Жер қыртысы



І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.1. Жер қыртысының қабат элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.2. Қабат элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.3. Шөгінді тау жыныстарының жату пішіндері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.4. Тау жыныстарының геологиялық жасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.5. Тік және көлбеу бағыттағы әркелкіліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.7. Тау жыныстарының қатпарлықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
І. КІРІСПЕ

Тектоника (құрылыс) – жер қабығының құрылысын, қабаттардың занды орналасуын, олардың жылжуын, жер үстінің пішінінің пайда болуын зерттейтін геология ғылымының саласы.
Тектоника дегеніміз – жер планетасының архитектурасын, оның құрылу, жүйесін, өсу процестерін зерттейтін ғылым.
Жер қыртысының ең алғашқы элементі қабат болып есептелінеді. Қабаттар қатпар-катпар болып ірі литологиялық топтарды құрастырады.
Әрбір қабат жер қыртысының өсу тарихының куәгері. Онда әрбір уақытта, дәуірде болып өткен географиялық жағдайлардың белгісі сақталынады. Әрбір қабатта ескі замандарда өмір сүрген жәндіктер мен өсімдіктердің қалдықтары кездеседі. Осы қалдықтар арқылы жоғарыда айтылғандай, жер қатпарларының өсу тарихын анықтауға мүмкіншіліктер туады.
Геология жердің құрамы мен құрылымын, оның табиғи дамуының тарихын және де ондағы тіршіліктің туып,өршуін зерттейді. Жер бірнеше қабаттардан тұрады:сыртқы қабат-жердің қабығы (5-70 км.тереңдікке шейін), мантия (2900 км.тереңдікте) және өзегі (6371км.тереңде).
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Абдулин А. А. Геология и минеральные ресурсы Казахстана. Алматы, Ғылым, 1994.
2. Аманниязов К. Н. Палеогеография и полезные ископаемые Средней Азии. Ашхабад, 1989.
3. Аманниязов К. Н., Амурский Г. И. и др. Геологические предпосылки нефтегазоносности Туранской плиты и юго-западного Гиссара. Ашхабад, 1991.
4. Аманниязов К. Н., Крымгольц Г. Я., и др. Полевой атлас руководящих ископаемых Западной Туркмении. Ленинград, 1968.
5. Аманниязов К. Н. и др. Атлас Палеогеографий СССР, т. IV, Юра Туркменистана. Москва, 1968.
6. Гаврилов В. П. Историческая и региональная геология, Москва, Недра, 1979.
7. Горшков Г. П., Якушева А. Ф. Общая геология. Учебник, Москва, МГУ, 1981.
8. Есенов Ш., Кунаев Д., Мухамеджанов С. Недра Казахстана. Алма-Ата, 1968.
9. Еремин А. В. Геология. Москва, 1971.
10. Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы, 1-12 т.т.
11. Қазақстан мұнай газ энциклопедиясы. Лондон — Алматы, 2000.
12. Мильничук В. С., Арабаджи М. С. Общая геология. Москва, 1979
13. Нурсултанов Г. М., Абайұлданов Қ. Н. Мұнай және газды өндіріп, өндеу. Алматы, 2000.
14. Сейітов Н. Геология негіздері. Алматы, 2000.
15. Тұяқбаев Н., Арыстанов К., Әбішев Б. Жалпы геоло¬гия курсы. Алматы, 1995.

Мазмұны:
І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.1. Жер қыртысының қабат элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.2. Қабат элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.3. Шөгінді тау жыныстарының жату пішіндері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...6
2.4. Тау жыныстарының геологиялық жасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.5. Тік және көлбеу бағыттағы әркелкіліктер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.7. Тау жыныстарының қатпарлықтары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

І. КІРІСПЕ

Тектоника (құрылыс) - жер қабығының құрылысын, қабаттардың занды орналасуын, олардың жылжуын, жер үстінің пішінінің пайда болуын зерттейтін геология ғылымының саласы.
Тектоника дегеніміз - жер планетасының архитектурасын, оның құрылу, жүйесін, өсу процестерін зерттейтін ғылым.
Жер қыртысының ең алғашқы элементі қабат болып есептелінеді. Қабаттар қатпар-катпар болып ірі литологиялық топтарды құрастырады.
Әрбір қабат жер қыртысының өсу тарихының куәгері. Онда әрбір уақытта, дәуірде болып өткен географиялық жағдайлардың белгісі сақталынады. Әрбір қабатта ескі замандарда өмір сүрген жәндіктер мен өсімдіктердің қалдықтары кездеседі. Осы қалдықтар арқылы жоғарыда айтылғандай, жер қатпарларының өсу тарихын анықтауға мүмкіншіліктер туады.
Геология жердің құрамы мен құрылымын, оның табиғи дамуының тарихын және де ондағы тіршіліктің туып,өршуін зерттейді. Жер бірнеше қабаттардан тұрады:сыртқы қабат-жердің қабығы (5-70 км.тереңдікке шейін), мантия (2900 км.тереңдікте) және өзегі (6371км.тереңде).

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жер қыртысының қабат элементтері

Жер қыртысы - литосфераның беткі бөлігін құрайтын, төменгі жапсары Мохоровичич деңгейімен шектелген Жердің ең үстіңгі қабығы. Жер қыртысы қалыңдығына, құрамына, құрылысына қарай құрлықтық және мұхиттық болып негізгі 2 типке бөлінеді.
Құрлықтық жер қыртысының қалыңдығы тектоник. жағдайына байланысты 25-45 км-ден (платформаларда) 45-75 км-ге дейін (тау түзілу аймақтарында), ал мұхиттық жер қыртысының қалыңд. 5 км-ден (Солтүстік Мұзды мұхит) 10-12 км-ге дейін өзгереді.
Жер қыртысы төмен қарай тығыздығы арта беретін жанартаутекті-шөгінді (тығызд. 1,8-2,5 гсм[3]), гранит - метаморфты (2,5-2,7 гсм[3]) және базальтты (2,7-3,0 гсм[3]) қабаттарға бөлінеді. Жер қыртысының жоғарғы бөлігі қатпарларға жиырылып, жарылымдармен қиылған және төм. сатыда метаморфталған шөгінді, терригенді және магмалық тау жыныстарынан құралған. Қалыңдығы платформаларда 1-2 км, терең ойыстарда 10-20 км жетеді.
Шөгінді қабаттың астында салмағы жеңіл, гранит пен гнейстерден түзілген шөгінді қабаттың жыныстарымен алмасып отыратын гранит-метаморфты қабат орналасқан.
Гранит қабатының қалыңд. жазықтар астында 15 - 20 км, тау жүйелері табанында 15 - 50 км-ге дейін. Мұхиттар түбінде граниттік қабат өте жұқа, не мүлде болмайды.
Граниттік қабат Конрад бетімен шектеледі.
Жер қыртысының ең төменгі бөлігінде базальт, габбро және күшті метаморфтануға (метаморфизмге) ұшыраған шөгінді жыныстардан құралған базальт қабаты орналасқан.

Жер қыртысының аралық типтері:
- субмұхиттық жер қыртысында шөгінді жыныстар мұхиттық жер қыртысындағыдан қалың болады;
- субконтиненттік жер қыртысы жұқа болады әрі граниттік қабат анық байқалмайды.
Олардың әрқайсысының химиялық құрамы,физикалық қасиеттері және жағдайы әртүрлі. Жер қабығы басқа қабаттарға қарағанда толығырақ зерттелгенде де,мантия мен өзегінің құрамы мен құрылысы әлі де болса толық анықталмаған. Жер қабығының үстіне су қабығы немесе гидросфера және ауа қабаты (атмосфера) орналасады. Гидросфера жер бетінің 71% аумағын жабады. Атмосфераның төменгі шегі құрлық пен мұхиттың бетінен басталады да одан жоғары 1000километрге дейін тарайды.

2.2. Қабат элементтері

Әрбір қабаттың өзіне тиісті элементтері, терминдері болады. Олар:
Қабаттың табаны;
Қабаттың бастырмасы;
Қабаттың қалындығы;
Құлама бұрышы;
Құлама бағыты;
Созылу бағыты;
Құлау азимуты.
Қабаттың жатыс элементтері тау компасы арқылы зерттелінеді (2.1-2.2-сурет).

2.1-сурет.Тау компасы:
1-компас тұрысы;
2-лимб және компас;
3-клинометр (тіркеуіш);
4-клинометрдің тежеуіші;
5-магнит стрелкасы;
6-жабу шынысын ұстаушы серіппе;
7-магнит стрелкасының тежеуіші.

2.2-сурет. Қабат жатысының элементтерін өлшеу

Тау компасы - геологиялық түсіру кезінде түрлі геологиялық денелердің (қабаттар, желілер т.б.) жарықтардың созылым және құлау азимуттарын, құлау бұрышын өлшейтін прибор.
Еңіс жатқан жыныс қабаттарының жатыс элементтерін, анықтау үшін ашық тегіс бетке компас корпусының ұзын жағын жанастырады да, сызып белгі қояды.
Компас стрелкасының қара ұшы бойынша алынған градус жыныс қабаттарының созылым азимуты болады.
Кейін дәл осы орынға компас корпусының қысқа жағын түйістіреді. Стрелканың қара ұшының көрсеткен цифры құлау азимуты болады. Екі азимуттың бір-бірінен айырмасы дәл 90°С болу керек. Екі бағыттың қиылыскан жерінен еңістеу бағытына қарай сызық тартылады. Компас тұғырының ұзын қабырғасын осы сызық үстіне қойып жантайтқанда клинометр құлау бұрышының шамасын көрсетеді.
Жер қабығы тау жыныстарынан құралады да,олар минералдардан түзіледі. Минералдар деп жер қабығының физика химиялық табиғи процестерден пайда болған өзінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрақты қосындыларды айтады.
Тау жыныстары бір немесе бірнеше минералдардан құралып,жер қабығында өзіне тән геологиялық денелер түзеді. Жаралу тегіне байланысты тау жыныстары магмалық,шөгінді және метаморфтық болып үш үлкен топқа жіктеледі.
Магмалық тау жыныстары жер қойнауында болатын силикатты балқыма ерітіндінің (магма) жер бутіне жетіп (оны енді лава дейді) қатаюынан немесе жер қойнауында кептеліп кристалдануынан пайда болады.
Магмалық жыныстар көбіне кристалды құрылымды болып, нағыз, ұдайы өте қатты біркелкі массивтер түзеді. Олардың үлгісі ретінде тереңде кристалданған гранитті,немесе жер бетіне төгілген базальтты атаған жөн.
Әрине, бұл жыныстар арасынан жан жануарлардың,өсімдіктердің қалдықтарының табылуы мүмкін емес.
Шөгінді тау жыныстары жер бетіне су бассейндерінің түбінде органикалық және анорганикалық заттардың заттардың шөгуінен пайда болады.
Байырғы жыныстардың экзогендік процестер әсерінен бұзылған түйіршіктері мен жануарлардың, өсімдіктердің қалдықтары біртіндеп шөге келе қат қабаттар түзеді.
Шөгінді тау жыныстары жаралу тегіне байланысты үгінді (механикалық шөгінділер), химиялық (хемогенді), органогенді және аралас топтарға жіктеледі.
Үгінді жыныстар тозып бұзылған жыныстардың сынық үгінділерінің шайылып, кейіннен бір тұста шөгуінен пайда болады. Осылайша дөңбектастар, малтатастар, құм және құмтастар, аргилиттер, балшық тақтатастар түзіледі.
Хемогенді жыныстар тұздардың қанық ерітінділерінен немесе химиялық реакциялар әсерінен тұнған заттар. Олардың басты топтары:әктастар,кремнийлі,темірлі, галоидты,күкіртқышқылды тұздар.
Әктасты жыныстарға ізбестастар,олитті ізбестастар,ізбесті туфтар, доломиттер т.б. жатады.
Кремнийлі жыныстарға ыстық бұлақтар суынан тұнған кремнийлік туфты атауға болады. Сонымен қатар, яшмалар, тұнған кремнийлі тақтатастар соларға жатады.
Органогенді жыныстар өсімдіктердің,жәндіктердің азды көпті қалдықтарынан тұрады. Ең жиі тарағандары: ізбестастар, қабыршақтар, ақ бор, трепелдер және каустобиолиттер.
Аралас тау жыныстары жоғарыда терілген жыныстардың қоспасынан тұрады. Мысалы балшық ізбестас, мергел, құмқұмайтты ізбестас, опокалар.
Метаморфтық тау жыныстары деп байырғы шөгінді,магмалық,типті метаморфтық тау жыныстарының тереңде батып өзгеруінен жаралған жыныстарды атайды.
Осылайша өскен температура мен қысым әсерінен бұрынғы нығыз, сом магмалық жыныстар тақталанады, ал шөгінді жыныстар кристалл құрылымды жынысқа көшеді.
Сонымен тау жыныстары әжептәуір өзгерістерге ұшырап,жаңа қасиеттерге ие болады.Бұлардың негізгі ерекшелігі жер қойнауындағы жойқын қысым мен температурадан құрылымы кристалдық,түзілімі тақталанған болуы.
Көптеген метаморфтық жыныстардан кварциттерді,мәрмәрді,әртүрлі тақтатастардан,гнейстерді атаған жөн.
Табиғатта кездесетін барлық заттар әруақытта да өзгеріп, дамып отырады. Өзгеріссіз және мәңгілік еш-нәрсе болмайды.
Қазіргі кездегі түсінік бойынша, Жер шарының жалпы дамуы жерді құрайтын мантиялық алғашқы заттардың біртіндеп жіктелуі-мен (дифференциация) түсіндіріледі: массасы ауыр заттар, меншікті салмарының ауырлығына байланысты төмен шөгіп, жердін, ядро қабатын құрайды, ал жеңіл заттар жоғары көтеріліп, мантия қабатын және жер қыртысын құрайды.
Геологиялық, геофизикалық және геохимиялық зерттеулердің негізінде жер қыртысының континенттік (материктік) жәие мұхиттық тектері ажыратылады. Бұлардан басқа, қосымша, субмұхиттық және субконтиненттік шекараның ауыспалы тектерін ажыратура болады.
Жер қыртысының материктік тегінің пайда болу тарихын геосинклиналдық теория арқылы түсіндіруге болады.
Жерді құрайтын алғашқы заттардың дифференциадиясы негізінде пайда болған жер қабығы геосинклиналдық даму процестерінің нәтижесінде Жер қыртысының континенттік тегін қүрайды.
Геосинклиналды аймақтар мен белдеулердін, геологиялық тарихын зерттеу жұмыстарының негізінде, олардың алғашқыда иіліп майысу сатысынан өтіп, қатпарлану әрекеттеріне байланысты қатпарлы тау жоталары пайда болатындыры дәлелденді.

2.3. Шөгінді тау жыныстарының жату пішіндері

Шөгінді тау жыныстары жер бетінің 75%-н жауып жатыр. Шөгінді тау жыныстарының түзілу процесі литогенез деп аталып, үш сатыдан өтеді:
* қатты (түпкі) тау жыныстарының мүжілуі, бұзылуынан бастапқы материал пайда болады;
* осы материал су ағыны, жел, мұздыққа байланысты құбылыстар әсерінен көшеді де құрлық немесе су түбіне тұнады;
* әр түрлі бөлшектерден құралған, суға қаныққан борпылдақ тұнба түзіледі.
Әлі тепе-теңдік күйге келмеген, бірақ уақыт өте келе біртіндеп Шөгінді тау жыныстарына айналатын осы тұнба күрделі физика-химиялық жүйе болып саналады. Осы жүйенің тау жыныстарына айналу процесі гипергенез, седиментогенез, диагенез, катагенез, т.б. даму сатыларында жүзеге асады.
Шөгінді тау жыныстары бұрын болған эндогендік тау жыныстарының үгілу өнімдерінен пайда болғандықтан олардың химиялық құрамы бір-біріне ұқсас. Айырмашылығы Шөгінді тау жыныстарында темірмен кальций тотығы және су мен көміртектің көбірек болуында. Шөгінді тау жыныстары құраушыларына байланысты аутигендік және аллотигендік деп бөлінеді.
Шөгінді тау жыныстары түзілуі бойынша 3 класқа бөлінеді:
* сынықты
* сазды
* химия-биохимиялық
Сынықты Шөгінді тау жыныстары тегіне байланысты екі қатарға ажыратылады: жанартаулық және нақты шөгінді. Жанартаулық-сынықты тау жыныстары жанартау атқылауы кезінде түзіліп (пирокластар), мөлшер қатынасы бойынша туфтар, туффиттер және туфогендік болып үшке бөлінеді. Туфтарда пирокласт 90%, ал туффиттерде 50-90%, туфогендік тау жыныстарында 10-50% болады.
Нақты шөгінді-сынықты тау жыныстары өлшемі бойынша ірі (2 мм-ден үлкен), орташа (0,1-2 мм) және ұсақ (0,01-0,1 мм) болып жіктеледі. Ірілері физикалық күйіне байланысты жақпартас, дөңбектас, малтатас, қиыршықтас, конгломераттар, брекчиялар деп ажыратылады. Орташа сынықты тау жыныстары құм және құмтасқа, ал ұсақ түйірлілері құмайт және құмайттасқа бөлінеді.
Сазды Шөгінді тау жыныстарының болбыр, жұмсақ түрлерін саздар, ал тасқа айналғандарын сазтастар деп атайды. Олар гидрослюда, монтмориллонит, т.б. сияқты сазды минералдардан тұрады.
Химиялық және биохимиялық Шөгінді тау жыныстары химиялық құрамына қарай алюминийлі, темірлі, марганецті, фосфатты, кремнийлі, карбонатты, тұзды тау жыныстары болып бөлінеді. Шөгінді тау жыныстарының ең көп таралғандары сазды тау жыныстары (53%), құмды тау жыныстары (25%), карбонатты тау жыныстары (20%).
Шөгінді тау жыныстарының ең басты көрінісі олардың бір-бірімен үнемі параллель, немесе параллелге жақын орналасуы. Оны жыныстың қаттасуы дейді.
Жыныс қабаттары бір-бірімен құрамы, құрылысы, түзілімі және түсі арқылы ажыратылады.
Шөгінділердің жеке қабаттары (тастары) бір-бірінен қаттасу шектерімен ажыратылады. Қабаттын төменгі межесін оның табаны дейді, үстіңгі шегін оның жабуы дейді. Демек, астыңғы қабаттың жабуы үстіңгі қабаттың табаны болғаны.
Шөгінді жыныстардың әуелгі пішіні - біркелкі жыныстардан түзіліп, параллелге жақын беттермен - жабуымен және табанымен, шектеліп көлбеу жатқан қабат.
Дегенмен кейіннен жер қабығында дүркін-дүркін өтетін қозғалыстар әсерінен шөгінді жыныстардың көлбеу жатуы бұзылады да, қабат әртүрлі еңкіш бағытта құлайды.
Көлбеу құлаған қабаттың нақтылы, горизонталь және тік бағыттағы қалындығын өлшейді.
Қабаттың нақтылы қалыңдығы деп кез-келген нүктеден оның жабуынан табанынан түсірілген перпендикулярдың ұзындығын атайды.
Қабаттың көлбеу қалыңдығы осы бағыттағы жабуы мен табаны арасындағы сызықтың ұзындығымен өлшенеді.
Тік қалыңдығы - кез-келген нүктеден тік бағыттағы жүргізілген табан мен жабу арасындағы сызықтың өлшемі.
Жер астында болатын процестер әсерінен жер қабығындағы қозғалыстар үш түрге бөлінеді: тербеліс, қатпар құрушы және жарылыс. Алдыңғы екі қозғалыстардан тау жыныстарының қабаттары иіліп, майысады, ал үшіншіден жыныс қабаттары сынып, жарықшақтанады.
Тербеліс қозғалыстарынан жер қабаттарының жеке аймақтары тік бағытта төмен құлдырайды немесе жоғары көтеріледі.
Тербелу қозғалыстары қай заманда болсын ұдайы өтіп тұрады. Бұлардың нәтижесінде шөгінді қабаттар аздап майысып, көлбеу жатқан қабаттар өздерінің көлбеу жыныстарын жоғалтып, өте-төмен жарық ойыстар (синеклизалар) мен көтерілістер (антеклизалар) құрайды. Олар ішінара тағы да кішігірім ойыстар мен көтерілімдерге тап болады.

2.4. Тау жыныстарының геологиялық жасы

Тау жыныстарының геологиялық жасын жыныс қабаттарының бір бірімен кезектесіп алмасуын реттеу арқылы анықтайды.
Органикалық қалдықтардың,құрылымы мен құрамын,тік және горизонталь бағыттардағы арақатынастарды реттеу арқылы ғалымдар жер жүзіне лайықты стратиграфиялық шкала жасаған. Ол жер қабығының дамуының басты басты тарихи геологиялық заңдылықтарын меңзейді. Оған қоса және соған пара пар геологиялық мезгілдің кезектесуін көрсететін геохронологиялық кестеде жасалды.
Геохронологиялық кестенің әрбір бөлшектері организмдердің тасқа айналған қалдықтарымен межеленген.
Бірақ та ең көне архей және протерозой эраларында организмдер қалдықтары өте сирек кездесетіндіктен ол екеуін кезеңдерге жіктеу қиынға соғады.
Шөгінді тау жыныстарының ең басты көрінісі олардың бір бірімен үнемі параллель,немесе параллельге жақын орналасуы. Оны жыныстың қаттасуы дейді.
Жыныс қабаттары бір бірімен құрамы, құрылысы, түзілімі және түсі арқылы ажыратылады.
Шөгінділердің жеке қабаттары(тастары)бір бірімен қаттасу шектерімен ажыратылады.Қабаттың төменгі межесін оның табаны дейді,үстіңгі қабаттың табаны болғаны.
Шөгінді дыныстардың әуелгі пішіні біркелкі жыныстардан түзіліп,параллельге жақын беттермен жабуы мен табаны,шектелген горизонталь жатқан қабат. Дегенмен кейінен жер қабығында дүркін дүркін өтетін қозғалыстар әсерінен шөгінді жыныстардың горизонталь жатуы бұзылады да, қабат әртүрлі еңшік бағытта құлайды.
Қабаттың горизонталь қалыңдығы осы бағыттағы жабуы мен табаны арасындағы сызықтың ұзындығымен өлшенеді.
Тіл қалыңдығы кез келген нүктеден тік бағыттағы жабуы мен табаны арасындағы сызықтың ұзындығымен өлшенеді өлшемі.
Жер астында болатын процестер әсерінен жер қабығындағы қозғалыстар үш түрге бөлінеді:тербеліс,қатпар құрушы және жарылыс.
Алдыңғы екі қозғалыстардан тау жыныстарының қабаттары иіліп,майысады,ал үшіншіден жыныс қабаттары сынып,жарықшақтанады.
Тербеліс қозғалыстардан жер қабығының жеке аймақтары тік бағытта төмен құлдырайды немесе жоғары көтеріледі.Тербелу қозғалыстары қай заманда болсын,ұдайы өтіп тұрады.Бұлардың нәтижесінде шөгінді қабаттар аздап майысып, горизонталь жатқан қабаттар өздерінің горизонталь жатысып жоғалтып, өте мөте жатық ойыстар (синеклизалар) мен көтерілімдер (антеклизалар) құрайды. Олар ішінара тағы да кішігірім ойыстар мен көтерілімдерге тап болады.
Қатпарлы (пликативті) қозғалыстар нәтижесінен қатпарлар түзіледі,яғни қабаттар толқын тәрізді иілімдер құрайды.
Өзегінде жас жыныстар,қанатында көне жыныстар жатқан қатпарды синклиналь дейді. Оның майысуы төмен қарайды да,қанаттарындағы қабаттар бір біріне қарай беттеседі.
Өзегі көне қабаттармен толып,қанаттарында жас қабаттар жатқан өатпарларды антиклиналь деп атайды.Оның майысу доғасы жоғары қарайды да,қанаттарындағы қабаттар кері жақтарға құлайды.Жапсарлас антиклиналь мен синклиналь бірігіп толық қатпар құрайды.
Қатпарлар келесі мүшелерге бөлінеді:
1. қанаттары (А)қатпардың қос жақтаулары;
2. қасы (Б) қос қанаттарын тоғыстырған сызық;
3. Антиклинальдың қас тұсын ері,синклинальдікін мульда дейді;
4. өс жазықтығы (СДЕF) қатпарды тең жаратын ойдан шығарылған жазықтық;
5. өс (білік) СF өс жазықтығының пландағы проекциясы;
6. қатпар бұрышы (МDN) қатпардың қанаттарының жалғасынан түйіскен тұсының бұрышы;
Сонымен телінген қос қатпардағы антиклинальдың төмен құлдыраған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гранит қабатының қалыңд
Тектоникалық қозғалыс типтері
Ішкі геосфералар
Жер жайлы жалпы мәлiметтер
Жердің ішкі құрылысы
Жер қабаттары (геосфералар)
Жердің ішкі қабықшалар құрылымы
Геодинамикалық процестер
Жердің ішкі қабықшалар құрылымы жайлы мәлімет
Жер қыртысының минералдық құрамының ерекшеліктері
Пәндер