Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері

1. 1 Шағын және орта кәсіпкерлік ұғымы мен мәні

1. 2 Қазақстандағы шағын және орта бизнесті ұйымдастыру ерекшелігі

1. 3 Шағын және орта бизнес дамуының шетел тәжірибесі

2 Қазақстан республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуы

2. 1 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуы

2. 2 Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік қолдау

2. 3 Семей қаласындағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы

3 Қазақстан республикасының шағын және орта кәсіпкерліктің дамуыту мәселелері

3. 1 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының» маңызы

3. 2 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары

Қорытынды

Пайдалаған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Кіріспе


Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2009 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2010 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2011 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР - ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген [2] . Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай - ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты. Сондықтан осы ғылыми жұмыстың өзектілігі жоғарыда аталған әртүрлі аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады. Сонымен қатар шағын жәнеи орта бизнес секторының бүкіл әлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруіне байланысты проблемаларды зерттеу осы бітіру жұмысының өзектілігін анықтайды. Халықаралық сыртқы ортаға қатысты бүкіл потенциялды қиындық қазіргі кезде өте белсенді талқылануының себебі, шағын және орта бизнестің тек қана ішкі рынокқа бағдарлануына байланысты бәсекелік қабілеттің төмендігінде. Сондықтан егер біздің еліміз БСҰ - ына кірсе, онда осы сектордың елімізде экономикамызды әртараптандыруға мүмкіндігі болмай қалады. Осыған орай осы әлемдік ұйымға кірер алдында осы сектордың бәсекелік қабілеттерін жоғарлатуға бағытталған. Дамыту жолдарын зерттеу жоғарыда аталғандай, осы зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігін баянды етеді. Бітіру жұмысының мақсаты. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту жолдан зерттеу болып табылады. Курстық жұмыс мақсаты1. Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі дамытудың варианттарын зерттеу арқылы ролін қарастыру; 2. Шағын және орта бизнес субъектілерінің түрлі аспектідегі қиындықтары мен проблемаларын терең талдау мен сипаттамаларын бітіріп кету; 3. Терең талдау негізіндегі проблемаларды шешу жолдарын зертеу арқылы ҚР -дағы шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту жолдарын әзірлеу. Бітіру жұмысының маңыздылығы. Бұл ғылыми жұмыстың теориялық маңыздылығы қазіргі жағдайда өте жоғары. Сондай - ақ бұл крстық жұмыста тәжірибелік маңыздылығы да бар. Оның тәжірибелік маңыздылығы қазіргі таңдағы шағын және орта бизнестің қамтуындағы проблемалармен қиындықтарды шешу жолдарының шынайы өмірге, жүзеге асырулары бойынша рекомендацияларды ұсынумен анықталады.

Курстық жұмысының міндеттері:

  1. Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі дамытудың варианттарын зерттеуx арқылы ролін қарастыру;
  2. Шағын және орта бизнес субъектілерінің түрлі аспектідегі қиындықтары мен проблемаларын терең талдау мен сипаттамаларын бітіріп кету;
  3. Терең талдау негізіндегі проблемаларды шешу жолдарын зертеу арқылы ҚР -дағы шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту жолдарын әзірлеу.

Курстық жұмысының маңыздылығы. Бұл ғылыми жұмыстың теориялық маңыздылығы қазіргі жағдайда өте жоғары. Сондай - ақ бұл бітіру жұмысныда тәжірибелік маңыздылығы да бар. Оның тәжірибелік маңыздылығы қазіргі таңдағы шағын және орта бизнестің қамтуындағы проблемалармен қиындықтарды шешу жолдарының шынайы өмірге, жүзеге асырулары бойынша рекомендацияларды ұсынумен анықталады [1] .

1 Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері

1. 1 Шағын және орта кәсіпкерлік ұғымы мен мәні

Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын франсуз экономисі Р. Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функйионалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген. Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады4. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеф Шумпеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда

қозғалтатын өзіндік элемент. Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды. Кәсіпкерліктің анықтамасынан тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті қандай категорияға жатқызу керек екендігін нақтылап алайық. Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қаклыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндікбереді.
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі. Ірі кәсіпорындар - нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар - эконамика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі. Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ - түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек. Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады[1] . Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді. Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын ( тек заңмен тыйым салынбаған ) еркін шаруашылықты білдіреді. Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. « Бизнес » түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес - бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес ( жалпы бөлім ) : « кәсіпкерлік - азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады »5. Соған қарамастан, тәжірбиеде « кәсіпкерлік » пен « бизнес » терминдері бірін - бірі алмастыруды. Нақтылап кететін жағдай, « кәсіпкерлік » және « шағын бизнес » бірі - біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. ¬Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалықжәне материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мативі ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу [2] .

1. 2 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуы

Бизнес адамзаттың кез келген ойластырылған қызметі ретінде сендіру негізінде болсын, тиісті мағынасында және заңдық негізінде болсын мемлекетпен арадағы іскерлікті қатысушылардың экономикалық қарым-қатынастары нақты ұйымдастыруды қажет етеді. Заңмен бекітілген іскерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің ұйымдық-құқықтық формасы деп аталады.
Бизнесті ұйымдастырудың ең қарапайым тірі - бұл жеке іскерлік. Бұл жағдайда бизнесмен жеке тұлға ретінде кәсіпорынның, фирманың мәртебесін иеленбей-ақ, өздігінен, жалғыз басты болып іс-қимыл танытады. Алайда, егер бұл қызмет бір рет қана немесе кездейсоқ жүргізілмей, жүйелі түрде жүргізілетін болса, онда міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтеді. Әрбір азаматтың, мысалы, өзінің үй іргесіндегі учаскесінде көкөніс пен гүл өсіріп, оны сатуға құқығы бар. Бұндай жағдайда, егер осындай жеке іскерлік белгіленген минимумнан асатын пайда әкелсе, іскер осы пайдадан салық төлеуі тиіс.
Бірқатар жағдайларда белгілі бір жеке тұлға бизнеспен айналысуы үшін іскерліктің бірнеше түрімен айналысуға құқық беретін ақылы лицензия алу қажеттілігі құрастырылған. Егер жеке іскерлік қызмет белгілі бір мерзімге байланысты болса, мерзім мен қызмет көлеміне берілетін ақылы патент алу қажеттілігі туады. Жеке басты іскер өз шығынын өзі толық көтереді және өз қызметінің нәтижелері үшін өзі жауап беріп, бастаған ісін кез-келген уақытта тоқтата алады. Жеке іскерлік қызметінің тағы бір түр- жеке кәсіпорын, фирма, шаруа қожалғы болып табылады. Бизнестің мұндай формасындағы мекеме құру құқығы кез-келген азаматта бар. Бұл үшін ол өзінің жеке кәсіпорынын тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алуы шарт. Мұндай жағдайда аталмыш кәсіпорын тек жалғыз адамнан ғана тұрмауы мүмкін. Бұл кәсіпорынның меншік иесі іскерлік қызметтің субьектісі ретінде танылады, ол кез-келген мөлшерде қызметкерлер жалдауы мүмкін, бірақ олар іскерлік ретінде емес жалдамалы қызметкерлер қатарында саналады. Жеке іскерлік кейде отбасылы кәсіпорын түрінде көрінеді. Мұндай жағдайда жеке іскерлікпен топтық, яғни ұжымдық іскерлікке өту әдісі байқалады. Жеке бизнес жаппай көрінгенімен тар ауқымдағы қызмет болып саналады. Бизнестің адамы әлеміде жалғыз басты, іскер, өте нәзік тұлға болып көрінеді. Оның пайдасы мардымсыз және ол нарықтық аласапырыннан жеткілікті дәрежеде қорғалмайды. Сондықтан да бизнесмендер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке өтуге биімділіктерін жасырмайды. Бұл жағдайда ортақ фирма немесе кәсіпорын құру кезінде жекелеген бизнесменнің мүлікке жеке меншігі сақталады, тек бизнесмендер біртұтас команда құруға өздерінің күштерін біріктіреді. Дей тұрғанмен, серіктестерде, кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары өндіріс құрал-жабдықтарын толық немесе ішінара біріктіреді. Жеке іскерліктің бұл мүмкіндігі, оның ұжымдық әдісімен іс жүзінде қабысуы бизнесті дамытудың барынша маңызды факторы болып табылады Жеке іскерлік қызметі ұсақ бизнестің түрі ретінде өзінің кең таралуына қарамастан шектеулі мүмкіндіктерге ие болғандықтан, әдетте, болмашы ғана пайда әкеледі. Барынша ірі бизнесті ұйымдастыру үшін іскер адамдарға ірі фирмаларға бірігіп, топтық және ұжымдық іскерлікке көшуге тура келеді. Мұндай жағдайда тек қана күш-жігер емес, сонымен бірге оған қатысушылардың өндіріс құрал-жабдықтары мен капиталы да біріктіріледі. Шаруашылық серіктестігін құрушы тұлға оның құрылтайшысы болып табылады. Олар кәсіпорынға белгілі бір үлес қосып, оның қатысушысына айналады. Жалпы бастапқы салым жарғылық немесе жинақ капитал деп аталады [4] .

Шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың кәсіпорын басқару ісіне, табысты бөлуге араласуына және оны жойған жағдайда алажақтары бар тұлғалармен есеп айырысып болғаннан кейін қалған бөлікті заттай немесе ақшалай түрінде қайтарып алуына құқылары бар. Сонымен бірге серіктестікке қатысушылар өздерінің біріккен кәсіпорын алдында құрылтайлық құжаттардың талаптарын, журналды, салымдарды дер кезінде және толық беруге, коммерциялық құпияны сақтауға және тағы басқа талаптарды бұлжытпай орындау жөнінде белгілі бір міндеттемелер алады. Толық серіктестік - келісім негізіндегі жалпы бизнеске қатысушылардың ерікті бірлестігі. Іскерлік қызметті жүргізу үшін олар жалпы үлестік меншікті құратын өздерінің мүліктерін біріктіреді, яғни серіктестіктің әрбір мүшесінің аталмыш кәсіпорынға мүліктік немесе ақшалай түрде енгізген салымына сәйкес өзінің үлесі болады. Алайда, қаржылық қиындық туған жағдайда, басқаша айтқанда, серіктестіктің біріккен мүлкінің жалпы құнынан қарыз асып кеткенде, олардың мүшелері өздерінің немесе заңдық қатынас арқылы бөлінбеген болса, өздерінің отбасы мүшелерінің мүлкіменен жауап береді. Толық серіктестіктің заңды тұлға мәртебесі бар және шаруашылық қызметті субьектісінің барлық құқығына ие. Басқаша айтқанда, олар келісімдік қатынасқа барады, өзіне міндеттеме алып, оны орындауға және мемлекеттік билік ұйымдарымен өзара бірлесіп, іс-қимыл танытады. Толық серіктестіктің барлық мүшелерінің шектеусіз ынтымақтастағы жауапкершілігі оған қатысушылардың кәсіпорынды басқару ісінде ерекше құқыққа ие болуына мүмкіндік береді. Олардың әрқайсысы серіктестіктің барлық істерін жеке басқаруына және өз шешімдері мен іс-қимылдарын ешкіммен де ақылдаспай жасауына болады[5] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту
Шағын және орта бизнестің инновациялық әлеуеті
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы және дамуы
Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қалыптасуы және дамуы
Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері
Шағын және орта бизнес
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуы ТУРАЛЫ
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасындағы кіші бизнестің даму тенденциясы және оны қаржылық - несиелік қолдау механизмін талдау
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің қалыптасу ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz