Көлік зиянын шектеудің технологиялық шаралары



Мазмұны

Кіріспе 3
1 Көлік зиянын шектеудің технологиялық шаралары 4
1.1 Автокөлікке катализатор орнатып пайдалану 4
1.2 Жанар майдың залалсыз қосалқы түрлерін тауып қолдану 6
Қорытынды 19
Қолданылған әдебиеттер тізімі 20
Кіріспе

Қазақстандағы эколог мамандардың мәлімдеуі бойынша еліміздегі ең үлкен кала болып есептелетін Алматының аспанын бүркеп тұрған түтін тұмшаның 85%-ын автокөліктсн шықкан улы түтін құрайды екен де калған 15%-ы ғана жылу-электр орталықтары мен баска да өндіріс орындарынан шығатын түтінге тиесілі екен. Онколог дәрігсрлердің айтуынша соның кесірінен тұрғындардың тыныс алу мүшелерінде болатын қатерлі ісік ауруларының таралу меншікті салмағы жағынан Алматы қаласы республика аумағында Өскеменнен кейінгі екінші орынды алатын көрінеді. Үлкен қалалар мен өндіріс орындары шоғырланған елді мекендерде көптеп қолданылатын ескі автокөліктерден коршаған ортаға келетін зиянды әсердің ауқымы барған сайын өсе түсуде. Жекеменшік автокөлік пайдаланудың артықшылығы еш күмән туғызбайтын шындық болғанымен жалпы қоғамдық тұрғыдан алғанда қала ішіне әкелетін зияны жағынан айтарлықтай қайшылықтар туғызады. Бұндай айтулы қайшылықтар катарына кала ішінде көптеп шығатын автокөлік апаттарымен қатар оларды орналастырып қоятын жердің жетіспеушілігі, айнала ортаға көп мөлшерде шығып тарататын шу және, әсіресе, қоршаған тіршілік ортасына таралатын зиянды заттардың тұрғындар денсаулығына әкелетін залалын айрықша атау қажет болады. Қоршаған ортаға таралатын зиянды заттардың әсері сол жердегі ауа, су, топырақ, өсімдік пен жан-жануарлар арқылы адамның ағзасына жетіп залалын тигізеді.
Қала ішінде автокөлік моторына жағып пайдаланатын көмірсутегі тектес сұйық отын жанған кезде шығып ауаға таралатын улы түтін атмосфералық ауаны ластап тұрғын халықтың денсаулығына залалын тигізетін зиянды заттардың бастысы болып табылады. Мұнай өнімдерінен алынған сұйық отын автокөлік моторында жанған кезде шығатын түтінмен араласа айнала ауаға канцероген заттары (СО, NОx, SO2, ауыр метал түрлері т.б.) және жер шарындағы ауа райының өзгеріп жылынуына ықпал ететін заттар (СО2, N2О, СН4) көптеп таралады.
Атмосфералық ауаға түтінмен араласа шығып таралатын зиянды шығарындылар өзінің ауқымы мен көлемі жағынан қолданылған отын түріне, отын жанатын қондырғының техникалық шешіміне және жану процесінің басқарылуына байланысты әр түрлі деңгейде болады. Еліміздегі автокөлік қатынасында соңғы жылдары қалыптасқан жағдайды экологиялық тұрғыдан алып қарағанда ауаға таралатын зиянды шығарындылар жағынан негізгі екі бағытты ерекше бөліп қарауға болады. Олардың бірі техникалық және моральдық түрғыда әбден ескірген автокөлік санының күрт өсуіне байланысты туындап отырған болса бұның өзі екінші жағында экологияға үйлесімді, қоршаған ортаға зияны аз болатын соңғы үлгідегі жаңа автокөліктердің сандық үлесінің өсуіне тежеу жасап бөгет болып отырғанын байқауға болады, яғни бұл бағытта экономикалық және зандық тұрғыдағы реттеу шаралары өз кезегін күтуде деп көру керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Гусаров А.П., Вайсблюм М.Е., Соколов М.Г. Газ как перспективное автомобильное топливо// Сб. тр. НАМИ. -М.:Изд-во НАМИ, 1989. - с.105-115
2 Қабди К. Техника, технология және қоршаған орта: монография. - Павлодар: "Brand Print" баспасы, 2010, 281 - б.
3 Козлов Ю.С., Меньшова В.П., Святин И.А. Экологическая безопасность автомобильного транспорта: Учебное пособие. - М.: Агар, 2000 - 176 с.
4 Кульчицкий А.Р. Токсичность автомобильных и тракторных двигателей: Учеб. Пос. для высшей школы. - М.: Академический Проект, 2004. - 400 с.
5 Морозов К.А. Токсичность автомобильных двигателей. - М.: Легион-Автодата, 2000. - 80с.
6 Павлова Е.И. Экология транспорта: Учебник для вузов. - М.: Транспорт,2000. -248 с.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1
Көлік зиянын шектеудің технологиялық шаралары
4
1.1
Автокөлікке катализатор орнатып пайдалану
4
1.2
Жанар майдың залалсыз қосалқы түрлерін тауып қолдану
6

Қорытынды
19

Қолданылған әдебиеттер тізімі
20

Кіріспе

Қазақстандағы эколог мамандардың мәлімдеуі бойынша еліміздегі ең үлкен кала болып есептелетін Алматының аспанын бүркеп тұрған түтін тұмшаның 85%-ын автокөліктсн шықкан улы түтін құрайды екен де калған 15%-ы ғана жылу-электр орталықтары мен баска да өндіріс орындарынан шығатын түтінге тиесілі екен. Онколог дәрігсрлердің айтуынша соның кесірінен тұрғындардың тыныс алу мүшелерінде болатын қатерлі ісік ауруларының таралу меншікті салмағы жағынан Алматы қаласы республика аумағында Өскеменнен кейінгі екінші орынды алатын көрінеді. Үлкен қалалар мен өндіріс орындары шоғырланған елді мекендерде көптеп қолданылатын ескі автокөліктерден коршаған ортаға келетін зиянды әсердің ауқымы барған сайын өсе түсуде. Жекеменшік автокөлік пайдаланудың артықшылығы еш күмән туғызбайтын шындық болғанымен жалпы қоғамдық тұрғыдан алғанда қала ішіне әкелетін зияны жағынан айтарлықтай қайшылықтар туғызады. Бұндай айтулы қайшылықтар катарына кала ішінде көптеп шығатын автокөлік апаттарымен қатар оларды орналастырып қоятын жердің жетіспеушілігі, айнала ортаға көп мөлшерде шығып тарататын шу және, әсіресе, қоршаған тіршілік ортасына таралатын зиянды заттардың тұрғындар денсаулығына әкелетін залалын айрықша атау қажет болады. Қоршаған ортаға таралатын зиянды заттардың әсері сол жердегі ауа, су, топырақ, өсімдік пен жан-жануарлар арқылы адамның ағзасына жетіп залалын тигізеді.
Қала ішінде автокөлік моторына жағып пайдаланатын көмірсутегі тектес сұйық отын жанған кезде шығып ауаға таралатын улы түтін атмосфералық ауаны ластап тұрғын халықтың денсаулығына залалын тигізетін зиянды заттардың бастысы болып табылады. Мұнай өнімдерінен алынған сұйық отын автокөлік моторында жанған кезде шығатын түтінмен араласа айнала ауаға канцероген заттары (СО, NОx, SO2, ауыр метал түрлері т.б.) және жер шарындағы ауа райының өзгеріп жылынуына ықпал ететін заттар (СО2, N2О, СН4) көптеп таралады.
Атмосфералық ауаға түтінмен араласа шығып таралатын зиянды шығарындылар өзінің ауқымы мен көлемі жағынан қолданылған отын түріне, отын жанатын қондырғының техникалық шешіміне және жану процесінің басқарылуына байланысты әр түрлі деңгейде болады. Еліміздегі автокөлік қатынасында соңғы жылдары қалыптасқан жағдайды экологиялық тұрғыдан алып қарағанда ауаға таралатын зиянды шығарындылар жағынан негізгі екі бағытты ерекше бөліп қарауға болады. Олардың бірі техникалық және моральдық түрғыда әбден ескірген автокөлік санының күрт өсуіне байланысты туындап отырған болса бұның өзі екінші жағында экологияға үйлесімді, қоршаған ортаға зияны аз болатын соңғы үлгідегі жаңа автокөліктердің сандық үлесінің өсуіне тежеу жасап бөгет болып отырғанын байқауға болады, яғни бұл бағытта экономикалық және зандық тұрғыдағы реттеу шаралары өз кезегін күтуде деп көру керек.

1 Көлік зиянын шектеудің технологиялық шаралары

Өндірістегі технологияның дамуы автокөліктен қоршаған ортаға келетін зиянды шектеу жолында негізгі екі бағытта жүрілуде. Олар:
Автокөлікке катализатор орнатып пайдалану;
Жанар майдың залалсыз қосалқы түрлерін тауып қолдану.

1.1 Автокөлікке катализатор орнатып пайдалану

Автокөлік катализаторы бүгінгі таңда бензин моторынан шыққан улы түтінді сүзіп тазалап залалсыз ететін бірден-бір ілкімді қондырғы болып табылады. Ол ішкі құрылымы жағынан бал арасының тор көз ұясына ұқсас болып келетін көлденең қимасы өте ұсақ тор көздерден тұратындықтан түтін жанасатын қабырғасының ауданы үлкен және ол аудан толығымен құнды металдардың жүқа қабатымсн капталған болады, ал сырткы қаңқасы темірден, не ксрамикадан жасалған екі түрлі болып келеді (1-сурет).

1-сурет - Автокөлік катализаторы және оның көлденең қимасы

Автокөлік козғалысының кез-келген жылдамдығында катализатор қызметінің талапқа сай ілкімді жүріліп, оның тотықтыру қабылетін арттыру үшін катализатордың ішкі құрылымының бетіне күкірт тотығын белсенді күйдегі платина (Рt), палладий (Рd) жоне родиймен (Rh) бірге өте жұқа жалатып жағады. Бұндағы платина паладиймен бірге мотор түтінінің құрамындағы зиянды көмір тотығы (СО) мсн көмірсутегі (НС) қоспаларынан арылтып тазалау міндетін атқарады. Ал, ондағы родийдің көмегімен катализатор түтін құрамынан азот тотығын (N0х) азайтатын реакцияны жеделдетуге мүмкіншілік туғызады. Осылайша кататизатордан өту барысында түтін құрамындағы улы газдар реакцияға түсіп таза азотқа (N2),көмірқышқыл газына (СО2) және суға (Н2О) айналып шығар ауызға жетеді (2-сурет).

2-сурет - Автокөлік катализаторынан түтін өту сұлбасы

Автокөлік моторында жанар май жанған кезде пайда болатын улы түтін катализатор арқылы реакцияға түсіп, айнала тіршілік ортасына келтіретін зияны аз деңгейдегі түтінге айналып сыртқа шығатын болады. Осылайша оның құрамындағы құнды металдар мотор түтінін залалсыздандыратын катализатор міндетін атқарады. Бұндай катализаторлардың жұмыс барысындағы температурасы шамамен 250°С төңірегінде болуы көзделгсн және құрылымы тсмірден жасалған катализаторлардың қызу мерзімі керамикалық катализаторларға қарағанда тез болып келеді. Бүл көрсеткіш өте маңызды болып табылады, себебі суық моторды оталдырғаннан кейін катализатор өзінің жұмыс температурасына жетіп әбден қызып, қалыпты жұмысы басталып болғанша айнала ортаға көп мөлшерде улы түтін шығып, таралып үлгеретін болады. Сонымен қатар улы түтіннің сыртқы ортаға шығып таралу екпіні моторға кенет газ беріп айналыс жылдамдығын тез қосқан кезде де көп мөлшерде артатын болады.
Темірден жасалған катализаторлардың негізгі физикалық қасиеттері керамикалық катализаторлардан әлде кайда артық болумен бірге өте жоғары температурада химиялық қасиеттері де артық деңгейде болып келеді. Олардың ішкі конструкциясындағы айрықша келбеттегі құрылымы жұмыс барысында туындайтын күшті вибрациялық дірілге оның төзімділігін жоғарылатып қана қоймайды, үнемі өзгеріс үстінде болатын қызу деңгейіне де оның шыдамдылығын арттырады. Катализатордың шығар аузына арнайы сезгіш орнатылған және соның көмегімен оттегінің мөлшері қадағаланып отырады да ол мәлімет үнемі электрондық басқару қондырғысына жіберіліп коректендіру жүйесінің жүмыс ретін өзгертіп оңтайландырып отырады.
Автокөлік моторынан шығатын түтін құрамындагы улы затгардың мөлшеріне қойылатын шектеудің көрсеткіші қатайып күшейгсн сайын катализатор қүрылымындағы платина палладий және родийдің мөлшері де жоғарылай түседі. Құрылымы екі металдан тұратын катализатор салмағының 0,04%-ы платина, 0,015%-ы палладий болатын болса, үш металдан түратын катализаторда салмағының 0,08%-ы платина. 0,04%-ы палладий және 0,005-0,007%-ы родийді құрайтын болады. Жаңа катализатор оңтайлы жұмыс жағдайында орналасса ол түтін құрамындағы улы газдар көлемін 90%-ға дейін төмендете алады деп көреді.
Автокөліктің қолданысқа жарамды мерзімі ішінде катализаторлы көліктер ол орнатылмағандарымен салыстырғанда қоршаған ортаға 60-80%-ға аз мөлшерде улы түтін шығаратын болады. Бұл жерде дүние жүзіндегі ауа райының өзгерісіне ықпал етуші басты себепкср ''жылыжәй әсерін" туғызатын көмірқышқыл газының мотордан шығу көлеміне катализатор ыкпал ете алмайтынын атап өту керек. Ол газдың көлемін азайту тек жанар майдың шығынын кенет төмендету, не оның басқа залалсыз түрін қолдану арқылы іске асуы мүмкін болады.
Жүк көліктері мен автобустарда орнатылған дизель моторы шығарып тарататын улы түтін құрамын залалсыздандыру талабын орындау үшін ең ұтымды жол ретінде табиғи газды жанар май орнына алмастырып пайдалану шарасын жүзеге асыру деп есептейді. Дизель моторы күш қуаты жағынан бензин моторынан артық болғанымен шығаратын түтін құрамындағы СО мен НС шығарындыларының көлемі жағынан аз болады. Алайда, дизель отынының құрамында болатын күкірттің мөлшері артық болатындықтан түтіндегі қатты заттардың көлемі әлде қайда көп болады.
Көліктен шығатын улы түтін құрамына белгіленген зандық күші бар талаптардың катая түсуі және оны тазартуға бағытталган қазіргі жаңа технологияның жстістіктері арқасында болашақта улы түтін тұмшасына қатысты мәселе дәл бүгінгісінен бәсеңдей түсері даусыз. Бірақ, улы түтін шығарындысын сүзіп тазалау жолымен бүл мәселе толық шешімін таппайды. Сондықтан жанар май жағып қозғалатын көлік саны күн санап өсіп келе жатқан бүгінгі таңда улы түтін шығарындысының көлемін біртіндеп жоятын басқа даму жолы қарастырылуы тиіс.

1.2 Жанар майдың залалсыз қосалқы түрлерін тауып қолдану

Жанар майдың залалсыз қосалқы түрлерін тауып қолдану максаты бір жағынан жер қойнауындағы мұнай қорының біртіндеп сарқыла бастауына байланысты болса, екіншіден улы түтін тұмшасынан зардап шегіп отырған бүгінгі ахуалдан туындап отыр. Өз кезегінде бүл мақсат жаңа технологиялар ойлап табу және тұтынушы халық көпшіліктің сол өзгерістерге бейімделуін қажет етеді. Ал, байлық көзінде отырған мүнайшылар мен көлік өндірушілер бүгінгі заман талабын амалсыз мойындап жанар майды аз жағатын, немесе отынның басқа түрлерін пайдаланатын көлік жасау жолындағы әрекеттерді іске асыра бастады.
Мұнайдан алынатын жанар май түрлерін мүлде пайдаланбайтын экологиялық таза көлік түрлерін бүгінде әлемнің көптеген елдерінде кездестіруге болады және ондай көлік түрлерін өз ішінен келесі топтарға бөліп қарайды:
1. Әлдебір отын түрін жағатын көліктер:
* табиғи газ, пропан жағатын;
* метанол, этанол, биогаз, биодизель отынын жағатын;
* сутегі жағатын.
2. Басқа энергия түрлерін пайдаланатын көліктер:
* электр энергиясын жинайтын батарея қолданатын;
* күн сәулесінің энергиясымен жүретін;
* әр түрлі отынды қосарландыра пайдаланатын.
Табиғи газ бен биоотын түрлерін кәдімгі бензин жағып қозғалатын автокөліктерде кеңінен қолдануға болады және бұл отын түрлерінің басты артықшылығы бұнда көлік моторының конструкциясына айтарлықтай өзгеріс енгізбей-ақ оларды пайдалана беруге болады және шығатын түтін құрамындағы зиянды заттар мөлшері әлдеқайда азайып, сыртқы ортаға келтіретін залалы көп мөлшерде кемиді. Бұнда табиғи газды сұйытып барып керектенетін болса биоотын түрлері сүйық күйінде келеді. Бұл отын түрлерінің бір ерекшелігі бензинге карағанда олардың октандық саны артық болады, яғни бұларды жаққан кезде мотордың күш қуаты артады деген сөз. Алайда, бүл отын түрлерінің бір кемшілігі энергетикалық тығыздығы төмен болады және соның кесірінен бірдей қашықтыққа жұмсалатын отын көлемі бұларда артық болып шығады. Дизель моторында экологиялық таза отын ретінде өсімдік майы негізіндс шығарылатын биоотынды қолданады.
Пропан-бутан газы мұнай өндеу барысында пайда болатын өте жеңіл түрдегі қосалқы газ. Оны суытып барып сұйық күйге түсіреді жәнс бұндай сұйытылған пропан-бутан газын автокөлікте отын ретінде кеңінен қолданады. ЕО елдерінде сұйытылган пропан-бутан газын LPG(Liquid Petroleum Gas), ягни сұйытылған мұнай газы деп атайды. Бұл отын құрамындағы пропан мен бутанның ара салмағы қысқы және жазғы отын түріне байланысты өзгеріп отырады. Сұйытылған пропан-бутан газын көлік отыны ретіндс қолдана бастағалы өткен 60 жылдан астам уақыт ішінде оны жағатын автокөлік саны тез өсіп, бүгінде олардың жер жүзіндегі саны 5 миллионнан асады деп көреді.
ЕО елдеріндегі есеп бойынша орташа жеңіл автокөліктің 100 км қашықтыққа жағатын бензині X литр болса LPG жаққанда 1,5 литр шамасында болады екен. LPG отыны октандық саны жоғары, бағасы да кымбат емес және жанған кезде улы түтінді аз шығарады, яғни коршаған ортаға залалы аз болып табылады (1-кесте). ЕО елдерінде автокөлік өндірушілер бензин мен сұйытылған пропан-бутан газы LPG екеуін бірдей алма-кезек пайдалана беруте болатындай етіп өндіріп шығара береді, бұндағы мәселс тек сұйытылған газ құятын бекеттердің қол жетімді жердс орналасуы болса керек.
1-кесте - Улы түтін құрамын салыстыру
Бензин:
Улы түтін кұрамындағы заттардың
100%
салыстырмалы мөлшері

бензин
дизель отыны
LPG
Тікелей улы заттар:

СО
100
35
50
NО3
100
1000
100
Қатты заттар
100
700
50
Формальдегидтер, акролеин
100
500
50
Ұзақ әсерлі улы заттар:

Полиароматты көмірсутегілер
100
600
60
Толуол, ксилол
100
8
5
Төменгі альдегидгер
100
500
50
Кең ауқымды залал түрі:

Жазғы тұмша түтін
100
45
50
Қысқы тұмша түтін
100
700
50
Қышқыл жауын (NOx жане SO2)
100
350
60
Ауа райының жылынуы (СО2 мен СН4)
100
89
87

Бензинмен жүретін автокөліктсрмен салыстырғанда сұйытылған пропан-бутан газы LPG пайдаланатын көліктердің келесі артықшылықтарын ерекше атауға болады:
* газдың бағасы бензинмсн салыстырғанда екі есе арзан, алайда оның бір литрімен жетуте болатын жерге литр бензиннің 90%-ы жұмсалады:
* газ жағатын мотордың ішкі бөлшектеріне қақ тұрмайды, әрі иінді білік механизмдеріне түсетін жүктеме де аз, сондықтан мотордың жұмыстау мерзімі ұзарып, шамамсн жарты мерзім үстіне қосылып ұзарады;
* газ және бензин екеуін бірдей пайдаланып жүре алатын көлікте бензин моторына еш өзгеріс жасауды қажет етпейді, оларды өзара ауыстырып қосатын тұтқа тікелсй жүргізушінің жанында, ыңғайлы жерге орналасады жәнс көлік жүріп келе жатып бір отын түрінен екіншісіне ауыстыра беруге болады;
* НС, СО жонс NOx шығарындыларының мөлшері айтарлықтай төмен деңгейде болады. Егер катализаторы жоқ ескі бензин моторы LPG газын пайдаланатын болса, онда шығаратын түтін құрамындағы НС мен СО шығарындылары жағынан катализаторы бар бснзин моторымсн бірдей деңгейде болады;
* газ жағатын мотордағы майдың ішінде оның бөлшектерінен сыпырылып түскен қақ болмайды, сондықтан мотор бөлшектерінің жұмыс мерзімі ұзарады:
* мотордың дауысы бәсеңдеп, жүрісі жұмсарады.
Экономикалық тұрғыдан алғанда автокөлікте LPG газын пайдалану әлдеқайда тиімді болатындықтан жүргізушілер тарапынан оның қолдану қауіпсіздігі күмән туғызбайтын болуы маңызды. Бұл газ улы емес, көліктегі ыдысқа құйылған сүйық газдың қысымы шамамен мотордың суыту жүйесіндегі қысыммен бірдей. Көлік апатқа үшыраған жағдайда газ құйылған ыдысты қопарылыстан сақгау үшін оны арнайы материалдан жасап қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ыдыстың ішіндегі қысымның мөлшері шамадан тыс көбейіп кеткен жағдайда оны реттеп отыруға арналған арнайы сақтандырушы вентиль орнатылған. Ал, сактандыру сезгіштері мен реттеуші аспаптар газбен жүмыстайтын қоректендіру жүйесінің маңызды жерлерінің бәріне орнатылып, қауіпсіздікті қадағалап тұрады (3-сурет). Әрине, LPG газын пайдалану барысында орындалуы тиіс арнайы қауіпсіздік срежелері бар.
Бүгінде бұл газды пайдаланудың экологиялық тиімділігі мен жақсы қасиеттерін көптеген елдерде ұтымды жолмен қолданысқа енгізуде, алайда бұндай шара өз кезегінде автокөлікке газ құятын және ондай көлікті жөндеу қызметін көрсететін бекеттер желісін құруды талап етеді. Бірақ, бұндай инвестициялық шығын өзін толық ақтап шығады деп есептейді.

3-сурет - Автокөліктегі LPG газының аспаптары

Табиғи газ өзінің жер шарындағы коры жағынан мұнайдан артық және орналасу жағынан да біркелкі таралғандықтан игеруге оңтайлы болып табылады. Бұл газды автокөлік отыны ретіндс қолдануға оңай, әрі октандық саны артық болып келеді. Оның тағы бір ерскшелігі мұнайға ұқсас арнайы өндеуді талап етпейді, оны жер қойнауынан шығарып алып кептіргсн соң пайдалануға негізінен дайын болады. Автокөлікте табиғи газды қолдану үшін жоғарыдағы сұйытылған пропан-бутан LPG газын қолдануға ұқсас моторға арнайы қосымша аспаптар орнату қажет. Табиғи газ сұйытылған күйде (LNG), не газ күйінде (CNG) арнайы ыдыста кысыммсн сақталады. Бұндағы бір қиыншылық сактайтын газды температурасы -162°С болғанша салқындату қажет, сондықтан көліктегі ыдысты оқшаулап бүркеу керек болады (4-сурет).
Сұйытылған газбен салыстырғанда қысылған табиғи газды пайдалануға колайлы, әрі оны дайындауға жұмсалатын энергия шығыны да аз болып келеді, сондықтан көптеген елдерде дәл осы тәсіл кеңінен қолданылады. Бұл тәсілдің бір кемшілігі қысым астындағы газ толтырылған ыдыстың салмағы жалпы автокөлік салмағының көбейіп ауырлауына ықпал етеді. Мысалы, автобуста орнатылған дизель отынын құйған ыдыспен салыстырғанда газдың ыдысы салмағы жағынан 5 есе ауыр, әрі көлемі жағынан 7 есе артық жер алады.

4-сурет - Табиғи газ жағатын автокөлік құрылымы

Автокөлікті қысым астындағы табиги газға арнап жабдықтауға кететін қаржы шығыны жоғарыдағы сұйытылған пропан-бутан LPG газын қолдануға арналған шығын көлемінен артық қымбатқа түееді. Бұнда әсіресе қысым астындағы газ ыдысының құны жоғары болып шыгады. Сонымен қатар қоректендіру жүйесіне сырттан ауа сорылып кірмейтіндей арнайы нығыздалып жабдықталған карбюратор орнату қажет. Алайда, бұндагы қауіпсіз қысым жабдықтары, вентильдер, түтікшелер, карбюратор секілді арнайы жабдықтардың барлығын да нарықта еш қиындықсыз тауып алуға болады, яғни олар көптеп өндіріледі.
Биоотын түрлерін автокөлікке арнап өсімдік майынан, не кейбір өсімдіктерді арнайы өндеуден өткізіп барып шығарып алатын техникалық мақсаттағы алкогольдан дайындап шығарады. Биоотынды энергия көзі ретінде алғаш өткен ғасырдың 20-жылдарынан қолдана бастаған. Бүгінде олардың бірнеше түрін өндіріп пайдаланады. Олар:
* этанол;
* метанол;
* биодизель отыны;
* биогаз.
Этанол бүгінгі таңда көптеген елдерде бензиннің орнына кеңінен қолданылатын отын түріне айналды. Биомассаны ферментациялық өндеу арқылы шығарып алатын этанолды арнайы конструкциялы моторға отын ретінде қолданады, не 3-15% мөлшерінде бензингс косып пайдаланады. Этанолды бензинге қосу арқылы отынның октандық санын арттырып, мотор ішіндегі жану процесінің сапасын жоғарылатады. Алайда, таза бензин пайдаланған кезбен салыстырғанда бұндай отын түрін қолданатын моторға арнайы талап қойылады. Олар:
* мотордың толық көлемін оның жану камерасының көлеміне бөлгендегі қатынасқа тең болатын сығу дәрежесі этанолды бензин қолданғанда артық болуы керек;
* жану камерасының келбеті мен иінді білік өзгеше болады;
* отын құятын ыдыстың іші қалайылануы тиіс;
* отын сорғысы, карбюратор және отын түтікшелерін тот баспайтын материалдан жасау қажст.
Чехия Республикасында жүргізген зерттеулердің нәтижесі бойынша онда жылына 60 мың м3 этанол өндіріп пайдаланады және бұл өндіріске сол елдегі жылдық бидай өнімінің 2%-ын құрайтын 200 мың тонна бидай жұмсалады екен.
Метанол отыны иіссіз таза сұйық түріндс болады, оның басты ерекшелігі адам ағзасына өте улы және әр түрлі саладағы қолданыста өзінің әмбебап қасиетімен ерекшеленеді. Этанолмен салыстырғанда бұның өндірісіне пайдалануға болатын шикізат түрлерінің ауқымы әлдеқайда кең, ал октандық саны 92, не 98 болатын бензинмен салыстырғанда оның октандық саны 105 болады. Отын түрінің октандық саны жоғарылаған сайын мотордың сығу дәрежесін де арттыруға мүмкіндік туындайды және ол өз кезегінде мотордың күш қуатын қосады.
Метанол нарықтағы бағасы жағынан этанолдан арзан болады, мотордың ішінде жануы артық, оталу температурасы төмен және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек шартының мерзімі
Қоршаған ортаның қазіргі жағдайына сипаттама
Жалпы жаза ұғымы
Дүниежүзілік сауда ұйымы және Қазақстан. Қазақстанның ДСҰ-на қатысудан көретін артықшылықтары
Стратегиялық басқарудағы аймақтық мәселелерді болжау жолдары
Кедендік-тарифтік саясат
Аймақтық өсу теориялары
Халықаралық сауданының альтернативті теориялары
Экология құқығының объектілері
ҚР-дағы кедендік режимдерді ұйымдастыру мен реттеудің ережелері
Пәндер