Ақша рыногындағы тепе тенділік


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Ақша рыногындағы тепе тенділік

Жоспар:

  1. Ақша айналымы
  2. Ақша айналымын реттеу
  3. Ақша жүйесінің элементтері
  4. Ұлттық банк қызметтері
  5. Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары
  6. Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары
  7. Ақшаның жалпыға бірдей эквиваленті
  8. Ақша түсінігі

Ақша айналымы

Ақша айналымы - ақшаның айналымдағы қозғалысы, оның айналым және төлем құралы ретінде қызмет етуі. Ақша айналымының тауар айналымынан өзгешелігі - әрбір тауар айналымда уақытша болады, ал ақша өзінің айналым құралы қызметін атқарғаннан кейін, айналыс арнасында тұрақты қалып, тауарларды өткізуге қызмет ете береді. Ақша айналымының объективтік заңы төмендегідей: тауарлар бағасының айналыстағы жиынтығы аттас ақша бірліктерінің айналым саны қатынасына байланысты. Дәлірек айтқанда, айналымдағы ақша аумағы тауарлар бағасы мен аттас ақша бірліктерінің айналым саны арқылы анықталады. Ақша айналымы мен тауар айналымы арасында тығыз байланыс бар, біріншісі екіншісіне тікелей тәуелді. Ақша айналымы теңелген сайын шаруашылықты дамытуға қажетті ақша массасы азая түседі. Бұл ретте ақша айналымын жоспарлау және реттеу айрықша рөл атқарады.

Ақша айналымын жоспарлау - мемлекеттің айналымға керекті нақты ақша мөлшерін жоспарлы түрде белгілеп, жалпы ақша жиынын ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажетіне сәйкес реттеуі. Экономикалық үздіксіз дамып отыруы үшін айналымдағы ақша мен тауар жиыны арасында қажетті сәйкестік сақталуы керек. Ақша айналымын дұрыс реттеу мақсатымен барлық кәсіпорындар ақшалай қаржыларын банктерде ұстап, тек төлемге қажетті мөлшерін ғана алып отырады. Ақша айналымы жоспарлау халықтың ақшалай кіріс-шығыс балансы мен Ұлттық банктің кассалық және кредиттік жоспары негізінде жүзеге асырылады. Баланста табыстың көзі және оны пайдаланудың негізгі бағыты көрсетіледі. Мұндай баланстың көмегімен ақшалай кіріс-шығыс арасындағы сәйкестік сақталып, халықтың қолында артық ақшаның жиналып қалуына жол берілмейді. Ақша айналымы жоспарлау барысында айналымдағы жалпы ақша мөлшерін шұғыл түрде реттеу үшін республика, облыс, аудан бойынша ай, тоқсан сайын нақты ақшаның қозғалысы есепке алынуы тиіс және сол арқылы ішкі және сыртқы рынокқа қажетті ақша мөлшерін анықтап, оның пайдаланусыз жатып қалуын болдырмауға, ақша айналымын жылдамдытуға жол ашылады.

Ал ақша айналымын реттеу шаруашылық салаларына қажетті айналымдағы ақша мөлшерін қадағалауға мүмкіндік береді. Айналымдағы ақша шамадан тыс көбейіп кетсе, ақшаның құнсыздануына әкеліп соқтырады. Айналымдағы ақшаны реттеу Ұлттық банкке жүктеледі. Ол айналымға қажетті нақтылы ақша мөлшерін шығарып, егер ол шамадан тыс асып кетсе, айналымнан қайтып алып отырады. Бұл сияқты реттеу коммерц. банктерге несие көлемін өзгерту арқылы бағалы қағаздарды және шетел валюталарын сатып алу немесе коммерциялық банктер Ұлттық банкте орналастыратын міндетті резервтердің нормаларын өзгерту және нақты экон. жағдайларға сәйкес кредиттер бойынша проценттік ставкаларды өзгерту жолымен жүзеге асырылады.

Ақша айналымын реттеу ақша айналымының заңы негізінде жүргізіледі. Бұл заңға сәйкес айналымға керекті ақша мөлшері:

1) айналымға шығарылатын тауар;

2) тауар бағасының дәрежесі;

3) ақша айналымының жылдамдығы факторларына байланысты.

Айналымға керекті ақша мөлшерін анықтау үшін айналымға шыққан тауар бағасының жиынтығын ақша айналымының мөлшеріне бөледі. Экономикалық дағдарыс және соғыс жағдайында экономиканың тұрақсыздығының күшеюі, соғыс шығындарын өтеу үшін шамадан тыс көп ақшаның шығарылуы оның құнсыздануына әкеліп соқтырады. Нәтижесінде ақша айналымын реттеу қажеттігі туады. Ол үшін айналымдағы тауар құнынан артық ақша шегеру керек. Ақша айналымын реттеу халықтың табысы мен шығыны арасындағы айырмашылықты негізге ала отырып жүргізіледі. Ақша айналымы бір деңгейде болған жағдайда табыстың шығыннан артуы айналымға түсетін қыруар ақшаны керек етеді де, шығынның табыстан асып түсуі - айналымдағы ақша мөлшерін азайтады. Айналымға керекті ақша мөлшерін кассалық жоспар арқылы бақылап отыруға болады. Кейбір қиын-қыстау жағдайларда (соғыс т. б. ) мемлекеттің қосымша ақша шығаруға мәжбүр болса, оның айналымдағы мөлшері кейін реттеледі.

Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:

1. Ақша бірлігі. Бұл тауар бағасын анықтап өлшеу үшін қолданылады. Қазақстанда - теңге.

2. Баға масштабы. Бұл мемлекет анықтаған ұлттық қағаз ақша данасының металға бағаланған салмақ мөлшері.

3. Ақша түрлері. Бұған жататындар: мемлекет шағаратын банкноттар, монеталар, қазыналық билеттер.

4. Эмиссиялық жүйе - айырбасқа арнап заңды түрде ақша мен құнды қағаздар шығару тәртібі.

5. Ақша жүйесінің институттары - ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.

6. Валюталық паритет - екі ВАЛЮТА арасындағы шекті қатынасты білдіреді.

Қазақстан республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен міндеттері:

- мемлекеттер және коммерциялық банктермен белгілі бір келісім әрекет атқаратын заңды тұлға;

- Қазақстан республикасының ақша несие жүйесін басқару;

- Қазақстан республикасы Ұлттық валютасының сыртқы және ішкі тұрақтылығын сақтау;

- Банктік есеп-шот және валюталық қарым-қатынастар жасау;

- Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- Ақша мен мемлекеттік құнды қағаздардың эмиссиясын жүргізу;

- ҚР Үкімет кепілдігі бойынша ішкі және сыртқы қарыздарды өтеу;

- Коммерциялық банктермен несиелік жүйенің басқа мекемелерінің іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

- Ұлттық банктік Қазақстан мүддесін әлемдік нарықта көрсету.

Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:

- өндіріс көлемін өсіру;

- толық жұмысбастылық;

- инфляцияны төмендету.

Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:

1. Ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банктың ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.

2. Резервтік норманы өзгерту - ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резервті нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резервінің көлеміне тікелей әсер ете алады. Міндетті резервтер - бұл әрбір коммерциялық банктер салымдардың бір бөлігін міндетті түрде сақтау қоры ретінде мемлекеттің Ұлттық банкте ұстауы қажет.

3. Есептік ставкасын өзгерту - коммерциялық банктер Ұлттық банктен несие алғанда ақша көлемін реттеу мақсатымен бірінші дәрежедегі банк несиенің мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады. (пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, төмендетсе - несие көлемі өседі) Осы жоғарыда келтірілген 3 құралдарды қолдану - мемлекеттің «арзан ақша саясаты» және «қымбат ақша саясаты» деп аталады. Қазақстанда осы келтірілген құралдармен қатар, ақша айналысын реттеу үшін басқа да тәсілдер қолданылады.

4. Күрделі несиелік қаржының өсімін шектеу. Ұлттық банк коммерциялық банктердің несиелік қаражаттарының бөлінуін пайыздық норма арқылы шектеп отырады.

5. Ерікті келісімдер бойынша Ұлттық банк коммерциялық банктермен өзара келісімге келеді.

Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:

1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;

2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;

3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.

Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.

Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса - адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген.

Мен, курстық жұмыстың бірінші бөлімінде - Ақшаның түсінігі, ақша қызметінің эволюциясы, қызметі, оның түрлері және де ақша айналысының заңдары туралы айта кетемін.

Екінші бөлім - Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы. Толығырақ айтқанда, ақша реформалары, ҚР ұлттық валютасы - теңге, теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу және Қазақстанның карточка жүйесі.

Ақша түсінігі

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат) оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе коғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның коғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну кұнның алу кұралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша .

Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну кұны ретінде көрінеді. Оның кұны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.

Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар - барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу кұралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы кұндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы кұндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Кұнның жалпы кұндық формасы ақша формасына айналды.

Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы кұндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі.

Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда - жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда - түйе; тундрада - бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда "өгіз” деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі "пекуния” (ақша) "пекус” ("мал”) сөзінен шыққан. "Рупа” ("мал”) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы "рупия” негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де "мал” деген атуға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. Былай деген "біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады”. Ол кездегі қазынашы "малшы”, қазына, қазына жинау орны - "мал ұстайтын орын” деп аталынды.

Капитал сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек рыногын реттеу, рыноктың мәні, атқаратын қызметі
Қазақстан Республикасының төлем балансы және оның құрылымы
Ақшаға сұраныс пен ұсыныс
Қазақстан Республикасындағы төлем балансын талдау
Ақша, қаржы-несие жүйесі. Инфляция
Ақша нарығының қалыптасуы, мәні және атқаратын қызметі
Жылжымайтын мүлікті бағалау туралы
Ағымдағы операциялар балансы
Ақша ұсынысы жəне ақша мультипликаторы
Жалпы экономикалық тепе – теңдік және оның бұзылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz