Кәсіпкерлік іс-әрекеттің мәні, формалары мен түрлері


ҚАЗТҰТЫНУЛДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ ФАКУЛЬТЕТІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ХЭ КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Кәсіпкерлік іс-әрекеттің мәні, формалары мен түрлері»
Орындады:
Ғылыми жетекші:
ҚАРАҒАНДЫ 2010
Жоспар
Қарағанды облысындағы кәсіпоpындар . . .
а) Облыстағы шағын кәсіпкерліктің дамуы және оны мемлекеттік қолдау жайындағы ақпарат . . .
ә) «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ . .
б) «Сарыарқа» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы …
18
18
24
25
Cолтүстік Қазақстан Облысы .
a) Облыстағы кәсіпорындар
ә) Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілетін бюджеттік қолдау туралы . . .
б) Облыстың кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілетін қаржылық қолдау .
27
27
28
30
І Кіріспе
Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтықтік экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күманы жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Менің ойымша, қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демокртиялануы болып табылады. Нарықтықтық экономикаға өту үшін өндіріс құрылымын түбегейлі түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп, конкуренцияның пайда болуына жол ашады. Әлемдік тәжірибені негізге ала отырып бұл мәселені түрлі меншіктің түрлі формалары негізінде құрылған кәсіпкерліксіз шешу мүмкін емес. Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтыңтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында дамып, гүлденеді. Рим құқығында «кәсіпкерлік» ұғымы коммерциялық іс-әрекет, іс ретінде қарастырылды. Кәсіпкер ретінде қоғамдық құрылысты дамытатын арендатор деп есептелінді. Орта ғасырларда «кәсіпкер» ұғымы бірнеше мағынаны берді. Біреулер, сыртқы саудамен айналысатын адамдарды сөйтіп атайды. Мұндай кәсіпкерлікке мысалды Марко Поло, Еуропа және Қытай арасындағы сауданың даму негізінде тұрған саяхатшы береді.
Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры - Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу - басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз - адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес - бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік - бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады. Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
1. Кәсіпкерліктің теориялық негіздері
1. 1. Кәсіпкерліктің мәні және оның сипатты белгілері
Кәcіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұл табыс алуға бағытталған және тәуекелмен байланысты шаруашылықтық қызмет.
Кәсіпкер иелігіндегі мүлікті т. б. заңды негізде пайдалану жөнінде, өз бастамасы мен шешімін қабылдауға және кез келген іс-кимылдарды жүзеге асыруға құқылы, заңды ұйым немесе жеке азамат. Лицензиялауға тиіс қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін, кәсіпкер белгіленген тәртіппен және мемлекеттің қолданылып жүрген заңды талаптары негізінде лицензия алуға міндетті.
Экономикалық теорияда, экономистердің еңбегінде кәсіпкерлік термин ХVШ ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында қолданыла бастайды. [7]
Кәсіпкерлік французша «делдал» дегенді білдіреді. Р. Кантильон (1650-1734 жж) кәсіпкер терминін арзанға сатып алып, қымбатқа сататын қабілеті бар адамдарды атауға бірінші рет қолданған. Р. Кантильонның түсінігінде кәсіпкер алдағыны көре білетін ерекше қабілеті бар, тәуекелге баратын, қабылданған шешімге толық жауапкершілікті өзіне алатын ерекше субъект болды.
Адам Смит кәсіпкер ретінде, кәсіпорынның меншік иесін, кәсіпкерлік қызметтің мақсатын - кәсіпкерлік табыс алу деп түсінді.
Ж. Б. Сэйдің (1767-1832 жж) А. Смиттен айырмашылығы кәсіпкердің негізгі қызметін пайда түсіру емес, күнделікті шаруашылық қызметі аясында ұдайы өндірісті ұйымдастыру мен басқару деп түсіндірді.
Кәсіпкерлік теорияны дамытуға неміс экономисі В. Зомбарт үлкен үлес қосты. В. Зомбарттың айтуы бойынша ол «жаулап алушы» (тәуекелге дайын, рухани ойы бай, жігерлі және табанды), «ұйымдастырушы» (көп адамдар біріктіріп жұмысқа жұмылдыру) және «сатушы» (шеберлік тек өз тауарын өткізу емес, тұтынушыларды қызықтыру негізгі мақсаттары) .
Кәсіпкерліктің негізгі мақсаты - істің өркендеуіне жағдай жасау деп анықтама берді Зомберт. [1]
Кәсіпкерліктің жаңартпашыл түсінігін Й. Шумпетер (1883-1950 жж) берді. Онымен жаңартпашылдық өндірісте пайдаланылатын, өндіріске енгізілетін жаңа технология мен жаңа шикізатты өнімдерді, жаңа көздер мен жеткізілім нысандарын, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудағы жаңа нысандарды игеру жаңа техникалық жаңалықтың ашылуы ретінде түсіндірілді. Й. Шумпетер кәсіпкерлікті жаңартпалықпен теңестіреді. Кәсіпкердің меншік иесі болуы міндетті емес, мұндай санатта менеджер де жұмыс істей алады.
А. Тюнен кәсіпкерді жоспарланбаған табыстан үмітті, ерекше қабілеттердің иесі деп сипаттайды. [6]
Экономикалык әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер - ол өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым да бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсатылықпен, коммуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес - бұл табыс әкелетін адамның экономикалық кызметі. Кәсіпкерлік - бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады. [1]
Кәсіпкерліктің өмір сүруі мен дамуының негізгі жағдайлары болып табылатындар:
- өндіріс құралына және қызметтің соңғы өніміне меншік, сондай-ақ экономикалық игіліктерге меншікті беру және алу құқығы;
- келісімшартпен, бірігумен, кәсіптік және тұтынушылық таңдаумен еркін шаруашылық қызметін жүргізуді болжамдайтын, шаруашылық субъектісінің жеке автономиясы (немесе салыстырмалы жекеленуі) ;
- айырбас нысанының дамуы, яғни, тауарлық-ақшалай қатынастардың болуы, оның ішінде еңбекті еркін сатып алу және сатудың болуы.
Кәсіпкерліктің сипатты белгілері:
- Субъектіде шаруашылық қызметінің түрін таңдау, өндірістік бағдарламаны қалыптастыру, қаржыландыру көзін тандау бойынша және ресурстарға қол жеткізу, өнімдерді өткізу, оларға баға қою, табысқа ие болу бойынша белгілі бір еркіндік пен құқықтың болуы.
- Кәсіпкерлік қабылданған шешімдерге, оның нәтижелеріне, оған байланысты тәуекелге жауаптылықты қарастырады.
- Табыс алу мен коммерциялық жетістіктерге жетуге бағдар.
- Меншіктің, яғни кәсіпкерлік меншіктің тұрпаттары, түрлері және нысандарының көптүрлілігі.
1. 2 Кәсіпкерлік қызмет түрлері
Кәсіпкерлік қызметті бағыттары бойынша келесі түрлерге бөледі:
а) өндірістік;
ә) коммерциялық;
б) қаржылық;
в) кеңестік.
Өндірістік кәсіпкерлік - бұл кәсіпкер тікелей жағдайда өнімдерді, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпараттарды өндіруді жүзеге асыратын қызмет түрі. Мұндай жағдайда өндірістің қызметтері кәсіпкер үшін негізгі болып табылады.
Өндірістік кәсіпкерлікті жүзеге асыру мен мазмұнының жалпы бейнесі келесі жағдайда көрінеді. Кәсіпкер әуелі өндіріс қызметінің түрін таңдайды, басқаша айтқанда, қандай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді шығаратынын белгілейді. Одан кейін ол тауарды әлеуетті сатып алушымен, тұтынушымен қатынас жасайды. Былайша айтқанда, кәсіпкерлік сонымен бірге маркетингтік қызметті қоса атқарады. Бұл мәміленің бірінші кезеңі кәсіпкер мен келешектегі тауар сатып алушы арасындағы шарт түрінде заңды ресімдеме алуы мүмкін.
Кәсіпкер өндірісті жүргізу үшін өндіріс факторын: жұмыс күшін, өндірістік қорларды, материалдарды, ақпараттарды пайдаланады. Өндірістің жекелеген факторы кәсіпкерге жатады, ал жетпейтінін ол кәсіпкер қызметін жүргізу үдерісінің кезінде немесе басында сатып алуға мәжбүр.
Өндірістік - кәсіпкерлік акциясының нәтижесі, өндірілген тауарлардың белгілі бір көлемін сатып алушыға өткізу және ол үшін ақшалай түсім алу болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікте тауарлық-ақшалық, сауда-айырбас операциялары анықтаушы рөл атқарады. Бұл сатып алу-сату бойынша мәмілелер. Коммерциялык мәміледе рынок талдауы болуы қажет, нәтижесінде сатып алу көлемі, тауар сату, сатып алу бағасы және тауарды өткізу бағасы болжамданады.
Коммерциялық бағдарламаның мәмілесі өзіне мыналарды қосады:
- транспортпен жеткізу, сатып алу, тауар сату, жарнама жұмыстарын жүргізу және т. б. операциялары үшін жұмысшыларды жалдау;
- келесі жағдайда сату үшін тауарларды сатып алу;
- тауарларды өткізу және сақтау үшін сауда нүктелерін, қоймаларды, ғимараттарды жалға алу;
- мәмілеге тікелей қатыспайтын, бірақ, ақылы қызмет ұсынатын адамның немесе бейтарап ұйымның қызметіне төлем және оны алу;
- мәмілені қаржыландыру үшін несиеге ақша қорын тарту және келесіде несиені пайызымен қайтару;
- тауарды сатып алушыға өткізу және түсімді алу;
- мәмілені тіркеу, салықтарды төлеу.
Қаржылық кәсіпкерліктегі сатып алу және сату объектісі арнаулы тауарлар - ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады. Коммерциялық қызметтің басқа түрлері тәрізді қаржылық-кредиттік мәміледе іздеумен, анықтаумен және әлеуетті сатып алушыларды тартумен байланысты бағалы қағаздар мен маркетингтік қызметтің талдауы алдын-ала болуы қажет.
Қаржылық кәсіпкерлікте қызметтің арнаулы түрлері бөлінеді, онда кәсіпкер өзі сататын бағалы қағаздарды шығарушы ретінде көрінеді, оны белгілі бір жағдай мен міндеттемелерде кәсіпкерлік қызметтің мәнді нәтижесі іспетті қаржылық тауар ретінде орналастырады.
Қаржылық мәміленің негізгі бөлігі (ақшаны, валютаны, бағалы қағаздарды сатып алушыға сату) мұқият ресімдеу мен жоғары назар аударуды қажет етеді. Сатып алушының каржылық халін анықтау, кепілдік мүмкіндігін белгілеу, сатып алушыға беруге келіскен кепілдемесін анықтау қажет.
Шетел тәжірибесінде, басқару мәселелері, экономика және басқару (ФЕАКО) бойынша кеңесшілер ассоциациясынын, Еуропалық федерациясының белгілеуіне орай, коммерциялық, төлемді кеңес «консалтинг» деген ат алды. Менеджмент-консалтинг мүмкіндіктер мен проблемаларды бағалау және анықтауды, соған сәйкес шаралар туралы ұсынысты және оны жүзеге асырудағы көмекті өзіне қосып алатын басқару мәселелері бойынша тәуелсіз көмек пен кеңесті беретінімен қорытындыланады. Өнеркәсіптік дамыған елдерде интеллектуалды капиталға кеңестік қызмет нысанындағы қаржы салу жаңа құрал-жабдық пен алдыңғы технологияға салғаннан гөрі тиімдірек саналады.
Капитал айналымының көлемі және іске қосылған қызметкерлердің саны бойынша ірі және шағын бизнес деп бөлінеді.
Ірі кәсіпкерліктің басымдылығы:
- ғылыми-техникалык үдерісті (НТП) тездетеді;
- жаппай стандартты өнімдерді ірі көлемде өндіру арқасында шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді;
- мамандандыру мүмкіндігін көбейтеді;
- қуатты құрал-жабдықты пайдалану тиімділігін арттырады (көтеру крандарының, өте үлкен престердің, комбайндардың және т. б. ) ;
- шаруашылық тәуекелін азайтады.
Бірақ, кәсіпорынды ірілендіру белгілі бір шекке дейін ғана тиімді болады. Кейде өндіріс шектен тыс үлкен, ыңғайсыз, қиын басқарылатын және экономикалық оңтайлы болмайды, өйткені фирманың орташа шығындары көбейе бастайды.
Шағын бизнестің басымдылығы:
- өндірістің жоғары деңгейде мамандануы және фирма арасында тиімді кооперациялану;
- икемділігі үлкен және рынок жағдайындағы өзгерістерге тез ыңғайлануы;
- өнімдердің әртүрлілігінің көптігі және жеке тапсырыс бойынша жұмыстардың мүмкіндігі;
- жаңа ғылыми-техникалық идеяларға үлкен алғырлығы;
- алдын ала ұйымдастырудың болмауы, жұмыстың шектен тыс реттелуі;
- жеке ұсыныстың іске асуына үлкен мүмкіндіктер мен саналы тәуекелдер;
- қолайлы психологиялық климат және еңбек ұжымындағы үлкен демократия.
Ірі және шағын бизнестің өзінің шаруашылық жағдайы болады. Өндіріске жана технология мен өнімдерді енгізудегі. өнімді жаппай шығару кезіндегі алғашқысы көбірек әсерлі болады. Екіншісі - ұсақ сериялы өндірісте, кызмет аясында. жана технологияны әзірлеуде. Жеке ірі компания шағын кәсіпорындарға оның атынан өз өнімдерін өткізуге көмектескенде және мәселелерін шешкенде, жеке ірі және шағын фирмалар франчайз жүйесінде жиі бірге қызмет істейді. [6]
1. 3 Кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары,
олардың басымдылықтары мен кемшіліктері
Өндіргіш күштер дәрежесі мен сипатынан туындайтын меншік пен кәсіпкерліктің әр қилы формалары, қазіргі рыноктық экономикаға аралас экономика сипатын береді. Мұндай экономиканың "бір клеткалы" бірыңғай тәртіпті экономикамен салыстырғанда үлкен артықшылығы бар. Өйткені онда көп тәртіп орын алады, сөйтіп бәсеке арқылы өзінің өміршеңдігін дәлелдей отырып, қоғам мүшелерінің әр қилы қажеттіліктерін тиімді қанағаттандыра алады.
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру - құқықтық нысандарын, оның артықшылықтары мен кемшіліктері төменде көрсетілген:
1. Жеке иелену - бұл оған белгілі бір басымдық беретін, бір адам иелік ететін іс:
а) әр меншік иесі кәсіпорынның барлык табысына ие болады;
ә) меншік иелері өздеріне-өзі қожа және кез келген өзгерістерді енгізуге ерікті;
б) заң жеке меншік иелері үшін ең төменгі шек қояды.
Жеке иеліктің кемшіліктері:
а) толық мүліктік жауапкершілік;
ә) капиталдың шектелуі.
2. Серіктестік - бұл бір немесе бірнеше иесі болатын кәсіпорын. Оның басымдылығы:
а) әріптестердің бірігуі қосымша қаржы тартуға мүмкіндік береді;
ә) әрбір әріптес өзінің жаңа шығармашылык идеясы мен талантын іске қосады;
б) серіктестік қарапайым түрде ұйымдастырылады және оған арнаулы салық салымы салынбайды.
Кемшіліктер:
а) көптеген жағдайда әріптестердің әрбірі шектелмеген мүліктік жауаптылықта болады;
ә) егер бір әріптес істен шығатын болса, онда серіктестік ресми түрде өзінің өмір сүруін тоқтатады. Серіктестік жұмысын жалғастырған жағдайда, жаңа келісім жасауы тиісті;
б) серіктестікпен тартылатын капитал мөлшері шектеулі;
в) әріптестер фирманы басқаруда көзқарастары сәйкес келмеген жағдайда. Ол оның одан әрі өмір сүруіне кедергі келтіреді.
Серіктестіктің түрлері:
- толық серіктестік. Ол барлық мүшелердің толық ерекшеленеді;
- шектеулі жауапкершілікті серіктестік (мұндай серіктестіктің қатысушылары оның міндеттері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты, өздері қосқан салымдардың көлемінде тәуекел зияндарына жауап береді) ;
- аралас ( командиттік) серіктестік (толық және бар, әріптестерді біріктіруші) .
3. Акционерлік қоғам немесе корпорация - өндіріс және әр түрлі тауарлар мен қызмет көрсетуді өткізу бойынша өз қызметін жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғалардың қаржысын тартуда акциялар шығару мақсатына негізделген кәсіпорын.
АҚ басымдылығы:
а) мүшелерді біріктірудің ұжымдық-корпоративтік сипаты;
ә) шектеулі жауапкершілік.
б) операциялар жүргізудің қарапайымдылығы.
в) өмір сүруінің шексіздігі.
АҚ кемшіліктері:
а) кұрудың күрделілігі және оның қымбаттығы;
ә) арнайы салықтар төлеудің қажеттігі;
б) коммерциялык құпияға өз құқығынан, ашық сатудағы акциялары бар корпорациядан бас тарту.
Акционерлік қоғамды ашық және жабық деп бөледі. Ашық түрдегі акционерлік қоғамның жарғылық қоры рынокта акцияларын еркін сату жолымен қалыптасады. Жабық түрдегі акционерлік қоғамның жарғылық қорын құрылтайшылардың акциясы есебінен қалыптастырады.
Акционерлік қоғамның оның жарғылық қоры мен бөлімшелерінің үлесіне тең көлеміне орай шығарылған және әр акционермен тең енгізілген қаржы көлеміне байланысты бөлінетін бағалы қағаздар акция деп аталады. Акцияға келетін табыс дивиденд аталады. Дивиденд мөлшері АҚ қызметі нәтижелеріне байланысты. Акцияның сату бағасы оның бағамы деп аталады. Акциялардың негізгі түрлері 1-кестеде келтірілген.
1-кесте
Акциялардын негізгі түрлері
Атауы
Ұсынуы
Дауыс беретіндер
Дауыс бермейтіндер
Акциялардың бақылау пакеті - акционерлік қоғаммен шығарылған акциялардың жалпы мөлшері ішіндегі осы немесе екінші акционердің үлесімен салыстырғандағы басым бөлшегі (50 пайыздан жоғары) . Акциялардың бақылау пакеті меншік иесіне акционерлік қоғаммен қабылдайтын шешімдерге ыкпал етуге мүмкіндік береді. Акциялардың негізгі түрлерін 1-кесте көрсетеді.
Акционерлік қоғам акциялармен бірге облигациялар шығарады. Облигациялар - бұл қарыздык міндеттемелер. Облигациялардың акциялардан ерекшелігі - олар белгілі бір уақыттан кейін АҚ-қа қайтып оралады. Оған табыс белгіленген. Облигацияны сатып алушы оны алғаннан кейін кәсіпорынның бірге иеленушісі болмайды, тек оның кредит берушісі болады.
Жоғарыда айтылған кәсіпкерліктердің ұйымдасқан түрлері схемада көрсетілген [5], [Қосымша 2] .
2. Фирма нарықтық экономиканың субъектісі ретінде
2. 1. Фирма түсінігі
Фирма бизнес-қызметтің негізгі қызмет бірлігі болып табылады. Фирма дайындау арқылы өз мүддесін жүзеге асыратын және тауарлар мен кызметті өндіріс факторларын жоспарлы араластыру жолымен жүзеге асыратын шаруашылық тізбегін көрсетеді.
Барлық фирмаларды екі негізгі критерий бойынша жіктелімдеуте болады капиталға меншік нысаны бойынша және капиталды шоғырландыру дәрежесі бойынша. Капитал меншігінің нысаны бойынша мемлекеттік және жеке фирмаларды бөліп алады. Соңғысы өз кезегінде тек жеке тұлғалық фирмаларға серіктестік және АҚ болып бөлінеді. Өндірісті шоғырландыру дәрежесі бойынша ұсақ, орта және ірі фирмалар деп бөледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz