Өндіріс факторлар нарығы және баға қалыптасуы



Мазмұны
Кіріспе
Өндіріс туралы жалпы ұғым
Өндірістің мәні мен құрылымы
Өндіріс ресурстарының шектеулілігі және оларды талдау мәселелері
Өндіріс факторлары
Өндіріс факторлардың біріктіру әдістері
Өндіріс факторлардың тиімділігі
Қоғамдық өндірістің экономикалық жүйесі
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі 3
Кіріспе

Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі.
Экономикалық даму өзін-өзі дамыту болғанымен оған сырт жағдайлар, табиғи және саяси, идеологиялық факторлар әсер етеді, бірақ басты және шешуші қозғаушы күш - өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың өндіргіш күштердің дәрежесі мен сипатына байланысты екенін атап айту керек.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен баланысты жұмыс күші өзінің жеке ерекшілігін сақтап, дамыта отырып, бірте-бірте қоғамдық сипатқа ие болады. Сөйтіп жиынтық жұмыс күші пайда болады. Жұмыс күшін пайдалану тек белгілі бір қоғамдық комбинация негізінде ғана мүмкін.
Ол өндірістің жеке факторы ретінде орын алады.
Жұмыс күші қоғамның ең басты, жасампаз күші. Қоғамдық дамудың бүкіл тарихи көрсеткендей, қоғамдық өндірістің дамуында, әсіресе ғылыми-техникалық прогрестің қарқындылығымен байланысты жеке факторлардың рөлі барған сайын өсіп келеді, ол заңды.
Өндіріс ұғымы жалпы алғанда - бұл абстракция, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпылама мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.
Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады.
Өсімдік химиялық элементтерді тұтына отырып, өзін-өзі ұдайы өндіреді.
Өнеркәсіп өндірісі жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді.
Бірінші бөлімде мен өндіріс туралы, оның мәні мен құрылымы туралы жаздым. Яғни өндіріс мәселесі адамзат баласының тіршілігінің негізін қалайды.
Өндіріс процесінің қоғамдық формасы қандай болса да, әйтеуір үздіксіз процесс болуға, яғни сол бір сатылардан қайта-қайта өтіп отыруға тиісті.
Қоғамдық өндіріс, ілгеріде атап өткен өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі. Ал, оның орын алуы, дамуы белгілі бір факторларға байланысты. Ол факторларға мыналар жатады:
1) субъективті, жеке факторлар, немесе жұмыс күші;
2) объективті, заттық факторлар немесе өндіріс құрал-жабдықтары.
Ал екінші бөлімінде осы өндіріс факторлары туралы және де олардың әдістері мен тиімділігі туралы жаздым. Яғни өндіріс факторлары ең негізгі қатарына жұмыс күші мен еңбек жатады, еңбек – мақсатқа сай қызмет, адам мен табиғат арасында заттардың алмасуына себепкер болады, оны өндеп, реттеп, бақылап отырады. Ал жұмыс күші – бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданылады. өндіріс процесі жүзеге асыруы үшін, жұмыс күші әрбір кезде іс-әрекетте болуы қажет, басқаша айтқанда тұтынылуы керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1 Борисов Е.Ф. «Экономическая теория» г. Алматы 1999г.-140с.
2 Океанова З.К. «Основы экономической теории» Алматы КазГАУ, 1997.
3 Гальперин В.М., Микроэкономика – М.: Экономическая школа, 1994 -560с.
4 Современная экономика. Общедоступный учебный курс. – Ростов на Дону: Феникс 1996г.
5 Океанова З.К. «Основы экономической теории»
6 Бердалиев К.Б. Основы управления экономикой Казахстана. – Алматы: КазГАУ, 1998.
7 Кэмпбелл Р. Макконнелл, Стэнли Л. Брю. Экономикс: принципы, проблемы и политика. – М.: Республика, 1992, Том 1, глава21; Том 2, глава 5,32.
8 Казахстанский энциклопедический словарь. Алматы, 1998, 160с.
9 Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. А. 1992г., 240с.
10 Молдабеков Ж. Адам қүпиясы және адамның қабілеті. Ақиқат. 1993г.
11 Есім Ғ. Тағы да қазіргі заман туралы. Ақиқат, 1997, №6

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
1 Өндіріс туралы жалпы ұғым 4
1.1 4
1.2 Өндірістің мәні мен құрылымы 6

2 Өндіріс ресурстарының шектеулілігі және оларды талдау 8
2.1 мәселелері 8
2.2 11
3 Өндіріс факторлары 14
19
Өндіріс факторлардың біріктіру әдістері 20

Өндіріс факторлардың тиімділігі

Қоғамдық өндірістің экономикалық жүйесі

Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық
және рухани игіліктерді құру процесі.
Экономикалық даму өзін-өзі дамыту болғанымен оған сырт жағдайлар,
табиғи және саяси, идеологиялық факторлар әсер етеді, бірақ басты және
шешуші қозғаушы күш - өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың
өндіргіш күштердің дәрежесі мен сипатына байланысты екенін атап айту
керек.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен баланысты жұмыс күші өзінің
жеке ерекшілігін сақтап, дамыта отырып, бірте-бірте қоғамдық сипатқа ие
болады. Сөйтіп жиынтық жұмыс күші пайда болады. Жұмыс күшін пайдалану
тек белгілі бір қоғамдық комбинация негізінде ғана мүмкін.
Ол өндірістің жеке факторы ретінде орын алады.
Жұмыс күші қоғамның ең басты, жасампаз күші. Қоғамдық дамудың
бүкіл тарихи көрсеткендей, қоғамдық өндірістің дамуында, әсіресе ғылыми-
техникалық прогрестің қарқындылығымен байланысты жеке факторлардың рөлі
барған сайын өсіп келеді, ол заңды.
Өндіріс ұғымы жалпы алғанда - бұл абстракция, бірақ ақылға
сыйымды абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпылама мағынаны білдіреді
және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте
көрінеді.
Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады.
Өсімдік химиялық элементтерді тұтына отырып, өзін-өзі ұдайы
өндіреді.
Өнеркәсіп өндірісі жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына
отырып, материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді.
Бірінші бөлімде мен өндіріс туралы, оның мәні мен құрылымы туралы
жаздым. Яғни өндіріс мәселесі адамзат баласының тіршілігінің негізін
қалайды.
Өндіріс процесінің қоғамдық формасы қандай болса да, әйтеуір үздіксіз
процесс болуға, яғни сол бір сатылардан қайта-қайта өтіп отыруға тиісті.
Қоғамдық өндіріс, ілгеріде атап өткен өндіргіш күштер мен өндірістік
қатынастардың бірлігі. Ал, оның орын алуы, дамуы белгілі бір факторларға
байланысты. Ол факторларға мыналар жатады:
1) субъективті, жеке факторлар, немесе жұмыс күші;
2) объективті, заттық факторлар немесе өндіріс құрал-жабдықтары.
Ал екінші бөлімінде осы өндіріс факторлары туралы және де олардың
әдістері мен тиімділігі туралы жаздым. Яғни өндіріс факторлары ең негізгі
қатарына жұмыс күші мен еңбек жатады, еңбек – мақсатқа сай қызмет, адам мен
табиғат арасында заттардың алмасуына себепкер болады, оны өндеп, реттеп,
бақылап отырады. Ал жұмыс күші – бұл адамның дене және рухани
қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық
игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданылады. өндіріс процесі жүзеге
асыруы үшін, жұмыс күші әрбір кезде іс-әрекетте болуы қажет, басқаша
айтқанда тұтынылуы керек.

1 Өндіріс туралы жалпы ұғым

1. Өндірістің мәні мен құрылымы

Өндіріс мәселесі экономикалық теорияның бастапқы негізін құрайды.
Адамзат баласының тіршілігінің негізін калайтын да қоғамдық
өндіріс. Ол материалдық игіліктерді өндіру, бөлу,айырбас және тұтыну
процестерін қамтиды.
Өндіріс процесінің қоғамдық формасы қандай болса да, ол әйтеуір
үздіксіз процесс болуға, яғни оқтын-оқтын сол бір сатылардан қайта-қайта
өтіп отыруға тиісті. Қоғамның тұтынбай отыра алмайтыны сияқты, ол
өндірмей де отыра алмайды.
Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық
және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда -
бұл абстракция, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мәнінде
жалпылама мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс
сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.
Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады. Өсімдік химиялық
элементтерді тұтына отырып, өзін-өзі ұдайы өндіреді. Өнеркәсіп өндірісі
жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық
игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - өндіріс процесі жоқ.
Тарихты материалистік жолмен ұғыну мынадай қағидаға сүйенеді:
өндіріс, ал өндірістен соң оның өнімдерін айырбастау да әрбір қоғамдық
құрылыстың негізі болып табылады, тарихи жарыққа шығатын әрбір қоғамда
өнімдерді бөлу, ал, онымен бірге қоғамның таптарға немесе сословиелерге
бөлінуі, сол қоғамның нені өндіретініне, қалай өндіретініне және
өндірілген бұл өнімдердің қалай айырбасталатынына байланысты.
Сонымен болып отыратын барлық қоғамдық өзгерістер мен саяси
төңкерістердің негізгі себептерін адамның ақыл-ойнан, олардың мәңгі
ақиқаттық пен әділеттілікті түсінуінің өскендігінен іздемеу керек, оны
өндіріс пен айырбас әдісінде болған өзгерістерден іздеу керек, олардан
философиядан іздемей, сол заманның экономикасынан іздеу керек.
Бұл қағида елімізде болып жатқан эконмикалық, саяси-әлеуметтік
сілкінулер мен өзгерістердің баршасында да тікелей қатысты. Оны тек
осылай түсінуге болады.
Қоғамдық өндірістің адамзат қоғамындағы орны мен ролін түсіндіре
келіп, К. Маркстің, кішкене сәбиде біледі, егер, оны бір жыл түгіл бірнеше
аптаға тоқтататын болса, адамзат аштықтан құрып кеткен болар еді, -
деген пікірлерінің қазіргі таңда да маңызы жойыла қоған жоқ, өйткені,
шын мәніндегі рынок қатынасын қалыптастыруда, ол (қоғамдық өндіріс) зор
маңызға ие болып отыр.
Қоғамдық өндіріс, ілгеріде атап өткен өндіргіш күштер мен өндірістік
қатынастардың бірлігі. Ал, оның орын алуы, дамуы белгілі бір факторларға
байланысты. Ол факторларға мыналар жатады:
1) субъективті, жеке фактолар, немесе жұмыс күші;
2) объективті, заттық факторлар, немесе өндіріс құрал-жабдықтары.
Осы арада ең алдымен еңбек туралы түсінік бере кетейік.
Еңбек – мақсатқа сай қызмет, адам мен табиғат арасындағы процесс.
Мұнда адам өз қызметі арқылы өзі мен табиғат арасында заттардың
алмасуына себепкер болады, оны өндеп, реттеп, бақылап отырады.
Еңбектің өзі – адамның ерекше қасиеті. Оның басты ерекшелігі – алдын-
ала ойланып істелетін, мақсатты іс қимыл белгілі бір нәтижеге жетуді
көздейтін әрекет.
Мысалы, хайуанаттар дүниесі ешбір ойланбастан табиғатан алуды ғана
білді. Ал, адамның еңбек етуде ең басты ерекшелігі табиғаттан ала да
біледі, оны өзгерте де, сақтап, қорғай да біледі.
Осымен байланысты адамдардың тәжірибесі жинақталады, белгілі бір
білімділікті,
мамандықты игереді, оны жетілдіре түседі. Осы мағынада адамды-адам
өткен деңгейі , оның дамуының және жетілуінің басты факторлары.
Еңбек ете отырып адам жұмыс күшін жұмсайды. Ал, жұмыс күші - бұл
адамның еңбекке деген қабілеттілігі. Жұмыс күшін тұтынідың өзі - еңбек.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен баланысты жұмыс күші өзінің
жеке ерекшілігін сақтап, дамыта отырып, бірте-бірте қоғамдық сипатқа ие
болады.
Сөйтіп жиынтық жұмыс күші пайда болады. Жұмыс күшін пайдалану тек
белгілі бір қоғамдық комбинация негізінде ғана мүмкін. Ол өндірістің
жеке факторы ретінде орын алады. Жұмыс күші қоғамның ең басты, жасампаз
күші. Қоғамдық дамудың бүкіл тарихи көрсеткендей, қоғамдық өндірістің
дамуында, әсіресе ғылыми-техникалық прогрестің қарқындылығымен байланысты
жеке факторлардың рөлі барған сайын өсіп келеді, ол заңды.
Ал заттық факторлар туралы әңгімені еңбек заттары мен еңбек құрал-
жабдықтарын бастаймыз:
- еңбек заты, бұл өнділетін материалдар, яғни адамның күш-қуаты
еңбек құралы арқылы өндірілетін зат. Олардың екі түрі бар:
1) табиғи – руда, көмір, мұнай, балық, т.б.
2) белгілі бір табиғи процестен, өндеуден өткен -шикізат, материал
т.б.
Еңбек құралдары - дегеніміз адамның өзі мен еңбек затының арасына
орналастыратын және оының осы затқа өтетін ықпалын іске асыруы ретінде
пайдаланатын зат немесе заттар комплексі, яғни адамның осы арқылы
табиғатқа әсер ететін, ықпал жасайтын зат.
Еңбек құралдары бірнеше түрге бөлінеді:
а) еңбек құралдары :
- аспаптар
- машиналар
- механизмдер.
Еңбек құралдарының бұл түрін К.Маркс өңдірістің сүйек және бұлшық
ет жүйесі деп атаған.
б) өндірістің ыдыс жүйесі:
- құбырлар
- бөшкелер
- сауыттар т.б.

в) өндірістік объектілер:
- өндірістік ұйлер
- құрылыстар
- жолдар, т.б.
г) жерде еңбек құралы болып табылады.
д) еңбек құралдарына электр қуаты, бу, химиялық, ядролық реакциялар
жатады.

2. Өндіріс ресурстардың шектеулілігі және оларды талдау мәселелері

Материалдық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын еңбек құралдары
мен еңбек заттарының жиынтығы өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды.
Олардың жұмыс күшінен айырмашылығы, өндірістің материалдық-заттық
факторына жатады.
Өндірісті жұмыс күшінің, еңбек заттары мен еңбек құралдарының жәй
қосындысы деп қарау аса дұрыс емес. Сөз жоқ, олар өзара байланысты
күрделі біртұтас жүйені құрайды. Ал біртұтас жүйенің әрдайымда
элементтредің жай қосындысынан сапалы айырмашылығы бар екені
белгілі.Олардың өзара қатынасы, тиімділігі өндіріс технологиясы мен
ұйымдастырылуынан айқын көрінеді.Технология өндірістің негізгі
факторларының өзара әрекеті бейнелейді, адамдардың еңбек заттарына
ықпалының өндірістік факторлардың механикалық, физикалық, химиялық
қасиеттеріне негізделгендігін көрсетеді.
Заттардың осы кезге дейінгі белгісіз қасиеттерін аша отырып,
адамдар жаңа өнімдерді дайыедаудың құпиясын меңгереді, осыған байланысты
аса үздік технологияны, сапалы жаңа материалдарды пайдалануды құн
тәртібіне қояды.
Осымен бірге өндірісті ұйымдастыру да өзгереді, яғни оның бүкіл
факторларының бірлесіп әрекет етуін талап етеді. Еңбек бөлінісі,
қоғамдық өндірістің салалық жіктелуі тереңдейді, оның құрылымы
күрделілінеді, мамандандыру, кооперация, шоғырлану, ұйымдастыру кеңінен
даму алады.
Осының нәтижесінде өндірістің қоғамдық сипаты ұлғаяды. Сөйтіп, халық
шаруашылығы бірте-бірте күрделі комплекске, ірі салалық, территориялық
ұйымдарға айналады. Ұйымдық қатынастардың осылайша күрделі, икемді
жүйесі өндірістің маңызды факторларын - информацияны туғызады. Ол
болса қазіргі машина жүйесінің маңызды шарты.
Сонымен бірге, өндірісте орын алатын ұйымдық – экономикалық және
әлеуметтік экономикалық қатынастарды ажырата білу керек.
Ұйымдық экономикалық қатынастар өндіріс процесін ұйымдастыруымен
байланысты орын алады. Ол адамдар арасындағы қатынасты бейнелей отырып,
өндіріс жағдайын да, оның факторларының дамуының ерекшелігін де
сипаттайды.
Өндірістің әлеуметтік-экономикалық формалары өндіріс құрал-
жабдықтарына иелік етумен байланысты орын алатын қатынастарды, яғни
меншік қатынасын құрайды.
Олардың негізінде қызметкерлердің құрал-жабдықтарын ұштасуының
қоғамдық әдісі жатыр.
Міне бұл болса, өндірістің кімнің мүддесіне қызмет ететінін, оның
нәтижелерін қалай бөлу керектігін анықтайды. Осыдан келіп қоғамның
таптық және әлеуметтік құрылымы құралады. Ол өз алдына мәселе, яғни
қоғамдық ғылымдарының басқа саласының міндеті.

2 Өндіріс факторлары

2.1 Өндіріс факторлардың біріктіру әдістері

Өндіріс процесі тек қана үш факторлардың – адамның жұмыс күші,
еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы жүзеге асуы
мүмкін.
Бірінші фактор жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі - өндіріс
процесінің заттық факторы ретінде іске асады.
Осы жағдайды ескере отырып, К.Маркс былай жазған: Қоғамдық өндіріс
түрлері (нысандары) қандайда болмасын - жұмысшы мен өндіріс құрал-жабдығы
үнемі оның факторы болып қалады.
Жұмыс күші - бұл адамның дене және рухани қабілеттілігің жиынтығы
және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде
қолданылады. өндіріс процесі жүзеге асуы үшін, жұмыс күші әрбір кезде
іс-әрекетте болуы қажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек.
Қазіргі кезде еңбек затының өзі көп жағдайда бұрыңғы еңбектің өнімі
болып табылады.
Мысалы, машина жасау зауытындағы металл, құрылыстағы цемент, тоқыма
фабрикасындағы мақта және т.б.
Бұлардың барлығы түптеп келгенде табиғат қорынан алынады.
Адамзат қоғамы дамуының барлық сатыларында да өндіріс орын алады.
Өндіріс әдісінің өзгеруімен бірге қоғамдық құрылыс, қоғамдық идеялар ,
саяси, заң және басқа мекемелерде өзгереді. Өндіріс қоғам өмірінде
жетекші шешуші роль атқарады. Ол түсінікті .
Өйткені, тек өндіргенді бөлуге, айырбастауға және тұтынуға болады.
Өндірістің мақсаты, түпкі нәтижесі өндіріс әдісінің типімен анықталады.
Бөлудің өзі материалдық игіліктерді бөлі.
Ол өндірілген өнімдердегі әрқилы таптардың, әлеуметтік топтардың,
жеке адамдардың үлесін көрсетеді.
Бөлудің принциптері оның сипаты өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктің
формасынан тәуелді. Бөлу өндірісте тәуелді, алайда оған активті ықпал
жасай алады.
Айырбас – бір жағынан өндіріс пен бөлу, екінші жағынан, өндіріс пен
тұтыну арасындағы байланысты көрсетеді.
Айырбаста бөлу сияқты өндірістің өзінде іс-қимыл және қабілеттік
түріндегі айырбас сонмен қатар өнім қозғалысының жеке бір қызметі
формасында орын алады.
Тұтыну - қоғамдық өнімді адамдардың белгілі бір қажетін
қанағаттандыруға пайдалануы, оған адамның жеке басының қажетін
қанағаттандыру үшін тұтынуы және өндірістік тұтыну жатады. Тұтыну өнім
қозғалысының аяқтаушы сатысы.
Қоғамдық өндірістің осы төрт сатысы өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну
олардың өзара байланысты әрекеті рыноктық қатынасқа көшуде ерекше
маңызды.
Өйткені өндірістің айырбасқа қарағанда артықшылығын ескермей, тек
айырбаспен шектеушілік, мұндай жәй экономикалық ой-пікірлердің дамуында
орын алған рыноктың мәнін толық дәрежеде ашпайды. Тұтыну құндарының
бірнеше түрлері болады. Ол түсінікті, өткені , адамдардың
қажеттіліктерінің өзі әрқилы: тамаққа, киімге тұрғын үйге деген, мәдени-
тұрмыстық рухани талғамдар осыған орай оларға деген қажеттіліктерді
өтеудің жолдары да әр түрлі.
Сонымен қатар мұндай талдау қоғамдық өндірістің әрқилы сатысында
қалыптасатын өндірістік қатынастар жүйесін түсіндіру үшін де оның ішінде
басты өндірістік қатынасты ерекше бөліп көрсетіп, саяси экономияның
пәнін анықтауда да аса маңызды.
Қорытындылап айтқанда, өндіріс тек алғашқы, бастапқы саты ғана
емес, анықтаушы саты, ал бөлу, айырбас, тұтыну өндірістің ішкі моменттері.
Оны схема (1- сурет) түрінде былай сипаттайға болады, немесе мұны
қоғамдық өнімдер қозғалысының сатылары деп те түсіндіріледі.

Өндіріс

Тұтыну
жеке өндірістік
Бөлу
Жұмыс күші менөнімдерді
құрал-жабдықта
р
Айырбас
Іс-әрекет өнімдермен
қимылмен

Сурет 1 – қоғамдық өндіріс факторлардың біріктіру әдістері

Осы қоғамдық өнімді өндіруімен байланысты белгілі, мөлшерде адам
еңбегі жұмсалады, еңбек шығыны орын алатыны белгілі. Ал, қоғам және
оның мүшелері үшін осы қажеттіліктерді өтеудің қаншаға түсетіндігі аса
мәнді мәселе.
Қоғамдық өнімге әрқилы материалдық және материалдық емес
игіліктер мен қызмет көрсету кіреді.
Материалдық өндіріс құрамына – материалдық және материалдық емес
игіліктерді өндіру саласы, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, сонымен
қатар материалдық қызмет көрсету - транспорт, сауда, коммуналды
шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, киім тігу, жөндеу, киім тазалау,
бояу.
Материалдық емес қызметке - өндірістен тыс қызмет көрсету, денсаулық
сақтау, ғылым, кеңестер беру.
Қоғамның белгілі бір уақыт ішінде өндірген барлық материалдық
игіліктерінің жиынтығы өнімді құрайды. Ол материалдық өндіріс
саласындағы қызметкерлердің еңбегімен өндіріледі.
Егер, қоғамдық жиынтық өнімнен өткен жылдардың затталған еңбек
шығындарын шегеріп тастасақ, таза өнім қалады. Ол негізінен тұтыну
заттарынан және өндірісті ұлғайтуға пайдаланатын құрал-жабдықтардан
тұрады. Өндіргіш күштер – бұл өндіріс құрал-жабдықтары, ең алдымен еңбек
құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар.
Адамдар қоғамының басты өндіргіш күші, олар ғана өндіріс құрал-
жабдығын іске қосады. өндіргіш күші, олар ғана өндіріс құрал-жабдығын
іске қосады. өндіргіш күштерде ерекше орынды жер алады.
Кейбір салаларда ол еңбек заты ретінде қолданылады; басқасында -
басты еңбек құралдары ретінде.
Келтірілген өндіріс факторларының квалификациясы мәңгі қатып қалған
болып табылмайды.
Мысалы, маржинализм теориясының топтауынша, төрт өндіріс факторы бар:
жер, еңбек, капитал және кәсіпкерлік қабілеттілік.
Жер табиғи фактор ретінде қарастырылады. Бұған табиғат байлықтары,
пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды жерлер және т.б. жатады.
Капитал – бұл машина, құрал-жабдықтар, қойма, көлік және байланыс
құралдары.
Еңбек адамның ақыл-ой және дене қызметтерін көрсетеді. Адам еңбегі
әрқашанда ойланып істелетін, мақсатқа сәйкес қызмет, ал жануарлар соқыр
сезімге бағынып әрекет етеді.
Ең нашар сәулетшінің, - деп жазды К.Маркс, ең нашар арадан
артықшылығы сонда – сәулетші балауыздан ұя салмас бұрын бұл ұяны алдын-ала
жобалап алады.
Кәсіпкерлік қабілеттілік – арнайы өндіріс факторы ретінде өндірісті
ұйымдастыруда ынталылықты, төзімділікті және тәуелділікті көрсетеді.
Батыстың қазіргі экономикалық теория мектептері, жоғарыда аталған
өндіріс факторларынан басқа, ақпараттық, экономикалық және экологиялық
факторлардыда қарастырады.
Экологиялық фактор экономикалық өсудің импульсі ретінде жүзеге
асырады.
Алайда, оның мүмкіндігі қоршаған ортаның ластануына байланысты
шектеледі.
Өндіріс процесінде адамдар бір-бірімен қатынасқа болады. Бірақ, бұл
қатынастар әртүрлі болады.
Бір жағынан, бұл қатынастар: ұйымдастырушы, адамдарды орналастыру –
техникалық-өндірістік қатынастармен байланысты. Екінші жағынан, бұл
қоғамдық-өндірістік, яғни экономикалық қатынастарымен анықталады.
Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар бір-біріне өзара әсер
етеді. өндіргіш күштердің дамуы өндірістік қатынастардың жетілуіне ықпал
етеді.
Өз кезегінде өндірістік қатынастар өндіргіш күштерді тоқтатуы немесе
дамытуы мүмкін.
Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі өндіріс әдісін
құрайды. Әрбір өндіріс әдісіне өзінің экономикалық (өндірістік) қатынастары
сай келеді.

2.2 Өндіріс факторлардың тиімділігі

Қоғамдық өндірістің түпкі нәтижесі - оның өнімі. Ол – қоғамдық
сипатта, өйткені қоғамдық еңбек бөлінісіне сай оны өндіруге өзара
байланысты көптеген адамдар қатынасады.
Әрбір өнімнің екі қасиеті болады: тұтыну құны - белгілі бір
қажеттілікті өтеу қасиеті және айырбас құны немесе құн, еңбек шығыны,
оны өндірумен байланысты адамның физиологиялық мағынада жұмыс күшін
жұмсауы.
Тұтыну құндарының бірнеше түрлері болады. Ол түсінікті, өйткені,
адамдардың қажеттіліктерінің өзі әрқилы: тамаққа, киімге тұрғын үйге
деген, мәдени-тұрмыстық рухани талғамдар. Осыған орай оларға деген
қажеттіліктерді өтеудің жолдары да әр түрлі.
Өнімдерді тұтынудың әрқилы болуына қарай оларды екі түрге топтауға
болады.
Адамдардың жеке өз басының қажеттіліктерінің қанағаттандыратын –
тұтыну заттарына, қоғамның өндірістік қажеті өтейтін құрал-жабдықтарға
бөлінеді.
Осыған орай қоғамдық өндіріс, өндіріс құрал-жабдықтарының өндірісі
және тұтыну заттарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық қатынастарының даму кезеңдері
Нарықтың ұғымы, мәні, пайда болуы мен даму кезеңі
Нарықтың экономикада қажеттігі, мәні, өту жолдары
Нарықты зерттеу және сегменттеудің пәні мен әдістері
Халықаралық экономика пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері туралы
Жылжымайтын мүлік нарығына әсер етуші факторлар
ҚР - да нарықтық экономиканың қалыптасуы
Компаниядағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы
Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін талдау
Пәндер