Кайнозой эрасы


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ . . . 3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 5
2. 1. Кайнозой эрасы . . . 5
2. 2. Кайназойдағы тiршiлiктiң дамуы . . . 6
2. 3. Палеоген дәуірі . . . 10
2. 4. Неоген дәуірі . . . 14
2. 5. Четвертик дәуірі . . . 19
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 25
І. КІРІСПЕ
Кайнозой эрасы (грек. kaіnos - жаңа, zoе - өмір) - Жердің геологиялық дамуының соңғы 65 млн. жылын қамтитын уақыт мерзімі және соған сәйкес келетін тау жыныстарының қабаты.
Кайнозой эрасы төменнен жоғары қарай палеоген, неоген және төрттік кезеңдеріне бөлінеді (кестені қ. ) . Кайнозой эрасында құрлықтар, олардың жер бедері осы күнгі қалыпқа келді.
Палеоген кезеңінде тектоник, белсенділік артқан.
Оның басты себебі - оңтүстіктен ығысқан микроконтиненттердің (қазіргі Иран, Ауғанстан, Үндістан аумағы) Еуразия құрлығымен соқтығысуы. Мұхиттардың нобайы қазіргіге жуықтап, деңгейі палеогеннің аяғында күрт төмендеген (қазіргіден 400 м шамасында төмен болған) . Ол тек миоценнің ортасында ғана қазіргі деңгейге жеткен.
Палеоцен мен эоцен дәуірлерінде Гренландия Еуразиядан бөлініп, су асты жотасы бойымен бір-бірінен алшақтаған.
Құрлықтардың барлығында терең регрессиялар байқалған. Теңіз Шығасыр Еуропаның оңтүстігінде (Қара теңіз алабы), Кавказ алды аумағында және олардың шығысында, Каспий сырты (Тұран) аудандарында сақталған. Ежелгі теңіз алаптарының жүйесі - Тетис біртұтас мұхит алабы ретінде өмір сүруін тоқтатып, Атлант және Үнді мұхиттарымен жалғасқан Жерорта т. (Ион, Левантия) және шығыс пен Солтүстік жағындағы Паратетис алаптарына бөлініп кетті.
Паратетис батысында - Альпі, Карпатжәне Динар тауларының етегінен басталып, шығысында - Каспий мен Аралға дейін созылған.
Эоценнің соңы мен олигоцен дәуірінде Жердің құрылымдық сұлбасы, құрлықтардың нобайы мен мұхиттардағы орт. жоталардың орналасуы қазіргі түрге жақын келген.
Миоценде Альпі - Гималай тау белдеуінің қалыптасуы жалғасып, олардың көптеген шыңдары 7 мың м-ге дейін, ал ең биік деңгейлерге төрттік кезеңде жетті. Миоценнің соңында Үлкен және Кіші Кавказ тау жүйелері, Батыс Сібір тақтасы мен Торғай ойысы пайда болды. Қарқынды көтерілімдер Тянь-Шаньда, Қазақстанның шығысында,
Алтай - Саян алқабында, Байкал алды және Байкалдың Оңтүстік мен солтүстігінде, Становой жотасы мен Охотск массивтерінде орын алды. Жер бетіндегі күрделі өзгерістер климаттың өзгеруіне әкелді.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Кайнозой эрасы
Кайнозой (кайно - жаңа) эрасының тау жыныстары Қазақстанның тегістік аймақтарында кең таралған. Тау жыныстарының құрамы негізінде: саз балшық, құмтас, қайыр, шағыл тас жыныстарынан құралған. Қалыңдығы аз мөлшерде болады. Кайнозой эрасының теңіз шөгінділері батыс аймақтарда кездеседі. Шығыс, Оңтүстік, таулы аймақтарында континентал тау жыныстары кең таралған. Құрамында фауна, флора қалдықтарының сирек кездесуі себепті континентал қатпарлардың стратиграфиясын анықтау өте қиынға соғады. Кайнозой эрасын ағылшын ғалымы Филлипс 1841 ж. ұсынған. Кайнозой эрасы палеоген, неоген, четвертик (төрттік, антропоген) дәуірлеріне бөлінеді.
Кен байлықтар. Палеогенде өте ірі латеритті және латеритті-шөгінді боксит (Австралияда, Африкада, Латын Америкасында, Жерорта т-ндегі бірқатар аудандарда, Оңтүстік Орал, Солтүстік Қазақстан платформаларында, Төм. Ангар мен Батыс Байкал), ең ірі марганец (Никополь, Чиатура, Батыс Африка), бірқатар оолитті темір (Солтүстік Америка, Батыс Сібірдің Оңтүстік мен Солтүстік Қазақстанда), ең ірі мұнай (Иран, Ирак, Орталық Азия, Венесуэла) кен орындары кендері түзілген. Кайнозой эрасының түзілімдерінде барлық көмір қорының 15%-і шоғырланған. Оның ішінде таскөмір қабаттары Сахалинде, Жапонияда, Қытайдың шығысында; қоңыр көмір кен орындары - Германияда (Рейн алабы), АҚШ-та (Солтүстік Дакота) және Украинада; сынап кен орындары Испанияда, Италияда, Югославияда және Ресейде; мыс және молибден кен орындары АҚШ, Чили, Боливия мен Перуде шоғырланған. Неоген түзілімдерінде мұнай мен газдың есептелген қорларының үштен бірі шоғырланған. Алып мұнай-газ кен орындары Иран - Месопотамия мен Кордильер - Анд аймағында: Иран, Ирак, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Венесуэла, Мексика шығанағында орналасқан. Ал Еуразияда мұнай мен газ кен орындары Кавказда, Каспий ойпатында, Батыс Түрікменстанда, Карпатта және Сахалинде орналасқан. Неоген магматизмімен ірі қалайы (Анд), алтын, күміс, мыс кен орындары байланысты. Неоген кезеңінде калий және ас тұзы, фосфорит, трепел, құрылыстық таужыныстары түзілген. Төрттік түзілімдермен әр түрлі кенқайраңдар, шөгінді кендер, бейметалл кен байлықтары, жер асты сулары мен мұздықтар байланысты. Дүниежүз. мұхиттың терең сулы алқаптарында темір-марганецті және мыс-ванадийлі тасберіштер (конкреция) шоғырланған.2. 2. Кайназойдағы тiршiлiктiң дамуы
Кайнозой - жаңа өмiр эрасы - гүлдi өсiмдiктердiң, жәндiктердiң және сүтқоректiлердiң гүлдену уақыты.
Сүтқоректiлер эволюцияның алдыңғы шегiнде. Динозаврлар тiршiлiк еткен кезеңнiң өзiнде сүтқоректiлердiң ата-тектi тобы да болды - кiшкентай, жүндi жамылғысы бар жануарлар, олар бауырымен жорғалаушы жыртқыштардың бiр тобынан - тераспидтерден немесе аңтәрiздiлерден пайда болды. Ұзақ уақыт, шамамен 150 млн. жыл, алғашқы майда сүтқоректiлер үлкен кесiрткелер көлеңкесiнде қалып қалды. Бордың екiншi жартысында қалталы және плацентарлы сүтқоректiлер пайда болды. Олар прогрессивтi биологиялық ұйымдасқан едi. Ұзақ уақыт баланы ана денесiнде көтеру, эмбриондардың анасы мен ұрық қанайналымын байланыстыратын плацента арқылы қоректенуi - өзгерiп тұратын тiршiлiк жағдайларына жақсы бейiмделуiне мүмкiндiк беретiн сүтқоректiлер құрылысының прогрессивтi белгiсi.
Бауырымен жорғалаушылар дене температурасының тұрақсыздығына, жұмыртқалауына байланысты орта жағдайларының ауытқуына үлкен тәуелдiлiкте болды және таралуының шектеулi мүмкiншiлiгi болды. Тiрi туу, ұрпаққа қамқорлық және жылықандылық қасиеттерiне ие бола отырып, сүтқоректiлер бауырымен жорғалаушыларға қарағанда басым болып, орта өзгеруiне тәуелдiлiгi де азайды. Тiрi туу, жылықандылық, жақсы дамыған ми және онымен байланысқан жақсы белсендiлiк сүтқоректiлердiң прогрессiн қамтамасыз етiп, эволюцияның алдыңғы шегiне шығарды.
Үштiк кезең. Кайнозой бiрдей емес екi кезеңге бөлiнедi: үштiк және төрттiк. Үштiк кезеңнiң өзiнде сүтқоректiлер құрлық, су, ауаның әртүлi жағдайларына бейiмделiп, мезазойдағы бауырымен жорғалаушылардың орнын басты. Палеоцен мен эоценда жәндiкқоректiлерден алғашқы жыртқыштар түзiледi, ал олигоценде олардан қазiргi кездегi үлкен жыртқыштар: аюлар, мысықтұқымдастары, иттұқымдастары бөлiнiп шықты. Үштiк кезеңнiң бiрiншi жартысында жыртқыштар теңiзге өте бастады, олардың ұрпақтары - ескекаяқтылар мен киттәрiздiлер. Ежелгi палеоцендi жыртқыштардан алғашқы тұяқтылар шықты, кейiн олар: жұпаяқтылар, тақаяқтылар, пiлтұмсықтылар бұтақтарын бердi.
Үштiк кезеңнiң бiрiншi жартысында (әсiресе олигоценде) тропикалық және субтропикалық ормандар кең таралды, ал үштiк кезеңнiң соңына қарай (плиоценде) құрлықтың далалану процесi басталды. Венгриядан Монголияға қарай жайылған қоңыржай аймағында өскен тропикалық және саванналық ормандар климаттың құрғауына байланысты ашық ландшафтарға ауысты. Бұл өзгерiстер дәндi дақылды өсiмдiктердiң дамуына әкеп соқтырды, олар жабықтұқымдылардың жеке тобы және құрғақ, маусымды-қуаңшылық климатта тiршiлiк етуге бейiмделген. Дәндi дақылдардың пайда болуы мен таралуына байланысты далалар, саванналар, прериялардың үлкен аудандары да түзiлдi. Сонымен бiрге, шөптесiн дәндi дақылдардың жақсы қорытылатын және қорекке бай тұқымдары, жапырағы мен бұтақтары сүтқоректiлердiң тез дамушы топтарына тамаша қорек болды.
Құрлықтың далалануына байланысты сүтқоректiлер жабыны жоқ ортаға түстi. Сүтқоректiлердiң бiр тобы (тышқандар) эволюциясында күрделi iндер салу жолымен жүрдi, ал үлкен түрлерi (бөкендер және жылқылар) миграцияланған көшпендi тiршiлiк түрiне көштi. Бiртiндеп саусақ саны азая бастады. Мысалы, ашық кеңiстiкке көшу жылқылардың ата-тегiнiң үш саусақтылықтан бiр саусақты түрге өтуiнiң қарқынды эволюциясына мүмкiншiлiк жасайды. Далаларды басып алу, табының мөлшерiнiң өсуiне, жанұя - топтық тiршiлiк табынды - үйiрлiгi өтуiне әкеп соқтырды. Таулы - орманды бөкен - горалланың кiшкене табынын дала сайғағының мыңдаған табынымен салыстырыңыз. Орман бұғысы: асыл маралдар, тарғыл изюбрлар - ешқайдан 20-30 бастан көп табын түзбейдi. Сiбiр бұғысының орманды түрасты үшiн үлкен топтары да белгiсiз, ал ашық ландшафтың мекендеушiлерi - тундралы сiбiр бұғылары үлкен табын түзедi.
Бiр сигналдар орнына сыртқы дүниеден сезiм мүшелерi қабылдайтын басқа сигналдар келедi. Орманда желденетiн ашық кеңiстiктерге қарағанда, иiс ұзақ сақталады. Сондықтан орман мекендеушiлерiнде маңызды орын алатын иiс пен дәм, ашық кеңiстiкте жануарлар арасындағы арақашықтық алыс болатындықтан маңызды емес. Табындағы иiс, дәм, көру және қимылдар екiншi орынға көшедi, ал дыбыс сигналдар мен есту мүшесi бiрiншi орынға шығады.
Үштiк кезеңнiң бiрiншi жартысында сүтқоректiлердiң қазiргi отрядтары түзiлдi, ал ортаңғы кезеңiнде адамтәрiздi маймылдар мен адамдардың жалпы ата-тегi кең тарады.
Құрлықтың далалануы мен орман аудандарының қысқаруына байланысты адамтәрiздi маймылдардың бiр түрi орманға кеттi, екiншiлерi ағаш басынан жерге түсiп, ашық кеңiстiкте орын тептi. Соңғыларының ұрпағы үштiк кезеңде пайда болған адамдар болып табылады.
Төрттiк кезең; қазiргi кездегi ландшафтардың түзiлуi. Төрттiк кезең шамамен 1-1, 5 млн жылға созылды. Уақыттың көп бөлiгi мұздық ғасырға- плейстоценге келедi. 12000- 2 соңғы жылдарда соңғы ғасыр - голоцен болады. Плейстоценнiң басында Европа және СССР фаунасы жылу сүйгiш болды, көптеген субтропикалық түрлердi сақтады. Плейстоцен барысында Евразия және Солтүстiк Америка территориясы төрт рет мұздануға ұшырады. Мұздың тiлшесi Скандинавиядан басталып, Киевке, Харьковск және Воронежге жеттi. Антарктида, Исландия, Солтүстiк Жер, Франц-Иосиф Жерi, Памир және Тянь-Шянь мұздығы төрттiк мұзданудың қалдықтары.
Төрттiк кезең барысында мастодонттар (ежелгi пiлдер), мамонттар, қылыштiстi жолбарыс, үлкенмүйiздi бұғылар жойылды. Үлкен сүтқоректiлердiң жойылуына ежелгi аңшылар себеп болды. Олар мамонт пен Евразиядағы жүндi мүйiзтұмсықты, мастодонттарды, жылқыларды Америкадағы теңiз сиырларын құртып жiбердi. Үлкен жыртқыштардың жойылуы (үңгiр арыстаны, үңгiр аюы) адамның олардың жемтiгiн - үлкен тұяқтыларды жойып жiберуiмен байланысты.
Мұздану аймағындағы жылудың терiс балансы су буының қар түрiнде конденсациялануына әкеп соқтырды, ал мұздар мен қардың еруi жыл сайын түскен қардан аз су бердi. Құрлықта мұздың үлкен қорының жиналуы дүниежүзiлiк мұхиттың деңгейiнiң түсуiне әкеп соқтырды. Нәтижесiнде континентальдi Европа мен Британдық аралдар, Азия мен Солтүстiк Америка, Приамурье мен Сахалин арасында Үндi Қытай жартылай аралы мен Зонд архипелагының аралдары арасында құрлықтық көпiр түзiлдi. Құрлықтың бұл бөлiктерi арасында жануарлар мен өсiмдiктер арқылы алмасу жүрдi.
Құрлықтағы жануарлар мен өсiмдiктер арасындағы жолдар болатын құрлықтық көпiрлер бұрын араласатын теңiздер арасындағы фауна және флора алмасуына кедергi жасады. Азия мен Австралия арасында құрлықтық көпiрдiң болмауы, қарапайым сүтқоректiлер - клоакалы және қалталыларға өмiрiн сақтап қалды, олар үштiк кезеңде басқа континенттегi плацентарлы сүтқоректiлермен ығыстырылған.
Ескi дүниеде (Мадагаскардан басқа) адам 500 мың жыл бұрын мекендей бастады, . Соңғы мұзданудан бұрын (шамамен 35-40 мың жыл бұрын) қазiргi Беринг бұғазы арқылы өтетiн құрлықтық көпiр арқылы ежелгi аңшылар Азиядан Отты жерге дейiн қоныстанған Солтүстiк Америкаға өттi. Мұздықтардың еруi барысында мұздықтан босатылған территорияларға адамдардың екiншi қоныстануы жүрдi.
Шамамен 1 жыл бұрын Жердiң жылы аудандарында (Орталық теңiз, Таяу Шығыс, Индия, Қытай) жануарларды үйге үйретiп, өсiмдiктердi мәдени түрге айналдыра бастады.
Адамның жинау мен аңшылықтан егiншiлiк пен мал бағуға өтуiмен байланысқан, «неолитикалық революция» басталды.
Адамның белсендi қызметi: жер жырту, ормандарды сиретiп, өртеу, жайылымдарды жасап, үй жануарларымен шөптердi таптау, тiкелей жою- көптеген дала жануарлар ареалының қысқаруы мен жойылуына (тур, тарлан), шөлдер ауданының кеңеюiне (Сахара, Қарақұм), қозғалғыш құмның пайда болуына әкеп соқтырды.
Ескi дүниедегi бүкiл төрттiк кезең адамның қатысуымен жүрдi. Бұл органикалық дүниенiң қазiргi кездегi түрлiк құрамын анықтады, организмдердiң қазiргi биогеоцендарды түздi және қазiргi аймақтылыққа әкеп соқтырды. Түртүзiлу мен таралуында құрлықтық көпiрлер, мұздықтармен изоляциялану үлкен роль атқарды. Төрттiк кезең бойы көптеген түрлер мен түрастылар дамыды.
2. 3. Палеоген дәуірі
Палеоген дәуірі (палео - ескі, көне; генезис-шығу тегі) Жер қабығының геологиялық тарихының кайнозой эрасының алғашқы дәуірі. Палеоген жүйесі 1866 ж. неміс геологы К. Науманның зерттеу жұмысының нәтижесінде тағайындалды. Палеоген дәуірінің тау жыныстары Францияда-Париж бассейінінде, рус платформасынын, оңтүстік аймақтарында, Ставропольде, Қазақстанда, Орталық Азияның батыс аймақтарында кең таралған. Палеоген дәуірінің абсолют жасы 67 млн, жыл бұрын басталып, 41 млн. жылға созылған. Палеоген дөуірінің органикалық дүниесі: балықтар, сүт қоректілер, қазіргі заман өсімдіктері.
Палеоген дәуірінін қатпарларында Торғай, Қостанай аймақтарында, Маңғыстау түбегінде, Оңтүстік Украинада - марганец, темір кендері бар. Балтық теңізінің оңтүстік жағалауында янтарь минерал байлығы кездеседі. Палеоген дәуірі палеоцен, эоцен, олигоцен болып үшке бөлінеді (2. 1-кесте) . »
2. 1-кесте
Кайнозойдың басында фораминиферлердің, моллюскілердін, мшанкалардың, тікен терілердің және құстар мен сүт қоректілердің, жаңа топтары шықты. Миының күрделілігіне, баласын тірі тууына, жылы қандылығына байланысты сүт қоректілердің бауырмен жорғалаушылардан тіршілік ету қабілеті артық болды. Бұлардың біразы, құрлықтағы алуан түрлі тіршілік етуге (кит тәрізділер, ескек аяқтылар), үшіншілері ұшуға (жарқанаттар) бейімделді.
Мезозой мен кайнозой тоғысында бұрынғы теңіз және жер беті жануарлары қырылып, мезозой жорғалаушыларының бірқатар тобы толығымен жойылды. Олардың орнын тез дами бастаған сүт қоректілер басты. Теңіз алаптарын жайлаған алғашқы сүтқоректілер - киттер, сиреналар, дельфиндер.
Рептилиялардан - қолтырауындар, кесірткелер, тасбақалар мен жыландар пайда болды.
Приматтардың ең қарапайым түрі лемурлар, ірі ұзын тұмсықтылар (хоботтылар) мен қалталылар да пайда болды. Су жәндіктерінен қос жақтаулы және бауыр аяқты моллюскілер, фораминиферлер, теңіз кірпілері, мшанкалар, губкалар, құрттар, диатомдық балдырлар көп тарады. Сонымен қатар өсімдіктің жабық тұқымдылар тобы дамыды.
Тропик және субтропик ормандарында пальма, магнолия, мирта, фукус, алып секвойя, араукария мен кипаристер, ал қоңыржай климат алқаптарында үлкен жапырақтылар мен ұсақ жапырақтылар (емен, шамшат, талшын, терек, қайың) өсті.
Палеоценде теңіз жағдайлары Шығыс Еуропаның оңтүстігінде сақталды, қалған ауданы (Тынық мұхит белдемін қоспағанда) құрлық болып қалды. Палеоценнің соңында трансгрессия басталып, эоценде кемеліне жетті. Эоценнің соңында Гондвананың Индостан сынығы Еуразияның оңтүстік шетіне жетіп соқтықты. Бұл жерлерде теңіз алабы жабылып, Гималай, Кіші Азия, Кавказ, Карпат, Балқан, Альпі тау жоталары көтеріле бастады. Тау етектерінде бөктерлік және тау аралық ойпаңдар түзілді. Олар қалың моласса шөгінділерімен толды. Тетис біртұтас мұхит алабы ретінде өмір сүруін тоқтатып, Атлант және Үнді мұхиттарымен жалғасқан бөлігі Жерорта теңізі мен Паратетис алаптарына бөлініп кетті.
Паратетис шығысында Каспий мен Аралға дейін созылды.
Орталық Қазақстан, Орта және Оңтүстік Сібір, Моңғолия, Верхоянск - Чукотка алабы осы заман басында аласа денудац. жазықтар болса, ал соңында көтеріле бастады. Тау көтерілуіне байланысты олигоценде мұхиттар мен құрлықтар біртіндеп қазіргі пішінге келді. Қара теңіз, Каспий теңіз., Жапон теңізінің терең шаралары қалыптасты. Тектоникалық қозғалыстардың құрлыққа ауысуынан көне тау жұрнақтары жаңғырды. Аса ірі жарылыстар жанартау атқылауының көзі болды. Таулардың биіктеп, теңіздердің шегінуінен климат қуаң тартты.
Палеоген боксит (Австралия, Африка, Оңтүстік Орал, Солтүстік Қазақстан платформаларында т. б. ) оолитті темір (Батыс Сібір, Солтүстік Қазақстан), тас көмір (Сахалин, Жапония, Қытай), қоңыр көмір (Германия, АҚШ, Украина), фосфорит (Алжир, Тунис), алтын және күміс (Чукотка), қорғасын-мырыш (Дальнегорск - Қиыр Шығыс), графит (Сонора - Мексика) қорларына бай. Ірі мұнай кен орындары Иран, Ирак, Кавказ, Қазақстан (Маңғыстау, Үстірт), т. б. жерлерде кездеседі.
Палеогеннің басында клокалы, қалталы және қарапайым плаценталы сүт қоректілер, осы дәуірдің соңында индрикотери фаунасы басым болды. Бұл кезде ботаника-географиялық аймақтар айқындалды.
Тропик және субтропик аймақтарда - мәңгі жасыл дәнді қос жарнақты өсімдіктер, пальма және ағаш тәрізді папоротниктер, қоңыржай аймақта - қылқан жапырақтары және жалпақ жапырақты ормандар өсті.
Палеогеннің аяғы мен неогеннің басында теңіздерде бұрыннан бар омыртқасыздар типтерінің бәрі дамып, олардың туыстақ, түр құрамы қазіргі заманғыларға жақындай түсті. Сүйекті балықтар көбейді, қос мекенділер мен бауырымен жорғалаушылар дами берді. Құстар кең таралды. Австралия басқа материктерден алыс, оқшау жатқандықтан, онда қалталылар сақталып қалған. Басқа континенттерде сүт қоректілер басым болды.
Палеоген кезеңінде экватор, екі тропиктік және екі субтропиктік белдеулер қалыптасқан, ал олигоцендегі салқындау кезеңінде оларға екі қоңыржай белдеу қосылған.
Солтүстік жарты шарда аридтік климат Батыс Сібірдің оңтүстігінде, Солтүстік Африкада, Таяу және Орта Шығыста, Солтүстік Азияда, Оңтүстік Қазақстанда, Моңғолияның батысында, АҚШ-тың Оңтүстік мен Мексикада басым болған.
Миоцендегі салқындау бірінші кезекте полюс және қоңыржай ендіктерді қамтыған. Антарктидада жабын мұздықтар ұлғайып, Солтүстік жарты шарда тау мұздықтары пайда болған.
Плиоцен дәуірінде экваторлық, тропиктік, субтропиктік, қоңыржай және суық климат белдеулері қалыптасқан. Төрттік кезеңде құрлықтық мұзбасулар (Солтүстік жарты шарды қамтыған) орын алған. Мұзбасу орталықтары Балтық және Канада қалқандарында орналасқан, олардағы мұздың қалыңд. 3 км-ге дейін жеткен. Мұз қабаттары Альпі, Карпат, Кавказ, Тянь-Шань, Алтай, Орал, Гималай тауларының етегіне дейін басып жатқан. Альпіде төрт мұзбасу: гюнц, миндель, рисс және вюрм кезеңдері болған. Мұзбасулар мұхит деңгейіне өте үлкен әсер еткен. Ең жоғары мұзбасу кезінде мұхит деңгейі 150 м-ге төмендеп, ал мұз еріген кезде сол шамаға көтерілген.
2. 4. Неоген дәуірі
Неоген (нео - жаңа) жер қабатының Кайнозой эрасының орта дәуірі. Палеоген дәуірінен соң 23 - 25 млн. жылдарға созылған. Неоген дәуірінің алғашқы кезеңдерінде бүкіл дүние бойынша жер үстінде күшті тектоника әрекеттері болып, қазіргі заманның ең ірі тау системалары, рельеф пішіндері пайда болады. Қазіргі заман географиясының негізі қаланды. Қазіргі заман мұхиттары, материктері пайда болады. Яғни, бұл дәуір Альпі дәуірінің тектоникалық революциясының басталған эрасы. Сол себептен көптеген жерлерде бұрынғы теңіз, мұхит түптері, құрғақ континентал облыстар болып, кейбір тегістік аймақтар теңіз, мұхит суларынын астында қалады (Берингов теңізі т. б. ) . Ал ескі тетис мұхитының орнына Үнді-Гималай, Памир, Қырым, Кавказ, Альпі, Копетдаг сияқты биік таулар пайда болды. Сондықтан Неоген дәуірінің шөгінділері Евразия материгінде континентал тау жыныстарынан кұралған.
Қазакстан территориясында теңіз неоген тау жыныстары тек қана Каспий аймақтарында кездеседі. Каспий, Кавказ, Қаратеңіз, Оңтүстік Ресей, Украина аймақтарының неоген шөгінділерінің стратиграфиясын, бұл өңірдін өсу, даму тарихын зерттеуде академик Н. И. Андрусовтың еңбегін ерекше айтуға болады.
Неоген тау жыныстары Қазақстанның батысында Үстірт, Маңғышлақ түбегі, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында тегіс жатқан әктастар, ұлутастар қатпарларынан құралады (2. 1, 2. 2, 2. 3-суреттер, 2. 2-кесте) .
2. 2-кесте
Каспий аймағында неоген дәуірінің стратиграфиялық схемасы
Куяльник
Киммери
Бурдигал
Аквитан
2. 1-сурет. Кайнозой эрасының сүтқоректі жануарлары.
1 - Happarion (миоцен - плейстоцен) ;
2 - Indicoterium (олигоцен - миоцен) ;
3 - Machairodis (плиоцен) ;
4 - Mastodon (миоцен) ;
5 - Nammthus (плейстоцен) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz