Ресейдің ұлттық аймақтарындағы Азамат соғысы (1918 – 1920)


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Ресейдің ұлттық аймақтарындағы Азамат соғысы

(1918 - 1920)

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І - ТАРАУ. АЗАМАТ СОҒЫСЫНЫҢ БАСТЫ ОҚИҒАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ

ІІ- ТАРАУ. САЯСИ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ОДАҚТЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Ресейдегі ұлттық аймақтарындағы азамат соғысы, осы кезге дейін жан - жақты зерттелмеген болатын. Себебі кеңес өкіметі кезінде бұл азамат соғысы жайында көптеген материалдар кездестіруге болады. Бірақта бұлардың барлығы сыңаржақ зерттеліп, жан -жақты қарастырылмаған. Ал қазіргі кезде, бұл азамат соғысы туралы жан - жақты материалдарды кеңес үкіметі кезіндегі бар деректерді пайдалана отырып, оның шынайы шындығын ашуға болады.

1917 жылығы Ақпан буржуазиялық - демократиялық революциясы нәтижесінде царизмнің құлатылуы Ресейдің саяси күштерінің орналасуын түбірінен өзгертті. Жеңген революцияның негізгі қозғаушы күшін құраған көтерілісші жұмысшылар, солдаттар, шаруалар самодержавиелік негіздерді жоюмен ғана қалған жоқ, ал сонымен бірге өздерінің өкімет органдарын - Кеңестерді құрды. Алайда буржуазия мен буржуазияланған помещиктер революцияның жеңісін пайдаланып, өздерінің мүдделерін саяси тәжірбиесіне сүйеніп, уақытша үкіметті құрып, билікті өз қолдарына алды. Уақытша үкімет жер - жерде, соның ішінде, ұлттық шет аймақтарда да өзінің органдарын құрды.

Міне менің алға қойған мақсатым, осы 1918 - 1919 жылдар аралығындағы азамат соғысын, яғни Ресейдің ұлттық аймақтарындағы азамат соғысын жан - жақты қарастырып, зерттеп шығу.

Дипломдық жұмысымды терең қарастыру мақсатында, жан -жақты зерттеу үшін, алға мынандай жоспар құрдым, яғни құрлымы былай деп алғам болатынмын.

Дипломдық жұмыстың жоспары, бірінші кіріспеден, біірінші және екінші тараудан, қорытындыдан тұрады. Бірінші тарауды, азамат соғысыгың жалпы сипаты деп алып, бұнда азамат соғысының басталуы және де жалпы басталуына негізгі себептеріне тоқталып өттім.

Ал екінші тарауда, Саяси - экономикалық және әскери одақтың құрылуы деп алдым. Осы жерде, яғни әр жақтын әскери одақтарының қалай және қашан құрылғаны жөнінде толық мәліметтер арқылы жан - жақты қарастырылып шықтым.

Осы диплом жұмысында ресей халқының тарихы бойынша білімнің өркендеп өсуін, деректердің тарих ғылымының дакументталдық базасы ретінде жинақталуын, Ресей тарихының жекелеген жақтарын терең зерттелуін және сол ағымда проблематикалық кенейуін ашып көрсетуге әрекет жасады. Осы диплом жұмысының негізгі алдына қойылған мақсаты:

- Ресей тарихы бойынша білімнің жинақталуы процесін бақылай отырып, өлкенің тарихы бойынша түрлі көзқарастарға сипаттама беру;

- Ресей тарихнамасының дамуында және ресей ұлттың намасының қалыптасуындағы орыстың қоғамдық-саяси философиялық және тарихи ойының атқарған қызметің көрсету.

Диплом жұмысының тарихнамасына келетін болсақ, көбінесе Лениннің «Таңдамалы шығармалар» атты шығармаларында, осы азамат соғысы жайында сыңар жақ болса да, көптеген материалдары алуымызға болады. Осы В. И. Лениннің шығармаларын талдап отырып, осы азамат соғысын жан - жақты қарастырдым.

«История гражданской войны в СССР 1917 - 1922 г. » атты Москвадан 1958 жылы шыққан тарихи еңбекте, осы азам соғысы толықтырып жазылған. А. П. Литвиннің «Советская историография гражданской войны в Поволжье» деген еңбегінде, аталмыш тақырыпқа байланысты ең құнды деректер алуға болады. Сонымен қатар, «Гражданская война и военная интервенция в СССР» деген, Хромовтың басшылығымен жазылған, Москва қаласынан 1983 жылы шыққан тарихи еңбектен де ең қажетті материалдарды да ала аламыз.

Соңымен бірге, ең құнды материалдарды, Қазақ тарихы журналынан да материалдар алуға болады. Қорыта айтар болсам, негізінен аамат соғыс жайлы кеңестік кезінде жазылған бірнеше шығармаларды, тарихи еңбектерді және көптеген құнды деректерлерді алуымызға блады. Бірақта бұл еңбектердің барлығы кеңес үкіметі кезінде жазылғандықтан кейін, қандай еңбектерді оқысақтақ, барлығы сыңар жақ және де кеңестік идеология мен жазылғанын ескере кеткеніміз дұрыс. Соған қарамастан, Бұл дипломдық жұмыс жазу барысында, барлығын ескере отырып, алға қойған мақсатыма жету үшін, еңбектердің барлығын бастапқы кезде ой елегінен өткізіп, талдап шыққан болатынмын.

І - ТАРАУ.

АЗАМАТ СОҒЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ

СИПАТЫ ТУРАЛЫ

1918 жылғы 18 январьда Халық Комиссарлары Советінің Председателі В. И. Ленин «Жұмысшы - Шаруа Қызыл Армиясын құру туралы» тарихи декретке қол қойды. Онда: «Ескі армия буржуазияның еңбекшілерді таптық қанаудың қаруы болды. Өкімет билігін еңбекшілер мен қаналушы таптың қолына алуына бай-ланысты жаңа армия құру қажеттігі туды» /1/, - деп көрсетілді. Одан соң декретте Қызыл Армия қатарына Октябрь революциясының жеңістерін, Совет өкіметі мен социализмді қорғау үшін бар күші мен өз емірін аямай-тын әрбір азамат алынады, - делінді. Сонымен Декрет Қызыл Армияның езінің қүрылуы мен өзгешелігі жағы-нан жаңа типті армия екендігін, оның мақсаты еңбекші-лердің мүддесін қорғау екендігін анықтап берді.

Сөйтіп, тарихта түңғыш рет еңбекшілерді қанау үшін емес, қайта олардың мүдделерін, олардың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғайтын армия құрылды.

Алғашқы кезде Қызыл Армия еріктілерден құрылды, өйткені Совет өкіметінің армияны жергілікті жерде есепке алып, ұйымдастырып, оны қару - жарақпен қамтамасыз етіп отыратын әскери аппараты болмайды. Кейін партия жүмысшы табының саналы тобынан соғысқа қабілетті бөлімдер құруға мүмкіншіліқ алды, олар Отанды қорғауға маңызды раль атқардьі.

1918 жылдың көктемінде Антанта империалистері Советтік Россияға қарсы ашық интервенция бастады /2/.

Англия, Франция, АҚШ, Жапония, Италия әскерлері советтік солтүстік пен қиыр шығысқа басып кірді. Май айында Антанта Совет үкіметі босатқан соғыс тұтқындарынан құрылған Чехословак корпусының контррево-люциялық бүлігін ұйымдастырды.

Қорпусқа орыстың көптеген ақ гвардияшылары қосылды. Бұл бүлік Волгадан Владивостокқа дейінгі ұлан-байтақ жерді қамтыды. Қарусыз халыққа ойран салып, бүлікшілер Самараны, Қазанды, Симбирскіні, Новосибирскіні, Петропавлды, Омбыны, Семейді Қоста-найды, Уфаыы басып алды. Бұл жағдай ішкі контррево-люцияшыл күштерді жандандырды. Волгада, Оралда, Сібірде кулактардын, бүліктері шықты. Қазақстанда Дутов, буржуазияшыл үлтшылдар және басқа контрреволюцияшыл элементтер бас көтерді /3/.

Антантаның көмегіне сүйеніп, адмирал Колчак пен генерал Толстов қылмысты әрекеттерін өрістетті.

Оңтүстікте атаман Анненковтың қанды балақ банды-лары ойран салды. Ақ гвардияшы атаман Дутовтың әскерлері Орынборды басып алып, Қазақстан мен Түркістанның совет аудандарын елдің орталығынан уақытша бөліп тастады.

Жау басып алған аудандарда контрреволюциялық «үкіметтер» қүрылып, ақ гвардия армиялары жасақталды. Интервенттер жүрген жерлерінің бәрін қиратып, селолар мен ауылдарды өртеді. Қолдарына түскен коммунистерді ешбір тергеусіз, сотсыз ата берді, жергілікті халыққа қиянат, қорлық көрсетті. Совет үкіметінің жағ-дайы ауыр халге душар болды. Республика от құрсаудың ортасында қалды.

Осындай ауыр кезде қазақ халқына көрсетілген лениндік қамқорлықтың бірі 1918 жылдың 14 июнь күні В. И. Лениннің совет Қызыл Армиясының үлттық бөлім-дерін ұйымдастыру туралы «Барлық еңбекші мұсылмандарға» деген үндеуі болды.

1918 жылы шілде айының басында Черняев (Шымкент) уездік советтік председателі Дибаров өзінін, Туркістан Совет республикасынық халық комиссарлары Ф. И. Колесовқа жіберген телеграммасында «Қызыл Армияның құрамына 150 мұсылманды қабылдауға» рұқсат сұрайды /4/.

Ф. И. Қолесов өзінің жауабында Жұмысшы - Шаруа Қызыл Армиясының қүрамына мұсылмандарды алуға рұқсат беретіндігін хабарлайды.

Қазақтарды Қызыл Армияның қүрамына алу туралы хабар Түркістан елкесінің қалаларына, ауылдарына және қыстақтарына жылдам тарады, - деп еске алады қарт коммунист Қүлмұхамедов. - Менің туған қалам Шымкент (сол кездегі Черняев) солдаттардан, қала мен уездін жүмысшылары мен қолөнершілерінен Қызыл Армия бөлімдері құрыла бастады. Олардың құрамында көптеген қазақтар болды. Бірінші отряд 1918 жылдың басында құрылып, Закаспий майданына аттанып кетті. Шымкентте Қызыл Армияның алғашқы отрядтарын ұйымдастырушылар большевиктер А. И. Астроханцев, 3. Б. Романенко және М. Е Морганов болды.

Аз уақыттың ішінде 1919 жылдың 18 сентябрінде Закаспий майданының революциялық әскери советі Черняев полкінің құрамдық тізімінде 1347 адам болды, оның ішінде жаяу әскер -669, атты әскер -73 және зеңбірек-7, пулемет-13, винтовка-1526, патрон-278 болды /5/.

1918 жылдың 10 июлінде мұсылман, солдат, жұмысшы және диқан депутаттарының Андижан Советінің атқару комитетінің председателі Усман Бапишев Түркістан советтік федерациясының, Орталық Атқару Комитетіне хат жазып, онда «күн сайын көбейіп келе жатқан тонау-шылар, мен қарақшылардан және контрреволюция тара-пынан болып отырған қауіптен» Андижанға және уездегі Совет өкіметін қорғау үшін қала мен уезде бар қарулы күштің жеткіліксіз екендігін хабарлай келіп, 200 жігіттен қазақтардан қосымша отряд құруға рұқсат сұрайды.

1918 жылы 9 августа Ашхабадтағы контрреволюциялық бүлікке байланысты ескі Андижанда «Жәми» мешітінде еңбекшілердің үлкен жиналысы болды, оған Түркістан темір жолдарының председателі И. Ф. Козерин қатысты. Қабылданған қарарда жергілікті халықтан шыққан андижандық еқбекшілер өздерінің Совет өкіметін қорғауға, Қызыл Армия құрамына кіруге және өз орталарынан Совет екіметі алдында белгілі бір қылықтарымен айыпты болған барлық қууға дайын екендіктерін мәлімдеді. Сонымен қатар қарарда мүсылман пролетариаты орыс туысқандарымен бірлесе отырып пролетариаттың өз өкіметі ретінде Совет өкіметін бар өмірін аямай қорғайды деп хабарланды.

1918 жылдың екінші жартысында Н. А. Поскуцкий басқарған Закаспий майданының командованиесі қазақтардан атты әскер бөлімдерін қүру туралы мәселе көтеріп, бұл істі Андижан советіндегі жүмыста өзін белсенді керсеткен большевик У. Бапишевке тапсырды /6/.

Қызыл Армия бөлімдерін құруға Қазалы, Перовск, Шиәлі және Ферғана облысы мен басқа да облыстардыц бірқатар елді пункттерінін, жергілікті халқы белсене қатысты.

Жауапты өкіл Бунятов 1918 жылдың аяғында Таш-кентте жергілікті қазақтардан құралған еріктілердің - бірнеше эшелондарын жіберді:

Қазалыдан 130 адам, Перовскіден 135 адам, Шиеліден-161 адам, Ферғана облысынан 118 адам болды.

1918 жылдың ноябрь айы бойына Бунятов Түркіста республикасының әскери халық комиссариатына әртүрлі үлттардан құралған 554 еріктілерді жіберді /7/.

1918 жыл 12 декабрьде У. Бапишев Түркістан Орта-лық Атқару Комитеті бекіткен Түркістан әскери комис-сариатының №17083 мандатын алды, онда Закаспий май-даны штабының өкілі У. Бапишевке мұсылман (қазақ) Қызыл Армиясын құру туралы тапсырма бергендігі айтылды.

1918 жылдың аяғында Андижан мүсылмандық Советі атқару комитетінің Ашхабад майданы әскери саяси штабының председателі У. Бапишевке жіберген баяндамасында қысқа мерзімде мұсылман Қызыл Армиясы құрылып, оның жаттықтырылған бір бөлігі социалистік Қызыл Армияның қатарын толықтыру үшін Ташкентке жіберілгендігі хабарланды. Баяндамада сонымен қатар 300 мұсылман әскери іске үйретіліп жатқандығы, олар қайда бұйрық болса сонда жіберілетіндігі айтылды.

1918 жылы 18 сентябрьде Түркістан қаласында атты қазақ жүздігінің екі эскадроны, сонымен қатар социалистік мұсылмандық армияны ұйымдастыру жөніндегі штаб құрылды.

Штаб бірден жұмысқа кірісті. 1919 жылы 14 ақпанда У. Бапишев қол қойған № 2 бұйрық жарияланды, онда қабылдау комиссиясынан өткен қызыл әскерлердің тізімі берілді. Бұл тізімде 1919 жылы 13 қаңтардың 12 ақпанға дейін қабылданған жергілікті ұлттардың өкілдерінен құрылған 117 еріктілердің фамилиясы аталды /8/.

Еріктілерді қабылдаумен қатар әскери штаб киім, аяқ киім дайындау үшін еркектер материалдар іздеумен, азық-түлік дайындаумен т. б. шұғылданды. 1919 жылы 20 ақпанда штаб тура төбедегі Совет председателі «әскери киім үшін шүға сатып алуға» 1 сом жіберді. Ал 20 ақпандағы № 6 бұйрықта «Қоқан атқару комитетінен 1319 пар етік, Ташкент қоймасынан 400 пар іш киім, 100 пүт үн, 50 пүт сұлы, 5 жәшік сіріңке» алынғандығы хабарланды.

1919 жылдың мартының аяғында 316 еріктілер қабылданды, 1919 жылы 13 мартта жалған жаламен Түркістан . әскери комиссариаты Бапишевті түтқынға алғандығына байланысты онын, қызметі - эскадрон командирі Добровольскийге жүктелді.

Әулие - Ата уезіндегі қабылданатын еріктілер санын 1000-ға жеткізу жоспарланды, алайда қажетті жағдайлардың болмауы бүл жүмысты тежеп отырды. Кадрлар, әскери киім, азық - түлік жетіспеді. Сол кезде социалистік мұсылмандық армияны қүру жөніндегі штабты тарату туралы мәселе қойылды, бірақ Добровольскийдің баяндамасы бойынша әскери комиссариат штабты қайтадан құрумен ғана шектелді.

Штабқа әзірше жиналған еріктілерден жеке мұсылмандық Қызыл Армия емес, тек қана 4 эскадроннан тұратын атты әскер полкін құру тапсырылды. Бүл мәселе Россия Советтік Федерациясының 1919 жылғы 9 апрельдегі Түркістан республикасының әскери істері жөніндегі № 297 бүйрығында айтылды: «Ташкент қаласында округ бойынша 1919 жылғы жарияланған № 123 бұйрықта кәрсетілген штатқа сәйкес 4 эскадроннаң тұратын советтік мұсылмандық атты әскер полкі құрылатындығы республика басшылығына хабарланады /9/.

1919 жылы 19 мартта уақытша комиссия Түркстан Республикасының армиясы құрамына тоқымашы жұмысшылардан құрылған қазақ полкін енгізу туралы шешім қабылдады.

Жаңадан құрылған қазақ атты әскер полкінде 1919 жылы 1 апрельде командалық құрам белгіленді. Полк командирі болып Демидов, оның көмекшісі болып Муравьев тағайындалды. Муравьевке қызыл әскерлерге әскери және саяси тәрбие беру міндеті жүктеледі.

Жергілікті ұлттардың ерікті өкілдерінен құралған және қысқа мерзімде әскери іске жаттықтырылған полк әжептәуір ірі жауынгер бөлім еді, оны Түркістан республикасы әскерлерінің қолбасшысынын. бұйрығы бойынша 1919 жылы 19 апрельде Закаспий майданына жіберді /10/.

Социалистік Қызыл Армияны құру жөніндегі штаб бойынша берілген №11 бұйрықта былай делінген: «I. Полк командирі жолдас Демидовқа тез арада сағат 9 - ға бүкіл полк қүрамын жинап, Ашхабад майданына аттануды ұсынамын. Аттаныс алдында барлық қызыл әскерлер мен командалық құрамды жинап, тізім бойын-ша тексеріп, майданға қанша адам аттанатыны жөнінде мәлімет беру керек. Ұсыныс орындалмаса ату жазасына дейінгі қатаң шаралар қолданылады» /11/.

Полктың 4 эскадронында барлығы 443 қызыл әскер ішінде полк командирі Демидов оның көмекшісі Муравьев, адъютант Смирнов аттанды.

Полк майданға аттанды, ал мұсылман Қызыл Армиясын құру жөніндегі штаб Ташкентте қалып жаңа ұлттық бөлімдерге еріктілер жинау бағытындағы жұмысын жалғастыра берді.

15 адамнан тұратын алғашқы еріктілер тобы мұсылмандық жаяу әскер ротасын құруға негіз болды. Рота құрамы күн сайын 3 - 10 адаммен толығып отырды, бұлар негізінен Перовск және Түркістан уездерінен жиналды /12/.

Басқа қалалардан да еріктілер эшелондары ағылып келіп жатты. 1919 жылы 7 июльде Арыстан Ташкентке Ахметбаев басқарған 89 еріктілер келіп жетті.

1919 жылдың майынан бастап мұсылмандық Қызыл Армияны құру жөніндегі штабтың құрамында өзгерістер жасалды, жаяу әскер, атты әскер және пулемет істері жөніндегі бөлімдер құрылды. Штаб «Мұсылмандық армияны құру жөніндегі республикалық штаб» болып аталды /13/. Мұсылмандық Қызыл Армия штабының бастығы болып әскери комиссардың жетекшісі және Түркістан республикасы әскери комиссардын, жетекшісі және Түркістан республикасы әскери советінің мүшесі Б. Шагабудтинов тағайындалды. Добровольскийді 1919 жылы 24 майда Әулие - Атаға мұсылмандық Қызыл Армияны құру женіндегі бөлімшені басқаруға жіберді /14/.

Штабтың жұмысы кең еріс алды. Мұсылмандық Қызыл Армияны үйымдастырушы, республика әскери комиссарының көмекшісі Б. Шагабудтинов штабтын алдында зор міндет-бұқаралық мұсылмандық Қызыл Армия қүру міндетін қойды. Осыған байланысты бүкіл Түркістан республикасы бойынша мүсылмандық Қызыл Армияны күру ісіне үйымдастыратын жергілікті ұйымдар құрылды. Б. Шагабудтинов белсенді әрекеті арқасында қысқа мерзімде 1919 жылы 24 майынан 18 июніне дейін мұсылмандық Қызыл Армияны ұйымдастыру женіндегі уездік бөлімшелер Әулие - Атада, Самарқандта, Түркістанда, Бетпақдалада, Андижанда, Ошта, Черняевта (Шымкентте), Ходжентте, Перовскіде, Пішпекте құрылды. Мерке селосында да учаскелік белімше ұйымдастырылды /15/.

Мұсылмандық Қызыл Армияны үйымдастырушы Б. Шагабудтинов Әули - Ата уезінде еріктілерді мұсылмандық Қызыл Армияға қабылдау туралы нұсқаулар бере келіп, былай деп жазды: Еріктілер мұсылмандық К, ызыл Армня қатарына ұлтына қарамастан барлығы қабылдануға тиісті.

1919 жылы 19 июньде Б. Шагабудтинов «Мұсылмандық Қызыл Армияны қүру туралы» баяндамасын тыңда-ды, бұдан кейін ол үшін орасан көп қаржы, материалдық резервтер, әскери және саяси маман кадрлар, казар-малар керек екені анықталды. Ал бүған Түркістан республикасының сол кездегі жағдайына қарағанда Революциялық Соғыс советінің мүмкіншілігі жетпейтін еді. Сондықтан Революциялық Соғыс советі мынадай қарар қабылдады /16/.

«Республика Революциялық Соғыс советінің қарамағында қару - жарақ, соғыс жабдығы, азық- түлік және киім - кешек жеткіліксіз болғандықтан, мұсылмандық армияны кен, масштабта кұру мүмкін емес. Армия қатарына алынған мүсылман жолдастардан Самарқанд қаласында бір запас жаяу әскер батальонын және роталар дайындау үшін бір атты әскер дивизионын құру керек» /17/.

Революциялық Әскери советінің дәлелдері жеткілікті сияқты болғанымен, мұсылмандық және аралас армияларды жеке - жеке қатар қүру, орталықта (мұсылман армиясының штабы) және жергілікті жерлерде әскери басқармаларды үйымдастыратын және мүсылман еместерді ұйымдастыратын жеке - жеке бөлек қүру ешқандай жақсы нәтиже бермес еді. Бұл ұлттық ерекшеленуді дәріптеп, буржуазиялық үлтшылдарга тиімді болған болар еді.

Түркістан республикасы Революциялық Әскерм советінің бұйрығын орындай отырып, мұсылмандық Қызыл Армияны құру жөніндегі республикалық штаб 1919 жылы 21 июньде мынадай бұйрық шығарды: «Мұсылмандық Қызыл Армияны құру жағдайлары өзгергендіктен Әулие - Атадағы, Самарқандтағы, Түркістандағы, Ходженттегі, Перовскідегі, Пішпектегі және Мерке селосындағы уездік белімшелер жабылады. Аталған белімшелер тез арада еріктілерді қабылдауды тоқтатып, барлық жұмыстарын бітіруге тиісті . . . Қызметкерлерді кызметтен босатып, бөлімшелер меңгерушілері штабқа ақша есебін, қабылданған еріктілер мен жылқыларды алып, Ташкентке келулері қажет» /18/.

Социалистік мұсылмандық Қызыл Армияны құру жөніндегі штабтың кен, өрістеген жарты жылдық қызметі осылай аяқталды, Штабтың өзі таратылған жоқ, алайда оның қызметінің сипаты өзгерді. Оның барлық жұмысы енді құрылып болған бөлімдер маңына шоғырландырылады: қызыл әскерлердің жауынгерлік және саптағы дайындығына үлкен назар аударылады.

1919 жылы декабрьде Ташкенттегі мұсылмандық Қызыл Армияны құру жөніндегі штаб таратылды. Әскери істер женіндегі комиссариат Ташкенттегі және советтік Түркістанның басқа пункттеріндегі штабтарды таратуда Түркістан республикасы Советтерінің VIII съезінің шешімдерін басшылыққа алды. Съезд бекіткен қорғаныс секциясы қарарларының 3-ші пунктінде былай деп көрсетілген еді.

«Қызыл Армияның мұсылмандық штабтарын таратып, оларды әскери бөлімдердің қүрамына ерекше бөлімшелер ретінде кіргізу керек» /19/.

Түркістан республикасының әскери істері жөніндегі комиссариатының 1919 жылғы 17 октябрьдегі № 1429 бұйрығында бүл белімшелердің міндеті -«Әскери бөлімдерге республиканың Қызыл Армия бөлімдерін мұсылмандардан шыққан әскерлермен және командирлермен толықтыруға кемектесу, армиядағы жергілікті халықтар мен европалықтарды біртұтас достық семьясынә біріктіру мәселелерін ойластыру және оларды республика әскери комиссарының белгілеген бағыты бойынша іске косу, - деп көрсетілді.

1919 жылы 9 декабрьде Қызыл Армияның 2-ші Түркістан полкіне Перовск уезінін, қазақтарынан қүрылған 60 адамдық еріктілер командасы жіберілді.

1919 жылдың аяғынан бастап барлық әскери ұйымдастыру жүмыстары қүрамында «мүсылмандық бөлім» дүрылған Түркістап майданы басқармасына берілді.

1919 жылдың күзі Солтүстік - Жетісу майданының әскерлері үшін аса бір қиын кезең болды. Түркістан республикасы революциялық әскери советінің председателі Д. Саликов, республика әскерлерінің бас қолбасшысы И. П. Белов, Бас штаб бастығы П. В. Блоговещенский 1919 жылы 1 августа Москваға Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитеті мен Революциялық-Әскери советке жолдаған хабарда былай деп жазған еді: «Жетісу құлауға жақын. Сергиополь мен Ұржар жақтан 12000 колчакшылар шабуылы үдеп келеді. Черкасск, Антоновка, т. б. Лепсі уезінің селолары 20 күннен бері қорғанып отыр, оларға көмек беруге ешқандай мүмкіншілік жоқ, қару болса, патрон жоқ. Түркістанды құтқару түгелдей сіздер-дін Орынбор майданын жылдам бүзып өтулеріңізге байланысты. Түркістан пролетариаты Совет екіметі үшін қанын да жанын да беруге дайын, бірақ жалаңаш қолмен қорғау үмітсіз болар еді» /20/.

1919 жылы октябрьдің басыпда Жетісуға Ташкенттен құрамында 200 қылышы бар коммунистік экспедициялық отряд (батальон), құрамында 460 қылышы бар 1 - ші атты әскер полкі, ал октябрьдің аяғында 620 қылышы бар 1 - ші мұсылмандық батальон жіберілген.

1919 жылдың күзінде Ташкеиттен Жетісуға жіберілген жеке мұсылмандық батальон полкке айналды да, 27 - ші Түркістан атқыштар полкі деп аталды. Сонымен қатар 1919 жылы Жетісуда 1 - ші және 2 - ші атты әскер Чполктері құрамында қазақтардан, қырғыздардан

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1918-1920 жылдардағы азамат соғысы
Партизан соғысы
Қызыл армияның құрамдас бөлігі ретінде 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында құрылған қазақ атты әскер полкінде
Алаштықтардың мақсаты - қазақ халқын отарлық негізден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру
Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.)
Қаз.АКСР-ның одақтас республикаға айналуы
Шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан
Қазақстан Азамат соғысы жылдарында
Қазақ әскери революциялық комитеті және ұлт-зиялылары
“Қазақстаның қазіргі заман тарихы” пәні бойынша оқу әдістемелік кешен
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz