Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамына жалпы сипаттама


Мазмұны
Кіріспе . . . . 3
І. «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамына жалпы сипаттама
1. 1. АҚ - ның жарлығы негізіндегі «Казкоммерцбанк» банкінің сипаттамасы . . . …. . 5
1. 2. "Қазкоммерцбанк" АҚ - ның тарихы және тарихындағы негізгі оқиғалармен банк стратегисы мен мақсаттары. ……… . . . ……. . 8
1. 3. «Казкоммерцбанк» банкінің ақпараттық ағымдары, банкте іс жүргізу ұйымдық-құрылымдық құрлымы . . . …… . . . … . . . 14
ІІ. «Казкоммерцбанк» АҚ ШФ бөлімдерінің қызметтерін зерттеу
2. 1. «Казкоммерцбанк» АҚ-ның Шымкент қаласындағы филиалының ішкі құрылымы . . . ……. . 18
2. 2. Жеке тұлғалардың операциондық бөлімі . . . …… . . . 21
2. 3. Заңды тұлғалардың операциондық бөлімі . . . … . . . …. 23
2. 4. Шағын және орта бизнесті дамыту операциондық бөлімі … . . . 28
2. 5. Төлем карта операциондық бөлімі . . . … . . . … . . . …31
2. 6. Құнды қағаздармен операциондық бөлімі . . . …… . . . …33
III - бөлім. «Казкоммерцбанк» АҚ қызметіне қаржылық талдау жүргізу
3. 1. «Казкоммерцбанк» - нің нарықтағы экономикалық жағдайы . . . 37
3. 2. «Казкоммерцбанк» АҚ-ның активтері мен пассивтеріне талдау жасау . . . … . . . …42
Қорытынды . . . . . . 48
Әдебиеттер тізімі . . . ………. …. 50
Қосымшалар
Кіріспе
Өндірістік тәжірибе есебі үш бөлімнен оның ішінде тәжірибеден өткен объект «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамы. Өндірістік тәжірибе есебінің бірінші бөлімінде «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасы, даму тарихы мен жетістіктері Қазақстан Республикасының екінші денгейлі банктер арасында алатын орны, стратегиясы мен Банк миссиясы мен мақсатын ашып қарастыру көзделген.
Екінші бөлімінде «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамында басқару жүйесінің ұйымдық - құрылымдық сипаттамасына тақталған. «Қазкоммерцбанк» АҚ - ның Шымкент қаласындағы филиалының ұйымдық - құрылымдық құрамын негіге ала отырып сипатталады.
Үшінші бөлімінде «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамының қаржы - шаруашылық қызметіне талдау жасау арқылы «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамының экономикалық жағдайын зерттеу негізге алынған. Және осы өндірістік іс - тәжірибеде екінші денгейлі банктердіңде қызмметтері мен мақсаттарына салыстырмалы түрде зерттеу жүргізілді.
«Қазкоммерцбанк» АҚ - ның сонғы үш жылғы қаржылық жәй - күйі қарастырылды және «Қазкоммерцбанк» АҚ - мы ҚР - ның екінші деңгейлі банктер арасында капиталы мен активтері арасында алғашқы қатарда екеніне көз жеткізілді.
Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443 заңдық күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Жарлығы. Қазақстан Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционерлік қоғам болып қалыптасты.
«Қазкоммерцбанк» АҚ - ның қаржылық жәй - күйі қарастырылды және «Қазкоммерцбанк» АҚ - мы ҚР - ның екінші деңгейлі банктер арасында капиталы мен активтері арасында алғашқы қатарда екеніне көз жеткізілді.
Өндірістік іс - тәжірибенің басты мақсаты: ҚР-сының коммерциялық банктің функцияларын және операциларының дамуын талдап мәселесін ашу. Осы мақсатын ашу үшін мына міндеттемелерді орындау керек:
- «Қазкоммерцбанк» АҚ - ның мәнін ашу;
- «Қазкоммерцбанк» АҚ - ның фукнцияларын талдау;
- Банктің активті және пассивті операцияларын қарастыру;
- Банктің фукнцияларынның және операцияларының дамуын талдау;
- «Қазкоммерцбанк» АҚ - ның банктің қызметтерін жетілдіру жолдарын қарасытыру
Қазіргі күнде Қазақстанның банк жүйесі экономиканың посткеңестік кеңістігіндегі аса жоғары қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. Мұны банк заңдарымен және басқа да нормативті-заңды құжаттарға сүйенген коммерциялық банктердің ұйымдастырылған жүйесі растайды.
Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылымы екі деңгеймен көрсетілген: Қазақстанның Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер (коммерциялық банктер) .
Бизнестің жаңа бағыттарының дамуы, табыс сапасының жоғарылауы, менеджмент қауіп-қатер жүйесінің жақсаруы, клиенттік қызмет етудің толық жетілуі, пайыссыз шығындардың ықшамдалуына ұмтылу Банк қызметінің барлық көрсеткіштерінің өсуін және оның жыл қорытындысы бойынша жақсы нәтижеге жетуін қамтамасыз етті.
Өндірістік тәжірибеде өту уақыты барысында банкте келесіде мәселелерді қарастыру көзге алында :
- Клиентке қызмет көрсету барысында күтілім кезегінде клиенттің тұрып қалуы
- Көбінесе клиенттер кезекте отырып күткеннен кейін қолындағы құжаттардын да басқада құжаттың керектігі анықталады.
- Клиен менеджерге кезекте тұрып қалады сосын кассага да барып кезекте болады.
- Стандартты қызметтерді тіркеуге қарағанда сейфтік операцияны туркеу және қызмет көрсету ұзаққа созылып жататын кездері болады.
- Түскі үзіліс кезінде кассага кезек еріксіз көбейіп кетеді.
Осы мәселелерді шешуга ұсыныстар:
- Банктің Ақпаратттық программасына жаңартулар енгізу;
- Операциялық бөлімге қызметіне залдагы клиенттердің құжаттарын тексеріп қажетті сілтемелер мен саулдар беріп отыратын және де клиенттерді қажетті менеджерлеріне бөліп жол сілтейтін «Зал администраторын» енгізу.
- Қайта бақылауды қажет ететін қызметтердің үдерісін жеңілдету;
- Келсім - шарт жасасуды автоматтандыру;
- Қалқымалы жұмыс графигімен бір кассирді қабылдау, түскі үзілістен кейінгі кезектің болмауын қамтамасыз ететін.
«Қазкоммерцбанк» банкі Қазақстан Республикасының көптеген әлеуметтік бағдарламаларына қатысады және дамушы немесе жаңадан құрылға шағын және орта бизнесті қолдап отырады.
І. «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамына жалпы сипаттама.
1. 1. АҚ - ның жарлығы негізіндегі «Казкоммерцбанк» банкінің сипаттамасы
Банктің ресми мәртебесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік уәкілетті органдарында заңды тұлғаны банк ретінде мемлекеттік тіркеумен және банк операцияларын жүргізугі қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы болумен белгіленеді.
Банк дербес балансқа ие және толық шаруашылық есеп айырысумен өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет етеді.
Банктің ұйымдастыру-құқықтық нысаны: Акционерлік Қоғам түріндегі заңды тұлға болып табылады.
Банктің толық атауы:
- Мемлекеттік тілде: «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы
- Орыс тілінде: Акционерное общество «Казкоммерцбанк»
- Ағылшын тілінде: Joint Stock Company «Kazkommertsbank»
Банктің қысқартылған атауы:
- Мемлекеттік тілде: «Казкоммерцбанк» АҚ
- Орыс тілінде: АО «Казкоммерцбанк»
- Ағылшын тілінде: JSC «Kazkommertsbank»
Банктің атқарушы органының орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, 050060, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Гагарина даңғылы 135.
Банктің филиалдары мен өкілдіктері бар. 2011 жылдағы жағдайы бойынша, Банк бас офисінен басқа, Қазақстандағы 23 әмбебап филиалға және 165 операциялық бөлімшеге ие.
2011 жылдың 1 қазанындағы жағдайы бойынша Банкте 6 217 қызметткері тіркелген.
Банктің қызмет ету мерзімі - шектеусіз.
Банк өз қызметінде мыналарды басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының заңнамасын;
- Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық шарттарды;
- Банк Жарғысын;
- Банктің корпоративтік басқару кодексін және уәкілетті органдар және Банктің лауазымды тұлалары белгіленген тәртіп бойынша бекіткен басқада ішкі құжаттарды;
- Белгіленген тәртіп бойынша өз құзырлары шегінде қабылданған органдар мен Банктің лауазымды тұлғаларының шешімдері.
Банк қызметінің мақсаттары және мәні.
- Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы қалыптастыруға және одан әрі дамытуға ықпал ету;
- Экономиканың әртүрлі салаларын және секторларын және әлеуметтік салаларды көтеруге және дамытуға ықпал ететін қаржы қызметін жүзеге асыру; Кірістер алу және оларды акционерлердің мүдделері үшін пайдалану;
- Қазақстан Республикасының халықаралық стандарттарына және заңнамасына сәйкес банктік қызмет спектірлерін жүзеге асыру және кеңейтіу.
Аталмыш мақсаттарға қол жеткізу үшін Банк Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша уәкілетті органның лицензиясына сәйкес банктік және өзгеде операцияларды жүзеге асырады.
Банк Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілермен бекітілген тәртіпте және шарттарды Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген өзге қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
Банк қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес жеке тұлғалары мен заңды тұлғаларына банк қызметтерін көрсету, сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту, шетелдік ұйымдармен іскерлік ынтымақтастықты жетілдіру және нығайту үшін халықаралық қаржы институттарымен тікелей байланыс орнату негізінде табыс алу болып табылады.
Банкті басқару органдарының құрылымы:
- Жоғарғы орган - Акционерлердің жалпы жиналысы;
- Басқару органы - Директорлар кеңесі;
- Атқарушы орган - Басқарма;
- Бақылау органы - ішкі аудит қызметі.
Жарғыға сәйкес банктің Директорлар кеңесі (банктің басқарушы органы), Басқармасы (банктің атқарушы органы) және Аудиторлары бар.
Директорлар кеңесінің мүшелерін акционерлер сайлайды. Директорлар кеңесі Басқарманы сайлайды, сондай-ақ акционерлердің мүддесін қорғайды, банкті басқару жауапкершілігін өз мойнына алады және банктің стратегиясы мен жедел жобаларын бекітеді.
Банктің ағымдағы жұмысын басқару бойынша бар жауапкершілікті Басқарма өз мойнына алады.
Директорлар кеңесі
Директорлар кеңесінің төрағасы:
- Нұржан Сәлкенұлы Сұбханбердин
Директорлар кеңесінің мүшелері:
- Нина Аронқызы Жүсіпова
- Мұхтар Салтайұлы Ержанов
- Аршаг Патрик Восгиморукиан (Archag Patrick Vosgimorukian)
- Серік Ахметжанұлы Аханов
Сұбханбердин Н. С., Ержанов М. С., Жүсіпова Н. А. және П. Восгиморукиан директорлар кеңесінде акционерлер мүддесін қорғайды.
Тулин Д. В. және Аханов С. А. тәуелсіз директорлар болып табылады.
Басқарма
- Нина Аронқызы Жүсіпова
- Андрей Тимченко
- Денис Федосенко
- Александр Якушев
- Мағжан Әуезов
- Бейбіт Әпсенбетов
- Александр Барсуков
- Асқарбек Нәбиев
- Әділ Батырбеков
- Күләш Ережепова
- Сергей Мокроусов
- Рустам Набиров
Банктің негізгі акционерлері:
- «Орталық Азиялық инвестициялық компаниясы» АҚ,
- Н. С. Сұбханбердин мырза,
- «Alnair Capital Holding» АҚ,
- «Самұрық-ҚHYPERLINK "http://kaz. kkb. kz/page/"азынаHYPERLINK "http://kaz. kkb. kz/page/"»HYPERLINK "http://kaz. kkb. kz/page/" ҰӘҚ» АҚ
- Еуропаның ҚHYPERLINK "http://kaz. kkb. kz/page/ShareholdersEBRD"айтаHYPERLINK "http://kaz. kkb. kz/page/ShareholdersEBRD" құHYPERLINK "http://kaz. kkb. kz/page/ShareholdersEBRD"руHYPERLINK "http://kaz. kkb. kz/page/ShareholdersEBRD" және Даму Банкі.
Сондай-ақ Банктің
Еншілес банктері:
- 2002 жылы құрылған Ресей, Мәскеу қаласындағы «Москоммерцбанк» КБ
- 2005 жылы құрылған Қырғызстан Републикасы, Бишкек қаласындағы «Казкоммерцбанк ҚырғызстанHYPERLINK "http://kg. kkb. kz/"»HYPERLINK "http://kg. kkb. kz/" ЖАҚ,
- 2009 жылы Тәжікстан Республикасы, Душанбе қаласындағы «Казкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ еншілес банктері бар.
Сақтандыру компаниялары:
- 2004 жылы құрылған «Казкоммерц-полис» сақтандыру компаниясы» АҚ - «Казкоммерцбанк» АҚ-ның еншілес ұйымы, Қазақстанның бүкіл территориясында және халықаралық сақтандыру нарығында сақтандыру операциялар жүргізеді.
- 2006 жылы құрылған «Казкоммерц-LIFE» ӨСК» АҚ («Казкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы) - Қазақстанның 16 аймағында жеке және топтық бағдарлама негізінде адамдардың өмірін сақтандырады (ҚР ҚҚА-ның сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін 14. 04. 2008 ж. № 42-2/1лицензиясы
- 2006 жылы құрылған «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ - «Казкоммерцбанк» АҚ-ның енщілес ұйымы, инвестициялық және брокерлік бөлімшесі. Қазкоммерц Секьюритиз капитал нарығында кең кешенді қаржылық қызмет көрсетеді
Зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін басқару:
- 2006 ж құрылған «ГРАНТУМ жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ -«Казкоммерцбанк» АҚ-ның еншілес банкі, ABN AMRO КаспийМұнайГаз ҮЕҚ АҚ-ң құқықтық мұрагері бола тұра, ABN AMRO тобында алған бірегей тәжірибесін әлемдік қаржы жүйесінде қолдануда. Қазақстандағы ең ірі зейнетақы қордың бестігіне кіреді. Зейнеткерлерге арналған қызметке жаңа көзқараспен қарауды - ең бірінші кезекке сапа мен кәсіпқорлықты қоюды ұсынады.
- GRANTUM ASSET MANAGEMENT» ООИУПА АҚ («Казкоммерцбанк» АҚ-ның еншілес ұйымы)
2011 жылдағы жағдайы бойынша банк активі 2 430 236 299 мың теңгені ал меншік капиталы 278 493 514 мың теңгені құраған болатыгн. Және осы жылы «Казкоммерцбанк» АҚ-мы Қазақстан Республикасының екінші деңгейлер банкінің ішінде актив пен капитал мөлшері көлемінен бірінші орында болған болатын.
2012 жылғы 7 желтоксан, Алматы. - Казкоммерцбанк, ХҚЕС талаптарына сәйкес құрылған шоғырландырылған қаржы есептілігіне негізделген 2012 жылдың 9 айы бойынша қызметінің нәтижелерін жариялады.
Негізгі көрсеткіштер
- Банктің таза пайдасы былтырғы жылдың осы күніндегі 17, 9 млрд. теңгеден 19, 6 млрд. теңгеге дейін, яғни 9, 4% ұлғайды.
- Брутто-қарыздар жыл басынан 4, 8% артты.
- Жекелеп қызмет көрсетілетін депозиттер көлемі жыл басынан 8, 9% артты.
- Түзетілген таза пайыздық маржа 3, 8% құрады.
- «Провизиялар есептелгенге дейінгі операциялық кірістерге қатысты операциялық шығындар» көрсеткіші 2011 жылдағы 25, 9%-бен салыстырғанда 21, 2% құрады.
- 1-ші деңгейдегі капиталдың баламалылық коэффициенті 18, 2% дейін өсті.
- Банктің меншікті капиталының баламалылық коэффициенті 22, 0% дейін өсті.
- Клиенттерге берілетін несиелер бойынша резервтеу мөлшерлемесі 25, 1% дейін артты.
- Әрекет етпейтін қарыздар жалпы несие көлемінен 28, 7% құрады.
Капиталдың баламалылығы
Тәуекел деңгейі бойынша өлшенген активтер, шартты және болуы мүмкін міндеттемелер 2011 жылдың соңындағы жағдаймен салыстырғанда 2%-ға артты және 2012 жылғы 30 қыркүйекте 2 427 млрд. теңгені құрады.
Шоғырландырылған есептілік негізінде есептелген меншікті капиталдың баламалылық коэффициенті 2011 жылғы 31 желтоқсандағы 22, 3%-бен салыстырғанда 2012 жылғы 30 қыркүйекте 22, 0% құрады. Бірінші деңгейдегі капиталдың баламалылық коэффициенті 2011 жылғы 31 желтоқсандағы 18, 6%-дан 18, 2%-ға дейін төмендеді.
1. 2. "Қазкоммерцбанк" АҚ - ның тарихы және тарихындағы негізгі оқиғалармен банк стратегисымен мақсаттары
Қазкоммерцбанк 1990 жылдың 12 шілдесінде Қазақ Кеңес Социалистік Республиканың заңына сәйкес ашық акционерлік қоғам болып құрылған Медеу Банкінен бастау алады. Қазақстан мемлекет ретінде егемендік алғаннан кейін Медеу Банкі "Казкоммерцбанк" ААҚ болып қайта тіркеліп, банктік операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1991 жылғы 21 қазандағы № 48 лицензиясын алды. Бұл күн ресми түрде банктің туған күні болып саналады.
Банктің Әділет министрлігі берген №4466-1910-АҚ тіркеу туралы куәлігі бар. Банк және оның бас кеңсесі мына мекен-жай бойынша тіркелген: Қазақстан Республикасы, 050060, Алматы қ., Гагарин д-лы, 135-Ж. Банк телефондары: + 7 (727) 2 58 56 70 және 258 51 85, факс: + 7 (727) 258 52 29. Қазкоммерцбанктың Интернеттегі мекен-жайы: http://www. kkb. kz.
1994 жылғы сәуірде Банк өзге қазақстандық коммерциялық банк - "Астана Холдингпен" бірікті. 1994 жылдан бері банк 22 бөлімшеден, 51 кассалық-есеп айырысу орталығынан және 12 дербес қызмет көрсету орталығынан тұратын филиалдық желісі арқылы негізгі іскерлік және халық көп қоныстанған орталықтарда орын тепті.
1996 жылы Банк өзінің негізгі мақсаты - банктік қызметтің халықаралық стандарттарға сай болуына қол жеткізіп, үлкен қадам жасады. Қазкоммерцбанк "Deloitte & Touche" фирмасынан толық халықаралық аудиторлық тұжырымдама алған бірінші қазақстандық банк болды. Тағы бір маңызды оқиға - Орталық Азиядағы банктердің ішінде бірінші рет Қазкоммерцбанкке "Thomson BankWatch-BREE" рейтинг агенттігінен халықаралық рейтинг берілді.
2000 жылы банк бөлшек нарығына шығып, 2001 жылдың тамызында халықтың шұғыл депозиттерінің мөлшері бойынша көшбасшы атанды. Банк бүгінгі күнге дейін көшбасшылықты ұстап келеді.
2001 жылы Банк елімізде бірінші болып тікелей DEG неміс банкінен 7 жылға ұзақ мерзімді несие алды (үкіметтің кепілдігінсіз!) .
2001 жыл - Бөлшек нарығына шыққан Қазкоммерцбанк үшін ерекше жыл болды.
2002 жылы Қазкоммерцбанк Қырғызавтобанкінің 74% акциясын сатып алып, банк атауы Қазкоммерцбанк Қырғызстан деп өзгертілді. Бүгінгі күні еншілес құрылымның капиталындағы банктің үлесі 95, 75% құрайды.
2003 жылы ЕҚДБ Банктің 15% жай акциясын сатып алып, Қазкоммерцбанк акционері атанады. Осылайша, қазақстандық банктердің ішінде КАЗКОМ бірінші болып сенімді қарызгер ретінде емес, "тартымды инвестиция" ретінде бағаланады.
2004 жылғы маусымда Қазкоммерцбанк Қазақстандағы бірінші корпоративті "Құс Жолы" қайырымдылық қорын құрды. Қордың басты мақсаты - тиімді қайырымдылықты ендіру, сондай-ақ әлеуметтік-жауапкершілікті қаржы институты ретінде банк стратегиясын жүзеге асыру.
2005 жылғы сәуірде Қазкоммерцбанк дамыған нарықтағы жаңа Доу-Джонс индексіне енген (Dow Jones CDX. EM Diversified Index) ТМД территориясындағы бірінші банк болды.
2005 жылғы шілдеде ABN AMRO Қазкоммерцбанкке зейнетақы активтері мен "ABN AMRO КаспийМұнайГаз" (қазіргі- "ГРАНТУМ ЖЗҚ" АҚ ) жинақтаушы зейнетақы қорының 80. 01% үлесін сату туралы екі компания уағдаластыққа келеді.
2005 жылғы желтоқсанда Қазкоммерцбанк 1, 3 млрд. доллар сомасына синдикатталған займ туралы келісімге отырады. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық және Шығыс Еуропадағы және ТМД аймағындағы ең ірі мәміле болды. Ал халықаралық Trade Finance және Global Trade Review басылымдары аталған мәмілені "2005 жылдың мәмілесі" деп атады.
2006 жылғы қарашада Қазкоммерцбанк Лондон қор биржасында (LSE) 45, 7 млн. $-ға акцияларды орналастырып, IPO-ны сәтті аяқтаған ТМД-дағы алғашқы банк болды.
2008 жылы Қазкоммерцбанк "Құс Жолы" қайырымдылық қорымен және Visa компаниясымен бірге Қазақстандағы алғашқы қайырымдылық карталары - "Періште" картасын шығара бастайды. Картаның жылдық қызметі үшін алынатын төлемі банк кірісіне емес, "Құс Жолы" қорының шотына аударылады. Қор бұл қаражатты ауылдың шалғай аудандарында орналасқан перзентхана бөлімдеріне қажетті медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсайды.
2009 жылы Қазкоммерцбанк SMS-банкинг қызметін іске қосты. Бұл қызметтің көмегімен клиенттер мобильді телефондары арқылы өз шоттарына бақылау жүргізе алады.
2011 жылғы мамырда Қазкоммерцбанк борыш капиталының постдағдарыстық нарығында 300 млн. доллар сомасына 7-жылдық еурооблигацияларды алғашқылардың бірі болып орналастырды.
2011 жылғы сәуірде КАЗКОМ IBM корпорациясымен бірге жаңа DATA-орталықты іске қосты. Аталған орталық банктің ақпараттық инфрақұрылымын апаттан қорғайды.
"Қазкоммерцбанк" АҚ тарихындағы негізгі оқиғалар
2004 ж. қараша-Қазкоммерцбанк 5 жылдық еурооблигация салды - S$350 млн. 2009 ж өтеледі
2004 ж. сәуір-Қазкоммерцбанк 10 жылдық халықаралық субординирленген еурооблигация салды - S$100 млн. 2014 өтеледі
2004 ж. сәуір-Қазкоммерцбанк 10 жылдық еурооблигация салды - US$400 млн. 2014 жылы өтеледі
2003 ж. желтоқсан-Қазкоммерцбанк пен Societe Generale Мемлекеттік Азық-түлік корпорациясы үшін синдикатталған қарыз ұйымдастырды - US$85 млн.
2003 ж. желтоқсан-Қазкоммерцбанк Deutsche Bank пен Citibank ұйымдастырған синдикатталған қарыз алды - US$300 млн. 2005 ж. өтелді
2002 ж. желтоқсан-Қазкоммерцбанк пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы вексельдік айналыс нарығындағы ең ірі бағдарламаны аяқтады
2002 ж. қазан-Шығыс Еуропада капитал көлемі бойынша Қазкоммерцбанк 44 -ші орында - Standard&Poor's
2001 ж. желтоқсан-Deutsche Bank (Лондон) ұйымдастырған синдикатталған қарыз - US$100mio 2002 ж. өтелді
2001 ж. шілде-ҚКБ активтері бірінші рет 1 млрд. $ асып т үсті
2001 ж. шілде-ҚКБ-ның жарғылық капиталы 34 млн. US $ дейін ұлғайды
2000 ж. желтоқсан-ABN AMRO N. V. /American Express ұйымдастырған синдикатталған қарыз - US$ 41mio 6 айға ұзартылды
Қазкоммерцбанк (КАЗКОМ) - Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі банктердің бірі. 2010 жылы 31 желтоқсанда Банк активтері 2 688, 1 млрд. теңгені құрады.
Банк жұмысындағы негізгі бағыттарымен (бөлшек және корпоративті) қатар Қазкоммерцбанктың зейнетақыны мен қаржы активтерін басқару, сақтандыру және брокерлік қызметтерін ұсынатын еншілес компаниялары бар.
Банктің ізбасары - Медеу Банкі 1990 жылғы шілдеде құHYPERLINK "http://kaz. kkb. kz/page/History"рылғанHYPERLINK "http://kaz. kkb. kz/page/History" болатын, ал 1991 жылғы қазанда Қазкоммерцбанк болып қайта тіркелді. 2006 жылдың қарашасында КАЗКОМ ТМД-дағы банктердің бірі болып, Лондон қор биржасында ҒДҚ түрінде жалпы сомасы 845 млн. АҚШ долларын құрайтын IPO өткізді.
Банк акциялары «Қазақстан қHYPERLINK "http://www. kase. kz/"орHYPERLINK "http://www. kase. kz/" биржасы» АҚ-ның ресми тізімінде тіркелген (KASE) .
1991 жылы Медеу Банкінің негізінде құрылған «Казкоммерцбанк» АҚ, қазіргі уақытта активі, несие қоржыны, таза кірісі және жалпы депозиттері бойынша ірі жекеменшік қаржы институты болып табылады.
2010 жылғы 31 желтоқсанда қаржылық есеп-қисаптың халықаралық стандарттары бойынша есептелген банк активтері 2 688, 1 млрд. теңгені құрады. Ал осы көлемнің 81%-ы, яғни 2 175 млрд. теңге клиенттердің алған қарызы.
2010 жылы банк басты компанияның акционерлеріне тиесілі 21, 9 млрд. теңге мөлшерінде таза кіріс алды. 2010 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайға сәйкес, капиталдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатында банктің жеке капиталы 413, 7 млрд. теңгені құрады.
Қаражат тартудың негізгі көзі - банк депозиттері болып табылады, олар қордың жалпы көлемінің үштен бір бөлігін құрайды. 2010 жылдың ішінде клиент депозиттері 1 506, 8 млрд. теңгеге жетті. Осылай Қазкоммерцбанк тартылған депозиттердің көлемі бойынша Қазақстандағы ірі банктердің бірі болып табылады.
Депозиттер тартумен қатар банк теңге және шетел валютасындағы қарыз және несие беру, клиенттердің төлем қабылдау, дебетті және несиелік карталар, инкассация, сондай-ақ бөлшек банкинг сияқты ағымдағы шоттары бойынша қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынады.
2011 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Банк бас офисінен басқа, Қазақстандағы 23 әмбебап филиалға және 165 операциялық бөлімшеге иелік етеді (ОБ ұғымы бұрынғы ЕКБ пен ЖҚО-ны біріктірді) .
Сондай-ақ Банктің
- 2002 жылы құрылған Ресей, Мәскеу қаласындағы «Москоммерцбанк» КБ
- 2005 жылы құрылған Қырғызстан Републикасы, Бишкек қаласындағы «Казкоммерцбанк ҚырғызстанHYPERLINK "http://kg. kkb. kz/"»HYPERLINK "http://kg. kkb. kz/" ЖАҚ,
- 2009 жылы Тәжікстан Республикасы, Душанбе қаласындағы «Казкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ еншілес банктері бар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz