Қазақ және түрік тілдеріндегі антропонимдердің ерекшеліктері


Жоспар
Кіріспе3
І Қазақ тіліндегі антропонимдердің тарихи тұрғыдан қарастырылуы …8
1. 1 Қазақ тіл біліміндегі антропонимдердің зерттелу тарихынан. 8
1. 2 Қазақ антропонимдерін зерттеудегі тіл мен мәдениет сабақтастығы…. . 24
1. 3 Қазақ ономастикасындағы антропонимдік жүйенің қалыптасып дамуы мен қызметі . . . . 37
ІІ Қазақ және түрік тілдеріндегі антропонимдердің ерекшеліктері……48
- Тіл білімі ғылымында антропонимдердің зерттелуі. Қазақ және түрік есімдерінің зерттелу тарихы. 48
- Түрік және қазақ антропонимиясының типологиялық ұқсастықтары мен ұлттық ерекшеліктері . . . 50
- Қазақ және түрік тілдеріндегі шет тілдерден енген антропонимдері…54
ІІІ Антропонимдердің салыстырмалы - салғастырмалы талдауы……. 58
- Антропонимдер мен этнонимдердің сабақтастығының түркітану мен қазақ тіл біліміндегі дәйектелуі. 58
- Түркі тектес есімдер мен орыс, қазақ фамилиялары . . . 68
- Түрік тілі мен қазақ тіліндегі анропонимдердің салыстырмалы-салғастырмалы талдауы. . 73
Қорытынды. 77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 80
Кіріспе
Халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесі, адами ізгіліктері мен рухани құндылықтары, қоғамның әлеуметтік сипаты, сөйлеу әдебі принциптері, аялық білімі, жалпы этнологиялық кеңістігі туралы түсініктері ұлтымыздың қазынасы - оның тілінде, тілдік құрылымдарында көрініс тауып, сақталып, жианқталған.
Жинақталу негізінде қазақ тіліндегі антропонимдердің әлеуметтік қызметі жүйелі түрде қалыптасып дамиды.
Қазақ тіл біліміндегі тіл мен мәдениет сабақтастығына негізделген қағидаға сәйкес жүргізіліп жатқан зерттеулерде мәдениеттің өзі метатіл деп анықталып, оның коммуникативтік, кумулативтік, әлеуметтік қызметтерін талдауға қазақ тіл білімінде ерекше назар аударылуда. Осы тұрғыдан қарағанда, мәдениет метатілін этномәдени негізде сипаттайтын өзекті арнаның бірі жалқы есімдердің (антропонимдердің) әлеуметтанымдық жүйесі.
Тарихи дереккөздердегі, эпостық жырлар мен фольклордағы, прецеденттік жүйедегі тілдік деректердің ұлт санасындағы ізін анықтау мәселесі - қазақ тіл біліміндегі анторпонимдердің әлеуметтік бағытындағы зерттеулердің негізгі арқауы. Осымен байланысты ұлт пен тіл, ұлт пен мәдениет сабақтастығын қарастыратын үрдіс тіл табиғатын зерттеуде жаңа сапаға көтерілуде.
Халық есімдерінің жасалу, пайда болу тарихында маңызды орын алатын мәселенің бірі тарихи-әлеуметтік жағдайлар. Халық тарихындағы бұл елеулі оқиғалар түрлі қоғамдық құрылыстағы әр түрлі діни ағымға байланысты болса, кейде көрші елдермен жасаған алуан түрлі мәдени қарым-қатынас, достық байланыстармен ұштасып жатады. Әдетте, бұл тарихи-мәдени байланыстардың тіліміздегі есімдер құрамының молая түсуіне, антропонимдердің әлеуметтік мәнінің жетілуіне зор ықпал жасағаны аян.
Қазақ есімдерінің баюы, құрамының молая түсуінің енді бір кезеңі - шығыс халықтарының мәдениетімен де тығыз байланысты.
Ең алдымен діни есімдер, дін иелерінің, әулие-әнбиелердің, сопы-қажылардың есімдері болса, екіншісі - құраннан қойылған діни мағыналы есім сөздер болды. Ал, үшінші топтағы есімдер - қарапайым тұрмыстық сөздер, халық арасында жиі қолданылатын күнделікті сөздерден жасалған есімдер болды. Мінеки, жалқы есімдердің тарихын, тілдік құбылыстарын жіті байқап, оның көнелері мен жаңаларын салыстыра зерттеу осы ретте антропонимдердің әлеуметтік мәнін тілдік тұрғыдан қарастыру үшін өте құнды болмақ.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ тілінде ұлттың этникалық сипатын айғақтайтын тілдік деректер аз емес. Солардың бастылардың бірі - антропонимдердің әлеуметтік мәні. Атап айтқанда ру, тайпа, ел тарихын зерттеуде батырлар жыры, әр түрлі сипаттағы тарихи шығармалардың мазмұнындағы антропонимдік атаулардың ұлт болмысын тану үшін маңызы зор. Осы кезеңге дейін ол жүйелер лексикалық құрылымдарда ғана қарастырылған.
Антропонимдердің әлеуметтік мәнін қарастыру үшін төмендегідей міндеттерді шешу қарастырылды:
- түркітану мен қазақ тіл біліміндегі ономастика жүйесінің, антропонимия саласының зерттеулеріне тарихи-лингвистикалық сипаттамаға ғылыми шолу жасау;
- қазақ антропонимдерінің ұлттық табиғатын айқындаудың лингвомәднеи, әлеуметтанымдық бағытына мән беру;
- қазақ антропонимдеріндегі тіл мен мәдениет сабақтастығына мән бере отырып, этноантропонимдердің қалыптасуының әлеуметтік-мәдени негіздерін жүйелеу;
- қазақ ономастикасындағы антропонимдік жүйенің қалыптасып дамуын лингвомәдени сипатта түсіндіру, қазақ лақап есімдері мен эпионимдердің, генетопонимдердің әлеуметтік мәніне талдаулар жүргізу.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Тіл арқылы рухани көздерден жинақталған тарихи-этникалық үрдісті қоғамдық ой, этникалық сана мен оның тілдік бейнесі аясында алып, этникалық дереккөз ретінде қарастырғанда ғана қазақ тарихы мен мәдениеті соны тілдік мәліметтермен дәлелденеді. Осы тұрғыдан келгенде қазақ антропонимдерінің әлеуметтік қызметін сипаттайтын лингвомәдени бірліктер қарстырылды. Диплом жұмысының ғылыми негізінде А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Ә. Қайдар, Т. Жанұзақ, Р. Сыздық, Ж. Манкеева, Н. Уәли, Е. Керімбаев, Б. Тілеубердиев, Г. Смағұлова, С. Иманбердиева т. б. тілші ғалымдардың ономастика саласына қатысты айтқан ой-пікірлері, тұжырымдары алынды.
Диплом жұмысының дереккөздері. Жұмыстың негізгі дереккөздері лингвомәдениеттану ғылымы пәніне қатысты Ш. Уәлиханов, М. Әуезов еңбектерінен бастап, Ә. Марғұлан, Е. Жұбанов, Е. Жанпейісов, Қ. Рысберген т. б. ғалымдардың еңбектері, сондай-ақ ауыз әдебиеті үлгілерінен антропонимге байланысты деректер пайдаланылды.
Жұмыстың әдіс-тәсілдері. Жұмыста тарихи-салыстырмалы, сипаттама, этнолингвистикалық, түйіндеу, жіктеу талдау әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының жаңалығы мен нәтижелері.
- антропонимдердің әлеуметтік саласының әдістанымдық, әлеуметтік тұрғысынан қалыптасуына талдау жасай отырып, төмендегідей тұжырым жасадық:
- антропонимдер этнотаңбалы, этномазмұнды, лингвомәдени жүйе ретінде қарастырылды;
- соңғы уақытта жазылған көркем мәтіннің кестесіне кіріп, белгілі бір функционалдық, әлеуметтік, этнотанымдық жүк арқалаған антропонимдердің қолданысы түсіндірілді.
- антропонимдердің, эпионимдердің, генетопонимдердің әлеуметтік мәні тарихи этникалық дереккөз ретінде қарастырылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қазақ тіл біліміндегі тіл мен мәдениет сабақтастығына негізделген қағидаға сәйкес жүргізіліп жатқан зерттеулерде мәдениеттің өзі метатіл деп анықталып, оның коммуникативтік, кумулятивтік, әлеуметтік қызметтерін талдауға қазақ тіл білімінде ерекше назар аударылуда. Осы тұрғыдан қарағанда, мәдениет метатілін этномәдени негізде сипаттайтын өзекті арнаның бірі жалқы есімдердің (антропонимдердің) лингвомәдени, әлеуметтанымдық жүйесі.
Зерттеудің өзектілігі
Тарихи дереккөздердегі, эпостық жырлар мен фольклордағы, фразеологиялық, паремиологиялық, прецеденттік жүйедегі тілдік деректердің ұлт санасындағы ізін анықтау мәселесі - қазіргі тіл біліміндегі антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің негізгі арқауы.
Осымен байланысты ұлт пен тіл , ұлт пен мәдениет сабақтастығын қарастыратын үрдіс тіл табиғатын зерттеуде жаңа сапаға көтерілуде.
Соның ішінде тарихи этникалық үрдісті сипаттайтын, рухани - тарихи ақпарат көзінің бірі антропонимдер жүйесін лингвомәдени, әлеуметтанымдық тұрғыдан анықтаудың мәні ерекше. Бұл тек лингвистикалық жаңғырту емес, этномәдени сипаттағы тарихи танымымыздың да көкжиегін кеңейтпек. Осымен байланысты қазіргі қазақ қоғамындағы ұлттық сананың жаңа деңгейде жаңғыруы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне байланысты қызметінің жандануына қатысты ұлттық мүддеге сәйкес тілдің этномәдени және әлеуметтік қызметін айғақтайтын, деректейтін, дәйектейтін негіздері қатарынан қазақ антропонимдерінің лингвомәдени жүйесі де орын алуы тиіс.
Қазақ тілінде ұлттың этникалық сипатын айғақтайтын тілдік деректер аз емес. Солардың бастысының бірі - тарихи ономастика.
Атап айтқанда ру, тайпа, ел тарихын зерттеуде батырлар жыры, әртүрлі сипаттағы тарихи шығармалардың мазмұнындағы этнонимдік, антропонимдік, топонимдік атаулардың ұлт болмысын тану үшін маңызы зор. Осы кезге дейін ол деректер көбіне поэтикалық жүйе шеңберінде немесе тарихи-лингвистикалық, лексикологиялық құрылымға қатысты қарастырылған.
Антропонимдердің мәнін, олардың этномәдени табиғатына тереңдеу арқылы тарихи сабақтастықта анықтау бұл зерттеудің негізгі мақсатын айқындайды.
Осымен байланысты зерттеудің бағыты мынадай міндеттердіңшешілуін қажет етті:
- түркітану мен қазақ тіл біліміндегі ономастика жүйесінің, антропонимия саласының зерттелуіне тарихи-лингвистикалық сипаттағы ғылыми шолу жасау;
- қазақ антропонимдерінің ұлттық табиғатын анықтаудың лингвомәдени, әлеуметтанымдық бағытына мән беру. Оның жалпы тіл білімі, түркітану мен қазақ тіл біліміндегі теориялық-әдістанымдық негізін сипаттау;
- эпостық жырлардағы, мақал-мәтелдердегі, фразеологиялық және прецеденттік жүйедегі, көркем мәтін кестесіндегі антропонимдердің тілдік қолданысын лингвомәдени сипатта түсіндіру;
- этноантропонимдердің тарихи-этникалық үрдіспен сабақтастығын нақты этнодеректерді талдау арқылы дәйектеу;
- қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени негізінің көне түркі, қыпшақтық сабақтастығын оның орыс жылнамаларындағы деректерімен салыстыру арқылы анықтау, кей тұстарда этимологиялық талдаулар жүргізу.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері:
Тарихи-салыстырмалы, сипаттама, этнолингвистикалық әдістер.
Зерттеудің теориялық мәні
Кешенді сипатта қарастырылған, тіл арқылы рухани көздерден жинақталған тарихи-этникалық үрдісті қоғамдық ой, этникалық сана мен оның тілдік бейнесі аясында алып, этникалық дереккөз ретінде қарастырғанда ғана қазақ тарихы мен мәдениеті соны тілдік мәліметтермен дәлелденеді.
Осы тектес нақты зерттеулер қазақ тіл білімінің тарихи ономастика, этноантропонимика, лингвомәдениеттану, әлеуметтану саласының теориялық-әдістанымдық, дәйектемелік тұғырын қалыптастыруға өз дәрежесінде үлес қоса алады.
Зерттеудің практикалық мәні.
Зерттеудің нәтижелері жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде тарихи лексикология, ономастика салаларының ғылыми курсы бойынша дәрістерде, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, этноантропонимика бойынша арнайы курстар жүргізуде, сөздік жасау тәжірибесінде қолданыла алады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- антропонимдер этнотаңбалы, этномазмұнды лингвомәдени жүйе ретінде қарастырылды;
- кейінгі заманда туған көркем мәтіндердің кестесіне кірігіп, белгілі бір функционалдық, әлеуметтік, этнотанымдық жүк арқалаған антропонимдердің қолданысы түсіндірілді;
- қазақ антропонимдерінің этнотаңбалық тілінің түркілік негізі көнетүркілік, ортатүркілік ескерткіштермен қатар орыс жылнамаларындағы деректермен салыстыру арқылы анықталды. Соның нәтижесінде кейбір этимологиялық талдаулар жасалынды;
- зерттеу нысанына сәйкес паремиологиялық, прецеденттік, фразеологиялық және көркем мәтін деректері талданып, жинақталып, олардың құрамындағы антропонимдердің қолданысы мен қызметіне лингвомәдени сипаттама берілді.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- лингвомәдени жүйеде анықталатын қазақ тіліндегі антропонимдер - көне дәуірлерден этникалық ақпарат жеткізетін тарихи, мәдени және рухани әлеуметтік құбылыс;
- осы жүйеге кіретін этноантропонимдердің этномәдени және тарихи болмысында түрлі этнос және этникалық топтардың тарихи тегі мен жағырафиялық қозғалысы көрініс табады;
- антропонимдер - әртүрлі ұлттық ассоциацияларға меңзейтін ұлттық символдарға айналып, қазақтың ұлт ретіндегі біртұтастығын, бүтіндігін сипаттайтын, ұлттық арқаудың бірі;
- қазіргі қазақ тіліндегі антропонимдердің мазмұнында этномәдени сипаттың сақталуы мен жалғасуы, жаңғыруы оның ұлттық-ұжымдық сүрсананың терең қатпаларында жасырынып жатқан мәдени архетиптердің тілдік бейнеде сақталған этнотаңбасы екенін көрсетеді;
- антропонимдер, соның ішінде этноантропонимдер - тарихи-этникалық, лингвомәдени, әлеуметтанымдық тарихи этникалық дереккөз.
Жұмыстың мақұлдануы мен жариялануы
Зерттеудің негізгі мазмұны мен нәтижелері төменгі ғылыми теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалды: «Білімді жетілдіру мәселесі және даму үрдісі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (Қарағанды, қараша, 2003), «Қазіргі кезеңде мамандандырылған білім беру мәселесінің дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (Қарағанды, маусым, 2004), «Қазіргі қазақ әдебиеті тарихын оқыту мен зерттеу мәселелері» атты ғылыми теориялық конференция (Алматы, ақпан, 2006) .
Жұмыстың мазмұны бойынша А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі Институты жанындағы «Лингвистикалық жұма» атты ғылыми әдістемелік семинар (2006 мамыр) .
Диссертацияның негізгі ғылыми тұжырымдары ғылыми басылымдарда 6 мақала түрінде жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы
Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Қазақ тіліндегі антропонимдердің тарихи тұрғыдан қарастырылуы
- Қазақ тіл біліміндегі антропонимдердің зерттелу тарихынан
Антропонимика (гр. anthropos - адам, опута ат) - адамдардың өзіне меншікті есімдерін, аты-жөнін, жалған, бүркеншік, жасырын аттарын, ру аттарын - антропонимді зерттейтін ономастиканынтармағы. Антропонимика сонымен бірге әдеби шығармалардағы антропонимдер мен ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлердін аттарын зерттейді. Антропонимика халықтық және канондык есімдерді, сол сияқты бір есімнің әдеби және диалектілік, ресми және биресми түрлерін ажыратып қарастырады. Әрбір этностың әр дәуірде өзіне тән антропонимиконы (есімдер тізімі) қалыптасады. Антропонимдердін жиынтығы а н т р о п о н и м и я деп аталады.
Жер жүзі халықтарының бәрінде әрбір кісінің өзіне тән аты-жөні бар. Адамзат қоғамында есімі, аты жоқ адам кездесуі мүмкін емес. Бірақ кейбір елдерде фамилиясыз, фамилия иемденбейтін адамдар ұшырасуы мүмкін (кейбір мәліметтерге қарағанда, исландықтарда фамилия болмайды екен) .
Жеке адам есімдері басқа көптеген жеке атаулардай өздерінің дербестігімен ерекшеленеді: әр адамның жеке есімі бар. Есімдер тізілімі шектеулі. Жеке есімдер қайталап отыратындықтан, оларға қосымша атаулар беріледі. Дамыған қоғамда адамның ресми атауларының өзіндік жүйесі болады. Мәселен, антикалық Римдегі есімдердің тұрақты жүйесі мынадай: адамның жеке есімі + ру тегі + жалған аты + ататек есімі + қосымша аты. Үнді елінде бүл жүйе 3 құрамнан тұрады: гороскоптық есімі, жыныстык немесе діни секталық есімі, касталық есімі. Мысалы, Рабиндранат Тагордың есімі: Рабиндра (Күн құдайы), Натх (еркек), Тхакур (жер иеленушілер қастасынан) құралымынан тұрған.
Антропономия есімге қатысты хабарларды: адамның қасиетін, әкесі, руы, отбасымен байланысы, ұлты, кәсібі, қай жерден шыққан т. б. зерттейді. Теориялык антропономия белгілі этнос антропонимдерінің пайда болу, даму зандылыктарын, құрылымын, жүйесін, үлгілерін, тарихи қабаттарын, тілдердің антропонимиялық өзара байланысын қарастырады. Оның зерттеу әдістері ономастиканын басқа түрлеріндегідей (адам есімінін әлеуметгік сипаты, салт-әдет, дін мен моданын ықпалы т. б. ) .
Қолданбалы антропономия есімдерді нормаландыру мәселесін, есімдердін әртілде берілу тәсілдерін зерттейді. Антропонимиялық сөздіктер жасауға, азаматтық хал актілерін тіркеу (ЗАГС) орындарында ат тандауға, есімдердін даулы құқықтық мәселелерін шешуге көмектеседі. Антропонимия ономастикадан 20 ғасырдың 60-70 жылдарында бөлініп шықты, бірақ олардын бірқатар мәселелері бірге каралады. 60-жылдарға дейін "Антропонимия" термині орнына "ономастика" қолданылып келді. Қазақ тіл білімінде социолингвистика ғылымы тілді зерттеудің бір саласы ретінде кейінгі кезде қалыптасқаны белгілі, бірақ бұл бағыттың қазақ тілінде негізі бар екеніне Ахмет Байтұрсынұлының, Қ. Жұбановтың еңбектерінде назар аударылды. Бүгінгі таңда социолингвистика - (қазақша -әлеуметтік лингвистика) -тіл білімі, әлеуметтану (социология), әлеуметтік психология және этнография ғылымдарының қиылысқан жерінде дамитын, тілдің әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың тілге әсер ету тетігін және қоғам өміріндегі тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі коммунативтік қызметін зерттейтін тіл ғылымының бір саласы ретінде қалыптасты. Осы тұрғыдан А. Байтұрсыновтың осыдан 85 жыл бұрын тілге берген анықтамасы социолингвистикалық сипатты деп бағалауға болады: «Тіл -адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі», - деді.
Себебі қоғамдағы тілдің мәні мен қызметін күнделікті өмірден өзінің ерекше тілдік тұлғалық зердесімен байқаған, сезе білген Ахмет Байтұрсынұлының тілдің әлеуметтік қызметін айрықша қабылдауы, түйсінуі -заңды құбылыс. Ал, социолингвистика болса, тіл мен қоғамның өзара байланысын динамикада, қызмет барысында зерттейді.
Сондықтан да әлемдік социолингвистика ғылымы тілдің даму сипатын үш бағытта анықтаса, тілдің таңбалануы (графизация), тілдің жаңаруы (модернизация) және тілдің қалыпқа түсуі, нормалануы (стандартизация) Ахмет Байтұрсынұлы тіл дамытарлық осы үш бағытта бірдей қалам тартты.
Осымен байланысты кез келген тілдің лексикалық қорының мәнді бір қабатын жалқы есімдер құрайды. Оларсыз адамзат қоғамының қарым-қатынас қызметі іске аса алмайды.
Тіл қызметінің ерекше бір саласы -ономастика . Жалқы есімдердің жинақтық атауын лингвистикада ономастика дейді де, оны зерттейтін ғылым ономосиология деп аталады. Ономастика -кез келген жанды және жансыз заттарды не құбылыстардың есімін зерттейді. Ономастика грек сөзі «ономия» (грек тілінде «onoma» есім, ат) onomastika -ат қою өнері, яғни атауларды зерттейтін ғылыми сала. Ономастиканы ( кісі аттарын, жер, су, ру, тайпа аттары т. б. ) зерттеудің теориялық-әдістанымдық негіздері мен тілмен сабақтастықта қарастырылатын ұлттық этномәдени, әлеуметтік сипатын анықтаудың қажеттілігін В. В. Радлов, В. В. Бартольд, Н. Катанов, А. Н. Самойлович, С. Е. Малов, Н. К. Дмитриев, А. Н. Кононов, Н. А. Баскаков, Қ. Жұбанов, І. К. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Ә. Қайдар, Т. Жанұзақов, Ә. Абдрахманов, Е. Жанпейсов, Қ. Рысбергенова, Г. Мадиева, А. Жартыбаев т. б. ғалымдар өздерінің еңбектерінде жан-жақты көрсетті. Ономастика өз ішінде бірнеше салаға бөлінеді: топонимика ( жер, су, қала атауларын зерттейтін ғылым ), антропонимика ( адам аттарын зерттейтін ғылым ), этнонимика ( ру, ел, халық аттарын зерттейтін ғылым), зоонимика ( хайуандар аттары ), гидронимия ( теңіз, өзен, су, көл атауларын зерттейді ) т. б.
Түркі тіл білімінде жан-жақты зерттеліп, ғылыми негізі қаланған ономастиканың күрделі бір саласы -антропонимика . Антропонимика кісі аттары, әке аты patronim ( отчество ), фамилиялар, лақап аттар ( прозвища ), бүркеншік аттарды ( псевдонимы ) зерттейтін ономастиканың бір саласы.
Қазақ ономастикасының зерттелу тарихына аналитикалық шолу жасаған еңбекте бұл саладағы зерттеулер 4 кезеңге бөлінген. Соның ішінде жалқы есімдерге қатыстылары мыналар:
1 кезең: 1950-1970 ж. ж. ( Т. Жанұзақов «Лично-собственные имена в казахском языке» 1961ж; «Қазақ тіліндегі жалқы есімдер» 1965ж; «Қазақ есімдерінің тарихы» 1971ж. )
2 кезең: 1970-1990 ж. ж. ( Т. Жанұзақов «Очерк казахской ономастики» 1982; Е. Керімбаев «Атаулар сыры» 1986; «Қазақ есімдері» 1988; В. Махпиров «Собственые имена в памятнике Х в. «Дивану лугат ат-турк Махмуда Кашгарского»» 1980 ж. канд. дисс. )
3 кезең: 1990-2000 ж. ж. ( В. Махпиров «Имена далеких предков» 1997; М. Мұсабаева «Қазақ тіліндегі антропонимиялық «аталымдардың» этнолингвистикалық сипаты» 1995ж канд. дисс. ; У. Мусабекова «Мотивационный аспект антропонимов казахского и русского языков» 1996 канд. дисс. Е. Керімбаев «Этнокультурные основы номинации и функционирования казахских собственных имен» 1992ж. док. дисс; К. Головина «Сопоставительный анализ идиоэтнических топонимов и антропонимов русского и казахского языков»; К. Жаппар «Эстетические функции имен собственных в поэзии О. Сулейменова» 2000ж ) .
4 кезең: ХХІ ғасырдың басы, жаңа кезең ( Б. Көшімова «Қазақ лексикасындағы бейонимдену үрдісі» 2001 ж; Б. Досжанов «Қазақ тіліндегі көне антропонимдер» 2003ж; Д. Керімбаев «Қазақ фольклорындағы жалқы есімдердің құрамы мен этнолингвистикалық сипаты» 2004ж; Г. Аубакирова «Идиоэтническая семантика и лингвостилистическая функции собственных имен в художественном тексте» 2004; А. Бахамова «Уйгурские прозвища и их этнолингвистическая характеристика» 2004; ) .
Сонымен бірге ономастикалық ұлттық мәдени ерекшеліктерді танытуда атқаратын қызметі ерекше. Себебі ономастика өзінің бойына лингвистикалық, тарихи, өркениеттік және мәдени деректерді жинаған ерекше лингвомәдени бірліктер жүйесі болып табылады. Олар халықтың бітім болмысы мен өмірге көзқарасынан хабар береді. Айтылған мәселе Т. Жанұзақов, Қ. Рысбергенова т. б. ономаст-ғалымдардың еңбектерінде арнайы зерттелген.
Қазақ есімдері де санаулы жыл ішінде тосыннан пайда бола қалмаған. Оның өзіне тән тарихы, шығу, пайда болу жолы бар. Қазіргі есімдеріміздің ішінде сол ерте замандарда шығып, көненің қарт куәсі, жұрнағы ретінде өмір сүріп келе жатқандары да, орта ғасырға тән және жаңа дәуірде жасалғандары да көп.
Антропонимдер адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрлысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алады. Олардың кейбір топттары қазақ ауылының ертедегі тіршілік, іс-әрекетінен және шаруашылық күйінен мағлұмат береді. Мәселен, төрт түлік малға, шаруашылық, тұрмыстық сөздерге байланысты есімдер. Халықтың әдет-ғұрып, тарихи дәстүрлері мен кісі аттарының арасында тозбас желі бар. Кісі аттарына байланысыты жиналған мыңдаған мысалдарды және есімдердің морфемын талдап қарағанымызда, құрылысы, лексиклық материалы, фонетикалық ерекшеліктері жағынан олардың әр кез, әр дәурге тән екенін бірден байқаймыз. Шындығында бұлай болудың өзіндік сыры бар. Өйткені әрбір кісі аты өзінің шыққан заманы мен дәуіріне, оның тілдік заңына тікелей байланысты. Соған орай олардың шығу себебін дәлелдейтін алуан түрлі тарихи жайлар мен сан қилы оқиғалар бары аян.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz