Иммунологиялық реакциялар: маңызы, түрлері, механизмдері, қою тәсілдері. Инфекциялық аурулардың иммунопрафилактика және иммунотерапия негіздері.


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

Тақырыбы: Иммунологиялық реакциялар: маңызы, түрлері, механизмдері, қою тәсілдері. Инфекциялық аурулардың иммунопрафилактика және иммунотерапия негіздері.

Орындаған:

Тобы:

Қабылдаған:

Шымкент - 2015ж

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Иммунология
  2. Иммунитет
  3. Жұқпалы ауруларды алдын алу
  4. Инфекциялық аурулдардың профилактикасы
  5. иммунотерапияның негізгі принциптері
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ағзаға түскен жұқпалы бактерияларды, барлық ауруларды бірегей атауға немесе бірегей медицина саласының- инфекциологиясына жатқызуға болады. Медицина ғылымының бұл саласында ерте заманда «әлемдік аурулар» деп айтылғандай жұқпалы аруларға зерттеу және оларды оқып білу жүргізіледі. Жұқпалы арулар дегеніміз не? Негізінен бұл, ағзаға тірі қоздырғыш, бөгде агенттің түсуі арқылы болатын ағзаның патологиялық сырқатты жағдайы. Пациенттің патологиялық сырқатты жағдайы-бұл ағзаның «бөгде денеге» қорғаныс рекциясы. Жұқтыру үрдісі ағзаның барлық: ағзалық, тканьдік, жасушалық, молекулалық деңгейін жаулап алуы мүмкін. Жұқпалы жағдайдан құтылудың екі түрі бар: өліммен аяқталатын және толығымен сауығу, яғни ағзаның жұқтыру қоздырғышынан арылуы. Ағзаның толығымен сауығуы- ағзадағы қоздырғыштан толығымен арылғанда, оны жеңгенде ғана болатынын ескеру керек.

  1. Иммунология

Иммунология (иммунитет және грек. logos - ілім) - организмнің әртүрлі антигендерге (организмге түскен жат текті агенттер) молекулалық, жасушалық және басқа физиологиялық реакцияларын және осыған байланысты организмде пайда болатын өзіндік ерекше және өзіндік емес құбылыстарды зерттейтін медицина және биология ғылымдарының сабақтас саласы. Иммунология организмнің қорғаныш қабілетін және онда пайда болатын иммунитетті зерттейді. Иммуналогия медицина, ветеринария, биология, т. б. көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Иммунологияның дамуына 18 ғасырдың аяғында медицина мен биологияда ашылған жаңалықтар үлкен ықпал етті.

Мысалы, 1796 жылы ағылшын дәрігері Э. Дженнер алғаш шешекке қарсы егуді ұсынып, соның нәтижесінде организмде иммунитет қалыптасатынын дәлелдеген. 1880 жылы Л. Пастер күйдіргі мен құтыруға қарсы егілетін вакцинаны тапты. 1887 жылы И. И. Мечников ғылымдағы үлкен жаңалық - фагоцитоз процесін ашып, иммунитеттің жасушалық теориясын ұсынды. 1900 жылы австралиялық ғалым К. Ландштейнер адам қанының тобы мен резус-факторын ашып, соның нәтижесінде тіндік бірдей антигендер теориясының негізін салды. Иммунологияның зерттейтін нысаны - организмнің иммундық жүйесіне өзіндік немесе өзіндік емес әсер етіп, оның қызметін күшейтетін немесе әлсірететін жат заттар - антигендер; иммунды компотентті органдар (сүйек кемігі, қалқанша без, көк бауыр, лимфа бездері, шырышты қабаттардың лимфоидты аппараты) ; жасушалар (лимфоциттер, макрофагтар, фибриобласттар, т. б. ) мен олар бөліп шығаратын молекулалар (иммунды-глобулиндер, медиаторлар, комплементтер, цитокиндер, т. б. ) сондай-ақ молекулалардың қатысуымен болатын құбылыстар мен патологиялық жағдайлар (жүре пайда болатын иммунитет, аутоиммунды аурулар, иммундық тапшылықтар, трансплантациялық иммунитет, иммунологиялық төзімділік) болып табылады.

Иммунологияның мақсаты : қалыпты және патологиялық жағдайларда иммундық жүйе қызметінің жалпы заңдылықтарын, нақты аурулардың (әсіресе, жұқпалы індеттердің) пайда болуында, дамуында және оны емдеуде иммундық жүйенің атқаратын рөлін анықтау, диагноз қою, емдеу және алдын ала сақтану үшін Иммунологиялық тәсілдерді қолдану және оларды жетілдіру. Иммунологияда микробиол., серологиялық, аллергиялық, иммундық-хим., иммундық-морфол., иммундық-генетик., иммундық-молек., эксперименттік, т. б. әдістер қолданылады. Иммунологияның тәжірибелік ғылыми-зертеулік жетістіктерін қазір медицинада, ветеринария мен жалпы биология саласында қолданып, жұқпалы ауруларды анықтау, емдеу, алдын алу шараларын жүргізуде зор табысқа жетіп отыр. Келешекте Иммунология ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, ғасыр індеті - жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы (СПИД) ауруына қарсы вакцина жасау; орган алмастырғанда жиі кездесетін басқа адамның органын қабылдамаушылықты болдырмау; эндокринді (қант диабеті) және әртүрлі аллергиялық ауруларды тиімді емдеу әдістерін табу; ауылы шаруашылығы малдарының жаңа тұқымдарын шығарып, өсімдіктердің жоғары сұрыптары мен түрлерін анықтау міндеттері қойылып отыр.

Иммунология медициналық, биология, ауылы шаруашылығы жоғары оқу орындарында негізгі пән ретінде оқытылады. 1963 жылдан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) қабылдаған арнайы Иммунология бағдарламасы орындалуда. Осы бағдарлама бойынша құрылған иммунология және иммунды глобулин анықтамалық орталықтарында иммундық патология, паразиттік аурулардың иммунологиясы, қатерлі ісік иммундық терапиясы және жасушалық иммунитеттің тіндік үйлеспейтін антигендерін реттеу мәселелері туралы симпозиумдар мен ғылыми конференциялар өткізілді. Қазақстанның Ұлттық иммунологтар қоғамы халықаралық иммунологиялық қоғамға мүше.

  1. Иммунитет

Иммунитет- организмнің жұқпалы агенттерді және антигендік қасиеті бар генетикалық бөгде заттарды қабылдамауы. Р. В. Петровтың айтуы бойынша, иммунитет- организмнің генетикалық бөгде белгілері бар тірі денелер мен заттардан өзін -өзі қорғау қабілеті. Бұл тұжырымның негізінде Бернеттің теориясы жатыр, ол бойынша «өзінікін» және «басқаны» тану иммунитеттің орталық биологиялық механизмі болып табылады. Иммунитеттің негізгі қызметі - организмнің ішкі тұрақтылығын бақылау. Генетикалық табиғаты бөгде заттарды (бактериялар, вирустар, рак клеткалары т. б) тану, одан кейін оны ерекше тежеу, бейтараптандыру немесе жою. Генетикалық табиғаттың биологиялық дербестігін сақтауға организмнің иммундық жүйесі- лимфалық органдар және лимфалық клеткалар жиынтығы жауап береді (лат. «лимфа» - сөл, жануарлардың организмдегі қоректік заттарды бойға тарататын сұйық зат) .

Иммундық жүйе орталық және шеткі органдардан тұрады. Иммундық жүйенің құрамына төс астындағы сырт пішіні айыр тәрізді болып келетін тимус, қарын астында орналасқан көк бауыр, жілік майы, ішектерді жағалай орналасқан лимфалық түйіндер және аппендикс жатады. Бұл органдар денеге таралып сөл (лимфа) тамырлары арқылы организмнің барлық мүшелерін қамтып жатады.

Көптеген елдердегі зерттеулер жұмыстары нәтижесінде, иммундық жүйенің бұзылуының дәрежесі мен деңгейін анықтай келе кең көлемде кешенді иммунотропты препараттар жасап шығарылды. Ауруларды емдегенде және иммунодефициттің алдын алғанда қойылатын басты мақсат бұл базалық терапия мен рациональді иммунокоррекцияның үйлесімділігі. Қазіргі таңда иммунофармакологияның негізгі міндеті болып қолданғанда қауіпсіздік пен тиімділікті қамтамасыз ететін жаңа препараттар жасап шығару болып табылады.

Иммуномодуляторлар - иммундық жүйеге реттеуші әсер ете алатын табиғи немесе синтетикалық заттар. Имундық жүйеге әсер етуі бойынша оларды иммуностимулдеуші және иммуносупрессивті деп бөледі.

тимус препараттары, интерлейкиндер, интерферондар, интерферондардың индуктоы, биологиялық белсенді пептидтер, кейбір саңырауқұлақтардың полисахаридтері, емдеуші вакциналар жатады. Олардың белсенділігі организмнің клеткалары мен ұлпаларының метаболизміне әсер ету қабілетімен және иммунокомпонентті клеткаларды белсендіре алатынында болса, оның нәтижесінде организмнің инфекционды және инфекционды емес ауруларға қарсы қабілеті артады.

Иммуностимуляторларды инфекционды және инфекционды емес ауруларды емдеу және алдын алу үшін қолданады.

Иммуносупрессорлардың негізгі тобы - бұл гормональді препараттар, цитостатикалық заттар, антилимфоцитарлы және анти - резус иммуноглобулиндер, лимфоциттің белгілі рецепторларына қарсы моноклональді антиденелер, кейбір антибиотиктер (циклоспорин, рапамицин және т. б. ) . Олардың иммуносупрессорлы белсенділігі гемопоэзді жою қабілеттілігімен, белокпен әсер ету, яғни иммунды жауапта қатысатын, нуклеотидтің синтезін генгибирленуі, лимфоцит апоптозының индуцирленуі және т. б. байқалады.

Иммуносупрессорлар қабынуда, аллергияда, трансплантацияда, аутоиммунды ауруларды емдеуде лимфоцидті клеткалардың белсенділігін басу үшін қолданылады.

Иммуностимуляторларды секілді оларды да жануарлар мен өсімдіктердің ұлпаларынан, генетикалық инженерияның әдістері арқылы биосинтез жолымен және химиялық синтез арқылы алады.

Иммуностимуляторлар - организмнің спецификалық емес резистенттілігін (ОСЕР) және иммунитетін (гуморальді және клеткалы иммунды реакция) стимулдейді. Әдебиеттерде иммуномодулятор термині иммуностимуляторлар терминінің синонимі ретінде қолданылады.

Иммуностимуляторларға- қалыпты және төмендетілген гуморальді және клеткалы иммунды жауапты жоғарлата алатын қабілеті бар қосылыстар жатады. Иммуностимуляторлар функциональді белгілері бойынша ОСЕР-ді стимулдеуші препараттар болып бөлінеді: продигиозан, метилурацил, пентоксил, натри нуклеинаты, клеткалы иммунитет: тималин, тактивин, тимептин, тимоген, молграмостин, леакадин, тимостимулин тим-увакол, тимомодулин.

Иммундық жүйенің бұзылыстарын түзейтін заттардың саны қазіргі таңда жүзден астам, бірақ қолданыстағы саны бірнеше оңдағаны ғана. Айта кететіні, барлық жағымсыз кері әсері болады.

  1. Жұқпалы ауруларды алдын алу

Жұқпалы аурулар -бұл ағзаға патогенді (ауыртатын) микроағзалардың түсуінен пайда болатын аурулар тобы. Патогенді микроб жұқпалы ауруды тудыру үшін оның уландырғыштық қасиеті (лат. virus - зәр; у) болуы керек, ағзаның күресіне төтеп бере алуы және улағыш әрекетін көрсете алуы керек. Кейбір патогенді агенттер ағзада өмір сүру үрдісінде экзотоксин(столбняк, дифтерия) тудырады, басқалары өз денелерінің бұзылуында (холера, іш сүзек) - (эндотоксиндерді) босатады.

Жұқпалы аурулардың бір ерекшелігі, бұл инкубациялық кезеңнің бар болуы, яғни жұқтыру уақыты мен бірінші себептерінің пайда болуы кезеңі. Бұл кезеңнің ұзақтығы жұқтыру тәсілі мен қоздырғыш түріне байланысты және де бірнеше сағатқа немесе бірнеше жылға созылуы (соңғысы жиі кездеспейді) мүмкін. Адам ағзасына микроорганизмдердің кіру орнын инфекцияның кіру қақпалары дейді. Аурудың әр түрінің кіру қақпасы бар: холер вибрионы ауыз қуысы арқылы ғана енеді, ал тері арқылы ене алмайды.

Алдын алу

Жұқпалы аурулардың көлемін азайту және онымен көптеген адамдардың ауырмауы үшін инфекциологияда эпидемияға қарсы алдын алу шаралары қабылданады. Үлкен ұжымдар үшін келесі ортақ іс-шаралар жатады: максималды түрде ауруды жұқтырған адамдармен қарым- қатынаста болуды шектеу, жұқпалы ауруды жұқтырған адамдарды толығымен изоляциялау, ауру адаммен қарым-қатынаста болғандарды мұқият түрде тексеру және зертханалық зерттеулер жүргізу, уақтылы инфекция тасымалдаушыны анықтау, халыққа жоспарлы иммунизация мен вакцинация егу. Ал жеке тұлғаларға келесі түрдегі аурудың алдын алу жүргізіледі: иммуномодуляторларды профилактикалық және кей жағдайда антибиотиктерді қабылдау, қатаң түрде жеке гигиенаның барлық ережелерін сақтау, қыс мерзімінде-дәрумендер мен минералдар жиынтығын қабылдау, үнемі иммунитетті нығайту және ағзаны үздіксіз шынықтыру. Жұқпалы ауру кезінде нақты диагнозды қою үшін зерттеудің зертханалық тәсілдері қажет. Бұны әсіресе сырқат адамдар және жұқтырған адамдар үшін өткізеді. Бұл тәсілдер арқылы дәрігерлер сырқат адамдардың - инфекцияны жұқтырғандардың бастапқы симптомдық кезеңінде, оның инфекция тасымалдаушы екендігін анықтайды. Емделуші ағзасы үшін неғұрлым инфекциялық сырқаты ертерек табылса, соғұрлым инфекция қоздырғыштан толығымен құтылу оңайға түсетінін ескерген жөн. Жұқпалы сырқатты диагностикадан өткізуде ортақ тәсілдер қолданылады: қанның, несептің зертханалық сараптамасы, үлкен дәретке бактерияның қонуы, үлкен дәретті микроскопиядан қарау, мұрын және миндалин шырышына бактерияның қонуы. Көбінесе бұл зерттеулер мен сараптамалар ауруханалық зертханаларда жүргізіледі, кей кездері емделуші үйінен материалдарды осы зерттеулер үшін алатындай ерекше жағдайлар болып тұрады.

Егу, вакцинация - адам организміне вакцина немесе арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы белгілі бір жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшін қолданылатын әдіс.

Жұқпалы ауруларға қарсы егудің бірнеше түрі бар:

  1. міндетті егу- балаларға (туберкулез, қызылша, күл, сіреспе, көкжөтел, гепатит, т. б. ауруларға қарсы), нәрестелі бола алатын әйелдер және қыздарға қызамыққа қарсы;
  2. жоспарлы-кәсіби егу- мал шаруашылығымен айналысатын немесе олардың өнімін өңдейтін адамдарға күйдіргіге қарсы;
  3. эпидемиялық көрсеткіш бойыншаегу- нақты аймақтағы тұрғындар арасында індет қаупі төнген кезде жүргізіледі. Егу көбінесе инфекциялық тәсілмен (тері астына, бұлшық етке) атқарылады.

Қазіргі кезде алдын ала егудің нәтижесінде көптеген жұқпалы аурулар (мысалы, шешек) жойылды. Бірақ Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, жылына 500 млн. адам жұқпалы ауруға шалдықса, оның 400 млн-дайы егілмегендер екені анықталып отыр (2007) . Сондықтан әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресте егудің маңызы зор екеніне ешбір күмән келтірілмейді

  1. Инфекциялық аурулдардың профилактикасы

Профилактика -денсаулық сақатудың негізгі принциптері. Инфекциялық аурудың профилактикалық іс-шаралардың екі үлкен топқа болуы болады.

  • жалпы
  • арнайы

Жалпы іс-шараларға : мемлекеттік әлеуметтік - экономикалық шаралар жатады. Олар тұрғындар жағдайын еңбек демалыс жағдайын мед. техникалық қызметтерді жақсарту, тұрғындардың үй жағдайларын дұрыс жоспарлау және т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аллергия
Клиникалық көрінісі
Иммунология және аллергология бойынша дәрістер жинағы
Аллергия. Аллергиялық диагностика жайлы
Аллергиялық емес демікпе
Вакциналар және вакцинация
Тұрғындардың аллергияға ұшырауы. Қатерлі ісік аурулары. Жұқпалы аурулар және оның алдын алу
“Иммунология” пәні бойынша практикалық сабақтар жоспары
Вирустық аурулардағы иммунитет
Аллергия. Аллергиялық диагностика жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz