Вагон-хоппердің құрылымын жетілдіру



Мазмұны

Кіріспе 3
1 Вагон.хоппер модельдерінің құрылыстарын талдау 5
1.1 11.715 цемент тасуға арналған мамандандырылған жабық вагон.хоппері моделі 6
1.2 55.321 жабық вагон.хоппері моделі 8
1.3 19—1217 цемент тасымалдау үшін арналған вагон.хоппері моделі 11
1.4 19.3018 вагон.хоппері моделі 14
1.5 19.4142 жабық вагон.хоппер моделі 16
1.6 19.969 хоппер .цементтасушы моделі 18
1.7 11.758 вагон.хоппері моделі 21
2 Вагон.хоппер құрылысын жетілдіру 29
3 Есептеу бөлімі 36
3.1 Вагонның негізгі сызықтық өлшемдерін және оларды габарит тізіміне кіргізу нәтижесі бойынша нақтылануын анықтау 36
3.2 Рельстік колея бойымен қозғалатын қос доңғалақтың орнықтылығын тексеру 40
3.3 Қос доңғалақ осін беріктікке есептеу 42
3.4 Тігінен түсірілген жүктемеден арбашықтың серіппе үсті арқалығын беріктікке есептеу 45
4 Еңбек қорғау 49
4.1 Қазақстан Республикасының еңбек Кодексінен үзінділер 49
4.2 Еңбек қорғау бойынша слесарға арналған нұсқаулық 50
4.3 Еңбек қорғау бойынша электрмен пісірушіге арналған нұсқаулық 54
5 Экономикалық бөлім 59
Қорытынды 61
Қолданылған әдебиттер тізімі 62
Кіріспе

ХХ ғасырдың 90 жылдарының басында біздің елімізде: әкімшілік тұрғыдан реттелетін экономикадан нарыққа өту, экономика субъектілерінің меншіктену түрлерін, аймақаралық байланыстарды реформалау және салааралық балансты, өнімді өндіруді және оны сату нарықтарын қайта құрылымдау сияқты түбегейлі құрылымдық өзгерістер болды. Бұлардың бәрі экономикалық дағдарыс кезеңінде жүзеге асқандықтан, Қазақстан Республикасы көлік кешенінің негізін құрайтын темір жол көлігінің жағдайына кері әсер тигізді және үлкен экономикалық, қорғаныстық, әлеуметтік және саяси әнге ие болды. Үшінші мыңжылдық қарсаңында теміржол көлігінің алдында шын мәніндегі техникалық және технологиялық құлдырау қаупі тұрды, мұның өзі саланы реформалау қажеттігін туындатты. Теміржол көлігін экономиканың қазіргі заманғы талаптарына бейімдеуге, оған нарықтық қатынастарды енгізуге, инвестиция тартуға және ондағы жеке кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жағдай жасайтын түбегейлі шаралар қажет болды.
Реформалаудың нақты міндеттерін негіздеу жұмысына «Қазақстан темір жолы ҰК» ЖАҚ-ы өзінің ішкі күштеріне қосымша Харрал Уиннер, Делойт энд Туш, Эрнст энд Янг, Корпорайт Солюшенс сияқты сыртқы кеңесшілерді және темір жолдың қазақстандық ҒЗИ-ын, Көлік және коммуникациялар ҒЗИ-ын, Экономтрансконсалтинг және басқа да отандық компанияларды тартты.
Бүгінгі күнде Қазақстан мемлекеттің көлік кешенінің негізін құрайтын жеткілікті дамыған темір жолдар желісіне ие. Осыған байланысты өндіріске озық техниканы және технологияларды құрастырып енгізу, жүкті жеткілікті түрде және уақытында жеткізу, жүктің сақталуын қамтамасыз ету, жылжымалы құрамның жаңарып отырылу үрдісін жоғарылату, жүкті арту және жүкті тиеу кезіндегі механизациялау деңгейін көтеру, қоршаған ортаға деген зиянды әсерін төмендету сияқты мақсаттар көзделуде.
Экономикалық байланыстарды көлікпен қамтамасыз етудің тиімділігі мен сапасының ең маңызды шарттары – ырғақтылық, реттілік, үздіксіздік, сенімділік, өндіру орнынан тұтынатын жерге дейін өнімді жоғары жылдамдықпен көрсетілген мерзімде және шығынсыз жеткізу, тауарды бүлдірмей және жоғалтпай ең аз шығынмен тасымалдау болып табылады.
Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде құрылыс жұмыстары аса қарқанды түрде өрбуде. Осыған байланысты құрылыс орындарына құрылыс материалдарын жедел және жеткілікті түрде жеткізу үшін көлік керек. Жаңа вагон-хоппер цементтасушы болғандықтан өзінің модернизацияланған техникалық көрсеткіштері арқылы бұл мақсаттарды жүзеге асыра алады.
Қазақстанда жалпы ұзындығы шамамен 15 мың километрді құрайтын тармақталған теміржол жүйесі бар. Оладың ішіндегі 6 мыңы екіжолды және 5 мыңға жуығы электендірілген. Басты жолдардың жазылған түрдегі ұзындығы - 18,8 мың км, ал стационды және арнайы жолдар ұзындығы – 6,7 мың км. Қазақстанда теміржол көлігінің маңызы өте жоғары.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1 Барбарич С.С., Цюренко В.Н. Грузовые вагоны /С.С. Барбарич, В.Н. Цюренко//железнодорожный транспорт.2006.№2 с.17-21. Третьяков Г.М., Гарюшинский И.В. Модернизация вагонов-хопперов /Г.М. Третьяков, И.В. Горюшинский//Железнодорожный транспорт.2003.№11. с. 53-55.
2 Вагонное хозяйство. / В.И. Устич, И.И. Хаба. – М.: Транспорт, 2002.
3 Вагоны: Учебник для вузов ж.-д. трансп. /Л. А.Шадур, И. И. Челноков, Л. Н. Никольский, Е. Н. Никольский, В. Н. Котуранов, П. Г. Проскурнев, Г. А. Казанский, А. Л. Спиваковский, В. Ф. Девятков; Под ред. Л. А. Шадура. – 3-е изд. перераб. и доп. – М. : Транспорт, 1980. - 439 с.
4 Герасимов В. С., Скиба И. Ф. и др. Технология вагоностроения и ремонта вагонов. – М. : Транспорт, 1988. – 381с.
5 Гридюшко В.И. и др. Экономика, организация и планирование вагонного хозяйства. Учебник для техникумов ж.д. транспорта. М., “Транспорт”, 1980 ., 279с.
6 Гридюшко В.И., Бугаев В.П., Криворучко Н.З. Вагонное хозяйство. Учебное пособие для вузов. М., “Транспорт”, 1988 ., 295с.
7 Жандәулет Т., Қыстаубай Ж. Теміржол терминдерінің орысша-қазақша сөздігі, Русско-казахский словарь железнодорожных терминов. Алматы: «Медиа Транспорт» ЖШС,2005. – 328 б.
8 Железнодорожный транспорт: Энциклопедия / Гл. ред. Н.С. Конарев. – М. : Большая Российская энциклопедия, 1994. – 559 с.
9 Интернет қоры:
– http:// scbist.com/ ;
– http://rwlib.narod.ru/index.htm ;
– http://www.soylem.kz/;
– http://vagcel.ru/archives/243;
– http://www.worklib.ru/laws/ussr/10008291.php.
10 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (15 мамыр 2007 жылы
№ 251).
11 Расчет вагонов на прчность. Вершинский С.В. и др. Изд. 2-е под ред Л.А.Шадура М, «Машиностроение», 1971, стр 432
12 Скиба И.Ф. Вагоны: (Учебник для техникумов ж.-д. трансп.) 303 c. ил. 27 см. 5-е изд., перераб. и доп. – М. Транспорт, 1979
13 Скляренко В.К., Прудников В.М. Экономика предприятия: Учебник. – М.: ИНФРА-М, 2008. – 528 с. – (100 лет РЭА им. Г.В. Плеханова)
14 Хакімжанов Т.Е. Еңбек қорғау. Жоғары оқу орындары үшін оқу құралы.-Алматы: «Эверо», 2008 – 240 бет.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1
Вагон-хоппер модельдерінің құрылыстарын талдау
5
1.1
11-715 цемент тасуға арналған мамандандырылған жабық вагон-хоппері моделі
6
1.2
55-321 жабық вагон-хоппері моделі
8
1.3
19 -- 1217 цемент тасымалдау үшін арналған вагон-хоппері моделі
11
1.4
19-3018 вагон-хоппері моделі
14
1.5
19-4142 жабық вагон-хоппер моделі
16
1.6
19-969 хоппер - цементтасушы моделі
18
1.7
11-758 вагон-хоппері моделі
21
2
Вагон-хоппер құрылысын жетілдіру
29
3
Есептеу бөлімі
36
3.1
Вагонның негізгі сызықтық өлшемдерін және оларды габарит тізіміне кіргізу нәтижесі бойынша нақтылануын анықтау
36
3.2
Рельстік колея бойымен қозғалатын қос доңғалақтың орнықтылығын тексеру
40
3.3
Қос доңғалақ осін беріктікке есептеу
42
3.4
Тігінен түсірілген жүктемеден арбашықтың серіппе үсті арқалығын беріктікке есептеу
45
4
Еңбек қорғау
49
4.1
Қазақстан Республикасының еңбек Кодексінен үзінділер
49
4.2
Еңбек қорғау бойынша слесарға арналған нұсқаулық
50
4.3
Еңбек қорғау бойынша электрмен пісірушіге арналған нұсқаулық
54
5
Экономикалық бөлім
59

Қорытынды
61

Қолданылған әдебиттер тізімі
62

Кіріспе

ХХ ғасырдың 90 жылдарының басында біздің елімізде: әкімшілік тұрғыдан реттелетін экономикадан нарыққа өту, экономика субъектілерінің меншіктену түрлерін, аймақаралық байланыстарды реформалау және салааралық балансты, өнімді өндіруді және оны сату нарықтарын қайта құрылымдау сияқты түбегейлі құрылымдық өзгерістер болды. Бұлардың бәрі экономикалық дағдарыс кезеңінде жүзеге асқандықтан, Қазақстан Республикасы көлік кешенінің негізін құрайтын темір жол көлігінің жағдайына кері әсер тигізді және үлкен экономикалық, қорғаныстық, әлеуметтік және саяси әнге ие болды. Үшінші мыңжылдық қарсаңында теміржол көлігінің алдында шын мәніндегі техникалық және технологиялық құлдырау қаупі тұрды, мұның өзі саланы реформалау қажеттігін туындатты. Теміржол көлігін экономиканың қазіргі заманғы талаптарына бейімдеуге, оған нарықтық қатынастарды енгізуге, инвестиция тартуға және ондағы жеке кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жағдай жасайтын түбегейлі шаралар қажет болды.
Реформалаудың нақты міндеттерін негіздеу жұмысына Қазақстан темір жолы ҰК ЖАҚ-ы өзінің ішкі күштеріне қосымша Харрал Уиннер, Делойт энд Туш, Эрнст энд Янг, Корпорайт Солюшенс сияқты сыртқы кеңесшілерді және темір жолдың қазақстандық ҒЗИ-ын, Көлік және коммуникациялар ҒЗИ-ын, Экономтрансконсалтинг және басқа да отандық компанияларды тартты.
Бүгінгі күнде Қазақстан мемлекеттің көлік кешенінің негізін құрайтын жеткілікті дамыған темір жолдар желісіне ие. Осыған байланысты өндіріске озық техниканы және технологияларды құрастырып енгізу, жүкті жеткілікті түрде және уақытында жеткізу, жүктің сақталуын қамтамасыз ету, жылжымалы құрамның жаңарып отырылу үрдісін жоғарылату, жүкті арту және жүкті тиеу кезіндегі механизациялау деңгейін көтеру, қоршаған ортаға деген зиянды әсерін төмендету сияқты мақсаттар көзделуде.
Экономикалық байланыстарды көлікпен қамтамасыз етудің тиімділігі мен сапасының ең маңызды шарттары - ырғақтылық, реттілік, үздіксіздік, сенімділік, өндіру орнынан тұтынатын жерге дейін өнімді жоғары жылдамдықпен көрсетілген мерзімде және шығынсыз жеткізу, тауарды бүлдірмей және жоғалтпай ең аз шығынмен тасымалдау болып табылады.
Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде құрылыс жұмыстары аса қарқанды түрде өрбуде. Осыған байланысты құрылыс орындарына құрылыс материалдарын жедел және жеткілікті түрде жеткізу үшін көлік керек. Жаңа вагон-хоппер цементтасушы болғандықтан өзінің модернизацияланған техникалық көрсеткіштері арқылы бұл мақсаттарды жүзеге асыра алады.
Қазақстанда жалпы ұзындығы шамамен 15 мың километрді құрайтын тармақталған теміржол жүйесі бар. Оладың ішіндегі 6 мыңы екіжолды және 5 мыңға жуығы электендірілген. Басты жолдардың жазылған түрдегі ұзындығы - 18,8 мың км, ал стационды және арнайы жолдар ұзындығы - 6,7 мың км. Қазақстанда теміржол көлігінің маңызы өте жоғары. Еліміздің жүкайналымының 68%-дан астамы және жолаушылар айналымының 57%-дан астамы теміржол көлігіне тиесілі. Теміржол саласында 125 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл Қазақстан халқының 1%-ға дерлік үлесін құрайды. Теміржол жүйесінің көп бөлігі Қазақстандық теміржолмен басқарылуда, ал қалған бөлігі - Оңтүстік-Орал теміржолдарының басқарылуында.

1 Вагон-хоппер модельдерінің құрылыстарын талдау

Қазіргі кезде өндірістің көлемін ұлғайту шартында цемент тасымалдау үшін арналған жылжымалы құрам жетіспеуде. Бір жағынан бұған себеп вагондардың қызмет мерзімдерінің шекке жетіп вагон паркінен алынып тасталуы болса, екінші жағынан жаңа хоппер-цементтасушылардың жасап шығарылып және өндіріске қойылуының жеткіліксіздігінде.
Осыдан басқа, қолданыстағы вагондар жүктасымалдаушылардың пайдалану сенімділігі мен техника-экономикалық көрсеткіштері жағынан толық түрде қанағаттандырмай отыр. Осыған байланысты бүгінгі күнде техникалық және пайдалану кезіндегі сипаттамалары жақсартылған жаңа цемент тасымалдау үшін арналған вагон-хопперді жасап шығару тапсырмасы ең бірінші орында тұр.
Қазіргі уақытта цементті тасымалдау үшін Крюков вагон жасау, Брянск машина жасау, Великолукс локомотив-вагон жөндеу және Рузхиммаш зауыттары жасап шығарған вагон-хопперлар пайдаланылу үстінде.
Цементтасушылардың сериялық өндірісі 1953 жылы Днепровагонмаш зауытында басталған болатын. Бұл зауытта ең алғашқы жүккөтерімділігі 60 т болатын 4-осьті цементтасушы құрастырылды.
1961 жылы Крюков зауытында 11-715 цемент тасымалдау үшін арналған хоппер моделі жасап шығарылды. Бұл цементтасушы ең алғашқы болып массалық өндіріске қойылған болатын. Ал 1986 жылы оның орнына сол зауыт жасап шығарған 19-758 вагон-хоппер моделі келді.
Бұл 2 модель Кеңес Одағы жылдарында вагон-цементтасушылар паркінің негізін құрады. Кеңес Одағының құлауынан кейін цементтасушыларды жасап шығару қуатының барлығы Украинада қалды.
Цемент үшін арналған хопперлар құрылысының жаңартылуы Великолукс зауытында болады деп шешілді. Онда 1993 жылдан 1997 жылға дейінгі уақытта 55-321 хоппер-вагон модельдері өндірілп отырды. Жалпы жиынтық шығарылымы тек 250 вагон ғана болды. Сол 1993 жылы Брянск зауытында 19-3054 хоппер-астықтасушы моделі базасында 19-3054-03 цементтасушы моделін шығару әрекеті қолданды.
Цемент үшін арналған хопперлардың құрылысының дамуының жаңа қуатты серпіні жақында ғана басталды. Цемент өндірісі көлемінің қарқынды өсуі мен жылжымалы құрамның жеткіліксіздігінен 2006 жылы Рузхиммаш зауытында өндіріске 19-1217 цементтасушы моделі қойылды.
2007 жылы Брянск зауытында 19-3018 моделін шығара бастады. 2008 жылы Днепровагонмаш зауытында 19-4142 және Стаханов вагон жасау зауытында 19-969 вагон-хоппер модельдерінің өндірісінің басталуы жоспарланды.

1.1 11-715 цемент тасуға арналған мамандандырылған жабық вагон-хоппері моделі

11-715 вагон-хоппер моделін (1.1-сурет) 1961 жылы Крюков вагон зауыты жасап шығарды. Сериялық өндіріске сол жылы қойылды. Бұл вагон-хоппер ең алғаш рет жаппай өндіріске қойылған цементтасушы ретінде есептеледі. 11-715 мамандандырылған жабық вагон-хоппер моделі цементті ұнтақ күйінде және жауын-шашыннан қорғауды талап ететін түйіршіктелген жүктерді тасымалдау үшін арналған.
Вагон шанағы - жабық, тұтас металды және бункер типті. Жүкті арту төбеде орналасқан дөңгелек жүк арту люктері арқылы жүзеге асады. Ал жүкті түсіру теміржол жолы осімен орналасқан арнайы қабылдау құрылғыларына астыңғы жүк түсіру люктері арқылы жүк түсіру механизмі арқылы жүзеге асырылады.
Вагон ауатаратқышы бар автотежегішпен, авторежиммен, тежеуіш иінтірек берілісі автореттеуішімен, тұрақ тежеуішпен және типтік сорып алу аппараты СА-3 автотіркеуішімен жабдықталған. Жүріс бөлігі домалау мойынтіректері бар 18-100 үлгідегі 2-осьті 1520 мм-ге тең болатын колея үшін арналған арбашықтан тұрады. Тежеуіш - автоматты пневматикалық, қолды аялдамалық.

1.1-сурет - 11-715 вагон-хоппер моделі

Бункер типті вагон рельс араларында орналасқан қабылдау құрылғылары бар жаппай тұтыну орындарына цементті тарасыз тасымалдау үшін қызмет етеді.
Цементтасушы шанағы дәнтасушы шанағынан тек қана өзінің өлшемдері мен бункерлер саны арқылы айрықшаланады. Цементтасушыда бункер саны 4-у болса, дәнтасушыда олар 6-у. Шанақтың шетжақ қабырғалары қаңқа жазықтығына 500 бұрышпен көлбеуленген, яғни, еңкейтілген.
11-715 үлгілі вагонның сызбасы 1.2-суретте, ал техникалық сипаттамасы 1.1-кестеде көрсетілген.

1.2-сурет - 11-715 цемент тасуға арналған мамандандырылған жабық вагон-хоппері моделінің сызбасы

1.1-кесте - Техникалық сипаттама

Жоба нөмірі
715У.00.00.000
Техникалық шарттар
ТШ 24-5-076-76
Жасап шығарушы
Крюков вагон зауыты
Жүк көтерімділігі, т
67
Вагон тарасының массасы, т
18,5
Жүктеме :
осьті статикалық, кН(тс)
қума , кНм (тсм)

209,0(21,37)
70.27 (7,17)
Конструкциялық жылдамдық, кмсағ
120
Габарит
1-Т
Бүйір қабырғаларының формасы
Тегіс қабырға
Төбе формасы
Трапециялық
Вагонның базасы, мм
7700
Ұзындық, мм:
автотіркеуіштердің ілінісу осьтері бойынша
қаңқаның шеткі арқалықтары бойынша

11920
10700
Максималды ені, мм
3278
Рельстің үстіңгі басының деңгейінен биіктігі, мм :
максималды
жүк түсіретін құрылғыға дейін

4180
315
1.1-кестенің соңы

Ұзындығы, мм:
үстіңгі орама бойынша
шанақ іші бойынша

8110
7910
Осьтер саны, дана
4
2-осьті арбашық моделі
18-100
Өту алаңының болуы
бар
Аялдама тежеуішінің болуы
бар
Өту алаңының қол тежеуішімен болуы
жоқ
Шанақ көлемі, м[3] :
55
Максималды ені, мм
төбе бойынша
тіреулер бойынша

3278
3240
Люктер саны, дана:
жүк артатын
жүк түсіретін

4
4
Люк өлшемдері, мм:
жүк артатын
жүк түсіретін

диаметрі 621
500х400
Шетжақ қабырғаларының көлбеу бұрышы , град.
50
Сериялық өндіріске қойылым жылы
1961
Сериялық өндірістен шығарылу жылы
-
Буферлерді орнату мүмкіндігі
жоқ
Қызмет мерзімі (жылы):
26

1.2 55-321 жабық вагон-хоппері моделі

55-321 жабық вагон-хоппері моделін (1.3-сурет) 1993 жылы Великолукс локомотив-вагон жөндеу зауыты жасап шығарып, сол жылы бұл вагон сериялық өндіріске қойылды. 55-321 вагон моделі негізінен 1993-1997 жылдар аралығында ғана жасалып шығарылып отырды. Одан кейін оның орнын басқа модельді цементтасушылар басты.
Бұл вагон цемент үйіндісін және құрылыс, түйіршектенген жүктердің бірқатарын тасымалдау үшін арналған. Вагон шанағы бункер типті, жиналмалы төбелі, жабық болып келді. Жүкті арту төбедегі дөңгелек жүк арту люктері арқылы жүзеге асады.
Вагон ауатаратқышы бар автотежегішпен, авторежиммен, тежегіш цилиндрдің штогының шығуының автореттеуішімен, тұрақ тежеуішпен және типтік сорып алу аппараты СА-3 автотіркеуішімен жабдықталған. Жүріс бөлігі домалау мойынтіректері бар 18-100 үлгідегі 2-осьті арбашықтан тұрады.
Вагонның көтеруші құрылымы негізінде болат 09Г2Д маркасынан жасалған, ал қабырға қаптамалары мен төбе қаңылтырлары болат 10ХНДП маркасынан жасалынады. Құйып жасалған бөлшектер үшін көміртекті болатты қолданады.

1.3-сурет - 55-321 жабық вагон-хоппері моделі

55-321 вагон-хоппер моделінің сызбасы 1.4-суретте, ал техникалық сипаттамасы 1.2-кестеде көрсетілген.

1.4-сурет - 55-321 жабық вагон-хоппері моделінің сызбасы
1.2-кесте - Техникалық сипаттама

Жоба нөмірі
321.00.000
Техникалық шарттар
ТШ 3182-001-09436259-93
Жасап шығарушы
Великолукс ЛРЗ
Жүк көтерімділігі, т
68
Вагон тарасының массасы, т
20,91
Жүктеме :
осьті статикалық, кН(тс)
қума , кНм (тсм)

218,3(22,25)
72,0(7,34)
Конструкциялық жылдамдық, кмсағ
120
Габарит
1-Т
Бүйір қабырғаларының формасы
Тегіс қабырға
Төбе формасы
Трапециялық
Вагонның базасы, мм
7800
Ұзындық, мм:
автотіркеуіштердің ілінісу осьтері бойынша
қаңқаның шеткі арқалықтары бойынша

12120
10900
Максималды ені, мм
3218
Рельстің үстіңгі басының деңгейінен биіктігі, мм :
максималды
жүк түсіретін құрылғыға дейін

4325
315
Ұзындығы, мм:
үстіңгі орама бойынша
шанақ іші бойынша

8300
8092
Осьтер саны, дана
4
2-осьті арбашық моделі
18-100
Өту алаңының болуы
бар
Аялдама тежеуішінің болуы
бар
Өту алаңының қол тежеуішімен болуы
жоқ
Шанақ көлемі, м[3] :
56
Максималды ені, мм
төбе бойынша
тіреулер бойынша

3192
3206
Люктер саны, дана:
жүк артатын
жүк түсіретін

4
4
Люк өлшемдері, мм:
жүк артатын
жүк түсіретін

диаметрі 620
500х400
Шетжақ қабырғаларының көлбеу бұрышы , град.
50
Сериялық өндіріске қойылым жылы
1993
1.2-кестенің соңы

Сериялық өндірістен шығарылу жылы
-
Буферлерді орнату мүмкіндігі
жоқ
Қызмет мерзімі (жылы):
26

1.3 19 -- 1217 цемент тасымалдау үшін арналған вагон-хоппері моделі

2006 жылдың басында ААҚ Рузхиммаш цемент тасымалдау үшiн арналған вагон-хопперінің 19-1217 моделін (1.5-сурет) өндiрiске енгізді. Шанақтың қазіргі заманғы дизайны, вагонның ұлғайтылған жүккөтерімділігі, 4 люктің бірыңғай жапқыш құрылғысы жүкжіберушілердің қызығушылығын танытты. 2009 жылдың басында ААҚ ПГК паркінде 2700-ге жуық осы модель вагондары болды. Бірақ ААҚ ПГК паркінде пайдаланудың басында-ақ шанақтың тым ластануынан нөмірлердің және басқа жазулардың оқылмауы туралы ескертпе сигналдар түсе бастады. Вагондардың тұрып қалуынан және тазалауға кететін шығындардан компания залалға ұшырай бастады.
Туындаған мәселеге басында зауыт-жасапшығарушы жүк жіберушілердің жағынан қызмет көрсету мәдениетінің жоқтығында деп жауап берді. Алайда ААҚ ПГК Нижгородтық филиалымен жүргізілген тексерісте бұл жорамалды құптамады. ААҚ ПГК мамандары Воскресенский цемент зауытында бірдей шартта жұмыс істейтін ЖАҚ Рузхиммаш пен басқа өндірушілердің жасап шығарған 60-тан астам цементтасушыларын қарап шықты. Ең алдымен, қызмет мерзіміне тәуелсіз 19-1217 үлгілі вагоны шанағының ластануы басқаларға қарағанда жоғары екендігі көзге түсті.

1.5-сурет - ААҚ Рузхиммаш зауыты жасап шығарған 19-1217 вагон-
хоппері моделі
Құрастырушылардың түпкі ойлары бойынша, барлық жұдырықшалар жапқыш құрылғының ұстағышының бұрылысымен төрт люктің қақпағына түсіріліп, оларды балдақтарға бір уақытта қысуы керек. Бірақ егер де қақпақтардың біреуі өз орнына жатпаса, онда тиісті түрде қалған қақпақтарда жабылмайды. Жүк арту люктері балдақтары іс жүзінде төбелердің үстінде жатады. Сондықтан да кішігірім ластанудан және люктердің біреуіне жабысуынан қатып қалған цемент қалған үш люктегі жапқыш құрылғысын істеп шығарады.
Қозғалыс үрдісінде қысып жабылмаған қақпақтар дірілдейді. Қорғауыш күнқағардың жоқ болуы себебінен цемент шаңы ауа ағынымен вагон төбесіне шығып шанақтың қабырғаларына сырғанап жабысады да, нөмірлер мен басқа белгілер көрінбейтіндей етіп ластайды. Сонымен қатар цементті арту кезінде ауа қапшықтары пайда болуы мүмкін.
Вагонның жол жүруі кезінде ауа қапшықтары пайда болуы мүмкін. Вагонның жол жүруі кезінде цемент нығыздалады да ауа жоғары қарай жұлқына шығып цемент шаңы көтереді. Содан кейін шаң жүк арту люктерінің саңылауларынан өтіп, вагон төбесімен қабырғаларында басылып қалады. Жүк арту санының өсуіне байланысты ластануда өседі.
Осыған байланысты люктер мен жапқыш құрылғыларының құрылысын түзетуде айқын қажеттілік туындады. ААҚ ПГК вагонжасаушылары бұл мәселені шешу үшін құрылысына сәйкесінше өзгертулер енгізді.
2010 жылдың қаңтар-ақпан айларында ААҚ Рузхиммаш-та пайдалану үстіндегі 4 цементтасушыға тәжірибелік жетілдіру жұмыстары жүргізілді. Олардың әрқайсысының құрылысына белгіленген өзгертулер жүргізілді, 2,4 және 6 айдан кейінгі тексерулерден кейін пайдалану шанақ құрылысындағы өзгерістер қатары вагонның ластанудан сақталуын қамтамасыз ететінін көрсетті.
19-1217 вагон-хоппері моделінің сызбасы 1.6-суретте, ал техникалық сипаттамасы 1.3-кестеде көрсетілген.

1.6-сурет - 19-1217 вагон-хоппер моделінің сызбасы

1.3-кесте - Техникалық сипаттама

Жоба нөмірі
1217У.00.00.000
Техникалық шарттар
ТШ 3182-108-00217403-2005
Жасап шығарушы
ААҚ Рузхиммаш
Жүк көтерімділігі, т
73
Вагон тарасының массасы, т
20,6
Жүктеме :
осьті статикалық, кН(тс)
қума , кНм (тсм)

230,1 (23,5)
76,57 (7,81)
Конструкциялық жылдамдық, кмсағ
120
Габарит
1-Т
Бүйір қабырғаларының формасы
Цилиндрлік
Төбе формасы
Цилиндрлік
Вагонның базасы, мм
7800
Ұзындық, мм:
автотіркеуіштердің ілінісу осьтері бойынша
қаңқаның шеткі арқалықтары бойынша

12020
10800
Максималды ені, мм
3268
Рельстің үстіңгі басының деңгейінен биіктігі, мм :
максималды
жүк түсіретін құрылғыға дейін

4376
300
Ұзындығы, мм:
үстіңгі орама бойынша
шанақ іші бойынша

8300
8154
Осьтер саны, дана
4
2-осьті арбашық моделі
18-100
Өту алаңының болуы
бар
Аялдама тежеуішінің болуы
бар
Шанақ көлемі, м[3] :
60
Люктер саны, дана:
жүк артатын
жүк түсіретін

4
4
Люк өлшемдері, мм:
жүк артатын
жүк түсіретін

диаметрі 620
500х400
Шетжақ қабырғаларының көлбеу бұрышы , град.
50
Сериялық өндіріске қойылым жылы
2006
Сериялық өндірістен шығарылу жылы
-
Буферлерді орнату мүмкіндігі
жоқ
Қызмет мерзімі (жылы):
26

1.4 19-3018 вагон-хоппері моделі

Ең бірінші 19-3018 үлгідегі цементтасушы вагон Брянск машина жасау зауытында 2007 жылы жасап шығарылды. Вагонның құрылысы гипс, ізбес, глинозем, күйінді, алебастр, кварцты құм, құрылыстық құм және т.б. материалдарды да тасуға мүмкіндік береді.
Брянск цементтасушысы басқа өндірушілердің вагондарынан өзінің жоғары жүккөтерімділігімен ерекшеленеді (0,5-1тоннаға). Құрастырушылардың шешімі бойынша жүккөтерімділік 73 тоннаны құрайды.
19-3018 вагоны - 19-3054 вагонының негізгі техникалық шешімдерінің қолдануымен жасалды. Бірақ ол айтарлықтай түпнұсқасынан ерекшеленді. Біріншіден 19-3018 вагонында 6-у емес 4 жүк түсіруші люгі бар. Екіншіден 19-3018 вагоны ортақ тежеуіш жүйесімен емес, қауіпсіздікті жоғарылату мақсатында бөлек тежеуіш жүйесімен жабдықталған және де жүк түсіру кезінде шанақ ішіндегі және артындағы ауа қысымын теңдестіріп отыратын вакуумды клапанымен жабдықталған. Бұдан басқа, 19-3018 вагонының базасы 19-3054 үлгісіне қарағанда 2 метрге кем және ол 7800 мм-ге тең. Қорытындылай келе 19-3018 үлгілі вагоны базалық түріне қарағанда шағын және жеңіл болып шықты.
Вагонды жүктеу үстіңгі жүк арту люктері арқылы іске асырылады, ал жүкті түсіру - өз ағысымен астыңғы жүк түсіру арқылы рельсаралық кеңістікке түсіріледі.
19-3018 вагон хоппері моделі (1.7-сурет) мөлшерлік жүк түсіруді қамтамасыз ететін қол жетекті жүк түсіру механизмімен жабдықталған. Жүкті түсіру рельсаралық кеңістікке жұп-жұбымен орналасқан 4 жүк түсіру люктері арқылы жүзеге асырылады. Әрбір жүк түсіру люктерінің жұптары жүк түсіру механизмінде өзіндік жетектермен жабдықталған.

1.7-сурет - 19-3018 вагон-хоппері моделі
Вагонның техникалық сипаттамасы 1.4-кестеде көрсетілген.

1.4-кесте - Техникалық сипаттама

Жоба нөмірі
3018У.00.00.000
Техникалық шарттар
ТШ 3182-108-00217403-2007
Жасап шығарушы
Брянск машина жасау зауыты
Жүк көтерімділігі, т
73
Вагон тарасының массасы, т
20,3
Жүктеме :
осьті статикалық, кН(тс)
қума , кНм (тсм)

230,5(23,5)
76,52 (7,77)
Конструкциялық жылдамдық, кмсағ
120
Габарит
1-ВМ
Бүйір қабырғаларының формасы
Тегіс қабырға
Төбе формасы
Трапециялық
Вагонның базасы, мм
7800
Ұзындық, мм:
автотіркеуіштердің ілінісу осьтері бойынша
қаңқаның шеткі арқалықтары бойынша

12020
10800
Максималды ені, мм
3240
Рельстің үстіңгі басының деңгейінен биіктігі, мм :
максималды

4410
Осьтер саны, дана
4
2-осьті арбашық моделі
18-100
Өту алаңының болуы
бар
Аялдама тежеуішінің болуы
бар
Шанақ көлемі, м[3] :
62
Люктер саны, дана:
жүк артатын
жүк түсіретін

4
4
Люк өлшемдері, мм:
жүк артатын
жүк түсіретін

диаметрі 620
750х475
Шетжақ қабырғаларының көлбеу бұрышы , град.
50
Сериялық өндіріске қойылым жылы
2007
Сериялық өндірістен шығарылу жылы
-
Буферлерді орнату мүмкіндігі
жоқ
Қызмет мерзімі (жылы):
26

1.5 19-4142 жабық вагон-хоппер моделі

19-4142 вагон-хоппер цементтасушысын (1.8-сурет) Днепровагонмаш құрастырушылары 2008 жылы жасап шығарды. Бұл вагон цемент тасымалдау үшін арналған.
19-4142 вагоны төбемен бірге біртұтас шанақты құрайтын жабық хопперлар түріне жатады. Бұның бір ерекшелігі, яғни төбенің шанақпен біртұтастығы жүкті төгу үрдісін жеңілдетеді және бұйымды технологиялығырақ етеді.
Құрылымдық ерекшеліктердің бірқатары пайдаланудың сипаттамаларын жақсартуға мүмкіндік береді:
oo бүйір қабырғаларында шанақтың төбелеріне жатық өткелі болады;
oo жүк пен шанақ қаңқасының арасында байланыс жоқ;
oo жүк түсіру ойығы және шанақ пен бункер қабырғаларының бұрыштары үлкейтілген. Бұлар тасымалданатын жүктің максималды төгілуін қамтамасыз етеді;
oo жүк түсіру ойығы және шанақ пен бункер қабырғаларының бұрыштары үлкейтілген. Бұлар тасымалданатын жүктің максималды төгілуін қамтамасыз етеді;
oo жүк арту және түсіру люктарын пломбалау тек 2 пломбамен жүзеге асады;
oo вагон атмосфералық қысымды және шанақ ішіндегі қысымды теңестіру үшін дефлекторлармен жабдықталған.

1.8-сурет - 19-4142 жабық вагон-хоппер моделі

19-4142 үлгілі жабық вагон-хоппер цементтасушысының сызбасы 1.9-суретте, ал вагонның техникалық сипаттамасы 1.5-кестеде көрсетілген.

1.9-сурет - 19-4142 үлгілі вагонның сызбасы

1.5-кесте - Техникалық сипаттама

Жоба нөмірі
4142.00.000
Техникалық шарттар
ТШ 35.2-05669819-028-2008
Жасап шығарушы
ОАО Днепровагонмаш
Жүк көтерімділігі, т
73
Вагон тарасының массасы, т
21
Жүктеме :
Осьті статикалық, кН(тс)
Қума , кНм (тсм)

230,1 (23,5)
76,57 (7,81)
Конструкциялық жылдамдық, кмсағ
120
Габарит
1-ВМ
Бүйір қабырғаларының формасы
Тегіс қабырға
Төбе формасы
Трапециялық
Вагонның базасы, мм
7800
Ұзындық, мм:
автотіркеуіштердің ілінісу осьтері бойынша
қаңқаның шеткі арқалықтары бойынша

12020
10800
Максималды ені, мм
3283
Рельстің үстіңгі басының деңгейінен биіктігі, мм :
максималды
жүк түсіретін құрылғыға дейін

4460
-
Осьтер саны, дана
4
2-осьті арбашық моделі
18-100
Өту алаңының болуы
бар
Шанақ көлемі, м[3]
61,5
1.5-кестенің соңы

Люктер саны, дана:
жүк артатын
жүк түсіретін

4
4
Люк өлшемдері, мм:
жүк артатын
жүк түсіретін

диаметрі 620
500х400
Шетжақ қабырғаларының көлбеу бұрышы , град.
-
Сериялық өндіріске қойылым жылы
2008
Сериялық өндірістен шығарылу жылы
-
Буферлерді орнату мүмкіндігі
жоқ
Қызмет мерзімі (жылы):
26

1.6 19-969 хоппер - цементтасушы моделі

АвтоКРАЗ холдингтік компанияға кіретін ОАО Стаханов вагон жасау зауыты 2008 жылы 19-969 вагон-хоппер моделі цементтасушысын (1.10-сурет) жасады. Сериялық өндіріске сол жылы енгізілді.
19-969 модификациясындағы хоппер цементтасушысы колея өлшемі 1520 мм болатын теміржол магистралі мен цемент және басқа түйіршіктелген, ұнтақ тәрізді құрылыс материалдарын тасымалдауға арналған. Хоппердің құрылысы тұтастай металды пісірілген бункерлі шанақтан, жүк түсіру люктерін жабу механизмінен, жүріс бөлігінен, тежеуіш, автотіркеуіш және басқа да жабдықтардан тұрады.
Бұл вагон бұрын шығарылған үлгілерден айырмашылығы шанақ көлемінің үлкендігінде. Осының арқасында цементтің барлық түрлерін жүктеуге мүмкіндік береді және де қосымша жүктеуді қажет етпейді.

1.10-сурет - 19-969 вагон-хоппер моделі
Шанақтың өлшемі мен беріктігі вагонды арбашықта оське 25 тоннаға дейін жүктемемен қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл вагонның бір ерекшелігі онда атмосфералық клапанның болуы. Ол жүк түсіру люктерінің ашылу жетегін тосқауылдайды және жүк түсіру кезінде қақпақ деформациясын болдырмай шанақ ішіндегі және сыртындағы қысымдарды теңестіруге мүмкіндік береді.
Қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылату мақсатында бұл цементтасушы қазіргі заманғы нарық талаптарына сай әр арбашық жеке тежеуіш жүйесімен жабдықталған.
Вагон төбесіне шығу үшін және вагон ішіне орташа люктік саңылау арқылы түсуі үшін вагондар ішкі және сыртқы сатылармен жабдықталған.
Вагонды жүктеу төбеде орналасқан типтік стационарлы жүк тиеу құрылғыларын қолданып жүкті тиеуді қамтамасыз ететін жүк арту люктері вагонның орталық бөлігінде орталықтандырылған пломбалауды қамтамасыз ететін тосқауылдандыру механизмі және қақпақпен жабдықталған. Жүк арту люктері қақпақтарында вагон ішіне ылғалдың түспеуі үшін сенімді тығыздалуды қамтамасыз ететін резеңке төсемдер бар.
Вагоннан жүк түсіру рельс арасындағы кеңістікке бункерлердің жүк түсіру люктері арқылы жүзеге асады. Жүк түсіру люктері қолды жүк түсіру механизмі көмегімен жұп бойынша ашылып-жабылатын қақпақтармен жабдықталған. Жүк түсіру люктерінің қақпақтарында резеңке нығыздауыштар бар. Олар бункер қылтасына тығыз отырғызылады және тасымалдау үрдісі кезінде жүктің төгілмеуін қамтамасыз етеді. 19-969 вагон-хоппер моделі цементтасушысының сызбасы 1.11-суретте, ал вагонның техникалық сипаттамасы 1.6-кестеде көрсетілген.

1.11-сурет - 19-969 вагон-хоппер моделінің сызбасы

1.6-кесте - Техникалық сипаттама

Жоба нөмірі
969.00.000-0
Техникалық шарттар
ТШ 35.2-00210890-019-2008
Жасап шығарушы
ААҚ Стаханов вагон жасау заводы
Жүк көтерімділігі, т
73
Вагон тарасының массасы, т
21
Жүктеме :
Осьті статикалық, кН(тс)
Қума , кНм (тсм)

230,5 (23,5)
76,72 (7,82)
Конструкциялық жылдамдық, кмсағ
120
Габарит
1-ВМ
Бүйір қабырғаларының формасы
Цилиндрлік
Төбе формасы
Цилиндрлік
Вагонның базасы, мм
7800
Ұзындық, мм:
автотіркеуіштердің ілінісу осьтері бойынша
қаңқаның шеткі арқалықтары бойынша

12020
10800
Максималды ені, мм
3255
Рельстің үстіңгі басының деңгейінен биіктігі, мм :
максималды
автотіркеуішке дейін

4420
1060
Ұзындығы, мм:
үстіңгі орама бойынша
шанақ іші бойынша

8300
8154
Осьтер саны, дана
4
2-осьті арбашық моделі
18-100
Өту алаңының болуы
бар
Шанақ көлемі, м[3] :
65
Люктер саны, дана:
Жүк артатын
жүк түсіретін

4
4
Люк өлшемдері, мм:
жүк артатын
жүк түсіретін

диаметрі 630
700х400
Шетжақ қабырғаларының көлбеу бұрышы , град.
55
Сериялық өндіріске қойылым жылы
2008
Сериялық өндірістен шығарылу жылы
-
Буферлерді орнату мүмкіндігі
жоқ
Қызмет мерзімі (жылы):
26
1.7 11-758 вагон-хоппері моделі

11-758 вагон-хоппер моделі (1.12-сурет) цементтасушысын 1986 жылы Крюков вагон зауыты жасап шығарды.Бұл 4 осьті вагон цементті ұнтақ түрінде және құрылыс пен түйіршектелген жүктердің бірқатарын тасымалдау үшін арналған. Вагон шанағы - жабық, тұтас металды және бункер типті. Жүкті арту төбеде орналасқан дөңгелек жүк арту люктері арқылы жүзеге асады. Ал жүкті түсіру теміржол жолы осімен орналасқан арнайы қабылдау құрылғыларына астыңғы жүк түсіру люктері арқылы жүк түсіру механизмі арқылы жүзеге асырылады.
Вагон ауатаратқышы бар автотежегішпен, авторежиммен, тежеуіш иінтірек берілісі автореттеуішімен, тұрақ тежеуішпен және типтік сорып алу аппараты СА-3 автотіркеуішімен жабдықталған. Жүріс бөлігі домалау мойынтіректері бар 18-100 (ГОСТ 9246-79) үлгідегі 2-осьті 1520 мм-ге тең болатын колея үшін арналған арбашықтан тұрады. Тежеуіш - автоматты пневматикалық, қолды аялдамалық.
Вагонның көтеруші құрылымы негізінде болат 09Г2Д маркасынан жасалған, ал қабырға қаптамалары мен төбе қаңылтырлары болат 10ХНДП маркасынан жасалынады. Құйып жасалған бөлшектер үшін көміртекті болатты қолданады. Сонымен бірге ванадимен легирленген болатты да қолданады.

1.12-сурет - 11-758 вагон-хоппері моделі

Вагон шанағы 2 бүйір, 2 маңдайша қабырғалармен, бункерлер мен төбемен жасалған тұтастай пісірілген құрылыстан тұрады. Бүйір қабырғада үстіңгі белдеуде 100х63х8 мм болатын бұрыштама бар және тік бағандар, қаптама қаңылтырлары бар. Шквореньдік бағандар тіке пісірілген тұйықталған қорапты түзетін №10 екі швеллерден жасалынады. Ал аралық бағандар №10 двутаврдан жасалынады.
Көлемді үлкейту үшін және бүйір қабырғаның қаттылығын жоғарылату үшін қаптама қаңылтырлары астау түрінде жасалынған. Жүк түсіруді жақсарту үшін астау тәрізді қаптаманың төменгі шабы көлденеңге 70 градус бұрышпен орындалған. Ал қалған шаптар болса олар 45 градус бұрышпен орындалған.
Қаптама қаңылтырлары 02Г2 төмен легирленген болат маркасынан жасалған. Бүйір қабырғалардың қаңылтырларының қалыңдығы 3 мм болса, маңдайша қабырғалардың қаңылтырларының қалыңдығы 4 мм-ге тең. Шанақтың шеткі бөліктерінде беріктік пен қалыңдықты арттыру үшін вагонның маңдайша қабырғасы №10 двутаврдан жасалған 3 бағанмен күшейтілген.
Вагонның шеткі қабырғаларында төбеге шығуға арналған сатылар орналасқан. Төбе вагон шанағымен маңдайша қабырғалардың үстіңгі белдеуіне пісірілген қаңылтырлармен қосылады. Төбенің қаттылығын маңдайша қабырғалардың жоғарғы белдеулеріне пісірілген фрамугалар қамтамасыз етеді.
Вагон шанағы жоталы арқалықтан, 125х80х10 мм болатын бұрыштамадан жасалған 2 бүйір арқалықтарынан, 2 шквореньдік, бір орталық және 2 шеткі арқалықтардан тұрады.
Жоталы арқалық №31 екі зеттік төмен легирленген болат профилінен жасап шығарылған. Қорапты қималы шквореньдік арқалық кедергіге тең брус түрінде жасалған. Шеткі арқалық қалыңдығы 4 мм болатын қаңылтырдан штампталған және ағылатын формасы бар. Жоталы арқалықтың шеткі бөліктерінде кронштейн-розеткалар орнатылған, ал астыңғы қаңылтырда - құйып жасалған сырғанақтар орнатылған.Жоталы арқалықты күшейту үшін және жүктің кенеттен тұрып қалуын болдырмау үшін шанақ ішінде орналасқан арқалықтың бір бөлігінің үстіне сырғанақ орнатылған.
Вагон төбесі 9 көлденең доғадан және қалыңдығы 2 мм болатын қаптама қаңылтырларынан тұратын қатты қаңқа түрінде орындалған.
Қызмет көрсетуші құрамын төбеде сырғанаудан сақтандыру үшін және төбенің қаттылығын жоғарылату үшін қаптама қаңылтырлары бойлық гофралармен қамтылған. Қаңылтырлар доғаларға пісіріледі. Сонымен бірге бір-біріне айқастырыла және жапсар ретінде пісіріледі. Пісіру жіктері су өткізбейтін болуы керек.Төбеде жоғары қарай жиекпен бортталған дөңгелек саңылау түрінде 4 жүк арту люктері орналасқан. Бұларға қақпақ кигізіледі.
Люктер шанақты бірқалыпты жүктеу мүмкіндігін есепке ала отырып және қажет кезде вагон ішіне түсу ыңғайлылығына қарай орналастырылған. Төбеге көтеру үшін тұтқалар бар. Тиектеулі механизм қақпақтың сфералық бетінің тиекк шамамен 40кГ күшпен тығыз орналасуын қамтамасыз етеді
Қақпақтың жабық тұрған жағдайында құлыптаулы иінтіректің иілісі 30 мм-ді құрайды. Құлыпталу үшін керек иінтіректің қосымша иілісі 12 мм-ге тең болу керек. Люк қақпағын жабу үшін серіппелі иінтіректің шетін 42 мм иілуге дейін басып, құлыптың тіреуіне кіргізу керек.
Жүк түсіру құрылғылары. Бункерлер (1.13-сурет) вагон шанағының төменгі бөлігін құрайды. Әр бункер жоталы арқалық арқылы 2 жартылай бункерге бөлінген (1.14-сурет).
Бункер қабырғалары қалыңдығы 5 мм болатын қаңылтырлардан жасалған олар бір-бірімен штампталған бұрыштамалармен қосылған. Штампталған бұрыштамалардың прокатты бұрыштамалардан айырмашылығы дөңгелектену радиусының үлкендігінде. Бұл вагонның жүк түсіруіне жақсы жағдай туғызады. Бункердің ішкі көлденең қабырғалары қаңқаның орташа арқалықтарының тігінен тұрған қаңылтырлармен қосылған. Сыртқы көлденең қабырғалар шанақтың шетжақ қабырғаларына қосылған және олардың жалғасы болып табылады. Бункерлердің ішкі көлденең қабырғалары шанақтың бүйір қабырғаларына пісірілген, ал бункерлердің ішкі бүйір қабырғалары жоталы арқалықпен қосылған. Бункердің түбінде қақпақпен жабылатын жүкті түсіруге арналған саңылау бар.

1.13-сурет - Бункерлердің орналасу сұлбасы

1.14-сурет - Жартылай бункер сұлбасы

Люк қақпағы бункердегі топсаларда ілініп қойылған. Қақпақтардың ашылуы мен жабылуы арнайы жүк түсіру механизмі арқылы іске асырылады.
Жүк түсіру механизмі. 1964 жылға дейін жасап шығарылған жүк көтерімділігі 64 т болатын вагондардың жүк түсіру механизмі келесідей болған (1.15-сурет).
Әрбір жартылай бункердің астыңғы бөлігі бункердің контуры бойынша пісірілген құйып жасалған болатты корпусты 1 болатын жүк түсіру люгімен жабдықталған.Корпустың ойығы бар. Онда көлденең қалқалағыш 2 орын ауыстырады(сұқпажапқыш). Сұқпажапқыштың орын ауыстыруы оның төменгі бөлігінде тісті сырықтармен ілініскен екі тістегерішімен 8 біліктің 4 айналуы арқасында жүзеге асады.

а - сұқпажапқыштың орын ауыстыру механимі; б - бекіту механизмі; 1 - жүк түсіру люгінің корпусы; 2 - жүк түсіру люгінің сұқпажапқышы; 3 - жұдырықша; 4 - сұқпажапқыштың білігі; 5 - сұқпажапқыштың жетекті бастиегі; 6 - төлке; 7 - тіреуіш руба; 8 - сұқпажапқыш жетегінің тістегершігі; 9 - сектор; 10 - білікше; 11 - тіреу

1.15-сурет - Жүккөтерімділігі 64 т болатын вагонның жүк түсіру механизмі

Біліктің айналуы оның сыртқы шеттеріне ломға арналған саңылаулары бар болатты жетекті бастиекті 5 басып отырғызу арқылы жүзеге асады. Соңғысы арқылы сұқпажапқышта айтарлықтай күшею орын алады. Бұның әсерінен жүктелген вагонның люгін ашуға мүмкіндік береді және де вагонды толық емес жүк түсіру кезінде цемент сорғалауын кесіп тастауға болады.
Сұқпажапқышты ашық жағдайында орнықтыру үшін люктер араларында арнайы бағыттауыш бұрыштамалар орнатылған.
Сұқпажапқыштың механикаландырылған орын ауыстыруын қолдану үшін бастиектерде шетжақ квадратты қуыстар жасалған. Оларға механикалық немесе пневматикалық жетекті кілті қойыла алады.
Бункерлердің сыртқы бүйір қабырғаларында С-413 типті дірілдеткіші үшін арнайы қапсырмалар орнатылған. Олардың көмегімен вагонның толық жүк түсірілу кезінде шанақ цемент қалдықтарынан тазарады. Дірілдеткіштер вагонның екі жағына диагональ бойынша орнатылады және жылдам қысқа итермелер арқылы қосылады.
Люктердің жүк түсіру механизмдері сұқпажапқыштардың жатық және жеңіл орын ауыстыруларын қамтамасыз етуі керек.
Жүк түсіру бункерлерінің сұқпажапқыштардың жабық жағдайы кезінде жүк төгілетін саңылаулар мен тығыземестіктердің өлшемдері, яғни, корпустың бағыттаушы жоғарғы жазықтығы мен сұқпажапқыштардың төменгі жазықтығының арасы 0,5 мм-ден көп болмауы керек. Сонымен бірге жергілікті саңылаулар 50 мм ұзындықта 1 мм-ден көп болмауы тиіс. Сұқпажапқыш тығыз жабық тұрған кезде тұғыр корпусы мен саусақшаның арасында 5-15 мм шегінде болатын еркін түсірілген сектордың 9 саңылауы болуы керек. Бұл сектор 9 мен жұдырықша 3 жанасу жазықтықтарының тозу шамасына байланысты сұқпажапқышты пайдалану барысында тығыз жабылуын қамтамасыз етеді
1964 жылдан кейін сериялық құрылыстағы вагондардың жүк түсіру механизмдері бұрын шығарылғандардан қарағанда едәуір айырмашылығы бар. Берілген механизм (1.16-сурет) бір бункердің қақпақтарын жұп бойынша ашып-жабуға мүмкіндік береді және де қажет жағдайда вагоннан жүктің төгілуін мөлшерлеуді немесе жүк түсіруді кез келген уақытта тоқтатуды қамтамасыз етеді.

1.16-сурет - Жүккөтерімділігі 72 т болатын 11-758 вагон-хоппері моделінің жүк түсіру механизмі

Қақпақтардың ашылу мен жабылуы штурвалға 1 бұрандалы жетектің айналуы арқасында жүзеге асады. Штурвалдың айналу бағыты вагон шанағында тілшелер мен жазулар арқылы белгіленген. Бұл механизм қызмет көрсету және жағынан өте қарапайым.
Вагон шанағына кронштейндер 2 арқылы ілінетін бұрандалы жетек реттелетін тартқыш арқылы бұрандалы жетекті бункердің люк қақпақтарының тірегімен қосатын еденді білігі 8 бар иінтірекпен 9 байланысқан.
Бункерлердің қақпақтары жабық кезінде еденді біліктің иінтірегі қалыңдығы орынға байланысты таңдалынатын бункердегі арнайы төсемге келіп тіреледі. Қақпақ тіреулері осы жағдайда жүйенің өлі нүктесінің артында 20-25 мм (1.17-сурет, а) қашықтықта орналасады. А және Б топсалары арқылы өтетін осьтан а өткелінің өлшеуі жүргізіледі.
Резеңке төсемдерінің 6 деформациясы есебінен түбінің төменгі жиегі мен қақпақтың арасындағы керіліс 2-3 мм шектері шамасында болуы керек. Керіліс күші жалғастырғышпен 5 реттеледі. Қақпақ периметрі бойынша түптің жиегі мен төсемнің арасында саңылау болмауы керек.Ашудың басында және жабудың соңында штурвалға берілетін күш 4-6 айналым шектері шамасында болу керек. Штурвал тоқтап қалусыз жеңіл айналу керек. Ось біліктерінің үйкелетін бөліктерін солидолмен жағады.
Бұрамалы жетек өздігінен тежелетін бұрандасы бар. Бұның арқасында люк қақпақтарының өздігінен ашылып кетпеуін сақтандырады.

1 - резеңке төсемге арналған төсем; 2 - топса; 3 - қабырға; 4 - қақпақ; 5 - төсем

1.17-сурет - Люк қақпағы

Люктердің қақпақтары (1.17-сурет) қалыңдығы 6 мм болатын болат қаңылтырлардан штампталады. Қызуға шыдамды резеңкеден жасалған тығыздағыш төсемдерді орналастыру үшін оларда лабиринтті ойықтар бар. Қақпақ бункерге екі топсаға 2 ілінеді.
11-758 жабық вагон-хоппері моделінің сызбасы 1.18-суретте, ал техникалық сипаттамасы 1.7-кестеде көрсетілген.

1.18-сурет - 11-758 вагон-хоппері моделінің сызбасы

1.7-кесте - Техникалық сипаттама

Жоба нөмірі
758У.00.000
Техникалық шарттар
ТШ 24-05 543 85

Жасап шығарушы
Крюков вагон зауыты
Жүк көтерімділігі, т
72
Вагон тарасының массасы, т
19,5
Жүктеме :
осьті статикалық, кН(тс)
қума , кНм (тсм)

228,3 (23,25)
75,23 (7,67)
Конструкциялық жылдамдық, кмсағ
120
Габарит
1-Т
Бүйір қабырғаларының формасы
Тегіс қабырға
Төбе формасы
Трапециялық
Вагонның базасы, мм
7700
Ұзындық, мм:
автотіркеуіштердің ілінісу осьтері бойынша
қаңқаның шеткі арқалықтары бойынша

11920
10700
Максималды ені, мм
3278
Рельстің үстіңгі басының деңгейінен биіктігі, мм :
максималды
жүк түсіретін құрылғыға дейін

4405
315
1.7-кестенің соңы

Ұзындығы, мм:
үстіңгі орама бойынша
шанақ іші бойынша

8110
7910
Осьтер саны, дана
4
2-осьті арбашық моделі
18-100
Өту алаңының болуы
бар
Аялдама тежеуішінің болуы
бар
Өту алаңының қол тежеуішімен болуы
жоқ
Шанақ көлемі, м[3] :
60
Максималды ені, мм
төбе бойынша
тіреулер бойынша

3278
3240
Люктер саны, дана:
жүк артатын
жүк түсіретін

4
4
Люк өлшемдері, мм:
жүк артатын
жүк түсіретін

диаметрі 621
500х400
Шетжақ қабырғаларының көлбеу бұрышы , град.
50
Сериялық өндіріске қойылым жылы
1986
Сериялық өндірістен шығарылу жылы
-
Буферлерді орнату мүмкіндігі
жоқ
Қызмет мерзімі (жылы):
26

2 Вагон-хоппер құрылысын жетілдіру

Соңғы 30 жыл ішіндегі пайдалану тәжiрибесі цемент үшiн арналған вагон-хоппер конструкциясының әлсiз жерлерін айқындауға мүмкiндiк бердi. 11-715 және 19-758 хоппер-цементтасушылар модельдеріне өткізілген техникалық күй диагностикасы көрсеткендей, бүгінгі күнге дейін жаппай үлгідегі бұл екі вагон түрлеріне бірқатар ақаулықтар мен қолдану кезiндегi бұзылулар тән.
Олар конструкцияның кемшiлiктерi және пайдалану ережелерінің бұзылуы мен жүктi тиеу-түсiру жұмыстарының өткiзілу әсерi болып табылады.
Ең алдымен мұндай ақаулықтарға (1.19-сурет) жататындары:
oo вагон төбесінің орнықтылығын жоғалтуы (а) - жүк түсiру кезінде вакуумның орнауы (жүктеу қақпақтарының жабық және жiберу клапанының жоқ жағдайында);
oo жүктiң жабысуы және төбе қаңылтырының деформациясы (б) - тазарту;
oo шанақтың iшкi беттерiне жүктiң жабысуы (в) - төбенiң тығыз бекiтiлуінің бұзылуы;
oo түсiру механизмдерінің тетiктеріне жүктiң жабысуы (г );
oo бүйiр қабырға мен бункердің қосылу түйiндерiндегi жарықтар(д );
oo сырғанаққа дәнекерлеудiң аймағындағы кесiк (торцевая) қабырға қаптамасының жарықтары(е);
oo қаптаманың деформациялары(ж) - қабырғаға жабысып қалған цементті толықтай түсiру үшiн ломдар мен балғаларды қолдану;
oo дұрыс дәнекерленбеген жерлер мен бункерлердің дәнекерлеу жiктерiнiң жарықтары(з).
Қалған дефекттер басқа вагон-хоппер түрлеріне де тән. Бұлар: пiсiру жiктерiнiң және негізгі металл қаңылтырлары қаптамасының жарықтары, тіреуіш пен қаңқа арқалықтарының сынуы мен деформациясы, шкворень түйiнiндегi жарықтар.
Сәйкесiнше 55 және 60 м3-ді құрайтын 11-715 және 19-758-шi үлгiдегі вагондардың негiзгi техникалық сипаттамаларын салыстыруында олардың жеткiлiксiз көлемді екенін атап өту керек. Цементті тиеу және түсіру пункттерін зерттеу нәтижелері көрсеткендей, 19-758 вагон-хоппердің 60 м3-ті құрайтын шанағының көлемі көп жағдайда 72 т тең болатын толық жүккөтерімділігін таңдауға жеткіліксіз. Көбінесе вагондар 2-ден 5 т-ға дейін жүктелмеген болып келеді.
Сондай-ақ цементтасушы шанағын тиеу деңгейі тиеу жұмысы технологиясына едәуір тәуелді. Жүк жiберушiлердiң көпшiлiгiнде жүктеушi люктердiң астындағы жүктiң конусын тегiстеу мүмкiндiктері тіпті жоқ. Ал бұлардың яғни, жүктеушi люктердiң астындағы жүктiң конусының пайда болуына цементтiң табиғи қиябет бұрышы 35 градус болуы себеп.

1.19-сурет - Цемент тасымалдау үшін арналған вагон-хопперлардың негізгі сипаттамалық бұзылулары

Шанақта бұл себептен 9 м3 көлемінде жүктің айтарлықтай толық тиелмеуі пайда болады. Бұдан басқа, күштi қопсытылған күйінде цемент тығыздығының 1,1 тм3-ке азаюы (себілген күйінде тығыздығы 1,3 тм3) , толық жүк көтерімділігін таңдауға кедергi келтiреді.
Жаңа вагонның жалпы көрінісі 1.20-суретте көрсетілген.

1.20-сурет - Жаңа цемент тасу үшін арналған вагон-хоппердің жалпы көрінісі

Бұл жобаны әзірлеудегі басты шарттардың бірі - хоппер құрылысының технологиялылығы болып табылады. Ашығырақ айта кететін болсақ түп негізінде металл прокаты номенклатурасы мен вагонды жинау үшін жабдық санының минималды қолданылуы жатыр. Бұл өз кезегінде вагонды өндіріске қысқа мерзімде қойылуын қамтамасыз етеді. Сондықтан оның шанағы тік бүйір қабырғалардан, ал арқалық элементтері вагон жасауда кеңінен қолданылатын ыстық сырғанатылған немесе иілген профильдерден жасалады(1.21-сурет).
Менің жобамда қол жеткізген құрастырулық шешімдердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ет өнімдерін қайта өңдеу машиналары мен аппараттары
Магиялық реализм
Целинный темір жолдары
Көліктегі сервистік қызметті жетілдіру
Қазақстан Республикасы темір жол көлігнің экономикалық жағдайын бағалау
Теміржол көлігі Қазақстанның экономикасының рөлі
Қазақстандағы темір жолдар
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері
Халықаралық экономикалық байланыстарда көліктік қызмет көрсетудегі баға
Шу-Отар телімінде ОРЦ мен XML құжаттарымен құжат алмасуы
Пәндер