Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

І. Кіріспе:

1. Қолөнер туралы

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Қазақ халқының қолөнеріне сипаттама.

1. 1. Тас және қола дәуір өнері, сақ, ғұн, өнерлері.

1. 2. Қазақ халқының қлдөнер түрлері

1. 3. Халқымыздың ағаш өңдеу өнері мен ағаш бұйымдарын жасау тәсілдері

2. Ағаштан оймыштау техникасында бесіктің жасалу барысы .

2. 1. Мектеп үйірмесінде қолөнерін үйрету

ІІІ. Қорытынды.

Кіріспе

Табиғатпен жақсы араласып, бар сұлулығын бойына сіңірген далалықтардың қолданбалы өнері де жақсы дамыған.

Халық шеберлерінің қолынан жасалған кез- келген бұйымның философиялық ойға құрылған мәні болған. Әрбір дүние халқымыздың ой- арманын белгі ретінде жұмбақтап отырған. Олардағы оюларды геометриялық мәнге бөліп сөйлете білген. Шеберлердің қолынан шыққан заттар алып жүруге және қолдануға өте ыңғайлы болған.

Оның көркемдігіне аса мән берген жәдігерлердің жасалу тәсілі еш халықта кездеспейтін ерекше өнер үрдісі болған. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчествалық өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар.

Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй- жай салуды, киім-кешек тігуді, азық - түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе- күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән- салтанатта құра білді. Бұдан біз халық творчествасының қандай түрі болса да, халық өмірімен сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн көрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.

Халықтың қолзнеріне әдеп- ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал - жабдықтарда кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, жіп есіп және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп өрім өріп қолдан әр алуан ыдыс- аяқ, асадал, бесік және т. б көптеген заттарды халық шеберлері өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштарымен әшекейлейтін болды.

Қолөнерінде көңілге қонымда мәнерлер мен ондаған қолданылған әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді. Ертеден біздің заманымызға дейін сақталған мазарлар мен ескерткіштердегі, діни әр - түрлі құрылыстардың, қабырғалары мен мұнараларындағы сәнді ою- өрнектер, ағаштан қиюлап, тастан қашалып жасалған діңгектер - халық қолөнерінің тамаша туындылары.

Саз балшықтарды күйдіріп, ағашты майлап кептіру, шоқпаққа қу жасап, оны тұтанғыш ету, бейіт, қорған, мешіт және т. с. с салуда қолданылған балшықты қыл, жүн, шөп- шалам араластырып илеу тәсілдері де ертеден - ақ халықтың іздену талабынан, қоғам дамуы процесінен туған айла- тәсілдер. Батырлық пен саятшылыққа қажетті садақ пен жебе, айбалта мен шоқпар, сойыл мен босмойын, аңшыларға қажетті құстың тұғыры мен томағасы, балдағы мен аяқ бауы сияқты көптеген жабдықтар да қазақ халқының тұрмыс салтына, кәсібіне байланысты туғандағы сөзсіз.

Мал шаруашылығына қажетті желі шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғалық, тұсамыс, өре, шілдер, кесен, қада, ер- тұрмандарды да халық даналығы ойлап тапты. Зергерлік, кеспешілік және оюшылық өнерді дамыты. Халық өнерпаздары құмнан, тастан, саздан құмыра, ыдыс- аяқтар : мүйізден, сүйектен, мал мен аң терілерінен әшекейленген нақышты мүліктер, домбыра, қобыз сияқты музика аспаптарын жасады.

Халықтың қолөнеріндегі мүліктердің бір тобы үй іші жабдықтары болса, екінші тобы- қайыс өру, қару - жарақ, көшіп- қону жабдықтары еді.

Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ию, мүйіз балқыту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппен де шұғылданады. Сондықтан қолөнер «Еркектерге тән іс», «әйелдерге тән іс » деп екіге бөлініп келеді. Мысалы: тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, металл мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты еркектер атқарады. Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши өру, сырмақ сыру, оюлау, шілтер шалу, тері киім тігу сияқты нәзік жұмысты әйелдер атқарады.

Тері илеу, киіз басу, ши тарту жұмыстарын еркектер мен әйелдер бірлесіп істеді. Бірақ еркектер киім пішу, үлгі жасау, арқан тарту жұмыстарының да шет қалған емес.

ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу киіз басу кең өріс алды. Бұл кезде жастарға арнап ер - тұрман мен белдік, қыз- келіншектерге арнап сәукеле, шашбау, білезік, сырға жасап оларды түрлі - түсті өрнектермен әшекейлеу өнері де өрістете түсті. Қазақ халқының «Қарыс қазы- балықта, қалың қазына - халықта» деген мақалды да осы өнер молшылығынан туған еді.

«Шебердің қолы алтын» деп дана халқымыз айтқандай, қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болған халық қолөнері бұл күнде қоғамымыздың ортақ әлеуметтік қозғалысы болып отыр. Кешегі ата- баба мұралары қазіргі кезде қолға алынып, халықпен қайта қауышып, жүректерден орын алуда.

Қазақ қолөнерінің тамаша туындыларын жасаудың қарапайым технологиясын осы күнде тұрмысқа қайта ендіріп, өсіп келе жатқан жасөспірімнің қазақ халқының қолөнеріне қызығушылығын арттырып шеберлігін дамытуды біз балабақшадағы алғашқы дайындық тобында бастауымыз керек. Балабақшадағы сурет, аппликация, мүсіндеу, түстану сабақтарында халқының ою- орнектерімен алғашқы таныстықты бастаймыз. Олар ою - өрнектің біршама жеңіл түрін меңгеріп, салыну жолдарының негізін алып шығады.

Мектеп бағдарламасы бейнелеу өнері сабағында оқушыларды бейнелеу өнерінің және сәндік қолданбалы өнердің түрлерімен таныстырады. Қазіргі кезде біздің елімізде жаппай ұлттық өнерді оқушыларға үйретуге көп көңіл бөлініп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде «Сәндік қолданбалы өнер» бағытында сабақ жүргізіліп келеді. Онда оқушыларды қазақ халқының тарихымен таныстырып, оларды өзіндік өзіндік өнеге үлгісін, бейнелеу ісін, орындаудың технологиясын, бұйымдарды көркем өңдеу тәсілдері арқылы орындау мәселелері қарастырылады. Осы мұраларды қоғамдық өмірде тиімді пайдалана білу үшін оны тереңірек оқып үйреніп толық дәрежеде игеру қажет.

Қазіргі таңда ертеден сыр шертіп келе жатқан ұлттық өнерімізді дамыту жолында құрылған арнайы мектептер бар. Онда оқушыларды ең алдымен қазақ халқының тарихымен таныстыра отырып өнердің, ондағы қолөнердің шығу, даму, жолдарымен тарихымен таныстырады. Арнайы мектептерде, сондай - ақ жалпы білім беретін мектептерде, үйірме жұмысында оқушылар бейнелеу өнерінің тілдерін жетік меңгерумен айналысады. Арнайы кластарда Қазақстанның бейнелеу өнері тарихы сабағы жүреді, онда қазақ халқының тарихы, өнері, мәдениеті оқытылады. Қазақ халқы табиғи заттарды шеберлікпен пайдалана білген, өйткені қазақ жерінде орманды жерлер аз. Соған қарамастан өзен бойларында өсетін ағаштардан киіз үй сүйектерін, тұрмыста қолданылатын заттарды аса шеберлікпен жасап, өз мұқтаждықтарына пайдалана білген. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін көптеген қазақтар қуғын - сүргінге ұшырап жер аударылып, атылды. Көнеден келе жатқан мұралар, тарихи ескерткіштер талқандалып, жоғалып кетті. 1933 жылы кеңес өкметі қазақ халқының басты байлығын малын ( түйе, жылқы, қой, ешкі) жойып, қырып, қолдан ашаршылық жасады. Соған қарамастан, қазақ халқының өнері өз ісін жоғалтпай, дамып келеді.

1991 жылы қазақ елі Тәуелсіздік алғаннан кейін тарихи мұраларды қалпына келтіріп, қайта жаңғарту қолға алына бастады. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ұйымдастыруымен дүние жүзінің қазақтарының құрылтайына шақырылды. Шет мемлекеттерде жүрген қандастарымыз жүздеп, мыңдап өз туған жер топырағына орала бастады. Міне, осы қайта оралған қандастарымыз сәндік қолданбалы өнердің ұмытылып бара жатқан түрлерін елімізге қайта алып келді. Мәселен, қамшы өру, тері өңдеу, қыз - келіншектердің жасауын жасау, кесте тігу т. б көптеген қолөнердің түрлерін қайта жаңғырта бастады. Қазақ халқының қолөнері деп - халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Осы қолданбалы өнердің түрлерін, тарихын арнайы мектептерде, жалпы білім беретін мектептерде, үйірме жұмыстарында оқытып, үйретіп қана қоймай, оқушының ой жүйесін ұштай білсе, сезім жүйелерін оятып, өнерге құштарлығын арттырса, әсемдікті сезініп, терең жетелесе ғана талап деңгейінен шықақ.

Бейнелеу өнері сәндік қолданбалы саласы- тәрбиелік өрісі өте кең пән. Ол оқушының ой - қиялынбайытып, шығармашылық қабілетін арттырады, рухани байлығын молайтады, көркемдік мәні шексіз жалпы өнерден мағұлмат беріп, интернационалдық сезімге бөлейді. Сәндік қолданбалы өнер түрлерін жас ұрпаққа оқытып, үйрете отырып оларды адамгершілікке, имандылыққа баулып, эстетикалық тәрбие береміз. Қазіргі кезде респулика мектептерінде әр түрін оқытып үйрету жақсы жолға қойылған. Оған мысал ретінде кейінгі кезде мектеп көрмелерінде көптеп кездесіп жүрген оқушылардың өз қолымен жасаған түрлі ұлттық ою өрнектер, кестелер, ыдыс - аяқтарды айтуға болады. Ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі кесте тігу өнері де қазіргі уақытта біршама қолға алынып келеді. Кесте тігу өнері Қытай мемлекетінен V-VI ғасырда бастау алған. Қазақ хақында кесте тігу өнері киімдердің әсем де көрікті болып тігілуіне, қоржын, аяққап, құрақ жастықтарды тігу барысында яғни күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдарды әсемдеу үшін пайдаланылған. Кесте тігудің бірнеше түрлері бар: жай тігістер, бархыт тігісі, біз кесте, санап кестелеу, шынжыр кесте, терме тігіс, айқас тігіс, тепшіп шалу түрі т. б «Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды» деп халқымыз айтқандай кесте өнерінің тарихы тереңде жатыр.

Халық қолөнерін сөз еткенде, біз ою- өрнектер жайында айтпай кете алмаймыз. Қазақ халқының ою- өрнектері табиғи заттардан, жан- жануарлардың, құстардың және өсімдіктердің элементтерінен стилизацияланып алынады. Ою - өрнектің өнерде алынатын орны ерекше. Ол барлық жерлерде қолданылады, мысалы, әшекей бйымдарда, киімдерде, үй заттарында, ыдыс- аяқтарда, киіз, кілем, жастық, көрпе, алашаларда қолданылады. Сондай- ақ ою- өрнек түрлері өте көп, мысалы қошқар мүйіз, түйе табан, көбелек, жұлдызша т. б

Сәндік қолданбалы өнер саласында аса маңызды орын алатын жайт- қолөнер шебері. Қолөнер шеберлерінсіз көркем туынды дүниеге келе қоймас. Осындай он саусағынан өнер тамған шеберлеріміз М. Зәуірбекова (гобеленші) Қ. Қарабдалов (керамикашы) Бапановтар (гобеленшілер) Қ. Қалқабаев, А. Саудагерова (кестеші, гобеленшілер) ою- өрнек саласын зерттеуші Ғ. Иляев ағамыз, Қ. Тыныбеков сынды көптеген шеберлеріміз бар.

Жас ұрпақтың бойына өнерге деген қызығушылығын арттырып, эстетикалық тәлім тәрбие беру жолында қолөнер шеберлерімен кездесулер жасап, қала, облыс маңында көрмелер ұйымдастыруға қаржы бөлініп, біршама жағдай жасалуда.

Тәуелсіз ел болып, қолөнер түрлерін қолға алып одан әрі дамытып, оның жасалу жолдарын жас ұрпаққа үйретіп біздің басты міндетіміз болып табылады. Міне, сонда ғана біз бәсекелестікке қабілетті алдыңғы қатарлы елу елдің қатарынан табыламыз.

1. Қазақ халқының қолөнеріне сипаттама

(тас және қола дәуір өнері, сақ, ғұн өнері)

1. 1Оның тарихи болмысының құрамдас бөлігі ұлтымыздың өнерінің тамыры тереңде жатқандығын кең байтақ даламыздағы Андронов, беғазы, Дәндібай мәдениеттері нақты деректермен дәлелдеп береді. Андронов мәдениеті - Қазақстан, Сібір және орталық Азия аумақтарын мекендеген мәдениеті болып табылады. Ал беғазы дәндібай мәдениеті б. з. б ХІ-ІХ ғасырларға жатқызылады.

Қазақстанның ежелгі тайпалары мен халықтарының мәдениеті тас ғасыр кезеңіндегі үлкен аймақты қамтыған табиғи және әлеуметтік сипаттағы ауқымды өзгерістер аясында қалыптасып дамыды. Тұтс алғанда тас ғасырда бірнеше ғасырлар бойы тәжірибе, ойлар, қателіктер, сараптау, құлдраулар мен шарықтаулар, жетілдірулер мен кері кетулер арқылы адамдық, адамның «мінін» әлеуметтік жағдайдың көрінісі ретінде, модель деген орасан зор адамзат лабороториясы ретінде обрызды түрде елестетуге болады.

Тас ғасырда Қазақстанда сапасы мен ұзақтығы жағынан биосфераның бірнеше жағдайы байқалады. Сондай- ақ бұндай жерлерден қару- жарақ жасауға арналған қырлы тастар да табылды.

Құлпытас- өрнектеліп салынған оюға толы, кейде арнау сөз жазылатын тігінен тұрған тас бағандар. Олар көбіне ұлутас немесе тастан жасалған. Ежелгі Қазақстан өнерін үш кезеңге бөліп қарастырған жөн: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірінде палеолит - бастапқы, мезолит- ортаңғы, неолит - соңғы кезең.

Қазақ халқының ою-өрнек өнерінің шығу тегі ежелгі тас дәуіріне саяды. Өйткені, соңғы палеолит дәуірінің ескерткіштерінен - ақ жануарлардың толық бейнесінің қатарында алғаш рет онша айқын емес, бірақ символдық мағынасы біздің заманымызға дейінгі адамның ойлауын көрсете алатын әр түрлі белгілерді байқауға болады. Тас мүсіндерді скиф тарихының (б. з. б VI-III ғ. ғ ) барлық кезеңдерінде, тіпті б. д. д ІV ғ өнерінен антропоморфты сюжеттердің жоғала бастаған кездің өзінде де кездестіруге болады. Бұл жәйт аталмыш дәуірдегі мүсіндер дара сипатқа ие болып, оларда әлем құрылымын түсіндірудің белгілері пайда болғанын көрсетеді.

Ертедегі ескерткіштер дерегі бойынша көркем шығармалардың дамуын екі бағытқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші бағыт- мифологиялық сипат болса, екінші бағыт- бейнелеу өнерін дәріптейді. Б. з. б ІV- ІІ ғасырларда Еуразия даласын мекен еткен әр түрлі халықтардың мәдени орталықтары арасында тұрақты байланыс болды. Бұл жөнінде «Таңбалы тастағы »(Алматы облысы), Балқаш өңіріндегі Шығыс Қазақстан және Қаратаудағы жартастарға қашап салынған суреттер хабардар етеді. Мұны тастағы таңбалардан анық анғара аламыз. Қазақстанның кең байтақ даласынан табылған Андронов кезеңінің керамикасы б. д. д ІІ- мың жылдықтан бастап сақталып келеді. Түрлерінің сан алуандығы мен ерекшеленіп, пішіндер мен декор дамуының жоғарыда аталып өткен кезеңдерін басынан кешіре отырып, керамикалық бұйымдары қызметтік қолданыс бірлігі мен ұқсас көркем- эстетикалық көзқарастар жиынтығын ұсынған формалды - пластикалық принциптердің нақты бірлігін тұтас сақтап тұр.

Андронов кезеңіндегі керамика - ежелгі Қазақстан мәдениетіндегі өте маңызды әрі қайталанбас құбылыс. Қазақстанның ежелгі тұрғындары - көркемөнер шеберлерінің өкілдері. Керамикасының негізгі эстетикалық және көркемдік принциптері мәдени феномен ретінде Қазақстан көркем мәдениетін дамытудың ары қарайғы кезеңдерінде өзінің тікелей немесе қосымша жалғасын тапты. Андроновшылардың керамика саласына қосқан үлкен үлесі біздің аймақтағы бейнелеу және сәндік қолданбалы өнердің образы- пластикалық ерекшелігін қалыптастыруда қол жеткізген орасан зор жетістігі болып табылады. Андронов мәдениетінің табиғи жалғасы Беғазы - Дәндібай мәдениеті болып табылады. Бұл мәдениетке Қарағанды маңындағы Дәндібай ауылы мен Балқаштың солтүстік маңындағы Беғазы қойнауындағы қазбалар куә. Беғазы -Дәндібай мәдениеті тұсындағы адамдар өздері қолданатын заттар мен құралдарды тастан, металдан және сүйектен жасаған. Б. д. д 6-мыңжылдықта адамзат керамикалық ыдыстарды жасауды ойлап тапты. Бұл пластикалық метал- саз балшықты игерудің нәтижесі мамандардың пікірінше, саз балшықтан істелген ыдыстар, тоқылған бұйымдарды, соның ішінде себеттерді салудың нәтижесінде пайда болған. Бұл жағдайда жалпы сипаттағы бірнеше ой- пікірлерді айта кетуге болады. Ою- өрнекті функциясы жағынан әртүрлі заттармен : тастан жасалған ұсақ- түйек ыдыстармен, сүйектен жасалған бұйымдармен, астеологиялық үлгілермен салыстыра келе, бір қарағанда әр түрлі болып көрінетін заттарды біріктіретін ортақ белгіні анықтадық. Қолөнер кәсібіне дейінгі кезде ыдыс- аяқ жасау әйелдердің ісі болды. Үй жұмысының барлығы, соның ішінде ыдыс- аяқ жасау, әйелдердің міндетіне кірген. Ою- өрнек элементтерінің жиынтығы белгілі бір деңгейде табиғаттық негізгі сипаттарын, оның ішінде табиғаттың оның циклдарының бейнесіндегі желді мифологиялық түрде беретін палеолиттік, мезолиттік ою-өрнектің дәстүрлі спектерін қайталады. Біз жоғарыда айтқан үш кезеңге қайта оралып, тоқталып өтелік.

Көнетас дәуірі- Бүгінгі таңда Қазақстан жерінде көнетас (палеолит) дәуірінің үш аймағы белгілі . Олар Қазақстан (Қаратау, Жетісу, ) Батыс Қазақстан (Маңғыстау, Мұғалжар) және орталық қазақстан (Солтүстік Балқаш, Сарыарқа) Қазақстанның палеолит дәуірінің ескерткіштері екі түрлі: бірінші түрі бірнеше мәдени қабаттан тұратын ескерткіштер. Екіншщі түрі- ашық өнер бетінде жатқан ескерткіштерге жатады. Бұл дәуір ескерткіштері Қазақстанның Орталық және оңтүстік аймақтарында көптеп кездеседі.

Мустьедәуірінде тас құралдарының түрі көбейді, олардың жергілікті ескерткіштері пайда болды. Мустье дәуіріне тән деп есептелетін тас құралдар Қаратаудағы Қосқорғанның және Шыңғыстау тұрақтарынан табылған. Жалпы Мустье дәуіріне тән құралдар әр түрлі үшкір тастар. Оларды тасты өңдеу арқылы жасаған. Кейде ұштарын ретушь әдісімен екінші рет өңдеп өткірлеген. «Ретушь әдісі»- дегеніміз тас құралдың жүзіне ұсақ кертіктер жасау арқылы өткірлеу. Мусте дәуірінде тағы бір көп пайдаланылған құрал - түрлі қырғыштар, олардың сыртқы пішіні сопақша, үшбұрышты, ұзынша, төртбұрышты.

Қырғыштардың да жүзін ретушь әдісімен өндейді. Сонымен қатар мустье дәуірінде де дөңгелек муклеустер, екі жақ бүйірі қырналған атпатас құралдар кездеседі.

Орталық Қазақстан өңірінде көбірек кездесетін атпатас құралы орталық азияның көп жеріне тән. Қазақстан жерінде палиолит ескерткіштері аз кездеседі. Жоғары палиолит адамдары тіршілігінің ізі табылған. Бұл тұрақ оңтүстік Қазақстандағы «Арыстанды өзенінің бойында» Тұрақтың ең бірінші қабатын зерттеушілер соңғы палиолитке жатқызады. Бұл қабаттан тұрпайылау жасалған ірі қырғыштармен қатар жүзі жартылай шеңбер етіп шебер өңделген қырғыштар кездеседі.

Соңғы палиолиттің тағы бір белгілі ескерткіші Орталық Қазақстан жеріндегі «Семізбұғы » тұрағы. Бұл жерде өте көп кездесетін құралдар қырғыштар, одан кейін жүзі түзу, кейде қайғытас түріндегі пышақтар. Орталық Қазақстан жоғары палиолитіне жататын ескерткіштердің бірі Батпақ деп аталатын көне мекен. Оның мәдени қабаты жер бетінен 170 см тереңдіктен басталады. Онда көзге ерекше ілінетін құралдардың бірі сопақша келген тасты өңдеу арқылы жасалған қырғыштар.

Ежелгі палиолит ірі - ірі үш кезеңге (мәдениетке) : олдувей (бұдан бұрынғы 2, 6 млн жыл-700 мың жыл), ашель (бұдан бұрынғы 700 мың -150-120 мың жыл) және мустье (бұдан бұрынғы 150-120 мың 5-30 мың жыл) кезеңдеріне бөлінді. Ол кездің адамдары тастың қасиеттерін жақсы білген, өйткені оның оңай жарылатын шақпақтасты бәрінен де көбірек қолданбағаны, ал оған ұқсас тас түрлерін кей жерлерде қолданбағаны тегін емес. Материал таңдау көбінесе құралдың қолданылатын мақсатына байланысты болды. Құралдардың мынандай түрлері: шақпақ, қырғыштар, үшкір тастар, тескіштер және тағы басқа бөлініп шыққан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сабақтан тыс жумыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері туралы
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелеудегі маңызы
Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу жолдарын практикада жүзеге асыру
Бастауыш сынып оқушыларына дүнетану пәнін оқыту барысында экологиялық тәрбие беру жолдары
Мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы сипаттама беру
Мектептен тыс мекемелердегі тәрбие жұмысы
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудың экологиялық шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz