Жұрнақ және оның түрлері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Жұрнақ және оның түрлері
Орындаған:
Тексерген:
Семей 2014
Жоспар
І Кіріспе
1. 1Жұрнақтардың жалпы сипаттамасы
ІІ Негізгі бөлім
2. 1Жұрнақтардың құрамы мен түрлері
2. 2Жұрнақтардың мағыналары және қолданылу ерекшеліктері
2. 3 Жұрнақтардың зерттелуі
2. 4Орхон-Енисей жазбаларында кездесетін жұрнақтар
ІІІҚорытынды
ІVПайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жұрнақ дегеніміз - өзі жалғанған сөзге лексикалық немесе грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жұрнақ - жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе сөзді түрлендіретін қосымша. Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:
1. Сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы-шы”, “біл-ім”, “жасы-қ”, “таға-ла”;
2. Сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г) -ірек”, “сары-лау”, “сары-рақ”, “жаз-ып”, “жаз-ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет-ретімен жалғанады.
Түбірге тете сөз тудыратын жұрнақтар, одан кейін сөз түрлендіретін жұрнақтар, бұлардан соң жалғаулар орналасады. Жұрнақтар түбірге де, туынды сөзге де жалғанады (“бас-шы”, “басшы-лық”, “ұйы-м”, “ұйым-дас-тыр-у-шы”) . Жұрнақ құрамы мен қолданылу ерекшеліктеріне қарай да бірнеше топқа жіктеледі. Мысалы, жалаң, құранды, көп мағыналы, дара мағыналы, омонимдес, синонимдес, көне, жаңа, т. б. жұрнақтар. Шығу тарихы жағынан кейбір жұрнақтар жеке сөздердің көмекші морфемаға айналуынан пайда болған. Мысалы, “баратын”, “келетін” деген сөздердің құрамындағы “-тын/-тін” жұрнақғы “тұрған” деген сөздің өзгеріске ұшырап, ықшамдалуынан (“бара тұрған - баратын, “келе тұрған - келетін”) жасалған. Жұрнақтардың бір тобы өзі жалғанған сөздердің мағынасын, түбірдің грамматикалық сипатын өзгертуі жағынан сөзжасам қосымшаларына жақын да, бір тобы жалғауларға жақын. Сондықтан олардың бір түрі модификациялық жұрнақтар, екінші түрі таза грамматикалық жұрнақтар деп қарастырылып жүр. Модификациялық жұрнақ жаңа мағыналы сөз тудырмағанмен, түбірге қосымша грамматикалық мағына үстеумен бірге түбір сөздің лексикалық мағынасына семантикалық реңк қосады. Қазақ тілінде модификациялық жұрнақтарға зат есімнің реңдік мәнді жұрнақтары, сын есімнің шырай жұрнақтары, реттік сан есім жұрнақтары, етістіктің етіс, күшейтпелі етістік, болымсыз етістік жұрнақтары жатады. Ал грамматикалық немесе категориялық жұрнақтар өзі жалғанған түбірге таза грамматикалық мағына үстеп, белгілі бір сөз табындағы түрленуінің көрсеткіші болады. Мысалы, есімше, көсемше, рай, шақ тұлғалары етістіктің түрлену көрсеткіштері болып табылады. Мысалы: бүркіт және бүркітші деген сөздер түбірлес сөздер болғандарымен, екеуінің лексикалық мағынасы бір емес, екеуі - екі басқа сөз. Жұрнақтардың қызметтері де, мағыналары да біркелкі емес, әр түрлі. Кейбір жүрнақтар түбір сөздің мағынасын өзгерткенімен, сол сөзді басқа бір грамматикалық категорияға ауыстырып жібермейді. Мысалы: мал мен малшы деген сөздер лексикалық мағынасы жағынан басқа-басқа сөздер, бірақ белгілі грамматикалық мағынасы жағынан зат есімге жатады. Кейбір жұрнақтар белгілі бір сөз табына тән сөздерді басқа бір сөз табына ауыстырады. Шеге, түз, аяк, дегендер зат есімге тән сөздер болса, оларды -ле(шегеле), -да(тұзда), -та(аяқта) жұрнағы етістікке айналдырып тұр.
Сөйтіп, сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудыратын жұрнақты - сөз тудырушы жұрнақ деп атайды. Мысалы: киім, өнім деген сөздер -ім, жұрнағы арқылы ки, өн сөздерінен туған. Сондай-ақ aш, тол сөздерінен -ық жұрнағы арқылы ашық, толық деген жаңа сөздер жасалған. Сөз таптарының әрқайсысының өзіне тән категориялары тудыратын мұндай жұрнақтардың лексикалық қызметінен гөрі грамматикалық қызметтері анағұрлым басым болады. Мұндай жұрнақтарды сөз түрлендіретін жүрнақтар деп атайды.
Жалаң жүрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да бөлшектенбейтін бір бүтін жұрнақты айтады. Мысалы: білім, кешкі, ойла, кеспе, малшы, ұшқыш дегендердегі -кі, -ла, -ne, -шы, -қыш жұрнақтарының әрқайсысы мағына жағынан, тұлға жағынан да біртұтас жұрнақ.
Мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да, құрамы жағынан кемінде екі я онан да көп жалаң жұрнақтардан құралып (бірігіп) жасалған жұрнақтар күрделі (құранды) жұрнақтар деп аталады. Мысалы: Тұрғылықты, көтеріңкі, ашпалы деген -легі -ғылықты, (ғы-лық-ты), -іңкі (ің-кі), -палы (па-лы) т. б.
Жалаң жұрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да бөлшектенбейтін бір бүтін жұрнақты айтамыз.
Мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да, құрамы жағынан кемі екі я одан да көп жалаң жұрнақтардан құралып жасалған жұрнақтар құранды жұрнақ болады. (-шылық, -шылык, -ғылықты, -ымпаз, -імпаз (жағымпаз), -ыншық, -іншек, -сыра, -сіре (қапсыра, естіре), -ырқап, -іркеп (жабырқап, шіміркеп), -ыңқыра, -іңкіре (етістіктен туған) (барыңқыра, жүріңкіре) ) .
Байқа-шы, қой-шы, ая-шы сөздеріндегі, сондай-ақ, келейін-ші, келейік-ші, кел-ші, келтір-ші, келіңдер-ші, келсін-ші, келсем-ші формаларындағы -шы (ші) қосымшасы етістіктің түр-түрлеріне тілену, жалыну мағынасын жамап тұрса, бармақшы, келмекші дегендерде -шы (-ші) жұрнағы мақсаттылық тиянақты түрде жүзеге асырылатындығына көзді жеткізе түсетін мағына үстейді.
Жұрнақтар мынандай топтарға бөлінеді:
- Тілдің өз төл материалынан я басқа тілден енген материалдан шыққандығына қарай, олар төл және кірме жұрнақтар болып бөлінеді.
- ерте я кеш шығып қалыптасуына қарай көне және жаңа жұрнақтар болып бөлінеді.
- Қазіргі кезде сөз тудыру қабілеттерінің бар я жоқтығына қарай, олар тірі және өлі жұрнақтар болып саналады.
- Құрамдарындағы морфемалардың дара я күрделі болуына қарай, жалаң және құранды жұрнақтар болып бөлінеді.
- Мағыналық жағынан бір я бірнеше мағынаны білдіруіне қарағанда, олар дара мағыналы (моносемиялық) және көпмағыналы (полисемиялық) болып бөлінеді.
- Формасы (айтылуы мен жазылуы) басқа-басқа бола тұра мағыналары бір-біріне жақын я мағыналас синоним жұрнақтар; сондай-ақ, формасы бірдей (айтылуы мен жазылуы) бола тұра, мағыналары бір-бірінен алшақ омоним жұрнақтар болады.
- Қазіргі кезде сөз тудыру жағынан өнімді я өнімсіз болуларына қарай, құнарлы, құнарсыз болып бөлінеді.
Жұрнақтардың мағыналық түрлері (А. Ысқақов)
- Тілдің өз төл материалынан, я басқа тілден енген материалдан шыққандығына қарай, олар төл жұрнақтар және кірме жұрнақтар деп бөлінеді.
- олар ерте я кеш шығып қалыптасуына қарай көне жұрнақтар және жаңа жұрнақтар деп бөлінеді.
- Қазіргі кезде сөз тудыру қабілеттерінің бар я жоқтығына қарай, олар тірі және өлі жұрнақтар деп бөлінеді.
- Құрамдарындағы морфемалардың дара я күрделі болуына қарай, олар жалаң және құранды болады
- Мағыналық жағынан бір я бірнеше мағынаны білдіруіне қарай, олар дара я көп мағыналы болады.
- Формасы басқа-басқа бола тұра, мағыналары бір-біріне жақын я мағыналас синоним жұрнақтар, сондай-ақ формасы бірдей бола тұра, мағыналы бір-бірінен алшақ омоним жұрнақтар болады.
- Қазіргі кезде сөз тудыру жағынан өнімді я өнімсіз болуларына қарай, құнарлы, құнарсыз болып бөлінеді. (-шы, -ші мамандық я бір іске бейімділік, икемділік мәнін береді) .
Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін түбір дейді. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген т. б. сөздердің түбірлері - жол, сау, мектеп, көр. Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір мағынаны білдіреді: жол - із немесе сапар, сау - сүт алу, мектеп - оқитын орын, көр - көзбен байқау.
Осы түбірлерге жалғанған -дас, -тық (жолдастық деген сөзде) -ын, -шы (сауыншы деген сөзде), -тер, -діқ (мектептердің деген сөзде) -ін, -ген (көрінген деген сөзде) бөлшектері қосымша деп аталады.
Қосымша жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды. Жоғарыдағы -дас, -тық, -ын т. б. дегендерде ешбір мән жоқ. Түбірге қосылғанда, оған бүтіндей жаңа мағына қосады, мысалы, жол - із я сапар болса, жолдас - жолға бірге шығатын адам я серік; не қосымша мән үстейді: мектеп - оқу оқитын орын болса, -тер деген қосымша сол мектептің біреу емес көп екенін ғана білдіреді. Сөйтіп, қосымша түбірсіз қолданылмайды және оның мәні тек түбір арқылы айқындалады.
Қосымша екі түрлі: жұрнақ және жалғау. Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын езгертеді немесе жаңа мағына тудырады. Жалғау өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертпейді, ол сөзді басқа сөзбен байланыстырады. Жұрнақтын өзі екі түрге бөлінеді: сөз тудырушы жұрнақтар және сөз түрлендіруші жұрнақтар. Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, жаңа мағына үстейтін жұрнақты сөз тудырушы жұрнақтар дейді. -ын және -шы жұрнақтары жаңа сөз тудырып тұр. Жол деген із немесе сапар мәнін беретін сөз болса, оған -дас қосылып, жолдас - серік мәніндегі адам, оған -тық қосылып, жолдастық - адамдар арасында болатын қарым-қатынас, сау деген сүт алу мәнін беретін, қимылды білдіретін сөз болса, оған -ын қосылып, саууға байланысты жаңа мағынадағы заттық ұғым, оған -шы қосылып саууды іске асыратын адам, сондай мамандықтың иесі сияқты жаңа мағыналарды беріп тұр. Осындай жұрнақтар арқылы жасалған сөздер туынды түбір немесе туынды сөз деп аталады. Сөйтіп, жол, сау деген сөздер - негізгі түбірлер де, жолдас, жолдастық, сауын, сауыншы деген сөздер - туынды түбірлер.
Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы: өнім, өндіріс, өніс, өнгіш сияқты сөздердің негізгі түбірі - өн.
Тіл-қатынас құралы ретінде ойлаудың тікелей шындығын, болмысын сөйлеу, жазу арқылы білдіреді. Тілдің ең кішкене бөлшегі - сөз болса, сөздердің өзара тіркесіп келуі арқылы ғана тілдік ұғым жасалады. Олай болса, тілдің заңдылығы, өз ішінде сала-салаға бөлінетін алуан түрлі тармақтары бар.
«Сөздердің жасалуы» деген бөлім тілдік материалдың қарастыратын мәселелеріне қазақ лексикасындағы сөздердің қандай амал-тәсілдер арқылы жасалатынын анықтайды. Морфология бөліміндегі сөз таптарының жасалуы, тұлғалық көрсеткіштері, сөздердің құранды бөлшектерінің бәрі сөздердің жасалу заңдылықтарымен ұштасып жатады. Сол себепті «Сөздердің жасалуын» лексикадан соң, сөз таптарынан бұрын жеке тарау етіп танып, өз алдына категория етіп оқыту дұрыс ойластырылған. Сөздердің әрқилы жолдармен жасалу ереже-анықтамалары негізінен әр сөз табына қатысты, сондықтан сөздердің жаралуын орфография заңдылықтарымен ұштастыра оқыту оқушының сөйлеу, жазу тілін дамыту, сауаттылығын арттырудағы іскерлік дағдыларын қалыптастырады.
Н. Оралбаева «Қазақ тілінің сөзжасамы» монографиясында түрлі мысалдар арқылы сөзжасамдық типтің үш белгісі толық сай болмаса, туынды сөздің бір сөзжасамдық типке жатпайтыны өте анық дәлелденген.
Сонымен монографияда бір сөзжасамдық типке жататын туындылардың іштей мағыналық ерекшілігі болатыны да анықталған; «Сөйтіп, ортақ мағыналы бір типке жататын негізді туынды сөздердің ішкі семантикалық ерекшелігі болуы тілде жиі кездесетін құбылыс. Бір мағынаның түрлі реңкі болуы тіл орамдылығының бір белгісі болса оған осы ерекшелік жатады».
Бұл арқылы сөзжасамдық типті қате жібермей дұрыс ажыратуға жол ашқан. Монографияда сөзжасамдық үлгі мәселесін де алғаш ғылыми айналымға түскен. Қазақ тіл білімінде сөзжасамдық тип арнайы зерттелген жоқ, бірақ сөзжасам оқылығына сөзжасамдық тип, сөзжасамдық үлгі (модуль) мәселелері кірген.
Қазақ тілінің сөзжамасы оқулығында сөзжасамдық тип туралы мынадай мағлұматтар берілген: «Сөзжасамдық тип деп сөз табынан белгілі бір жұрнақ арқылы жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуы аталады. Мысалы, сын-сынақ, ат-атақ, жол-жолақ, т. б. »
Оқулықта сөзжасамдық типтің мынадай ерекшеліктері көрсетілген: сөзжасам әрекеті тікелей сөзжасамдық типтер арқылы жүзеге асады, яғни туынды түбір арқылы белгілі сөзжасамдық тип арқылы жасалады. Оқулықта берілген бұл дерек сөзжасамдық типтің тілдің сөзжасам жүйесіне негізгі орын алатынын білдіреді, өйткені тілде сөзжасамдық типсіз жасалған туынды түбір сөздер бірілі-екі ғана, олай болса туынды түбір атауы негізінен сөзжасамдық типке байланысты. Бұл сөзжасамдық типтің сөзжасам жүйесінде негізгі орын алатынын дәлелдейді.
Оқулықта түрлі сөзжасамдық типтің жасалуы туралы былай дейді: «Ал, негіз сөздер түрлі сөз табынан болуына, олардың туынды түбірлердің түрлі мағыналар арқылы жасалып, түрлі мағына жасалуы тілде түрлі сөзжасамдық типті тұлғада». [5. 44б]
Енді оқулықта бір сөзжасамдық тип сөздер қандай туынды сөздер жататынын төмендегіше көрсеткен: «Бір сөзжасамдық типке белгілі бір жұрнақтың бір сөз табынан болған негіз сөздерге жалғанып, оларға бірден мағына қосуынан жасалған туынды түбірлер жатады. Мысалы, қолда, майла, көзде, т. б»
Ал бұл туынды түбірлердің бір сөзжасамдық типке жататынын былай дәлелдеген: «Бұл туынды түбірлер бір сөзжасамдық типке жатады. Олардың басын қосатын ортақ белгілер мыналар: 1. Негіз сөздері, бәрін де зат есім. 2. Бәрі жұрнақ арқылы жасалған. 3. Туынды түбірлердің бәрінде қимыл мағынасы жасалған».
Сөзжасамдық тип синтетикалық сөзжасамда бір жұрнақ арқылы ғана жасалатыны ғылымда танылған. Ол туралы пікір алалығы жоқ. Ал, оның не үшін танылып жүргені көбіне айтыла бермейді.
Сөзжасамдық типтің құрамына кіретін, сөзжасамдық типтің белгілерінің бірі саналатын сөзжасамдық жұрнақтың атқаратын қызметі толық ашылды деуге әлі ерте. Оның үстіне сөзжасамдық типтің құрамындағы жұрнақ сөзжасамдық типтің үлгісінің негізгі мүшесі. Бұл жағдайлардың бәрі сөзжасамдық типтің құрамындағы сөзжасамдық жұрнақтың синтетикалық сөзжасамда, оның ішінде сөзжасамдық типте атқаратын орасан зор қызметіне байланысты.
Сөзжасамның не бәрі үш тәсілі болса, оның бірі синтетикалық тәсілде сөзжасамдық жұрнақпен байланысты. Әр сөз табының сөзжасамдық жұрнақтар бар. Бірақ олардың нақты саны ғылымда әлі анықталған жоқ. Тілдегі сөзжасамдық әр жұрнақтың қанша мағына беретіні әлі анықталған жоқ. Осы сияқты сөзжасамдық жұрнақтардың анықталмаған мәселелері әлі көп. Солардың бірі сөзжасамдық жұрнақтардың сөзжасамдық типтегі қызметі және оның сөзжасамдық жұрнақтардың мағыналарын анықтауға қатысын ашу. Бұл мәселелер қазақ тіл білімінде әлі зерттелмеген, ғылыми жауабы белгісіз мәселелер.
Зерттеу жұмысымыз сөзжасамдық типке қатысты болғандықтан, сөзжасамдық типте сөзжасамдық типте жұрнақтың атқаратын қызметін анықтау өте қажет.
Алдымен, синтетикалық сөзжасам тұрғысынан алғанда, сөзжасамдық тип сөзжасамдық жұрнақсыз жасалмайды. Олай болса, сөзжасамдық жұрнақ сөзжасамдық тип жасаушы негізгі бірліктің бірі. Олай дейтін себебіміз морфема тұрғысынан алғанда, сөзжасамдық типтің жасалуына екі түрлі морфема ғана қатысады, олар: уәждеме сөздер және сөзжасамдық жұрнақ.
Сандық тұрғыдан алғанда, бір сөзжасамдық типте уәждеме сөздер көп болады, сөзжасамдық жұрнақ біреу ғана болады.
Осымен байланысты, сөзжасамдық жұрнақ арқылы сөзжасамдық типте түрлі туынды түбір сөздер жасалады. Мысалы, айбынды, айыпты, ақылды, атақты, арайлы, ардақты, әдепті, әлді, әсерлі, бағалы, бақытты, беделді, белгілі, бөлмелі, буынды, білімді, білтелі, дарынды, есті, жазалы, жайлы, инабатты, кескінді, киелі, киімді, көрікті, күшті, кінәлі, қабілетті, қадірлі, қасиетті, қуанышты, құтты, мәнді, мейірімді, мүйізді, нұрлы, ойлы, орманды, орынды, өнімді, пайдалы, рақымды, сабырлы, сәтті, сұраулы, талантты, таулы, төзімді, тұрақты, түкті, тілді, хабарлы, шартты, шешімді, шуақты, таулы, сулы, әдепті, жігерлі, сабырлы, ажарлы, құнды. Осы туынды сөздердің бәрі бір сөзжасамдық типке жатады. Өйткені олардың бәрінің уәждемелері зат есім сөздер және ол зат уәждемелерінің бір ғана -лы, -лі жұрнағы арқылы туынды түбір сөздер жасалып, олар бір сөзжасамдық тип жасаған.
Бұл сөзжасамдық типтегі туынды түбір сөздердің бәрі сөзжасамдық типтің шартына, белгілеріне толық жауап береді. Өйткені: олардың уәждемелері бір сөз табына яғни зат есім сөздер. Бұл сөзжасамдық типтің бірінші белгісі; оған келтірілген туындылар сәйкес келеді. Екіншіден, келтірілген туынды түбірлердің бәрі бір жұрнақ арқылы жасалған. Бұл сөзжасамдық типтің екінші белгілеріне келтірілген туынды түбір сөздердің сәйкестігін білдіреді.
Үшіншіден, мысалға келтірілген туынды түбір сөздердің бәрі заттың сындық белгісін білдіретін туынды түбір сөздер. Демек, олардың бәрінің ортақ мағынасы бар. Бұл сөзжасамдық типтің үшінші белгісіне сай келеді.
Олай болса, мысалға келтірілген жоғарыдағы туынды түбір сөздер сөзжасамдық типке жататыны анықталды. Сонымен, осы сөзжасамдық типтің жасалуында -лы, -лі жұрнағы негізгі қызмет атқарушы тілдік бірліктердің бірі екені анықталды.
Сонымен бірге, сөзжасамдық типтегі жұрнақтың сөзжасам теориясына қосатын өзіндік қызметі тағы бар. Сөзжасамдық бір типке жататынын жоғарыда келтірілген мысалдар сөзжасам теориясына қатысты мынадай нақты дерек береді. Жоғарыда келтірілген -лы, -лі жұрнағы арқылы жасалған туынды түбір бұл жұрнақтың нақты өнімді екенін дәлелдейді.
Олай болса, сөзжасамдық типтерді зерттеу арқылы тілдегі сөзжасамдық жұрнақтардың тілдегі сөзжасамдық жұрнақтардың өнімді, өнімсіздігін анықтауға болады. Сөзжасамда тілде өнімді, өнімсіз жұрнақтардың бары айтылып жүр. Бірақ қай сөзжасамдық жұрнақ қандай дәрежеде өнімді, қандай дәрежеде өнімсіз екені әлі белгісіз. Демек, бұл мәселе ғылымда шешілмеген мәселелер тобына жатады. Осы мәселені шешуде сөзжасамдық типтерді зерттеу үлкен қызмет атқарады.
Сондай-ақ, сөзжасамдық жұрнақтардың ішінде көп мағыналы түрлері де бар. Бірақ ол сөзжасам теориясындағы анықталмаған мәселе. Тек, 2002 жылғы «Қазақ тілінің сөзжасамы» атты сөзжасамның тұңғыш оқулығында сөзжасамдық жұрнақтардың көп мағыналығын бір жұрнақты түрлі мағыналық топта көрсету арқылы аңғартқан. Мәселен, оқулықтағы етістіктен зат атауын жасайтын жұрнақтарды автор он мағыналық топқа бөлген:
1) тамаққа қатысты атауларды жасайтын жұрнақтар.
2) Құрал -сайман атауын жасайтын жұрнақтар.
3) Табиғат, мезгілге байланысты атау жасайтын жұрнақтар.
4) Дене мүше атауын жасайтын жұрнақтар.
5) Нақты зат атауын жасайтын жұрнақтар.
6) Дерексіз заттық ұғым атауларын жасайтын жұрнақтар.
7) Ауру атауларын жасайтын жұрнақтар.
8) Өмірге қатысты атауларды жасайтын жұрнақтар.
9) Ұлттық ойынға қатысты атауларды жасайтын жұрнақтар.
10) Тіл білімінің терминдерін жасаған жұрнақтар.
Мұнда қазақ тіл білімінде сөзжасамдық жұрнақтарды бірінші рет мағыналық топқа бөлінген. Бұл бұрын қазақ тіл білімінде болмаған құбылыс. Бұрынғы оқулықтарда әр жұрнақ беріліп, оған мысал келтірілетіні есімізде.
Демек, оқулық жұрнақ мағыналарын ашу қажеттілігін алға тартқаны зерттеушілердің назарларын аударған. Міне, осы мәселені шешуге де сөзжасамдық типтің қатысы бар. Өйткені сөзжасамдық типке сөзжасамдық жұрнақтың бір мағынасы ғана қатысады. Егер жұрнақ көп мағыналы болса ол әр сөзжасамдық типке жатады. Оны профессор Н. Оралбаева 1989 жылғы «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамдық жүйесі» монографиясында көрсеткен. Монографияда айтыс, соғыс, керіс, жеңіс, кеміс, кеңіс туынды түбір сөздерін келтіріп олардың бір жұрнақ арқылы жасалса да, бір сөзжасамдық типке жатпайтынын уәждеме сөздердің түрлі сөз табы болуымен бірге -ыс, -іс жұрнағының мағынасында айырма барын да ескеріп, олар түрлі сөзжасамдық типке жатады деп шешкен.
Олай болса сөзжасамдық типті зерттеуде сөзжасамдық тип мәселесін шешумен бірге, сөзжасамдық жұрнақтың түрлі мағыналарын ашып, сөзжасам теориясын да толықтыруға да үлес қосуға болады.
Бұл қазақ тіл білімінің жаңа саласы сөзжасамның әлі зерттелмеген мәселелерінің баршылық екенін, мол екенін дәлелдейді.
Сөздердің жасалуындағы нақты амал-тәсілдерді білдіру, оны жүйелі оқыту он жылдық орта мектептің 4-5-класс программаларында «Сөздердің жасалуы» бөліміндегі тілдік материалдар жетілдірілген жаңа программада мынадай жүйемен берілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz