Кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары.


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары.

Орындаған :

Ғылыми жетекшiсі:

МАЗМҰНЫ КlРlСПЕ . . .

l. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1. 1. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың теориялық негіздері . . .

1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары . . .

1. 3. Бастауыш сатыда оқыту технологиясы . .

1. 4. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері. .

1. 5. Сабақта техникалық құралдарды пайдалану арқылы сабақ сапасын арттыру. . . .

1. 6. Сабақ процесінде проекциялық аппараттарды пайдалану . . .

1. 7. Сабақ процесінде компьютер көмегімен оқытудың тиімді әдістері…

1. 8. Сабақ процесінде диафильмдерді пайдаланудың маңызы . . .

ll. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

2. 1. Оқушылардың үлгерімінің сапалық деңгейін анықтау . . .

2. 2. Өткізілген ашық сабаққа мониторингтік талдау . . .

lll. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

3. 1 . Оқушылардың үлгерімінің сапалық деңгейін

анықтау нәтижесі . . .

3. 2. Өткізілген ашық сабаққа мониторингтік

талдау көрсеткіші . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ӘДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl . . .

КІРІСПЕ

Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз иновациялық экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халықтарына арнаған «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын. Ал бәсекеге қабілетті елдің әрбір азаматы бәсекеге қабілетті болуы тиіс деп есептеймін.

Бастауыш сынып оқушы тұлғасын қалыптастыру мен дамуының басты баспалдағы. Бүгінгі таңдағы бастауыш мектептердің алдында тұрған мәселе оқушыларды дамыта оқыту, яғни, оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі - талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны өсіру. Әр оқушының қабілетін танып біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.

Қазақстан аз дамуында жаңа серпілістер жасауы қажет. Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуі үшін білім саласында да үлкен реформалар жүргізілуі тиіс.

Жаңа ғасырда Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр.

Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарлы, жаңа көзқарас, жаңаша қарым - қатынас пайда болды.

Білім беру саласындағы алға қойылып, отырылған басты міндеттердің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру .

Қазақстанның Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халақаралық коммуникациялық желілерге шығу ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп атап көрсеткендей - ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.

Өйткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау - оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау конспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастыруға үрдісіндегі іс - әрекеттің нәтижесі болып табылады. Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, жаңа көзқарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында жаңа технология өмірге келді. «Технология дегеніміз қандай да болсын істегі, шеберлікті, өнердегі адамдардың, ал педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім амалдарымен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы» - деп түсіндіреді В. Кларин.

Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал педагогикалық жүйе - дара тұлғаны қалыптастыруға бағыт алған белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем, байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, оны практикада пайдалану қажет.

Осы ретте менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: «Кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары» деп аталады.

Диплом жұмысының өзекті мәселесі: Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары.

Ғылыми жаңалығы және практикалық маңызы: Оқушылардың үлгеріміне, әлеуметтік жағдайына мониторинг жасау арқылы білім деңгейін анықтаймыз. Бұл мәліметтерді мектепте кеңінен қолдануға болады.

Жұмыстың мақсаты: Оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлікпен қолдана білу.

Жұмыстың міндеттері: Бастауыш сынып оқушыларының жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдарын білу, кіші мектеп жасындағы оқушылардың сабақ үлгерімін, мұғалімнің сапалық деңгейін анықтау.

Зерттелінетін объект: Мектеп оқушылары

Зерттеу материалдары мен әдістері: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жаңа технологияларды пайдаланып өтілген сабақтарда ой-өрісінің дамуының сандық және сапалық көрсеткіштерін мониторинг әдісі бойынша өлшейміз, сол көрсеткіштерді талдап, жүйелеп, салыстырып толық материал аламыз.

I. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1. 1. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың теориялық негіздері.

“Қазақстан тағдыры, келешегі мол ел болуы да мектептің қандай негізге құрылыуына тіреледі. Мектебімізді сау, берік, һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізге тайынбай серттесуге болады. Ал сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт» деп ұлы педагог М. Жұмабаев айтқандай, біздің болашағымызды мектеп айқындайды.

Мектеп - мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның білім беру саласына сұраныстарын қанағаттандыратын қоғамдық - мемлекеттік жүйе. Өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесінің, дене және жан саулығының , интеллектуалды потенциялының қамын ойлау - тәуелсіз Қазақстанның алдында тұрған ең маңызды мәселенің бірі.

Қазіргі кезеңде мектептердің алдында төмендегідей міндеттер тұр:

  • Республикасының ақыл - ой әлеуетін қалыптастыруға белсене

қатысу, жеке адамның рухани жаңаруына жағдай жасау;

  • Жеке тұлғаны саралап оқыту негізінде және факультативтер

мен арнайы курстар, пәндерден білім беру барысында ақыл -ойы ұлттық сана - сезімі жоғары жеке тұлғаны тәрбелеу;

  • Дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдайлар туғызу;
  • Оқушыларды шығармашылық жұмыста бағыттау;
  • Жеке адамның өзіне - өзі сенімділік, өзін еркін ұстай білу, т. б.

қасиеттерін дамыту;

  • Мұғалімнің шығармашылығын дамытуға, зерттеу жұмысымен

Айналысуға қабілеттілігі мен қызығуын тудыруға, жеке тұлға туралы теориялық білімдерін тереңдетуге және оқу тәрбие үрдісінде оны дамытуға қолайлы жағдай жасау.

  • Жалпы практикалық, философиялық, психологиялық және эстетикалық дайындықты күшейту.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне сай соңғы жылдары педагогика саласына түбегейлі өзгертулермен қоса жаңалықтар енгізілуде. Солардың ең бастысы - мектепті басқару ісі. Мектепте шын мәніндегі білікті, ізденісі мол мамандарды қалыптастыру, олардың шеберлік деңгейін қазіргі ғылыми педагогикалық талапқа сай дамыту, сол арқылы оқушылардың білім сапасын мемлекеттік стандартқа лайықты, сондай -ақ тәрбиелеу саласында педагогикалық теорияның жаңашыл әдістемелерін шеңберіне жеткізе пайдалана отырып, баланың сана -сезімін көтеру, шығармашылығын арттыру - бүгінгі таңда кезек күттірмейтін ең ең негізгі мақсат.

Еліміздегі болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, оқушылардың шығармашылық потенциялын дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруын талдап етеді.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында “Қазіргі мектептердің, біріншіден, практикалық қызметінде жинақталған барлық игіліктердің сақталуы, екіншіден, қоғамның интеллектуальдық қуатын жетілдіру, елімңіздің материалдық - қаржылық ресурстарын әрі қарай дамытатын адам тәрбиелеу, орта білім жүйесін одан әрі дамытып жұмылдыру міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практика, жаңа практика жаңа қарым қатынас жасаулары қажет деп атап көрсетулері мұғалім іс-әрекетіне бағыт сілтейді. Бұл заңда қазіргі кезеңде мұғалімдердің біліктілігін жетілдірумен қатар, кәсіби қызметтің ғылыми негіздерін практикаға қолдануға, практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселелірінің бірі. Инновациялық процесс зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайда көшуі және жаңалыққа көшуі және жаңалыққа енгізу процесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығын М. В. Кларин, М. М. Потанин, И. И. Нидкасистый, В. И. Загнязинский, А. Я. Пайн, О. Г. Хомерный, П. Р. Ройфекова және т. б зерттеулерінде қарастырылған.

Жаңа енгізілген жаңалық немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне тән болғандықтан ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енудің нысанасына айналады. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол - ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі. Бұл процесс стихиялы дамыматындықтан ол басқаруды қажет етеді. Тұтас педагогикалық процестің инновафиялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер мен тәрбиеленушілердің ролі арта түсуде. Оқу процесінің көп түрлілігіне қарамастан - дидактикалық, компьютерлік, модульдік және басқа да жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісіне қалып отыр. Оқу тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбие кеңесшінің, ақылшының және тәрбиеші қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманның білімдерін де қамтитын болғандықтан мұғалімнің арнайы психологиялық - педагогикалық дайындық талап етіледі. Осы нагізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады [1-11] .

Инновация - жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген мағынаны білдіреді. Инновация құрал және үрдіс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық үрдісте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.

Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу, ұйымдастыру яғни, инновациялық процесті мазмұнды дамыту, жаңаны ұйымдастыру, қалыптастыруды анықтайды, ал “жаңаша” деп, жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс -тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз.

Ғалым Романова И. А. “Инновация дегеніміз - білім беру процесін өзгетуге бағытталған педагогикалық жаңалық енгізу, ал жаңалық енгізу - мәселелерді тиімді жолмен шешу үшін қажет”, -дейді. Ол міндетті төмендегідей екі талапты көрсетеді. Олар:

  • Инновацияның қиын мәселені шешуде туындайтын ерекше бір қажет идея ретінде қарастыру;
  • Инновация мектептің әдістемелік жұмымын жоғары сатыға көтеруге бағыттау;

Біздің ойымызша, “инновация - білім беру жүйесінде жаңалық енгізу”, - деп айтсақ, бұл ұғымның ауқымын тарылтқандай боламыз.

Сонымен қатар, белгілі бейімделуден өткен идеялар жаңа жағдайда қолданылса, лоарды инновациялы деуге болады екен.

Сондықтан, бұл ұғымды тәжірибеден өткен жаңалықтар, қайта өзгертілген идеялар белгілі бір уақыт мезгілінде маңызды роль атқаруы деп түсінуге болады.

И:А. Романова ғылыми - зерттеу жұмысында және педагогикалық зерттеулерде инновация мәселесіне жалпы әдіснамалық және тарихи педагогикалық баға берілмеген деген пікірді айтып, дәлеледейді.

Инновацияның білім туралы арнайы саласының білім беру жүйесінде қалыптасуы жаңалықты тәжіибеде іске асыру жолдарын зерттейтін педагогикалық инноватиканың қалыптасуы мәселелерін қарастырады.

Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе және шығармашылықпен

қызмет етуші ұстаздар қызметінің теориясына сүйене отырып, осының негізінде зерттеудің бірізділігін анықтау;

Педагогика теориясының жалпы қағидалары мен оқыту әдістемелерінің негізгі мәселелеріне - жаңалық пен және оның педагогикалық ақиқатын өзгеру мәселелері.

И. А. Романованың зерттеулеріне сүйене отырып, оның ой-пікіріне қосыла отырып, инновация теориясын біз бірнеше аспектіде қарастыруды жөн көрдік. Сонымен, И. А. Романованың инновация теориясының дамуы, қалыптасуы жайлы зерттеуін былай деп қорытындылауға болады. Инновация жеке ғылыми - әдістемелік талдау пәні ретінде тек 70 -жылдардың ортасында ғана қалыптасты. Бұл кезеңдерде ғалым -пегагогтардың зерттеулерінде «алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе”, оның сипаттамасын, өлшемдерін, тиімділігін, оны жалпы білім беретін мектептерге енгізу жолдарын анықтау мәселесін көтереді [12, 13] .

Білім берудегі инновациялық процесстердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар - озық педагогиканы зерттеу, жинақтау, және тарату проблемасы және педагогикалық - психологиялық ғылмдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық үрдістердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір - бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі үрдістің тұтастығы тұрғысынан қарастырырлуы тиіс, яғни инновациялық үрдістердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір -бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі үрдістің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық үрдістің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдана алуға тиіс. Бұның барлығы педагогмкалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы үрдісті басқару мұғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымдағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени дпму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.

Біріншіден , қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік - экономикалық қайта

құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие үрдістерін ұйымдастырудың технологиясын түбірнен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.

Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің төлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндеріннің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етеді. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің ролі мен беделі арта түсіп отыр.

Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және қолдануға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнын қатаң тәртіпке бағындырып қойған жағдайда мұғалімнің өз бетінше бағдарлама, оқулық таңдаудан бұрын педагогикалық қызметтің жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады. Егер бұрынғы уақытта инновациялық қызмет негізінен, жоғарыда ұсынылған жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастады. Сондықтан да мектеп, білім беру органы басшыларының қызметіндегі маңызды бағыттарының бірі мұғалімдердің енгізген инновациясына талдау жасап, баға беру, оны іске асыруға қолдануға жағдай жасау болуға тиіс.

Төртіншіден, жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық қатынастырға енуі, жаңа типті сынып ішінде мемлекеттік емес оқу орындарының құрылуы нақты бәсекелестік ахуал туғызуда.

Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметте іске асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен басшыларда ол тәжірибені зерттеу және қолдану қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірибелерді талдау мен талдаудың дағдысы мен іскерлігі жетісе бермейді. Мұғалімдер нақты іс-әрекетінде өзінің, сол сияқты әріптесінің де педагогикалық тәжірибесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді. Педагогикалық тәжірибе озық және көпшілік болуға тиіс. Озық педагогикалық тәжіибе тарихилығымен ерекшелінеді, өйткені әрбір жаңа кезеңде мектептің материалдық, әдістемелік, кадрлық және басқа да мүмкіншіліктерінің кеңеуімен педагогикалық қызметтің жаңа жолдары пайда болды. Сонымен бірге озық тәжірибе педагогика ғылым мен практикасының қазынасын үнемі толықтырушы, жаңартушы қызметін атқарады. Озық педагогикалық тәжірибені жасау және таратуда мұғалімнің позициясы үлкен роль атқарады, сондықтан нақты тәжірибенің жетекші ережелеріне талдау жасап, оны қолдануға кіріскенде субьективті факторлардың ықпалын ескерту арқылы оның нәтижесі мен педагогикалық ұжымға кірігуіне болжам жасау керек көбіне құлшына кіріспейді. Үшіншіден, жаңалық автордың баяндауында жүйелі-ғылыми және әдістемелік негіздеме таба алмауы мүмкін. Төртіншіден, автор инновация және оны іске сыру жолдары туралы баяндағанда өзінің немесе әріптестерінің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты, мұғалім - әріптестері тарапынан «кері тебу» реакциясына тап болуы мүмкін. Бесіншіден, аталған топтың функциясы идеяны іске асырумен шектелмейді, сонымен бірге оны талдау және түзетумен де айналысады. Алтыншыдан, бұндай топ педагогикалық мониторинг қызметін атқарады отандық және шетелдік баспасөз материалдары және жоғары оқу орнының тәжірибесі бойынша жаңа идеялар, технологиялар мен конценцияларды жүйелі түрде талдап, іріктеп отырады.

Педагогикалық жаңалықты практикаға енгізу қызметін басқару бұл жұмысқа автордың қатысуын жоққа шығармайды, қайта оның дербес шығармашылық мүмкіндіктеріне ынталандырып, қабілетін дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Осылайша мектеп жағдайында педагогикалық инновацияны жасаушылар мен насихаттаушылардың күні біріктіріледі . Нақты практикада инновациялық үрдістердің сипаты алынған нәтиженің мазмұны мен енгізілуге тиісті жаңалықтың күрделілік деңгейімен, сол сияқты мұғалімдердің инновациялық қызметіне дайындығының деңгейімен ерекшеленеді. Мектептегі әдістемелік жұмыс - педагогикалық мәдениетті көтерудің шарты. Мұғалімнің кәсіптік дайындығы қызметінің бүкіл қызметін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін

қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды және дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық орында белсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірибесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірибемен кірігіп, педагогиклық ұжымның қолданысына ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогиклық мәдениеттің артуы барынша жемісті болады.

Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес олар бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының арнаулы факульттеттерінде арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Біліктілігін көтеру немесе педагогикалық

ЖОО базсында мұғалімдердің алған арнайы білімдерін практикалық тұрғыдан саралап, мектепте сынақтан өткізуді қажет ететіндігі аңғарылады. Бұндай жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың жүйесі мұғалім үшін баға жеткісіз көмек бола алады.

Әдістемелік жұмыстар дербес және ерекшеліктер ескерілген жағдайда мұғалімдердің ғылыми -әдістемелік дайындығын жетілдіруге деген сұранысына жауап бере алады. Ал, әдістемелік жұмысты жеке ерекшеліктерді ескеріп жүргізу, бірқатар субьективті, обьективті алғы шарттарға байланысты. Ең бастысы, мұғалімнің ғылыми әдістемелік дайындығын жетілдіруге деген сұранысына жауап бере алады. Ал, әдістемелік жұмысты жеке ерекшеліктерді ескеріп жүргізу, бірқатар субьективті, обьективті алғы шарттарға байланысты. Ең бастысы, мұғалімнің ғылыми -әдістемелік дайындығын жетілдірудегі өмірлік және кәсіптік бағдары, кәсіптік деңгейі мен тәжіибесі ескерілуі тиіс. Мектептің әдістемелік қызметінің озық тәжірибелері мен дәстүрлерінін сақтау және дамытудың да маңызы зор. Осы жұмыстардың бәрі де мектеп директорының оқу -тәрбиі ісі бойынша орынбасарының құзырында болады.

Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару оның міндеттері, мазмұны және ұйымдық негіздерін директор, оның орынбасары ғана емес, мұғалімдер де анық та нақты ұғына алғанда барынша тиімді болады. Ал мектептегі әдістемелік жұмыстардың жалпы міндеттерін былайша тұжырымдауға болады:

  • Мектептің педагогикалық ұжымының педагогикалық іс-тәжірибесін

жүйелі түрде зерттеу, жинақтау және тарту, педагогика ғалымының жетістіктерін жұмысқа қолдану қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілін оқытуда бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту
Бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары
ҚАЗІРГІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНДІРУ
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалын анықтау
Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқыту
Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияны қолдану
Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері
Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
Дамыта оқыту түсіндірме әдісі
Қазіргі жағдай Қазақстан мектептеріндегі білім беру мазмұнының проблемалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz