Илемдеу станы (Прокатный стан)


Кіріспе
Білікшелі жабдықтың негізгі технологиялық параметрлері мен жұмыс режимін зерттеу және есептеу үшін илемдеу жабдығымен танысу керек. Илемдеу станы - бірнеше жабдықтар комплексі, оның ішінде айналып жатқан білікшелердің арасында металлдың пластикалық деформациясы жүреді. Кең мағынада айтқанда - тек қана илемдеу жұмысын ғана емес, сонымен қатар көмекші операциялар атқаратын машина жүйесі.
- дайындаманы қоймадан қыздырғыш пешке және стан біліктеріне тасымалдау;
- илемделіп жатқан материалды бір калибрден екншісіне беру;
- кантовка;
- илемдеуден кейінгі металды тасымалдау;
- бөлшектеп кесу;
- маркерлеу немесе клеймдеу;
- жөндеу;
- қаптау;
- дайын өнім қоймасына жіберу.
Алғышқы илемдеу станын (ағаш білікшелерімен) Леонардо да Винчи жасап шығарған деп есептеледі. Алғашқы илемдеу станы темір сызығы және ұсақ сұрыпты өнеркәсібіне XVIII ғасырда жасалған. Олар су доңғалақтарының айналу көмегімен айналып жасалатын болған. Теміржол көлігінің дамуына байланысты илемдеу өнімдеріне деген сұраныс арта бастады. Алғашқы рельстер шойыннан жасалатын болған, бірақ XIX ғасыр басында Англияда темір рельстерін өндіруге көшкен. 1828 жылы алғашқы илемдеу станы рельстерді пудлингтік темірінен жасау пайда болды, ал 1825 жылдан бастап рельсті бессемеровтік болаттан жасауға көшті. Рельстер илемдеу өндірісінің басты өнімі болды. Рельстен басқа пойыздың басқа да бөлшектерін бөлшектерін жасау керек болды, темір сауыт флотты дамытуға да керек болды, солай ағаштан жасалған кемелер ақырындап метал сауытқа алмастырыла бастады. Алғашқы сауыт илемдеу станын 1859 жылы орыс механигі В. С. Пятов жасап шығарған. Осыған дейін сауытты жұқа беттерді бір бірімен жабыстыру арқылы алатын болған. Бұл стандардың барлығы өте қарапайым болған: станок білікшелері су доңғалағының көмегімен аййналдырылатын болған, ал кейінрек бу машинасы арқылы. Ыстық металды станға дейін және станнан тасымалдау қолмен жасалатын болған. Ескі Уральск зауытының музейлерінің бірінде бір сурет сақталған: ыстық темір төсеменің үстімен ілгіштердің көмегімен жұмысшылар бригадасы ыстық қызыл шоқ темірді станға қарай апара жатыр. Илемдеушінің еңбегі зауытта ең ауыр болып есептелген.
Илемдеу станының қондырғылары және классификациясы.
Қондырғыны анықтайтын басты белгісі - оның өнімнің сұрыптамасына немесе орындалатын технологиялық үрдіске байланысты анықталады.
Стандар өнім Сұрыптамасына байланысты бөлінеді:
- дайындамалы, соның ішінде слям және блюм илемдейтін стандар;
- беттік және сызықтық;
- сұрыптық, соның ішінде балкалық және сымдық;
- құбырилемдік;
- бөлектік илемдеу (бандаждар, доңғалақтар, осьтер және т. б. )
Техникалық үрдіс бойынша келесі топқа бөлінеді:
- құйма-илемдеу (агрегаттар) ;
- қысқашты (слиткаларды қысу үшін), сонң ішінде слямингтер мен блюмингтер;
- реверсивті бірклетьтік;
- тандмдер;
- көпклетьтік;
- үздіксіз;
- суық илемді.
Зерттеу тәжірибесінің өткен орны
Мен зерттеу тәжірибе жұмысын ПФ ЖШС «Кастинг» заутында өттім. ҰСО-300 станынды сұрыптық арматура илемдеп жатқанын көрдім және жұмыс барысына қатыстым. Білікшелі жабдықтың құрылымымен таныстым.
Компания туралы . 1994 жылы негізі салынған «Кастинг» ЖШС-нің қазір құрамына үш металлургиялық өндіріс қосылған. Бұл Павлодардағы - Болатқұйғыш зауыт, сондай-ақ Алматы қаласында орналасқан Мыс балқыту зауыты мен түсті металдар өңдеу Зауыты.
Қайталама шикізаттарды кешенді қайта өңдеудің бірегей технологияларын игеріп, жеке әзірлемелер мен ноу-хауды пайдалана отырып, біз қара және түсті металлдардан жасалған өнімнің кең түрлерін шығарамыз: болат дайындаулар, ұсақтаушы шарлар мен өзекшелер, арматуралық құйма, катодты мыс пен мыс бұйымдар, қола, латунь, алюминий және қорғасын балқымаларды. 2011 жылдың қорытындысы бойынша біздің компанияның өндірісінің жалпы көлемі 345 мың тоннадан асты.
Өнімнің кең номенклатурасы, жоғары сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі «Кастинг» ЖШС-ға халықаралық нарықтарды сәтті игеруге мүмкіндік береді. Бүгін біздің өнім - өте қажетті, Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Иранға, Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Жапонияға, Англияға, Шотландияға, Германияға және АҚШ-қа жеткізіледі.
«Кастинг» ЖШС-ның басты қызметінің бірі Қазақстан нарығын жоғары қосымша құны бар отандық өндірістегі сапалы тауарлармен қанықтыру деп санайды. Қазіргі кезде біз шығаратын арматуралық құйма мен ұсақталған болат өнімінің бүкіл көлемі Қазақстан нарығында өткізіледі.
«Кастинг» бренді бар ұсақтаушы шарлар мен өзекшелер энергетикалық, тау-кен қазу және тау байыту кәсіпорындарының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Бұл өнімнің тұтынушыларының қатарына «Қазақмыс» Корпорациясы, ENRC, «Варваринское», «Қазмырыш», «Майкаинзолото», «Алтыналмас» АК, «КумторОперейтинг Компани» (Қырғызстан) секілді және басқалар кіреді. «Кастинг» бренді бар ұсақтаушы шарлар мен өзекшелер энергетикалық, тау-кен қазу және тау байыту кәсіпорындарының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Бұл өнімнің тұтынушыларының қатарына «Қазақмыс» Корпорациясы, ENRC, «Варваринское», «Қазмырыш», «Майкаинзолото», «Алтыналмас» АК, «КумторОперейтинг Компани» (Қырғызстан) секілді және басқалар кіреді. «Кастинг» бренді бар ұсақтаушы шарлар мен өзекшелер энергетикалық, тау-кен қазу және тау байыту кәсіпорындарының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Бұл өнімнің тұтынушыларының қатарына «Қазақмыс» Корпорациясы, ENRC, «Варваринское», «Қазмырыш», «Майкаинзолото», «Алтыналмас» АК, «КумторОперейтинг Компани» (Қырғызстан) секілді және басқалар кіреді. «Кастинг» бренді бар ұсақтаушы шарлар мен өзекшелер энергетикалық, тау-кен қазу және тау байыту кәсіпорындарының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Бұл өнімнің тұтынушыларының қатарына «Қазақмыс» Корпорациясы, ENRC, «Варваринское», «Қазмырыш», «Майкаинзолото», «Алтыналмас» АК, «КумторОперейтинг Компани» (Қырғызстан) секілді және басқалар кіреді.
«Кастинг» ЖШС «Самрұқ-Қазына» жылжымайтын мүлік Қорымен жемісті әріптесе отырып, үкіметтік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына белсенді қатысады. Еуропалық стандарттар бойынша өндірілетін біздің арматуралық құйма, өзін тұрғын үй, сондай-ақ өнеркәсіптік құрылыста өте жақсы көрсетті. Өз қызметінде оны МАК «Алматыгорстрой», MAG Сonstruction, «Стройконструкция», «ТаланЮгстрой», BAUR Construction, республиканың жетекші сауда компаниялары пайдаланады.
Біз түрлі қазақстандық көрмелерге белсенді қатысамыз. «Кастинг» ЖШС-ның арматуралық өнімі AtyrauBuild, AstanaBuild, KazBuild секілді беделді салалық форумдардың қатысушылары мен қонақтарының қызығушылығын тудырады.
Болат құйғыш зауыт. 2001 жылы компания Павлодардағы сол сәтте тұралап қалған бұрынғы трактор зауытының базасында жаңа болат құйғыш өндірісті бастады. 2002 жылы мамырда жоба басталғанына 10 ай өткен соң, «Кастинг» ЖШС Павлодарлық филиалы өзінің бірінші өнімін шығарды.
2003 жылы жылына 300 мың тонна өнімділіктегі зауыттың бірінші кезегі қатарға қосылды. Бұл үш 25 тонналы электр доғалы пештен, екі шөміш-пеш агрегаттарынан, 100х100-дан 150х150 мм дейін кесік өнімін алатын үздіксіз болат құяятын үш тұтқалы қондырғыларынан тұратын электрлі болат балқыту бөлімі, сондай-ақ желілік орташа сұрыпты 500 стан, үздіксіз ұсақ сұрыпты 300 стан және шар құятын MS-64 станы кіретін сұрып құятын бөлім.
Danieli, SiderEngineering, Vezzani, Lindemann, Siemens секілді жетекші еуропалық өндірушілер жабдығымен жарақталған кәсіпорын. Заманауи технологияларды үйлестіре қолдану, ең жоғары сападағы өнім шығаруға мүмкіндік береді.
Болат құйғыш зауыт республикада қайталама шикізатта толығымен жұмыс істейтін бірінші болып табылады. Сонымен қатар ол құрылыс арматурасын шығаруды қалыптастырған бірінші қазақстандық өндіруші болып табылады.
Бүгінгі күні «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10-жылдығы» атындағы болат құйғыш зауытта мыңнан аса адам еңбек етеді. Павлодар облысының қарқынды дамушы кәсіпорындарының бірі бола отырып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына салмақты үлес қосады.
Сапаны бақылау
Болат құйғыш зауыттың негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі кіріс шикізатының сапасын бағалауды, аралық және дайын өнімнің нормативтік құжаттама және сапа сертификаттарының белгіленген талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ететін талдау Зертханасы.
Зертхананың негізгі міндеттерінің қатарына келесілер кіреді: негізгі өндіріс өнімінің сынамаларының химиялық құрамын шұғыл талдау; дайын өнім, жүк көтергіш механизмдерінің бөлшектері мен тораптары, дәнекерлік қосылыстар мен отқа берік материалдардың үлгілерінің механикалық өзгешеліктерін анықтау; сатып алынған өнімнің, түскен шикізат пен өндіріс қалдықтары сынамаларын анықтау; өнімнің, қалдықтардың және жұмыс орындарының радиациялық қауіпсіздік деңгейін анықтау.
«Кастинг» ЖШС ПФ талдау Зертханасы жүргізген өлшемдердің жоғары сапасы, бірқатар куәліктер мен аттестаттармен расталған. Сондай-ақ 2010 жылы 19 шілдедеқызмет зертханасына бекітілген өлшемдерді (сынақтарды) орындау үшін қажетті жағдайларды болуы туралы "Сараптама және сертификаттау Ұлттық орталығы" АҚ Павлодар филиалының куәлігі алынды. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жұмыс жүргізуге құқық беретін Қазақстан Республикасы ТЖМ төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау жөніндегі Комитет берген аттестат бар. Оның үстіне, 2008 жылы «KAZСТРОЙПРОЕКТ - ПВ» ЖШС дәнекерлік қосылыстар мен негізгі метал диагностикасы және бақылау бөлімінде ҚР өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында нормативтік құжаттар талаптарына талдау Зертханасының сәйкестігі туралы өнеркәсіптік қауіпсіздік пен сараптамалық қорытынды саласында жұмыстар жүргізуге құқық беретін аттестат берді.
Болаттан жасалған өнім. «Кастинг» ЖШС Павлодарлық филиалы қазіргі кезде келесі өнімді шығарады:
- ЖШС СТ 39047093-003-2009 бойынша кезеңдік профильдегі арматуралық құймасы. Диаметрі 12, 14, 16, 18, 20, 22, 25, 28, 32 мм, ұзындығы 11, 7 м; АIII-дәрежесі; болат маркасы 35ГС, ГОСТ 5781 бойынша 25Г2С. Құрылыста қолданылатын кәдімгі және алдын ала шиеленістірілген темір бетон конструкцияларды сымдауға арналған.
- ЖШС СТ 39047093-003-2009 бойынша тегіс профильді арматуралық құйма. Диаметрі 12, 14, 16, 18, 20, 22, 25, 28, 32 мм, ұзындығы 11, 7 м; АI-дәрежесі; ГОСТ 5781 бойынша 3сп/3пс болат маркасы. Құрылыста қолданылатын қарапайым темірбетон конструкцияларын сымдауға арналған.
- ЖШС СТ 010541005838-001-2012 бойынша үздіксіз құйылған квадратты өнім. Кесік 100×100мм, 125×125мм, 150х150мм, ұзындығы 3-12 м; болат маркасы 5сп, 3сп ГОСТ 380 бойынша. Прокатты стандарда әрі қарай қайта сүңгіту үшін арматуралық және сұрыптық прокат қолданылады.
- Домалатылған болат шарлар ЖШС СТ 39047093-002-2008 бойынша. Диаметрлері - 40, 60, 80, 100 мм; қаттылық топтары - II, III, IV. Тау-кен қазуда және кен, көмір, шар диірмендеріндегі басқа материалдарды ұнтақтау үшін тау-кен байыту өнеркәсібінде пайдаланылады.
- ГОСТ 2590 бойынша ыстықтай домалатылған дөңгелек болат прокат. Диаметрі 40, 50, 60, 80, 100 мм, кез келген өлшемдегі ұзындықтар; ГОСТ 14959 бойынша 65Г және 70Г маркалы қоспалы болат. Ірі кенді және т. б. ұнтақтау үшін өнеркәсіпте қолданылады.
- Балқытылатын болаттың сұрыптамасына келесілер қосылады: ст3пс/3сп, ст5пс/5сп, 35ГС, 25Г2С, 65Г, 70Г, ст20, ст80.
Илемдеу станының құрылымы
Ұсақсұрыпты стан - 300 (ҰСО-300)
Үздіксіз ұсақсұрыпты станда 18 жұмыс клеті бар және 12-15 м/с дейінгі илемдей жылдамдғымен сипатталады.
Стан бір қыздырғыш пешінен, 18 жұмыс клетінен, 3 ыстықтай кескіш қайшы және 1 суықтай кескіш қайшылары бар. Әр қайшы әрбір жұмыс клеті тобынан кейін және суытқыштан кейін орнатылған.
Негізгі және қосалқы жабдықтың орналастырылуы, осы станға анықталған илемдік профильдердің сұрптауына байланысты орнатылады, оған жататындар: домалақ және төртбұрышты болат профильдері 10-36 мм; мерзімдік арматуралық болат профилі №10-32 мм, теңқабырғалы төртбұрыш дайындаманың өлшемі 125Х125.
Дайындаманы қабылдау үшін станда жүктеу орны орнатылған рейкалы түрде, ол бір даналық түрде дайындаманы пешке тасымалдау үшін рольгангқа жеткізіп отырады. және пештін екінші жағында 2 терезе бар. Бірі жұмыс клеттеріне қарай орналасқан, екіншісі артында, оған итергіш жабдық орнатылған, дайындаманы жұмыс клеттеріне карай итеріп шығару үшін.
Қазіргі кезде шығыста рольгантарға жарамсыз немесе суып қалған дайындаманы қалташалары бар түсіріп тастайтын бөлшек орнатылған. Қыздырғыш пеш, жанынан кіретін және дайындаманы алдынан шығаратын, еңкейген подинасы бар, газбен істейтін екіжақты қыздырғышы бар; пеш өнімділігі 100-120 т/с.
Бастапқы қара топ алты екі білікшелі үздіксіз клетьтан тұрады: бірінші клеть окалинасындырғыш болып табылады. Сығылғын дайындаманы 90 0 айналдыру үшін клетьтердін арасына айналдырғыш роликтер орнатылған. Стан клетінің шыға берсіне орнатылған айналдыратын роликтері бар қораб.
Қара топтан кейн бірінші қай орнатылған, апаттық жағдайда дайындаманы келесі клетьтарға жібермей кесіп тастайды. Содан кейін алты екі білікшелі аралық клеттер тбы орнатылған. Аралық клеттер тобынан кейін тағы бір апаттық қайшы орналастырылған. Қара топтан кейінгі қайшы соныменқатар, сығылған дайындаманың алдын кесіп отырады тегістеп, ал аралық топтан кейінгі қайншы дайындаманың артқы ұшын кесіп тастап отырады.
Соңғы таза топ, қорытынды кругдарды, арматуралық профильді өлшемді шығарады. Таза топпен суытқыш арасында тағы бір қайшы бар, ол белгілі бір өлшемде кесіп, суытқышқа жіберіп отырады. Жылдам кескіш қайшы станнан шыққан дайын арматураны суытқыш бойымен бірдей есептеп кесіп отырады.
Суытқыш - екіжақты, рейкалы типті.
Суытқыштан кейін алыпкететін рольганг бойына суықтай кесетін қайшы орнатылған, ол дайын профильді арматураны стандартты өлшеммен кесіп отырады. Сосын ары қарай сұрыптау столына барады, ары қарай байлағын машинаның қалташасына түсіп пакеттеліп байланып, таразыға рольганг арқылы жеткізіледі. Өлшемі алынғаннан кейін бирка ілініп дайын өнім қоймасына жіберіледі.
Үздіксіз ұсақсұрыпты стан 300 өте жоғары технологиялық сипатқа ие, себебі оның клеттерінің әрқайсысы жеке электрқозғалтқышпен айналады. Осылай, станды кез келген профиль константасын ретке келтіру өте карапайым, себебі біліктің кез келген диаметрінде константаны сақтау клеттің жетекші электроқозғалтқышының айналу жиілігін реттеу арқылы жүзеге асырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz