Журналистикадағы бұқаралық ақпарат ұғымы



1 Журналистік қызметтің үш кезеңі
2 Журналистикадағы ақпарат ұғымы
3 Ақпараттың семантикалық, синтактикалық, прагматикалық қырлары
Қазақ елі ақпараттық қоғамға қадам басты. Адам баласына ауа, су, тамақ қандай қажет болса, күнделікті өмірде болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат та сон¬дай қажет.
Өзгелермен терезесі тең ел болу үшін ақпараттық кеңістіктің керектігі өткен ғасыр-дың басында-ақ Алаштың ар¬дақты азаматтарын толғандырған, әрі сол олқылықтың орнын тол¬тыруға қайрат қылған еді. Қазақ журналистикасының қалыпта¬сып, дамуына іс жүзінде де, сөз жүйесімен де үлкен үлес қосқан тұлға Ахмет Байтұрсынұлы «Қа¬зақ» газетінің 1913 жылғы шық¬қан алғашқы нөмірінде: «Әуелі газета – халықтың көзі, құлағы, һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, газета сон¬дай керек. Газетасы жоқ жұрт, басқа жұрттың қасында көзі жоқ соқыр, құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау секілді. Дүниеде не болып жатқанын көру, есту жоқ, өз пікірін айту жоқ», – деп жазыпты.
Елі үшін еркіндікті аң¬саған, тағы бір ұлтжанды, ойшыл қаламгер Ғұмар Қараш болса, ақпараттың халыққа қажеттігін былайша түсіндіреді: «Мәдениеті, салты озық елдерге ақыл иесі адамдардың бір ауыз сөзі газет арқылы екі-үш күнде елінің ба¬сынан-аяғына оқылып, тыңда¬лып қалады. Пайдалы істі ынты¬мақпен істей қойысады... Залал-ды істің зардабын күнілгері бі¬ліп, сақтанысады. Бізде олай емес, елдің бір шетінде бүлін-шілік болып жау орнап жатса, екінші шетінің одан хабары жоқ, ойын-күлкімен болады. Қайғы¬ны, шаттықты бірге көрмеген соң, бізде ынтымақ та жоқ, ын¬ты¬мақ болмаған соң күш-қуат та жоқ». Мұның өзі қазақ зиялыла¬ры¬ның халық ішіне ақпаратты жедел, дер кезінде жеткізудің маңыздылығына зор мән берген¬дігін айғақтайды.
Өткен ғасыр басындағы ар¬дақ¬ты¬ларымыздың арманы орын¬далды. Қазір елімізде мыңдаған газет-журнал, телерадиоарналар, ақпарат агенттіктері жұмыс іс¬тейді. Радио мен теледидардың, газет-журналдардың тарататын ақпарат, мағлұматтары бұқараға, қалың көпшілікке арналады. Журналистиканың «Бұқаралық ақпарат құралдары» деп аталуының себебі де осыдан.
Ақпаратқа деген қажеттілік адамзатпен бірге туындап, бірге жасасып келеді. Заңгер, парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Мырзагелді Кемел өзінің «Ақпарат империясы» атты зерттеу еңбегінде қазақ халқының бойындағы елден ерек қонақжайлық қасиетін ақпаратқа деген қажеттілікпен байланыстырады. «Иен далада қоныстанған көшпенді халық ақпаратты ауыл-ауылдардың арасындағы жүргіншілерден алатындығы себепті, үйіне аялдаған қонаққа, малын сойып, құдайындай күтетін болған» деп болжам жасайды ол.
Қоғамдық дамудың әртүрлі сатысында хабар таратудың әдісі мен тәсілдері, құралы әр түрлі болды. Алаңға немесе биік мінберге шығып халықтың алдында патшаның әмірін оқыған жаршылар, көрші мемлекеттерге көш түзеген елшілер мен жорық жайлы, қорғаныс, біріккен шабуыл жоспарының мән-жайын жеткізген жаушылар, жартастарға қашалып жазылған жазулар, үңгірлер қабырғасындағы суреттер мен белгілер, қазақ ішіндегі «ұзынқұлақ», т.б. бәрі-бәрі ақпаратты жаһанға жария етудің қарапайым жолдары, өмірдің өзі тудырған көріністері еді.
Ақпарат- демократияның оттегісі. Егер адамдар қоғамда не болып жатқанын білмесе, өздерін басқаратындардың әрекеттері жасырын болса, олар қоғам мен мемдекет істеріне қажырлықпен қатыса алады. Ақпарат азаматтарға жай ғана керек емес, ол сондай-ақ
1. Е.П.Прохоров Введение в теорию журналистики.М,1998ж
2. Е.Прохоров.Журналистика.Государство.Общество.М,1996ж
3. Жақып Б. Публицистикалық шығармашылық негіздері. А, 2007

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
2. ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҰҒЫМЫ
2.1 Журналистік қызметтің үш кезеңі
2.2 Журналистикадағы ақпарат ұғымы
2.3 Ақпараттың семантикалық, синтактикалық, прагматикалық қырлары

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Е.П.Прохоров Введение в теорию журналистики.М,1998ж
2. Е.Прохоров.Журналистика.Государство .Общество.М,1996ж
3. Жақып Б. Публицистикалық шығармашылық негіздері. А, 2007

Қазақ елі ақпараттық қоғамға қадам басты. Адам баласына ауа, су, тамақ қандай қажет болса, күнделікті өмірде болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат та сон - дай қажет.
Өзгелермен терезесі тең ел болу үшін ақпараттық кеңістіктің керектігі өткен ғасыр - дың басында-ақ Алаштың ар - дақты азаматтарын толғандырған, әрі сол олқылықтың орнын тол - тыруға қайрат қылған еді. Қазақ журналистикасының қалыпта - сып, дамуына іс жүзінде де, сөз жүйесімен де үлкен үлес қосқан тұлға Ахмет Байтұрсынұлы Қа - зақ газетінің 1913 жылғы шық - қан алғашқы нөмірінде: Әуелі газета - халықтың көзі, құлағы, һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, газета сон - дай керек. Газетасы жоқ жұрт, басқа жұрттың қасында көзі жоқ соқыр, құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау секілді. Дүниеде не болып жатқанын көру, есту жоқ, өз пікірін айту жоқ, - деп жазыпты.
Елі үшін еркіндікті аң - саған, тағы бір ұлтжанды, ойшыл қаламгер Ғұмар Қараш болса, ақпараттың халыққа қажеттігін былайша түсіндіреді: Мәдениеті, салты озық елдерге ақыл иесі адамдардың бір ауыз сөзі газет арқылы екі-үш күнде елінің ба - сынан-аяғына оқылып, тыңда - лып қалады. Пайдалы істі ынты - мақпен істей қойысады... Залал - ды істің зардабын күнілгері бі - ліп, сақтанысады. Бізде олай емес, елдің бір шетінде бүлін - шілік болып жау орнап жатса, екінші шетінің одан хабары жоқ, ойын-күлкімен болады. Қайғы - ны, шаттықты бірге көрмеген соң, бізде ынтымақ та жоқ, ын - ты - мақ болмаған соң күш-қуат та жоқ. Мұның өзі қазақ зиялыла - ры - ның халық ішіне ақпаратты жедел, дер кезінде жеткізудің маңыздылығына зор мән берген - дігін айғақтайды.
Өткен ғасыр басындағы ар - дақ - ты - ларымыздың арманы орын - далды. Қазір елімізде мыңдаған газет-журнал, телерадиоарналар, ақпарат агенттіктері жұмыс іс - тейді. Радио мен теледидардың, газет-журналдардың тарататын ақпарат, мағлұматтары бұқараға, қалың көпшілікке арналады. Журналистиканың Бұқаралық ақпарат құралдары деп аталуының себебі де осыдан.
Ақпаратқа деген қажеттілік адамзатпен бірге туындап, бірге жасасып келеді. Заңгер, парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Мырзагелді Кемел өзінің Ақпарат империясы атты зерттеу еңбегінде қазақ халқының бойындағы елден ерек қонақжайлық қасиетін ақпаратқа деген қажеттілікпен байланыстырады. Иен далада қоныстанған көшпенді халық ақпаратты ауыл-ауылдардың арасындағы жүргіншілерден алатындығы себепті, үйіне аялдаған қонаққа, малын сойып, құдайындай күтетін болған деп болжам жасайды ол.
Қоғамдық дамудың әртүрлі сатысында хабар таратудың әдісі мен тәсілдері, құралы әр түрлі болды. Алаңға немесе биік мінберге шығып халықтың алдында патшаның әмірін оқыған жаршылар, көрші мемлекеттерге көш түзеген елшілер мен жорық жайлы, қорғаныс, біріккен шабуыл жоспарының мән-жайын жеткізген жаушылар, жартастарға қашалып жазылған жазулар, үңгірлер қабырғасындағы суреттер мен белгілер, қазақ ішіндегі ұзынқұлақ, т.б. бәрі-бәрі ақпаратты жаһанға жария етудің қарапайым жолдары, өмірдің өзі тудырған көріністері еді.
Ақпарат- демократияның оттегісі. Егер адамдар қоғамда не болып жатқанын білмесе, өздерін басқаратындардың әрекеттері жасырын болса, олар қоғам мен мемдекет істеріне қажырлықпен қатыса алады. Ақпарат азаматтарға жай ғана керек емес, ол сондай-ақ демократиялық үкіметтің маңызды сипаттамасы. Нашар үкімет аман қалу үшін құпиялықты қажет етеді. Құпиялылық мемлекеттік билік қызметінің тиімділігін арттырмайды және жемқорлықтың гүлденуіне септігін тигізеді. Экономист және Нобель сыйлығының лауреаты Амартии Сеннің сөздеріне қарағанда басқарудың демократиялық нысаны және салыстырмалы түрдегі еркін баспасөзі бар елде аштық болмайды. Ақпараттар адамдарға үкімет қызметін қадағалап отыруына мүмкіндік береді және оның әрекеттерін саналы түрде талқылауға негіз құрады.
Журналистикадағы ақпарат тар мағынасында үш түрлі ұғымды білдіреді:
а) бұл-ішкі және сыртқы, халықаралық жаңалықтардың жиынтығы;
ә) публицистиканың ақпараттық жанрлары: заметка, есеп, репортаж, сұхбат;
б) ең шағын жанр заметканы кейде хабар, ақпар деп атаймыз.

Жалпы журналистикадағы ақпаратты мән-маңызына қарай бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады. Олар: а) оқиғалы ақпарат; ә) көркем ақпарат; б) публицистикалық ақпарат; в) анықтамалық ақпарат; г) жарнамалық ақпарат; ғ) көңіл көтеретін ақпарат; д) түсініктемелі ақпарат; е) түсініктемесіз ақпарат.
Журналистиканың ақпараттық қызметі белгілі зерттеуші Б.Жақып еңбектерінде Журналист-Текст-Аудитория тізбегімен айқындалады. Журналист өміріндегі көрініс, құбылыс, оқиғаларды ой елегінен өткізе отырып материал жазады. Сол материал қағаз бетіне түсіп немесе эфир арқылы аудиторияға жетеді. Аудитория-тыңдаушы, көрермен, оқырман. Бұл қарапайым формула (Ж-Т-А) ақпарат теориясындағы тіке байланыс және кері байланыс ұғымдарынан туындап отыр. Оны кез -келген газет, радио, теледидар тәжірибесінен мысалға келтіріп, көрсетуге болады. Кейбір теоретиктердің айтуынша: Ақпарат дегеніміз - хабардың ғана сипаты емес, хабар мен оны тұтынушының арасындағы қарым-қатынас сипаты. Өйткені тұтынушыға жеткен соң ғана хабар ақпаратты бөліп шығарады. Шындығында да текстің өзі тауар дейтін болсақ, журналист ақыл-ойының жемісі тұтынушыға жеткенде ғана оның ақпараттық сипаты айқындалады.
Жалған ақпарат таратушылық та кейбір газет-журнал, беттерінде радио, телехабарларда кездеседі. Оны дезинформация деп те атап жүр. Дезинформация жалған ақпарат тарату - ақпараттың ерекше бір түрі болып табылады. Мұндай жалған ақпарат тарату - аудиторияны шатастырады, өмірде болмаған жайттарды, бұрмаланған мақсаттар мен мүдделерді, құндылықтарды көрсетуге бастайды.
Журналист ақпарат көзінен құпия (конфиденциялық) түрде алынған мəліметті кəсіби құпия ретінде сақтайды. Ешкімнің журналистің алған ақпарат көзін зорлық-зомбылықпен айтқызуға хақысы жоқ. Журналист интервью алған азаматтардың сөздерін ресми түрде жарияламауы туралы өтінішін құрметтеуге міндетті.
Журналистикадағы бұқаралық - ақпараттық процесс негізгі үш сатыдан тұрады:
1. Болмыстың бейнеленуі, өмірдегі болмыс, құбылыстың кескінделуі;
2. Шығарма мәтінінің жазылуы;
3. Бағытталған аудиторияның мәтінді иегруі.
Осыдан келіп, журналистік мәтіннің үш қырын сипаттауға болады:
1. Текстің семантикасы (Семантика-грек сөзі-Semanti-kos)-маңызды, көрсететін деген мағынаны білдіреді. Бұл оның болмыспен қарым-қатынасының сипатын білдіреді.
2. Текстің синтактикасы. (Синтактика-грек сөзі Sintakikos)-құрылған деген ұғымды білдіреді. Бұл текстің ішкі құрылымының сипаты.
3. Текстің прагматикасы. (Прагматика-грексөзі pragma) -пайда, іс деген ұғымды білдіреді. Бұл текстің аудиториямен қатынасының сипаты.

Әрбір журналист тексті дайындағанда ақпаратта хабарланатын жайттар тың да, тосын болуы қажет екендігін ұмытпағаны абзал. Сонымен бірге, хабардың аудиторияға түсініктілігі, көпшілікке жетімді болуы басты назарда болғаны жөн. Ақпараттың құндылығы, маңыздылығы да ескерілуі керек. Бұқаралық ақпарат құралдары болмысты неғұрлым тұтас күйінде көрсетуге және дәл, әр қырынан бейнелеуге тырысады. Сондықтан да журналист шығармаларындағы ақпарат та мән-маңызына, қамтыған тақырыбына қарай зерттеушілер еңбегіне сенсек төрт топқа бөлінеді.
Біріншісі - дескриптивті (descriptio- латын сөзі баяндау, бейнелеу) баяндаушы ақпарат. Мұнда негізінен нақты деректерге сүйене отырып, баяндау тәсілі қолданылады. Мысалы, желтоқсан айында орын алған Жаңаөзнедегі оқиғаның орын алуы. Оқиға болған орынға журналистер кіре алмады. Сол себепті жергілікті басқару орындарының ұсынған ресми мәліметтері мен деректеріне сүйене отырып, тек баяндауға ғана мүмкіндіктері болды. Екінші түрі - прескриптивті (preskriptio-латын сөзі алдын-ала көре білу) қөзқарастық ақпарат. Мұнда белгілі бір жайт туралы журналист көзқарасы, болжамы қоса беріледі. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы жас нәрестелердің ғасыр дерті СПИД-ке ақ халатты дәрігерлердің өз қызметіне деген салғырттығынан ұшырағаны туралы ақпаратқа журналистер тарапынан білдірілген ақпараттарды айтуға болады. Мұнда тек көзқарас қана емес болжам да қоса білдіріледі.
Үшіншісі -валюативті (латынның valeo сөзінен және итальян тілінің valuta - баға, құн) бағалаушы ақпарат болып табылады. Мұндай тексте журналистің белгілі бір жайтқа берген бағасы байқалады немесе деректерді беру әдісінен-ақ бағалаушылық қасиеті білдіріледі.
Төртіншісі - нормативті (латын сөзінің norma-іскер) іскерлік ақпарат. Яғни, тексте Не істеу керек? деген сұраққа жауап беріледі. Мысалы, құқық қорғау орган қызметкерлерінің атқарып отырған жұмысына қоғамның көңілінің толмауы жөніндегі ақпараттар төңірегінде қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы, үкіметтің де назарын аударды. Содан бері 3 жылда бір рет барлық пагон таққан орган қызметкерлерінің біліктілігін тексеріп, қайта аттестаттаудан өтетін болғандығына назар аударуға болады.
Әр ақпарат Кім, Не, Қайда, Қашан, Неге және Қалай деген сауалдарға жауап беруі керек (оны қысқаша 5 Ws және H деп атайды). Сонда ғана, оның мақаласы толыққанды болып шығады.
Америкалық журналист Чарльз Райз жаңалықтың не екеніне мынадай
түсіндірме береді.
Ақпарат немесе жаңалық:
- Оқырманыңа қызықты,
- Оқырманыңа әсер ететіндей күші бар,
- Оқырманыңа бірнәрсе жайлы айтатын дүние.
Райзтың айтуына қарағанда, мұнан өзге,
- Бұл айтылып отырған нәрсе жаңа, тосын ба?
- Бұл нәрсе жайлы естіген адамның (оқырман) таңдайын қақтырады
ма? Яғни, оған әсер ете ме, таңданысын туғыза ма? - деп өзіңе сауал
тастасаң-ақ, жаңалықтың не екенін айыру жеңілдейді.
Тілшінің жұмысы жаңалық таба білуінен және өзі тікелей куә болған оқиғаны жеткізуінен көрінеді.
:: Ол оқиға орнына барады немесе өзі бір тақырыпты таңдап алады.
:: Ахуалды мұқият бақылайды.
:: Жан-жақты мәлімет жинайды.
:: Қатысушыларды немесе оқиғаны көзімен көргендерді сөзге тарта-
ды.
:: Сөйтіп, оқиғадан жан-жақты мәлімет беретін материал дайындай-
ды.
Жақсы материал жазудың әбден сыналған әдісі - жұмыс процесін мына-
дай бес кезең бойынша жүргізу:
1. Материалдың идеясын табу.
2. Фактілер жинау.
3. Фактілерді іріктеу, талдау және материалдың жоспарын дайындау.
4. Материалдың нұсқасын жасау.
5. Өңдеу.

Ақпарат еркіндігі мемлекеттік органдардың қолдағы бар ресурстар мен мүмкіндіктерді ескере отырып, салынған сауалға жауап ретінде ақпаратты беретінін ғана емес, сонымен қатар олардың өздерінің ерекше қоғамдық мүддені қамтитын құжаттарды жариялайтынын және тарататынын да білдіреді. Жариялануға тиісті ақпараттың түрлері оған ие мемлекеттік органның ерекшелік сипатына байланысты болады. Заң жалпы міндеттілікті белгілеуі және жариялануы тиісті ақпараттың негізгі санаттарын жариялау жолымен мәліметтерді жариялауы тиіс.
Ең аз дегенде, мемлекеттік органдар ақпараттың төмендегідей санаттарын:
-оларға көрсетілген қызметтердің құнын, мақсаттарын, аудиторлық тексерулердің нәтижелерін, стандарттарын, қол жеткізген нәтижелерді қоса алағанда және одан әрі әсіресе, егер мемлекеттік орган көпшілікке тікелей қызметтер көрсетсе, мемлекеттік органның қалай жұмыс істейтіні туралы шұғыл ақпаратты;
-кез келген сұрақ салулар, арыздар мен қоғам мүшелерінің мемлекеттік органдарға қатысты жасайтын әрекеттері бойынша басқа да ақпаратты;
-жұртшылық өкілдерінің саясат пен заң шығару саласында шешімдер қабылдауға қатысуының ықтимал нысандары туралы мәліметтерді;
- органның иеленетін және қандай нысандарда осы ақпарат қамтылған ақпаратының тізбесін;
-көпшілікке әсер ететін мемлекеттік органның кез келген шешімінің және ниеттерінің мазмұнын, сондай-ақ шешімдер қабылдау кезінде мәні болған себептер мен дайындау материалын жариялауы тиіс.
Қоғамдық санаға зор ықпал жасайтындықтан, БАҚ-ты төртінші билік деп атау-заңды құбылыс. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдарының өз материалдарында шыншыл, шүбәсіз ақпаратты пайдаланғаны өте маңызды. Десек те, барлық ақпарат кез келген адам үшін ашық болып келе бермейді. Жалпы ақпарат берілу түріне қарай екіге: ашық және шектеулі болып бөлінеді. Енді осы ақпараттың түрлеріне тоқталып көрелік.
Қазақстан Республикасының қолданыста бар заңнамалары нақты бекітіп берген сипаттамасы бойынша шектеулі ақпаратқа мемлекеттік құпия және қызметтік құпия ақпараттар жатады. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар осы жайларға жиі сілтеме жасауды жақсы көреді. Десек те, оның өзінің бекітілген нормасы бар екендігін ескермей жатады. Журналистер мемлекеттік құпия болып табылатын, нақты заңда көрсетілген ақпараттарды ғана барша оқырмандарына жариялауға құқықтарының жоқ екендігін біледі. Ал, мемлекеттік құпия ҚР Конституциясымен және ҚР мемлекеттік құпиялар туралы заңымен қорғалады. Құжаттардың құпиялылығы туралы түсінік пен құпиялық деңгейі де осы заңда көрсетілген. Журналистер үшін пайдалануға болатын ақпараттар заңның 17- бабында көрсетілген. Бұл бапта құпияға жатпайтын мәліметтердің нақты тізімі жеті пунктпен берілген. Олар:
1) азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар мен ақпараттар және олардың зардаптары туралы, сондай-ақ табиғи зілзалалар, олардың ресми болжамдары мен зардаптары туралы;
Ашық ақпарат дегеніміз - сұрау бойынша берген, жалпының қолы жететін ақпараттан тыс, меншік иесі таратуға міндетті ақпараттар жатады. Әр ақпарат немесе мақала Кім, Не, Қайда, Қашан, Неге және Қалай деген сауалдарға жауап беруі керек (оны қысқаша 5 Ws және H деп атайды). Сонда ғана, журналистің мақаласы толыққанды болып шығады. Америкалық журналист Чарльз Райз жаңалықтың не екеніне мынадай түсіндірме береді. Ақпарат немесе жаңалық:
- Оқырманыңа қызықты,
- Оқырманыңа әсер ететіндей күші бар,
- Оқырманыңа бірнәрсе жайлы айтатын дүние. Райзтың айтуына қарағанда, мұнан өзге:
- Бұл айтылып отырған нәрсе жаңа, тосын ба?
- Бұл нәрсе жайлы естіген адамның (оқырман) таңдайын қақтырады ма? Яғни, оған әсер ете ме, таңданысын туғыза ма? - деп өзіңе сауал тастасаң-ақ, жаңалықтың не екенін айыру жеңілдейді.
Журналиске керек ең басты қасиеттің бірі - тыңдай білу. Негізгі ақпарат қалтарыста, сөйлеушінің сөз арасында айта салған мәліметтерінде жатуы мүмкін. Бұл ақпарат жинаудың бірінші тәсілі.
Екіншісі - түрлі құжаттар мен материалдар. Яғни заңдар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер, сот-сараптамалық қорытындысы, куәліктер, тергеу немесе зерттеу нәтижелері, баяндамалар ғана емес, баспасөз мәлімдемелері мен БАҚ материалдары, қолжазбалар, редакцияға келген хаттар.
Үшіншісі - өз көрген-түйгеніңіз. Қақтығыс аймағы, спорт жарысы, апат орны, саяси партияның съезі, т.б. толып жатқан оқиғалардың ортасында жүрген тілшінің бақылауынан туған мәліметтер. Журналист картинаны оқырманның көз алдына әкелетін детальдарды қалт жібермеуі керек.
Халықаралық декларациясы журналисттердің кəсіби мінез құлық стандартына, ақпаратты алу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық журналистика төңірегіндегі құқықтық мәселелер
Көбіне дата журналистер
Подкастты жылжыту
Кәсіби этика стандарттарын енгізу
Көркем деректі жанр түрлері
Диктор имиджін қалыптастырудың алғы шарттары
Әңгімелесу подкасттары
Қазақстандағы желілік журналистиканың даму ерекшеліктер
Ақпараттың графикасы бойынша нұсқаулық
ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ ИНТЕРНЕТ - ЖУРНАЛИСТИКИ И ТРАДИЦИОННЫХ СМИ
Пәндер