Журналистика-әлеуметтік ұғым


1. ЖУРНАЛИСТИКА-ӘЛЕУМЕТТІК ҰҒЫМ
1. 1 Курстың мақсаты мен міндеті
1. 2 Журналистика туралы жалпы түсінік: «Журналистика», «Бұқаралық ақпарат құралдары», «Мерзімді басылымдар», «Электронды ақпарат құралдары» терминдерінің ережесі мен шығу тарихы
1. 3 «Журналистика - төртінші билік» ұғымы (Заң шығарушы, Орындаушы, Сот, Журналистика)
Пайдаланылатын әдебиеттер:
- Е. П. Прохоров Введение в теорию журналистики. М, 1998ж
- Е. Прохоров. Журналистика. Государство. Общество. М, 1996ж
- Жақып Б. Публицистикалық шығармашылық негіздері. А, 2007
- Богданов Н. Г., Вяземский В. А. Журналист анықтамалығы. А, 1971
МАҚСАТЫ: Бұл курс журналистика мамандығы бойынша білім алатын студенттерге осы мамандықтың қыр-сырын игеріп шығу үшін, кең ауқымды білім беруге арналған. Журналистиканың қоғамдық өмірдегі алатын орны мен атқаратын қызметі хақында, жаңа сипаттағы тәуелсіз мемлекет құру кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарына сүйенетін демократиялық принциптер мен міндеттері жайында, сөз бостандығының жүзеге асырылу шарттары турасында жан-жақты теориялық мағлұмат береді. Журналистиканың өнер ретіндегі ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын, принциптері мен функцияларын, шығармашылық жұмыс, тақырыптық ерекшеліктерін, ақпарат алу ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін, жанр мәселелерін, жанр түрлері мен белгілерін, мақсат-міндеттерін, қазіргі баспасөзде берілу формасы жөнінде хабардар ететін, шығармашылық жұмыстың көркемдік әдіс-тәсілдерін, шығармашылық туындының құрылысын, идея мен мазмұн, сюжетін т. б. мәселелерді қарастырады.
МІНДЕТТЕРІ: -«Журналистика», «Публицистика», «Ақпарат», «Бұқаралық ақпарат құралдары», «Баспасөз бостандығы», «Журналист құқығы», «Цензура» т. б. негізгі атаулар мен ұғымдар туралы түсініктер алады;
-Журналистиканың табиғаты мен өзіне сай ерекшеліктері, құрылымдық сипаты мен бейнелеуші құралдары жайында толыққанды мағлұмат алады;
-Публицистиканың жанрлары мен пішіндері жайлы зерттеген ғалымдар еңбегімен таныса отырып, теориялық ережелерді түсінеді және біледі;
-Журналистика, көркем әдебиет және публицистика айырмашылықтарын ажырата білуге үйренеді;
-Газет, радио, телевидение редакцияларының құрылысымен танысады;
-Әр басылымның өзіндік ерекшеліктерін сараптай отырып, публицистикалық шығармаларға талдау жасай алуды үйренеді;
-ҚР Б. А. Қ туралы заңымен, әсіресе журналистің құқықтар мен міндеттерін қорғайтын заңмен танысады; -Авторлық сабақтас құқық туралы мәлімет алады;
-Журналист мамандығы иелерінің үнемі пайдаланатын техникалық құрал-жабдықтарымен жұмыс істей алуға үйретеді;
Журналистика- өмір шындығын білу құралдарының бірі. Журналистер-газеттер мен журналдардың, радио мен телевизияның, баспа мекемелерінің, хабар агенттіктерінің қызметкерлері, насихатшылары. Журналистиканың қоғамдық және саяси, қоғам қайраткері, кемел ойдың, шабытты пікірдің иесі, келелі ойдың насихатшысы. Журналист мамандығы көптеген атақты ойшылдар мен талантты адамдардың мамандығы. Қазақтың ардақты ұлдары А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, С. Қожанұлы, Б. Майлин, М. Шоқай, С. Сейфуллин сияқты ұлы тұлғалардың газет шығару ісіне, қазақ журналистикасының дамуына қосқан үлестер орасан зор. Тіпті әлемді мойындатқан, есімдері алтын әріптермен тарих беттерінде сақтаулы Абай, Ыбырай, Шоқан бабалар шығармалары әсіресе, қазақ ауыз әдебиеті мен фольклорлық туындылары және салт-тұрмысқа байланысты мақалалары, ғылым-білімге үндеген жалынды ойлары басылым беттерінде жарияланып тұрды . орыс атақты жазушылары да алғаш журналистика саласынан бастаған. Мысалы, В. Г. Белинский журналистиканы озық идеаларды таратудың қуатты құралы деп білсе, Н. Г. Чернышевскийдің пікірінше журналист-публицист өз заманының алдыңғы қатарлы адамы болуға, өз халқына адал қызмет етуге борышты. «Мен үшін, -деп жазды ол, - журналист адамның асқақ мүраты, ардақты да абзал жан». Сол сияқты атақты орыс сатиригі М. Е. Салтыков-Щедрин өзін әрі әдебиетші, әрі журналистпін санаған. М. И. Калилиннің сөзімен айтқанда «Тілші дегеніміз-жұртшылықтың көзі, ол қоғамдық пірікді қалыптастырады. » «Қазақ» газетін шығарған ұлт жанды А. Байтұрсынов: «Газет-халықтың тілі, көзі һәм құлағы» деген.
Шынындада тілші қызықты фактілерді, бағалы пікірлерді, кеңестерді, ұсыныстарды бал жинаған арадай жинап, сонан соң оларды екшеп, електен өткізуі керек. Кейде жас болашақ журналистер бір жазғаны басылмаса, редакцияларға өкпелеп, енді қайтып жазбай қояды. не болмаса төрт-бес жазған хабары жарық көрсе болды, жазуға төселіп қалдым «Мен-нағыз журналистпін» деп кеудесін соғады. М. Горький: «Жақсы жазу үшін ана тілін жетік білуі керек. Ол журналистерді өмірдің қайнаған ортасында болуға, ел тіршілігінен қызықты фактілер алуға шақырады. » Қазақ жазушыларының, ақындарының қай ұрпақ, қай буын өкілдерінен сұрасаңыз да «Мені газет баулыды», «Мені газет өсірді», «Алғашқы ұшқан ұям -газет» демейтіндері кемде-кем. Мысалы А. Тоқмағамбетов « . . . 1927 жылы бір бюрократты бейнелейтін «Төрде отырған төраға» деген сықақ өлең жазып, «Еңбекші қазаққа»/Сәбит Мұқановқа/ апарып едім. Сәкең маған үлкен мейір көрсетті. Қолыма куәлік беріп, тілші қаратына тартты. Міне, содан бері журналист атағынан айырылғаным жоқ. Қайта журналистикадан басталған қаламым мені жазушылар қатарына әкеліп қосты. Сондықтан мен «ЖУРНАЛИСТ» деген сөзді жанымдай жақсы көремін»-дейді. Ж. Аймауытов қазақтың тұңғыш сатиралық журналы «Шаншарды»/1925 ж/ дүниеге әкелген. Ол алымды, шалымды сатирик, көреген, соны мәселелерді көтере жазған мақалалары білікті, білгір журналист екендігінің куәсі. Қазақ поэзиясының жарық жұлдыздарының бірегейі, зиялы азаматымыз М. Дулатов мақалдап, мәтелдеп жазудың шебері. Жиырма жасынан кейін өзінің бүкіл шығармашылық өмірін баспасөзбен байланыстырған. Ол журналистік қызметін Петербургтен бастаған. «Татар тілінде сол жерде «Үлфәт» газеті шығып тұрған. Соның жанынан «Серке» атты журналын шығарған. » М. Жұмабаев «Шолпан», «Сана» журналдарымен қатар «Ақ жол» /1922/ газетінде қызмет атқарған. С. Қожанов «Ақ жол» газетінде редакторлық қызмет атқарған. Жалынды публицист, журналист ретінде «Ұшқын» /Орынборда шыққан/ газетінде, «Қызыл Қазақстан» журналында, «Жаңа мектеп» журналында елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап көптеген материалдар жазды. Журналистика жүйрігі І. Жансүгіров «Жас Алаш» газетінің алғашқы нөмірін шығаруға белсене атсалысқан.
Бұқаралық ақпарат құралдары деген сөзге талдауды ҚР «БАҚ туралы» заңға сүйену арқылы жасаймыз. Онда:
-Журналист - /бұқаралық ақпарат құралының өкілі/, еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негізінде бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарлар мен материалдар жинау, өңдеу және әзірлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
- Бұқаралық ақпарат -тұлғалардың шектеусіз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары;
- Бұқаралық ақпарат құралдары -мерзімді баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі /интернет және басқалары/ ВЕБ-сайттарды қоса лағанда, бқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың басқа да нысаны;
- Мерзімді баспасөз басылымы -тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;
-Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімі - мерзімді баспасөз басылымының жеке нөмірінің немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе бір бөлігі, радио, теледидар, кино хроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі ВЕБ-сайтта берілген ақпарат;
теледидар, радио, бейне, кино хроникалық бағдарламасы - толық атауы бар жəне кемiнде жарты жылда бiр рет эфирге шығатын мерзiмдi дыбыс-бейне хабарлары мен берiлiмдерiнiң жиынтығы;
эфирге шығу - ұқсас жəне цифрлық электромагнитті жүйелердi пайдалана отырып, теледидар, радио бағдарламаларын, дыбыс-бейне жазбаларын тарату;
бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмi - мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио, теледидар, кино хроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі WEB-сайтта берілген ақпарат;
ресми хабар - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы одан əрi тарату мақсатымен мемлекеттiк органдар беретiн ақпарат;
бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн тарату - мерзiмдi баспасөз басылымдарын сату (жазылу, жеткiзу, үлестiру), радио, теледидар бағдарламаларын эфирге шығару, кинохроникалық бағдарламаларды көрсету;
бұқаралық ақпарат құралының редакциясы - жеке тұлға не бұқаралық ақпарат құралына материалдар жинауды, дайындауды жəне шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым;
бас редактор (редактор ) - бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын жəне оны шығару мен таратуға, эфирге шығаруға тиiсiнше өкiлеттiгi бар жеке тұлға;
ЦЕНЗУРА - бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын жəне материалдарын мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен жəне өзге де ұйымдармен олардың талап ету бойынша немесе өзге де негiздер бойынша хабарлар мен материалдарды не олардың жекелеген бөлiктерiн таратуды шектеу немесе оларға тыйым салу мақсатымен алдын ала келiсу;
WEB-САЙТ - Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасының арнайы техникалық жəне бағдарламалық құралдардың көмегімен дайындалған, меншік иесі жаппай тарату мақсатында ақпарат беретін электронды өкілдік бет;
РЕТРАНСЛЯЦИЯ - техникалық құралдарды пайдалануға қарамастан, басқа бұқаралық ақпарат құралының теле- немесе радио бағдарламаларын (теле- немесе радио хабарларының жиынтығы) қабылдау жəне бір мезгілде не жазып алып толық жəне өзгеріссіз тарату;
АККРЕДИТТЕУ - журналисті тағайындау рəсiмi жəне оның өкiлеттiгiн мемлекеттiк органның, қоғамдық бiрлестiктiң жəне ұйымның тануы; бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уəкілетті орган - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган7
АВТОР - түрлі салаларда шығарма жасаушы тұлға. Әдебиеттегі, өнердегі, ғылымдағы, т. б. творчестволық еңбек иесі.
АРГУМЕНТ - бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалқ тұжырым
АНАЛИЗ - тиісті объектіні жан-жақты талдап көрсететін, ғылыми-логикалық тұрғыдан ой-топшылаулар жасайтын зерттеу әдісі.
ДЕЗИНФОРМАЦИЯ - жалған хабар арқылы жаңылыстыру
КОРРЕСПОНДЕНТ - бұқаралық ақпарат кұралдарының жер-жерден хабар жинап беріп тұратын тілші қызметкері.
КОРРЕКТОР - баспасөз материалдрын баспаханада теру кезінде кеткен кателерді гранкіден, не версткалау кезінде беттерден жөндеп, түзететін қызметкер. Ол саяси, орфографиялық, стильдік тұрғыдан сауатты болуы тиіс.
ПАРАДОКС - әдеттегі қалыптасқан жағдайдан бөлек күтпеген тосын пікір, құбылыс
ПАРАФРАЗА - басқа біреудің тексін, ойын өзіндік сөзбен жеткізу, сипаттау.
РЕПОРТЕР - болған оқиғалар туралы жергілікті жердеп мәліметтер беретін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
ПРОПАГАНДА - ілімді, саяси теорияны, көзқарасты, идеяны баспасезде және ауызша түрде тарату мен түсіндіру, насихаттау.
ПУБЛИКАЦИЯ - баспасөзде жалпыға арналып жарияланған хабар, жазылған материал.
ПУБЛИЦИСТ - қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып жүрген журналист, қаламгер.
ПУБЛИЦИСТИКА - мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық өмір мәселелерінің жазылып, жариялануы. Журналистика саласының материалдары.
ПСЕВДОНИМ - жазушы, журналистердің баспасөзде шын аты-жөнінің орнына ойдан шығарылған бүркемшік есімді пайдалануы.
РЕПЛИКА - қысқаша жауап беріп, қарсылық білдіру, "ескертпе жасау.
ШАБЛОН - жауыр болған сөздер мен ойларға көзссіз еліктеп, үлгі түту.
ЭТИКА -адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттері жөніндегі нормалар жүйесі. Отанға, қоғам жөнінде өзара қарым-қатынас мәселелерін, міндеттрін айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып.
ЦЕНЗУРА - баспасөзде жарияланатын шығармаларға ерекше бақылау жасау.
ДИКТОР - радио немесе телевидение студиясынан хабар жүргізіп, микрофон алдында текс оқитын қызметкер.
ДИКТОФОН - ауызша айтылған сөзді жазып алу үшін және оны қайта тыңдап қағазға түсіру үшін редакцияларда қолданылатын аппарат.
ДИСКУССИЯ - жиналыста немесе баспасөзде әлдебір мәселені қызу талқылау.
ИНТЕРПРЕТАЦИЯ - бір нәрсенің мәнін ашу, ұғындыру. Қайсыбір текске түсіндірме жасау.
КОНЦЕПЦИЯ - өмір құбылысына көзқарас білдіріп, тұжырым жасау. Жазушының, ғалымның, журналистің т. б. негізгі түйінді ойлары.
ПЛАГИАТ - әдеби ұрлық, біреудің шығармасын өзіне пайдаланып кету.
ПЛЮРАЛИЗМ - дүниені бір текті қарамай, көп түрлі санайтын, әр түрлі көзқарас, пікір алуандығы.
ПОДБОРКА - бірыңғай тақырыптағы бірнеше газет материалының ортақ рубрикаға біріктіріліп берілуі.
ПОЗИЦИЯ - белгілі бір іске, мәселеге көзқарас пен қарым-қатынасты анықтайтын адамның іс-әрекет сипаты, ұстанған бағыты.
ПОЛЕМИКА - баспасөзде, жиналыста бір нәрсені талқылау кезінде болатын айтыстар.
ПРЕСС-АТТАШЕ - дипломатиялық өкілдіктегі баспасөз жөніндегі ресми маман.
ПРОМУЛЬГАЦИЯ - қайсыбір өкімет актісін жұртшылыққа хабарлау.
РЕДАКТОР - мерзімді басылымның жетекшісі, редакция коллективінің басшысы. Газет, журналдардың саяси бағытына, идеясы мен мазмұнына, жалпы оқырмандар үшін тартымды шығуына жауап беретін тұлға. Сонымен бірге тиісті мәселелерді шешіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуші.
РЕЖИССЕР - теле-радио хабарларды ұйымдастырып, үйлестіріп отыратын маман. Ол сценарийден бастап, хабар экранға шыққанға дейінгі аралықтағы барлық жұмыс процесіне белсене қатысады. Редактор, оператор, ассистент, басқа да техникалық қызметкерлер арасындағы ортақ жұмыс жетекшілерінің бірі.
РЕЗЮМЕ - жазылған мақала мен айтылған сөздің қысқаша мәнін, қорытындысын түйіндеу.
РЕЙД - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың тапсырмасы бойынша активистер тобының жүзеге асыратын шұғыл тексерулері мен бақылауы. Мысалы: мемлекеттік органдармен бірлесіп, журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдары тілшілерінің өткізетін рейді.
РЕКЛАМА - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлдебір нәрсені кеңінен білгізу мақсатында жарнамалау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz