Интернет бизнес алаңы ретінде


Қызылорда қаласы химия - биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

Описание: C:\Users\gmakh_000\Desktop\Лого+рус_.jpg

Сыныбы : 11 С

Тақырыбы : Интернет бизнес алаңы ретінде,, ,

Аты - жөні : Тоқтарбай Нұртуған

Жаһандық перспектива және жобалау жұмысы

2015

Интернет бизнес алаңы ретінде,, ,

Интернет дамығаннан бері біздің өміріміз түбегейлі өзгерді. Халық интернеттің қалай жұмыс жасайтынын, тіпті 5 жасар баладан еңкейген қарияға дейін интернетті өз мүддесі үшін қалай пайдаға асыруға болатынын бес саусағындай біледі. Интернеттің пайда болып, халыққа кең таралуы, көптеген өзіндік маңызды немесе пайдалы мен ең басты зияны-- денсаулыққа әсер ететінін зиянды жақтары белгілі болды. Әр адам интернетті өз мақсатын жүзеге асыру мақсатында көптеген мүмкіншіліктерді пайдаға аыра отырып, әртүрлі қызметтерін пайдаланады. Интернет өзгелер үшін жай ғана уақыт өткізу болса, басқаларға өз бизнесін құруға немесе қажетті мәліметтерді іздеу үшін арналған. Егер маған өзгелер интернет пайдалы не пайдасыз ба деген сұрақ қоятын болса, мен ойланбастан пайдалы деп жауап берер едім. Неге десеңіз, интернеттің пайдалы тұстары зиянды тұсына қарағанда көп. Интернеттің пайдалы жақтары келесідей келеді. Олар:

1. қажетті материалды оңай табуға

2. достарыңмен оңай хат алысуға

3. бизнеспен айналысуға

4. суреттер мен видео немесе аудиоматериалдар жүктеп алуға

5. онлайн дүкен және т, б

Осылардың ішінен қазіргі заман үшін ең пайдалысы интернет арқылы ақша табу болып табылады. Бұл оңай пайда табу көзі және уақытты үнемдеуге, бірмезетте, үйден шықпай -ақ компютер алдында отырып ақша мәселесін шешуге болады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Халықтың көп бөлігі, сәйкесінше, офистік жұмыстарда немесе құрылыста, қаражұмыстарды істеумен өздерінің 24 сағаттарының кемінде 7-10 сағатын тынымсыз еңбек етумен өткізеді. Бірақ, өзгелер өз үйлерінде-ақ жайлы ақша табу мәселесін шешіп та қойған. Ал жұмыс таппағандар үшін бұл уақытша болса да тұрмысына қажетті аз мөлшердегі қаражат болары сөзсіз. Десе де, азда болса ақша жасау мақсатында таптырмас амал екені айдан анық және көпшілігі солай жасайды да. Қазіргі таңда әлем елдері ішінара дағдарысты басынан кешіріп жатыр. Соның салдарынан елде жұммысдық белең алады. Ақша табушылар өз уақыттарын текке өткізбей, қаражат іздейді және осы жұммыссыздық белең алған сәтте олар қиналмайды, себебі Интернет арқылы ақша табады. Осы, интернет оңай ақша жасау алаңы, деген тақырыбына сай келесідегідей аргументтер келтіре отырып, жағымда жақтарын дәлелдеймін.

Мәліметтерді іздеген үшін ақша алу

Бұл ешқандай да күш түсірмей, шығынсыз ақша табудағы оңай жол болып есептеледі. Бұл жаңашыл идеяда сенің Google, Yahoo арқылы ізденіс үшін Qmee. com сайты арқылы марапатталуға болады. Оңайлығы соншалық, сіз тек қана сайтқа тіркелесіз және сіз сайттың жиі тұтынушысы атанғандықтан сізді ақшалай марапаттайтын болады. Qmee. com арқылы ізденіс жасайтын болсаңыз сіздің марапатталу ақшаңыз жинала береді. Интернеттің бизнес алаңы екені мына мысал-фактмен көрсетілген. Атырау қаласында тұратын жай ғана такси жүргізушісі 925000 теңге тапқан . Есет Абитов атты жігіт күн сайын 48100тенге тауып отқан. Ол тек қана сайтта тіркелу парақшасын толтырғаннан кейін, пайда таба бастаған.

Сонымен, өз бизнесіңді бастау үшін жеке сайт құрған дұрыс. Қазіргі таңда сайт ашу үшін ешқандай да программист мамандарға жалынудың қажеті жоқ . Себебі, қазір барлық адам компьютерді бес саусағындай біледі, әрқайсысы өз сайтын оңай аша алады. Ал компаниялар үшін интернет магазин өте қолайлы келеді. Бұрыңғы жылдар үшін интернет арман болса және ол кезеңдер үшін жарнаманы теледидар немесе газет, журналдарда жариялайтын болған, ал қазіргі таңда бұл ақылға қонымсыз оңай жұмыс . Өйткені интернеттегі жылдамдық оларға қарағанда тиімді келетіні айтпаса да түсінікті . Тағысы, тағы интернетте кез келген компания арқылы, мысалға, туристік компанияларды алатын болсам. Олардың жекелей сайты бар және сайт арқылы онлайн қызметтерін пайдалануға, нақтырақ айтсам, қонақүйлерінің бағасын біліп немесе онлайн әуе және поезд байланыстарына билетке тапсырыс беруге болады. Сонымен қоса алдын - ала уақытын білуге болады. Бұл жерде сайт тұтынушының мәліметтері туралы шолып өткені үшін пайда таба алатын болады .

Интернетті ашып қалса көзге сап түсетін жарнаманыңда әр түрі болады екен.

Баннерлі жарнамалар түрлі көзді еліктіретіндей сурет пен видеолардан тұрады және кейбір кездерде интернетті шарлау кезінде өзге сайттарға кіріп кететін жағдайлар да болатыны анық . Міне, бұл дегеніміз жарнамалаушылар өнімдерін жариялап сол сайттармен келісімге отырады. Ал бұл жарнама түрінен аз, көп немесе өте көп қаражат табуға болады. Оның барлығы сайттың атақты болуымен және тұтынушылардың санына қарайды. Бұл жағдайда ай сайын 500 қолданушыдан 50, ал 5000 қолданушыдан 500-700 доллар табуға болады. Ал қолданушыларды қалай өз сайтыңның тұрақты оқырманы жасауға болады деген сұрақ туындаған жағдайда оны оңай не қиын жұмыс деп айтуға келмейді. Бұл сенің қаншалықты еңбектенуіне байланысты. Өзіңнің көздеген мақсатына жетуін үшін сайтты тек қана көз қызықтыратындай безендіріп қана қоймай, сайтты керекті және пайдалы мағлұматтармен толықтыру керек. Ол үшін іздеу кезінде сіздің сайтыңызға тікелей кіріп кетіндей жолды қарастырған жөн. http://for-business. kz/idei-dlya-biznesa/biznes-v-internete. html

Заманауи бизнес орталығы - Интернет. Онлайн маркетинг бұл үлкен ақша табудың тың категориясы . Бұған жататындары іздеу маркетингтері (SEM) және (SEO), почталы маркетинг, тұрғылықты интернет жарнама, онлайн видео- маркетинг, қабырға жарнамасы, әлеуметтік желілер арқылы және өзге онлайн қызмет көрсетулер . Бәрімізге белгілі тұтынушының көп болуы бизнесті жоғарылатады . 2014 жылы әлемдік интернет жарнамадан түскен кіріс 133 миллиардты құраған. www. svoysite. info

Интернетте жұмысқа қатысты проблемалар бар және олар өздерінң продуктыларын жарнамалайды. Оған мысал-онлайн маркетинг. Олар интернетте бизнес жасайды. Қазақстанда кейбір үлкен маркетинг орталықтарының жұмысы онлайн интернет саудамен байланысты. Үлкен маркетинг орталығының бірі- “Sulpak”. Бұл компания 1992 жылы Алматыда құрылған болатын. Қазіргі таңда өз өнімдерін саудаға шығаруда, онлайн сайттар арқылы жарнамалайды және жарнаманы әлеуметтік желілер арқылы көптеп таратады. Сонымен қоса компания өнімдері қазіргі таңда сапалы, соған орай өтімді келеді. Оған себеп компанияның жарнамалау агенттіктерінің жұмысының жоғарға деңгейлі жасалып жатқанын көрсетеді. Мысалы 2009 жылы компания өз өнімдеріне интернет арқылы тапсырыс бергендердің саны 193, 636 ны құрапты. Сонымен қоса компания 1191150065 теңгені құрайтын қаражат тапқан. http://forbes. kz/leader/reyting_internet-kompaniy_kazahstana

Мысалы, сізде керек емес заттар болса, бірақ оны басқалар керек қылуы мүмкін. Осындай жағдайда сіз өз тауарыңызды Ebay немесе басқа да онлайн саудаласу сайттарын арқылы сатуға болады. Айта кететін болсам, осындай жолмен 2014 жылы ақша айналымы 16 миллиардты құраған. Күн сайын 19000 келісім орнайды. www. expandedramblings. com

Интернетте ақша табуға кіріспес бұрын сен оның саған қаншалықты пайда көзін беретінін ойлана отырып, жұмыс жасу керек. Көпшілігі өздерінің сайттарын құрумен шеттетілмей, оған пайда табатындай ақылы мәліметтерді орналастырады. Әр адам өзінің қабілетіне сүйене отырып, сол бағытта ақша табатын жол іздейді. Мысалы, сіз шебер касметолог, стилист, ювелир, электрик, музыкант және тағы да басқа қызмет көрсетушілер интернетте өздерінің видео, фото түсірілімдерін жариялап, тек оларды тіркелген қолданушылар немесе тек белгілі бағаға сай ақылы пайдалана алатындай жағдай жасайды. Осындай жолдардың арқасында тек күнделікті жұмыстардан бөлек қосымша табыс табады және өзінің брендті өнімін құра алады. Сонымен қоса сіздің тауарыңыз, жобаңыз немесе басқа қызметтеріңіз барлық адамға қызықты бола бермейді ғой. Сондықтан қызметіңіздің белгілі бір қызығатын аудиториясы болуы шарт. Жарнамаңыз немесе мәліметіңіз өзгелерден ерекшеленіп тұратындай түрге ие болуы керек . Қазіргі интернеттегі жарнамалар түрлі бағытта, туристік, білім алу тағы басқа әр түрлі салада жарнамаланады. Сонымен қоса жарнама орталықтары атақты адамдарды түсіреді және соған сай халықтың қызығушылығы артыды, тауар өтімді келеді, компания немесе фирма үлкен қаржыға ие болады. Интернет магазиндер арқылы мысалға алатын болсам, rio. kz немесе OLX. ru сайттары арқылы әр адам өзінің сататын немесе қажетті заттарын іздей алады және ұсынушымен байланысқа түсе алады. Міне, соңында, интернеттің пайдалы жақтары арқасында адам немесе компания өз қызметін ұсына алады және интернет жарнамалау арқасында өздеріне әр түрлі көлемде пайда таба алатынын айтуға болады.

Келесі жол, атақты сайттардың бірі ютуб арқылы. Сайтқа барлығын қызықтыратын видео жүктеп, тамашалаушыларды ақылы қызмет арқылы тамашалатуға болады. Ал бұл жолдың тиімділігі www. svoysite. info сайтында келтірілгендей ютубта күн сайын 1 миллиард тұтынушылар қолданады деген статистикаға сәйкес, ютубта бірталай ақша өндіріп алуға болады.

Адамдар виртуальды ойындарды ойнау зиянды деп ойлайды, десе де олардың да пайдалы жақтары бар. Оған дәлел виртуалды ойындар арқылы да ақша табуға болады екен. Мысалы ойындарда онлайн тігіс тігіп, көптеген қаражат табуға болады . Қазіргі таңда, әсіресе жастар арнайы сайттар арқылы спорттық ойындарда өздерінің бағын сынап, аз ғана мөлшерде ақша тігіп, көп мөлшерде қайтарып алуға болады .

Ал ең күрделі және тәуекелдікті талап ететін ақшаны молынан табу жолы ол қор биржасы. Тек бұл мемлекеттер немесе ірі компаниялар арасында орын алатын интернет сауда биржасы. Мемлекет бұл саудада өзге елдермен қымбат металлдар мен энергоресурстар және мұнай- газ сатады немесе алмастырады немесе оларды онлайн түрде компаниялар арасында аукциондар мен акциялар ұйымдастырып, тендерлер ұйымдастырады. Fxclub. org сайты арқылы барлық ақшалай көмек алуға болады. Webmoney and kiwi кошолекті интернет депозиттер арқылы толтыруға болады . Сонымен қоса ұялы телефонға төлемдер қабылдауға болады. Түрлі аукциондарға қатысып немесе арнайы жобаларда бағыңды сынап, түрлі ақшалай сыйақылар ұтып алуға болады. Бұл әдіспен ақша табуды уйреніп алсаңыз, онда сізге өмір бойы жұмыс істемеуге болады. Өте көп ақша табуға негізделген.

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайда табуды жоспарлау кезінде шығыстар мен табыстарды есептеп алған жөн. Бұл жерде шығыс сайтты құруға немесе жарнама үшін есептелсе, табысты қаражат осыдан кейін орындалатын қызметтерден келетінін ұмытпаған жөн. Десе де, бұл ақша табу түрі сіз үшін алғашқы болса, онда бір шектеулі жерден тоқтаған жөн. Одан әрі ақшаға қызығып, түрлі жағдайларға соқтығысу әбден мүмкін. Кез келген жоба бұл тәуекелге бел байлап жасалынатын дүниелер. Мысалға, ақылы бағдарламаңызды немесе материалыңызды бір жеке сайттарға сеніп, жарнамалап беруін сұрап, алданып қалуыңыз әбден мүмкін. Сол себепті, бірінші өзіндік сайт ашуыңыз керек деген тұжырымды қолдауға болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық сауда – саттық жүргізуді ұйымдастыру технологиясы
Коворкинг орталығы демалыс пен шығармашылық жұмыс жасау кеңістігі
Түркия елінің беделді қонақ үйлерінің тур пакеттері
Интернет арқылы жарнама
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КІТАП НАРЫҒЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ
Internet желісіне шығу
Ауыл шаруашылығын цифрландыру терминдері
Ютем туристік фирмасы
Интернет желісіне қосылуды ұйымдастыру, және оны Қазақстанда дамыту
ҚР жекешелендіру кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz