Құс топтары


Жоспары:
- Құс топтары
1. 1 Қыртөссіздер немесе жүгіретін құстар
1. 2 Жүзетін құстар (пингвиндер)
1. 3 Қыртөсті (ұшатын) құстар
1. 4 Ашық далалы алқаптардағы құстар
1. 5 Қыстай шығатын құстар
1. 6 Сұңқартәріздестер
1. 7 Тауықтәріздестер
1. 8 Тырнатәріздестер
- Жапалақтәріздестер
- Торғайтәріздестер
- Пайдаланылған әдебиеттер
Құстар (лат. Aves ) - омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы. Құстардың эволюциялық даму сатысы 4 кезеңге бөлінеді:
- алғашқы құстар- археоптерикс;
- тісті құстар;
- қырсыз жалпақ төстілер- түйеқұстар, киви, пингвиндер;
- қырлы төсті құстар.
Құстар - жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар) . Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.
Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар (жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі (оның 28 отряды осы кезде де кездеседі) желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстар деп бөлінеді. Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына дейінгі барлық табиғи белдемдерде таралған.
Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары деп бөледі. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1, 8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. Тіссіз, жақсы ұшатын ихтиорнистер қазіргі құстарға өте жақын болған. Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы - олардың ауада ұша алатындығы. Атап айтқанда, алдыңғы аяғы қанатқа айналған, төс, сан және мойын бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйектері жұқа, көбінің іші ауаға толы қуыс болғандықтан және бір-бірімен жіксіз тұтасатындықтан, қаңқасы жеңіл әрі берік. Құстарда тек құйымшақ безі ғана болады (ол су құстарында жақсы жетілген) . Жүрегі 4 камералы. Зат алмасу процесінің тез және қарқынды жүруі - олардың ұшуына қажетті энергия бөлінуін және дене температурасының тұрақты әрі жоғары болуын (38 - 41°С) қамтамасыз етеді. Құс қанаты, қауырсыны ұшу, қозғалу құралы ғана емес, денедегі жылылықтың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді және шамадан тыс салқындаудан немесе қызып кетуден сақтайды. Ас қорыту органдары қоректі көп мөлшерде қабылдап, тез қорытуға бейімделген. Ұшу кезінде құстардан көп энергия бөлінетіндіктен, жоғары калориялы қоректі қажет етеді. Тыныс алу жүйесі ұшуға байланысты ерекше өзгеріске ұшыраған. Құстардың ішкі органдары мен бұлшық еттері арасында және тері астында жалпы көлемі өкпеден едәуір үлкен 9 - 10 ауа қапшықтары болады. Олар өкпемен кеңірдек арқылы байланысқан. Сондықтан құстар ұшу кезінде қанатын жайғанда кеуде қуысы кеңейіп, өкпеге енген ауа осы ауа қапшықтарына өтеді. Ал қанатын қомдағанда кеуде қуысы кішірейіп, ауа қапшығындағы ауа өкпе арқылы сыртқа шығады. Құстардың өкпесінде қан оттегімен екі рет (дем алған кезде және дем шығарған кезде де) тотығады. Оны қосарлы тыныс алу деп атайды. Бұл тек құстарға ғана тән қасиет. Құстардың жүйке жүйесі жақсы дамыған, миы үлкен, ми сыңарлары, көру орталығы, мишығы жақсы жетілген. Құстардың сезім органдарының дамуы әр түрлі. Тез ұшатын үкі, жапалақ, басқа да жыртқыш құстардың көзі жақсы жетілген. Иіс сезу көп құстарда жетілмеген, ал дыбыс есту қабілеттілігі жақсы дамыған. Құстардың көру және есту органдарының жақсы дамуы, олардың алыс және жақын кеңістіктерді игеруіне, мезгілімен қоныс аударып, түрішілік және түраралық қатынас жасауына әсер етіп, құс тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Құстар 1-ден 20 - 25-ке дейін жұмыртқа салады. Оны 12 күннен 80 күнге дейін басады. Құстар өсімдіктерді тозаңдандырып, олардың тұқымдарын таратады, зиянды жәндіктер мен кемірушілерді құртып, олардың табиғаттағы санын реттеуге қатысады. Кейбір түрлері бау-бақшаға, егістікке зиянын тигізіп, әр түрлі жұқпалы, паразиттік аурулардың қоздырғыштарын таратады.
1868 ж. Вена қаласында (Aвстрия) алғаш рет құстарды қорғау туралы ресми шешім қабылданған. 1922 ж. Құстарды қорғаудың Халықаралық кеңесі құрылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” құстардың 209 түрі мен 83 түр тармағы, ал Қазақстанның “Қызыл кітабына” 56 түрі енгізілген.
Құс топтары
Құстарды дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты 3 топқа бөледі. Олар: қыртөссіздер (жүгіретін құстар) ; жүзетін құстар (пингвиндер) ; қыртөстілер (ұшатын құстар) .
Қыртөссіздер немесе жүгіретін құстар
Бұлардың төс сүйегі жалпақ әрі оның қыры болмайды. Олар ұша алмайды, бірақ құрлықта (ашық алаңқай жерлерде) өте жылдам жүгіреді. Қанат қауырсындары доғалданып келген, аяқтары өте жақсы жетілген. Бұған барлық құрлықта кездесетін түйеқұстар жатады. Оларды тіршілік ететін аймақтарын сәйкес жеке отрядтарға топтастырады. Мысалы: африкалық түйеқус (страус), америкалық түйеқус (нанду), австралиялық түйеқұстар (эму, казуар) және Жаңа Зеландияда кездесетін қанатсыз түйеқус (киви) деп аталады. Түйеқұстардың ең ірісі - африкалық түйеқұс (страус) . Олардың басқа құстардан басты айырмашылығы - аяқтарында екі ғана саусақ болады. Өте ірілерінің салмағы 90 килограмға жетелі. Африка да, өзге де ел дер де арнайы қолда әсіре ді. Оның етін, жүмыртқасын тағам ретінде, ал қауырсынын әсемдік үшін пайдаланады. Африкалық түйеқұс Қазақстанда да қолда өсіріле бастады. Түйеқұстардың ішіндегі ең кіші түрі - киви, оның салмағы 2 - 3 килограмдай. Ол Жаңа Зеландия аралдарында кездеседі. Оның жұмыртқасы өте ірі (0, 5 кг) . Түйеқұстар өсімдіктермен де, ұсақ бунақденелілермен де қоректенеді.
Нанду - үш саусақты, қанаты жақсы дамыған, бірақ ұша алмайды, жылдам жүгіреді. Оның 2 түрі бар (кәдімгі және үзынтұмсықты нанду) . Оңтүстік Американың далалы, шөлейтті аймақтарында таралған. Қораздары да жұмыртқа басады әрі ұрпақтарына қамқорлық жасайды. Салмағы 25 кг. Өсімдік жапырақтарымен, бүршіктерімен және ұсақ бунақденелілермен қоректенеді. Еті, қауырсыны, жұмыртқасы бағалы болғандықтан, көптеп ауланады. Казуардың қауырсындары ірі қылшықты. Басында мүйізтекті айдары бар. Мойны қауырсынсыз, ашық қызғылт түсті тері, қатпарлы. Салмағы 80-90 кг. Ішкі саусағындағы өткір тырнағымен қорғанады. Жаңа Гвинея, Австралия және сол маңдағы ұсақ аралдарда кездеседі. Жұмыртқаны қоразы басады. Еті бағалы болғандықтан, қолда өсіреді.
Эму Австралияның бұталы, құрғақ далалы жерлерінде таралған. Салмағы - 45 - 50 кг. Жұмыртқасын қоразы шайқайды (басады) . Көбіне жемістермен қоректенеді. Қолда өсіріледі.
Жүзетін құстар (пингвиндер)
Құстардың ішіндегі ерекше тобы. Олардың алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Ескек аяқтарының көмегімен суда жақсы жүзеді әрі жақсы сүңгиді. Төссүйек қыры жақсы жетілген. Ондағы бұлшықеттер ескек аяқтарын қозғалысқа келтіреді. Олар ұша алмайды, қүрлықта теңселіп әрең қозғалады. Аяқтары қысқа әрі тұлғасының артқы жағында орналасқандықтан, денесін тік ұстайды. Пингвиндер оңтүстік жарты шарда ғана таралған, әсіресе Антарктида жағалауында көптеп кездеседі. Жұп құрып тіршілік етеді әрі жұптарын өмір бойы сақтайды. Көбейер кезде бір жерге мыңдап топтасады. Үядарын теңіз жағалауындағы тасты жерлерге салады. Ұяда көбіне 1 - 2 жұмыртқа болады. Жұмыртқаны қоразы мен мекиені кезектесіп басады. Көптеген түрлерінің қүрсагында тері қатпарлы қалтасы бар. Жұмыртқа басқан кезде қалтасы жұмыртқаны жауып түрады. Жұмыртқасын көбіне жаргақты табанының үстіне қойып шайқайды. Үлкен пингвин (императорский пингвин) жұмыртқасын қыста басады. Ол пингвиндердің ең ірісі. Биіктігі 110-120 см, салмағы 45 килограмға жетелі. Одан сәл кішілеу түрі - корольдік пингвин (королевский пингвин) . Саны өте көп әрі кеңінен таралған түрі - қоршау көз пингвин (пингвин Адели) . Бұлардан басқа алтыншотты, көзілдірікті, галапагостық пингвиндері (галапагоский пингвин) кездеседі. Пингвиндердің кәсіптік мәні жоқ.
Қыртөсті (ұшатын) құстар
Қазіргі кездегі құстардың ең түрі көп тобы. Төссүйекте жақсы жетілген қыр болады. Қанаттары да ұзын, сүйірлен келеді. Қаңқа сүйектері жеңіл. Үшатын құстар тіршілік ететін орта жағдайларын байланысты бірнеше топтарға бөлінеді. Сулы, батпақты жерлердегі құстар құрылысына тән белгілері - саусақтарының арасында жүзу жарғағы бар. Жақсы жүзіп, жақсы сүңгиді. Көпшілігінің тұмсықтары жалпақ және тұмсығының жиектерінде араның тісі тәрізді майда «тісшелері» болады. «Тісшелер» негізінен қоректі сүзіл ұстау қызметін атқарады, оны үйрек, қаз тұмсықтарынан айқын көреміз. Дауылпаздар, шағалалар, сщсырлар су құстарына жатады. Олардың қорегі - ұсақ су жануарлары. Қаздар, бірқазандар, дегелектер, қоқиқаздар, тырналар - су жағалауы мен батпақты жерлерді мекендейтін құстар. Олардың кейбір түрлері өсімдіктермен де, жануарлармен де қоректене береді. Орман құстарының денелері көбіне шағын, қанаттары сүйірленіп келеді. Орман құстарына тоқылдақтар, көкектер, тотықұстар, жапалақтар, торғайлардың көпшілігі жатады. Тоқылдақтар тікелей ағашта өрмелеп тіршілік етуге бейімделген. Тұмсықтары мықты, үшкір. Саусақтары қысқа, тырнақтары имек. Ағаш діңіне қонып отырғанда екі саусағы алға, екі сау сағы артқа қарай бағытта ла ды. Құйрық қауырсындары қатты. Ол тірек қызметін атқарады. Үзын, үшкір тілінің көмегімен ағаш қабығының астындағы жәндіктермен қоректенеді. Кейде қылқан жапырақты ағаштардың түқымдарын да қорек етеді. Қазақстанда қара, шұбар, кіші тоқылдақ кездеседі. Орман құстары қоректеніп, үлкен пайда келтіреді.
Ашық далалы алқаптардағы құстар
Қанаттары кең, қалықтап үшуға бейім болады. Кейбір түрлерінің аяқтары жақсы жетілген. Сондықтан олар жылдам жүгіре де алады. Түмсықтары қысқа, доғал, кейде иіліп келген өткір. Бұлар (тазқара, бүркіт, жұртты) - күндізгі жыртқыш құстар. Тауық тәріздестерге: бөдене, кекілік, ұлар, қырғауыл; дуадақтарға: безгелдек, жорға дуадақжатады. Бұлдырықтар, бозторғайлар да шөлейтті, ашық далалы алқаптарда кездеседі. Құстардың тіршілігінде жыл маусымдарының алмасуының да ерекше маңызы зор. Осыған байланысты құстар тіршілігінде елеулі өзгерістер (көбею, жылыстау, т. б. ) байқалады. Құстарды жыл құстары, көшпелі құстар жөне қыстай шығатын құстар (отырықшы құстар) деп үш топқа бөледі. Құстардың жылыстауын аяқтарына сақина салу арқылы анықтайды. Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі (Жамбыл облысы, Жуалы ауданында) Шақпақтас асуында құстарға сақина салу орталығы бар.
Жыл құстары Жыл құстары күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға жылыстап, көктемде елімізге қайтадан оралады. Жұп құрып, ұя салып, жұмыртқадан балапан өргізіл, көбейеді. Көктемнің алғашқы айында жауған соңғы қарлы құс қанатының ызғары деп есептейді. Жылы жақтан ең алғаш қараторғайлар, «тыраулап»тырналар оралады. Көшпелі құстар (полюстік үкі, кейбір жыртқыш құстар және т. б. ) күзде, қыста ауа райының қолайсыздығынан солтүстіктен оңтүстікке жылыстайды.
Қыстай шығатын құстар
Қыстай шығатын құстар жыл бойы бір аймақта тіршілік етіп, көбейеді. Ешқайда жылыстамайды. Ондай құстарга қарғалар, торғайлар, сауысқандар, шымшықтар жатады. Құстарға қыста қолдан қорек беріп қамқорлық жасауды үмытпаңдар! Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) ІІ отрядқа жататын 56 құс түрлері тіркелген. Қызғылт және бұйра бірқазан Каспий, Арал, Балқаш, Алакөл, Зайсан, Марқакөл суларында кездеседі. Қара дегелең сары және кіші құтан, қалбағай, қарабай кеңінен таралған. Ақ дегелек (жыл құсы) Қазақстанның оңтүстік өңірінде ғана (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында) таралған. Қазақстанда сирек кездесетін құстың бірі - қоқиқаз («қызылқаз» деп те атайды) . Аяғы, мойны ерекше ұзын. Тұмсығы имек болады. Топтанып тіршілік етеді. Каспий жағалауында, Шалқар теңізінде, Теңіз көлдерінде кездеседі. Қорғалжын қорығын «қоқиқаздар мекені» деп атайды. Ол дүниежүзілік мәні бар батпақты-су айдындарына жатады. Қараша қаз, қу тір жық қаз, сұңқылдақ және кіші аққу, мәрмәр, шүрегей үйректер де Қызыл кітапқа тіркелген. Бүлардың ішінде халық аққуды ерекше киелі құс санайды. Ол туралы аңыздар, әндер, күйлер кеңінен таралған. Аққу пәктіктің, сүлулықтың, адалдықтың белгісі деп есептеледі. Оның қоразы - «саһар», балапаны - «көгілдір» деп аталады.
Сұңқартәріздестер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz