Турбо Паскаль ортасымен танысу



Жоспар.

1.1.Паскаль тілінің құрылуы мен дамуының қысқаша тарихы.

2. Негізгі бөлім.
2.1. Турбо Паскаль ортасымен танысу.
2.2. Функционалды пернелер.
2.3. Меню жүйесі:
• FILE опция менюі;
• EDIT опция менюі;
• SEARCH опция менюі;
• RUN опция менюі;
• COMPILE опция менюі;
• TOOLS опция менюі;
• OPTIONS опция менюі;
• WINDOW опция менюі;
• HELP опция менюі;
1.1.Паскаль тілінің құрылуы мен
дамуының қысқаша тарихы.

Біз программалау ғылым мен технология саласындағы жаңа прогресстің бастауы деп санайтынбыз, шын мәнінде алғашқы күрделі, көп мақсатты есептеуіш құралдар 19-ғасырда пайда болған. Сол кезде оларға программа құру қажет болды. Ең бірінші осындай шарамен жұмыс жасаған - Ада Лавлейс. Ада Лавлейс ол кезде Чарльз Бэббидждің есептеуіш машинасымен жұмыс істеген. Ол «Әртүрлілікті есептегіш машина» («Difference Engine») деп аталады. Бірақ нағыз программалау тілдері электронды есептеу машина-ларымен бірге пайда болды (ЭЕМ). 1949 жылы ең алғашқы программалау тілі - «Short Gode » тілі пайда болды.
Алғашқы программистер ЭЕМ модулінде жұмыс істегенде машиналық кодтарды программалауға мәжбүр болды. Бұл процестің
ыңғайлылығын көру үшін, программаның бір фрагментін келтірейік. Ол экранға шыққанда «Hello, world!» жазуымен сәлем берді.

457f464c010100010000000000000000000200030001000003d00800003400
000698000000000000003400200005002800160013006000000c2f6269c2f2
d6469C756e2e786f73312e000000110000000000…

Машиналық кодтарды пайдалана отырып, біздің програм-маның максималдық жылдамдықта орындалуына мүмкіндігіміз жете алады. Ол үшін компьютердің программа жіберетін орталық процессоры қалай жұмыс істейтіндігін анықтау керек. Бұрын ком-пьютерге сол салада терең дайындығы бар, іріктелген мамандар ғана жіберілетін. Кейіннен есептеуіш техниканың дамуы мен оның құнының арзандауына байланысты, тек электронды мамандар ғана емес, сонымен қатар әртүрлі еңбек салаларынан келген адамдар да қолдана бастады. Олар үшін өз саласы бойынша ЭЕМ машинасының көмегімен есептеу және тез арада қорытындысын алу қажет болды.
Олар микропроцессордың құрылысының ерекшелігіне қызыққан жоқ.
Осы уақытта ең алғашқы тілді программалау жоғарғы сатыда жүре бастады және де олар машиналық кодтарға қарағанда адам түсінігіне жеңіл болды.
20-ғасырдың 50-жылдарында алғашқы жоғары дәрежелі программалау тілдері пайда болды, олар: Фортон, Кобол және Алгол.
Алғашқы екеуі- бүгінгі күнге дейін “өмір сүріп жеткендер”. Ал Алгол - көптеген тілдер жанұясының бастамасы болды, оның ішіне Паскаль да кіреді. Қазіргі уақытта бірнеше мың программалау тілі саналған, олардың әрқайсысы әр салаға арналған. Екінші программалау тілі пайда болғаннан кейін, қай тіл күшті екеніне байланысты пікірталастар жүре бастады дейді.
1-суретте программалау тілі тарихының схемалық көрінісі берілген.
Алгол программалау тiлдерiнiң iшiнде ерекше орын алады. 1958 жылы Алголдың алғашқы ұсынысы пайда болды. Алголды жасаушылардың бiрi болған Фортран “әкесi”- Джон Бэкус. Algorithmic Languade деген атаудың өзi бұл программа тек қана алгоритiмдi жазу үшiн пайдаланатындығын көрсетедi. Алголдың нақты логикалық құрылымына байланысты, ол алгоритм жазуының стандартты құжаты ретiнде техника және ғылыми әдебиеттерде пайдаланылады. Одан кейiнгi түрлерi Алгол 68 және Алгол 60. Алгол 68 өте үлкен болғандықтан оны қолдану үлкен қиындықтарға тiредi. Спецификациямен жұмыс iстейтiн комитеттiң мүшесi, швейцар ғалымы- Никлаус Вирт бұны қабылдауға қарсы болды. Ол өзiнiң дұрыстығын дәлелдедi. Шынында да, Алгол бiр кездегi белгiлi программалау тiлiнiң негiзi болды. Дегенмен, Алгол программалау тiлiнде көптеген тiлдердiң пайда болуына себеп болды. 2-сурет.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Фаронов В.В. “Turbo Pascal 7.0 “ 2000ж.;

2. Немнюгин С.А. “ Turbo PASCAL” Практикум. 2002ж.;

Жоспар.

1.1.Паскаль тілінің құрылуы мен дамуының қысқаша тарихы.

2. Негізгі бөлім.
2.1. Турбо Паскаль ортасымен танысу.
2.2. Функционалды пернелер.
2.3. Меню жүйесі:
• FILE опция менюі;
• EDIT опция менюі;
• SEARCH опция менюі;
• RUN опция менюі;
• COMPILE опция менюі;
• TOOLS опция менюі;
• OPTIONS опция менюі;
• WINDOW опция менюі;
• HELP опция менюі;

1.1.Паскаль тілінің құрылуы мен
дамуының қысқаша тарихы.

Біз программалау ғылым мен технология саласындағы жаңа
прогресстің бастауы деп санайтынбыз, шын мәнінде алғашқы күрделі,
көп мақсатты есептеуіш құралдар 19-ғасырда пайда болған. Сол кезде оларға
программа құру қажет болды. Ең бірінші осындай шарамен жұмыс
жасаған - Ада Лавлейс. Ада Лавлейс ол кезде Чарльз Бэббидждің
есептеуіш машинасымен жұмыс істеген. Ол Әртүрлілікті есептегіш
машина (Difference Engine) деп аталады. Бірақ нағыз программалау
тілдері электронды есептеу машина-ларымен бірге пайда болды (ЭЕМ).
1949 жылы ең алғашқы программалау тілі - Short Gode тілі пайда
болды.
Алғашқы программистер ЭЕМ модулінде жұмыс істегенде
машиналық кодтарды программалауға мәжбүр болды. Бұл процестің
ыңғайлылығын көру үшін, программаның бір фрагментін келтірейік. Ол
экранға шыққанда Hello, world! жазуымен сәлем берді.

457f464c010100010000000000000000000 200030001000003d00800003400
00069800000000000000340020000500280 0160013006000000c2f6269c2f2
d6469C756e2e786f73312e0000001100000 00000...

Машиналық кодтарды пайдалана отырып, біздің програм-
маның максималдық жылдамдықта орындалуына мүмкіндігіміз жете алады.
Ол үшін компьютердің программа жіберетін орталық процессоры қалай
жұмыс істейтіндігін анықтау керек. Бұрын ком-пьютерге сол салада
терең дайындығы бар, іріктелген мамандар ғана жіберілетін. Кейіннен
есептеуіш техниканың дамуы мен оның құнының арзандауына байланысты,
тек электронды мамандар ғана емес, сонымен қатар әртүрлі еңбек
салаларынан келген адамдар да қолдана бастады. Олар үшін өз саласы
бойынша ЭЕМ машинасының көмегімен есептеу және тез арада
қорытындысын алу қажет болды.
Олар микропроцессордың құрылысының ерекшелігіне қызыққан жоқ.
Осы уақытта ең алғашқы тілді программалау жоғарғы сатыда жүре
бастады және де олар машиналық кодтарға қарағанда адам түсінігіне
жеңіл болды.
20-ғасырдың 50-жылдарында алғашқы жоғары дәрежелі
программалау тілдері пайда болды, олар: Фортон, Кобол және Алгол.
Алғашқы екеуі- бүгінгі күнге дейін “өмір сүріп жеткендер”. Ал Алгол
- көптеген тілдер жанұясының бастамасы болды, оның ішіне Паскаль
да кіреді. Қазіргі уақытта бірнеше мың программалау тілі саналған,
олардың әрқайсысы әр салаға арналған. Екінші программалау тілі
пайда болғаннан кейін, қай тіл күшті екеніне байланысты
пікірталастар жүре бастады дейді.
1-суретте программалау тілі тарихының схемалық
көрінісі берілген.
Алгол программалау тiлдерiнiң iшiнде ерекше орын
алады. 1958 жылы Алголдың алғашқы ұсынысы пайда болды. Алголды
жасаушылардың бiрi болған Фортран “әкесi”- Джон Бэкус. Algorithmic
Languade деген атаудың өзi бұл программа тек қана алгоритiмдi жазу
үшiн пайдаланатындығын көрсетедi. Алголдың нақты логикалық
құрылымына байланысты, ол алгоритм жазуының стандартты құжаты
ретiнде техника және ғылыми әдебиеттерде пайдаланылады. Одан кейiнгi
түрлерi Алгол 68 және Алгол 60. Алгол 68 өте үлкен болғандықтан оны
қолдану үлкен қиындықтарға тiредi. Спецификациямен жұмыс iстейтiн
комитеттiң мүшесi, швейцар ғалымы- Никлаус Вирт бұны қабылдауға қарсы
болды. Ол өзiнiң дұрыстығын дәлелдедi. Шынында да, Алгол бiр кездегi
белгiлi программалау тiлiнiң негiзi болды. Дегенмен, Алгол
программалау тiлiнде көптеген тiлдердiң пайда болуына себеп болды. 2-
сурет.
1967 жылы Вирт өз тұжырымын ұсынды-Алгол W. Ол
студенттердi “жоғарыдан төмен құрылымды программалау” тектес
программалау тiлдерiн жасау жолын үйретуге, оқытуға арнайы тiлдер
қажет болды деп санаған. Виртқа сол кезде болған тiлдердiң бiреуi
де ұнаған жоқ. Ол 1968 жылы өзiнiң программасын жасауға кiрiседi.
1970 жылы программалау тiлiнiң өмiрiнде екi үлкен оқиға
болды. UNIX операциялық жүйесi және жаңа программалау тiлi пайда
болды. Вирт оның атын 17-ғасырдың ұлы француз математигi және
философы Блез Паскль есiмiмен атады. Паскаль- есептеуiш құрылғының
негiзiн қалаушы. Вирттың алғашқы ұсынысы СДС 6000 компьютерiне
арнайы жасалды. Өзiнiң логикалық және айқындық ерекшелiктерiне
байланысты Паскаль көпке дейiн өзiнiң орнын алып, жоспарларды
оқытатын ең оңай программа болды.
1975 жылы тағы да программалау тiлiнде екi оқиға
болды. Билл Гейтс пен Пол Аллен өздерiнiң жасаған Бейсик
программасын ұсынды. Ал Вирт және Йенсен Pascal User Manual and
Report тiлiне классикалық суреттеу жасады. Соның салдарынан әртүрлi
тiлдер мен олардың көбеюi пайда болды.
1983 жылы компьютерлер техникасының әлемiнде ашылған
үлкен жаңалық- Турбо Паскаль пакетiнiң пайда болуы және оны Borland
фирмасында көп таралуы. Пакет СР М операциялық жүйе үшiн
тағайындалды, ол туралы BYTE журналында алғашқы рет жарнама шықты.
1984 жылдың басында ол пакет MS-DOS ортасына көшiрiлдi де, ең
үлкен атаққа ие болды. Содан берi Турбо Паскальдiң бiрнеше түрлерi
шықты, ең ақырғысы- жетiншi.
Borland Inprice фирмасы Турбо Паскаль тауар желiсiн
тоқтатып, Windows- Delphi жүйесiне ауысты. Осыған қарамастан Турбо
Паскаль өзiнiң программалау әлемiндегi алғашқы таныстық тiлiн сақтап
қалуда. Бұл оның логикалық құрылысының дұрыстығы және Турбо
Паскальдың әртүрлi есептеудегi шешiмiн табу мүмкiндiктерiне
байланысты, олар: берiлгендi есептеу және өңдеу, компьютерлiк графика
, дыбыспен жұмыс, жүйелi жоспарлау. Турбо Паскаль қазiргi жетекшi
технологиялық программалаудың бiрi- объекттi бағдарлау программасын
қабылдауды қолдануға мүмкiндiк бередi.

2.1.Турбо Паскаль ортасымен танысу.

Турбо Паскаль программалау ж‰йесі белгілі екі жеке
баста-мадан т±рады: Паскаль программалау тілініњ аударушысынан жєне
программалыќ ќабыќшадан, б±л программаныњ ќ±ру нєтижесініњ µсуіне
єсер етеді. Программалау тілініњ аударушысын Турбо Паскаль тілі, ал
єрт‰рлі сервистік ќызмет кµрсететін программалыќ ќабыќшаны Турбо
Паскаль ортасы деп атайды.
Ж‰йемен практикалыќ ж±мысќа кірісетін кез-келген
прог-раммист ењ бірінші Турбо Паскаль ортасымен танысады.
Турбо Паскаль ортасы көлемді болып келеді. Ол
дистрибуттыќ дискеталарда тасымалданады жєне қатты дисктегі жүйені
ашқанда әдетте Турбо Паскаль деп аталатын (немесе PAS, TURBOPAS, PAS CAL
т.б.) каталог құрады, онда дистрибутивті дискетадағы барлық файлдар бар.
Турбо Паскальды шақыру үшін дербес компьютердің каталогтардың бұтақ тектес
құрылымы (дерево каталогов) ішінен осы каталогты және TURBO. EXE деген
файлды табу керек. Бұл файлда Турбо Паскаль программалау жұмысына арналған
дайын сұхбаттық жүйе берілген. Оның құрамына Турбо Паскальдың минемалды
қажетті бөліктері кіреді (мәтіндік редактор, аударушы, енгізуші
(загрузчик), компоновщик, отладчик). Сұхбаттық ортада жұмыс істеу үшін тағы
TURBO.TPL файлында орналасқан негізгі кітапхана және анықтама қызметі
(справочная служба; TURBO.HLP ФАЙЛЫ) керек.
Жүйені шақырғаннан кейін дербес компьютердің экранында терезе
шығады. Экранның жоғарғы жағында - меню қатары, одан жұмыс істеу ортасы
және төменінде – қалып-күй қатары. Меню қатары активті болуы мүмкін, онда
меню командаларымен жұмыс істеуге болады; ол мысалы программа мәтіні
тексерілгенде меню қатары активті болуы мүмкін. Программа орындалып немесе
оның жұмысының нәтижелері экранға шыққанда меню және басқа орта бөлімдері
көрінбеуі мүмкін, меню қатарын F10 пернесін басу арқылы шақыруға болады.
Қалып-күй қатары функционалды пернелердің жұмысын көрсетеді. Жұмыс істеу
ортасы – редактор терезесі. Ол екі жолақты шектемемен шектеледі. Оның
жоғарғы жағында дисктік файлдың аты беріледі (жаңа файлға NONAMEOO.PAS
атауы беріледі), екі арнаулы алаң (поле) тышқан енгізу құрылғысын
пайдаланғанда қолданылады (тік жақшамен алынған), 1 саны - терезе нөмерін
көрсетеді. Турбо Паскальда бір мезгілде бірнеше программамен қатар жұмыс
істеуге болады, олардың әрбіреуі жеке редакторда орналасуы мүмкін. Орта 9
редактор терезесімен бір уақытта қатар қолдануға мүмкіндік береді.

2.2.Функционалды пернелер.

Функционалды пернелер Турбо Паскаль ортасын басқаруға және
қолдануға арналған. Олар F1, F2...F12 деп белгіленіп, пернелер тақтасы
жоғарғы жағында орналасқан. Бұл пернелердің әрбіреуімен менюдің белгілі бір
командалары байланысты. Функционалды пернелердің барлығының дерлік қызметін
үш ерекше пернемен модифициялауға болады. ALT(ALTernative - толықтауыш),
Ctrl(ConTRoL – басқарушы) және Shift(SHIFT –қозғалтушы). Екі пернені қатар
басқанда да әртүрлі командалар орындалады. Осы үш перненің біреуін жібермей
басып тұрып функционалды пернені басу керек.
Төменде Турбо Паскаль ортасындағы Ctrl және Alt пернелерімен
комбинацияда орныдлатын бұйрықтар:
F1 – құрылған анықтама қызметінен анықтама сұрау (Help – көмек);
F2 – тексерілген мәтінді дистік файлға жазу;
F3 – дисктік файлдағы мәтінді редактор терезесінде оқу;
F4– откладочный режимінде қолданылады: программа орындалуын бастау
немесе жалғастыру және курсор тұрған жлды орындау алдында
тоқтау;
F5 – активті терезені бүкіл экранға ашу;
F6 – келесі терезені активті түрге айналдыру;
F7 – откладочный режимінде қолданылады: программаның келесі жолын
орындау;
F8 – откладочный режимінде қолданылады: программаның келесі
жолын орындау;
F9 – программаны аудару, бірақ оны орындамау;
F10 - басты меню көмегімен жұмыс режимінің сұхбаттық таңдамасына
өту;
Ctrl + F9 – программа айдауын орындау: программаны аудару, оны
жедел жадыға жүктеу және орындау, одан Турбо Паскаль
ортасына қайту;
Alt + F5 – программада редактор терезесін жұмыс нәтижесін шығару
терезесіне алмастыру;
Ctrl + F9 – сіздің программаңызды тексеру;
Alt + X – Турбо Паскальдан шығу;

2.3.Меню жүйесі.
Турбо Паскаль ортасын толық басқару негізінен кезекті ашылатын меню
жүйесінің көмегімен жүреді. Ішіндегі біреуі ғана – басты меню әрдайым экран
бетінде болады, басқалары жұмыс түріне байланысты ашылып отырады.
Басты меню негізінен қосымша менюлердің тақырыбын қамтиды. Бұл
менюде әрекетіне байланысты ұқсас басты меню опциялары топтастырылған:
File (файл) – файлдармен жұмыс және жүйеден шығу;
Edit – бұзылған жолды және уақытша буфер операцияларын қалыпқа
келтіру;
Search (іздеу) – мәтінді, процедураны, функцияны немесе қате
жерлерді іздеу;
Run (жұмыс) – программаны айдау (прогон);
Compile (аудару) – программаны аудару;
Tools (саймандар) – көмекші программаларды шақыру;
Options (нұсқаулар) – орта параметрлерін орнату;
Window (терезе) – терезелермен жұмыс;
Help (көмек) – анықтама қызметіне сүйену.

FILE опция менюі.

File - ді Ғ10 пернесің басу арқылы, одан тышқанның сол жақ
батырмасын және File пунктінің үстінен F–ті шерту арқылы ашуға болады.
Көбінде бұл менюдің Open, Save, Exit және Dos Shell бұйрықтар
қолданылады. Алғашқы үшеуіне Ғ3, Ғ2 және Alt + X пернелері сәйкес келеді,
сондықтан бұл әрекеттерді орныдау үшін менюді шығармауға да болады. Файлды
Alt + Ғ3 пернесімен немесе активті терезенің сол жақ жоғарғы бұрышындағы
кішкентай төртбұрышты шерту арқылы жабуға болады.

NEW. NONAME xx. PAS атауымен жаңа редактор терезесін құрады және
ашады. Терезенің хх кезекті номері стандартты NONAME атты терезелердің
мөлшеріне байланысты.

OPEN. Жаңа редактор терезесін ашады және онда белгіленген дисктік
файлды орнатады. Бұл опцияға кіргенде сұхбат терезесі ашылады. Оның енгізу
алаңына керекті файл атын жазу керек. Егер атауда кеңейту (расширение)
түсірілген болса, онда орта стандартты PAS. кеңейтуін ұсынады. Егер PAS –
да кеңейтумен басқа файлды тексеру керек болса, келесі форматтардың
біреуінде атауды енгізу қажет: NAME. немесе NAME.* немесе ** т.б., бұл
қажетті файлға байланысты орындалады.Сонымен қатар файл атын мына жолмен
таңдауға болады. Сіз алдын-ала таңдау алаңын тышқанмен немесе Tab
пернесімен активті түрге айналдырып, осы алаңнан керекті файл атын таңдап
алуыңызға болады. Таңдау алаңының тізімінен керекті файл атын жүктеген
кезде тышқан курсорын файл атауына әкеліп, сол жақ батырманы екі рет қатар
шерту керек. Сіз бұл опцияның қолдану протоколын ашып, бұрын қолданған
атауды осы протоколдан таңдай аласыз. Ол үшін енгізу алаңының оң жағында
орналасқан ( алаңға тышқанды көрсетіп, оның сол жақ батырмасын басыңыз.
Әлде енгізу алаңы активті күйде болғанда курсордың төмен жылжыту пернесін
басыңыз. Ашылған протокол терезесінен көрсеткішті қажетті жолға әкеліп,
Enter-ді басу керек. Open бұйрық алаңы жаңа редакторлық терезеге файлды
оқу бұйрығына арналған, Replace (ауыстыру) – файлда оқылған активнті
редакторлық терезесіндегі мәтінді басқа мәтінге ауыстыру үшін арналған.
Опция редактордан Ғ3 пернесі арқылы шақырылады.

SAVE. Активті редактор терезесінің мазмұнын дисктік файлға жазады.
Егер терезе NONAME xx.PAS атауымен байланысты болса, орта жаңа файл
атауын сұрайды. Опция редактордан Ғ2 пернесі арқылы шақырылады.

SAVE AS. Активті редактор терезесінің мазмұнын дисктік файлға
басқа атпен жазады. Сіз енгізу алаңына дисктік файл атын енгізуіңіз керек.
Сізге тандау алаңындағы немесе опция протоколындағы бар файлды таңдауға
болады. Бұл жағдайда ортаны баптауға (настройка) байланысты бұрынғы файл
мазмұны жойылады немесе .BAСК кеңейтуімен көшірме күйінде сақталады.

SAVE ALL. Барлық редактор терезесінің берілгенін сәйкес келетін
дисктік файлға жазады.

CHANGE DIR. Қолданушының ағымдағы каталогын өзгертуге мүмкіндік
береді. Бұл опцияның сұхбат терезесінің таңдау алаңында ағымдағы дисктің
каталогтар ағымы беріледі. Бұл тереземен қозғала отырып керекті каталогты
таңдап CНDIR (CНenqe DIRectory – каталогты өзгерту) бұйрықтық алаң арқылы
ағымдағы каталогқа өзгертуге болады.Егер DRIVES (дисководтар) көрсеткіші
таңдалса, бұнда да ағымдағы дискті өзгертуге болады. Сіз белгілі бір
себеппен өзіңіздің жасаған өзгертуіңізден бас тартсаңыз (отказаться),
REVERT бұйрық алаңы бұрынғы ағымдағы каталогты қайта қалпына қайтаруға
мүмкіндік береді (бұл бұйрық терезені жапқанға дейін орындалады).

PRINT. Активті редактор терезесінің берілгенін принтерде басып
шығарады немесе файлға шығарады.

PRINTER SETUP. Ортаны ағымдағы файл басылымына баптайды. Filter
Path енгізу алаңы PRNFLTR.EXE фильтр-программасының атын ұстау керек.
Command Line енгізу алаңы принтерфайл таңдауын, басылым параметрлерін
ұстау керек. Турбо Паскаль үш түрлі принтермен қолданылады:
1)матрицалық Epson принтерлері;
2) лазерлік HP Laser Set принтерлері;
3) постскрипт – принтерлер, PostScript беттерінің жазу тілін
түсіне алады;
Керекті принтер типін көрсету үшін Command line алаңында келесі
жолдар орналасады:

Жол Мағынасы
$NOSWAPASCII Принтердің белгісіз типі; шығаратын ағымда тек
мәтіндік символдар мен жолды аударудың кодтары
бар;
$NOSWAPEPSON Epson принтері немесе оның құрамдасы, Epson
бұйрықтарының жүйесі басқа фирмалардың матрицалық
принтерінің көпшілігімен қолданылады;
$NOSWAPHP HP Laser Jet принтері немесе оның құрамдасы; HP
Laser Jet бұйрықтарының жүйесі басқа фирмалардың
матрицалық принтерінің көпшілігімен қолданылады;
$NOSWAPPS Постскрипт-принтер PostScript бейнелеу беттерінің
аппаратты-тәуелсіз тілдегі бұйрықтарды қабылдайды;
$NOSWAPOxxxx Нәтижені файлға енгізу; хххх файл атауы пробелсіз
О символдарынан кейін бірден жазылу керек; егер
файл болмаса ол нәтиже процессінде құрылады;

Бұл бұйрықтар келесі параметрлермен толықтырыла алады:
Рхххх Бір беттегі жолдар санын анықтайды.
Тхххх Бір табуляция символын алмастырып пробел символының саны.

DOS SHELL. ДОС-қа уақытша шығуды қамтамасыз етеді. Турбо Паскаль
жедел жадыда резиденттті болып қала береді және оның көлемді орнын алады.
Сондықтан да бұл жағдайда ДОС басқаруымен көлемі жағынан салыстырмалы
үлкен емес программалар орындалады. ДОС-қа бос жадының орнын үлкейту үшін,
бұл опцияға сүйену бұрын откладка режимін Сtrl + F2 пернесімен тастау
керек. Турбо Паскальға қайту үшін ДОС құрауына EXIT сөзін жазып, Enter-ді
басу керек.

EDIT опциясының менюі.

UNDO. Активті редактор терезесінде жаңа ғана Ctrl+Y бұйрығымен
жойылған және өзгертілген жолды қалпына келтіреді. Турбо Паскаль әрбір
редактор беті үшін арнайы өзгеру буферін құрады. UNDO опциясын кезекті
пайдалану сіздің жасаған мәтін өзгерісін жоққа шығаруы мүмкін. Опцияны
редактор терезесінен ALT + Backspace пернелерімен шақыруға болады.

REDO. Алдыңғы UNDO бұйрығының әрекетін жоққа шығарады.

СUТ. Редактор терезесінен белгіленіп алынған блокты алып тастайды
және оны Clipboard ауыстыру буферіне көшіреді. Опция редактордан Shift +
Del , бұрығымен шақырылады.

COPY. Редактор терезесінен белгіленген блокты Clipboard ауыстыру
буферіне көшіреді. Опция редактордан Ctrl + Ins бұйрығымен шақырылады.

PASTE. Сlipboard ауыстыру буферінің берілгенін редактор терезесіне
көшіреді. Буфер берілгені өзгермейді және қайталана қолданылуы мүмкін.
Опция редактордан Shift + Ins бұйрығымен шақырылады.

CLEAR. Редактор терезесінен белгіленген блокты алып тастайды,
бірақ оны буферге орнатпайды. Алып тасталған фрагмент қайтымсыз жоғалады.
Опция редактордан Ctrl + Del бұйрығымен шақырылады.

SHOW CLIPBOARD. Ауыстыру буферінің берілгенін көрсетеді.

SEARCH опция менюі.

FIND. Редактордың активті терезесінде керекті фрагмент мәтінін
іздеуді қамтамасыз етеді. Бұл опцияға сүйену кезінде сұхбат терезесінің
таңдау алаңында бір сөз болады, бұл сөзді активті редактор терезесінде
курсор көрсетіп тұрады. Сіз жаңа сөз немесе мәтіндік жол енгізе аласыз.
Сізге оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Визуалды тілдерде графиканы программалау. Нұсқаулық
Delphi бағдарламалау тілі
Delphi ортасы туралы
Delphi ортасы. Проект. Форма. Қасиеттер.
Инженерлік калькулятор
Delphi-дің графикалық мүмкіндіктерін қолдана отырып қозғалатын бағдарлама құру
«Тест» қосымшасын құру»
Паскаль програмалау тілі туралы түсінік
Dеlрhi ортасында ақпараттық жүйе құру
«Айналатын жұлдыз бағдарламасын» құру
Пәндер