Абылай сұлтанның қоғамдық-саяси өмірі


ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ
І-ТАРАУ . АБЫЛАЙ СҰЛТАННЫҢ ҚАЛЫПТАСҚАН
ҚОҒАМДЫҚ- САЯСИ ОРТАСЫ
ІІ-ТАРАУ . АБЫЛАЙ ХАННЫҢ СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ САЯСАТЫ
ІІІ-ТАРАУ . АБЫЛАЙ ХАН МИРАСҚОРЛАРЫ БИЛІК ЕТКЕН КЕЗЕҢІНДЕГІ ОРТА ЖҮЗ АУМАҒЫНДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
«Абылай сұлтанның қалыптасқан қоғамдық саяси ортасы» деген тақырыпты таңдауымыздың себебі осы мәселенің Отанымыздың қазіргі даму кезеңіне байланысты зәру тақырыптардың-тарихы, ғылыми мәселелердің бастыларының бірі болуынан. Абылай сұлтанның және ханның туған халқымыздың әрбір кезеңдеріндегі орынын анықтай түсу тарихшылардың бірден бір ардақты борышы болмақ. /1/
Осы тақырыпты ашу үшін біз Абылайдың шыққан тегін, алған білімін, тәрбиесін, өскен әлеуметтік ортасын зерттеуді алдымызға міндет етіп қойдық.
Осы мақсаттарға толық жету үшін Абылайдың Отаны - Қазақ хандығының алғашқы ширегіндегі ахуалын, яғни ішкі және сыртқы қоғамдық - саяси жағдайын зерттеуді де қажет деп санаймыз. /2/
Абылай султан және хан туралы әсіресе Еліміз егемендік, тәуелсіздік алғаннан бері жарық көріп жатқан кітаптар мен мақалалар баршылық. Ең алдымен Шоқан Уәлихановтың «Абылай» атты очеркін атағанымыз жөн. Осы очеркте оның шыққан әлеуметтік тегі туралы мәліметтер аламыз. Абылай туралы мәліметтер бес томдық Қазақ ССР тарихынында табамыз. /3/
Мухтар Әуезовтың сөзімен айтсақ, «қазақтың дербес ел болуына, басы қосылып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруына Абылайдан көп еңбек сіңірген кісі болған емес. Орыстың атақты тарихшысы Алексей Левшин жазушы Мухтар Әуезовпен үндес пікір айтты: Абылай - дейді тарихшы ғалым, - жұртты ақыл - айласымен, сабырлы салмақтылығымен маңайына топтастыра білді. Жауын сусымен де, күшімен де сескендере отыра, ол өз қалауымен біресе Ресейдің, біресе Қытайдың бодандығын қабылдауға мәжбүр болғанымен шын мәнінде ешкімге де бой усынбаған тәуелсіз басшы болды».
Абылай . . . Бул есімді атағанда исі қазақ атаулынан жадына «бостандық», «егеменді ел», «қазақ елі», «қазақ халқы», «туған жер», «Отан», ел бірлігі ынтымағы сияқты қасиетті уғымдар оралады. /4/
Абылай туралы мәліметтер революцияға дейін басылған энциклопедиялық сөздіктерде, сондай-ақ «Россия. Біздің отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деген іргелі басылымда кездеседі. Сол басалымның 18-ші томы түгелдей қазақ өлкесіне арналған.
1911 жылы профессорлар Э. Л. Гримм, А. В. Классовский және Г. В. Хлопиннің реакциялауымен Петербургте жарық көрген энциклопедиялық сөздікте Абылай хақында кеңірек айтылған. Алайда төңкеріске дейінге орыс энциклопедияларының ішінде Абылай бабамыз хақында ең көлемді мағлумат беретіні Брокгауз және Ефрон энциклопедиясы. /5/
Абылай хан туралы мағлумат беретін әдебиеттер баршылық. Олар - Қазақстанның тарихына арналған революциядан бұрын шыққан басылымдар. Оған ең алдымен алғашқы орыс зерттеушілері П. С. Палластың, П. И. Рачковтың, А. И. Левшинның, Н. М. Ядринцевтің еңбектері жатады.
ХҮІІІ-ші ғасырдағы Қазақстанның тарихын зерттеген кеңес тарихшылары да Абылайдың атын аттап өте алмады. Ол туралы бір шама объективті мәліметтер 1935 жылы С. Д. Асфандияров жазған Қазақстан тарихында 1941 жылы М. П. Вяткин шығарған Қазақ ССР тарихы очерктерінде бар. Бұл кітаптарда Абылайдың өз халқының тағдырындағы қиын-қыстау процесстерімен ұштастырыла көрсетілген. Абылайдың есімімен байланысты тарихи проблеманы саралауда белгілі жазушы Шот-Аман Ыдырысұлы Уалихановтың қосқан үлесі мол. Автор Абылайдың ата-тегіне, оның даңқты патриоттық істеріне шолу жасап, көптеген тұпнусқалар келтіреді. /6/
Қазақ халқының ұлы көсемнің бейнесін жасауға көптеген жазушылар, оның ішінде Ш. Қудайбердиев, М. Әуезов, С. Сейфуллинде қалам сілтеді.
Тоғыз томдық «Қазақтар энциклопедиясынан» Абылай хан туралы мәліметтер табамыз. /7/
Халық эпосы, жырлар, хиссалар, мақал-мәтелдер, басқа да ауыз әдебиетінің көптеген үлгілері Абылай хақындағы тарихи шындықты көрсетті.
Алдымызға қойған мақсаттар мен пайдалану мүмкін болған әдебиеттерге сүйене отырып дипломдық жұмысымыздың міндеттерін келесі жоспар бойынша орындауды жөн көрдік. /8/
І-ТАРАУ. АБЫЛАЙ СҰЛТАННЫҢ ҚАЛЫПТАСҚАН
ҚОҒАМДЫҚ- САЯСИ ОРТАСЫ
ІІ-ТАРАУ. АБЫЛАЙ ХАННЫҢ СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ САЯСАТЫ
ІІІ-ТАРАУ. АБЫЛАЙ ХАН МИРАСҚОРЛАРЫ БИЛІК ЕТКЕН КЕЗЕҢІНДЕГІ ОРТА ЖҮЗ АУМАҒЫНДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ
2. Абылай султанның Отаны - Қазақ хандығының ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегіндегі сыртқы саяси жағдайы. Абылай хан. Бұл Орта - Азия мен Қазақстанның тарихында ерекше орын алатын есім. Осы бір есім исі қазақ жұртына осы қастерлі, қасиетті есім. Өйткені, Абылай ел арманы болатын. /9/
- Артықбаев Ж. О. «Бұқар жырау» (он екі тарих) - Қарағанды, 1994ж, (90-137 беттер) .
- Артықбаев Ж. О. «Қаз дауысты Қазбек» - Астана, 2000ж.
- Аққошқаров Е. «Қазақ тарихынан» - Алматы, 1997ж, (341-353 беттер) .
- Алдаберген Қ, Нұсқабайұлы Ж. «Аты алаштың ардақтары» - Алматы, 1994ж.
- Әбдіәкімұлы Ә, «Қазақстан тарихы» - Алматы, 1997ж, (81-92 беттер) .
- Бекмаханов Е, Бекмаханова Н. «История Казахской ССР - Алматы, 1979ж, (53-55 беттер) .
- Есмағамбетов Қ. «Қазақтар шетел әдебиетінде» - Алматы, 1994ж.
- Есенберлин І. Он томдық шығармалар жинағы 6-том, бірінші бөлім «Жанталас» - Алматы, 1986ж, (300-307 беттер) .
- Қозыбаев М. К. «Жауды шаптым ту байлап» - Алматы, 1994ж, (28-41 беттер) .
І-ТАРАУ.
АБЫЛАЙ СҰЛТАННЫҢ ҚАЛЫПТАСҚАН
ҚОҒАМДЫҚ- САЯСИ ОРТАСЫ
Абылай хан ХҮІІІ ғасырдағы тарихтың аса ірі тұлғасы. Тарихи тұлғалардың бір-бірімен теңдестіре салыстыруға болмайды. Әйткенмен, Ресей үшін І-Петр немесе Германия үшін Бисмарк қандай болса, Қазақстан үшін Абылай да сондай тұлға. /1/
Ол «Ақтабан шубырынды алқакөл-суламадан» кейін қазақ халқының бірлігін сақтап, тірлігін аспандатқан
Хан болды. Бүкіл мақсат-мүддесі елдің бірлігі мен болашағы еді. /2/
Абылай дара тұлғасыдың, қолбасшылық талапта мен саяси көрегендігі қазақ халқының жоңғар шапқыншылығы мен Ресей, Қытай империяларының
Көз алартуына қарсы күресіне байланысты қалыптасқан күрделі тарихи кезеңде көзге түсті. Ол бүкіл қазақ жұртын өз туының астына біріктіріп болашақ қазақ мемелекетінің іргетасын қалады. Қазақстанның Ресеймен бірігүінде де шешуші роль атқарды. /3/
Абылай қазақ халқының тағдыр-талайы қал үстінде, қылыш жүзінде тұрғанда ел бірлігін үйымдастырып, үш жүздің басын қосып, анталаған жауға тойтарыс берді. Сол арқылы қазақтың келешегіне жол салды, Абылайдың аты көзі тірісінде аңызға айналып, қазақ үшін қасиетті Алаш сияқты жауынгерлік ұранға айналды.
Хан Абылай - қазақ елінің өткендегі тарихында елеулі із қалдарған аса тірі тұлға. Абылай есімі тарихымыздың ескерілмей, елеусіз жатқан беттерінің бірі десек болады. /4/
Қазақ тарихы, соның ішінде Абылай өмірі қоғамдық қызметі ұзақ жылдар бойы бүркемеленіп, бұрмаланып, айқын зерттелмей келді. Жабулы қақпақ
Ашылмады. Сонда да соңғы жылдары тус-тустағы қазақ зерттеушілері бул мәселенің бетін ашуға тарбала бастады. /5/
Абылай бейнесінің біздегі жақсы жағынан көрінген саласы - тарихи оқиғаларды көркемдік тәсілмен баяндайтын шығармалар. Мұндай еңбектерді кейде Абылайды асыра дәріптеп, оның барлық ісіне жәрекімалла деп бірыңғай суқтана қарайтын ыңғай байқалады.
Көрші Қытай елі тарихнамасын алатын болсақ, мұнда Абылай есімі, ол устанған саясат үнемі бурмаланумен келді десек қателеспейміз. Муның өзі белгілі бір саяси мақсаттың үдесінен шығу үшін әдейі жасалып келген нәрсе. /6/
Абылай - алысты болжап, көре білген сол тустағы қазақ қоғамы өкілдерінің іріісі. Ол хан ғана емес, қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалу жасына барлық күш қайратын, ақыл - парасатын жұмсаған адам. Бұл туста қазақ халқы тек Жоңғар хонтайжыларының шапқыншылығын тойтарып қана
Қоймай, батысы мен солтүстігінен ентелеп ене бастаған орыс патшаларының басқыншылық әрекетіне ұшырады және шығыстың көз сүзген Чин(Ежен хан) патшалығының билеушілері өзіне бағындыру үшін түрлі айла-шарғы қолданды. Ал Абылай торға туспеуге барынша ұстамды шаралар мен утымды тәсіл тапқан мемлекет қайраткері болды. Абылайдың осындай қиын кезеңдегі іс әрекеті орыс тарихнамаларының жазбаларында сақталды. Сол сияқты Қытай хандарының естеліктерінде де кездеседі. /7/
Бұл істі анықтауда тарихша Нығмет Мыңжанұлы, Нәбижан Мұхамет ханұлы тереңге үңіліп, көп жайлардың бетін ашты.
Абылай - қазақ халқының батыры, халық мүддесін қорғаған қайраткер, елді басқарған хан. Сондықтан да бүгінгі ұрпақ бұл тарихи кезеңмен толық танысуға тиіс. /8/
Менің осы курстық жұмысты жазуда алға қойған басты мақсатым-еліміздің бай тарихының қым-қиғаш қайшылыққа, аласапыран заманынды өмір сүріп, халықына қызымет еткен Абылай сынды ұлы тұлғамыздың қолданған ұтымды саясатына жан-жақты ашып көрсету, оның іс әрекетінің қоғамдық қызметіне талдау жасау. Мәшһур Жүсіп Көпеев «Абылай ханның дәуірі» деген туындысында Арыстан Толыбайұлы ақыннан дәйексөз келтіреді, онда Абылайдың Көкшетауда 48 жыл хан болғаны айтылады.
М. Дулатов өзінің «Абылай» деген еңбегінде нақ солай деп жазады. Шәкерім зінің «Уәлибақының ұрпағы» деген зерттеуінде Шарышпен жекпе-жектен ейін Абылайдың Әбілмәмбет ханның шатырына шақырылғанын жазады. Әбілмәмбет ханның ұсынуымен Абылай Шақшақ Жәнібектін батасын алып, хан деп жарияланады. Оның жорамалдауы бойынша, бұл шамамен 1735 жылы болған. Қазақ деректемелерінде Абылайдың билікке келуі осылайша баяндалады. Қалай дегенмен де, Абылай 30-жылдардың аяғынан бастап елдің саяси өмірінде тағдырлы соғыс және бейбітшілік проблемаларын шешкен көрнекті тұлғаға айналды. Сол арқылы Абылай күш-қайратын жоғарғы билікті нығайтуға және Қазақ хандығын ұзаққа созылған саяси дағдарыстан шығаруға бағыттады. Қазақ руларының Абылай төңірегіне топтасуы оның Жоңғарияға қарсы белсенді де нысаналы қимылдауына көп жағынан көмектесті. /9/
ХҮІІІ ғасырдың 70-жылдарының басында Қазақстанда жаңа жалпы қазақ ханын сайлауға барлық жағдайлар қалыптасты. Бірден-бір лайықты кандидатура ықпалды Абылай сұлтан болатын, ол 1740 жылдың өзінде-ақ, Ш. Уәлихановтың анықтауы бойынша, қазақ даласының ең беделді әміршісі болған еді. 1757 жылдың өзінде Цин империясымен ресми жазысқан хаттарында ол өзін хан деп атаған. 1770 жылы әбден қартайған Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін Абылай Қазақ хандығының шын мәніндегі бірден-бір билеушісіне айналды. /10/
Абылайды сайлау қарсаңындағы қазақ хандығы. ХҮІІІ ғасырдың 60-жылдарының аяғына қарай Қазақ мемлекеті Абылайдың белсенді сыртқы және ішкі саяси қызметі арқасында біршама мықты әрі біртұтас мемлекетке айналды. 1770 жылы сұлтан қырғыз жерлеріне тағы бір жорық жасады. Шату асуы арқылы Қызылсу және Шамси өзендерінің аңғарына өтіп, қазақтар қырғыз жасақтарын ауыр жеңіліске ұшыратты. /11/
1771 жылы Абылайды жалпы қазақ ханы етіп сайлау үшін жағдай жасалды. 1771 жылдың күзінде ұзақ уақыт бойы ақылдасқаннан кейін барлық үш жүздің өкілдері жаңа ханды сайлау үшін хандықтын ежелгі астанасы Түркістан қаласына келді. Абылайға ықпалды жырау Бұқар Қалқаманұлы, Әбілпейіз және Болат сұлтандар, Нұралы ханды қоспағанда, Кіші жүз қазақтарының билеушілері, Орта жүз бен Ұлы жүздің өкілдері сөзсіз қолдау көрсетті. Халық көп жиналған кезде қазақ дәстүрі бойынша Абылай ақ киізге көтеріліп, үш жүздің ханы болып жарияланады. А. И. Левшиннің айтқанындай, ол «оған (атаққа) торғауыттарды жеңуі арқылы және Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін, барлық қырғыз-қазақ ордаларының ған емес, түркістандықтар мен ташкенттіктердің де сайлауы арқылы ие болды». Сөйтіп Абылай Қазақ хандығының бірлігін қалпына келтіре алды. /12/
Абылай мұсылманша жақсы сауатты болды, оқып, жаза білді. Ол сирек кездесетін саясатшы, тамаша қолбасшы және дипломат болды. Дегенмен де, ол тарих көшін өзгерте де, көшпелі өркениеттің бұрынғы күш-қуатын қайтадан қалпына келтіре де алмады. Ол қайта түлеткен біртұтас Қазақ хандығы ханның өзі қанша өмір сүрсе, сонша өмір сұрді. 1781 жылы шамамен 70 жасында Абылай Ташкенттен Түркістанға келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленді. /13/
1. Левшин «Описание киргиз-кайсацких орд и степей» 1-т. 205-бет
2. ҚазақССР тарихы, 3-том, 81-бет.
3. В. А. Маисеев «К врпросу об ойратаКазахстанских отношения в 30-40гг ХҮІІІ в книге Казахстан. Средняя и Центр. Азия в ХҮІ-ХҮІІ вв стр. 186
4. В. А. Маисеев «К врпросу об ойратаКазахстанских отношения в 30-40гг ХҮІІІ в книге Казахстан. Средняя и Центр. Азия в ХҮІ-ХҮІІ вв стр. 186
5. Уәлиханов Ш. Ш. Шығ. жинағы, 4т., 201-б.
6. Бартольд В. В. Шығ. ІХ., 409-б.
7. ХҮІ-ХҮІІІғ. ғ. Қазақ-орыс қарым-қатынасы, 299-300-б, б,
8. Бартольд В. В. Шығ., ІХ т., 405-б.
9. Архив внешней политики России
10. Ф. Зюнгорские дела ОП. 113-1, 1752-1753,
11. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-орыс қарым қатынастары, 100-бет
12. А. Левшин «Описание киргиз-кайсацких орд и степей» ІХ-т 160-стр
13. . Мағауин М «Қазақ тарихының әліппесі» Алматы, 1995, 101бет
ІІ-ТАРАУ.
АБЫЛАЙ ХАННЫҢ СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ САЯСАТЫ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz