Тұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салуды есептеу жолдары
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. ҚР салық жүйесіндегі тұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салудың экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1.ҚР салық жүйесіндегі салықтың экономикалық мәні ... ... ... ... ... 5
1.2.ҚР тұрғын үй мақсатындағы жерлердің ерекшеліктері ... ... ... ... ..6
ІІ. Тұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салуды есептеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.1.Тұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салу субъектілері мен объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2. Тұрғын үй мақсатындағы жерге салық ставкасы және есептеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
ІІІ. ҚР тұрғын үй мақсатындағы жерлерді, жерлерге салық салудағы мәселелер және оны шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
3.1.ҚР тұрғын үй құрылысын жетілдірудегі мәселелер ... ... ... ... ... 18
3.2. Тұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салудағы мәселелерді шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

КІРІСПЕ
Жер салығы адамзат өркениетінің әр қилы даму кезендерінде үзбей алынған, күні бүгінге дейін әрқашанда жергілікті салық салу жүйесінде көрініс табатын үйреншікті жергілікті салық болып табылады. Бұл салық негізінде есептеліну көзі бойынша мүліктік болғандықтан оның төлеушілері қатарына заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да жатады. Жер салығын қалыптастыру тәсілі жерлердің түрі мен пайдаланылатын мақсат-бағдарларына қарай құрылады.
Қазіргі кезде, нарыктық даму жағдайындағы экономика талаптарына сай жер меншігіне, жерді пайдалануға және оны тиісті рыноктық айналысқа түсіруге байланысты проблемаларды шешу ауқымындағы жер салығының рөлі күн сайын артып келеді.
Жер салығын алу барысында жерді ұтымды пайдалану, жерге орналастыру істерін жақсарту, жерді және оған байланысты экологиялық ахуалдарды қорғау, жерді құнарлыландыру, жер аумағындағы әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыру, жерлерден сол аумақтардағы бюджеттерге қосымша қаражаттар түсіру және т.б. көзделінеді.
Тағы бір ескеретін жәйт, жерлерге салық салу кезінде көзделінетін бірден-бір максат олардың белгілі бір санаттарын ғана салық салу объектілері ретінде қарау, сондай-ақ олардың қандай бағытта пайдаланылатынын есепке алу болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағындағы жерлердің мынадай санаттарына:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;
2) елді мекендердің жерлеріне;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлеріне;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлеріне, сауықтыру, рекреациялау және тарихи-мәдени максатындағы жерлерге;
5) орман қорының жерлеріне;
6) су қорының жерлеріне;
7) запастағы жерлерге салық салынады.
Салық кодексінде көзделген жәйттерге орай, салық салу мақсатында елді мекендердің жерлері мына:
1) тұрғын үй қоры мен оның жанындағы құрылыстары және ғимараттары орналасқан жерлерді қоспағанда елді мекендердің жерлері;
2) тұрғын үй қоры мен оның жанындағы құрылыстары және ғимараттары орналасқан жерлері сияқты екі топқа бөлінген.
Сонымен қатар, бірден айта кететін маңызды жәйт, егер осы жерлер (запастағы жерлерді коспағанда) тұрақты пайдалануға немесе етеусіз уақытша пайдалануға берілмесе, онда жерлердің мына санаттары:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
2) орман қорының жерлері;
3) су қорының жерлері;
4) запастағы жерлер салық салудан босатылады. Аталған жерлер (запастағы жерлерді қоспағанда) тұрақты пайдалануға немесе өтеусіз бастапқы уақытша пайдалануға берілген жағдайда оларға Салық кодексінің 336-бабында белгіленген тәртіппен салық салынады.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ
2. ҚР-ң Салық кодексі, 2005
3. ҚР – ң Жер туралы Заңы
4.Стамқұлов – Жер құқығы туралы заң//Алматы – 2003
5. Ходжиев – Земельное право
6. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заңы
7. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Заңы, 1999, 16 шілде
8. Иманбаев Н. Салықтық құқық, Алматы – 2005
9. Кәсіпорындарға салынатын салық// Қаржы – қаражат- 20001
10. ҚР-ң қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті жайлы 24.05.1999 ж. № 626 жағдай
11. ҚР-нің Қаржы министрлігінің Қазыналық Депортаменттің бұйрығымен бекітілген, жергілікті және республикалық бюджеттер есебінен қаржыландырылатын ұйымдардағы 27.01.1998 ж. N 30 нұсқаулық
12. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы// Алматы – 2005
13. "Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы" Заңы
14. Егемен Қазақстан. 2007,08.03 (1)
15. Егемен Қазақстан. 2007,10.03 (2)
16. Егемен Қазақстан. 2007,08.25 (2)
17. Егемен Қазақстан. 2007,09 3(4)
18. Егемен Қазақстан. 2007,08 бет 25 (5)

Кіріспе ----------------------------------- -----------------------------
------------------3
І. ҚР салық жүйесіндегі тұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салудың
экономикалық мәні ----------------------------------- -----------------------
---5
1.1.ҚР салық жүйесіндегі салықтың экономикалық мәні --------------------
5
1.2.ҚР тұрғын үй мақсатындағы жерлердің ерекшеліктері ------------------
6
ІІ. Тұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салуды есептеу жолдары -------
----------------------------------- ----------------------------------- ------
-----------------11
2.1.Тұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салу субъектілері мен
объектілері----------------------------------- ------------------------------
-----------------11
2.2. Тұрғын үй мақсатындағы жерге салық ставкасы және есептеу әдістері

----------13
ІІІ. ҚР тұрғын үй мақсатындағы жерлерді, жерлерге салық салудағы
мәселелер және оны шешу жолдары ----------------------------------- ---------
-----18
3.1.ҚР тұрғын үй құрылысын жетілдірудегі мәселелер --------------------
18
3.2. Тұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салудағы мәселелерді шешу
жолдары ----------------------------------- ---------------------------------
--------22
Қорытынды ----------------------------------- ---------------------------
-------------22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ----------------------------------- -----
--------30
КІРІСПЕ
Жер салығы адамзат өркениетінің әр қилы даму кезендерінде үзбей
алынған, күні бүгінге дейін әрқашанда жергілікті салық салу жүйесінде
көрініс табатын үйреншікті жергілікті салық болып табылады. Бұл салық
негізінде есептеліну көзі бойынша мүліктік болғандықтан оның төлеушілері
қатарына заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да жатады. Жер салығын
қалыптастыру тәсілі жерлердің түрі мен пайдаланылатын мақсат-бағдарларына
қарай құрылады.
Қазіргі кезде, нарыктық даму жағдайындағы экономика талаптарына сай жер
меншігіне, жерді пайдалануға және оны тиісті рыноктық айналысқа түсіруге
байланысты проблемаларды шешу ауқымындағы жер салығының рөлі күн сайын
артып келеді.
Жер салығын алу барысында жерді ұтымды пайдалану, жерге орналастыру
істерін жақсарту, жерді және оған байланысты экологиялық ахуалдарды қорғау,
жерді құнарлыландыру, жер аумағындағы әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге
асыру, жерлерден сол аумақтардағы бюджеттерге қосымша қаражаттар түсіру
және т.б. көзделінеді.
Тағы бір ескеретін жәйт, жерлерге салық салу кезінде көзделінетін
бірден-бір максат олардың белгілі бір санаттарын ғана салық салу
объектілері ретінде қарау, сондай-ақ олардың қандай бағытта
пайдаланылатынын есепке алу болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағындағы жерлердің мынадай санаттарына:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;
2) елді мекендердің жерлеріне;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы
мақсатына арналмаған жерлеріне;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлеріне, сауықтыру,
рекреациялау және тарихи-мәдени максатындағы жерлерге;
5) орман қорының жерлеріне;
6) су қорының жерлеріне;
7) запастағы жерлерге салық салынады.
Салық кодексінде көзделген жәйттерге орай, салық салу мақсатында елді
мекендердің жерлері мына:
1) тұрғын үй қоры мен оның жанындағы құрылыстары және ғимараттары
орналасқан жерлерді қоспағанда елді мекендердің жерлері;
2) тұрғын үй қоры мен оның жанындағы құрылыстары және ғимараттары
орналасқан жерлері сияқты екі топқа бөлінген.
Сонымен қатар, бірден айта кететін маңызды жәйт, егер осы жерлер
(запастағы жерлерді коспағанда) тұрақты пайдалануға немесе етеусіз уақытша
пайдалануға берілмесе, онда жерлердің мына санаттары:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
2) орман қорының жерлері;
3) су қорының жерлері;
4) запастағы жерлер салық салудан босатылады. Аталған жерлер (запастағы
жерлерді қоспағанда) тұрақты пайдалануға немесе өтеусіз бастапқы уақытша
пайдалануға берілген жағдайда оларға Салық кодексінің 336-бабында
белгіленген тәртіппен салық салынады.

экономикалық мәні
1.1.ҚР салық жүйесіндегі салықтың экономикалық мәні
Жер салығы меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз
уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар мен жер ресурстарын
басқару жөніндегі уәкілетті орган тарапынан әр жылдың 1 қаңтарына
қарағандағы жағдай бойынша берілген жерлердің мемлекеттік сандық және
сапалық есебінің деректері негізінде есептелінеді.
Жер салығы бойынша салық салу объектісіне жер учаскесі (жер учаскесіне
қатысты ортақ үлестік меншік кезінде - жер үлесі) жатады.
Темір жолдар, оқшаулау белдеулері, темір жол станциялары, вокзалдар
орналасқан жер учаскелерін қоса алғанда, заңдарда белгіленген тәртіппен
темір жол көлігі ұйымдарының объектілеріне берілген жер учаскелері темір
жол көлігі ұйымдары үшін салық салу объектісі болып саналады.
Электр беру желілері мен кіші станциялар тіректері алып жатқан жер
учаскелерін қоса алғанда, балансында электр беру желілері бар энергетика
және электрлендіру жүйесі ұйымдары үшін осы ұйымдарға заңдарда белгіленген
тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі ретінде көрініс
табады.
Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерін қоса
алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ
өндіруді, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін осы ұйымдарға заңдарда
белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып
есептеледі.
Байланыс желілерінің тіректері алып жатқан жер учаскелерін қоса
алғанда, балансында радиорелелік, әуе, кабельдік байланыс желілері бар
байланыс ұйымдары үшін осы ұйымдарға заңдарда белгіленген тәртіппен
берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.
Жер салығын айқындауға қажетті салық базасы ретінде жер учаскесінің
алаңы көрініс табады.
Жеке меншік құкығындағы, тұрақты жер пайдалану құқығындағы, сондай-ақ
өтеусіз бастапқы уақытша жер пайдалану құқығындағы жер учаскелері (кейбір
жағдайларда жер үлесі) бар жеке және заңды тұлғалар, сонымен катар жеке
меншік кұқығында, тұрақты жер пайдалану құқығында және өтеусіз уақытша
бастапқы жер пайдалану құқығында салық салынатын объектілері бар осы заңды
тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері жер салығын төлеушілер деп танылады.
Тұрақты жер пайдалануға және өтеусіз уақытша бастапқы жер пайдалануға
деген меншік құқығын куәландыратын мемлекеттік акт немесе жер учаскелерін
уақытша пайдалану жөніндегі шарт болмаған жағдайда, жерді пайдаланушының
белгілі бір учаскені нақты иеленуі және пайдалануы оны осы учаскеге қатысты
жер салығын төлеуші ретінде тануға негіз болып табылады.
Жер учаскелерін иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда
немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, бірнеше тұлғаның ортақ
меншігіндегі (пайдалануындағы) жер учаскесі бойынша осы тұлғалардың
әрқайсысы жер салығын төлеуші болып саналады.
1.2.ҚР тұрғын үй мақсатындағы жерлердің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында мынадай жер учаскелері:
1) елді мекендердің ортақ пайдалануындағы аландар, көшелер, өткелдер,
жолдар, жағалаулар, парктер, скверлер, бульварлар, су қоймалары,
жағажайлар, зираттар, су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылғылары
және ортақ пайдаланылатын өзге де инженерлік жүйелер алып жатқан және
соларға арналған жерлер;
2) ортақ пайдалануға бөлінген белдеудегі мемлекеттік автомобиль
жолдарының желісі алып жатқан жер алаптары, көліктер жан-жаққа жүріп өтетін
жол тарамдары, жол айырықтары, жасанды құрылыстар, трассалар бойындағы жол
резервтері мен өзге де жол қызметін көрсету жөніндегі құрылыстар, жол
қызметінің (қызметкерлерінін) қызмет бабындағы және тұрғын үй-жайлары,
қардан қорғау екпелері мен безендіру жасыл желектері орналасқан жерлер;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған
объектілер алып жатқан жерлер;
4) Салық кодексінің 138-140-баптарында белгіленген тәртіппен
инвестициялық жобаны іске асыру үшін иеленген және пайдаланылатын жер
учаскелері Салық кодексінің 326-бабына (оның тармақтары мен тармақшаларына)
сәйкес салық салынатын объектілер қатарынан шығарылып тасталған.
Салық кодексінің 324-бабының әмірлі талаптарына сәйкес мынадай заңды
және жеке тұлғалар:
1) бірыңғай жер салығын төлеушілер шаруа (фермер) қожалықтарына
арналған арнайы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер
учаскелері бойынша;
2) мемлекеттік мекемелер;
3) салық режимінің екінші моделі бойынша салық салу жүзеге асырылатын
жер қойнауын пайдаланушылар;
4) қылмыстық жазаларды атқару аясындағы уәкілетті органның түзеу
мекемелерінін мемлекеттік кәсіпорындары;
5) тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен
ғимараттар алып жатқан жер учаскелері мен тұрғын үй маңындағы жер
учаскелері; жеке (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу, бау-бақша шаруашылығы
үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай
құрылысына арналған жер учаскелері; гаражға арналған жер учаскелері бойынша
— Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соларға теңестірілген тұлғалар, сондай-
ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуі;
6) тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен

учаскелері бойынша — Алтын алқа алқасымен наградталған, Ардақты ана
атағына ие болған көп балалы аналар;
7) діни бірлестіктер жер салығын төлеуден босатылған. Жер салығының
мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасу өңіріне және сумен қамтамасыз
етілуіне қарай анықталады, сондай-ақ оны белгілеу кезінде жер иеленушілер
мен жерді пайдаланушылардың шаруашылық және өзге қызметінің нәтижелері
(яғни жерлерден алатын табыстары мен түсімдері) есепке алынбайды.
Жекеше (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын
жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда жеке тұлғаларға
берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге алаңын 0,50 гектарға дейін
коса алғанда -0,01 гектары үшін 20 теңге; ал алаңы 0,50 гектардан асатын
болса — 0,01 гектары үшін 100 теңге мөлшерінде базалық салық ставкасы
белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы қыркүйектің 2-сіндегі
(№890) Қаулысына сәйкес жеке меншікке берілетін жер учаскелері
төлемақысынын мынадай базалық ставкасы шаршы метрге:
Астана — 1180теңге;
Алматы — 717 теңге;
Актау — 145 теңге;
Актөбе — 137 теңге;
Атырау — 123 теңге;
Қарағанды — 190 теңге;
Көкшетау — 114 теңге;
Қостанай — 123 теңге;
Қызылорда - 111 теңге;
Павлодар — 114 теңге;
Петропавловск - 114теңге;
Талдықорған — 137 теңге;
Тараз - 181 теңге;
Орал — 114 теңге;
Өскемен — 145 теңге;
Шымкент - 181 теңге
мөлшерінде белгіленген.
Жер учаскесін иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған
жағдайда жер салығы жер учаскесін іс жүзінде пайдалану кезеңі үшін
есептеліп шығарылады.
Салық жылы ішінде елді мекенді қоныстың бір санатынан басқа санатына
ауыстыру кезінде ағымдағы жылғы жер салығы салық төлеушілерден осы елді
мекендер үшін бұрын белгіленген ставкалар бойынша, ал келесі жылы —
қоныстардың жаңа санаты үшін белгіленген ставкалар бойынша алынады.
Елді мекен таратылған және оның аумағы басқа елді мекеннің құрамына
қосылған кезде, таратылған елді мекеннің аумағында жаңа ставка тарату іске
асырылған жылдан кейінгі жылдан бастап қолданылады.
Салық төлеушілер орналасқан жер учаскелері бонитетінің балдарын анықтау
мүмкін болмаған жағдайда, жер салығының мөлшері шектесіп орналасқан
жерлердің бонитет балы негізге алына отырып анықталады.
Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың
осы жер учаскесіндегі үлесіне барабар есептеледі. Қорғаныс қажеті үшін
берілген жерлерге салынатын салықты алу тәртібін Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілейді. Ағымдағы төлемдер мөлшері салық кезеңінің басында
болған салық төлеу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық
ставкаларын қолдану жолымен белгіленеді.
Жер салығын төлеу бойынша салық міндеттемелері туындаған күннен кейінгі
340-баптың 3-тармағында белгіленген кезекті мерзім салық міндеттемелері
туындаған кезде салықтың ағымдағы сомаларын салық кезеңінде төлеудің
бірінші мерзімі болып табылады.
Салық кодексінің 324-бабы 3-тармағының 2), 4) тармақшаларында аталған
заңды тұлғалар салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға берген
кезде салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға беру күнінен кейінгі
кезекті мерзім салықтың ағымдағы сомаларын төлеудің бірінші мерзімі болып
табылады.
Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салықтық
міндеттемелері туындаған кезде салық төлеушілер салық сомасын салықтық
міндеттемелері туындаған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төлейді.

заңды тұлғалар салық салу объектілерін ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы
мерзімінен кейін пайдалануға немесе жалға берген кезде салық төлеушілер
салық сомаларын салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға беру
айынан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төлейді.
Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша міндеттемелер өзгерген жағдайда,
ағымдағы төлемдер салықтық міндеттемелердің өзгеру сомасына жер салығын
төлеудің алдағы мерзімдері бойынша тең үлестермен түзетіледі.
Салық салу объектілеріне құқықтар салық кезеңінің ішінде берілген
жағдайда салық сомасы жер учаскесіне құқықты іске асырудың нақты кезеңі
үшін есептеледі.
Осы құқықтарды беретін тұлғаның жер учаскесіне іс жүзінде иелік еткен
кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттік тіркеуге
дейін немесе тіркеген кезде бюджетке енгізілуі тиіс. Бұл ретте бастапқы
төлеушіге ағымдағы жылдың 1 қантарынан бастап ол жер учаскесін берген айдын
басына дейін есептелген салық сомасы көрсетіледі. Одан кейінгі төлеушіге
салық органдары жіберетін жер салығынын есептелген сомасы туралы
хабарламада оның жер учаскесіне құқығы пайда болған кезендегі ай басынан
есептелген салық сомасы көрсетіледі.
Салық төлеуші салық кезеңінде декларация табыс ету мерзімі басталғаннан
кейін он күндік мерзімнен кешіктірмей біржолата есеп айырысу жүргізіп, жер
салығын төлейді.
Бірнеше салық төлеушілердің пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен
ғимараттар орналаскан жер учаскелеріне жер салығы олардың бөлек
пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеуші
бойынша жеке есептеледі.
Салық кодексінің 324-бабы 3-тармағының 4) және 7) тармақшаларында
аталған заңды тұлғалар үйдің, құрылыстың және ғимараттың бір бөлігін жалға
берген кезде жер салығын есептеу осы жер учаскесінде орналасқан барлық
үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың жалпы алаңындағы жалға берілген үй-
жай алаңының үлес салмағына қарай жүзеге асырылады.
Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлікті заңды тұлға сатып
алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы
құрылыстар мен ғимараттар салып жаткан жерлерді қоспағанда, Салық
кодексінің 332-бабында белгіленген елді мекендердің жерлеріне салынатын
салықтың базалық ставкалары бойынша есептелуге тиіс.
Салықты есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жекелей салық базасына
тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі. Жер салығының сомасы сол
жер учаскесі орналасқан жердегі бюджет кірісіне аударылады.
ІІ. Тұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салуды есептеу жолдары

объектілері
Бұл бөлімде меншікке салынатын салықтар, яғни жер салығы, көлік
құралдары салығы және мүлік салықтарының экономикалық мазмұнына тоқталамыз.
Аталған салық түрлері жергілікті бюджетке түсетіндіктен жергілікті салықтар
ретінде де қарастырылады.
Жер — белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи
байлық. Адамзат жерді пайдалану арқылы өзінің қажеттіліктерін
қанағаттандырып келеді. Қазақстан Республикасының кең байтақ жері бар.
Барлық жерлер салық салу мақсатында олардың арналған нысанасы мен
тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға бөлінеді:
1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;
2) елді мекендер жерлері;

емес мақсаттағы жерлер (өнеркәсіп жерлері);
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері, сауықтыру, рекреациялық
және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер (ерекше қорғалатын табиғи аумақ
жерлері);
5) орман қорының жерлері;
6) су қорының жерлері;
7) запастағы жерлер.
Жердің белгілі бір немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан
Республикасының жер туралы заң актілерімен белгіленеді. Елді мекендер
жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген:
1) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен
ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда елді мекендер жерлері;
2) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен
ғимараттар орналасқан жерлер.
Жердің мынадай санаттарына салық салынбайды:

4) запастағы жерлер.
Осы аталған жерлер (запастағы жерлерді қоспағанда) тұрақты жер
пайдалануға немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалануға берілген
жағдайда, жер салығында белгіленген тэртіппен салық салынады.
Жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың
шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды.

Жер салығын есептеу үшін:
1) меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер
пайдалану құқығын куәландыратьш құжаттар қажет;
2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті оргад жылдың 1
қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және
сапалық есебінің деректері көрсетіледі
Жер салығын төлеушілер:
1) жеке меншік құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды
тұлғалар;
2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке
және заңды тұлғалар;
3) бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу
объектілері бар жеке және заңды тұлғалар.
4) заңды тұлғалардың жоғары да белгіленген құқықтарда салық салынатын
объектілері бар құрылымдық бөлімшелері.
Жер салығын төлеу барлық жер иелері, жер пайдаланушылар, соның ішінде
жалгерлер мен жер иелері үшін міндетгі болып саналады.
Жер салығын салу объектілері
• жер учаскелерін иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда
немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, пайлық инвестициялық қор
активтерінің құрамына жер учаскесін қоспағанда, бірнеше тұлғаның ортак

әрқайсысы;
- пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін жер учаскесі
бойынша осы пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы жер салығын;
• жер учаскесіне құқықты кәландыратын құжаттар болмаған жағдайда,
пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты жер салығын төлеуші ретінде тану үшін
осындай учаскені оның нақты иеленуі және пайдалануы негіз болып табылады;
• лизинг алушы қаржы лизингі шартына сәйкес жылжымайтын мүлік
обьектісімен бірге қаржы лизингіне берілген жер учаскесі бойынша.
Жер салығында жер учаскесі (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезінде
- жер үлесі) - салық салу объектісі ретінде қарастырылады.
Мына төменде аталынғандар салық салу объектісіне жатпайды:
1) елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері, бұған:
• алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар;
• парктер, скверлер, бульварлар;
• су қоймалары, жағажайлар;
• зираттар;
• халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер
(су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылғылары және басқа да ортақ
пайдаланылатын инженерлік жүйелер) алып жатқан жэне соларға арналған
жерлер.
2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып
жатқан жер учаскелері, мұнда:
- жер алаптары, көлік жүріп өтетін тарамдар;
- жол салымдары, жасанды құрылыстар, жол бойындағы резервтер мен өзге
де жол қызметін көрсету жөніндегі құрылыстар;
• жол қызметінің қызметтік және тұрғын үй-жайлары;
• қардан қорғау екпелері мен жасыл желектер орналасқан жерлер.

объектілер орналасқан жер учаскелері.
4) белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны іске асыру үшін иемденіп
алынған жэне пайдаланылатын жер учаскелері.
Жекелеген жағдайларда салық салу объектісін анықтау тәртібі:
1. Темір жол көлігі ұйымдары үшін салыц салу объектпісіне: темір
жолдар, оқшаулау белдеулері, темір жол станциялары, вокзалдар орналасқан
жер учаскелерін қоса алғанда, заңдарда белгіленген тәртіппен темір жол
көлігі ұйымдарының объектілеріне берілген жер учаскелері жатады.
2. Энергетика және электерлендіру жүйесі ұйымдары үшін салық салу
объектісіне: электр беру желілері мен кіші станциялар тіректері алып жатқан
жер учаскелерін қоса алғанда, балансында электр беру желілері бар осы
ұйымдарға заңдарда белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері жатады.
3. Мұнай мен газ өндіруді, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін
салық салу объектісі болып: мүнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер
учаскелерін қоса алғанда, балансында мүнай құбырлары, газ құбырлары бар,
осы ұйымдарға заңдарда белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері
табылады.
4. Байланыс ұйымдары үшін салық салу объектісі болып: байланыс
желілерінің тіректері алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында
радиорелелік, әуе, кабельдік байланыс желілері бар осы ұйымдарға заңдарда
белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері табылады.
Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің алаңы — салық базасы болып
табылады.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық
ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойышла
сараланады.
Жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және
саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда,
берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге, базалық салық ставкалары
мынадай мөлшерлерде белгіленеді;
көлемі 0,50 гектарға дейін қоса алғанда - 0,01 гектар үшін 20 теңге;
көлемі 0,50 гектардан асатын алғанда - 0,01 гектар үшін 100 теңге.
Ауыл шаруашылық мақсаттары үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылық
мақсаттарына арналымнан жерлерге салынаты салық ставкалары.
Елді мекендердің, өнеркәсіптің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
орман және су қорларының құрамына кіретін, ауыл шаруашылық мақсаттарына
пайдаланылатын жер учаскелеріне түзетілген базалық салық ставкаларының
талаптары ескеріле отырып, 9.1 жэне 9.2-кестеде белгіленген базалық
ставкалар бойынша салық салынады.
Елді мекендердің жерлеріне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz