Ғаламторға тәуелділік- ғаламдық дерттің бастауы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ғаламторға тәуелділік- ғаламдық дерттің бастауы

Адам өркениеті көптеген өзгерістерді басынан өткеріп, дамудың түрлі кезеңдерінен өтті. Осыған қарамастан адам қоғамының барлық уақыттарында қарым-қатынас және тілдесу басты құндылық болып саналған. Бірақ, адамдар арасындағы қарым-қатынас ешқашан ХХІ ғасырдағыдай ғаламдық болған емес, бұл ақпараттық технологиялар дәуірімен байланысты. Бүкіләлемдік тордың пайда болысымен санаулы секундтар арасында түрлі бағыттар бойынша орасан зор көлемде ақпарат алу немесе шектеусіз көлемде достар табу мүмкін болды. Жаһандық желі ойлап тапқаннан бері күн сайын көптеген адамдар танысып, достық қарым-қатынас орнатуда, жаңа байланыстар құрылып, махаббат өмірге келуде.

Интернеттің пайда болуына дейін мыңдаған шақырым алыстықта орналасқан адамдар арасында танысу мен тілдесу әлдеқайда қиын болған. Бірақ, қазіргі таңда Интернеттің көптеген мүмкіндіктерін пайдалана отырып, онлайн режимінде қалағаныңша араласуға болады.

Желіде танысу мен арласу заманауи қоғамның ажырамас бөлігі, сол арқылы әлемнің әр түкпіріндегі түрлі мәдениет өкілдері жақындасады. Дегенмен, өкінішке орай көптеген заманауи адамдар ақпараттық технологияларды орнымен пайдаланудың шегі таусылып, шамадан тыс әуесқойлықтың басталуын түсіне қоймайды. Осыған байланысты, жасөспірімдер мен жастар арасында интернетке тәуелді буын саны өсуде, олар виртуалдық қарым-қатынастың құрбанына айналған, сол себептен шынайы өмір өте ауыр көрінеді. Түрлі зерттеулер мәліметтеріне байланысты әлем бойынша интернет пайдаланушыларының 10 пайызы тәуелділікке ұшыраған.

Интернет-тәуелділікпен алғашқы болып өз қызметінде Интернетті пайдаланып, қызметкерлерінде он-лайнда отырудан патологиялық құмарлық пайда болу салдарынан шығынға ұшырайтын компаниялар, сондай-ақ дәрігер психотерапевттер кездесті. Интернет-тәуелділік феноменін психологиялық зерттеудің негізін қалаушы екі американдық: клиникалық психолог Кимберли Янг және психиатр И. Гольдберг. 1994 жылы Кимберли Янг есімді психиатр өзінің жеке сайтында интернет тәуелділікті анықтау мақсатында тест-сауалнама жүргізеді. Сауалнамаға 500 адам тартылып, 400-ден аса адам интернетке тәуелді болып шыққан. Зерттеу нәтижесі интернет-тәуелділік белгілері құмар ойындарына салынумен ұқсас келетінін дәлелдеді. Өткен ғасырдың 90-шы жылдардың ортасында тәуелділік құбылысын анықтау үшін И. Гольдерг (1996) «Интернет-аддикция» терминін және тәуелділікті анықтауға көмектесетін диагностикалық критерийлер жиынтығын ұсынды. Өзі ашқан ауытқудың бұл түрін Голдберг былай тұжырымдайды: «Шектен тыс интернетті пайдалану негативті стресстік күйге шалдықтырады; шамадан тыс интернетті пайдалану физикалық, психологиялық, экономикалық және әлеуметтік статусқа зиян келтіреді. » «Егер сізге компютеріңізден ажырау қиынға соқса, егер компютерлік ойындар сізге демалу мен тамақтануды ұмыттырса, егер сіз бір минутқа «чаттан» шыға алмай, интернетте хат алмасуды өз бетіңізбен тоқтату мүмкін болмаса, міндетті түрде психиатр маманның көмегіне жүгінген жөн. » Америкалық психолог Джеральд Блоктың бұл тұжырымына сүйенсек, интернетке шектен тыс әуестікті сөзсіз психикалық ауытқулар қатарына жатқызуға болады. Бүгінгі таңда бұл мәселені зерттеумен айналысатын психологтар саны лезде өсті, оған себеп - тәуелділер санының өсуі. Кейбір елдерде нақты мәселе бойынша мамандандырылған кеңестік-диагностикалық қызметтер, клиникалар мен емханалар жұмыс істейді. Бірқатар елдер интернетке тәуелділікке байланысты нақты реформалар өткізеді, мысалы Финляндияда тәуелділікке шалдыққан бозбалаларды әскерден қалдырады.

Интернетке тәуелділік- бұл психикалық бұзылуларға әкеп соқтырады. ”Киберкеңістік - адам санасының өзгеруіне себеп болатын факторлардың бірі. Жалпы бұл киберкеңістікте болып жатқан өзгерістердің барлығы дерлік шындыққа жанасады, тіпті асыра шынайылылық көрсетеді. ” Деп Дж. Сулер өз пікірін айтқан. Нақтылай айтқан да, адамды қазіргі қиындыққа толы өмірі қанағаттандырмайды, осыдан соң адам виртуальді өмірді таңдап, сонда өмір сүре бастайды. Сарапшылардың айтуынша, интернет тәуелділікпен қолданушылардың 5-10 пайызы зардап шегеді, және олар 18 сағаттан аса уақытын ғаламторда жоғалды. Интернеттен бас тарту оларды мазасыздыққа, стресске ұшыратады. Яғни, “офф-лайн” қалпында отырып, асқан құштарлықпен интернетке кіруге асығу және “онлайн” қалпында отырып интернеттен бас тарта алмау. ”Plos One” журналында жарияланған жаңа зерттеулерге сәйкес интернетке тәуелділік депрессияға, апатияға ұщыратады. Бұл зерттеуге интернетті үнемі пайдаланатын 60 ересек адам қатысты. Мамандар кейбір адамдардан көңіл-күй бұзылыстарын және нашақорларға тән абстинентті синдромдары болатынын тапты. Бұл волонтерларға, зерттеушілер мазасыздану мөлшерін, депрессияны және көңіл-күйге байланысты түрлі тесттен өтуін талап етті. Бұл тест арқылы мамандар адамдардың интернетке тәуелдену деңгейін анықтап алды. Анықтау барысында, интернетті белсенді тұтынушыларда компьютерді сөндіргенде негативті эмоция деңгейі жоғары болатынын айтті. Зерттеу соңында мамандар интернет тәуелділікті адам өміріне қауіпті деп тауып, бұл тәуелділікті жаңа психопатологиялық ауру ретінде қарастыратынын көрсетті. Көрші Қытайда интернент қолданушы 13, 7% жеткіншектерді интернетке тәуелділер қатарына жатқызуға болады. Яғни, бұл 10 миллион жеткіншек ғаламтор тұтқыны деген сөз. Бүкіл әлем бойынша интернет тәуелділіктен емдейтін арнайы мамандандырылған клиникалар ашылуда. Қытайда интернет-тәуелділіктен жеткіншектерді электро шок қолданып емдейтін клиника бар екен. Өз балаларын осындай сорақы емдеу түріне апарған ата-аналар еш қымсымбайды. Элетрошокпен ем қабылдаған балалардың жандары қиналғаны соншалық, интернет деген сөзді ауызына да алмайтындай болып шығатын көрінеді.

Ғаламторға тәуелділік тек психологиялық деңгейде ғана емес, сонымен қатар физикалық деңгейде де өзіндік әсерін тигізеді. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының дәлелдеуінше, бүкіләлемдік ғаламтор желісі жеткіншектерге физикалық жағынан айрықша зиянды. Бәрімізге белгілі, монотонды іс, әр - түрлі қиын іс жасағанмен салыстырғанда әлдеқайда тезірек шаршатады. Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды. Сондай-ақ, компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді. Және де жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады. Басқа іспен айналысудың орнына интернетке тәуелді адам, күн сайын ғаламтор желісінде отырады. Әлеуметтік желілерде үнемі отыру ми қызметіне де кері әсер етеді, гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлатады, мұның бәрі адамның жүйкесі мен ой-санасына белгілі бір мөлшерде ауыртпалық түсіреді. Өздеріңізге белгілі, жүйкеге салмақ түсуі дегеніңіз - ойлау қабілетінің төмендеуі, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемуі, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуына апарып соқтырады. Осылайша бірте-бірте адам организмі қорғаныссыз күйге ұшырайды және адам ағзасы қалыпты жұмыс істемейді. Созылмалы шаршау одан әрі үдеп, асқазан жарасы, гипертония және қант диабеті секілді қауіпті ауруларға шалдықтырады. Интернет-тәуелділікке байланысты жантүршігерлік оқиғалар Оңтүстік Корея тіркелген. Бұл елде ұзақ уақыт бойы интернет-кафелерде отыру салдарынан он адам көз жұмған, ал бір адамды онлайн ойын үшін өлтірген. Сувенон қаласында интернетке тәуелді ата-ана интернет ойынға құмартқаны соншалық бес айлық кішкентай сәбиін тамақтандыруды ұмытып, ақырында қараусыз қалған кішкентай нәрестесі өліп қалады. Ал интернеттен күштеп ажыратқан шешесін ашуланған жас өспірім өлтіріп, аяғында өзіне қол жұмсап тыныпты. Қазіргі күні Оңтүстік Корея мемлекетінде «интернет тәуелділік» қоғам денсаулығына аса зиянды қауіптердің бірі саналады. Осы мемлкетте шамамен 210 мың балалар интернет тәуелділік ауруына шалдыққан және медициналық көмекті қажет етеді. Психологиялық аутқудың осы түріне шалдыққан балалардың 80%-ына мидың жұмысын жақсартатын дәрілерді пайдаланып, арнайы ауруханаларда ем қабылдау керек

Психологиялық және физикалық зияндарынан бөлек, ғаламторға тәуелділік адамдардың шынайы өмірде қарым-қатынас жасауына өзіндік кері әсерін тигізеді. Осылайша қоғамға қарсы мінез-құлық сипаттамалары көріне бастайды. Қазіргі таңда әрбір екінші еуропалық электронды пошта арқылы танысып, кездесу ұйымдастырады. Ал интернетті қолданатын Еуропаның жартысы маңызды кештер, іс-шараларға шақыртуды электронды пошта арқылы алатынын айтты. Яғни, бұл жерден біз адамдардың қарым-қатынасының зардап шеккенін байқаймыз. Сарапшылардың зерттеуі бойынша интернетке тәуелділік сонымен қатар отбасылық қарым қатынастардың да бұзылуына әкеп соқтырады. Себебі, интернетке тәуелді адамда ғаламтор желісінде жаңа “online” танысулары көп болады. Қазір АҚШта “компьютерлік жесір әйел” проблемасы шешпроблемасы шешімін таппауда. Яғни, интернетке байланған еркектердің әйелдері “cyberwidow”-ға айналуда. Күйеуі компьютерімен бір бөлмеде, әйелі баламен бір бөлмеде қалады, отбасы екіге бөлінеді. Күйеуі күні-түні ғаламтордан шықпайды, үй шаруасына көмектеспейді. Осылайша отбасында араздық пайда болып, ажырасуға дейін барады.

Ғаламторға байлану нәтижесінде әлеуметтік мәртебесін жоғалтады. Интернетке тәуелділіктің алғашқы сатыларында жауапкершілік сезімі, ар-ұяты мазалайды. Бірте-бірте тәуелділігі артып, оған қарсы тұруға қауқарсыз болып қалады. Жұмысында берілген тапсырманы орындау үшін адам интернетте ойын ойнап отырады. Тұтынушыларға электрондық пошта арқылы оншақты хаттар жіберудің орнына әлеуметтік желілер де отырады. Интернетке тәуелділік жоғарылаған сайын, істелмеген жұмыстар саны көбейе бастайды. Осылайша ол адамның жұмыссыз қалуы ғажап емес. Адам жұмыстан босатылған соң, оның қаржылық тұрақтылығы жоғалады. Ақша жетіспеу барысында, қарыздарға батады. Яғни, адамның әлеуметтік статусы төмендейді.

Бұл мәселені шешу жөнінде әр мемлекетте әр-түрлі іс-шаралар жүргізілуде. Мысалы: Қытайда интернетке тәуелділікпен күрес жөніндегі ұлттық бағдарлама аясында арнайы емханалар ашылып жатыр. Қытай - интернетке тәуелділікті мемлекеттік деңгейде жүргізіп отырған алғашқы ел емес. Соңғы айларда Оңтүстік Корея, Тайланд пен Вьетнам елдері тинейджерлердің «виртуалды әлемді» шектен тыс пайдаланбаулары үшін бірқатар шаралар жасап жатыр. Бұл шаралар аясында балаларға интернет-клубтарға баруға шектеу қойылған және әрбір бес сағат сайын автоматты түрде онлайн ойындарының байланыс сеансы тоқтатылатын «Ата-ананың бақылауы» жүйесі енгізілген. Ал өз елімізде осы мәселені шешу барысында қа­зақ­стандық режиссер Рубен Казарян «Ин­тернеттегі балалар» атты қысқа­мет­ражды көркем фильм түсірді. 20 минутты қамтитын туындыда ға­ламтордың балаларға кері әсері жөнін­де айтылады. Фильмнің желісі бо­йынша, мектеп оқушысына ата-ана­сы компьютер сыйға тартады. Баласы ата-анасына «ғаламторға қостырып беріңізші» де­п өтініш жасайды, ата-анасы баласының көңілін қалдырмай ғаламтор желісін де қостырады. Бірақ күні-түні монитордан бас алмайтын баланың мінез-құлқының, өмірге көзқа­расыныңт өзгергенін, ашуланшақ болып бара жатқанын ата-анасы байқайды. «М-агент» арқылы педофилмен танысқан бала жауыздың арбауына түседі. Бірақ ата-ана дер кезінде баласына қауіп төнгенін аңғара­­­ды. Шыны керек, кейде ата-аналар ға­ламтордың баланың өміріне қан­ша­лықты әсер ететінiне, онлайн-оз­­быр­лықтың басым екеніне зер сал­майды. Тіпті кейбір ата-аналарға бұл елеуге тұр­майтын ұсақ-түйек мәселе ғана. «Бала түгілі, ересек адамдар ғаламторға тә­уелділіктің бар екенін білсе де, одан көз алмайды. Ал балалардың психикасы бәрін сол қалпында қабылдайты­ны белгілі. Теріс ақпарат әп-сәтте бала­ның миын жаулауда. Біз осы қауіп жөнін­де айтқымыз келді» дейді фильм режис­­сері Рубен Казарян. Режиссердің ай­туын­­ша, елімізде интернеттің адам ба­ласына төндірер қаупі туралы арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілмейді. Израильдегі Тель-Авив университеті медицина факультетінің психиаторы Пинас Даннонның айтуынша ғаламтор пайдаланушыларының 10 % -ына нақты «интернет тәуелділер» деп медициналық диагноз қоюға болатынын зерттеу жұмыстарында дәлелдеп берді. Психологтар мен ғалымдар интернетке тәуелділер адамдарды, дәстүрлі психологиялық ауытқуларды қалай топтап зерттесе, дәл солай интернетке байланған адамдарды да бөліп қарағанды жөн санайды. Сонымен қоса бұл мәселеге үстіртін қарағанды доғару керек, әсіресе жасөсірімдер мен балалардың құмартуына жол бермеу қазіргі шешімін таппаған басты мәселелердің бірі болып табылады.
Ел боламыз десек бесігімізді түзеген абзал! Қауіпті «дерттен» сақтанған жөн. Сананың саулығы - тәннің де саулығы!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғаламторға тәуелділік мәселесінің тарихы
Әлеуметтік желі дерт пе әлде қажеттілік пе?
Интернет тәуелділіктен арылу жолдары
Девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының әсерін теориялық тұрғыда негіздеп, оның түзету жолдарын ұсыну
Ғаламтор желісінің пайдасы мен зияны
Қәзіргі әлемдегі әлеуметтік желілердің рөлі және олардың адамдар арасындағы өзара әрекеттесу механизміне әсері
Компьютермен жұмыс істегендегі қауіпсіздік. ұялы телефон қауіпсіздігі
Жасөспірімдер және әлеуметтік желі
Баланы тәрбиелеу әрі қорғау ата - ананың басты парызы
Аддиктивтіліктің түрлеріне психологиялық талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz