойынша міндеттерді, Директорлар кеңесінің акционерлер алдында есеп беруі.
Корпоративтік басқару процесіне қатысушылар : акционерлер, Директорлар кеңесі және басқа да мүдделі қатысушылар.
Негізгі қатысушылар :
oo басқарушы органы - Директорлр кеңесі;
oo атқарушы орган - коллегиялық (басқару) немесе жеке;
oo акционерлер.
Көптеген компаниялардағы корпоративтік басқарудың құрылымдық мысалы 1 суретте көрсетілген.

1сурет - Корпоративтік басқару сызбасы

Суреттен көрініп тұрғандай, корпоративтік басқаруда компания басқармасы, оның директорлар кеңесі, акционерлері және басқа да мүдделі адамдар арасындағы қатынастар кешенін қамтитын корпорация қызметі мен оны бақылауды қамтамасыз ететін ішкі құрал ретінде анықталады. Корпоративтік басқарудың бірінші қатысушылары - қоғам жарғысымен айқындалған мәселелерді шешуден басқа, компания әрекетіне жалпы басшылықты жүзеге асырушы қоғымның органы - Директорлар кеңесі. Корпоративтік басқарудың заманауй механизмі Директорлар кеңесі мен атқарушы органның акционерлер, жалдамалы жұмысшылар, сатып алушылар және толық алғандағы қоғам алдында жауапкершіліктерін қамтамасыз етуге бейімделген.
Корпоративті басқару үлгісі мынадай негізгі компоненттер жиынынан тұрады:
oo тікелей емес қатысушылар құрамы;
oo мүдделі тараптар тобы;
oo акционерлік капитал құрылымы;
oo директорлар кеңесінің құрамы мен өкілеттілігі;
oo мүдделі тараптардың акционерлік қоғамы қатысушыларының өзара іс -
қимыл тетігі;
oo акционерлік қоғамдар қызметін заңдық және нормативті қамтамасыз ету;
oo қоғам қызметі туралы ақпаратгың ашылуына талап және т.б.
Корпоративті басқару факторлардың үш негізгі тобымен анықталады:
oo өз кезегінде салааралық қаржы және нақты шаруашылық ағындар ұйымы сипатынан шығатын меншік құрылымы;
oo акционерлік қоғамдардың ішкі өмірінің құқықтық реттелінуі;
oo қоғамда үстемдікететін этикалық ұғымдар.
Қазіргі уақытта үш буынды басқару органдарының жүйесі (жалпы жиналыс, директорлар кеңесі, басқарма) ең тиімді болып табылады деп саналады.
Корпоративті баскарудын мәні - компания акционер-лерінің қоғамды басқарудың ұстанымдарын, менеджменттің қызметін бақылаудың тәртібін айқындауы және орындауы және сол арқылы бизнесті дамытуға және капиталды сақтауға ықпал етуінен көрінеді.

5.1 ҚР - дағы корпоративтік басқаруды дамытудың
қағидалары мен тетіктері

Қазақстанда корпоративтік басқарудың стандарттарын пайдалануға деген қызығушылық шеттен алып пайдаланудың жаңа нарықтарын іздестірудің, сонымен қатар компаниялардың иелері мен менеджментте әрекет ету сфераларын шектеу, атқарушылық және бақылаушылық функцияларын бөлу мәселелері өзекті болған кездегі жеке меншік иелерінің капитализмінен жалдамалы менеджерлер капитализміне ауысудың арқасында дамыды.
Біздің елімізде корпоративтік басқаруға алғашқы қызығушлық объективті түрде тек 1992 - 1994 жж. Жаппай жекешелендіру аяқталғаннан кейін туындады.
Толығымен алғанда Қазақстанда корпоративтік ұлттық үлгісін дамытудың негізгі ерекшеліктері арасынан төмендегілерді бөліп атау қажет :
oo корпорацияларда меншікті қайта бөлудің үздіксіз процесі;
oo мемлекеттің акционерлік капиталдағы елеулі үлесі және осыдан туындайтын басқару мен бақылаудың проблемалары;
oo корпорацияның қаржы ағымдарын бақылаумен және активтерін шығарумен байланысты көптеген менеджерлер мен ірі акционерлердің ерекше уәждері;
oo корпоративтік басқарудың дәстүрлі сыртқы механизмдерінің (құнды қағаздар нарығы, банкроттық, корпоративтік бақылау нарығы) әлсіз немесе қалыпты емес рөлі.
Қазақстанның корпоративті бизнесінінің өзекті мəселесі корпоративті басқарудың сапасын көтеру. Бұл үшін меншік иелерінің құқы-на, жекелеген компаниялардың мүдделерінің балансын сақтау жəне тұтас-тай корпоративті құрылымға байланысты мəселелердің тиімді шешімін табу өте маңызды.
Бірлесіп басқаруды жетілдіру көпқырлы жəне кешенді түрде қарауды талап ететін іс. Ол үшін біз корпоративті құрылыс концепция-сын ұсынамыз.
Шешімнің негізгі бағыттары ретінде төмендегілерді қарау ұсынылады:
1. Қазақстанда басқарудың корпоративті принциптерін бекіту;
2. Компанияны басқарудың құрылымын КБ принциптері мен оның бизнесінің даму деңгейін жетілдіру;
3. Меншікті басқаруды КБ маңызды элементі ретінде жетілдіру;
4. КБ дамуында маңызды буын ретінде компанияның ақпараттық айқындығын басқару мен кеңейту;
5. Қазақстанда КБ даму деңгейінің маңызды индикаторы жəне оны бақылау, қажетті буын ретінде КБ нарығын жетілдіруде қор нарығын дамыту;
6. КБ ұстанымдарында корпоративті бизнеске қатысушылардың өзара əрекетімен басқаруды жетілдіру;
Транзитті экономикалы елдерде, оның ішінде Қазақстанда да қазіргі заманғы КБ дамыту жоғарыдағы мəселелерді шешудің кешенділігі мен толыққандылығына тəуелді. КБ принциптерінің бекітілу мəселелерін тран-зитті экономикалы елдердегідей деп қараймыз. Басқарудың корпоративті принциптерін бекіту Қазақстандағы КБ да, корпоративті бизнестің де дамуындағы негіз деп есептелетін кезең. Оның бірінші қадамы нарықтық қатынастардағы корпоративтіктің экономикалық мазмұнын мойындау, объективті қажеттілікте КБ принциптерін, корпоративті даму тəжірибесі мен белгілі бір теорияларын сақтау болып табылады.
Корпоративті басқару компанияның құрылымы мен қызметін басқару мен қадағалаудың процестеріне қатысты. Корпоративті басқару компанияның басшылығы, оның директорлар кеңесі,акционерлер жəне басқа қызығушылық танытқан тұлғалар арасындағы бірнеше қарым-қатынасты қамтиды. Ұжымдық басқару сонымен қатар, компания қызметінің мақсаттарын белгілейтін жəне оның жетістікке жету тəсілдері жəне сонымен қатар оның нəтижелерін, бақылау тəсілдерін анықтайтын құрылымды қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты ірі акционерлер өздерінің құқықтарын компанияны бақылау арқылы жүзеге асырады, ал басқа акционерлер миноритарлар ретінде сипатталады, оларды дивиденттерді алу мен бағаның келесі қолайлы өзгеруі кезінде компанияның акцияларын сату қызықтырады деп жиі айтылады.
Осындай барлық жағдайда бақылаушы акционерлерде əртүрлі жағдайлар мен артықшылықтар болады, олар менеджментпен қарым-қатынасты өз беттерінше құрады, келесі бір жағдайда басқаруға белсенді түрде қатысып, ал екінші бір жағдайда Директорлар кеңесі арқылы басты шешімдерге бақылау жасайды.Қазақстандық тəжірибеде акцияның ең көп пакетін иеленген негізгі акционер Директорлар кеңесінің төрағасы атанады жəне осындай тұрғыдан акционерлік қоғамның жұмысын басқарып, қадағалайтын жағдайлар жиі кездеседі.
Корпорацияларды басқаруды орталықтандырудың жоғары дəре-жесі корпорация бөлімшелерінің өзіндік экономикалық деңгейінің төмен-деуіне əкеледі. Ондай басқару жүйесі үшін жетекшіліктің төменгі буынының жоғары басқарушыға жəне қосымша директорлар корпусына, жеке бас дирек-торға қатаң түрде бағынуы тəн; бірақ олар өздеріне көбіне шаруашылық жүр-гізу қызметінің нəтижесіне сай жауапкершілік артпайды. Бұл корпорациялық басқаруды дамыту мен қалыптастыру жолында айтарлықтай деңгейде кедергі болады.
Мынаны ұғыну аса маңызды:
КБ бұл өте күрделі процесс, мұнда бір адам барлық басқару рөлдерін, функцияларын бірдей табысты орындайды деп сенуге болмайды. Əр рөл ерекше стильді талап етеді. КБ процесі қатысушыларының орындауға тиісті рөлдері келіспеушілік жағдайындағы орындар. Сондықтан оны бір адам бір мезгілде қатар алып жүруі ешқашан мүмкін емес. Қарым-қатынастардың бұл түйіні КБ принциптерімен жүйеленуі тиіс.
Компаниялардың құрылымын қайта қарауда қиындықтардың бірі көптеген жетекшілердің КБ не екенін, оның (КБ) корпоративті мəдениетін, кəсіпкерлік этиканы, экономикалық əрекет ережелерін,кодекс,корпоративті тəртіп принциптерін,т.б. түсінбеуі.
КБ Қазақстанда əзірге жеке меншік құрылымы айқындығы жағынан деңгейі төмен. Мұның өзі меншікті жəне бақылаушы құрылымдар айқын-дығының жетімсіздігінен көрінеді. Жеке меншіктегі компаниялардың құ-рылымының айқындығының жетімсіздігі көбіне акционерлерге жəне əлеуетті инвесторларға бақылау жасау механизмдері туралы дұрыс түсінік алуына мүмкіндік бермейді, бұл Қазақстан жобаларына қатысу мүмкіндігінің қатерін көбейтеді.
Компанияларда жеке мүдделер үшін, жекелеген топтар арасында билік үшін үнемі күрес кезеңі əлі өтіп болмаған. КБ принциптерінің Қазақс-танда нығаюына атқару органдарының, сот билігінің, мемлекеттік орган-дардың сыбайлас жемқорлығы, тиімді жұмыс істемеуі, əлсіздігі кедергі болып отыр. КБ корпоративті принциптерінің бекуі үшін бұл салаларды реформалау өте маңызды болар еді. Бұған қаржы жəне басқа да есеп беру-лерді халықаралық стандарттарға сай келтіру көмектесуі тиіс.
Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі кезеңі оны əлем елдері қауымдастығының нарықтық экономикалық ел деп мойындауымен сипатталады. Республикада жаңа институциональды орта қалыптасқан, ол жерде жеке меншік белгілі роль атқарады. Ол əртүрлі түр мен формада: жекеден ірі корпоративтікке дейін, ұйымдастыру құрылымы əртүрлі акцио-нерлік компания түрінде кездеседі. Шетелдіктер тəжірибесін Қазақстанның өзіндік ерекшелігін ескере отырып, елдің экономикалық дамуын басқаруды оның барлық деңгейлерінде жетілдіру жолдарын зерттеу корпоративтік жəне корпоративті басқару мəселесін бірінші кезектегі орынға қояды. Бұл мəселе жиналып келіп салдарын корпоративті бизнеске тигізеді,ал корпоративті бизнестің аяғынан тұруы мен дамуы республикада қажетті инвестициялық жəне жалпы іскерлік климатты жасайды, ел экономикасына, экономикалық өсуде жаңа сапаға көтереді.
Əлемнің дамыған елдерінде қазіргі заманғы нарықтық экономиканың басты сипаты меншік түрінің сан алуандығы болып келеді, оны институцио-нализм деген ұғыммен біріктіреді, шаруашылық жүргізудің осы форма-сымен белгіленген.Алайда бұл елдерде меншіктің корпоративті формасы белгілі бір маңызға ие болды жəне осы формаға негізделген шаруашылық жүргізудің корпоративті түрі.
Жаңа экономикалық ортада ірі мемлекеттік компанияларда олардың қызметінің ішкі жəне сыртқы салаларын атағанымыз корпорав-тивті сипатта болуы мүмкін. Қазіргі заманда корпорация қызметі елдің əлеуметтік экономикалық дамуының деңгейі сипатында қаралады. Жəне ең бастысы - корпорация деген терминде емес, кəсіпорынның орындай-тын функциясы мен қызметінің принциптерінің мазмұнында.
Бірге қызмет ету үшін ұйымдастырушылық топтағы тұлғалардың бірігуі: біріншіден акционерлік компания жасауда жеке, заңды тұлғаның қатысуын; екіншіден басқарудың қажетті ережелерін жасау, онсыз басқару тиімсіз екендігін көрсетеді. Осы принциптерді сақтау корпорацияның тиімді қызмет істеуі үшін аса маңызды мəселелердің бірі.

2 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯ
АҚ-ҒЫ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ҮРДІСІН ТАЛДАУ
2.1 Ұлттық Компания Қазақстан Темір Жолы АҚ-ның жалпы сипаттамасы

1997 жылы Алматы, Целинный және Шығыс Қазақстанның темір торабтарының бірігуі арқылы Қазақстан Темір Жолы мемлекеттік республикалық кәсіпорыны құрылды. Үкіметтің 15 наурыз 2002 жылғы № 310 Қазақстан Темір Жолы Ұлттық Компания Жабық Акционерлік Қоғамы құрылуы туралы жарлық бойынша Қазақстан Темір Жолы мемлекеттік республикалық кәсіпорыны Акционерлік Қоғамға қайта құрылды, ол ең жас, әрі республикадағы ең ірі Акционерлік Қоғам болып есептеледі, оның активтері 6 млрд. доллардан астам.
Акционерлік Қоғам Қазақстан Темір Жолы Ұлттық Компаниясы көлік саясаты аясындағы басқарушы органы - Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрлігі болып табылады.
Қазақстан Темір Жолы Ұлттық Компаниясы Акционерлік Қоғамының 100% активтерінің иесі - Қазақстандық Самрұқ холдингін мемлекеттік басқаратын Акционерлік Қоғамы саналады. Темір жол көлігі ҚР-ң өндірістік инфраструктурасының маңызды бөлігің құрайды. Оның тұрақты және тиімді жұмыс істеуі мемлекет экономикасының өсуіне, ұлттық қауіпсіздіктің сақталуына, халықтың әл-ауқатының және тұрмыс-жағдайының жақсаруына зор үлесін тигізеді. Мысалға, темір жол үлесіне елдің жүк айналымының 70%, жүргізушілер айналымының 50%-ы тиесілі. Темір жол саласында 135 мыңға жуық адам қызмет атқарады, ол Қазақстанның тұрғындарының 1%-ын құрайды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының темір жол магистралі - 14 мың км асатын темір жол торабынан - оның 5 мыңға жуығы екі жолды және 4 мыңға жуығы - электрофицерленген. Жыл сайын темір жол көліктерінің есебінен мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің, елдің ЖІӨ-ң үлесі айтарлықтай артып отыр.
Қазақстанның темір жол саласы жоғары рентабельді, қарқынды дамып келе жатқан сала, өндірістік, қаржылық және техникалық потенциалын тұрақты арттырып келеді. Ұлттық Компания Қазақстан Темір Жолы қызметіндегі негізгі мақсаттар:
- экономика және халықтың қажеттіліктерін үздіксіз және сапалы көліктік қамтамасыз ету. (жүк, жүк тасымалдау, тасымал, хат және жолаушылар қажеттілігі);
- поездың қозғалу қауіпсіздігін және тасымалданушы жүктің сақталуын қамтамасыз ету;
- материалды-техникалық базаны жоспарлы және кешенді түрде дамыту;
- темір жол көліктерінің мобилизациялық дайындылығын қамтамасыз ету, жұмыс жайлы құпия ақпаратты қорғау, жария етпеу.
Ұлттық Компания Қазақстан Темір Жолы атқаратын қызметінің негізгі түрлері:
- магистральді темір жол жүйесін иелену мен қолдану;
- магистральді темір жол жүйесінің операторлық функцияларын жүзеге асыру;
- жүкті жіберуші, жүкті алушы, тасымалдаушы жолаушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- маркетингтік қызмет түрі;
- Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігімен бірлесе отырып темір жол транзитті-көліктік коридорлардың қалыптасуы үшін шаралар өткізу;
- ішкі экономикалық қызмет және және басқа мемлекеттердің кәсіпорын экономикалық қызметін экспорттау, өнімді импорттау, қызмет көрсету аясын дамыту;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік секторларын техникалық қорғау қызметі (монтаж, қолдану, т.б.);
- Ұлттық Компания Қазақстан Темір Жолы қызметі туралы жария ету;
- ақпараттық қызмет түрі;
- Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленбеген басқа да қызмет түрлері.
Ұлттық Компания Қазақстан Темір Жолы Акционерлік Қоғамының капитал салымдары, реконструкциясы және модернизациясы инвестициялық бюджет негізінде жүзеге асады. Капитал салымдары бухгалтерлік есеп шотының 126 аяқталмаған құрылыс бөлімшесінде есепке алынады. Бұл шотта субшоттар ашуға болады, яғни құрылыс-монтаж жұмыстарын (олар шаруашылық және тізбектелген әдістер бойынша іске асады) есепке алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Компания) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін түсіне отырып, өз қызметінен Қазақстан Республикасының халқына мейлінше жоғарғы пайдаларды қамтамасыз ету мақсатында Компания қызметкерлерінің, Компания қызметінің өңірлеріндегі халықтың және тұтас алғанда қоғамның өміріне әлеуметтік жауапты қатысу жөнінде ерікті міндеттеме алады.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік дегеніміз Қазақстан Республикасының халқына мейлінше жоғарғы пайдаларды қамтамасыз ету жөніндегі ғана емес, Акционер, тұтынушылар және тұтас алғанда қоғам үшін құндылықтар құру жөніндегі өзіне ерікті қабылдаған міндеттемелерді орындау.
Компания әлеуметтік жауапкершілік рөлін Компания қызметімен тікелей байланысты және Компанияның мүмкіндіктеріне сәйкес қоғамның әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы дамуына бизнестің ерікті үлесі ретінде көреді.
Компания Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясатын қабылдай отырып, өзіне ерікті қабылдаған міндеттемелер:
oo Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған міндеттемелерге қосымша болып табылатындығын;
oo Компанияның қызметкерлеріне, жұмыс істемейтін зейнеткерлеріне, коммерциялық серіктестеріне де, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық қауымдастыққа арналғандығын;
oo Компания мен оның қызметкерлері арасында жасалған еңбек шарттарының қолданысының күшін жоймайтындығын және өзімен айырбастамайтындығын;
oo Компания акционерінің және бизнес жөніндегі серіктестерінің тұлғасы алдында расталатын коммерциялық есепке негізделгенін;
oo нарыққа қатысушылардың ынтымақтастық бастамашыл іс-қимылдары мен мемлекетпен және қоғаммен серіктестік өзара қарым-қатынасқа есептелгенін;
oo Компанияның өндірістік қаржылық көрсеткіштері мен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін ескере отырып мерзімді қайта қарастырылатындығын растайды.
Компания әлеуметтік аспектінің іскерлік бедел үшін үлкен мәнге ие болып келе жатқандығын, бұл үрдістің әлемде тарауын қолдайды және:
бизнестің іскерлік беделін көтеруге, Компанияны капиталдандыруға, барлық мүдделі тараптармен - мемлекетпен, жалғыз акционермен, тұтынушылармен, персоналмен, серіктестермен тиімді және үйлестірілген қарым-қатынас орнатуға;
бизнес-процесте пайда болатын өндірістік емес тәуекелдерді тиімді басқаруға;
қоғамды дамыту арқылы бизнестің үдемелі дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрал-саймандардың бірі болып табылатындығына сенім білдіреді.
Компания оның символикасы мен тауарлық белгілері бұқарада әлеуметтік-жауапты мінез-құлықпен және нақты бастамалармен, жобалармен ассоцациялануына ұмтылады.
Компания осы Саясат ережелерінің еншілес ұйымдарға таралуына ұмтылады.

2.2 Ұлттық Компания Қазақстан Темір Жолы АҚ-ғы корпоративтік
басқару үрдісін талдау

Корпоративтік басқару қаржы, құнды қағаздар, басқару, өзара еңбек қатынастары, контрактілік міндеттемелер, келісім әрекеттер, ұйымдастырушылық құрылымдар, маркетинг сферасындағы істе тексерілген және әрекетті нормалар базисында құрылады. Базалық мемлекеттік құжаттар мен жинақталған тәжірибенің бар болуы жайында корпоративтік қатынастар жүйесін нақты корпорациялар деңгейінде құруға, осындай жолмен компанияның тиімді жұмыс жасауына бағыт береді.
ҚТЖ ҰК АҚ өзіне төмендегі тәртіптер бойынша корпоративтік басқаруды дамытуды міндеттенеді:
Бір ғана акционер ретінде нақты құқықтық мүмкіндігін пайдаланып іске асырады;
Директорлар кеңесі Қоғамды басқарудың стратегиялық жолын ұстанады және Қоғамның атқарушы орган ретіндегі тиімді бақылауын қамтамасыз етеді, сондай ақ Директорлар кеңесінің Бір ғана акционерге есептілігін сақтайды;
Қоғам атқарушы орган ретінде қоғамның ағымдағы жұмыстарын басқарып оның Директорлар кеңесі мен Бір ғана акционер алдындағы есептілігін қамтамасыз етеді;
Қоғамның қаржылық жұмыстарын, экономикалық көрсеткіштерін, құрылымдық және басқару мәселесі жөніндегі ақпараттарды дер кезінде жариялау;
Қоғамның қаржылық шаруашылығына тиімді бақылау жасау;
Қоғамның еңбеккерлеріне құқықтық правосы шегінде әріптестік қарым қатынасты дамыту, еңбек жағдайын реттеу, әлеуметтік мәселелерін шешу;
Қоғамның инвесторлармен, несие берушілермен басқа да акционерлік қоғамның активінің ұлғаюына мүдделі белсенді әріптестігін жүргізу.
Компанияны басқару жүйесін жетілдіру Бір ғана акционері - Самұрық холдингі АҚ-ының №117 ҚТЖ ҰК АҚ корпоративтік басқару кодексімен бекітілген.
(ҚР Президентінің 2008 жылғы қазанның 13-індегі №669 Жарлығымен ҚТЖ ҰК АҚ басшылық органы Бір ғана акционері - Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ болып табылады)
Кодекс мақсаты Қоғамды корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру және ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады. Кодексте корпоративтік жүріп тұрудің үздік тәжірибелері мен негізгі тәртіптері қарастырылған.
Кодекстің негізгі тәртіптері:
Акционердің құқығы мен мүддесін қорғау ( акционердің құқығы бұзылған жағдайда правосын қорғауға мүмкіндігі болуы);
Қоғамды Директорлар кеңесі мен Басқарманың тиімді басқару тәртібі (Қоғамды стратегиялық басқару және акционер алдындағы есептілігі);
Қоғамның өзіндік жұмыс тәртібі (Қоғамның корпоративтік басқару құрылымы акционерлік қоғамның мүддесін барынша тиімді қамту);
Қоғамның жұмысы туралы ақпараттың жариялығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету тәртібі (Компанияның қаржылық жағдайы, жұмыс нәтижесі, меншігі мен компанияны басқару тәртібі туралы ақпараттардың дер кезінде берілуі);
Құқықтық және этикалық право тәртібі (Қоғамның ішкі құжаттары құқықтық және корпоративтік, іскерлік этика талаптарына сай болуы тиіс);
Тиімді дивиденттік саясат тәртібі ( дивиденд көлемін және төлеу тәртібі механизмін анықтау);
Тиімді кадр саясаты тәртібі ( қоғаммен еңбеккерлері арасындағы әлеуметтік - әріптестік қатынасын дамыту);
Қоршаған ортаны қорғау тәртібі (табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған жұмыстар);
Корпоративтік дауларды реттеу( корпоративтік басқару жүйесі еңбеккерлер мен лауазым иелері міндеттерінің айқын болуы);
Жауапкершілік тәртібі (барлық мүдделі тұлғалардың құқығын қамтамасыз ету).
Корпоративтік басқару тәртібі - Қоғамның корпоративтік басқарудың жетілдіру жүйесіндегі басты мазмұнына берілген кепілдіктер негізі болып табылады.
Кәсіпорын тұрғысынан қарағанда толығымен алғандағы адал корпоративтік басқару үш элементтен тұрады:
Акционерлердің мүдделерін сақтаумен қорытындыланатын компания қызметінің этикалық негіздері;
Оның қожайындарының ұзақмерзімдік стратегиялық міндеттерінің жетістіктері - мысалы, ұзақмерзімдік болашақтағы жоғарғы табыстылық, нарық көшбасшылары табысымен салыстырғандағы табыстың барынша жоғарғы көрсеткіштен артық табыстылық;
Компанияға қойылатын барлық заңдық және нормативтік талаптардың сақталуы.
Компанияның заңдық және нормативтік талаптарды билік органдарына қарағанда үлкен деңгейде сақтауларын есептемейтін болсақ, корпоративтік басқаруды нарық жүзеге асырады.
Компанияның корпоративтік басқаруында персоналмен жұмыс жасау, персоналды басқару үлкен орын алады. ҚТЖ ҰК АҚ-дағы персоналды басқару - іс әрекеттің атқарымдық функционалды ортасы, оның мәселесі - кәсіпорынды керек уақытта, қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада персоналмен қамтамасыз ету, оларды дұрыс орналастыру және ынталандыру. Персоналды басқару мақсаты жалпы ұйымның игілігі мен жұмыскерлердің жеке мүдделерін ескере отырып, әрекет ететін еңбекке қабілетті ұжымын қалыптастыру болып табылады.
Кәсіпорын персоналы бір мезетте басқарудың объектісі де, субъектісі де бола алады. Кәсіпорын қызметкерлерінің объект болуының себебі: олар өнді-рістік үдерістің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан өндірісте адам ресурста-рын жоспарлау, қалыптастыру, қайта бөлу және тиімді пайдалану персонал-дарды басқарудың негізгі мәні болып табылады және осы тұрғыдан қарағанда өндірістің материалдық - заттай элементтерін басқаруға ұқсас келеді.
Ұйымдағы персоналды басқару жүйесі ұйымды бүтіндей және оның жеке бөлшектерін басқаруды орындайтын сызықтық жетекшілік бөлімдер мен сонымен қатар, келесі функционалды және қамтамасыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымдарды корпоративтік басқару
Корпоративтік басқару
Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейін зерттеу
ҚР корпоративтік басқару
ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГТЕР
Корпоративтік басқару жайлы
Корпоративтік басқару туралы
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы мемлекеттік басқару органдардың құрылымын жаңарту жолдары
Педагогика және психология мамандығына арналған Психологиялық менеджмент
Жинақтаушы зейнетақы қорының маркетингтік қызметтерінің әмбебаптылығы
Пәндер