Ішкі геосфералар



І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.1. Ішкі геосфералар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.2. Литосфера ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.3. Литосфера қабатындағы өзгерістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.4. Жер мантиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.5. Жер ядросы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Жердің ішкі қойнауы үш қабатқа: сыртқы-жер қыртысы (литосфера), аралық-мантия, орталық-ядро болып бөлінеді.
Олар сейсмологиялық зерттеулердің нәтижесінде бір-бірінен шекаралық жазықтықтар арқылы, физикалық қасиеттерінің өзіндік ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.
Геосфералар – жерді құрайтын, құрамы мен тығыздығы әр түрлі, концентрлік қабаттар. Олар сыртқы және ішкі геосфералар болып бөлінеді. Сыртқы Геосфераға атмосфера, гидросфера, биосфера жатады. Атмосфера — газ массасынан және ылғалдан тұратын жердің ауа қабаты.
Атмосфера массасының 90%-і төм., 16 км дейінгі қабатта шоғырланған.
Гидросфера – су қабаты, оның жоғ. шекарасы су алаптарының ашық беті арқылы өтеді. Төм. шекарасы тұрақсыз.
Гидросфераға әлем мұхитының, құрлық пен мұздардың суы және жерасты сулары кіреді.
Биосфера – жердің органик. өмір бар жоғарғы жағын құрайды. Ол гидросфераны, атмосфераның озон қабатынан төм. жағын және литосфераның жоғ. бөлігін қамтиды. Ішкі Геосфераға ядро, мантия және жер қыртысы жатады.
Ядро – жердің орталық өзегін құрайтын өте тығыз қабат. Ол сыртқы сұйық және ішкі (орталық) субядродан тұрады. Жердің бетінен субядроға қарай қысым мен тығыздық өседі де, ауырлық күші кеми береді (субядро ішінде ауырлық күші 0-ге жуық).
Мантия – жер қыртысы мен ядро аралығында орналасқан ең үлкен аралық қабат. Оның массасы жер массасының 2/3-ін құрайды.
Мантияның жоғарғы бөлігінде (мұхиттар астында 50 км, ол құрлықтарда 80–120 км тереңдікте) сейсмикалық толқындардың күрт баяулайтын астеносфера қабаты басталады. Оның тереңд. 250 – 400 км. Жерқыртысы – жердің ең жоғ. қатты қабаты. Ол шөгінді, магмалық және метаморфтік тау жыныстарынан тұрады. Оның қалыңд. мұхиттар астында 5—10 км, құрлықтағы биік таулар астында 70—80 км, орташа қалыңд. 33 км. Жер қыртысы мен астеносфераға дейінгі қатты жоғ. мантия қабаты бірігіп, литосфера қабатын түзейді.
1. Абдулин А. А. Геология и минеральные ресурсы Казахстана. Алматы, Ғылым, 1994.
2. Аманниязов К. Н. Палеогеография и полезные ископаемые Средней Азии. Ашхабад, 1989.
3. Аманниязов К. Н., Амурский Г. И. и др. Геологические предпосылки нефтегазоносности Туранской плиты и юго-западного Гиссара. Ашхабад, 1991.
4. Аманниязов К. Н., Крымгольц Г. Я., и др. Полевой атлас руководящих ископаемых Западной Туркмении. Ленинград, 1968.
5. Аманниязов К. Н. и др. Атлас Палеогеографий СССР, т. IV, Юра Туркменистана. Москва, 1968.
6. Гаврилов В. П. Историческая и региональная геология, Москва, Недра, 1979.
7. Горшков Г. П., Якушева А. Ф. Общая геология. Учебник, Москва, МГУ, 1981.
8. Есенов Ш., Кунаев Д., Мухамеджанов С. Недра Казахстана. Алма-Ата, 1968.
9. Еремин А. В. Геология. Москва, 1971.
10. Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы, 1-12 т.т.
11. Қазақстан мұнай газ энциклопедиясы. Лондон — Алматы, 2000.
12. Мильничук В. С., Арабаджи М. С. Общая геология. Москва, 1979
13. Нурсултанов Г. М., Абайұлданов Қ. Н. Мұнай және газды өндіріп, өндеу. Алматы, 2000.
14. Сейітов Н. Геология негіздері. Алматы, 2000.
15. Тұяқбаев Н., Арыстанов К., Әбішев Б. Жалпы геоло¬гия курсы. Алматы, 1995.

МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.1. Ішкі геосфералар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.2. Литосфера ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.3. Литосфера қабатындағы өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.4. Жер мантиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.5. Жер ядросы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..23

І. КІРІСПЕ
Жердің ішкі қойнауы үш қабатқа: сыртқы-жер қыртысы (литосфера), аралық-мантия, орталық-ядро болып бөлінеді.
Олар сейсмологиялық зерттеулердің нәтижесінде бір-бірінен шекаралық жазықтықтар арқылы, физикалық қасиеттерінің өзіндік ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.
Геосфералар - жерді құрайтын, құрамы мен тығыздығы әр түрлі, концентрлік қабаттар. Олар сыртқы және ішкі геосфералар болып бөлінеді. Сыртқы Геосфераға атмосфера, гидросфера, биосфера жатады. Атмосфера -- газ массасынан және ылғалдан тұратын жердің ауа қабаты.
Атмосфера массасының 90%-і төм., 16 км дейінгі қабатта шоғырланған.
Гидросфера - су қабаты, оның жоғ. шекарасы су алаптарының ашық беті арқылы өтеді. Төм. шекарасы тұрақсыз.
Гидросфераға әлем мұхитының, құрлық пен мұздардың суы және жерасты сулары кіреді.
Биосфера - жердің органик. өмір бар жоғарғы жағын құрайды. Ол гидросфераны, атмосфераның озон қабатынан төм. жағын және литосфераның жоғ. бөлігін қамтиды. Ішкі Геосфераға ядро, мантия және жер қыртысы жатады.
Ядро - жердің орталық өзегін құрайтын өте тығыз қабат. Ол сыртқы сұйық және ішкі (орталық) субядродан тұрады. Жердің бетінен субядроға қарай қысым мен тығыздық өседі де, ауырлық күші кеми береді (субядро ішінде ауырлық күші 0-ге жуық).
Мантия - жер қыртысы мен ядро аралығында орналасқан ең үлкен аралық қабат. Оның массасы жер массасының 23-ін құрайды.
Мантияның жоғарғы бөлігінде (мұхиттар астында 50 км, ол құрлықтарда 80 - 120 км тереңдікте) сейсмикалық толқындардың күрт баяулайтын астеносфера қабаты басталады. Оның тереңд. 250 - 400 км. Жерқыртысы - жердің ең жоғ. қатты қабаты. Ол шөгінді, магмалық және метаморфтік тау жыныстарынан тұрады. Оның қалыңд. мұхиттар астында 5 -- 10 км, құрлықтағы биік таулар астында 70 -- 80 км, орташа қалыңд. 33 км. Жер қыртысы мен астеносфераға дейінгі қатты жоғ. мантия қабаты бірігіп, литосфера қабатын түзейді.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Ішкі геосфералар

Жердің ішкі қойнауы үш қабатқа: сыртқы-жер қыртысы (литосфера), аралық-мантия, орталық-ядро болып бөлінеді.
Олар сейсмологиялық зерттеулердің нәтижесінде бір-бірінен шекаралық жазықтықтар арқылы, физикалық қасиеттерінің өзіндік ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.
Бірінші реттегі шекара жоғарыда аталған геосфералардың арасында сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығының күрт өзгеруімен сипатталады. Жер қыртысымен мантия аралығында - Вихерт-Мохоровичич, мантия мен ядро аралығында - Вихерт-Гутенберг жазықтықтары.
Екінші реттегі шекара жоғарыда айтылған геосфералардың әрқайсысының өз ішінде ғана байқалатын өзгерістер негізінде жүргізіледі.
Жердің ішкі құрылысы туралы көп жобалардың ішінде неміс ғалымы, сейсмолог Б. Гутенбергтің және австралия ғалымы геофизик К. Э. Булленің (1961) схемасы қазіргі кездегі кең тараған жобалардың бірі болып саналады (2.1-кесте).
Олар сейсмологиялық, геофизикалық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жоғарыда аталған геосфераларды, олардың физикалық қасиеттерінін өзіндік ерекшеліктеріне қарай әр түрлі зоналарға ажыратады. К. Э. Буллен бұл зоналарды (жоғарыдан төмен қарай) латын алфавитінің А-дан G-ға дейінгі әріптерімен белгілеуді ұсынады. Сонымен, жер жеті қабатқа: А - жер қыртысы (литосфера), В, С, D - мантия; E, F, G - ядро болып жіктеледі (H. Тұяқбаев т. б. 1993).

2.1-кесте
Жердің ішкі қабаттары

Геосфералар
Зона-
лар
Төмендік
интер -
валы,
км
Қума-
толқын-
дар
кмс
Тығыздық ин - тервалы гсм3
Темпера -
тура,
С°
Литосфера
А
0-40
6,5-72
2,7-3,3
500
Мантия
Жоғарғы
В
40-400
8,0-9,0
3,3-3,6
1000

Ортаңғы
С
400-900
9,0-11,4
3,6-4,7
1500

Төменгі
D
2900
11,4-13,6
4,7-5,7
2000
Ядро
Сыртқы
ядро
E
2900-4990
8,0-10,9
9,4-11,5
2500

Аралық
зона
Ғ
4990-5150
10,9-9,6
11,5-12,0
3000

Ішкі
ядро
(субъядро)
G
5150-6371
11,3-11,4
12,0-14,5
3500

2.2. Литосфера

Литосфера (литос - тас, сфера - қабық) Жер планетасының тас қабығы. Жер қыртысы жердің сыртқы қатты бөлігін құрайды. Оның шекарасын ең алғаш анықтаған Югославия ғалымы, сейсмолог Андрей Мохоровичич (1909) болды.
Сондықтан, бұл шекараға ғалымның құрметіне мохоровичич шекарасы, қысқаша мохо (м) деңгейі деп аталады.
Литосфераның химиялық құрамында кремний мен алюминий элементтерінің мөлшері көп болуы себепті - ол кейде сиал (Sial) деп аталады.
Жер қыртысының қалыңдығы 5-8 км-ден 70-75 км-ге дейінгі аралықта өзгеріп отырады. Оның құрылысы мен құрамы континеттер мен мұхиттар түбінде бірдей емес (2.1-
Қатты жердің жоғарғы сферасына жер қыртысы (А) жатады және ол құрлықтың, мұхиттық болып екіге бөлінеді.
Құрлықтық жер қыртысы: жоғарғы-шөгінді (0-20 км),
ортаңғы "граниттік" (10-40 км),
төменгі базальттық (10-70 км) қабаттардан тұрады.
Мұхит түбінде шөгінді қабаттың қалыңдығы бірнеше жүз метрден аспайды, "граниттік" қабат болмайды, оның орнына қалындығы 1-2,5 км-дей "екінші" деп аталатын қабат болады, базальттық қабаттың қалындығы 5 км-дей болады.
Австрия ғалымы В. Конрад (1925) гранитті-гнейс және базальт қабаттарының аралығында (10-30 км-дей тереңдікте), тек материктерде ғана кездесетін сейсмикалық шекараның болатындығын анықтайды. Бұл шекара "Конрад жазықтығы" немесе қысқаша "К" деңгейі деп аталады.
Жер шарын салыстырмалы түрде жұқа, біртұтас қатты қабық түрінде көмкеріп жатқан литосфера -- географиялық қабықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Литосфераның жоғарғы бөлігі болып табылатын жер қыртысының 90%-дан астамын 8 химиялық элемент: оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, натрий, калий, магний құрайды.
2.1-сурет. Жер қыртысының схемалық құрылысы

Тектоника ғылымында ұзақ уақыт бойы жер қыртысының платформалық-геосинклинальдық дамуы жайлы тұжырымдама басым болып келді. Бұл тұжырымдама бойынша, материктік жер қыртысы салыстырмалы түрде тұрақты бөліктерге -- платформаларға және қозғалмалы бөліктерге -- геосинклинальдарға жіктеледі.
Жер қыртысының үздіксіз дамуы нәтижесінде геосинклинальдар платформаларға айналады, бұл процесс екі кезеңде жүзеге асады.
Ұзаққа созылған алғашқы кезеңде қатты майысып, су басқан жер қыртысының ойыстарында қалыңдығы 15 -- 20 км-ге жететін шөгінді жыныстар жиналады.
Салмақ күшінің артуына байланысты Жердің ішкі қойнауындағы күштер ара салмағы өзгереді. Соның нәтижесінде геосинклинальдардажер сілкінулер, жанартау атқылаулары күшейіп, қатпарлану жүреді. Осылайша биік таулар түзіледі. Ал неғұрлым қысқа уақытты қамтитын екінші кезеңде түзілген тау жүйелері сыртқы күштердің әсерінен үгіліп аласарады. Бұл процесс көбінесе материктер аумағында жүзеге асатындықтан, "платформалық-геосинклинальдық" дамуы жайлы тұжырымдама Литосфералық тақталар саны тұрақты емес; геологиялық уақыт аралығында олар рифтілер арқылы бөлшектеніп немесе тектоникалық қозғалыстар әсерінен қайта бірігіп отырады.
Материктер мен мұхиттар географиясынан жер қыртысының даму барысында бірнеше ірі тақталар болған және бөлшектен.
Қазіргі кезде Жер шарында 7 ірі және ондаған ұсақ литосфералық тақталар ажыратылады.
Тектоникалық картадан ірі литосфералың тақталарды, рифтілердің және шұңғымалардың таралу аудандарын анықтаңдар.
Материктік және мұхиттың жер қыртысы. Литосфераның беткі жұқа қабығы жер қыртысын құрайды. Ол құрамы мен құрылысына қарай материктік және мұхиттық деп бөлінеді.
Материктік жер қыртысының жоғарғы бөлігінде шөгінді жыныстар қабаты, ал одан төменде геофизикалық деректер бойынша, гранит және базальт қабаттары орналасқан. Гранит және базальт қабаттарының шекаралас бөліктерінде сейсмикалық толқындардың жылдамдығы күрт өзгеретіні байқалған.
Мұхиттың жер қыртысында гранит қабаты болмайды және шөгінді жыныстар қабаты салыстырмалы түрде жұқа болып келеді.
Материктер мен мұхиттардың шекаралас аймақтарында жер қыртысы өтпелі сипат алады. Жер қыртысының осындай құрылымы Еуразияның Тынық мұхитпен шектескен бөлігінде кездеседі.
Оған аралдар доғасы мен оны бойлай орналасқан терең мұхит шұңғымалары дәлел болады.
Материктік жер қыртысы платформалар мен геосинклинальдарға жіктеледі.
Платформалар аумағында жер бедері кебшесе жазық болып келеді. Бұл -- ұзақ уақыт бойы сырткы күштер әсерінен жер бедерінің тегістелуінің нәтижесі. Жазық-платформалық аймақтар құрлық ауданының шамамен 53%-ын алып жатыр.
Дүниежүзіндегі аса ірі Шығыс Еуропа, Батыс Сібір, Ұлы Қытай, Ұлы жазық пен Орталық жазық, Амазонка, Ла-Плата және т.б. жазықтар платформалық құрылымдарда орналасқан.
Негіздері архей мен протерозойда қалыптасқан ежелгі платформалар қалқандар мен тақталардан құралады.
Қалқандарда платформаның негізін құрайтын кристалды жыныстар жер бетіне шығып жатады, оларға көбінесе қыратты-үстіртті жер бедері сәйкес келеді. Қалкандарды құрайтын жыныстардың ерекшелігіне байланысты оларда үгілу біршама баяу жүреді.
Платформаның қалқаннан тыс, шегінді жыныстармен жабылған бөлігін тақта деп атайды.
Неотектоникалық қозғалыстар әсеріне ұшыраған платформалар қозғалмалы сипат алады. Мәселен, мезозой және альпі қатпарлықтары әсерінен Қытай платформасының тұтастығы бұзылып, бірнеше беліктерге ажырап кеткен; қазіргі кезде оның аумағында жерсілкіну жиі байқалады. Сондықтан оны параплатформа (қозғалмалы) деп атайды. Күштердің әсерінен кейбір платформалардың іргетасында терең жарықтар пайда болып, интрузивті жыныстардың жоғары көтерілуі жүрген. Соның әсерінен жарылыс күшті жүрген Сібір және Үндістан платформаларында бағалы металдар мен асыл тастардың бай кен орындары түзілген.

2.3. Литосфера қабатындағы өзгерістер

Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпалын, әсерін тигізіп келеді. Егерде жылына ауаға дүниежүзі бойынша 1 млрд тоннна деңгейінде антропогендік заттектер, гидросфераға шамамен 15 млрд тонна ластанғыштар енгізіліп отырса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд тонна. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд тоннаға дейін көтерілген.
Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ландшафт алып жатыр. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүниежүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де анторпогендік.
Анторпогендік шөлдің аумағы жылдан-жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн км2 - ден асып отыр. Бұл бүкіл құрлықтың 7%-ын құрайды.
Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық. Физикалық ластану - радиактивті заттармен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәуленетін сұйық және қатты қалдықтар алады. Биологиялық ластану - ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретінмикроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқа да ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойы сақталса, ластанғыштармен әлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аймаққа таралады.
Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіпті кәсіпорындардың шығарымдары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шапжойғыштар мен минералды тыңйтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешендері, атмосфералық жауын-шашын апатты жағдайда тасталатын шығарындылар әскери өндірістік кешендері жатады.
Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металдар алу процестерінен шыққан өнімдерден және қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануының зардабы тұрақты болып келеді.
Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен ауыр металдардың мөлшері нормадан 10-20 есе алып отырған жерлері белгілі. Ауыл шаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде қанның құрамында болатыны байқалған.
Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскоридоз және т.б. ) қоздырғыштарын сатайтын ортаға жатады. Соңғы он жылдың ішінде өте қауіпті ластағыштар қатарына мұнай және газ скважиналарын бұрғылағанда, флотация кезінде, жуғыш заттектердің, лактар мен бояулардың, пестицидтердің, тамақ өнімдерінің т.б. құрамына кіреті, өндірістерде кеңінен қолданылып келе жатқан беттік активті заттар құйылып келеді. Олар суқоймаларға түскенде көбіктенеді, орта қасиетін күшті өзгертіп, тіршілік процестеріне теріс әсерін тигізеді. Кейбір беттік активті заттардың судағы мөлшері 1мглден жоғары болса, балықтардың жансыздануы байқалады.
Пестицидтер сияқты бұларды химиялық және биологиялық тазалау әдістерімен ыдырату өте қиынға түседі. Суда ерімейтін кейбір пестицидтер мұнай өңдейтін өндіріс қалдықтарында ерігіш келеді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Глобальдық экологиялық өзгерістердің бағытын анықтаушы әлеументтік- экономикалық процестер. Адам әрекетінің атмосфераға әсері, атмосфера күйінің өзгерістері және олардың салдарлары
Жер қабаттары (геосфералар)
Жердің ішкі қабықшалар құрылымы жайлы мәлімет
Жер қабаттары
Жердің әлем кеңістігіндегі орны
Жердің ішкі қабықшалар құрылымы
Жер туралы
Жер қыртысының минералдық құрамының ерекшеліктері
Жер шары
ЭВОЛЮЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Пәндер