Туризмнің даму тарихы


Туризмнің даму тарихы
Жоспар
Кіріспе.
- Бөлім. Туризм түсінігі және оның жалпы сипаттамасыТуризм түсінігіТуризмнің сипаттамалық нысандарыТуризмнің түрлері
- Бөлім. Туризмнің даму тарихы. Адамзат тарихы және алғашқы ұйымдастырылған саяхаттанулардың әлеуметтік-экономикалық себептеріДүниежүзілік жаңа заманғы туризмнің даму тарихы және туризм идустриясының жағдайы мен болашағы
- Қазақстандағы туризмнің дамуы. «Жібек жолы - Қазақстан» - тарихи құндылық. Қазақстандағы туризмнің дамуыҚазақстан Республикасы тәуелсіздігі кезеңіндегі туризмнің индустриялық туризмнің дамуының жаңа кезеңдегі жағдайы мен проблемалары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Туризм - әр адамға белгілі құбылыс. Барлық заман кезеңдерінде біздің ғаламшарымыз - жер бетін көптеген саяхаттанушылар мен алғашқы ашушылар кесіп өткен. Алайда туризм адамдардың арнайы бір қызмет түрі ретінде қазіргі заманда ғана қалыптаса бастаған. Біздің әрқайсымыз туризмді бір географиялық сала ретінде қарастырмаймыз, өйткені біз басқа жақтарға сапар шегіп немесе өз жұмыс демалысымызды тұрған жерден алыста өткізуді саяхаттану ретінде ғана түсінеміз. Туризм салыстырмалы түрде өте жас феномен, алайда оның түптамыры ежелгі заманға ұласып жатыр. Біз нарықтық шаруашылыққа туризмге қатысты халықаралық рынокта көптеген өзгерістер енген кезеңде жеттік. Туризм бүкіл әлемде экономиканың ең маңызды салаларының біріне айналды, ал тіпті кейбір дамып келе жатқан елдерде экономиканың қарқынды дамып, мемлекет тұрғындарының сапалы өмір сүруінің, және елдің мемлекеттік қаражатының негізгі көзіне айналды. (Мысалы, Тайланд, Кипр, Малайзия және т. б. ) .
Туризм бүгінгі таңда қазақстандық немесе әлемдік экономиканың ең маңызды мекторына айналды. Туризмнің дамуы - болашақтағы экономикалық жағынан өте тиімді жаңа әлемдік нарықтық шаруашылықтың бір бөлігі, өйткені туризм шетел валютасын немесе инвестициясының көптеп ағылуын қамтамасыз етіп, елдің төлемдік балансы көрсеткіштері мен экспорттық дамуына оң әсерін тигізеді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін туризмнің дамуына көптеген жарқын мүмкіндіктер туғызды. Қазіргі кезде республика шетел саяхаттанушыларын тартуға күш салуда, алайда әлі де елдің материалдық техникалық базасы ескірген, туристік қызмет түрлеріне жұмсалатын қаржының аздығы және өте төмен туристік сервистік қызмет көрсету деңгейі саяхаттанушылардың біздің елге көптеп келуіне кері әсерін тигізуде.
Туризмның дамуы әсіресе халықаралық туризмнің көтерілуі, шетел валютасы көлемінің көбеюіне, бюджеттік қаражаттың өсуіне, жұмыссыздықтың азаюына, бос жұмыс оырндары нарығының кеңеюіне, тұрғындардың тпабысының және өмір деңгейінің жоғарылауына мүмкіндік туғызатыны сөзсіз.
Мемлекет белгілеген басымдықтардың бірі ретінде туризм, туризм кейінгі уақытта мемлекет қоржынына кіріс келтірерлік сала ретінде барынша қолға алынып, енді-енді аяғынан нық тұра бастады. Қазіргі таңда Қазақстандық туризмге шетелдік саяхаттанушылардың тарапынан қызығушылық деңгейі өсуде, алайда мемлекет бүкіләлемдік туризм нарығының тек қана 1, 5%-ын ғана иеленіп отыр.
Таяу болашақта мемлекетіміздің әлемдік экономикалық кеңістікке дербес интеграциялануы үшін де оның алып келерлік пайдасы айрықша болмақ. Осы ретте сала мамандарының пікіріне сүйенсек, әсіресе орталық азиялық мемлекеттерде экологиялық туризмнің стратегиясын бір жүйеге келтіруде шетелдік тәжірибенің берері мол.
Бөлім. Туризм түсінігі және оның жалпы сипаттамасы
- Туризм түсінігі
Ел дәулетін ешбір шығынсыз арттырудың ең төте жолы қайсы дегенде, көпшілік алдымен ауызға туризмді алары анық. Себебі, әлемдік тәжірибенің өзі көрсетіп отырғанындай, аршынды адыммен алға кеткен мемлекеттердің көпшілігі өз қоржындарын түрлі инвестициямен толтыру кезінде көбіне көп осы салаға арқа сүйейді.
Расында, экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны айрықша. Оған ешкім шәк келтірмейді. Дүниежүзілік туристік ұйымның соңғы кездегі таратқан мәліметтеріне қарағанда, осы саламен айналысатын мемлекеттер қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы тек біз сөз етіп отырған табыс көзінің еншісіне тиесілі екен. Сондықтан да туризмнен түскен кіріс дүние жүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді.
«Туризм» түсінігіне жай ғана бір сөзбен жауап беру мүмкін емес. Біреулердің түсінігінше, туризм қолдарына қол шатыр алып, түнгі шоқ ошақ басында ән айтып, адам аяғы баспаған жерлермен жүрілген киллометрлер болса, ал енді біреулер үшін тарихи жерлерде саяхаттану, олардың болмысы мен тарихын зерттеу, үшінші біреулер үшін шет елдерге саяхаттанумен түсіндіріледі. Әрине, олардың әрқайсысы да дұрыс пікірде, өйткені, туризм саласы сан-қилы, жан-жақты құбылыс.
Бір көзге қарағанда «туризм» түсінігі кез келген адамға түсінікті термин, өйткені біз бәрімізде бөтен жерлерге сапар кештік, туризм туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп, мақалалар оқыдық, саяхаттар туралы әртүрлі телебағдарламаларды тамашаладық, өз еңбек демалысымызды жоспарлай отырып, туристік агенттіктердің кеңестері мен қызметтерін пайдаландық. Алайда, ғылым және білім саласында халықшаруашылығының ажырамас бір бөлігі ретінде туризмнің құрамдық элементтерінің қатынасын айқындап алғанның маңызы зор.
Туризм түсінігін айқындағанда мынадай келесі көрсеткіштерді ескерген жөн:
- Орын өзгерту. Бұл жағдайда іс-әрекет күнделікті ортадана тыс жерге орын ауыстыру арқылы жүзеге асады. Алайда өз үйі мен жұмыс орнына немесе оқу орнына бару арқылы орынын өзгерткен тұлғаны турист ретінде қарастыру мүлдем теріс түсінік.
- Өзге жерге келу. Бұл жағдайдың басты мақсаты: өзге келген жер тұлғаның үнемі немесе ұзақ мерзімді өмір сүру ортасына айналмауы тиіс. Сонымен қатар бұл еңбек қызметімен де байланысты (жолаушының еңбекақысы мен іс-сапар ақысын төлеу) болмауы керек. Тағы да бір ерекшелігі саяхаттанушылар жаңадан келген ортасында 12 ай бойы немесе одан да ұзақ мерзімде тұрақтамауы тиісті. Нақты бір өзге ортада бір немесе одан да ұзақ мерзімде болған немесе болуды жоспарлаған адам туризмнің критерийлері бойынша саяхаттанушы (турист) болып саналмайды.
- Жаңадан келген орта еңбек ақы төлеудің негізгі ортасы. Бұл жағдайда саяхаттың немесе жолсапардың негізгі мақсаты жаңадан келген ортада арнайы бір қызмет етіп, пайда табуды көздеу болмауы тиіс. Қызметтік іссапар, сондай-ақ бос уақытын өткізу мақсатындағы саяхат - бұл күнделікті өмір сүру және қызмет ету ортасынан тыс жерге орын ауыстыру. Егер қала тұрғыны сол қаладан сауда-саттық қызметі мақсатында орын ауыстырса, ол саяхаттанушы болып есептелмейді. Өйткені ол өзінің негізгі ортасын тастап кетпейді.
Бұл үш критерий туризм түсінігінің негізін қалайтын басты элементтер болып табылады. Жоғарыда көрсетілген ерекшеліктері туралы сипатталамалар мен критерийлерді талдай келе, туризмнің келесі түсінігін айқындауға болады:
Туризм - бұл тек экономиканың маңызды саласы ғана емес, сонымен қатар адам өмірінің басты бөлігіні бірі. Ол адамның сыртқы қоршаған ортамен қарым қатынасын қамтиды. Туризм - адамдардың үнемі немесе ұзақ мерзімді өмір сүру орны болып табылмайтын, және олардың еңбек қызметімен байланысты емес өзге бір ортаға сапарымен сипатталатын әлеуметтік-экономикалық, тарихи, мәдени және рухани қатынастардың, құбылыстардың жиынтығы болып табылады.
- Туризмнің сипаттамалық нысандары
Кейде туризм сапасын саяхаттанудың әртүрлі мерзімдік ұзақтығына байланысты оларды нысандарына қарай нақты бөлуді қажет етеді. Туризмді сыртқы критерийлері бойынша бөлудің бірнеше нысандары бар:
- туристтердің шығу тегі бойынша;
- ұйымдастырушылық нысаны бойынша;
- саяхаттану мерзімінің ұзақтығы бойынша;
- саяхаттанушының жасы бойынша;
- көлік түрлері бойынша;
- жыл мезгілдері бойынша;
- белгілі бір табиғат кезеңдері бойынша.
Туристердің шығу тегі бойынша туризмнің нысаны. Бұл нысан бойынша саяхаттанушының шығу тегіне байланысты туризм ішкі және халықаралық болып 2 бөлінеді. Бұл жерде шығу тегі сөзі оның ұлтына немесе туған жеріне қатысты емес, оның тұрғылықты тұратын жері мен жұмыс орнына байланысты түсіндіріледі.
Ұйымдастырушылы салдарына байланысты туризм нысаны. Ұйымдастырушылық нысаны бойынша туризм паушалды немесе жиынтықты ( бір бағаға әртүрлі қызмет түрлерінің жиынын ұсыну түріндегі) және жеке дара болып бөлінеді. Жиынтықты туризм - бұл орталықтандырылған, алдын ала ұйымдастырылған туристік қызмет түрінің жиынтығы. Жеке дара саяхаттанудың ерекшелігі турист өз сапарын жеке өзі ұйымдастырып, өзі жүзеге асырады. Мұндай саяхатшы жеке дара деп аталғанмен, бұл турист тек өзі ғана саяхаттануы тиіс дегенді білдірмейді, ол өз қалауы бойынша отбасымен, достарымен саяхаттануы мүмкін.
Саяхаттану мерзімінің ұзақтығы бойынша ерекшеленетін туризм нысаны. Саяхаттану мерзімінің ұзақтығы туристтің жол сапар кезінде немесе белгілі бір жерде болған кезде өткізген жалпы уақытымен есептеледі. Бір күндік саяхаттану мынадай түрге жіктеледі: 3 сағаттан төмен; 3-5 сағаттық, 6-8 сағаттық, 9-11 сағаттық, 12 және одан да көп сағаттық; түнде қона отырып саяхаттану - 1-3түн; 4-7түнге, 8-12 түнге, 92-365 түнге болып жіктеледі. Мерзімдік туризм сондай-ақ транзиттік және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді туризм іскерлік және демалыс күндеріндегі саяхаттану түрінде болуы мүмкін. Іскерлік немесе жеке мақсаттарына қарамастан қысқа мерзімді туризм 2-4 күнді құрайды. Ең төменгі мерзімі 1 түнге, ең жоғарғы мерзімі 3 түнге қонуы мүмкін.
Саяхаттанушылар жасына байланысты туризм нысаны. Бұл туризм нысаны бойынша жіктелгене саяхаттанушының жасы да ескеріледі. Жастық сатысына байланысты саяхаттанушылардың келесі топтары анықталған: өз ата-аналарымен саяхаттанушы балалар, жастар (жасы 14-24 аралығында), экономикалық тұрғыда белсенді жас адамдар (25-44 аралығындағы туристер), орта жастағы экономикалық белсенді адамдар (45-64 жас аралығындағы туристер, олар көбіне статистика бойынша балаларынсыз саяхаттанады), зейнеткерлер (65 жастан жоғары саяхаттанушылар) .
Көлік құралдарының түрлеріне байланысты туризмнің нысаны. Саяхаттанушыларды бір орыннан екінші бір жерге орын ауыстыруы үшін қолданылатын көлік құралдары бойынша туризм авиатуризм, автобустық туризм, теміржолдық туризм, автокөлікті туризм және теңіздік туризм болып бөлінеді.
Жыл мезгілдеріне байланысты туризм нысаны. Жыл мезгілдеріне байланысты туризм жазғы немесе қысқы туризм болып бөлінеді. Бұл туризм нысанының ерекшелігі саяхаттанушы ғаламшардың қыс мерзімі бола тұра саяхаттау үшін тропикалық жаз масайрап тұрған елді мекендерге, немесе керісінше жаздың ыстық күндері мәңгі мұз басып жатқан арктикаға сапар кешуі мүмкін.
Белгілі бір табиғат кезеңдері бойынша кезеңдік туризм нысаны. Кезеңдік туризм жыл ішінде туристік қызмет түрлеріне сұраныстың ауытқу деңгейімен сипатталады. Жолсапардың ең жоғарғы дәежеде көптеп ағылуы - туристік кезең деп аталса, саяхаттану деңгейінің саябырлауы - кезеңаралық деп аталады. Туристік кезең әр түрлі мемлекеттерде, аймақтарда, табиғат зоналарында географиялық тұрғыда әр түрлі, бір біріне сәйкес келмеуі мүмкін.
1. 3. Туризмнің түрлері
Туризмді түрлеріне байланысты жіктеуге мүмкіндік беретін белгілері ретінде саяхаттанудың мотивациялық факторларын қарастыруға болады. Мұндай жіктелуде саяхатқа адамды аттандырған негізгі себептерді анықтау қажет.
Себептік мотивациялық жіктелу туризмнің 6 түрін анықтап береді.
1. Демалу мақсатындағы туризм. Мұндай туризмнің түрі қысқа мерзімге немесе едәуір ұзақ уақытқа организмді физикалық немесе психологиялық тұрғыдан қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл топқа сонымен қатар емделу немесе әл-ауқатын қалпына келтіруге климат, теңіз суы секілді табиғи құбылыстар пайдаланылатын курорттық демалысты да жатқызуға болады.
2. Мәдениетті зерттеу мақсатындағы туризм. Бұл туризмнің түрі өзге елдің рухани құндылықтарын, мәдениетін, тарихын зерттеп, білуге бағытталған және ол танымдық және діни табынушылық болып бөлінеді. Танымдық туризм тарихи, мәдени және географиялық құндылықтарды зерттеу, көру мәселелерін қамтиды. Бұл мақсаттағы саяхаттанушылар көбінесе өздері саяхаттанған елдің әлеуметтік, экономикалық қатынастарына қызығушылық білдіреді. Табынушылық мақсаттағы туризм ерекше діне мәні бар жерлерді көру арқылы орындалады.
3. Қоғамдық туризм. Қоғамдық туризм ретінде саяхаттанушы өзінің туысқандарын, таныстарын, достарын көру, қонақ болу мен түсіндіріледі. (халықаралық терминологияда visiting friends and relatives - деген атпен таныс) . Сондай ақ клубтық туризмді де жатқызуға болады. Клубтық туризмнің ерекшелігі саяхаттанушы саналы түрде арнайы бір топпен ғана демалуды мақсат етеді.
4. Спорттық туризм. Спорттық туризм белгілі бір спорттық іс шараға белсенді қатысуға бағытталған жолсапар, сондай ақ пассивті немесе белсенді емес сипаттағы спорттық жарыстарға қатысу мақсатындағы жол сапар болып табылады. Белсенді түрде спорттық жарысқа қатысу, мысалы, П атты азамат шаңғыдан халықраралық жарысқа қатысу үшін Карпат еліне аттануы мүмкін, ал пассивті қатыс футбол жанкүйері өз футбол клубының ірі ойынына қатысып, қолдау көрсету үшін ойын өтетін елге сапар шегуі мүмкін.
5. Экономикалық туризм - бұл кәсіптік және коммерциялық мақсатта жүзеге асырылатын жол сапар болып табылады. Мысалы халықаралық биржа, көрме, жәрмеңке және тағы басқа іс шараларға қатысу.
6. Конгресстік (саяси) туризм. Бұл туризм түрі дипломатиялық және саяси іс-шаралармен байланысты туризм болып 2 бөлінеді. Дипломатиялық туризм белгілі бір елдегі экономикалық, әлеуметтік жағдайларға талдау жасау, баға беру немесе өз пікірін білдіру мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Москваға Халықаралық Парламент отырысына қатысуы үшін баруы мүмкін. Саяси туризм белгілі бір елдегі, аймақтағы мемлекеттік маңызы бар саяси-қоғамдық шараларды ұйымдастыру, талдау жасау, саяси баға беру мақсатында жүзеге асырылады. Мысалы, Белгілі бір мемлекет азаматы нақты бір саяси партияның жарғылық мақсаттарына қызығушылық танытып, сол партияның съезіне қатысу үшін жол сапар кешуі мүмкін.
2. Бөлім. Туризмнің даму тарихы.
- Адамзат тарихы және саяхаттанулардың әлеуметтік-экономикалық себептері.
Туризм тарихы ғылым саласы ретінде саяхаттанудың ең қарапайым ежелгі кезеңінен қазіргі заманға дейінгі даму элементтерін зерттейді. Туризм тарихын зерттеудің негізгі пәні - туристік қозғалыстың әлеуметтік құбылыс ретінде шығу тегі заңдылықтары және дамуы мен қалыптасуы болып табылады.
Туризм тарихы пәні өз зерттеулерінде қосымша түрде археология, нумизматика, палеография, этнография сияқты тарихи пәндерге суйенеді. «Туризм» термині әртүрлі халықтардың тілінде тек 19 ғасырдың басында ғана қалыптаса бастады. Ежелгі заманда және орта ғасырларда адамдар «саяхаттанушы» терминін кеңінен қолданды. Саяхаттану деп жаңа заманғы туризмтануда адамдардың белгілі бір кеңістіктен оның мақсаттарына қарамастан орын ауыстыруын айтады.
Кеңес үкіметінің Тәуелсіз мемелекеттер Достастығына енген қазіргі елдері әлеуметтік туризмді негізге айналдырды. Ол көбінесе қоғамдық мүліктерден қаржыландырылды. Бір уақытта теориялық тұрғыда нақты бір адамдардың туристік қызеттегі қатысу себептері және жаһандық әлеуметтік құбылыс ретіндегі туризмнің дамуы мен қалыптасуы тарихы зерттеле бастады. Туризм тарихы саласын зерттеушілердің басым көпшілігі тек қана белгілі бір саяхаттанулардың нақты фактілері туралы әңгімеледі. Және олардың барлығы да адамзат тарихы әр түрлі кезеңдеріндегі ұйымдастырылған саяхаттануларды нақты бір әлеуметтік экономиалық себептермен байланыстырмады. Алайда, бұл ережеге қарсы В. Б. Сапрунованың зерттеу жұмыстары туризм саласының дамуының 4 сатысын анықтап берді.
Бірінші сатысы В Сапрунова туризмнің бастапқы тарихының кезеңі деп атайды (ежелгі кезеңнен 19 ғасырдың басына дейінгі уақыт) .
Екінші сатысы (19 ғасырдың басы мен 20 ғасырдың басы аралығы) - элитарлы туризм кезеңі, туристік қызмет түрлерін өндіретін арнайы мамандандырылған мемкемелердің пайда болуы.
Үшінші сатысы (20 ғасырдың басы мен екінші дүние жүзілік соғыс басталғанға дейінгі уақыт) - бұл әлеуметтік туризмнің алғаш қалыптасу кезеңі.
Төртінші сатысы (1945 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі уақыт) - бұл көпшілік туризмнің саяхаттану үшін тараулар мен қызмет түрлерінің өндіретін салааралық жиынтық ретінде туризм индустриясының қалыптасуы және дамуының қазіргі заманғы сатысы.
Бұл сатыға бөлудің мынадай критерийлері негізі ретінде алынады: техникалық-экономикалық негіздемелер, әлеуметтік негіздемелер және туризмнің әртүрлі салаларындағы оның мақсаттық фунциялары.
Алайда В. Сапроунованың зерттеулері нәтижесінде туындаған туризм тарихын кезеңдендіру адамдардың ұйымдастырған саяхаттануларын ежелгі, орта ғасырлық және жаңа заманғы даму кезеңдерімен қарастырмайды. Сәйкесінше уақыт пен кеңістіктегі орын ауыстыруға талпынған адамдардың негізгі бастапқы мақсаттарын айқындамайды. Бірақ сол көрсетілген мотивациялық себептерін түсіну туризм тану теориясының басты проблемаларының бірі болып табылады. Бұл проблеманы шешкенде әлемдік және аймақтық туризм индустриясының даму ерекшеліктерін, тарихы мен негізгі перманенттік байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді.
Әртүрлі ұйымдастырылған саяхаттанулардың пайда болу мен дамуына әсер еткен арнайы жан жақты факторларға талдау жасау туризмнің жалпы даму тарихын үлкен көлемдік кезеңдерге бөлу негізінен адамзаттың жалпы дүниежүзілік даму кезеңдерімен сәйкес келетіндігі дәлелденді.
Адамзаттың бастапқы даму тарихы осыдан 5-2млн. жыл бұрын жануарлар дүниесінен адамдардың бөлініп шығуынан басталып, біздің заманымыздың 4 мыңжылдығында аяқалды. Адамзат цивилизациясының дамуының бірінші кезеңі - ежелгі дүние тарихы ( біздің заманымызға дейінгі 4 мыңжылдық - біздің дәуіріміздің 5 ғасыры) ; екінші кезеңі - орта ғасырлар тарихы (5-15 ғасырлар) ; үшінші кезеңі - жаңа заманғы тарихы (16 ғасыр мен 1918 жыл аралығы) ; төртінші кезеңі - қазіргі заман тарихы (1918 жыл бүгінгі таңға дейін) . Бірнеше миллиондаған жылдар бойы адамдардың негізгі қызметі немесе шаруашылық түрі мен қызмет ету ортасы - термешілік пен аңшылық болды. Шамамен 10мың жыл бұрын (бұл мерзім 5 тен 10 мың жыл аралығында ауытқиды) термешіліктен жер шаруашылығы дүниеге келді, ал аңшылықтан - мал шаруашылығына ауысты.
Өндірістік еңбекке өткенге дейін адам кеңістікте тек қана термешілік пен аңшылық мақсаттарында орын ауыстырып, тіршілік етті. Сонымен қатар адамның қоныс аударуы ақыл ойсыз, жоспарсыз болып, аштық инстинкттері, өзін өзі аман сақтау және тұқымды жалғастыру үшін қозғалыста болды.
Бұл құбылыс адам өзінде мәдениетті қалыптастырғанға дейін жалғасты. Бұл кезде адам пассивті түрде табиғаттқа үйренбей, керісінше табиғатты, оның әртүрлі табиғи жағдайларын өзінің іс-әрекеттеріне үйрете бастады. Егер әртүрлі ғылым салаларының жетістіктерн сараласақ, адамдардың танымдық мақсаттардағы жер шарындағы саяхаттанулары үшін тек қана 5-6 мың жыл бұрын алғашқы қадамдар жасады. Дәл осы уақытта адам термешілік пен аңшылықтан өндірістік еңбекке ауыса бастады.
Ежелгі заман тарихында алғашқы саяхаттанушылар бұл саудагерлер. Бұл тезис арнайы жоспарланған саяхаттанулар адамның өндірістік еңбекке үйрене бастауын растайды.
Біздің дәуірімізге дейінгі 2 мыңжылдықта адам еңбегінің алғаш бөлінуіне (мал шаруашылығының және жер шаруашылығының бөлінуі), одан кейін екінші ( жер шаруашылығы мен мал шаруашылығының қолөнердің бөлінуі) және үшінші (ақыл-ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуі) кезеңдеріне өте ұзақ уақыт қажет болды.
Еңбектік алғаш және екінші бөлінуі кезеңдері жер қожалары мен малшылардың өнімдерін бір біріне айырбастау қажеттіліктерін тудырды, ал үшінші бөліну кезеңі жер планетасының жер беті, су қабаты туралы жүйелік мәліметтердің жинақталуына мүмкіндік жасады. Осы кезде тарих, география секілді ғылым салалары қалыптаса бастады. Адамдар жаңа жерлер ашу үшін және жер бетінің су қабаты, жаңа жерлер менг жер асты кеңістіктері туралы жаңа мәліметтер алу үшін арнайы саяхаттануларды саналы жоспарлы түрде ұйымдастыра бастады.
Металлдарды (қола, қалайы) кең көлемде игеру және жаңа еңбек құралдарын жасауға байланысты жер және малшаруашылықтарының еңбек өнімдерінің көлемі тез өсті.
Өндіріс саласын басшылықққа алу ер адамдарға ауысты, патриархалды қоғам қалыптаса бастады (біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдық - патриархат кезеңі) .
Адамзаттың қоғамдағы жоғарыда аталған өзгерістер белгілі бір мақсаттраға бағытталған саяхаттануларды ұйымдастыруға әсер ететін екі факторды қалыптастырды:
Біріншіден, интинсивті малшаруашылығы сенімді жер көлік құралы - жылқы малын өсіруге мүмкіндік берді. Кақыт өте келе едәуір қашықтықта салыстырмалы түрде тез жүріп өтуге бейім жылқы тұқымдарын өсіруде қолға ала бастады.
Екіншіден, қоғамдағы ер адамның басшылық рөлі олардың ұзақ уақыт мерзімге отбасынан оқшауланып, саяхат шегуіне мүмкіндік берді. Бұл мүмкіндік бала бағушы, отбасы ошағысының иесі әйел ана үшін болмады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz