Адам тұлғасын зерттеудегі тұлғалық қасиетті анықтау



М а з м ұ н ы

І Кіріспе
1.1. Тұлға әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі ретінде.

ІІ Негізгі бөлім.
2.1. Адам тұлғасын зерттеудегі тұлғалық қасиетті анықтау.
2.2. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен ролі

ІІІ Қорытынды.

ІҮ Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
1. 1. Адамның биологиялық және әлеуметтік жағдайы. Тұлға — әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам — биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның жемісі, эволюциялық мәдениетгің алғышарты және субъектісі. Биологиялық эволюция 2,5 млн жылға созылды. Адамның биологиялық дамуы 40 мың жыл бүрын тоқтады. Осыған дейін бүгінде адамды өзге жануарлар дүниесінен еркшелейтін іргелі белгілері қалыптасты: тік жүруі, миының үлкендігі, екінші сигналдық жүйесінің болуы, ойлаудың, тілдің және сананың болуы, балалык, шақтың ұзакқа созылуы, еңбек қүралдарын және отты меңгеруі және т.б.
Бұлар биологиялықтан мәдени эволюцияға өтудің жағдайы болып саналады. Адамның сонғы 40 мың жылда қол жеткізгенінің бәрі биологиямен байланысы жоқ, керісінше, мәдениетпен, коғаммен байланысты. Басқаша айтқанда, табиғи жолмен емес, керісінше, мәні әлеуметтік қатынастар жүйесінде айқындалған қолдан жасалған ортамен байланысты. Адам биологиялық тіршілік иесі болғанымен, осыдан бастап оның индивидуалдығы калыптасады, кейін ол тұлғаға айналады.
Тұлға ретінде адам туралы түсініктін дамуы бірнеше кезенді қамтиды. Ежелгі Қытайдағы (б.з.д. VI-I ғғ.) даосизмде қараңғылық пен жарықты, еркектік пен әйелдікті, белсенділік пен енжарлықты, қаталдық пен ізгілікті, тыныштық пен қозғалысты өз бойына жинап, үйлесгірген адам — дүниеде кіндік орынға қойылды. Ол өткенге бет бұрып қарап, ал болашаққа ту сыртын берген қалыпта еді. Дүние адам үшін жаратылмаған, адам дүние дамуының соңғы буыны. Адам қүдаймен индивид ретінде қатынас жасамайды, рулық әрі ұрпақ ретінде қатынаста болады. Адам өзінін түлғалық шекарасын сезбейді. Ежелгі Үндістандағы (б.з.д. VII—IV ғғ.) буддизм адамдардың өзіндік индивидуалдығын жоққа шығарды. Бүған дара тұлға идеясы, индиввдуалды бірегей өмірдің өлгеннен кейін қайтып оралмайтыны белгісіз болды. Буддизм түсінігі бойынша, өлгеннен кейін адам денесі мен санасы көптеген элементтерге бөлініп, басқа жерге барып орнығады. Бірақ индивидуалдық емес, тек ғарыштық жан ғана басқаға қонады. Ал мүндай жанда индивидуалдық болмайды. Ерік туралы ойды теріс теген буддизм адамда жан болады деген идеяға да салқын карады. Ежелгі Грецияның (б.з.д. VI—IV ғғ.) философтары бірінші болып өмірдің құндылығы оның қайталанбасгығында екенін түсінді. Олар индивидті ғарыштан бөліп, маңызды қадам жасады. Сократ антропологиялық тақырыпта төңкеріс жасады, оны адам философиясының іргетасын қалаушы дейді. Атақты "Өзіңді өзің таны" нақылы бойынша әрбір адамда ішкі "Мен" болады, оның орталығы сана мен ойлау болып табылады. Адам өмірде ұтымдылықты көздейді: ол өзіне мақсаттар кояды жәие оларға жетеді, олар үшін жауапкершілікті мойнына алады. Адамның жетілуі — оньң қызметі мен тәрбиесінің нәтижесі.1
Адам өзін-өзі танып қана қоймайды, сонымен бірге табиғат және әлеуметтік заттардың өлшеуіші де болады. Гректер адам іспетті, бейнелі қүдайлар құрметіне храмдар тұрғызды, онымен адамның түйсінуі мен ойлауының өлшемін бейнеледі. Бүдан кейін адамның құнды өлшеуіш екендігі жөніндегі түсінікті Демокрит пен Платон дамытты. Нәтижесінде антропологизм гректерде антропоцентризмге айналды.
Орта ғасырларда (б.з. IV-XIV ғғ.) христиандық адамға принципті жаңа түрғыда қарауды үсынды, ол гуманизм ілімінен көрініс тапты. Ежелгі Қытай, үнді және грек өркениеттеріы түлғаға дейінгі мәдениетке жатқызады. Христиандық адамды дүние жаратылысының дәл ортасына койды. Адам — бүл храм, ол құдай сияқты жаратылған. Адамда тұлғаның абсолюттік жасампаздығы бар

Қайта өрлеу дәуірінде (XIV—XVI ғғ.) антикалық дүние мен христиандьіқтың адамға деген ең оң көзқарастары теріп алынып, гуманизм іліміне сіңірілді. Бүл дәуірдің ойшылдары, рухтың алыптары -Леонардо да Винчи, Микеланджело, Данте — адам түлғасының бостандығы мен егемеңдігін жариялады. Адам түлғасын олар дене мен рухтың, ақыл-парасат пен сезімнің, жердегі мен көктегінің үйлесімі деп түсінді. Қайта өрлеу дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өтуімен, капитализмнің алғашқы көріністерінің байқалуымен де ерекшеленді. Ал капитализм әлеуметгік жоне экономикалық қүбылыс ретінде индивиді жоқ жерде орнай алмайды, ол үшін еркін кәсіпкер., саудагер, қолөнерші, жалдамалы жұмыскер болуы шарт, олар өз алдына жеке экономикалық агенттер деп бағалады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ануфриев Е. А. Личность . / Социология / Под ред. Г. В.Осипова. М, 1995.
2. Бабосов К. М. Личность как уникуальная социальная система.
// Социология //. Мн., 1998.
3. Инкельс. А. Личность и социальная структура. // Американская
социалогия. М., 1973.
4.Кови .С Навык 1: Будьте проактивнцы . // 7 навыков лидера.
Деловой бестселлер. Мн., 1996.
5.Кон И. С. В плисках себя. М. 1984
6 Крегер О., Тьюсон Дж. Тип людей и бизнес. М., 1995.
7 . Р. К. Оданова, Н. Т. Жұмабеков, Б. А. Исмаилов, А. А. Дәулетова, Ұ. Ж. Қонақбаева. Жалпы әлеуметтану. Лексиялар курсы. Шымкент. 2004
8 Әбсаттаров, Дәкенов. Әлеуметтану. Алматы, 2004.
9 Маркс К. К критике гегельской философии права. // Соч. Т. 42. М., 1974
10 Моисеев Н. Н. С мыслями о будущем россии. М., 1997.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
М а з м ұ н ы

І Кіріспе
1. Тұлға әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі ретінде.
ІІ Негізгі бөлім.
2.1. Адам тұлғасын зерттеудегі тұлғалық қасиетті анықтау.
2.2. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен ролі
ІІІ Қорытынды.

ІҮ Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе

1. 1. Адамның биологиялық және әлеуметтік жағдайы. Тұлға — әлеуметтік
өмірдің субъектісі мен объектісі

Адам — биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы
сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның жемісі,
эволюциялық мәдениетгің алғышарты және субъектісі. Биологиялық эволюция 2,5
млн жылға созылды. Адамның биологиялық дамуы 40 мың жыл бүрын тоқтады.
Осыған дейін бүгінде адамды өзге жануарлар дүниесінен еркшелейтін іргелі
белгілері қалыптасты: тік жүруі, миының үлкендігі, екінші сигналдық
жүйесінің болуы, ойлаудың, тілдің және сананың болуы, балалык, шақтың
ұзакқа созылуы, еңбек қүралдарын және отты меңгеруі және т.б.
Бұлар биологиялықтан мәдени эволюцияға өтудің жағдайы болып саналады.
Адамның сонғы 40 мың жылда қол жеткізгенінің бәрі биологиямен байланысы
жоқ, керісінше, мәдениетпен, коғаммен байланысты. Басқаша айтқанда, табиғи
жолмен емес, керісінше, мәні әлеуметтік қатынастар жүйесінде айқындалған
қолдан жасалған ортамен байланысты. Адам биологиялық тіршілік иесі
болғанымен, осыдан бастап оның индивидуалдығы калыптасады, кейін ол тұлғаға
айналады.
Тұлға ретінде адам туралы түсініктін дамуы бірнеше кезенді қамтиды.
Ежелгі Қытайдағы (б.з.д. VI-I ғғ.) даосизмде қараңғылық пен жарықты,
еркектік пен әйелдікті, белсенділік пен енжарлықты, қаталдық пен ізгілікті,
тыныштық пен қозғалысты өз бойына жинап, үйлесгірген адам — дүниеде кіндік
орынға қойылды. Ол өткенге бет бұрып қарап, ал болашаққа ту сыртын берген
қалыпта еді. Дүние адам үшін жаратылмаған, адам дүние дамуының соңғы буыны.
Адам қүдаймен индивид ретінде қатынас жасамайды, рулық әрі ұрпақ ретінде
қатынаста болады. Адам өзінін түлғалық шекарасын сезбейді. Ежелгі
Үндістандағы (б.з.д. VII—IV ғғ.) буддизм адамдардың өзіндік индивидуалдығын
жоққа шығарды. Бүған дара тұлға идеясы, индиввдуалды бірегей өмірдің
өлгеннен кейін қайтып оралмайтыны белгісіз болды. Буддизм түсінігі бойынша,
өлгеннен кейін адам денесі мен санасы көптеген элементтерге бөлініп, басқа
жерге барып орнығады. Бірақ индивидуалдық емес, тек ғарыштық жан ғана
басқаға қонады. Ал мүндай жанда индивидуалдық болмайды. Ерік туралы ойды
теріс теген буддизм адамда жан болады деген идеяға да салқын карады. Ежелгі
Грецияның (б.з.д. VI—IV ғғ.) философтары бірінші болып өмірдің құндылығы
оның қайталанбасгығында екенін түсінді. Олар индивидті ғарыштан бөліп,
маңызды қадам жасады. Сократ антропологиялық тақырыпта төңкеріс жасады, оны
адам философиясының іргетасын қалаушы дейді. Атақты "Өзіңді өзің таны"
нақылы бойынша әрбір адамда ішкі "Мен" болады, оның орталығы сана мен ойлау
болып табылады. Адам өмірде ұтымдылықты көздейді: ол өзіне мақсаттар кояды
жәие оларға жетеді, олар үшін жауапкершілікті мойнына алады. Адамның
жетілуі — оньң қызметі мен тәрбиесінің нәтижесі.1
Адам өзін-өзі танып қана қоймайды, сонымен бірге табиғат және
әлеуметтік заттардың өлшеуіші де болады. Гректер адам іспетті, бейнелі
қүдайлар құрметіне храмдар тұрғызды, онымен адамның түйсінуі мен ойлауының
өлшемін бейнеледі. Бүдан кейін адамның құнды өлшеуіш екендігі жөніндегі
түсінікті Демокрит пен Платон дамытты. Нәтижесінде антропологизм гректерде
антропоцентризмге айналды.
Орта ғасырларда (б.з. IV-XIV ғғ.) христиандық адамға принципті жаңа
түрғыда қарауды үсынды, ол гуманизм ілімінен көрініс тапты. Ежелгі Қытай,
үнді және грек өркениеттеріы түлғаға дейінгі мәдениетке жатқызады.
Христиандық адамды дүние жаратылысының дәл ортасына койды. Адам — бүл храм,
ол құдай сияқты жаратылған. Адамда тұлғаның абсолюттік жасампаздығы бар

Қайта өрлеу дәуірінде (XIV—XVI ғғ.) антикалық дүние мен
христиандьіқтың адамға деген ең оң көзқарастары теріп алынып, гуманизм
іліміне сіңірілді. Бүл дәуірдің ойшылдары, рухтың алыптары -Леонардо да
Винчи, Микеланджело, Данте — адам түлғасының бостандығы мен егемеңдігін
жариялады. Адам түлғасын олар дене мен рухтың, ақыл-парасат пен сезімнің,
жердегі мен көктегінің үйлесімі деп түсінді. Қайта өрлеу дәстүрлі қоғамнан
қазіргі қоғамға өтуімен, капитализмнің алғашқы көріністерінің байқалуымен
де ерекшеленді. Ал капитализм әлеуметгік жоне экономикалық қүбылыс ретінде
индивиді жоқ жерде орнай алмайды, ол үшін еркін кәсіпкер., саудагер,
қолөнерші, жалдамалы жұмыскер болуы шарт, олар өз алдына жеке экономикалық
агенттер деп бағалады.

Негізгі бөлім

2.1. Адам тұлғасын зерттеудегі тұлғаның қасиетін анықтау.
Ренессанстық сана толық мағынада айтқанда, "индивид" ұғымынан
"индивидуалдық" түсінігіне қарай ойысты. Қайта өрлеуді "ақыл-парасат
ғасыры" деп те атайды, өйткені ол сананы адамның ең жоғары жетістігі деп
жариялады. Сөйтіп, Қайта өрлеу антикада пайда болған ұтымдылықты
жалғастырып, оны жоғары деңгейге жеткізді.
Ағартушылық (XVII—XVIII ғғ.) Қайта орлеу дәуірінде басталған "ақыл-
парасат патшалығы" адамның саяси бостандығы мен азаматтық құқығын орнату
күресін одан әрі жалғастырды. Ағартушылық дәуір соңы екі маңызды қүбылыспен
есте қалды: 1) ұлы өндіріс революциясы, бұл капитализм шабуылының
тоқтаусыздығын толық нығайтты және 2) ұлы француз революциясы (1789 ж.),
бүл төңкеріс қазіргі демократияның негізін қалаған саяси бостандық пен
саяси әдет-ғұрыпты жариялады. Бүл дәуір ұлы географиялық және ғылыми
ашылымдардың, заңды еркіндікті жеңіп алудың, буржуазияның билік үшін
күресінің заманы болды, соның нәтижесінде жабық, дәстүрлі енжар қоғам ашық,
қазіргі шалымды қоғаммен ауыстырылды.
Бостандық, ақыл-парасат, қозғалысты өмір салты, индивидуализм және
кәсіпкерлік рух — қалыптасу үстіндегі тұлғаның басты көрсеткіштері.
Тарихшылардың пікірінше, "индивидуалдық" сөзінің өзі "тұлға" ұғьмы ретінде
бұдан 200—300 жыл бұрын, яғни ағартушылық дәуірде пайда болған.
Қазіргі философияның пайымдауынша, мәңгілік дүниедегі адам мәңгілік
қүндылықтарды жалғастырушы. Уақыт ішіндегі адам тек физикалық қүбылыс: ол
туады және өледі. Уақыт ішінде өмір сүру — бұл бізді қоғам азаматы
ретіндегі болмысымыз. Уақытпен біз ас ішеміз және үйықтаймыз, билік үшін
күресеміз және бала өсіреміз, табыстарға жетеміз және жеңілістерге
ұшыраймыз. Қоғамда өмір сүргендіктен әлеуметтік тіршілік иесі ретінде біз
қоғамнан тыс бола алмаймыз. Өйткені біздер отбасының, ұжымның, мамандықтың
және таптың бірлігінің көрінісіміз. Алайда, адамның мәні басқада — ол адами
мәңгілікте және адамдық еркіндікте.
Біздің өмір сүруіміз уақыт пен мәңгіліктің арасындағы қайшылықта
болады. Адам болмысы әр түрлі екі өлшемде жатыр, сондық-тан адам ордайым
қарамақайшылықты. Уақыт ішінде өмірді бақылауға болады, ал мәңгілікті тек
елестетуге болады. Философтар қарастырған адам болмысының екі тұрғысы
осылар.
Жаратылыстанушы ғалымдар адам жөнінде басқаша көзқараста болады. XIX
ғасырда биологияның озық ойшылдары тұлғаға жүмыртқа ішінде толық
қалыптасқан тіршілік иесі сияқты қарады. Индивидтің тұлғалық белгілері үзақ
уақыт бойы тұқым қуалаушылыққа таңылды. Адамның отбасы, тұқым-тұқияны және
қанының қасиеті оның ұлы түлға болуын, асқан мақтаншақ, түзелмес қылмыскер
немесе қайырымды сері болуына негіз салады делінді.
XX ғасырдың бірінші жартысында жиналған сан алуан жаңа фактілер
адамның мәні туралы бастапқы көзқарастарды қайта қарауға
мәжбүр етті. Сөйтіп, туа біткен ұлылық адамнан автоматты түрде үлы
түлғаны қалыптастыруға кепілдік бермейтіні белгілі болды. Дәл сол сияқты
тектік жарақат, ауру немесе басқа да жағымсыз биологиялық алғышарттар
адамның толыққанды қоғам мүшесі болу мүмкіндігін жоққа шығара алмады. Бүл
жерде басты рөлді әлеуметтік орта атқарады, адам туғаннан кейін осы ортаға
түседі.
Сонымен, XIX ғасырда адамдағы биологиялық пен әлеуметтіктің
арасалмағына қатысты мәселені нақты ғылымдар әдістерінің кемегімен толық
шешпекші болған ниет іске аспады. XX ғасырда бүл мәселе одан да бетер үлкен
қайшылыққа тап болды. Бүгінде ғалымдар бүл мәселені шешілмейтін проблема
деп карауға бағыт ұстап отыр. Адам түлғасын зерттеуде тұлғалық қасиетті
анықтаудың бірнеше деңгейлерін қолдану қабылданған:
— табиғи, бұл басқа адамдардың ықпалынан тәуелсіз адамның өзінде
болатын және дамитын жағдайлар;
— биологиялық, бұл жалпы шыққан тегі;
— тұқым қуалаушылық, бүл ата-ана қанының негізінде болатын және
дамитын факторлар (биологиялықтың бәрі бірдей тұқым қуаламайды);
— әлеуметтік, адамға әлеуметтендіру барысында, басқа адамдармен
қарымқатынаста және өзара іс-әрекет арқылы сіңісті болып, қабылдаған
белгілер.
Кең мағынада алғанда әлеуметтік үшке бөлінеді:
— өзіндік әлеуметтік, бұл адамның өзінің әлеуметтік рөлдерін дұрыс
орындау үшін қабылдаған аса қажетті белгілерінің жиынтығы;
— ерекшелікті мәдени, бүл әдепті мінез-құлық нормалары мен
ережелерінің жиынтығы, олар ырықсыз орындалады, индивидтің сіңісті
белгілеріне айналады, осы арқылы өзгелер оны тәрбиелі жан ретінде таниды;
— адамгершілік, этикалық нормаларды абсолюттік талаптар ретінде
орындауына орай адам бойындағы әлеуметгік қасиетінің жоғары көрінісі және
мәдениеттілік бастаулары .
Тұлғаны адам тәнінде өмір сүреді деуге бола ма? Иә, ол айналадағы
кеңістікте жоқ - қасымызда да емес, алыста да емес. Ал тұлғада дене бар ма?
Жоқ, өйткені тұлға материалдық түзілім емес. Оңда өзін алып жүруші — адами
психика болады. Бірақ психика адам тәнінің құрамдас бөлігі болып
саналмайды. Психика — жоғары үйым-дасқан материяның ойлау сияқтъі қасиеті,
мидың атқаратың қызметіболып табылады. Психика — биологиялық эволюцияның
белгілі бір сатысында пайда болған, ақиқатты бейнелеудің ерекше формасы.2
Оның мазмұны — бұл тірі жүйелердің айналадағы ортамен өзара әрекетінің
жемісі немесе нәтижесі. Психологтар тұлға туралы әңгіме еткенде, олар ең
алдымен психиканы айтады. Тұлға туралы жүйелі ілім жасаған 3. Фрейд те дәл
солай жасады.
Сонымен, әлеуметтік дегеніміз не? Әлеуметтік — бүл адамдардың өзара
қарым-қатынастарының ерекше сапасы немесе бір адамның басқа біреумен қарым-
қатынасының ерекше саласы. Әлеуметтік дегеніміз — адамдардың өзара қарым-
катынастары және сол қатынастардың қоғамдық маңызды нәрсе ретінде
қарастырылуы.
Тұлға әлеуметтік өзара қимыл-әрекеттер мен қатынастардың бірінші
өкілі. Ал тұлға дегеннің кім екенін анықтау үшін әуелі "адам", "индивид",
"индивидуалдық" деген үғымдарды түсініп алу керек. Күнделікті өмірде және
ғылыми тілде бүл терминдер өте жиі кездеседі. Бұл ұғымдар көбінесе
синонимдер ретінде де қолданылады, бірақ олардың қатаң анықтамаларына
жүгінетін болсақ, онда олардың мән-мағынасындағы айырмашылықтарды "аңғару
киын емес. Адам үғымы homo sapiens-тің бөлініп шыққанынан бастап қолданыла
бастаған мейлінше жалпылама, атаулық ұғым болып саналады. Адам дегеніміз
жер бетіңдегі тірі организмдер дамуының жоғарғы сатысы, әлеуметтік-тарихи
қызмет пен мәдениеттің субъектісі болып табылады. Адам адамдық түрге еніп,
адами-әлеуметтік шығу тегі процесінің қалыптасқанынан бері 40 мың жылдай
уақыт өтті. Өзінің табиғаты бойынша — адам біртұтас биологиялық-әлеуметтік
жан. Мүнда биологиялық пен әлеуметтілік жәйттар бір-бірімен диалектикалық
бірлікте, өзара әрекеттес, өзара бір-бірімен тығыз байланысты болады.
Адамның табиғи негізін оның биологиялық ерекшеліктері қүрғанымен, оның
мәнді өлеуметтік сапалары адам дамуының анықтаушы жақтары болыл табылады.
Қоғамның тарихи қалыптасқан түрінің экономикалық, саяси, идеологиялык және
әлеуметтік қатынастары әрбір адамның әлеуметтік сапасын, оның іс жүзіндегі
қызметінің мазмұны мен сипатын анықтай отырып, әралуан өзгеріске ұшырап,
көрініс табады. Дәл іс жүзіндегі қызмет процесіндегі адам, бір жағьнан, өзі
өмір сүріп отырған айналадағы ортаның әлеуметтік қатынастарын біріктіреді,
ал, екінші жағынан, сыртқы дүниеге деген өзінің ерекше көзқарасын
білдіреді. Әлеуметтануда адам қандай жағдайларда әлеуметтік қатынастардың
нағыз субъектісі бола алатындығы, мүнда оның өзіне және коғамға не нәрсе
байланысты екені анықталады.
"Жалпы" адам болмайды, бұл бейнақтылық. Нақтылы адамдар бар. Нақтылы
адамда оның жеке өзіндік (табиғи) белгілері көптеген факторлар мен
жағдайлардың ыкпалымен кдлыптасатын әлеуметтік белгілермен қалай
ұштасатындығы көрінеді. Алайда, тек осыған сүйеніп, философия адамды, ал
әлеуметтану — тек тұлғаны ғана зерттейді деу дұрыс емес. Себебі адам мен
түлғаның екеуі де бір объект болып табылады. Демек, бүл жерде әңгіме осы
объектінің әрқилы түрғыдағы аспектілері мен сол объектіге алып баратын әр
түрлі жолдары жөнінде болуы керек.
Адам мен тұлғаға алып баратын тағы да бір жол бар. Түлға есебінде
адам әлеуметтік қатынастардың объектісі және олардың субъектісі ретінде
қарастырыла алады. Әлеуметтік қатынастардың қүрылымына бойлай отырып, адам
тек белгілі бір қоғамдық қатынастардың өнімі болып қана қоймайды, сонымен
бірге олардың жасаушысы да больш табылады.
Адам - жалпының, ерекшеліктің және жеке өзіндіктің диалектикалық
бірлігі. Бүл жерде "жалпы" дегеніміз жалпы адамзаттық, "ерекшелік"
дегеніміз қоғам құрылыстық, таптық, ал "жеке өзіндік" дегеніміз өмір
сүрудің жеке түрдегі тәсіл-белгілері. Сонымен, адамзат ерекше материалдық
нақтылық ретінде өмір сүруде. Алайда, адамзат осы күйінде өз бетінше өмір
сүрмейді. Нақтылы адамдар өмір сүре отырып, қимыл-әрекет жасайды.
Адамзаттың жекелеген өкілдернің өмір сүруі "индивид" деген ұғыммен
байланысты. "Индивид"дегеніміз халык, қоғам, тап, әлеуметтік топ сияқты
әлеуметтік қауымдастықтардың, жалпы адамзаттың жеке өкілі ретінде, нақты
адам ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтануда "индивид" ұғымы әлеуметтік
қатынастардың жеке-дара алғандағы өкілі қарастырылған жағдайда қолданылады.
Ивдивидтер қызметінің бірігуі нәтижесінде әлеуметтік қатынастардың жүйесі
қалыптасады. Бүл жерде "индивид" үғымы "нақтылы адам" мағынасында
қолданылады. Ал енді индивидуалдық түсінігін (жеке адамның өзіне тән) —
индивидтің басқаларда қайталанбайтын бірден-бір өзіндік ерекше қасиет
сипатын, бір индивидті екінші индивидтен ерекшелейтін белгілердің жиынтығын
қарастыру арқылы анықтауға болады. Бүл ерекшеліктер — биохимиялық,
нейрофизиологиялық, психологиялық, әлеуметтік және т.б. деңгейлерде
байқалады. Тұлға ұғымы адамның және индивидтің табиғи емес мән-мағынасын
айқын көрсету үшін енгізілген, яғни бұл ұғым оның әлеуметтік бастауларын
айқындайды.
Басқаша айтқанда, адамның тарихи дамуының әр түрлі деңгейлеріндегі
жеке алғандағы және нақтылы-тарихи езгешеліктерін көрсету үшін
"индивид"деген ұғыммен қатар, "тұлға" деген ұғымды қолданады. Тұлға
дегеніміз — индивид дамуының қорытындысы және мұнда барлық адамдың сапалар
неғұрлым толық көрініс табады.
Әлеуметгік өмірде адамдардың бір-бірімен әр түрлі салада тығыз қарым-
қатынасының, өздерінің белсенді, саналы іс-әрекеттері арқасында индивид
(жеке адам) әлеуметтендіріліп, бірте-бірте, келе-келе тұлғаға айналуы
керек. Тұлғаның өзіндік өзгешеліктері, саналылығы, бағалы бағдарлары мен
әлеуметтік қатынастары, қоғамға қатысты бірқатар дербестіктері және өз іс-
әрекеттері үшін өзінің жауапкершілігін түсіну, т.б. тұлғаның бойынан
табылуға тиісті міндетті сипаттамалары болып саналады. Тұлға өзі өмір сүріп
отырған әлеуметтік ортада болып жататын әлеуметгік елеулі іс-әрекеггердің
нәтижесі ғана емес, сонымен бірге олардың себепшісі де болып табылады.
Сондықтан да халықтың рөлін жақтаған көзқарастар проблеманың тұлғалық жағын
жоққа шығармауға тиіс.
Тұлғаның әлеуметтік мәнін ашып көрсету тұтас күйінде емес, қайта оның
нақтылы көріністерін зерттейтін жекелеген қоғамдық ғылымдар үшін өте
маңызды. Ал әлеуметтануда түлға көбіне-көп қоғамдық, әлеуметтік
қатынастардың субъектісі ретінде қаралады. Әлеуметгік қатынастар адамның
ішкі дүниесімен қабыса отырып, айналадағы ақиқатқа деген оның тұлғалық
көзқарасы ретінде көрініс табады.
Адамдарды біріктіретін әлеуметтік қатынастар — өмір сүріп отырған
әлеуметтік орта жағдайларындағы индивидтердің өзара қимыл-әрекеті
процесінде қалыптасқан олардың белгілі бір түрақты байланыстарының жүйесі.
Тұлғаның әлеуметтік қатынастары адамның әлеуметгік сапалары ретінде оның
қызметі мен іс-әрекетінен көрінеді.
Жекелеген қоғамдық ғылымдардан әлеуметтанудың айырмашылығы — ол
тұлғаны тұтас күйінде зерттеп, белгілі бір қоғамдық-экономикалық
формациялар жүйесіндегі оның мәндік сипаттарын анықтайды. Мүндай талдау
қоғам эволюциясы процесінде тұлға дамуының диалектикасын көрсетіп, сонымен
бірге тарихтың әрбір алға дамуы кезеңіндегі түлғаның даму процесінің
өзіндік ерекшелігін ашады. Әлеуметтік тұтастық жүйесіндегі және әлеуметтік
қатынастардың субъектісі болып табылатын көп қырлы байланыстардың жиынтығы
ретііне көрінеді. Қатынастар мен байланыстардың осы көп қырлылығындағы
елеулі нәрсені анықтау тұлға проблемасын әлеуметтанымдық түрғыдан талдаудың
міндеті болып табылады. Адамның әлеуметтік табиғаты өзінің нақтылы іске
асырылуын тұлғаның қоғамдык-тарихи түрлерінен табады.
Тұлғаның әлеуметтік түрі — белгілі бір әлеуметтік қауымдастыққа
кіретін түлғалардың қайталанып отыратын елеулі әлеуметтік сапалары
Жиынтығының сараланған бейнесі. Тұлғаның әлеуметтік түрге
белінушілік сапаларында белгілі бір таптың, я болмаса әлеуметгік топтың
адамдарына тән ортақ, біршама тұрақты белгілер көрініс табады. Тұлғаның
әлеуметтік түрлері тарихи қалыптасқан өмір жағдайларының, әлеуметгік
айналадағы ортаның, дәстүрлердің, әдет-ғүрыптардың, жалпы дүниетанымның,
үлгі-өнегеліктің және қоғамдық өмірдің, т.б. жақтарының жемісі болып
табылады. Тұлғаның әлеуметтік түрге бөлінушілік сипаттамалары белгілі бір
әлеуметгік ортаның шеңберіндегі адамның қоғамдық дамуының өзіндік ерекше
жағдайларын көрсетеді. Белгілі бір таптың немесе әлеуметтік топтың өкілі
және әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретіндегі тұлға сөз болып отырған
қоғамдық даралықтың өзіне тән белгілерімен сипатталады.
Тұлғаның әлеуметтік түрлері қоғамның материалдық өмір жағдайларына,
қоғамдық қатынастардың сипатына байланысты қалыптасады. Адамдардың, оның
ішінде тұлғалардың әлеуметтік бейнесін анықтайтын іргелі негіз олардың
белгілі бір өмір салты болып табылады. Тұлғаға айналған адамдардың
бірқатары әр сапалық деңгейге, әр түрлі әлеуметтік атауға ие болады.
Мысалы, өткен уақыттардағы немесе қазіргі замандағы көпшілігі қатардағы жай
түлғалар ірі, ұлы, белгілі, әйгілі, көрнекті, тарихи, т.б. тұлғалар болып
дараланады. Өткен замандардағы тарихи тұлғалардын рөліне баға беру кезінде
жағымсыз тарихи түлғаларды дәріптеу дүрыс болмайды. Екінші жағынан,
жағымды тарихи тұлғаларды асыра бағалау — басқа бір ұшқарылыққа — тұлғалык
негіздерді аса дәріптеуге де соқтырмауға тиіс. Бүл тұрғыда көзге тускен
әйгілі, ірі тұлғаларға дұрыс баға беру, жағымды, жағымсыз тұлғаларды айыра
біліп, олардың тарихтағы, қоғамдағы рөлін дүрыс түсіне білу маңызды мәселе.
Адамдардың, түлғалардың өмір болмысы кандай болса, олардың өздері де сондай
болады.
Тұлға адамның әлеуметтік сапаларының біртұтас жиынтығы ретінде
қаралады, яғни ол белгілі бір жолмен қоғамдағы әлеуметтік мәнді белгілер
мен әлеуметтік қатынастардың ивдивңдте жүзеге асқан бірлігі және тарихи
даму мен индивидтің өзінің белсенді тұрлаулы қызметі, байланысы арқылы
әлеуметтік жүйеге енуінің нәтижесі болып табылады. Сонымен бірге тұлға
әлеуметтік қатынастардың субъектісі бола отырып, ол қоғамнан біршама дербес
және тәуелсіз, оған өзін қарсы коюға да кабілетті. Қоғам, әлеуметтік
қатынастар түлғаның тұлғалық міндеттерін іске асырудың жеткілікті
кұралдарына ие. Әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде түлға мен қоғам
арасыңдағы өзара қимыл-әрекеттер мен өзара байланыстар үш элементтен
құралады: 1) Тұлғаның іздену элементі; 2) Қоғамның ұсыну элементі; 3)
Тұлғаның қоғам ұсыныстарын таңдау элементтері. Әлеуметтік ортаға,
әлеуметтік қатынастарға енген әрбір тұлға адами тәртіптің негізін меңгеруі
керек, өзі өмір сүретін қоғам мөдениетінің тілін білуі шарт. Ол адамзаттың
және қоғамның қолы жеткен іргелі жетістіктер мен құндылыктарды құрмет
тұтуға, сыйлауға міндетті. Мұнсыз әрбір индивидтің тұлғаға айналуы және
тұлғаның әлеуметтік ортада субъект міндеттерін атқаруы жөнінде сөз болуы
мүмкін емес.3 Тұлға әлеуметтік құатынастар жүйесіндегі субъект ретінде өз
міндетін атқаруы үшін әуелі ол өзінің қабілетіне сай өмірлік жоспарын,
мақсаттары мен мұраттарын жүзеге асыру жолдарын іздестіру жағдайында
болады. Адам, тұлға өзінің келешегін, өзінің әлеуметтік ортадағы, қоғамдағы
міндетін орындауға бағытталған жолдарын өз қабілетіне сәйкес таңдайды.
Тұлға мұндай тандауды іске асыра, әлеуметтік орта тәртібін қабылдай отырып,
өзі мен қоғамның өсіп-өркендеп, дамуы жолында қызмет жасайды. Тұлға өзінің
әлеуметтік міндетін орындауда әлеуметтік қатынастар қазанында біте
қайнасып, алдына қойған мақсаттарды өзінід қоғамдағы алатын орнына сәйкес
іске асыра алатындығы немесе іске асыра алмайтындығы жөнінде көп толғанып,
көп ойлануы тиіс. Себебі адамдар, соның ішінде түлғалар өздерінің
қажеттіліктерін қанағаттандыру процесінде басқа адамдармен, қоғаммен өзара
тәуелді жағдайда болып, берік әлеуметтік катынастарға енеді. Яғни әрбір
адам, тұлға белгілі бір пайдалы міндеттерді орындай отырып, қоғамды дамыту
ісіндегі әлеуметтік қатынастардын субъектісі ролін атқарады.
Екінші жағынан, қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік міндетті атқару мен
орындау кез-келген тұлғаның қолынан келе бермейді. Сондықтан әлеуметтік
орта қоғам мүшелері ішінен тапсырылатын қызметтерді орындай алатын
тұлғаларды даярлауға маңыз береді. Әсіресе, қоғамды қайта құру мен
реформалау кезеңдерінде күрделі әлеуметтік проблемаларды шешу үшін лайықты,
қолынан іс келетін, батыл, қайратты тұлғаларды тауып, тәрбиелеу, сөйтіп
оларды әлеуметтік қатынастардың белсенді субъектілеріне айналдыру күрделі
де маңызды өмірлік мәселе. Тұлгалардың әлеуметгік міндеттерді орындау
жүмыстары олардың өздерінің жоғары сапалары мен іскерлік қасиеттерін
жетілдіруі тиіс.
Тұлғаның қызмет процесіндегі біте қайнасатын көп жақты және нақтылы
әлеуметтік байланыстарында ол объект ретінде де көрінеді. Мұндай қатынастар
процесінде тұлға өзін қоршаған әлеуметтік ортаның әрқилы ықпал-әсерлеріне
өзінше назар аударып, өзін әр түрлі тәсілдермен көрсетеді. Тұлғаның әр
түрлі көріністері өзара бір-бірімен байланысты және өзара бірімен-бірі
себептестілік жағдайда болады.
Және бұл жерде еңбек қызметі негізгі, анықтаушы қызмет болып табылады
да, ал үлгі-өнегелік, әсемдік, саяси сапалар туындылар болып есептеледі.
Тұлғаның барлық керіністерінің жиынтығы мен бірлігі, олардың өзара
бір -бірімен байланысы оның әлеуметтік құрылымын құрайды. Тұлғаның
әлеуметтік құрылымының негізін қоғамдық, әлеуметтік қатынастар
қалыптастырады. Мұндағы өзгерістер түлғаның да әлеуметтік құрылымында
өзгерістер туғызады. Бүл жерде объект ретіндегі жекелеген тұлғаның
әлеуметтік бейнесіне өндірістік қатынастармен қатар басқа да қоғамдық
қатынастар ықпал етеді. Ал бұл қатынастардың жиынтығы тұлғаның әлеуметтік
қүрылымы қалыптасуының қажетті жалпы шарты болып табылады. Тұлғаның өзіндік
өзгешелігіне басқа жағдайлар да, атап айтқанда, нақты әлеуметтік айналадағы
орта да (отбасы, ұжым, т.б.) белгілі ықпалын тигізеді. Алайда, тұлғанын
әлеуметтік қатынастардағы объект ретіндегі өзіндік өзгешелігі онын өзі
қоғамық байланыстардың кең ауқымына енген сайын анығырақ көрінеді. Себебі
тұлғаның өзі туралы түсініктің шығу кезі ол — оның төңірегіндегі және ол
үшін мәні бар адамдар болып табылады. Әр адамның іс-әрекеттері жөніндегі
басқа адамдардың пікірлері, бағалары бойынша сол адамның қандай адам
екендігі туралы түсініктер жасалады. Әр адамды оның төңірегіндегі адамдар
қандай деп есептесе, сондай түсінік сана-сезімнің мазмұнына ықпал жасайды.
Бұл — өр адамды, индивидті ортақ белгілерге бөлу нәтижесі болып табылады.
Өзі туралы басқа адамдардың пікіріне тұлғаның қарсы өз пікірі елеулі түрде
оның әлеуметтік мінез-қүлық қалпын, бейнесін қалыптастырады. Тұлғаға ықпал
жасау, біріншіден, әлеуметтік үйым қабілетінің және, екінші жағынан,
түлғаның басқа адамдардың ықпалына берілу қабілетінің қалыптасуына,
индивидтің қайткенде де әлеуметтік ұйымның элементіне айналуына, қоғам
ішіне қалай енуіне байланысты болады. Әлеуметтануда әлеуметтік
қатынастардың объектісі ретіндегі тұлға өзара байланысты екі процестің
бірлігінде қаралады. Олардың бірін социализация (әлеуметтендіру), ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық іс-әрекет ұғымы және оның құрылымы
Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі оның кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты ретінде
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы – педаогикалық білімдер саласы және жалпы мәселелері
Педагогтың құзырлылығының компоненттері жалпы педагогикалық дағдылар
Эмпирикалық зерттеу әдістері, педагогика ғылымындағы рөлі
Педагогикалық диагностиканың ғылыми-теориялық негізі
Отбасындағы қарым-қатынас психологиясы
Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқарудың әдіснамалық тұғырлары
Билiктi немесе қызмет өкiлеттi асыра пайдалану
Проективті әдістердің қолданылуы
Пәндер