Қарым қатынас психологиясы. Қоғам коммуникативтік процесс ретінде.


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Неврология, психиатрия және психология кафедрасы
Тақырыбы: Қарым қатынас психологиясы. Қоғам коммуникативтік процесс ретінде.
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Шымкент - 2015ж
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Қарым-қатынастың түрлері мен формалары.
- Қарым-қатынастың функциялары.
- Қоғамның анықтамасы, белгілері және құрылымы.
- Қоғамның даму сатылары.
- Қоғамның типтері және атқаратын қызметтері.
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Көпшіліктік қарым-қатынас - көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың үріне өнер, эстетикалық -қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиетерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады да, адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.
Баланың ересектермен қарым-қатынасының жүйесі жеке қарым-қатынасының өзі оқу іс-әрекеті арқылы жанамаланады (Д. Б. Эльконин) . Психиканың түрлі формаларының адамдардың жас ерекшеліктеріне сай өзгеруі, адамзат өмірінің сатыларына байланысты әртүрлі қарқындылығымен ерекшеленеді, өмірдің жеке кезеңдерінде әртүрлі мәндеріне ие.
1 - нәрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін)
2 - ерте балалық шақ кезеңі (1 жастан 3 жасқа дейін) - функционалды тәуелсіздік пен сөйлеу тілінің даму кезеңі.
3 - Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңі (3 жастан 6 жасқа дейін) - бала жеке тұлғасы мен таным процестерінің дамуымен сипатталады.
4 - Бастауыш мектеп жасы (6 жастан 11-12 жасқа дейін) баланың әлеуметтік топқа енуіне және ақыл-ой іскерліктері мен білімдерінің дамуына сәйкес келеді. Бір жас шамасынан келесі жас шамасына өтуде адамның қоршаған ортамен қатынастарының бұрынғы қалпының бұзылуымен және басқа адамдармен, басқа әлеммен өзара қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуымен байланысты дағдарыстар орын алады. Мұның барлығы адамның өзі үшін және оның әлеуметтік ортасы үшін мәнді психологиялық қиыншылықтармен сипатталады: 1 жас, 3 жас, 7 жас, 13-14 жас, 17-18 жас шамаларына сай дағдарыстар кездеседі. Бастауыш мектеп кезеңінің негізгі іс-әрекет түрі оқу іс-әрекеті болып табылады. Баланың мектеп табалдырығын аттағандықтан, бұл кезең оның қатынастарының барлық жүйесін жанамалай бастайды. Оқу іс-әрекетінің негізінде бала адамзаттың өндірген іскерліктерін меңгере бастайды, өз жұмысын көпшілік үшін міндетті ережелерге бағындыру дағдыларына бой ала бастайды. Балалардың басқа да танымдық процестерін алмастыратын сөздік-қисынды, ойлау қасиеті пайда болады. Баланың мектепке келуі оның әлеуметтік қарым-қатынастарының шеңберін кеңейтіп, “Мен-концепциясына” міндетті түрде әсер етеді. Баланың әлеуметтік ортаға енуінің салдарынан міндетті түрде терең, әрі әр сапалы өңделудің негізінде 6-7 жас шамасын әлеуметтік дамудың алғашқы кезеңі деп атауға болады.
Қарым-қатынастың түрлері мен формалары.
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі - қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес) . Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас - жазбаша түрдегі немесе техникалық құралдарды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі техникалық құралдардың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді.
Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді. Жеке адамаралық қарым-қатынас - топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.
Көпшіліктік қарым-қатынас - көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың үріне өнер, эстетикалық -қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиетерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады да, адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.
Қарым-қатынастың маңызды 5 функциясын бөліп қарастыруға болады. Қарым-қатынас адамдардың ұжымдық іс-әрекетінде байланыстырғыш рөлді атқарады. Бұл функциясын шартты түрде «прагматикалық» функция деп атауға болады. Бұл шартты орындамау Інжілде айтылған атақты Вавилон мұнарасы туралы аңызға әкеліп соғуы мүмкін. Маңызы бойынша 2-функциясын «қалыптастырғыш» функция деп айтуға болады. Бұл функция адамның психологиялық бейнесін қалыптастырып өзгертудің маңызды шарты. Бала дамуының белгілі кезеңдерінде мінез-құлқы, іс-әрекеті және баланың қоршаған әлем мен өзіне деген қатынасы үлкендер арқылы іске асырылады. Д. Элькониннің айтуынша: «Бала әрқашанда 2 адам - оның өзі және ересек адам» . Даму барысында бала мен ересектің сыртқы тікелей емес қарым-қатынасы баланың ішкі психологиялық прцесіне және де баланың дербестік ерікті іс-әрекетіне айналады.
Онтогенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Орта ғасырда бір испан епископы былай деп жазған екен: «Жетімханадағы балалар зерігіп, зеріккендіктен өледі». 30-жылдары АҚШ-та эксперимент жүргізілген: 2 клиникада қауіпті, әрең жазылатын ауру балалар жатқан. Оның біреуінде балалар туысқандарымен кездеседі, ал екіншісінде туысқандарымен жолықтырылмайды. Осы екі клиникада жазылу тиімділігін салыстырғанда: оның біріншісінде - бала өлімі жоқ, ал екіншісінде - балалардың үштен бірі шетінеген.
Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны берудің жай қосындысы емес, өзара әсерлесу нәтижесінде өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі. Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Қарым-қатынастың үшінші функциясы ретінде «бекітетін, қолдаушы» деген функциясын атауға болады. басқаша айтқанда, басқа адаммен қарым-қатынаста адам өзін-өзі танып-біліп, өзіне-өзі сенімге ие болады. Адам өзін-өзі бағалау үшін басқаның мақұлдауын қажет етеді. У. Джеймстің айтуынша: «Адам үшін қоғамда өз бетімен назардан тыс қалу және басқалардың оны мүлдем байқамауы - ең зор жаза». Көптеген псизотерапевттік жүйелерде адамның мұндай жағдайы «қолданылмаған . бекітілмеген» деген ұғым арқылы беріледі, және де «Сенікі жөн емес», «Сен жамансың» деп мойындамауға қарағанда (бұл жағдайда теріс болса да бекітудің белгілі үлесі бар), бекітілмеу «Сен бұл жерде жоқсың», «Сен тірі адам емессің» дегенді көрсетеді.
Атақты ағылшын психологы Р. Д. Ленг - бекітілмеу, көптеген психологиялық ауру, әсіресе шизофринияның себебі деген қорытындыға келген. Оның байқаулары бойынша, басқа да зерттеулер көрсеткендей, эндогенді психозбен көбінесе ата-аналары тарапынан шеттетілген балалар ауырады екен.
Адамдар өміріндегі әр түрлі дәстүрлер - амандасу, түрліше көңіл аудару рәсімдері «бекітілу терапиясы » деп саналады. Қарым-қатынастың төртінші функциясы жеке адамаралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау болып табылады. Басқа адамдарға деген эмоциялық көзқарастар - «сүйкімді - сүйкімсіз», «ұнайды- ұнамайды» деген терминдермен белгіленеді. Әрине, эмоциялық қарым-қатынас адам өміріндегі жалғыз қатынастың түрі емес, бірақ олар адамның барлық қарым-қатынас жүйесінде көрінеді, көбінесе іскерлік немесе тіпті рөлдік қатынасына да өз әсерін тигізеді. Келесі, бесінші функциясы «жеке адам ішілік функциясы». Бұл жағдайда адамның өз-өзімен қарым-қатынас жасауын (ішкі немесе сыртқы сөйлеу арқылы- диалог типінде) адамның ойлауының әдісі түрінде қарастыруға болады. Осыған байланысты Л. С. Выготскйй былай деген: «…адам өзімен зі болғанда да қарым-қатынас функциясын сақтайды».
Сонымен біз қарым-қатынастың түрін, формалары мен функцияларын қарастырдық. Әлеуметтік психологияда баса назар аударылатыны жеке адамаралық, тікелей қарым-қатынас түрі, ең терең зерттелетіні де осы түрі.
Әлеуметтік психология, адамдардың түрлі әлеуметтік топтарға кіріктірілуіне байланысты, олардың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттейтін болса, онда, алдымен жеке адамаралық қарым-қатынас және адамдардың бір-біріне өзара әсерін ғылыми тұрғыда талдау қажеттілігінің туындауы заңды құбылыс. Бұл процестер қалай өтеді, олардың формалары, құрылымы қандай, адамдар арасындағы қарым-қатынаста алатын орны қандай?
Қоғамдық қарым-қатынасқа қарағанда жеке адамаралық қарым-қатынастың табиғаты бөлекше, оның өзіндік ерекшелігі - эмоциялық негізінің болуы. Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде, оның бір-біріне деген әртүрлі көзқарастары сезімдер негізінде қалыптасады. Психология ғылымы жеке тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш түрін немесе үш деңгейін бөліп қарастырады: аффектілер, эмоциялар мен сезімдер. Жеке адамаралық қарым-қатынаста осылардың бәрі де көрініс бергенімен, көбінесе сезімдерге баса көңіл аударылады, олардың өзін екі топқа бөліп қарастыру қабылданған:
1) конъюктивті - адамдарды жақандататын, біріктіретін, бірлескен іс-әрекетке итермелейтін сезімдер;
2) дизъюнктивті - адамдарды бір-бірінен аластататын, біллескен іс-әрекеттен қашқақтататын сезімдер.
Жеке адамаралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж. Морено (1958) ұсынған социометрия әдісі кең қолданылады. Социометрия негізінде нақты іс-ірекет кезіндегі шағын топтың қарым-қатынасын (жақтыру, жақтырмау) анықтауға болады. Дегенмен, топты толық зерттеу үшін тек социометрия әдісі жеткіліксіз болып табылады.
Кеңестік психологияда қарым-қатынасты бір жағынан, іс-ірекеттің бір түрі, екіншіден, іс-әрекеттің өзіндік көрінісі деген ұғымда қолдану басым. Қарым-қатынастың іс-әрекетке кіріктірілуі оған қатысышылардың әрекеттерін «үйлестіріп» немесе «үйлестірмей» іске асырады. Мұндай үйлетірушілік қарым-қатынастың ерекше әсер етушілік функциясымен байланысты.
Қарым-қатынастың құрылымы күрделі болғандықтан, шартты түрде талдау мақсатымен, көбінесе оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.
Қарым-қатынастың коммуникативті жағы (тар мағынада) - қарым-қатынасқа түсішушілердің бір-бірімен мәлімет алмасуы.
Интерактивті жағы -қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекетесуін ұйымдастыру, яғни білім, идеялар және әрекеттермен алмасу (әрекеттестік) . Бірлескен әрекеттің ұйымдастырылуы.
Перцептивті жағы - қарым-қатынасқа үсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы (түсінуі) , соның негізінде өзара түсіністіктің пайда болып қалыптасуы.
Сонымен қатар, жеке адамаралық қарым-қатынас: императивті, манипулятивті және диалог болып бөлінеді. Императивті қарым-қатынас - авторитарлы, директивті (өктем) түрде қарым-қатынасқа түсушіге жасалынатын әсер. Бұл жағдайда қарым-қатынас партнері - әсер етілетін объект, «пассивті» обхект болып есептелінеді.
Көптеген іс-әрекетте, мәселен, әскери өмірде, кейбір шытырман, қиы-қыстау жағдайларда осындай қарым-қатынас қажет. Мұндай қарым-қатынастың орынсыз, этикаға сыймайтын кездері де болады. өте жақыфн адамдар арасында, тәрбиелік, педагогикалық, т. б. қарым-қатынастарда.
Манипуляция -қарым-қатынас партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі. Қарым-қатынастың бұл түрі, әсіресе, бизнес, іскерлік қарым-қатынаста әбден орынды болғанымен, достық, жолдастық, сүіспеншілік саласында орынсыз. Императивті және манипулятивті қарым-қатынасты біріктіріп, монологтық қарым-қатынас деп сипаттауға болады. А. А. Ухтомскийдің айтуынша, адам өз маңайындағыларды басқа адам емес, өзінің «сыңарлары» деп қабылдайды. Өзіне деген бағдардан басқа адамға деген бағдарға көшетін қарым-қатынас түрі - диалогты қарым-қатынас.
Диалог - тең құқылық, субъективті қарым-қатынас, оның мақсаты: өзара танып-түсіну, партнерлер арасында өзін түсіну, өзіндік даму. Диалогты қарым-қатынас жасау, қарым-қатынастың белгілі ережелерін сақтағанда ғана мүмкін.
Қоғамның анықтамасы, белгілері және құрылымы.
Қоғам дегеніміз не, оның адам өміріндегі орны мен ролі қандай деген сұрақ әлеуметтану ғылымы үшін ең маңызды мәселе болып табылады.
Адам - қоғамдық қатынастардың жиынтығы, қоғамның тікелей жемісі. Адам - биоәлеуметтік жан.
Сонымен, қоғам дегеніміз не? Ең жалпылама мағынасында алғанда қоғам дегеніміз - адамдардың бірлестігі, жиынтығы. Қоғам - санасы, ақыл-ойы бар адамдардың жиынтығы. Қоғам адамдардың қалай болса солай жинала салуы емес, ол адамдардың арасында айтарлықтай тұрақты және жеткілікті дәрежеде қарым-қатынас орнаған бірлестік. Яғни, қоғам - бұл белгілі бір аумақпен және мәдениетпен біріккен адамдардың тобы.
Әлеуметтануда қоғам деп мынандай сипаттамалары бар жиынтықты атайды:
1. өмір сүретін террриториялық бірлігінің болуы;
- өзара байланысы тұрақты және біртұтас адамдар жиынтығының болуы;
- өзін-өзі қамтамасыз етуі, өзін-өзі басқарып отыруы, өзін-өзі өсіріп отыруы және тб.
- әлеуметтік байланыстардың негізін құрайтын мінез-құлық нормалары мен әдет-ғұрыптар жүйесін құрайтын дамыған мәдени дәрежесінің болуы.
Жалпы әлеуметтану ғылымы тұрғысынан алғанда қоғамға мынандай анықтама беруге болады. Қоғам дегеніміз кең мағынасында алғанда - адамдардың өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы өзара байланыстары мен өзара әрекеттерінің қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі. Яғни, ол өзін-өзі реттеумен, өзін-өзі дамытумен, өзін-өзі толықтырумен және өндірумен сипатталатын, мәдени деңгейі жоғары бірлестік. Ал, тар мағынасында алғанда қоғам деп тарихи, әлеуметтік-мәдени және басқа да ерекшеліктерімен көрінетін нақты қоғам түсіндіріледі. Әлеуметтану ғылымында қоғам әлеуметтік құрылым, адамдардың өзара әрекет ететін кеңістігі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz