Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің қалыптасу ерекшеліктері
Кіріспе
3
1 Мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылу негіздері 5
1.1 Мемлекеттік қызмет түсінігі және маңыздылығы 5
1.2 Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі 6
1.3 Мемлекеттік қызметті дамытудың шетелдік тәжірибесі 10
2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің қалыптасу ерекшеліктері 12
2.1 Мемлекеттік қызметтің үрдісі мен қарқындылығын талдау 12
2.2 ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңының жүзеге асуы 15
2.3 Мемлекеттік қызметке кадрды іріктеу жүйесі 17
3 Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің Қазақстандық тәжірбиесі
19
3.1 Мемлекеттік қызметті дамытудың қалыптасқан қазіргі үлгісі 19
3.2 Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби даярлығын жетілдіру жолдары
22
Қорытынды
28
Пайдаланған әдебиеттер 29
Мазмұны

Қазіргі кезеңде адам уақыт талабына қызмет етеді. Уақыт талабына сай болу, осы тауқыметті шешу жөніндегі негізгі тұтқалардың бірі ол өндірісті, қоғамды, жалпы экономиканы іскерлікпен басқару, нарықты экономикалық қатынастарды дамыту, оларды құқықтық тұрғыдан реттеу, ақша-несие, қаржы және валюта қатынастарын жүзеге асыру болып табылады. өндірісті басқару, басқару қағидалары мен әдістерін, құралдары мен формаларының жиынтығын мененджмент сөзінің аясына саяды. «Менджмент» – шет ел сөзі, аударғанда басқару деген мағынаны білдіреді.
Осы курстық жұмысты жазу кезінде басты ерекшелікті басқарудың нысаналығында, саналы көзқараста
Қазіргі заманның талабы, жоғары білікті, кәсіби шеберлігі мықты, жаңа технологиялар мен үрдістерді меңгере білетін, өз ісінің майталманы, болатын мемлкеттік қызметтекерлерді талап етеді. Біз де әлі де болса, ескі қағидарлармен, бағыт-бағдарымен мықтап ұстаған, бір деңгейден аса қойматйын қызметкерлер әлі де көптеп кездеседі. Уақыттың озып бара жатқаны сонша, кешегі талаптар, ережелер, жұмыс жасау әдіс-тәсілдері, т.б. толып жатқан мәселердің бәрін жаңа жүйеге келтіріп, жаңа үрдіспен қызмет ету.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа арнап өз жолдауын жариялады. Жолдаудың «Төртінші басымдық : Осы заманғы білім беруді дамыту, кадралардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі» бөлімінде ерекше айтылған. Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі.
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет.
Осы заманғы мемлекеттік менеджерлер даярлау үшін Мемлекеттік басқару академиясынаың негізінде шетелдік серіктестердің қатысуымен ең жоғары халықаралық стандартарына сәйкес келетін ұлттық басқару мектебі құрылуы қажет. Менің осы курстық жұмысымның жазу барысында ғылыми мемлекетік қызметтің осы жоғарыда тоқталып өткен тақырыптарға ерекше көңіл бөлуге тырыстым.
Қазіргі кездегі мемлекеттік қызметтің әдіс-тәсілдеріне, жаңа құрылымына, жүйелік салаларының жаңа жүйесіне өту керектігімен, дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатындығымен және қоғамдық үрдістердің сандық-сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен де түсіндіріледі.
Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейінгі аз ғана уақыт ішіндегі экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру тәжірибесі – мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық процесстерге араласуы – объективті қажеттілік екендігін

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы.
2. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы. //Егемен Қазақтан 1999ж. 15 мамыр. 3-4б.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы, «Жеті жарғы».
2000ж.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1998.10б
5. Амандықов С.К. «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Оқу құралы. – Астана. 2001ж. 348б.
6. 1 наурыз 2006 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған өзінің кезекті Жолдауы//Егемен Қазақситан, 2 наурыз
Мемлекет және құқық теориясы. –Алматы, ҚазМу баспа орталығы. 1999. 320б.
7. Берденов Қ. Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономиканың дамуы. – Алматы, 1998 ж.
8. Қазақстан Республикасының соттарының қысқаша тарихи кезеңдері. Зерттеу нәтижесі. //Тураби. 1/2001 10-11б.
9. Қазақстан Республикасының «Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңы. //Егемен Қазақстан. 1995ж. 21 қазан. 3-5б.
10. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы». Оқу құралы. Алматы. «Заң әдебиеті» 2004ж. 106б.
11. Ағдарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқулық. – Алматы: «Наз» баспа компаниясы, 2003. 328б.

1
Мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылу негіздері
5
1.1
Мемлекеттік қызмет түсінігі және маңыздылығы
5
1.2
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі
6
1.3
Мемлекеттік қызметті дамытудың шетелдік тәжірибесі
10
2
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің қалыптасу ерекшеліктері
12
2.1
Мемлекеттік қызметтің үрдісі мен қарқындылығын талдау
12
2.2
ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңының жүзеге асуы
15
2.3
Мемлекеттік қызметке кадрды іріктеу жүйесі
17
3
Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің Қазақстандық тәжірбиесі
19
3.1
Мемлекеттік қызметті дамытудың қалыптасқан қазіргі үлгісі
19
3.2
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби даярлығын жетілдіру жолдары
22
Қорытынды
28
Пайдаланған әдебиеттер
29
Мазмұны
Кіріспе
Қазіргі кезеңде адам уақыт талабына қызмет етеді. Уақыт талабына сай болу, осы тауқыметті шешу жөніндегі негізгі тұтқалардың бірі ол өндірісті, қоғамды, жалпы экономиканы іскерлікпен басқару, нарықты экономикалық қатынастарды дамыту, оларды құқықтық тұрғыдан реттеу, ақша-несие, қаржы және валюта қатынастарын жүзеге асыру болып табылады. өндірісті басқару, басқару қағидалары мен әдістерін, құралдары мен формаларының жиынтығын мененджмент сөзінің аясына саяды. Менджмент - шет ел сөзі, аударғанда басқару деген мағынаны білдіреді.
Осы курстық жұмысты жазу кезінде басты ерекшелікті басқарудың нысаналығында, саналы көзқараста
Қазіргі заманның талабы, жоғары білікті, кәсіби шеберлігі мықты, жаңа технологиялар мен үрдістерді меңгере білетін, өз ісінің майталманы, болатын мемлкеттік қызметтекерлерді талап етеді. Біз де әлі де болса, ескі қағидарлармен, бағыт-бағдарымен мықтап ұстаған, бір деңгейден аса қойматйын қызметкерлер әлі де көптеп кездеседі. Уақыттың озып бара жатқаны сонша, кешегі талаптар, ережелер, жұмыс жасау әдіс-тәсілдері, т.б. толып жатқан мәселердің бәрін жаңа жүйеге келтіріп, жаңа үрдіспен қызмет ету.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа арнап өз жолдауын жариялады. Жолдаудың Төртінші басымдық : Осы заманғы білім беруді дамыту, кадралардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі бөлімінде ерекше айтылған. Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі.
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет.
Осы заманғы мемлекеттік менеджерлер даярлау үшін Мемлекеттік басқару академиясынаың негізінде шетелдік серіктестердің қатысуымен ең жоғары халықаралық стандартарына сәйкес келетін ұлттық басқару мектебі құрылуы қажет. Менің осы курстық жұмысымның жазу барысында ғылыми мемлекетік қызметтің осы жоғарыда тоқталып өткен тақырыптарға ерекше көңіл бөлуге тырыстым.
Қазіргі кездегі мемлекеттік қызметтің әдіс-тәсілдеріне, жаңа құрылымына, жүйелік салаларының жаңа жүйесіне өту керектігімен, дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатындығымен және қоғамдық үрдістердің сандық-сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен де түсіндіріледі.
Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейінгі аз ғана уақыт ішіндегі экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру тәжірибесі - мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық процесстерге араласуы - объективті қажеттілік екендігін
түпкілікті түсінуге мәжбүр етті. Оның объективтілігі ұлттық санақ жүргізудің жаңа жүйесіне өту керектігімен, экономикалық дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатындығымен және макроэкономикалық үрдістердің сандық-сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен де түсіндіріледі.
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет ролінің күшеюі мемлекетаралық экономикалық интеграциялық объективтілігі және экологияның кең ауқымды мәселелерін әлемдік деңгейде қажеттілігімен байланысты екендігін де атап өту керек. Мұның бәрі де жас экономиканы жан-жақты зерделеу қажеттілігі туралы мәселені күн тәртібінде қойып отыр. Қазіргі нарыққа өту кезеңінде экономиканы мемлекеттік қызметтің ғылыми-әдістемелік негіздерімен қатар тәжірибесін де танып-білу маңызды рөл атқарады.
Мұнда танып-білудің маңыздылығы Қазақстан экономикасы мәселелерінің түрлері мен әдістерін бір жүйеде әлі де зерттеле қоймағандығына байланысты да біршама арта түседі. Соңғы кезде
Ж.О.Ихданов, Ә.О.Орманбеков және т.б. отандық ғалымдарымыздың баспасөз бетінде және жеке еңбектерңінде экономиканы мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелері деп көпшілік талқысына ұсынды. Сол ғалымдарымыздың еңбектерін егжей-тегжейлі талдау жасай отырып, өз тың тұжырымдамаларды ұсынамын.
1 Мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылу негіздері
1.1 Мемлекеттік қызмет түсінігі және маңыздылығы
Әкімшілік құқықтың құрамдас бір бөлігі мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызмет - мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі принциптермен негіз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған тағы басқа принциптері.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б.
Ерікті еңбек ету құқығы. Қазақстан Республикасы Конституцияның 24-бабына сәйкес: "Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауынақұқығы бар". Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз қалауынша жұмысқа тұра алады және одан өз еркімен шығып кете алады дегенді білдіреді. Жұмыспен айналысқысы келетінін, қанша жұмыс істегісі келетінін азамат өзі шешеді. Конституцияның келтірілген бабында: "Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі" делінген. Бұл егер адам қылмыс жасаса еріксіз еңбек ету қолданылуымүмкін дегенді білдіреді. Сондай-ақ жағдай қоғам мен адам қауіпсіздігіне қауіп төндірсе олар құтқару жұмыстарына еріксіз тартылуы мүмкін.
Қызмет түрін ерікті түрде таңдау мынаны білдіреді. Азамта қайда жұмыс істегісі келсе, сонда істей алады. Ол мемлекеттік ұйым немесе жеке меншік болуы мүмкін немесе үйінде отырып, үй жұмысымен айналысуы мүмкін. Сондай-ақ ол кітап жаза алады, сурет сала алады және де басқа еңбекпен айналыса алады. Ол кәсіпкерлікпен, мал өсірумен, бақташылықпен, т.б. айналысуы мүмкін.
Қызмет түрін ерікті таңдауға қойылатын шектеудің мәні мынада, адам сауда жасауға заңды тыйым салынған заттарды ста алмайды, адамдарды заңсыз емдеуді жүзеге асыра алмайды. Мысалы, есірткі заттарын сатумен айналысу және т.б.
Еңбек шарты. Қазіргі жағдайларда еңбек қатынастарына тұру үшін еңбек шартын жасау керек. Оның қарастырылған "Азаматтық құқық" тарауындағы азаматтық құқық шартынан айырмашылығы мынада: еңбек шартының міндеті - қызметкердің және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасында заңнамаға сәйкес жасалуы керек.
Еңбек шартының мерзімі. Еңбек шарты әрқашан уақытша шеңберде әрекет етеді. Бірқатар жағдайларда уақытша шеңберлер шарттың әрекет етуі мерзіміне байланысты болады. Шартқа отырған тараптар оның әрекет ету мерзімін түрліше белгілеуі мүмкін. Дәлірек айтқанда, екі ұшты мерзім қояды. Ол қызметкер жұмысқа тұрақты мерзімге қабылданады деген сөз. Бұл жағдайда қызметкер шарттың мерзімі өтуіне байланысты жұмыстан шығарылмайды.
Жұмысқа қабылдау кезеңіндегі сынақ мерзімі. Қызметкердің тапсырылған жұмысқа сай келетінін тексеру үшін сынақ белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі туралы қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде ескертіледі. Сынақ мерзімі үш айдан аспауы тиіс. Ол қызметкердің ауырып қалуына, басқа да дәлелді себептерге байланысты тоқтатылуы мүмкін. Олар "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" заңның 30-бабында көрсетілген.
Қызметкер әскери қызметке шақырылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметкер шақыру туралы құжатын көрсеткен соң үш күндік мерзім ішінде жұмыстан босатылады.
Егер қызметкер қылмысы үшін сотталса, шарт бұзылады және қолданылған жаза бұрынғы жұмысын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік бермейді.
Еңбек жағдайларында жұмыс беруші, қызметкерге оның атқаратынынан артық талап қоя алмайды. Қызметкер еңбек шарты бойынша өзіне алған міндеттерді орындаудан жалтара алмайды.
Еңбек жағдайлары қызметкердің өмірі мен денмаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, гигиена талаптарға сай болуы тиіс.Қызметкердің толық қанды демалуға, қажетті материалдық қажеттіктерін қанағаттандыруға мүмкіндігі болуға тиіс. Оның білім алуға(жалғастыруға), т.б. мүмкіндігі болуы керек. Еңбек жағдайлары бойынша заңнамалық талаптар азаматтардың табиғи, әлеуметтік мұқтаждарына(сұранымдарына) сәйкес белгіленеді. .[3]
Жұмыс уақыты. Қызметкердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету және басқа себептермен шаршап шалдыңуына жол бермес үшін жұмыс уақытының нормалары қойылады. Оларды белгілеудің зор тәжірибелік маңызы бар. Айтылғандардан байқалғандай, қызметкердің денсаулығы қорғалады.
1.2 Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі
Халықаралық практикада мемлекеттік қызметтің екі үлгілік моделін бөліп қарастыруға болады - баспалдақтық және позициялық.
Мемлекеттік қызметке кіру мен оны атқару тәртібіне қатысты осы модельдердегі айырмашылықтарға қарамастан, оларға мемлекеттік қызмет тиімділігін қамтамасыз ететін бірқатар жалпы шарттар тән.
Біріншісі - мемлекеттік қызметшілерді саяси тағайындалатындар және кәсіби орындаушылар деп бөлу. Екіншісі - мемлекеттік қызметке конкурстық негізде қабылдау, бұл мемлекеттік қызметке білікті әрі құзыретті мамандарды іріктеп алуға мүмкіндік береді және кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың патронаждық жүйесі үшін мүмкіндіктерді азайтады.
Мемлекеттік қызметтің жоғары беделі мен мәртебесі шетелдердегі мемлекеттік қызмет жүйесінің маңызды ерекшелігі болып табылады.
Қазіргі кезде, көптеген елдер мемлекеттік басқарудың ұлттық жүйесінің ерекшелектерін ескеретін мемлекеттік қызметтің аралас моделін құруды жөн көреді.
Мемлекеттік қызметтің көптеген тиімді модельдерінде (Нидерланды, Сингапур, АҚШ, Италия) жоғары мемлекеттік қызмет институты қолданылады, ол саяси шешімдер қабылдау процесін оларды іске асыру процесінен ажыратуға бағытталған. Жоғары мемлекеттік қызметтің функциялары жалпы мемлекеттік саясатқа сәйкес басқару талаптарын әзірлеу және әкімшілік қызметті жүргізу болып табылады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделі мемлекеттік қызметтің баспалдақтық және позициялық модельдерінің элементтерін қамтып, аралас болып қалады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде корпустық вертикаль: мемлекеттік саяси қызметшілер, А басқарушылық корпусы және Б атқарушылық корпусы айқын көрініс табатын болады.
Жаңа модельді қалыптастыру 2012 жылға қарай үш корпусқа негізделген мемлекеттік лауазымдардың жаңа тізілімін бекітуді көздейді.
Мемлекеттік саяси қызметшілер корпусына мемлекеттік саясатты қалыптастыратын, мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылық етуді жүзеге асыратын, тиісті саладағы мемлекеттік дамудың стратегиялық бағыттарын айқындайтын қызметшілер, сондай-ақ тағайындалуы саяси-шешуші сипатқа ие қызметшілер енгізіледі.
Мемлекеттік саяси қызметшілер корпусына мынадай лауазымдар: орталық мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың бірінші басшылары, олардың орынбасарлары, облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері және олардың орынбасарлары, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын басқа да мемлекеттік лауазымдар енгізілетін болады.
Жаңа модельде мемлекеттік әкімшілік қызмет құрылымында мемлекеттік саяси қызметшілер қалыптастыратын саясатты іске асыруды және стратегиялық шешімдер қабылдау мен оларды орындау арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін А басқарушылық корпусы құрылатын болады.
А басқарушылық корпусының әкімшілік лауазымдарына тағайындау тек қана кадр резервінен жүзеге асырылатын болады. Оны пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету үшін кандидаттың А корпусының кадр резервінде тұру міндеттілігін көздейтін құқықтық норма қарастырылатын болады.
Саяси кадр резервін және мемлекеттік әкімшілік қызметтің А басқарушылық корпусының кадр резервін қалыптастыруды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия мемлекеттік органдардың және облыстар, астана, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің ұсыныстары негізінде жүзеге асыратын болады.
Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын болады.
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мемлекеттік саяси лауазымдар тізілімі қайта қаралып, мемлекеттік саяси қызметшілер саны шектелетін болады. Жауапты хатшы лауазымына тағайындалған адамның рөлі мен жауапкершілік дәрежесі нақты айқындалып, оны тағайындаудың ашық, транспарентті, сіңірген еңбегіне негізделген тетігі әзірленетін болады.
Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мемлекеттік қызметті дамыту басымдықтары ескеріле отырып, жауапты хатшы лауазымы А басқарушылық корпусына жатқызылатын болады, тиісінше, жауапты хатшылардың өкілеттіктері, құқықтары, міндеттері осы корпустың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер шеңберінде айқындалатын болады.
Сондай-ақ, мемлекеттік орган жұмысындағы сабақтастықты сақтау мақсатында мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының лауазымда болу кезеңіне қарамастан, жауапты хатшылар белгілі бір мерзімге тағайындалатын болады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметтің А корпусына іріктеу өздерін кәсіби құзыретті және тиімді жұмыс істейтін қызметкерлер ретінде көрсеткен Б атқарушылық корпусына жатқызылған мемлекеттік қызметшілер қатарынан тұрақты рекрутинг негізінде жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, қолда бар кадр әлеуетін кеңейту және мемлекеттік қызмет жүйесінің ашықтығы әлеуметтік лифт тетігі есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Осы тетік мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын, бірақ мемлекеттік ұйымдарда және жеке секторда басшы лауазымдарды атқаратын кәсіби даярлығы бар кадрларға А корпусының кадр резервіне енгізу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға мүмкіндік береді.
Саяси кадр резервіне және А басқарушылық корпусының кадр резервіне қосу критерийлері мемлекеттік қызмет істер жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша жеке нормативтік құқықтық актімен айқындалатын болады.
Атап айтқанда, кандидатты саяси кадр резервіне және мемлекеттік әкімшілік қызметтің А басқарушылық корпусының кадр резервіне қосу туралы шешім қабылдауға негіз ретінде мынадай критерийлерді:
* білім деңгейі мен бейінін,
* жұмыс өтілі мен тәжірибесін,
* кәсіби және жеке құзыреттерін бағалауды,
* қызметтік этиканы сақтауды,
Мемлекеттік саяси қызметшінің не басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі мол А басқарушылық корпусы әкімшілік қызметшісінің жазбаша ұсынымының болуын айқындаған жөн.
Кандидаттарға А басқарушылық корпусына кіру үшін мемлекеттік қызметшінің басқару лауазымында функционалдық міндеттерін тиімді орындау ісінде маңызды кәсіби және жеке құзыреттерді бағалау қолданылатын болады.
Кәсіби және жеке құзыреттерінің негізінде тестілеу, сондай-ақ кәсіби бағдарланған әңгімелесу мен емтихандар өткізу мемлекеттік әкімшілік А басқарушылық корпусының кадр резервіне конкурстық іріктеудің тетіктері болады.
Саяси лауазымды атқаратын мемлекеттік орган басшысы ауысқан кезде мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жұмысының тұрақтылығын және ведомствоішілік сабақтастықты қамтамасыз ететін тиімді тетікті қалыптастыру үшін мемлекеттік қызметшінің А корпусында лауазымда болу мерзімі белгіленетін болады.
Қызметшіні А басқарушылық корпусы лауазымына тағайындау және лауазымынан босату Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісілетін болады.
Кәсіби және басқару дағдыларының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметшілерді ротациялауды жүргізу көзделеді.
Мемлекеттік қызметшілерді ротациялау жүйелі негізде мынадай: деңгейаралық (орталық - өңір, өңір - орталық), өңіраралық (өңір - өңір), сектораралық (орталық - орталық) схемалары бойынша жүргізілетін болады, бұл орталық мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға кәсіби кадрлардың көптеп келе бастауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметшілерді ротациялауды жүргізудің шарттары мен тәртібі мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен айқындалатын болады.
Мемлекеттік қызметті деңгейаралық және өңіраралық ротациялауды табысты жүргізу үшін әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде лауазымдық жалақыға үстемақылар (өңірлік коэффициенттер) белгілеу тетігі әзірленетін болады және өңірлерде ротациялау тәртібімен тағайындалатын мемлекеттік қызметшілер үшін тұрғын үй қорының болуы қамтамасыз етілетін болады. .[5]
Жұмыс істеп жатқан мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді басқарушылық корпусқа және атқарушылық корпусқа бөлу лауазымдық критерий бойынша жүзеге асырылатын болады (мемлекеттік қызметшінің қазіргі кезде атқаратын лауазымына сәйкес).
Мемлекеттік әкімшілік кызметтің Б атқарушылық корпусына атқарушы лауазымдардағы мемлекеттік кызметшілер (А корпусына жатпайтын лаузымдар) кіретін болады.
Б корпусындағы мемлекеттік қызметшілерінің негізгі міндеті А басқарушылық корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің талаптарын сәйкес мемлекеттік саясатты іске асыру (атқарушылық қызмет) болады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттар бойынша қолданыстағы тізілімінің оң практикасы ескеріле отырып, мемлекеттік әкімшілік қызметтің А басқарушылық корпусының және Б атқарушылық корпусының лауазымдары үшін санаттар белгіленетін болады.
Мемлекеттік әкімшілік қызмет құрылымында А және Б корпустарын қалыптастыру кезінде қолданыстағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін оңтайландыру көзделеді.
Үш корпусқа негізделген мемлекеттік лауазымдар тізілімін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін болады.
1.3 Мемлекеттік қызметті дамытудың шетелдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігімен (бұдан әрі - Агенттік) орталық мемлекеттік органдардың қажеттілігі бойынша, шет елдерде біліктілігін арттыру бағдарламасының 2009 жылға арналған республикалық тізбесі бекітілді.
Тізбені әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына, Қазақстан Республикасының 2030 дейінгі даму стратегиясында бекітілген стратегиялық құжаттарға, 2003-2015жж индустриалды-инновациялық даму стратегиясына, Елбасының жыл сайынғы жолдауы және де басқа стратегиялық құжаттарға ерекше назар аударылды.
Біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру мақсатында Агенттік шетелдік мемлекеттік қызмет істері жұмыстарын жүргізді. Жасалған жұмысқа талдау жасай келе, 2009 жылы әріптестер ретінде келесі жетекші білім беру және ғылым орталықтары нақтыланды:
:: РФ Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызметшілер Академиясы, Мәскеу қаласы;
:: Германия мемлекеттік басқару мектебі, Берлин қаласы;
:: Голландия мемлекеттік басқару институты, Гаага қаласы;
:: Лондон экономика және саясат мектебі, Лондон қаласы;
:: Дьюк университеті, Дюрем қаласы;
:: Франция Ұлттық Мемлекеттік басқару мектебі, Париж қаласы;
:: Ли Куан Ю атындағы Ұлттық университетінің Сингапур Мемлекеттік саясат мектебі, Сингапур қаласы;
:: Малайзия ақпараттық технология университеті, Куала-Лумпур қаласы.
Жоғарыда аталған оқу орталықтары әлемдегі жетекші оқу орындары және мемлекеттік қызметшілерді даярлауда мамандандырылған не елеулі бәсекеге ие артықшылықтары бар оқу орындары болып табылады. Мысалы, Сингапур Ұлттық университетінде индустриалды-инновациялық даму саласын зерттеуде және оқытуда үлкен тәжірибе жинақталған. Лондон экономика және саясат мектебі, экономика және саяси ғылым саласында Гарвард жоғарғы оқу орынымен тең дәрежедегі әлемдегі озат оқу орны, оның ішінде 5 оқытушы экономика саласындағы атақты жетістіктері үшін Нобель сыйлығына ие болған. Мемлекеттік басқару мектебі (ENA) жоғарғы буынды мемлекеттік қызметкерлерді даярлау саласында Француз Республикасындағы жалғыз жоғарғы оқу орны болып табылады.
Сонымен қатар, Лондон экономика және саясат мектебі, Сингапур Ұлттық Университеті, Дьюк Университеті әлемдегі 20 үздік жоғарғы оқу орнының қатарына енген.
2009 жылы Агенттік ҚР Президенті Әкімшілігінің ескертулерін жою мақсатында, Шетелде мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру 006 бағдарламасының тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар шаралар атқарды.
Агенттік Республикалық комиссияның шешімі бойынша, Агенттік пен мемлекеттік қызметкер арасындағы келісімнің 2 бөлімі, 2.2 тармағының 2.3 тармақшасына өзгерістер енгізді. Берілген мөлшерге сәйкес, біліктілігін арттыру курсының тыңдаушылары, біліктілігін арттыру курсы аяқталғаннан кейінгі 10 күн ішінде сараптамалық есеп беруге міндетті.
Сонымен қатар, Агенттік сараптамалық есептің үлгілерін әзірледі және ол бойынша шетелде оқып келген мемлекеттік қызметшілер алған өз тәжірибелерін салалас мемлекеттік органдарда пайдалану туралы пікірлерін топ басшысына ұсынады. Топ басшысы өткізілген курс бойынша жалпы талдамалық көзқарасын әзірлеп, оқыту курсын жетілдіру бойынша пікірін қосып, Агенттікке ұсынады.
Сараптамалық есеппен қатар, Агенттік сауалнама-сұраулар әзірледі. Сауалнаманың нәтижесі бойынша, Агенттік оқу курстарын жетілдіріп, оқу бағдарламаларына өзгертулер мен толықтаулар енгізу мақсатында, сараптамалық шолуының жалпы мағлұматын шетелдік әріптестерге ұсынады.
Үміткерлерді алғашқы іріктеу рәсімін оңтайландыру және талапкерлерді таңдау кезінде немқұрайлылықты жою мақсатында, мемлекеттік орган Агенттікке конкурс құжаттарын ұсынғанда біліктілікті арттыру курсының бағдарламасына сәйкес оқуға жіберілетін үміткердің лауазымды өкілеттілігін қосымша жазып көрсетеді.
Сонымен қатар, біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша шетелде оқығандардың қайталап баруын болдырмау мақсатында, Агенттік 2005-2009 жылдарды қамтитын мемлекеттік органдар бойынша шетелде оқып келген мемлекеттік қызметшілердің аты-жөні көрсетілген электронды мәліметтер базасы бар мониторингті енгізді.
2009 жылдың басынан 006 Шетелде мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру республикалық бюджеттік бағдарламасымен орталық мемлекеттік органдардан 174 қызметкер оқытылды, осы мақсатқа 231 млн. 161 мың теңге жұмсалды.
Агенттік 2009 жылы біліктілікті арттыру бойынша келесі тақырыптардағы курстарды ұйымдастырды және өткізді. .[7]
2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің қалыптасу ерекшеліктері
2.1 Мемлекеттік қызметтің үрдісі мен қарқындылығын талдау
Мемлекеттік қызмет жаңа моделінің Тұжырымдамасына арналған баспасөз мәслихаты өтті
2011 жылдың 10 тамызы күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Алихан Байменовтің қатысуымен Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі Тұжырымдамасының негізгі қағидаларына арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Қазақстан Республикасында тәуелсіздік жылдары кәсіби әрі тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөнінде бірқатар шаралар қолға алынды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік қызмет туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2730 Заң күші бар Жарлығы мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыруға негіз қалаған тұңғыш нормативтік акт болды. Кейіннен мемлекеттік қызметті дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары Қазақстан - 2030 стратегиясында айқындалды. 1999 жылы қабылданған және бүгінгі таңда қолданылып отырған Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы қазіргі заманғы мемлекеттік қызметтің негізін қалады.
2000-шы жылдардың басында Дүниежүзілік банк Қазақстанды ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында мемлекеттік қызмет саласындағы реформалардың көшбасшысы деп таныды. Қазақстанда бұрынғы кеңестік кеңістікте алғаш рет мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу енгізілді, мемлекеттік лауазымдар саяси және әкімшілік болып бөлініп, мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру жөніндегі шаралар іске асырылды.
Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекеттік қызмет жүйесінде бірқатар проблемалар қордаланған, атап айтқанда:
* конкурстық тестілеу мен іріктеу объективтілігінің және
ашықтығының жеткіліксіздігі;
* лауазымдық жоғарылату (ауысу тәртібімен тағайындау) кезінде
меритократия қағидатының сақталмауы;
* қызмет сапасын бағалау мен еңбекке ақы төлеу деңгейінің өзара
байланысының болмауы;
* оқыту жүйесі тиімділігінің жеткіліксіздігі;
* мемлекеттік органның басшысы әкім ауысқан кезде кадрлық
сабақтастықтың бұзылуы және кадрлардың жиі ауысуы;
* іріктеу, бағалау және жоғарылату кезінде кадр қызметтері рөлінің
төмен болуы;
* сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерінің әлсіздігі;
* қызметтік этика нормаларының сақталмауы және корпоративтік
мәдениет деңгейінің төмен болуы.
Аталған проблемалар, Мемлекет басшысы мемлекеттік аппараттың, атап айтқанда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алдына қойған басым міндеттер, сондай-ақ қоғам тарапынан нәтиже күту Мемлекеттік қызмет жаңа моделінің тұжырымдамасын қабылдау қажеттігін туындатты. .
Тұжырымдама мемлекеттік қызмет жүйесіндегі реформалаудың жаңа кезеңінің негізін қалайды.
Тұжырымдаманы іске асырудың нысаналы индикаторлары болып мыналар айқындалды:
* кадрларды конкурстық іріктеу жүйесіне халық сенімінің деңгейін
арттыру;
* мемлекеттік қызметте меритократия қағидатының сақталуына
сенім деңгейін арттыру;
* мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттыру, оның ішінде
мемлекеттік органның басшысы ауысқан кезде мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерді негізсіз босатудан қорғау;
* жоғары корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және
мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық этикасын жетілдіру;
* мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру.
Тұжырымдамада мынадай жаңалықтар көзделген:
Жаңа корпустық вертикальды қалыптастыру
Мемлекеттік саяси қызметшілер - тағайындалатындар, саланы дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындайтын және тағайындалуы саяси-шешуші сипатқа ие қызметшілер (шамамен 0,4 - 0,6 %);
А корпусы - стратегиялық шешімдер қабылдау мен оларды орындау арасындағы өзара байланысты, сондай-ақ мемлекеттік органның кадр саясаты мен ұзақ мерзімді міндеттерін іске асырудағы сабақтастықты қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметтің басқарушы элитасы (0,8 - 1 %);
А корпусына жауапты хатшылар, Үкіметтің ұсынысы бойынша айқындалатын орталық мемлекеттік органдар комитеттерінің төрағалары, жекелеген департаменттерінің директорлары лауазымдарын, сондай-ақ бірқатар өзге де жоғары әкімшілік лауазымдарын қосу көзделіп отыр;
А басқарушылық корпусының кадр резервін қалыптастыруды және А корпусының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты кадр саясатын жүргізуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы басқаратын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия жүзеге асыратын болады;
Б корпусы - заңнама нормаларына, әкімшілік стандарттары мен регламенттерге; А басқарушылық корпусының талаптарына сәйкес іске асыру (атқарушылық) қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер (98 %-дан астам).
Б корпусына іріктеу екі кезеңнен тұратын конкурс негізінде жүзеге асырылатын болады.
Бірінші кезеңде Агенттік белгілі бір мерзімділікпен (мысалы, айына бір рет) заңнаманы білу жөніндегі тестілеудің негізінде және кәсіби және жеке құзыреттері бойынша кадр резервіне жинақтауды жүргізетін болады, қажет болған жағдайда әңгімелесуді, эссе жазуды өткізеді. .[4]
Екінші кезеңде мемлекеттік орган резервистер қатарынан ғана бос лауазымға конкурс өткізеді.
Конкурстық іріктеудің ашықтығы мен объективтілігінің аса жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар, атап айтқанда: мемлекеттік органдардың конкурстық комиссияларының құрамына сыртқы сарапшыларды қосу, конкурстық комиссия мүшелерінің жауапкершілігін белгілеу, әңгімелесу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету (БАҚ, қоғамдық бірлестіктер өкілдерін шақыру, аудио- және бейнебақылау) көзделеді.
Бүгінгі таңда тағайындаулардың 50 - 70 пайызы ауысу тәртібімен жүзеге асырылады. Бұл рәсім формальды сипатқа ие, іс жүзінде мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді саяси тағайындау орын алады.
Алдағы уақытта ауысу тәртібімен тағайындау кезінде бұрынғы лауазымдағы жұмысын бағалауды, бұрынғы жұмыс орнынан ұсынымхаттың болуын ескеру көзделіп отыр. Мемлекеттік қызметшілерді баспалдақтап жоғарылату жұмыс сапасын бағалауға негізделетін болады.
Мемлекеттік қызметшілерді іріктеуде, бағалауда және баспалдақтап жоғарылатуда мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің рөлі арттырылатын болады. Кадр қызметтерінің басшыларына арнайы біліктілік талаптары белгіленетін болады, ал оларды тағайындау Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен келісім бойынша жүзеге асырылатын болады.
Мемлекеттік қызмет персоналын басқаруды жетілдіру мақсатында е-қызмет жүйесін енгізу жоспарланып отыр, ол Агенттікке, мүдделі мемлекеттік органдарға, кадр қызметтеріне онлайн режимінде орталық және өңірлік деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерге қатысты толық өзекті кадрлық ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызмет жүйесінде ынталандыру мен еңбекақы төлеу жүйесі де жетілдірілетін болады.
Мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін жетілдіру, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, өңірлік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру орталықтары қызметінің сапасын арттыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы нормалары жетілдіріледі, мемлекеттік қызметшілердің еңбегін ұйымдастырудың сапасын арттыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Азаматтық қоғам институттарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықты кеңейту, транспаренттікті және қоғам алдындағы есептілікті арттыру мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру шараларының бірі болмақ.
Жалпы алғанда, Мемлекет басшысы қойған және Тұжырымдамада қамтылған мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру жөніндегі міндеттерді іске асыру мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге тиіс, яғни мемлекеттік қызмет ұлт пен қоғамға қызмет ету ұғымымен мағыналас болуы керек.
2.2 ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңының жүзеге асуы
Елімізде 1999 жылдың 23 шілдесінде Мемлекеттік қызмет туралы Заң, бұдан соң мемлекеттік қызмет саласын реттейтін бірқатар заңдық күші бар құқықтық актілер қабылданды. Осылайша Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып мемлекеттік қызмет реформасын табысты жүргізіп келеді.
Елімізде мемлекеттік қызмет деген ұғым қалыптасып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық ережесі заңды түрде бекітілді, мемлекеттік қызметке келудің, онда болудың және қызметті тоқтатудың мәселелеріне байланысты талаптар белгіленді. Сонымен қатар, кадрларды басқару саласында оның тиімділігін арттыруға негіз қалаған белгілі жүйе қалыптаса бастады.
Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және оны кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік қызмет өтілі туралы ереже, Мемлекеттік қызметшілердің біліктілік кластары туралы ереже, Мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізу тәртібі мен шарттары туралы ереже және басқа да бірқатар маңызды құжаттар кадрларды басқарудың нормативтік-құқықтық базасын айтарлықтай нығайтты.
2005 жылдың 3 мамырында ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексі туралы Елбасының Жарлығы шықты. Ал 2011 жылдың 1 сәуірінде оның жаңа нұсқасы бекітілді. Дәйекті және жүйелі жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесінде мемлекеттік қызметтің Қазақстандық моделі қалыптасты, мемлекеттік басқарудың оңтайлы жүйесі жасақталды, мемлекеттік аппарат жұмысының нәтижелілігі артты. Дейтұрғанмен, мемлекеттік қызметті жетілдіру - тұрақты назар аударуды қажет етіп отыратын және үздіксіз жүргізілетін процесс деп айтуға болады.
Мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері Мемлекет басшысының ерекше назарында. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 2008 жылдың 17 маусымында Астанада өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда... ...бұдан былайғы реформаларды белсенді жүргізудің негізгі элементі ретінде мемлекеттік қызметтің жаңа сапасын талап етеді - деді. Елбасының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметтің жаңа моделі туралы тұжырымдама дайындалуда. Онда, біріншіден, мемлекеттік қызметтің өзінің мәртебесін нығайтып, мемлекеттік кадр саясатын Қазақстанның айрықша маңызды ұлттық басымдығы санатына көтеруді, екіншіден, мемлекеттік қызмет қағидаттарын қайта қарау.
Кадрларды іріктеу, сапасын арттыру бөлігінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің, мемлекеттік органдардағы кадр қызметтерінің рөлін күшейту керектігі, ол үшін оларды әдістемелік тұрғыда агенттікке бағындыру керек екені де айтылған. .[6]
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі қазіргі кадрлық жағдай, әкімшілік реформа жүргізу қажеттілігі кадрлық жұмыс жүйесін ұйымдастыруда айтарлықтай өзгерістерді қажет етеді. Шындығында кадр қызметтерінің жұмысы бүгін жоғары басшының нұсқауы бойынша жаңа қызметкерді қаттаумен шектелетіні ешкімге жасырын емес. Мемлекеттік органдардағы кадрлар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz