«Шетел тілін деңгейлеп оқытудың мәселелері»


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Шынғысбаева Әйгерім Дүйсенбекқызы

Шетел тілін деңгейлеп оқытудың мәселелері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011900-«Шет тілі: екі шет тілі»

Алматы 2014

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Араб тілі және әдебиеті кафедрасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіНұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіАраб тілі және әдебиеті кафедрасы:

«Қорғауға жіберілді»

Араб тілі және әдебиеті

кафедрасының меңгерушісі

д. М. Сибағи

«__»2014ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіНұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіАраб тілі және әдебиеті кафедрасы:

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Шетел тілін деңгейлеп оқытудың мәселелері»

5В011900- «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша

:
:
:
:

Норма бақылаушы, магистр С. Сайлаубайулы

«___» 2014 ж.

Диплом жұмысының жетекшісі,

филол. ғ. к., профессор

Д. Е. Есенжан

«__» 2014 ж.

Мысырлық тарапынан

диплом жұмысының жетекшісі, филол. ғ. д.

Нашат абд әл-Азиз «___» 2014 ж.

Орындаған

Ә. Д. Шынғысбаева

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіНұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіАраб тілі және әдебиеті кафедрасы:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіНұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіАраб тілі және әдебиеті кафедрасы:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіНұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіАраб тілі және әдебиеті кафедрасы:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіНұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіАраб тілі және әдебиеті кафедрасы: Алматы 2014

Реферат

Диплом жұмысының көлемі - 55

Кесте саны - 0

Пайдаланылған әдебиеттер саны - 32

Тірек сөздер - деңгейлеп оқыту технологиясы, шетел тілін деңгейлеп оқыту әдістері, шетел тілін деңгейлеп оқыту, ақпараттық технология

Зерттеудің міндеттері:

1. Шетел тілін оқыту барысында деңгейлеп оқыту технологиясының теориялық және әдіснамалық негіздерін айқындау;

2. Оқушылардың тыңдау және сөйлеу қабілеттерін дамытудың икемділіктерін анықтау;

3. Деңгейлеп оқытудағы оқылым мен жазылымның әдістерін айқындау.

Зерттеу әдістері: психологиялық-педогогикалық еңбектерге теориялық талдау жасау, салыстыру, диагностикалау, зерттеу, сараптау әдістері арқылы қамтамасыз етілді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі :

1. Шетел тілін оқыту барысында деңгейлеп оқыту технологиясының теориялық және әдіснамалық негіздері айқындалды;

2. Деңгейлеп оқыту технологиясының құрылымы беріліп, тиімді тәсілдері анықталды;

3. Араб тілін оқытуда деңгейлеп оқытуды қолданудың тиімділігі анықталды.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

5В011900 - «Шет тілі: екі шет тілі» «БЕКІТЕМІН»

Кафедра меңгерушісі

д. М. Сибағи

«___»201_ж.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНА ТАПСЫРМА

Студент Шынғысбаева Әйгерім Дүйсенбекқызы

1. Жұмыстың тақырыбы Шетел тілін деңгейлеп оқытудың мәселелері

«__»201_ ж. № университет ректорының бұйрығымен бекітілді

2. Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі 05. 06. 2014ж

3. Жұмысқа пайдаланылған негізгі мәліметтер

а) диплом жұмысы бойынша жоспар-тапсырма;

б) диплом алдындағы тәжірибені өту барысында жиналған материалдар;

в) тақырып бойынша әдебиет.

4. Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны

а) Деңгейлеп оқыту технологиясы

б) Шетел тілін оқытудың әдіс-тәсілдері

в) Шетел тілін деңгейлеп оқытудың құрылымы

5. Ұсынылатын негізгі әдебиет:

1) Жақсыбек Қараев. Үшөлшемді әдістемелік жүйесі. Алматы, 2001ж.

2) Құнанбаева С. С. Шет тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2010ж.

3) Соловова Е. Н. Методика обучения иностранным языкам. М., 2002г.

4) Жанпейісова М. М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы 2006 жыл.

Тапсырманың берілген уақыты

Жұмыс жетекшісі Д. Е. Есенжан

Тапсырманы орындауға

қабылдаған студент Ә. Д. Шынғысбаева

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
4
КІРІСПЕ . . .: 1 ШЕТЕЛ ТІЛІН ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
4: 6
КІРІСПЕ . . .: 1. 1
4: Деңгейлеп оқыту технологиясы . . .
6
КІРІСПЕ . . .:

1. 2

1. 3

4:

Шетел тілін оқытудың әдіс-тәсілдері . . .

Шетел тілін деңгейлеп оқытудың заманауи ақпараттық технологиялары . . .

11

31

КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .: 2 ШЕТЕЛ ТІЛІН ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ . . .
4: 45
КІРІСПЕ . . .: 2. 1
4: Тыңдалым ілімі. Тыңдалымның түрлері және оның икемділігі . . .
45
КІРІСПЕ . . .: 2. 2
4: Сөйлеу және ондағы қолданылатын әдістер . . .
50
КІРІСПЕ . . .: 2. 3
4: Оқылым шетел тілін оқытудың базасы. Оқылымның маңыздылығы . . .
54
КІРІСПЕ . . .: 2. 4
4: Деңгейлеп оқытуда жазылымның алатын рөлі және грамматиканы үйретудің тәсілі . . .
57
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
4: 59
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
4: 61

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай жүріп жатқан реформалау процесі оның тек экономикалық саласын ғана қамтып отырған жоқ, сонымен бірге әлеуметтік саласын да қамтып отыр. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау-соның айғағы. Соған орай, жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру, бір жағдайда тек жоғары педагогикалық оқу орындарында білім алып жатқан болашақ жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты болатындығы бәрімізге мәлім.

Өзінің мемлекет болып қалыптасу және даму тарихында көптеген сын сағаттарды, сындарлы кезеңдерді басынан өткерген Қазақстан халқы тағы да жаңа белеске көтерілу жолында тың серпіліс жасап отыр. ҚР Президенті, Елбасымыз Н. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына қадам басып отырған кезеңдегі ел дамуының негізгі басымдықтарын айқындап берді. Олардың қатарында еліміздің білім беру жүйесіне аса назар аударылып отырған білім беру жүйесін дамыту. Білім берудің тарихы қоғам дамуының белгілі бір нақты кезеңімен сабақтасып жататыны белгілі. Себебі, білім берудің мақсаты мен міндеттері қоғамның сұранысымен айқындалады және де қоғам дамуының барысы білім берудің жай-күйінен де байқалады. Осы ретте білім беру мекемелерін де пайдалы әрі тиімді білім беру технологиялары жаңартылуда. [1]

Әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында еліміздің білім беру жүйесіне қазіргі кезде көптеген өзгерістер жүруде. Осыған орай еліміздің мектептерінің оқу үрдісіне инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу белсенді түрде қолға алынып жатыр. Жеке түлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін сын тұрғысынан ойлау, ақпаратты-коммуникациялы оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту, модульді оқыту технологиялар негізгі қағидалары - балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оның өз бетімен білім алуына ықпал ету, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуға қабілетті, өзіндік пікірін анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру, баланың танымдық жэне шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Елімізде қолданылып жүрген технологиялар қатарында араб тілін оқытуда деңгейлеп оқыту технологиясының маңызы зор. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет - тілді коммуникативті бағытта үйрету. Коммуникативтік оқыту технологиясының мақсаты: шет тілінде пікір алысуды пікір алысу арқылы үйрету, оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуі мен өзара тіл табысып, сөйлеуді дамытуы. Тіл - қарым-қатынас құралы. Тіл игеру арқылы адам айналасындағы дүниені таниды, басқалармен қарым-қатынасқа түсе отырып оның ой өрісі кеңейеді.

Зерттеудің нысаны: шетел тілін оқыту барысында деңгейлеп оқыту технологиясы.

Зерттеу пәні: шетел тілін деңгейлеп оқытудағы мәселелер

Зерттеудің міндеттері:

1. Шетел тілін оқыту барысында деңгейлеп оқыту технологиясының теориялық және әдіснамалық негіздерін айқындау;

2. Оқушылардың тыңдау және сөйлеу қабілеттерін дамытудың икемділіктерін анықтау;

3. Деңгейлеп оқытудағы оқылым мен жазылымның әдістерін айқындау.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

1. Шетел тілін оқыту барысында деңгейлеп оқыту технологиясының тиімді аспектілерін анықтап, нәтижелі ету;

2. Деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі құрылымының тиімді түрлерін айқындап, оны шетел тілін оқытуда пайдалану.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: деңгейлеп оқыту технологиясы жайлы философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер, тілді меңгерудегі, ақпаратты қабылдаудағы тыңдалым, оқылым, сөйлеу, жазылым қабілеттері жайлы теориялар мен тұжырымдамалар құрайды.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2050" стратегиясы, басқа да білім беру саласына қатысты заңдық күші бар мемлекеттік құжаттар, осы мәселеге байланысты қазақстандық, шет елдік ғалымдардың еңбектері.

Зерттеу әдістері: психологиялық-педогогикалық еңбектерге теориялық талдау жасау, салыстыру, диагностикалау, зерттеу, сараптау әдістері арқылы қамтамасыз етілді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

1. Шетел тілін оқыту барысында деңгейлеп оқыту технологиясының теориялық және әдіснамалық негіздері айқындалды;

2. Деңгейлеп оқыту технологиясының құрылымы беріліп, тиімді тәсілдері анықталды;

3. Араб тілін оқытуда деңгейлеп оқытуды қолданудың тиімділігі анықталды.

Ғылыми жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, падаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ШЕТЕЛ ТІЛІН ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Деңгейлеп оқыту технологиясы

Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі талап етіледі. Ал жаңа технологияны пайдаланудың мақсаты - міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жету.

Осыған орай соңғы онжылдықта алуан түрлі педагогикалық жүйелер ұсынылуда. Олардың ерекшелігі онда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға өзіндік амалдар мен тәсілдер, оқыту мен тәрбиенің соңғы технологиялары дүниеге келіп, тәжірибеде сыналуда.

Педагогика мен психология ғылымында "педагогикалық технология", "білім беру технологиясы", "оқыту технологиясы", "тәрбие технологиясы" және т. б. ұғымдар кеңінен қолданылуда.

"Технология" ұғымын түсіндірудегі көзқарастар да түрліше. "Технология" сөзі грек тілінен аударғанда "өнер, шеберлік + ілім" дегенді білдіреді. Демек, ол дайындау, өңдеу, күйін өзгерту әдістерінің жиынтығын білдіреді екен. Бұл термин әдетте өндірістік үрдісті сипаттауда кеңінен қолданылып келген. Ал педагогика ғылым тұрғысынан қарастырғанда шеберлікпен ілім қосындысын білдірмек.

Т. К. Смыковская, Т. Б. Руденколардың пікірінше: "Әдістеме тек бір ғана оқыту үрдісіне көңіл бөлсе, технология бір мезетте оқу және оқыту үрдісімен қатар жұмыс істейді және технология алға қойылған мақсаттың нақты соңғы нәтижесіне кепілдік береді". Ежелгі философтардың өзі педагогикалық шеберлікті тарату туралы айтқан, ал бұл осы күнгі технологияға жақын. Сондай-ақ, К. Ушинский, А. С. Макаренко да технологиялық рәсімдерді анық көрсете білген.

Педагогикалық технология дегенге В. П. Беспалько: "Практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба", - деп анықтама берген. Мұнда ғалым педагогикалық жүйені, тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қарастырады.

Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады.

Бүгінгі күні өзін-өзі таныта алатын жеке тұлғаны дамытуда оқытудың озық жүйелерін меңгеру - уақыт талабы. [2]

Қазіргі қоғам дамуы мұғалімнің жеке қасиетіне, гуманитарлық бағытына, мамандық біліктілігіне жоғары талап қойып отыр. Бұл тұрғыда табысқа жету мұғалімнің сабақ өту үрдісіндегі әдіс-тәсілін, жаңа технологияны кәсіби шеберлікпен меңгерумен айқындалады.

Қазіргі заман талабына сай, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиялық даму бағдарламасында айқындалған ана тілімен қатар шетел тілінің бірін меңгеру талаптарын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында барлық білім беру жүйелерінде шетел тілдері оқытылады. [3]

Соңғы уақытта шетел тілдерін оқытудың тиімділігін арттыру үшін көптеген еуропалық елдерде сатылы деңгей оқыту әдістемесін нәтижелі түрде пайдаланып келеді. Бұл әдістеме соңғы уақытта дейгейлік оқыту деп аталып жүр.

Білім деңгейін анықтайтын өлшемдер әлемдік әдістемеде ұсынылып, деңгейлер өлшемі талданған. Олардың негізгілері:

  1. Еуропалық стандарт бойынша деңгейлер: бастауыш (қарапайым), аралық(орта), жоғары;
  2. Еуропалық лингвистер ассоциациясы ұсынған бес деңгейлік жүйе: бірінші деңгей - бастауыш (қарапайым деңгейде білу) ; екінші деңгей - бастапқы деңгейде пайдалану үшін; үшінші деңгей - өз бетінше пайдалану үшін; төртінші деңгей - жетік тілге ұмтылатын адам үшін; бесінші деңгей - ең жетік, толыққанды дәрежеде пайдалану үшін.

Тілді шет тіл ретінде меңгертудің халықаралық стандарт деңгейлерінің ғылыми-методикалық негізін қалыптастыруда Д. Н. Кулибаеваның "Методика формирования международно - стандартных уровней владения иностранным языком в условиях школ международного типа" еңбегінің маңызы зор. Ғалымның көрсетуінше, бүгінде ойлау сиымдылығының деңгейі, кұндылықтар жүйесі, жеке мемлекеттерге қатысты ғаламдық мәселелер, т. б. білім беру нәтижесі мен оның сапасының әлем мойындаған стандартпен сәйкес келуіне байланысты болып отыр.

Д. Н. Кулибаева барлық үздіксіз және академиялық білім беру мен кәсіптік білім берудің базисі болып табылатын жалпы орта білім беру жүйесін зерттеген.

Бұл еңбекте шетел тілінің кәсібі - бағдарлық іскерлігін қалыптастырудың әр деңгейінде дидактикалық міндеттердің болуын қамтамасыз ететін мәтіндердің үлгісі көрсетілген.

Қарым-қатынастың пәндік мазмұнын меңгеруді деңгей бойынша жіктеу шетелдік білім беру мақсаттарын тек кәсіби бағдар аясында ғана емес, сонымен қатар жеке өзіндік комплекстер шеңберінде, яғни барлық жерде де жүзеге асыратын жеткілікті іскерліктер тізімін көрсетеді.

Ал енді деңгейлеп оқытудың басты ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ:

Деңгейлеп оқытудың басты ерекшелігі - білім беру, оқыту, үйрету процесін топтап, жіктеп бөледі, әрбір деңгейдің өзінің лексикалық- грамматикалық минимумы болады, үйренушінің әрбір деңгейдегі білімін өзі бақылайды, оқу материалдары бір деңгейден екінші деңгейге қарай күрделі болып, яғни қарапайымнан күрделіге қарай өтіп отырады.

Деңгейлеп оқыту тілді бастапқы дәрежеде білу, ана тіл дәрежесінде білу, коммуникативтік қарым-қатынасқа түсе алатындай дәрежеде білу деген ұғымдармен байланысты. [4]

Қ. Қадашева "Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері" атты ғылыми зерттеу жұмысында деңгейлеп оқыту мәселесінің теориясын жан-жақты талдап, ашып берген. Ғалым шетел тілін меңгерудің ең тиімді жолы - үш деңгейде оқыту деп санайды. Олар бастапқы деңгей, негізгі (базалық) деңгей, жоғарғы (жалғастырушы) деңгей. Әрбір деңгейдегі тыңдалым, сөйлеу, оқылым, жазылымның көлемі қандай болу керектігін, нені меңгерту керек екендігін анықтаған. Мақсатқа жету әрбір деңгейді жете меңгерумен байланысты, ол табысқа жетудің бағытын анықтап береді. Бастауыш деңгейде үйренушінің білімі өте аз, сондықтан мұғалім маңызды роль атқарады. "Мұғалім осы деңгейде, яғни санаулы уақыттарда үйренушінің білім деңгейінің жоғарылағанын көре алады. Мұнда үйретілетін саны шектеулі (сөз минимумы) сөздерді, қарапайым фразаларды және дыбыстарды қайталатып, міндеттеуде үлкен жауапкершілікті сезіну керек", - екенін айтады.

Бастапқы деңгейде - танымын, логикасын тексеруге арналған қарапайым сұрақтар арқылы тілдік негіз жасалады.

Таңдалған тілдік материал тіл үйренушілер өз бетінше қысқа диалог, сипаттау құра алатындай лексикалық, грамматикалық тіркесімді болу керек. Сөздерді таңдағанда олардың мағынасының нақты болуы ескеріледі. Бұл кезеңде бірнеше мағына беретін сөздерді енгізу тиімсіз.

Аралық деңгейде - грамматика және сөйлеу дағдысы бойынша аталған білімін әрі қарай жетілдіруде сөйлеу жағдаяттық және тақырыптық сөйленіске жаттықтыру ойластырылады. Мұнда негізінен сөйлеу дағдысы мен ептілікті дамыту дағдысы қойылады.

Жалғастырушы сатыда - сөйлеу әрекеті түрлерінде дағды мен ептілікті мейлінше жетілдіру мақсаты орындалады. Мұнда негізінен дербес белсенді сөйленіс ең басты тапсырма ретінде орын алады.

Бастапқы деңгейдегі үйренушінің қанша сөзді меңгеру керек екенін білу алдында шетел тілі бойынша белгілі бір білім қорымен келген студенттің қанша сөзді меңгеріп келгендігін біліп алу қажет. Бастапқы деңгейде үйренуші өзі жайында, отбасы, мекен-жайы, ауа-райы, жұмыс кестесі, жұмыс орны, бос уақыты жайында қысқаша мәлімет беріп, қарапайым сұрақтарға жауап береді. Яғни бастауыш топтың өзін төменгі, аралық, жоғарғы деңгей деп бөлетін болсақ, оны бастауыш (аралық) деңгейге жатқызуға болады. Бұл кезеңде үйренушінің едәуір сөздік қоры бар, ақпаратты қабылдауға танымын білдіре алады. Одан әрі бастауыш (жоғары) деңгейде үйренушінің білгенін тереңдетіп, белгілі бір тақырып деңгейінде ойлау және тану процесін жүзеге асыруға дағдыландыру мақсаты алға қойылады.

З. С. Күзекованың "Екінші тіл оқулығы теориясының лингвистикалық негіздері" монографиясында тілді оқытып, үйренудің бастапқы кезеңінде белгілі бір тақырыпқа жазылған дайын мәтіндер, көптеген сөздер, күрделі грамматикалық құрылымдар қажет еместігін, оқытудың негізіне мәтін емес, байланыссыз мұқият таңдалған тілдік материал болу керек екенін айтады. [5]

"Бастапқы кезеңнің міндеті - тіл негізін емес, сөйлеу негізін оқыту. Оқытудың бастапқы кезеңінде оқушылардың оқу мен ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру, қысқа, жеңіл, фабулалық мәтіндерді түсінуге шектеулі сөз (250-300), типтік грамматикалық құрылым төңірегінде сөйлей алу кіреді дейді ғалым.

Ғалым сөйлеу материалдарымен жұмысты үш кезеңге бөліп қарайды:

  1. Білік-дағдылықтарды қалыптастыру кезеңі.
  2. Білік-дағдылықтарды жетілдіру кезеңі.
  3. Өз біліктілігін қалыптастыру кезеңі.

Әрбір кезеңге тоқталатын болсақ, бірінші кезеңде сөйлеуді үйретіп, меңгерту ауызша жүргізіледі.

Бірінші кезеңдегі өтілетін жаттығулар мен микромәтіндердің мазмұны келесі кезеңдегі мәтін мазмұнынан алыс болмағаны жөн, тек жаңалықтық болу ұстанымына негізделуі керек.

Екінші кезең - сөйлеу білу дағдыларын жетілдіру жұмысы ерекше үлгідегі құрастырылған мәтінмен жұмыс істеу. Осы кезеңде сөйлеуді дамытуға арналған мәтіндер шартты түрде "сөйлеу" мәтіндері деп аталады.

Үшінші кезең - сөйлей білу шеберлігін дамыту кезеңінде сөйлеу материалдары мүлдем жаңа ситуацияларды пайдаланылады. Сөйлеу шеберлігін дамыту процестері сөйлеушінің өз бетінше жұмыстары арқылы, ешқандай тірексіз, алдын-ала дайындықсыз болады.

Деңгейлеп оқытуда мынадай негізігі ұстанымдарға сүйенеміз:

  1. Тілдік материалдарды өмір шындығындағы жағдайлардың негізінде ұйымдастырып сөйлеу жағдаятында қолдану.
  2. Грамматика мәтін мазмұнынан шығарылып түсіндірілуі.
  3. Контекст сөйлеу жағдаятында қоршаған ортадағы сөйлеуге қатысты топиктерден бастап ресми немесе бейресми жағдайларды күнделікті тіршілікті беруде қарастырылады. Мысалы, бастауыш деңгейде тілді үйренуші отбасы туралы баяндау контексін білсе, ең жоғары деңгейде контекст отбасы мүшелерінің мәселелерін, өмірге көз қарасын, жеткен жетістіктерін баяндауға қызмет етеді.
  4. Мәтін мазмұны тақырыппен лексиканы анықтайды. Мысалы, бастауыш деңгейде мазмұн өмірбаяндық жүйеде берілсе, қарапайым лексикада құрылса, ең жоғары деңгейде толық әңгімеге араласатындай, ойын еркін беретіндей дәрежеде қарастырылады.

Қорыта айтқанда, алдағы деңгейдегі қойылған мақсатты толығымен игерген кезде ғана келесі деңгейге көшеді. Деңгейлер арасындағы тақырып пен сөйлеу жағдаяты да, грамматика да мазмұнына және мағынасына қарай кеңейіп, күрделене түседі.

Осылайша деңгей мен деңгей арасындағы байланыс кеңейіп, өрістеп отырады. [6, б. 24]

Жаңа технологиялар ішінде деңгейлеп оқыту технологиясы маңызды орын алады. Әр пәнді деңгейлік бағдарламаны таңдау оқушының өзіне ұсынылады. Осылайша ортақ базалық білім минимумы қамтамасыз етілуімен қатар әр жеке тұлғаның шығармашылық дамуына де кеңістік ашылады.

Деңгейлеп оқыту идеясының авторы Н. П. Гузик сыныптағы оқушыларды да, соған сәйкес оқу бағдарламаларын да А, В, С - үш деңгейге бөлуді ұсынады.

«А» - бағдарламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде белгіленеді. Оларды орындай отырып оқушы пән бойынша қайталау деңгейінде нақты материалды меңгереді. Материалды алғаш меңгеру жұмыстарының бұл деңгейінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол материалдың сан рет қайталануын, мағыналық топтарды бөлу, негізгі ойды табу дағдысын, есте сақтау тәсілдерін білуді, т. с. с. талап етеді.

«В» - бағдарламасын орындамас бұрын «А» бағдарламасындағы тапсырмаларды әрбір оқушы орындауға міндетті. «В» - бағдарламасын қолдануға арналған тапсырмаларды орындау үшін қажет, ол оқушылардың оқу, ой-әрекетінің арнайы тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл бағдарламаға бірінші деңгейдегі материалды кеңейтетін, негізгі білімді дәлелдейтін, суреттейтін, нақтылайтын ұғымның қолданылуы мен жұмыс істеуін көрсететін қосымша мәліметтер енгізіледі. Бұл деңгей мәліметтер көлемін кеңейтіп, негізгі материалды терең түсінуге көмектеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
Шетел тілін деңгейлетіп оқыту
Ағылшын тілі сабағы. Оқыту әдістері
Жаңартылған білім жүйесінде ағылшын тілін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану
Тіл меңгеру деңгейлері
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Ағылшын тілін деңгейлеп оқыту
Ағылшын тілін деңгейлеп оқыту әдісі
Инновациялық технологиялармен оқыту
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz