Туркия Республикасы және Қазақстан Респубикасы қарым-қатынастар стратегиясы


Кіріспе:

I. тарау. 1991-2004 жылдар аралығындағы қазақ-түрік қатынастарының дамуы.

  1. Туркия Республикасы және Қазақстан Респубикасы қарым-қатынастар стратегиясы.
  2. Туркия мен Қазақстан сауда-экономикалық байланысының дамуы.

II. тарау. Туркия мен Қазақстан арасындағы мәдени қарым-қатынас.

2. 1. 1991-2004 жылдар аралығындағы білім және мәдениет саласындағы өзара байланыс.

2. 2. Туркия мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстың болашағы.

III. Қорытынды.

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Қоғамның даму тарихында ХХ ғасырдың 90 жылдары үлкен өзгерістерден басталды. Еуразия құрлығында ең мықты атанған және коммунизм мен социализм идеяларын ұстанып, капитализмге қарсы шықан тұтас бір жүйе- Кеңес Одағы ыдырады. Халықаралық аренада жас егемен мемекеттердің пайда болуы, халықаралық қатынастар тарихында жаңа бір кезең боып табылатыны сөзсіз. Дәл осы сәттен бастап бұрынғы кеңес мемлекеті орталыққа бағындырылған бүкіл саясаты, экономикасы және нарығы өзінің орны мен ролін анықтай халықаралық қатынастарды дамыту бағытына түседі. Халықаралық байланыстады дамыту жолына түскен Қазақстан- интеграция барысында Еуропа елдеріне қарағанда, Азия мемлекеттері жақын екендігін түсінеді. Олардың ішінде ең маңызды болып, этонмәдениеттік және тариха байланысы бар мемлекет - Түркия болып табылады. Қазақстан және Түркия Республикасының тығыз қарым-қатынасы туралы Н. Назарбаев: «Қазақстан мен Түркия арасында шектесу нүктелері аз емес: географиялық жағдайы жағынан қос мемлекетте Еуропа мен Азия ның тоғысқан жерінде, этнография жағынан түрік және қазақ халықтарының мәдениетінің салт-дәстүрлерінің және тілдерінің ортақ бір түбірі бар» деп атап өтті.

Түркия мемлекетінің экономикалық, саяси және мәдени - ағартушылық саласында көнегі барлық мұқтаждықтарды қанағатандырмасада, Қазақстан мен Түркия Республикасынның арасындағы қатынастардың өзара дамуына, даму деңгейіне, олардың халықаралық аренада алтын орны, бейбітшілікті қамтамасыздандыру роліне және қазіргі таңдағы интеграция процесіндегі белсенділікке едәуір ықпал жасауы таңдалған тақырыпты актуалдылығы дәлелдейді.

Қазіргі кезде саяси қолдауы мен экономиакалық көмегі және мәдениет саласындағы нәтиже қарыма-қатынастары, мемлекетіміздің нарық саясатының дамуына айтарлықтай ықпал жасайтындығына дау жоқ.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының әртүрлі мәселелерін зерттеу, халықаралық ұйымдарда алатын орны, шет ел мемлекеттерімен жан-жақты қарым-қатынас жасау, негізінен Түркия Республикасымен және екі жақтың да дамуы тенденциясына қатысты мәселелерді сараптау ғылыми және саяси көз қарастар жағынан да актуалды болып табылады.

Берілген зерттеуді зерделеуде, Қазақстан мен Туркия Республикасының өзара қарым-қатынастарын реттеу және дамытуға баланысты негізгі үш сала қарастырылды: саяси байланыстар, экономикалық өзара қарым-қатынастар және мәдени гуманитарлық қатынастар.

Арнаулы және фундаменталды зерттеулердің жоқтығы Қазақстан Туркия Республикасының сыртқы саясат жағынан қысқа қарым-қатынас жасаумен салыстырмалы түрде түсіндіріледі. Осы уақытқа дейін Қазақстанның Азия аумағындағы сыртқы қатынастару туралы көптеген еңбектер және Туркия Республикасымен өзара қарым-қатынас жайында ғылыми мақалар жарияланды. Олардың ішінде Н. Назарбаевтың егемен Қазақстанның сыртқы саясатының бағытын бекіту және Қазақстан дипломатиясының алғашқы қадамдарын анықтауға арналған «Қазақстан Республикасының егемен мемлекеті ретінде тұрақтану және даму стратегиясы» атты монографиясы ең құнды және актуалды болып табылады. «ХХI ғасыр табалдырығында» атты кітабының «Түркі меридианын» үш тарауында Туркия Республикасына жасаған сапары жайында және Тургут Озал мен Сулайман Демирелді көрнекті саяси қайраткерлер ретінде сипаттап олардың екі республикасының қарым-қатынасы грек тіліндегі ролі жайында баяндайды. Қазақстан-Туркия қатынастырын сипаттай отырып: «Қазақстан Туркия Республикасының қарым-қатынастары қарқынды дамуды қазір, орталық жоба жасалынбайтын экономика, білім және мәдениет салаларын атап айту қиын. Біздің халықтарымыз тек тең хұқылы серттер ғана емес, олардың арасында үлкен достық бар» деп атап кетті. Сыртқы істер Министері Қасымжомарт Тоқаевтың әлем мемлекеттерімен жасаған алғашқы достық қатынастары, Республтканың алатын орны мен ролі туралы баяндайтын еңбектері дипломдық ізденіс жұмысының негізіне алынды.

Сонымен қатар, дипомдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Туркия қарым-қатынастарын тұрақты және қарқынды түрде сипаттайтын Қ. Тоқаевтың «Егемен жалауы астында» атты еңбегң қолданылды. Хранологиялық тізбектілікте екі республиканың өзара қарым-қатынастарының жолдарының ашылуы бейнеленеді. «гобализация жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты» атты монографиясында Туркия Республикасын «байырғы серік» ретінде сипаттап, Туркия Республикасы Қазақстанның шетел серіктері арасында «интенсивтік және байланыс дәрежесі» бойынша алдынғы орынға ие екендігін атап өтеді. Екі республиканың өзара саяси, сауда - экономикаық, білім және мәдениет салаларындағы байланыстары туралы мәліметтер береді.

Бүгінде Қазақстанның жеке мемлекеттермен жасайтын халықаралық қатынастары жайында көптеген зерттеулер мен еңбектер жарияланды. Олардың ішінде 1995 жылы жарық көрген «Қазақстанның сыртқы саясаты» атты мақалалар жинағы ең ауқымдысы болып табылады. Бұл жинақ маңыздылығы - бір кітапта ешілік сапармен шетел мемлекеттерінде болып қайтқан мемлекеттік қызметкерлердің мақалалары орын тапқандығы.

«Казахстанская правда», 1991 жыл, 14 наурыз - 1, 3 беттер.

Н. Назарбаев «) аза0стан республикасыны4 егемен мемлекет рет3нде тұрақтануы және даму стратегиясы», алматы - 1992 жыл.

Н. Назарбаев «ХХI ғасыр табалдырығында», Алматы 1996 жыл.

Н. Назарбаев «ХХI ғасыр табалдырығында», Алматы 1996 жыл, 220 бет.

Қ. Тоқаев «Сыртқы саясат»: Ойлану және әрекет жасау уақыты Қазақстан және әлемдік қоғам - 1995 жыл №2-3-9 беттер;

Қ. Тоқаев «Қазақстанның сыртқы саясаты: әдісте, ерекшеліктер және бағыттары» - Алматы - Мәскеу, 1995 жыл, 25-45 беттер; Қ. Тоқаев «Қазақстанның сыртқы саясат бағытын іске асырудың кейбір аспектілері » саясат -1995 жыл, №5, 39-49 беттер.

Елшілдердің Қазақстанның жасаған алғашқы қадамдар жасауының куәләрі және сол әрекеттерге тікелей қатысқандығы, бұл мақалардың маңыздылығы болып табылады.

Туркия Республикасындағы Қазақстанның бірінші елшісі - Саудабековтың «Әлемдік қоғамдағы Қазақстан» атты мақаласында «Қазақстан - глобалды мәселелерді бейбіт жолмен шештін халықаралық қатынастарда белсенді қатынасқандығы туралы жазды». Сонымае қатар, басқа да Қазақстандық саясаткерлердің, Қазақстан Туркия Республикасының қатынастарының мақалалары да үлкен маңызға ие.

Ирмуханов Б. Б., Қалкенова Р., Сүлйменов Т., Абдутәліпов Ж. Еңьектері берілген зерттеу жұмысында, Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы, бағыттары, мақсаттары, сырқы саясат қағидаларының себептермен сай талдануымен үлкен маңызға ие болады. Туркия Республикасының сыртқы саясатына талдау жасай отырып, Қазақстан республикасымен қарым-қатынасы жайында Куртов А. А. : «жаңа нарықпен байлықтың қайнар көзі ретінде, ал екінші жағынан Туркия Республикасымен ортақ бір түбірдің болуы Қазақстанды интеграциялы процесске итермелейді» деп атап кеткен. Туркия Республикасы саясат, экономика және мәдениет салаларында жақындасудың барлық жолын жасауда.

Ирмуханов Б. Б. «Қазақстан»: тарихи-публистикалық көзқарас - Алматы 1996 жыл, 50-56 бетте; Ирмуханов Б. Б. «сыртқы және ішкі саясат пен дипломатия», «Казахстанская правда», 1993 жы, 9 маусым; Қалиева Р. «Қазақстанның әлемдік қоғамға бетбұрысы», «Казахстанская правда» 1994 жыл, 13 қазан, 3 бет; Сүлейменов Т. С. «Қазақстан дипломатиясының алғашқы қадамдары», «Ойлар», 1994 жыл, №1, 18-19 беттер; Арынов Е., Жұлманов Р. «Қазақстанның экономикасыны сауықтырудағы шетелдердің қатысуы», «Саясат», 1995 жыл, №1, 53-57 беттер; Исингарин Н. К. «Қазақстан өзінің қатынасын әлемдік нарықта Ұлғайта береді», «Саясат» 1996 жыл, №4, 3-16 беттер; Қазақстан мен Туркия республикасының қарым-қатынасна арналған алғашқы мақалалардың бірі болып таюылады.

Куртов А. А. «ҚР байланысты Туркияның саясаты», «Қазақстан»: «Егемен дамудың реалиялары мен перспективалары», Мәскеу - 1995 жыл, 395-406 беттер.

Біз сіздің назарыңызды қазіргі таңдағы Қазақстан мен Туркия республикаларының өзара қарым-қатынасын ары қарай дамытуды айқындайтын мәселелерге аудардық.

Бүгінде Қазақстан мен Туркия республикасының қарым-қатынастарының алға басуында тынық мұхит өңірлері ерекше орны алады. Ол - каспий мұнайын тасымалдау және оны әлемдік нарыққа шығару жолы. Бұл баспасөзде қарастырылатын мәселелердің бірі болды. Сонымен бірге, Қасенов У. Жұмысында да зерттелетін мәселе болып табылады. Каспий мұнайын тасымалдау мәселесі жөнінде Ресей, Түркіменстан, АҚШ, Иран, Әзірбайжан, Түркия және Қазақстан қатынастарын толығымен зерттеп, Қазақстан тарапына сараптама жасау бағдарламасын жасайды. Бұл мәселенің экономикалық және саяси аспектілеріне сараптама жасай отырып, мұнайды мұнай құбырлары арқылы тасымалдаудың дұрыстығын айтады. Осы мәселелерге қатысты зерттеу және диссертациялық жұмыстардың бірқатары бар.

«Панорама» газетінің әрбір шығарылымында жасалынып жатқан жұмыстар туралы толық сипаттамалар және мәселені шешу жолдарына сараптамалар жасаынды.

Қасенов У. «Каспий мұнайы және халықаралық қауіпсіздік», «Орталық Азия» - 1997 жыл, №5 (11), 60-69 беттер; Қасенов У. - «Ресей», «Кавказдықтар және орталық Азия-мұнай, мұнай құбырары, геосаясат», «Саясат» - 1995 жыл. №2 (3), 22-35 беттер.

Рахметов К. Г. «Қазақстан Республикасының мұнай саясат», Алматы, 1994 жыл. 75-86 беттер; Көшкімбаев С. К. «Қазақстан және Каспий теңізі өңірінің геосаясаттық жағдайы», «Саясат» - 1995, №1, 7-8 беттер; Қ. Тоқаев «Қазақстанның сыртқы саясатындағы Азия - тынық мұхит мемлекеттері», Тарих ғылымдары кандидатының диссертациясы, Алматы - 1997 жыл; Қасымов Б. Д. «Азия - тынық мұхит өңіріндегі халықаралық қатынастар (1991-2001 жылдар) », Тарих ғылымдары кандидатының диссератциясы, Алматы - 2002 жыл.

Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министлігінің дипломатиялық академиясының тыңдаушы, профессор- Қарибаев М. К. «Қазақстан мен Туркия Республикасының екі жарты қарым-қатынастарының дамуы мен перспективалары» және «Қазақстан мен түркияның ара-қатынастары» атты мақалалары берілген тақырыпты зерттеуде үлкен маңызға ие болып табылады. «Қазастан мен Туркия Республикасының екі жақты қарым-қатынастарының дамуы мен перспетивалары» атты мақалада Карибаев М. К. - Туркия Республикасының сыртқы саясат ерекшіліктерін қозғай отырып, екі ел арасындағы даму мен эволюция қатынастарына сараптама жасайды.

«Қазақстан Туркияның ара-қатынасы» атты мақаласында қазігі серіктестіктің жағдайын: ортақ қатынастардың тәжірибесінің нәтижесінің алғашқы эйфориясынан кейін келген прагматикаық серіктестік . . . деген сөздерімен сипаттайды.

Қазіргі кездегі батыс және түрік саясатшыларының есептеуі бойынша «1990жылдары Туркия Еуропа одағы не понторкистік исламизмді таңдау дилеммасында болды» деп М. Ламулин өзінің кітабында жазды. Сөйтіп, бұл мемлекет Хантингтон концепциясы бойынша «цивилизацияның орнығуының» үлгісі бола алады. Кемал элитасы өзінің Таяу Шығысқа жататындығын теріске шығарады. Өңірді жүйеле реттеуге түрткі болатын «ядро - мемлекет» керек деп санайды Американдық эксперттер. Осы міндетті Туркия мемлекеті атқаруға әбден айық екендігін олар көзден таса жібермейді. Бұл мақсатты жүзеге асыруға түрік исламистері де интуитивтіұмытылуда. Алайда бұл мемлекетті Батыс ықпалының астынан тысқары шығару қауіп төндіреді. Кемалшыл - ұлтшылдар қарқынды жүргізіп жатқан Балқаннан бастап Шығыс Түкістанға дейін «түркі әлімін құру» процессі Анкараның батыс ориентациясынан айнуы мүмкін. Осы орайда батыс авторлары, Н. назарбаевтың 1991 жылдың қыркүйегінде «ХХI ғасыр - Түркия ғасыры болады» деген сөздерін жандандыра түседі. Мүмкін, осының астарында тұтас Түркістанды құру ойы жатқан шығар.

Кейбір Американ саясаткерлері, Түркияның шығысына бет бұруын Батыс пайдалану керек деп санайды. Егер де, жақын болашақта жерорта теңізі өңірлерінде Солтүстік пен Оңтүстік бір-біріне қарама-қайшы келе бастаса, Түркия екі тараптардың кез-келгенінде де шешуші ролді атқара аады. Түрік саясатының басты бағыты Орталық Азия немесе Балқан мәселесіне келгенде, эксперттердің көзқарастары әр түрлі болады. Македониядан Албанияға дейін тараған Косовадағы шиеленіс, Түркия республикасын өңірдегі қақтығыстың эпицентріне айналдыруы мүмкін еді. Тиби: «Түркия Америкамен салыстырғанда Еуропа үшін маңызы жоғарырақ» деп ойлайды. Бірақ, Батыс Түркия Республикасына тілалғыш атқарушы немесе өзінің ықпалының жол бастаушысы емес, дербес серіктес ретінде қарауы керек.

Неміс авторы В. Гумнельдің ойынша, коммунизмнің құлауынан кейін Түркияның сыртқы саяси жағдайын жеңілдете түскен жоқ, оны айтарлықтай күрделендірілді. Сол кезде Түркия Республикасы өзінің сыртқы саясатында НАТО, ОБСЕ, ОЭС, ОИК және Д-8 сияқты әр түрлі ұйымдар мен блоктарда қатысуын қолданатын аймақтық держава ретінде көрсеткендігі айқын. Түркия Республикасының сыртқы саясатының жетістіктеріне келесі мақсаттар жатады: өз аймағындағы жағдайын беріктендіру, көрші мемлекеттермен экономикалық және мүмкін болатын жағдайда саяси қарым-қатынастарды сақтау, еуропа мемекеттерімен ара-қатынасты арман қарай дамыту, Қара теңіз және Орталық Азия аймақтарында өзінің экономикалық мүмкіндіктерін оптималды қолдану. Осы орайда Гумнель, Түркия Республикасының сыртқы саясатының басты бағыты Еуропа Одағымен қатынастарды дамытуға ынталандыылуы қажет, деп ойлайды. Ал, Түркия Республикасының Орталық Азия, Кавакз, Түркі мемлекеттері, ТМД елдеріне қатысты Анкараның саясаты тек мәдени және экономикалық байланыстармен шектелуі керек. 1997 жыы түрік әскерінің Генштабының бастығы жария еткен, мемлекетке потенциалды төніп тұрған курстік сепаратизм мен фундаменталды исламизи қауіптеріне қарсы түркиялық көзқарас жасалынды. Бірақ Х. Баджи, Түркияның саясаткерлері мен интелектуадаы әлі де өзінің мемлекетінің ұзақ мерзімді стратегиясын жасауға шамалары жоқ еді, деп ойлайды. ЕО кешегі өткен Варшава пактінің қарсылыстарын қабылдап, НАТО-ның сенімді одақтастарын елемей жатыр дегенді естіп Түркия мемлекеті аң-таң болуда. Түркия республикасына қатысты АҚШ пен ЕО әр түрлі қатынастары бар: алғашқысы ынтаны тұрақтылыққа бағыттаса, Еуропа - демократияны көздейді. Автордың ойлауынша, 1997 жылы В. Черномырдинның Анкараға жасаған сапарынан кейін Түркия мен Ресейдің қарым-қатынастары жақсарғандығы, болашақта еуропа процесстеріне тікелей әсер болады. Қазіргі таңда Түркия мемлекетін Еуропадан саналы түрде бөліп тастаған сияқты көзқарас қалыстасады, бірақ бұл стратегиялық қателік деп Баджи қорытынды жасайды. Түркияның саясатындағы жаңа феномен - Израилмен геосаяси және геостратегияы серіктер болып табылады.

I тарау

1991-2002 жылдар аралығындағы қазақ-түрік қатынастарының дамуы.

Түркия Республикасының жаңа пост конфрационды кезең жағдайындағы саясатының ең шынайы сараптамасы Батыс авторлаыныңұжымдық кітабында бейнеленген. 1991 жылдан кейін геосаяси сипатқа ие болған Түркия Республикасының саясатында жаңа аспектілер пайда болғаны айдан анық. Бұл сипатқа ие болуда оның НАТО-ға мүшелік және ЕО-ғы байланыстары ықпал етті, бірақ дәл осы сипат КССР ыдырауынан кейін, Түркия Республикасының және жаңа түрік мемлекеттерімен тікелей байланысынан айқынырақ көрініс тапты. Жалпы түрік конфидерециясын құру үміті үзілгеніне қарамастан, Анкараның Орталық Азия түркі мемлекеттерімен экономикаық, саяси және мәдени байланыстарының нығайта түскен саясаты шынайырақ бола бастады. Экономикалық плацдармды жаулап алу және Каспий теңізі төңірегіндегі мұнай жобаларынан жасауда Түркия Республикасының мүддесі қамтамасыз ету түркі саясатының негізгі мақсаты еді. Түркия Республикасының сыртқы саясатының жаңа кезеңі жайында түрік және британ саясаткерлерінің ұжымдық еңбектерінде де айтылады. 1990 жылдары Түркия Республикасының сыртқы саясаты кейде идеологиялық, ал кейде интуиивтік боды, бірақ ол Анкараның Батыста да, Шығыста да қатысуын, ең алдымен бұрынға Кеңес Одағының Түрік кеңестігінде халықаралық қатынастардың жаңа жағдайлар қарсаңында айқын әрекет жасаудың қажеттілігін құрумен қалыптасты.

Түркияның жаңа түрік мемлекеттеріне қатысты саясатын О. Смолянский мұқият зерттейді. Ол: «Түркия Республикасы, жаңадан құрылған жас егемен түркі мемлекеттеріне, өзін басты шетелдік серіктес ретінде қарастырады және өзінің позициясын түсіндірумен болды» деп атап өтті. Бұл үшін түркі мемлекеттрінің әр түрлі самиттері жұмыс істеді, ал 1991 жылдан бастап Анкара сол жас мемлекеттердің егемендігін ресми түрде мойындайды.

Әзірбайжан, Өзбекстан және Қазақстан Туркия Республикасының сыртқы моделін көшіруге бет бұрды. Түркі фирмаларының және инвестицияларының мемлекеттік деңгейде енуі саяси қарым-қатынасты беріктендіре түсті. Президенттер Н. Назарбаев және Т. Озал, кейіннен С. Демирель тығыз «бауырлық» қатынастарды жоғары деңгейде орнатты. Тұтасымен алғанда, Иран мен Түркияның бәсекелестігінде, Қазақстан Туркия Республикасына басымдылық беретін. Арман қарай Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларының елбасылары Анкараның сыртқы саясатының ресми доктаринасы болып жарияланған түркі ынтымақтастығын құу идеясына мойынсынады.

Қазіргі Түркия Республикасы өткен ғасырлардың даңқтарының, яғни Осман империясы Ресей экспансиясын мұсылман әлеміне тарауындағы ең үкен кедергі болғандығының шарайнасын әлі де ұстап кеуде. Кеңес империясының ыдырағанынан кейін, Ортаық Азияға күресудің айқын фаворит ретінде, барлық көзқарастар Түркия Республикасына жасалынды. Бұл үміттер келесі фундаменталды сілтеулерге негізделген еді: біріншіден, Түркия Республикасы мен түркі мемлекеттерінің ерекше этномәдениеттік байланыстары; ал екіншіден, Қазақстан Туркия Республикасының мұсылман экстремизінің кез-келген формаларына тиімді тосқауыл бола алатын жағдайы. 1993 жылдың наурыз-сәуір айларында өлкеге түрік мемлекеттерінің ішіндегі ең мемлекеттің жоғарғы басшыларының сапарларының бірқатар жасалынды, ал олардың соңынан Анталияға басқа түрік мемлекеттерінің басшыларының сапалары да болып, кейіннен тұрақты болды. Осы алғашқы сапарлар түрік ынтымақтастарының эйфориясының ізін қалдырғандай болды. Ал өз кезінде Анкара бауырлық сезімдерін солидары қаржылай көмекпен бекітуге бел буды. Жас түрік мемлекеттеріне жапы сомасы 1. 5 АҚШ долары көлемінде қомақты несиелер бөлінді. Орталық Азия мемлекеттерінің студенттерін, мектеп оқушыларын Түркия Республикасында білім алу бағдарламалары, ортақ ғылыми, мәдени және тезникалық жобаары еске қосылды. Түркия аймақтағы жас мемлекеттердің ОЭС құрамына енуіне қолдау көрсетті.

Таңдалған тақырыптың деңгейін салыстырып келесі МАҚСАТТАРДЫ шығардық: қазақ-түрік қарым-қатынастарының тарихи заңдылығын, ара-қатынастағы дәстүрлерін қадағалау және қазақстанның сыртқы саясатында Түркияның орны мен ролін анықтау.

Осы мақсаттардан төмендегідей МІНДЕТТЕР туындайды:

  • Саяси саладағы қазақ-түрік қатынастарының айбындылығы және дипломатиялық өзара қарым-қатынастарының қағидаларын қарастыру.
  • Қазақстан экономикасына Түркияның тәжірибесі мен экономикалық байланыстарының жетістіктерінің деңгейі және мағынасын көрсету.
  • Мәдени - гуманитарлық қатынастардың бағытын және оның екі жақты қарым-қатынаста ролін қалыптастыру.

Қазақстанның білім беру саласының сыртқы байланыстары, негізінен Түркия Республикасымен, Жұмаділова В. еңбегінде оын тапты. Оның жасаған еңбегіне орай, Азия мемлекеттері арасынан ең алдымен Қазқстанмен білім беру саласында ерекше қатынастар орнатқан, Түркия Республикасын атап өту керек деп жазды.

Осы зерттеу жұмысын жазуда «Қазақстан - Түркия: достық пен қарым-қатынаста 5 жыл» атты құжаттар жинағы үлкен көмек көрсетті. Бұл жинақта Қазастан Республикасының егемендік алғаннан бері қазақ-түрік қатынастаын орннатқан іс-құжаттарға сараптама және 1991-1996 жыдар аралығында Қазақстан мен Түркия әр түрі салаларда үкімет және ведомства аралық қол қойылған негізгі келісімдер менлісім шарттарының міндеттері келтіріледі.

Жұмысты орындауда 1992 жыдан бері баспаға шыға бастаған «Заман - Қазақстан» газеті де үкен қодау көрсетті. Оның беттерінде қазақ-түрік қатынастарының барлық салалары жарық көрді. Мұнымен қатар «Казахстанская правда», «Панорама», «Новое поколение» газеттері және «Саясат», «вестник КазГУ», «Мысль» және «казахстан: экономика и жизнь» журналдарының және басқа да басылымдардың зерттеу барысында көмегі орасан зор болды.

Ғылымилық, объективтік және тарихи қағидалар дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі болып табылады. Зерттеу барысында жалпы ғылыми әдістермен қатар анализ бен синтез, дедукция мен индукция, сонымен бірге арнайы тарихы, тарихи салыстырмалы, генетикалық және ретоспективті әдістер де қолданыды.

Тәжірибелік маңызы. Екі елдің қарым-қатынасы жайында жиналған құжаттар мен фактілер, зерттеу жұмысы барысында екі жақты байланысты айқындаудың сертпесі болары сөзсіз. «Шығыстану», «Хаықаврарлық қатынастар тарихы» және «қазақстан тарихы» мамандықтарында оқитын студенттер курстық жұмыс және баяндамалар жасағанда осы еңбекті қолдануларына болады. Сонымен қатар, семинар сабақтарында да қоданыс табатыны әбден мүмкін.

Жұмаділова - «ҚР білім беру саласындағы халықаралық байланыстары», Вестник КазГУ, тарихи сериясы, Алматы 2002 жыл, №3, 59 бет.

«Қазақстан - Түркия: достық пен қарым-қатынаста 5 жыл», Іс-құжаттар жинағы, Анкара «Бимы», 1996 жыл.

  1. Түркия Республикасы Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі приоритеттер жүйесінде
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеден органдарының Қазақстанның даму стратегиясының міндеттерін жүзеге асыруы
Еуропалық одақтың құрылуының тарихы
Қазақстандағы құқықтық мемлекет
Азаматтық құқықтағы мерзім, мерзім түрлері, талап қою мерзімі, азаматтық құқықтағы мәселелер
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен халықаралық қатынастары
Қазақстанның халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде халықаралық аренаға шығуы
Мемлекеттік аппаратты құқықтық реттеу
Батыс Қазақстанның экономикалық ауданы
Қазақстан және халықаралық ұйымдар туралы
Түркия мемлекеті туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz